Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Конспект лекций по МЖГ на каз.doc
Скачиваний:
248
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
5.53 Mб
Скачать

Тақырыбы: Ағыстар теориясының негізі Дәріс жоспары:

1. Ағыстардың(струя) жіктелуі

2. Ағыстардың құрамы

3. Шектеулі кеңістікте ағыстың таралуы

1. Ағыстардың жіктелуі

Еркін ағыс – қатты қабырғалармен шектелмеген ағыс.

Батырылған(затопленная)ағыс – бұл ағыс түрі ортада өзінде бар физикалық қосылыстармен араласып кетеді.

Мысалы, су қоймасынан саңылауынан шығып жатқан су ағысы; тұйық қойма саңылауынан атмосфераға шығып жатқан ауа ағысы, ауаның бірдей тығыздықта болу шартында.

Батырылмаған (незатопленная)ағыс – өзінің жақсы физикалық құрамымен ортада таралады.

Например, ағыс еркін ұшуда болғандағы ауаның қойманың саңылауынан шапшуы.

Ағыстар жіктеледі:

а) тыныштық ортаға және ауа ағынына ағуы бойынша. Ауа ағынына өтуі бойынша келесідей ағыстарды жіктейді:

-шатастырылған ағыс – жылдамдық бағыты ағыс бағытымен сәйкес келетін, ағынға өтіп жатқан ағыс;

-жөнелту ағынындағы ағыс, ағыс жылдамдығы ағыс осіне тік бұрышты бағытталғанда.

-қарсы ағындағы ағыс, ағыстың бойлық жылдамдығының векторы және ағыс жылдамдығы бір біріне қарама қарсы бағытталғанда.

б) шапшуды жасауға кететін энергияны түріне байланысты:

- механикалық ағыс-вентилятор, компрессор, эжектормен туындайтын шапшулар.

-конвективті ағыс-әртүрлі денелердің суық немесе ыстық беттерінен ауаның сууы немесе ысуы әсерінен пайда болатын шапшулар;

в) бастапқы қиылысу пішіні бойынша:

- дөңгелек қиылысуда шапшу остік-симметриялы деп аталады;

-тұрақты биіктікте шексіз ұзын сызық формасындағы қиылысу – жазық-паралелльді (жазық);

г) қоршаған орта мен шапшудың температурасына тәуелді:

-изотермиялық ағыс, ағыс температурасы мен қоршаған орта температурасы бірдей болғанда;

-изотермиялық емес ағыс, ағыс температурасы мен қоршаған орта температурасы әртүрлі болғанда;

д) ағып өту режиміне тәуелді:

-ламинарлы ағыс;

-турбулентті ағыс;

е) иректелген ағыс- бастапқы қиылысында жылдамдықтың айналмалы құрамдас бөлігі бар ағыс.

Тәжірибелер көрсеткендей, шапшу мен сұйықтықтың сыртқы кеңістігінде масса алмасу құбылысы жүреді. Сонымен қатар, процесс кезінде шапшу (струя) үлкен мөлшерде массаны қамтиды, сондықтан шапшу қозғалысының бағытында оның массасы артады.

2. Ағыс құрамы

Г.Н.Абрамовичтың тәжірибиелері бойынша, шапшуды тудыратын сұйықтық қозғалысын келесідей сипаттауға болады (8.1 сурет).

.8888

8.1 сурет- Еркін батырылған шапшудағы сұйықтықтың қозғалысы

Шығыс а-б қиылысында ағыс жылдамдығы барлық нүктелерде өзара тең. L ұзындық бойымен (бастапқы бөлікте) осьтік жыдамдық өлшемі бойынша тең және шығыс қиылысу жылдамдығына тең.

Кейбір аралық қиылысуда n-n бастапқы бөлікте жылдамдықтар эпюрасы 8.2 суретте көрсетілгендей түрге айналады.

Ары қарай осьтік жылдамдық біртіндеп азаяды. Шапшудың L ауданында <, осьтік жылдамдық негізгі деп аталады, ал негізгі ауданды бастапқыдан бөліп тұратын ағын қиылысын – өтпелі деп атайды.

abc үшбұрышында сұйықтық жылдамдығының шапшуы барлық нүктелерде өзара тең және -ға тең. Бұл аумақ ағын ядросын құрайды.

ON және ON’шекаралық сызықтарда бойлық жыдамдықтар 0-ге тең. Бұл сызықтар осьте О нуктесінде қиылысады, ол «полюс» деп аталады.

Егер ON және ON’шекаралық сызықтар арасына изотах (тең жылдамдықты сызықтар)салыстырмалы координатада көрсетілген, онда олар шам алауына ұқсайтын сызықтар жүйесін құрайды (8.2 сурет).

8.2 сурет- Изотах-сызықтарынан алау

- берілген нүктедегі жылдамдық, - шығыс қиылысындағы жылдамдық.

Алау – дегеніміз салыстырмалы координатада құрастырылған изотах жүйесі.

Алау теориясы – осы аудандағы жылдамдықтар жиегі теориясы.

Егер изотахтарды өлшемсіз жылдамдықтарға құрастырса, бірақ басқа координатада, онда мұндай сызықтар алау емес, түзулер түйінін құрайды (8.3 сурет).

8.3 сурет – Изотах-сызықтары жүйесі

Ұзындығы B су ағынының бойлық қиылысуында абсолютті жылдамдықтарды үйлестіру (эпюра) 8.4 суретте көрсетілген.

8.4 сурет – Су ағыны бойлық қиылысуда жылдамдықтарды уйлестіру

Су ағыны дөңгелек бойлық қиылысуда осьтік жылдамдық теңдеуі (Г.Н. Абрамович теңдеуі)

, (8.2)

мұндағы - полюстан М нүктесіне дейінгі қашықтық (8.5 сурет);

- турбуленттік коэффициенті, 0.07...0.08;

- дөңгелек ағыстың диаметр.

8.5 сурет – Ағынды құру схемасы

Шығыс қиылысудан полюсқа дейінгі қашықтық мына формуламен анықаталады.

, (8.3)

Шығыс қиылысудан өткізгіш қиылысқа дейін қашықтық, яғни бастапқы аудан ұзындығы келесі формуламен анықталады

, (8.4)

Өткізгіш қиылысының диаметрі мына формуламен анықталады

, (8.5)

Ұлғаю бұрышының формуласы

, (8.6)

х қашықтықтағы ағын диаметрі келесі формуламен анықталады

, (8.7)

Ағынды сипаттайтын негізгі көрсеткіштер болып:

-осьтік жылдамдық;

-дөңгелек ағыс үшін диаметр және жазық ағыс үшін ені;

-шығын;

-орташа жылдамдық.