Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык ТМО 111.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
1 Mб
Скачать
  1. Шашылған сөздерден сөйлем құрастырыңыз.

  1. Театр, бар, келеді, режиссер, ал, өзінің, алып, үйіне, көрермен, әрбір, өз, үйіне, акустикасын, сазын, сөз, деген.

  2. Болатын, сазды, драма, құрылған, театр, Қалибек, Қуанышбаев, 1991 жылы, атындағы, қазақ

  3. Қаласындағы, аталады, есімімен, бұл, дарынды, күндері, Астана, бірі, көшелердің, режиссер.

  1. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыздар

Қазақ халқының мәдениеті - ... заманнан бергі қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы және ... заманға сай дамып қалыптасқан түрі болды.

Қазақ халқының қалыптасуына байланысты, қазақ халқына тән материалдық және .... мәдениеттің сипатты белгілері де орнықты. Бұл қалыптасқан мәдениет қазақ халқының өз ата-бабаларының мәдени қазыналарын қамтыған мәдениет болды.

Қазақ халқының мифтік аңыздары, аспан әлемі жөніндегі түсініктері, байырғы қазақ күнтізбесі, бай әдеби мұралар, көркемөнердің сан алуан түрлері, шежірелік шығармалар, халық емшілігі және материалдық мәдениет мұралары .... жалғасып келе жатқан көне мәдениет куәліктері екені анық.

Халық бұқарасы материалдық мәдениет ... жасаушылары болды.

Қажетті сөздер: жетістіктерінің, ежелгі, ұрпақтан - ұрпаққа, жаңа, рухани

  1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыздар.

Күләш Байсейітова

Табиғи дарындылығы, музыкаға бейімділігі, тембрі жағынан нәзік те шымыр, біркелкі тегіс, күмістей сыңғырлаған ашық даусы К.Байсейітованы аз мерзімнің ішінде-ақ ғажап орындаушы және опералық көрнекті әртіс қатарына қосты.

Күләш 1933 жылы жаңадан ашылған музыкалық студияға, кейін Қазақ музыка театрына ауысып, ұлттық опера өнерінің негізін салушылардың бірі болды. Күләш Байсейітованың жарқын таланты мен зор шеберлігі республикамызда опера өнерінің тууына септігін тигізді. Күләш қазақ халқының тұңғыш опера әншісі болды.

Қыз Жібек бейнесін сахнаға құлпырта шығарған Күләш Байсейітова «асқан таланты арқасында» «қазақтың бұлбұл қызы» атанды. Сондықтан да Күләш жасаған Қыз Жібек бейнесі ұлттық мәдениетіміздің інжу-маржанына айналды.

А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсындағы Ажардың, М.Төлебаевтың «Біржан –Сара» операсындағы Сараның бейнелері Күләш шығармашылығынан елеулі орын алды. «Шұға», «Айман-Шолпан», «Қыз Жібек», «Ер Тарғын» тәрізді спектакльдердегі өзі ойнаған әйелдер бейнелерін шебер бейнелеумен қатар, талай ізденіс, шығармашылық талпыныс арқылы Күләштің қазақтың тарихи ұлттық мұраларындағы қазақ әйелдері бейнелерін одан әрі байытты. Күләш концерттік үлкен репертуарында қазақтың «Ахау, керім», «Шилі өзен», «Жас келін», «Елімай» атты халық әндері әрдайым жарқын және өте мәнерлі нақыш өрнектермен орындалатын. Қазақтың және басқа да халықтардың әндерін, классикалық музыкалық шығармаларды аса көркем орындаушылығының арқасында ол еліміздің сүйікті әншісіне айналды, халық құрметіне бөленді.

Күләш Байсейітова бойындағы профессионалдық алғырлықта да, оның сахнадағы еркіндігінде де, ұшқындаған эмоциялық сезімталдығында да шек болмайтын- ды. Сондықтан да Күләш Байсейітова шеберлік өрісі көркейген, халық құрметіне бөленген, сахна төрінің құдіретті өнер иесі бола білді.

2. Мәтін бойынша 5 сұрақ құрыңыздар

3.«Қазақстанның өнер қайраткерлері» тақырыбында хабарлама дайындаңыздар.

Е сте сақтаңыз! Мақал-мәтелдерде антонимдер болса, табыңыз.

Әдептен аттаған қылға сүрінер.

Ақпейіл болсаң ас жерсің, тәкәппар болсаң тас жерсің.

Кең болса – кем болмас.

Елгезектің қарны тоқ.

Есер жігіт сәнқой келеді.

Жуастан жуан шығады.

UpRibbonSharp

  1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерімен танысыңыздар

Мәлімет, шылымқорлық, әдет, темекі әдеті, жаһандық, Дүниежүзілік Денсаулық Ассамблеясы, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы, темекіге қарсы күрес, халықаралық конвенция, заңдастырылған құжат, өзекті мәселелер

  1. Мына сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар

Таза ауа, өркениетті ел, әлемдік қауымдастық, салауатты өмір салты, саналы азамат, ұрпағымыздың келешегі, халық саны, тәуелсіз ел, өз үлесін қосу, шылымқорлардың саны, темекі өнімдері, мәтіннің тақырыбы, Халықаралық конвенция құрастыру, ол үшін, жаман әдет

  1. Сәйкестігін табыңыздар

мәлімет – здоровье

шылымқорлық – актуальный

әдет – документ

темекі – борьба

құжат –курение

күрес – сведения

өзекті – сигарета

денсаулық – привычка

үлес – будущее

келешек – доля

  1. Мына сөздерді тәуелдеңіздер.

Орын, бөлме, ел, жер, үй

  1. Мына сөздерді жіктеңіздер.

Ғалым, қызметкер, азамат, ұста

6. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар

Денсаулық – зор байлық

Статистикалық мәліметтерде көрсетілгендей, еліміздегі ер адамдардың 57 пайызы, қыз-келіншектердің 31 пайызы шылымқорлықтың шырмауында жүргендер екен. Ең өкініштісі, еліміздің медицина саласында еңбек ететін ер азаматтардың 34 пайызы әлгіндей әдетке бой алдырғандар болып отыр. Дөңгеленген дүние бойынша өмір сүріп жатқан 1,1 миллиард шылымқорлардың жыл сайын 5 миллионы өмірлерімен қоштасатын болса, біздің еліміздегі шылымқорлардың жыл сайын 25 мыңы өлімге душар болады екен. Бұл дегеніңіз, еліміздегі Қаратау, Кентау сияқты кішігірім қалаларда тұратын халық санымен бірдей емес пе?

Темекі індеті тек жаһандық мәселе емес, сонымен қатар бұл жаһандану мәселесі болып табылады. 1996 жылдың мамыр айында темекі індетінің жаһандануын тежеу мақсатымен 49-шы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ассамблеясы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының Бас директорына темекіге қарсы күреске қатысты халықаралық конвенция құрастырудағы ұсынушы болуды өтінген еді. Сонымен, 2003 жылдың 21 мамырында Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ассамблеясы темекіге қарсы күреске қатысты конвенциясының ақырғы мәтінін бекітті. Конвенция темекінің және темекі өнімдерінің жаһандана таралуын шектейтін халықаралық заңдастырылған құжат болып табылады.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының темекіге қарыс күрестегі осындай өзекті мәселелер шоғыры белгіленген конвенциясына 2004 жылдың 21-ші маусымында біздің еліміз де қол қойды. Сөйтіп, қазақ елі өз халқының таза ауамен тыныстауға құқылы өркениетті ел болуға ұмтылатындығын әлемдік қауымдастықтың алдында жария етеді.

Тәуелсіз еліміздің болашағына кәдімгідей қауіп төніп тұрғанын жүрегімен сезе алатын әрбір саналы азамат, еліміздегі шылымқорлықтың одан әрі өрістемеуі үшін өз үлесін қосуға міндетті. Ол үшін әлгіндей лас әдетке бой алдырмау қажет екенін түсіне білсе. Сол үшін әрқайсымыз өзіміздің салауатты өмір сүру ұстанымызды өз ұрпағымыздың санасына сіңіре білсек, неден болса да тайынбай осы үшін барлық болмысымызбен беріле кіріссек, ұрпағымыздың келешегі көлеңкелі болмас еді.