Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Конспект лекций по МЖГ на каз.doc
Скачиваний:
248
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
5.53 Mб
Скачать

4. Сығылған ауаның дайындалуы.

Өндірісте ауа беру үшін ауаүрлегіш машиналар деп жалпы түрде аталған түрлі құрылымдар қолданылады. 0,015 МПа дейінгі артық қысым кезінде олар желдеткіш, ал 0,115 МПа жоғары қысымда-компрессорлар болады.

Желдеткіштер динамикалық қозғалысты қалқалы машиналарға жатады, және өзінің басты міндеті - желдетуден басқа пневмокөлік жүйлерінде және пневмоавтоматтаудың төменқысымды жүйелерінде қолданылады.

Пневможүйелерде энергия көзі ретінде жұмыс қысымының диапазоны 0,4.....1,0МПа болатын компрессорлар пайдаланылады. Компрессорлардың жұмыс теориясы арнайы курстарда өтіледі.

Пневмоэнергия көзі және жеткізу әдісіне байланысты магистралды, компрессорлы және аккумуляторлы түрлері болады.

Магистралды пневможетек стационарлы пневмосызықтардың бұтақталған желісімен сипатталады. Олар компрессорлы станцияны цехтық және аумақтық тұтынушылармен байланыстырады.

Компрессорлық станция бірнеше компрессорлық сызықтармен жабдықталады. Олар өз кезегінде тұтынушыларға сығылған ауаны жеткізуді қамтамасыз етіп отырады. Бұл пневмоэнергияның аралық жинағыштарын (ресивер)станцияның өзінде және аймақтарда да орналастыру арқылы ғана жүргізіледі. Пневмосызықтар әдетте резервтеледі, сол арқылы олардың өңделуі мен қызмет көрсетуінің ыңғайлылығына қол жеткіземіз. Ауа дайындау жүйесіне кіретін қондырғылардың типтік кешені компрессорлық станцияның принципиалды сызбасында көрсетілген (сурет 11.3).

11.3 сурет. Компрессорлық станцияның принципиады сызбасы.

(3) Өткізгішті қозғалтқышы бар (2) компрессор заборлы фильтр (1) арқылы ауаны атмосферадан сорып (4) кері клапан, (5) суытқыш,(6)ылғалдан бөліп алатын фильтр арқылы (7) ресиверге айдалады. Нәтижесінде ауаны суытудан кейін ауадағы 70-80 % ылғал конденсатталып ресиверге жетеді.Жиналу барысында артық конденсатталған ауа (10) вентиль арқылы шығарылып отырады. Ресиверде пневмоэнергия аккумуляторланып, қысым өзгерісі тегістеледі. Ресивер міндетті түрде бір немесе бірнеше сақтау клапандарымен(8) және (9) манометрімен жабдықталады. Ресиверден ауа 11 крандар арқылы (12) пневмосызықтарға барады. 4 кері клапан компрессор сөніп қалған жағдайда қысымның күрт түсіп кетуінен қорғайды.

Компрессорлық пневмоөткізгіш жоғарыда айтылғаннан өзінің жылдамдығымен және тұтынушылар санының шектілігімен ажыратылады. Құрылыс және өңдеу жұмыстары кезінде көбінесе кең қолданылатын қозғалмалы компрессорлер болып табылады. Ауа дайындау жүйесіне кіретін қондырғылар кешені бойынша ол жоғарыда айтылған компрессорлық станциядан қатты ажыратылмайды(сулы салқындатқыш ауа салқындатқышына өзгертіледі). Тұтынушыларға ауа резеңкематалы түтіктер арқылы жіберіледі.

Аккумуляторлы пневмоөткізгіш сығылған ауа шектілігіне байланысты өндірісте өте сирек қолданылады.Бірақ берілген уақыты бар механизмдердің автономды басқару жүйлерінде кең пайдаланылады. 11. 4 суретте пневможүйенің аккумуляторды қорегінің мысалдары келтірілген.

Сұйықтың гидрожүйеге үздіксіз берілуі үшін бак кеңістігін сұйықпен пневмобалоннан (1) толтыру қолданылады (сурет 11.4, а). (2) электрвентилі қосылғанда мембрана арқылы екіге бөлінген (5) бактан сұйықтың шығарылуы (3) клапанға тәуелді ауаның тұрақты қысымы арқылы қамтамасыз етіледі.Шектік қысым (4) клапанмен шектеледі.

Ұшқыш аппарат (11.4 сурет,б) бағытының жүйесі (3) электрвентилі, (2) клапан арқылы шар пневмобаллоннан қоректенетін (4) басқарушы рекативті пневмоқозғалтқыштардан тұрады.

сурет.11.4. пневможүйенің аккумуляторлы қорегінің принципиалды сызбасы.

Өндірістік пневмоавтоматика жүйелерін қоректендіру үшін тек орташа қысым диапазоны емес (0,118…0,175 МПа), сонымен қатар ауаның төмен қысым диапазоны да қолданылады (0,0012…0,005 МПа). Бұл сығылған ауаның шығынын азайтып, элементтердің өту қимасын үлкейтуге мүмкіндік береді. Осылайша дроссельдеуші құрылғылардығ ластануынан қорғап, кейде Q = f(Δp) тәуелділікті ламинарлы ағысты алуға мүмкіндік береді. Бұл пневмоавтоматтау құрылғыларында өте маңызды болып табылады.

Жоғары қысым көзі бар болса ауа шыңыны үлкен төмен қысымды пневможүйе қорегін эжекторлар арқылы іске асыруға болады(11.4 сурет,в). 4 редукциялық клапанмен,2 манометрмен,3 зарядтаушы клапанмен жабдықталған 1 жоғары қысымды пневмобаллоннан ауа 5 эжектордың қоректендіргіш соплосына барады. Сонымен қатар эжектордың ішкі корпусында тқмендетілген қысым пайда болады, және қоршаған ортадан 6 фильтр арқылы үлкен диаметрлі 7 қабылдағыш соплоға ауа сорыладыЭжектордан соң ауа екінші қайтара 8 фильтр арқылы шаңнан тазартылып, 10 пневмоавтоматтау құрылғыларына барады. 9 манометр арқылы жұмыс қысымы бақыланып отырады, оның шамасы 4 редуктор арқылы өзгертілуі мүмкін.

Жоғарыда аталған пневможүйелер ашық (циркуляциясыз) жүйелерге жатады. 11.4 суретте пневмоавтоматтаудың жабық қоректендіру жүйесі көрсетілген, ол шаңды атмосфера шартында қолданылады.

3 пневмоавтоматтаудың блогына ауа жіберу 1 желдеткіш және 2 фильтр арқылы іске асады, оған қоса желдеткіштің сорғыш каналы 3 блоктың ішкі қабатымен байланысып, бір мезгілде 4 жұқа тазалағыш фильтр арқылы атмосферамен араласады. Жиі түрде желдеткіш ретінде 0,002 МП қысымын тудыра алатын тұрмыстық шаңсорғыштар қолданады.

Тұтынушыларға баратын ауа механикалық ластағыш заттардан тазартылып, ылғалдың ең аз мөлшері болу керек. Ол үшін ылғал бөлуші-фильтрлер бар. Мұнда фильтрлеуші элемент ретінде әдетте войлок, картон, мата,металлокерамика т.б. фильтрациясы 5 - 60 мкм болатын материалдар қолданылады.Ауаны одан әрі құрғату үшін оны ылғал сорып алатын адсорбенттерден өткізеді. Қарапайым пневможетектерде жеткілікті құрғауды ресиверлер мен ылғалбөлгіш-фильтрлер қамсатамасыз етеді, бірақ сонымен қатар ауаға бір мезгілде майлау қасиеттерін де беріп отыру керек.

11.5 суретте ылғалбөлуші фильтрден1,редуциялық клапаннан 2 және майүлестіргіштен тұратын ауа дайындаудың типтік түйіні берілген.

Фильтр кірісіне келген ауа айналмалы қозғалысты Кр қозғалмайтын қанатшасынан алады. Ылғал бөлшектері мен механикалық қоспа центрден тепкіш күш арқылы қабырғаларға лақтырылып, оның төменгі бөлігіне шөгеді..

Сурет.11.5. Ауа дайындаудың типтік түйіні:

а-принципиалды сызба, б-шартты беріліс.

Ауаның екінші қайтара тазартылуы Ф фильтрінде жүреді, одан кейін редуктор кірісіне келіп түседі, мұнда Кл клапан қуысы арқылы дроссельдеу процесі жүреді. Бұл клапан шамасы М мембрана үстіндегі шығу қысымына тәуелді. П

Вторичная очистка воздуха происходит в пористом фильтре Ф, после которого он поступает на вход редуктора, где происходит дросселирование через зазор клапана Кл, величина которого зависит от выходного давления над мембраной М. Увеличение усилия сжатия пружины П обеспечивает увеличение зазора клапана Кл и, следовательно, выходного давления. Корпус маслораспылителя 3 делается прозрачным и заполняется через пробку смазочным маслом. Создаваемое на поверхности масла давление вытесняет его через трубку T вверх к соплу С, где масло эжектируется и распыляется потоком воздуха. В маслораспылителях фитильного типа вместо трубки Т установлен фитиль, по которому масло поступает в распылительное сопло за счет капиллярного эффекта.