Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Конспект лекций по МЖГ на каз.doc
Скачиваний:
247
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
5.53 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылы Министрлігі

С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық Университеті

«Жылуэнергетика» кафедрасы

Қысқаша дәріс конспектісі

«Сұйық және газ механикасы» пәні бойынша

5В071700 – Жылуэнергетика мамандығының студенттеріне арналған

Дайындаған:

ЖЭ кафедрасының доценті

Шертаев Е.Т.

Астана 2014

Д

айындаған: т.ғ.к., доцент ___________Шертаев Е.Т.

Жылуэнергетика кафедрасы

Қысқаша дәріс конспектісі

«Гидрогазодинамика» пәні бойынша

5В071700 Жылуэнергетика мамандығының стунденттеріне арналған

Кафедра отырысында ұсынылған

«___»______________20__ж., №__ протокол

Кафедра меңгерушісі _____________ Баубеков К.Т. «____» ________2013ж.

Энергетикалық факультеттің ОМК мақұлданған

«___»______________2013ж., №____ протокол

ОМК төрағасы _______________ Сагнаева Н.К. «____» ________2013ж.

Мазмұны

Кіріспе …………………………………...…………………………………………..4

№1 Дәріс …...………………………………………………………………………..5

№2 Дәріс ………..………………………………………………………………….10

№3 Дәріс ……………...…………………………………………………………….25

№4 Дәріс ...………………………………………………………………………….53

№5 Дәріс ………..………………………………………………………………….48

№6 Дәріс ………………...………………………………………………………….61

№7 Дәріс …………………………...……………………………………………….75

№8 Дәріс ………………………...………………………………………………...118

№9 Дәріс …………………………………………………………………………

№10 Дәріс …………………………………………………………………………

№11 Дәріс …………………………………………………………………………

№12 Дәріс ………………………………………………………………………….

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ……………………………………………124

Кіріспе

Сұйық және газ механикасы – сұйық және газ қозғалысы мен тепе-теңдігінің негізгі заңдарын, сонымен қатар қатты денелермен күштік әсерлесуін қарастыратын ғылым.

Сұйық және газ механикасы математика, физика, техникалық термодинамиканың негізгі принциптерінен шығады және алынған нәтижелер эксперименттік зерттеулермен сәйкестендіріледі.

Сұйық және газ механикасын екі негізгі топқа бөлуге болады :

- сұйық және газдың теориялық механикасы, мұнда тамшылы сұйық және газдардың қозғалысы мен тепе-теңдігі теориясының негізгі ережелері қарастырылады (гидроаэростатика және гидроаэродинамиканың жалпы заңдары);

- сұйық және газдың қолданбалы (немесе техникалық) механикасы , яғни ондағы заңдарды практикалық жағдайларда қарастырады( құбырөткізгіштердегі қозғалысты , саңылау мен насадкалардан өтуді , қатты денелердің еруі және т.б. ).

«Сұйық және газ механикасы » пәнінде оқытылатын заңдарды білу және қолдану :

- барлық мүмкін болатын құбырөткізгіштердің ( ауаөткізгіштер, суөткіз гіштер, газөткізгіштер, буөткізгіштер ) есебі үшін ;

- гидравликалық және ауа үрлегіш машиналарын (насостар, компрес сорлар, желдеткіштер ) құрастыру үшін ;

- қазандық қондырғыларын, пеш және кептіргіш қондырғыларды, ауа және газдан тазалайтын аппараттарды , жылуалмастырғыш аппараттарды жобалау үшін ;

- көптеген жылыту және желдеткіш қондырғалырының есебі және т.б. үшін қажет .

Қысқаша тарихи мәліметтер.

Сұйық механикасы өзінің тарихи дамуында ұзақ жолдан өтті.

Гидрадинамиканың бірінші зачаткасы антиктік периодқа жатады. 15 ғасырдың ортасында Леонардо да Винчи (1452 – 1519жж.) бірінші рет зертханалық тәжіребие жасады. Ол саңылау мен суағар арқылы өтетін каналдардағы су қозғалысына қатысты кейбір сұрақтарды зерттеп эксперименттік гидравликаға бастаушы жол салды. ал Ньютон (1642 –1724жж.) қозғалмалы сұйықтардағы ішкі үйкеліс туралы негізгі ережелерді айтты.

Теориялық және эксперименттік әдістер синтезіне негізделген сұйық механикасының қарқынды дамуы 20 ғасырға жатқызылады.

Қазіргі таңда авиациялық техникада, гидромашинажасауда, гидротехникалық құрылыста және жылуэнергетикада қарқынды дамуда .