Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык ТМО 111.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
1 Mб
Скачать
  1. Мәтінді оқыңыздар

Қазақстан мемлекетінің құқықтық негізі

Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы бесінші Ата заң (1926, 1937, 1978, 1993, 1995жж).Кейінгі екеуінің алдыңғылардан елеулі айырмашылығы сол - бұлар тұңғыш рет мемлекеттік тәуелсіздікті, егемендікті және Қазақстан халқының толық билігін бекітіп, одан әрі орнықтырады. Кейінгі Ата Заңда (1995ж) құқықтық мемлекеттің қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның ішінде жеке адамның жан-жақты қалыптасуына қажетті экономикалық еркіндігі, идеологиялық пен саяси әр алуандығы (сөз бен шығармашылық бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық қозғалыстар бірлестігі), халық билігін жүзеге асырудың демократиялық амалдары, экономикалық қатынастардың қызмет етуі әлемдік талаптарға сай бейнеленеді. Конституцияның мәні оның қызмет ету сипаттамасынан айқын көрінеді. Ол үшін негізгі қызметті, заң (құқықтың басты қайнар көзі ретінде), саяси (мемлекеттің құрылысын) және идеологиялық (қоғамның алтын қазынасын - адам және адам және адамның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын) дәріптеуші қызметін атқарады.

Қазақстан Республикасының қазіргі Ата Заңы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық бүкілхалықтық дауыс беру (референдум) арқылы қабылданды. Ата Заң қабылданған күн демалыс мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланды. Ата Заңды қабылдау әдісінің орасан зор маңызы бар, өйткені оның мазмұнын сайлаушылар көпшіліктің қатысуымен мақұлдайды.

Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы кіріспеден (преамбуладан), негізгі мәтіннен, қортынды және өтпелі ережелерден тұрады. Кіріспеде, әдетте, Ата Заңның мақсаты баяндалып, оны қабылдаудың тарихи жағдайы, кейде құқықтар мен бостандықтар немесе мемлекеттік саясатта басшылыққа алатын негіздер көрсетіледі. Ата Заңның негізгі бөлігіне азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері туралы, конституциялық құрылысы жайлы, мемлекеттік нысандар жөнінде, мемлекеттік буындардың жүйесі мен мәртебесі туралы (Президент, Парламент, Үкімет, Конституциялық Кеңес, соттар және сот төрелігі, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы)нормалар енген. Қазақстан Республикасының Конституциясы 9 бөлімнен, 98 баптан және де көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады.

  1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейінгі Ата Заңдар қай жылдары қабылданды?

  2. Конституция күнін атаңыз

  3. Қазақстан Республикасының Конституциясы неше бөлімнен тұрады ?

  4. Конституцияның негізгі бөлімінде нелер туралы айтылады?

6.Сөйлемдер мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын» деп, сәйкес келмесе, «жалған» деп белгілеңіз.

  1. Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы бесінші Ата Заң.

  2. Кейінгі екеуінің алдыңғыларынан айырмашылығы жоқ

  3. Ата Заңды қабылдау әдісінің орасан зор маңызы бар

  4. Ата Заң бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданбады.

5. Қазақстан Республикасының қазіргі Ата Заңы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық бүкілхалықтық дауыс беру (референдум) арқылы қабылданды.