Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык ТМО 111.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
1 Mб
Скачать
  1. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыздар

Жоғары оқу орындары -............ мамандар дайындауда ғана емес, әрбір мамандық бойынша түлектерге мемлекеттік тілді де терең меңгертіп шығаратын мекеме. 1999жылғы 8 қаңтарда «Тілдер туралы» Заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы ........ бекіту туралы қаулы қабылданды. Мемлекеттік тілде ресми .... әзірлеу мәселесінде ілгерілеушілік бар.

Қажетті сөздер : , білікті, құжаттар, ережені.

  1. Өлеңді жаттап алыңыздар. Үш бақытым

Ең бірінші бақытым –халқым менің

Соған берем ойымның алтын кенін

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан парқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Кім мықты? – десе біреу, - Отан дер ем.

...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.

М.Мақатаев

  1. Қарамен жазылған сөздердің синонимдерін табыңыздар.

Бүгінгі жастар уақыттың қайда бастап бара жатқанын, өмірде тілдің қаншалықты маңызды орын алатындығын да түсінеді. Араларында екі-үш, тіпті төрт-бес тілді қатар, еркін меңгергендері де бар. Алыс-жақын шетелдермен саяси-экономикалық, мәдени-рухани байланыстарда мұндай мамандарға қашанда сұраныс жоғары. Тіл білудің түрлі сипаттағы байланыстармен қатар тарихымызды түгендеуде де берері көп. Араб, Иран, Үндістан, Қытай, т.б. секілді көп ғасырлық жазба дүниелері сақталған іргелі елдерден байырғы қилы қарым-қатынас тарихын, сол елдерде жатқан өзімізге қатысты тарихи деректерді іздестіріп жинап, мәдени мұра қорын жаңа дүниелермен толықтыру шығыс тілдерін терең меңгерген мамандардың күшімен ғана жүзеге аспақ.

  1. Асты сызылған сөздердің антонимдерін табыңыздар

Қазіргі қазақ тілі өсіп-өркендеген тіл. Қоғамның барлық салаларында қолдануға жарамды, заман талаптарына толық жауап бере алатын тіл. Қазақ тілін үйренуге, үйретуге арналған көптеген оқулықтар мен оқу құралдары, түрлі салалар бойынша терминологиялық сөздіктер жарық көрді. Мұның бәрі тіліміздің жағдайын жақсартуға арналған игі іс-шаралар мен табанды ізденістердің нәтижесі. ХХІ ғасыр – ғылым мен білім ғасыры. Қазір еліміздегі азаматтардың бәрі сауатты. Қай мәселеге болса да байыпты қарап, тиімді жағына баса назар аудару - өмір талабы.

  1. Мына мақал-мәтелдерді жаттаңыздар

  1. Ана тілі ой өсіреді,

Ана сүті бой өсіреді.

2.Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.

3.Сөз тас жарар, тас жармаса бас жарар.

4.Басқа пәле тілден

5.Сөз де ара сияқты

Балы да бар, зәрі де бар

6.Өнер алды –қызыл тіл

7. Сөйлесе білген – үйлесе біледі

8. Сөздің көркі – мақал

Атасы – ақыл

Анасы – тіл

9. Білім кілті - тіл

10. Тіл – қылыштан өткір

11. Піл көтермегенді тіл көтереді

2. «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында шығарма жазыңыздар.

UpRibbonSharp

  1. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер

  1. Астанада қанша театр бар?

  2. Сен театрға барғанды жақсы көресің бе?

  3. Басқа жақтың театрлары гастрольмен келгенде олардың қойылымына барасың ба?

  4. Қазір қалада қанша кинотеатр бар?

  5. Кинотеатрға жиі барасың ба?

  1. Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар

Кез –келген, сәулет үлгісі, мәдениет сарайы, инфрақұрылым, дәстүр, әлемдік музыка, рухани, ынтымақтастық, нәтиже, дарынды, сахна шеберлері, шеберлік, қойылым, туындылар

  1. Сөздердің сәйкестігін табыңыздар

әлемдік – отечественный

ұлттық – произведение

дәстүрлі – одаренный

дарынды – выпускники

қойылым – постановка

шеберлік – мастерство

түлектер – традиционный

туындылар – духовный

отандық – мировой

рухани – национальный

  1. Мәтінді оқыңыздар

К.Байсейітова атындағы опера және балет театры

Астанаға поезбен келген кез-келген адамның алдынан үш қабатты кірпіштен қаланған ғимарат шығады. Ғимараттың кіре берісі ерекше сәулет үлгісімен өрнектелген, жоғарғы жағы үш бұрыштанып, циркулярлық болып келген және де бағана тізбектері қаланып тұр. Қайта жөнделген теміржолшылар сарайында Күләш Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры орналасты. Жөнделгенге дейін жалпы көлемі 4500 шаршы болса, одан кейін 10161 шаршы метр болды. Бұл үлкен зал, жетпіс адамдық кіші зал, лекция залы, екі дайындық, отыз сегіз гример бөлмесі, 8 гардероб, дыбыс жазатын студия, шеберхана, қойма, бірнеше холл, жетпіс адамдық мейрамхана… Міне кішігірім қалашықтың шағын ғана мәдениет сарайы инфрақұрылымы осылай өзгерді.

Астана театры Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2000 жылдың қаңтар айында құрылған. Бүгінде ол еліміздің ең жас музыка театры болып табылады. Қазақтың дәстүрі мен әлемдік музыка мәдениетін дәріптеп, қазақ қоғамының рухани сұранысын жүзеге асыруда.

Ұлттық театр қарқынды өсіп, барша жұртқа танымал ұжымдардың біріне айналуда. Олар әр ғасырлар мен түрлі стильдердің қойылымдарын көрсетеді. Ұлттық театрдың мақтан етерлік репертуарына отандық, сондай-ақ, әлемдік музыка театрларының жауһарлары және де Қазақстанның опера және балет жанрының дамуына үлес қосатын жаңа туындылар кіреді. Мәселен, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібегі», Е.Рахмадиевтің «Қамар сұлу», М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы бойынша экспериментальды қойылымы, Б.Тілеуханның «Ф.Жанносы», Дж.Верди «Травиата», П.Чайковскийдің «Евгений Онегин» және «Щелкунчик» және т.б. Аз ғана уақытың ішінде Қазақстанда баламасы жоқ бірнеше спектакль қойылымы болды. Атап айтқанда В.Моцарт «Фигароның үйлену тойы», Ж.Массне «Жас Вертердің махаббат пен өлімі туралы оқиға», Дж.Пуччини «Чио-Чио-Сан». Бұл қойылымдарды орындап шығу үшін үлкен шеберліктің қажет екені анық.

Театрмен ең үздік шетелдік сахна шеберлері ынтымақтастық жасайды: Ресейдің еңбек сіңірген қайраткерлері – қоюшы-режиссері Юрий Александров пен қоюшы-суретші Вячеслав Окунев. Сондай-ақ, хореографтар : ұлы балет бишісі және Ресейдің Үлкен театрының атақты балетмейстері Екатерина Максимова, атақты қоюшы-балетмейстер Шамиль Терегулов, тамаша биші әрі атақты хореограф Сергей Вихарев және т.б. Әлемдік театр өнерінің саңлақтарын ынтымақтастыққа шақыру уақыт өте өз нәтижесін бере білді. Соның арқасында театр аз уақыттың ішінде құрылып, белгілі бір белеске жете білді.

Ең алғашқы әртістік құрам Қазақ Ұлттық музыка академиясының, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының, Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінің, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің түлектері мен сондай-ақ дарынды әртістер мен сахна шеберлерінен құрылды. Атақты орындаушылар Қазақстан Республикасының халық әртісі Қорлан Қалиламбекова және Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген әртісі Қанат Омарбаев құрылған тамаша вокалды труппаның негізі болып табылады.