Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык ТМО 111.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
1 Mб
Скачать

7. Шашылған сөздер мен тіркестерден сөйлемдер құрастырыңыздар.

1) Бекітті, ресми түрде, оны, 157 мемлекеті, қазіргі, әлемнің, таңда

2) 176, оған, елі, әлемнің, қойды, қол,

3) Ғажап, осылай, жағдайда, болған, елдер, бірқатар, судың, кетуі, қалып, астында, әлемдегі, мен қалалар, емес

4) Құрғақшылыққа, күні, бүгінгі, астам, Қазақстанның, 60, ұшырауда, жері, пайыздан

8. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар

Марқакөл қорығы

Ертіс өңіріндегі көрікті әрі табиғаты бай өлке – Марқакөл көлінің аймағы. Марқакөл теңіз деңгейінен 1434 метр биіктікте орналасқан. Оның тереңдігі – 27 метр, басты байлығы – халық «майқан» деп атайтын қызыл балық. Айналасындағы орманда аңдар мен құстардың 60-қа жуық түрі тіршілік етеді. Қазір Марқакөл көлі мен оның төңірегіндегі орманды алқап қорыққа айналдырылған, сөйтіп осы өлкенің өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қорғауға алынған.

Аңшылар мен ғылыми қызметкерлер аңдарды есепке алады, олардың тіршілік-тынысын бақылайды. Қыста аңдар қосымша азықтандырылады, өйткені Марқакөлдің қысы қатты әрі ұзақ. Адамдардың қамқорлығына жануарлар әбден үйреніп алған.

Қар қалың жауған жылдары олар таудан түсіп, елді мекендерге жақын жерге жайылады.

Табиғатты қорғау жақсы нәтижелер бере бастады, өйткені Марқакөлде бүкіл Ертіс өңірінің қарағайлы орманы мен қуаң даласын мекендейтін марал, қызыл қасқыр, бұлан, бұғы, қабан, тіпті қоңыр аюды да кездестіруге болады.(«Қазақ күнпарағы», 1989)

9.Төмендегі есімдіктермен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Барлық, түгел, ешқашан, ешкім, өздері, кейбір, сол, осы , бұл, әрбір, олар

10. Мәтінді оқыңыздар, есімдіктерді теріп жазып мағыналық түрін ажыратыңыздар.

Каратау Мемлекеттiк қорығы

Қаратау тауы Оңтүстiк Қазақстан, Жамбыл және Кызылорда облыстарының аумағында орналасқан. Ол солтүстiк батыстан оңтүстiк шығысқа қарай 420 км-ге созылып жатыр. Оның ең биiк шоқысы Бессаз тауының биiктiгi 2175 метр. Қаратау бiр-бiрiмен қатарласа орналасқан Үлкен және кiшi Қаратау жоталарынан тұрады.

Қаратаудың оңтүстiк-батысынан Сырдария, Cолтүстiк шығысынан Шу және Талас өзендерi ағып өтедi. Каратаудын барлық аймағында өзiне тән ертеден өсiп келе жатқан өсiмдiк түрлерi көптеп кездеседi. Қаратаудың табиғи байлықтарының ерекшелiктерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң №249 қаулысымен 2004 жылы 1 наурызда Қаратау мемлекеттiк қорығы ұйымдастырылды. Қорықтың жер көлемi 34300 гектар аумақты алып жатыр. Қаратау қорығының табиғаты айналасы құрғақ далалы және шөлейттi өңiрлермен шектелiп жатқан оазистi аймақты құрайды. Қаратау қорығы Батыс Тянь-Шянь тау жотасының солтүстiк-батыс сiлемдерi мен шекаралас Қаратау жотасының орталық бөлiгiнде орналасқан. Қорықтың айналасын Қызылқұм Бетпақдала және Мойынқұм шөлдері қоршап жатыр. Қорық аумағының ауа райы күрт құбылмалы болып келедi.Онда жылына орта есеппен 300-500 мм шамасында жауын-шашын түседі. Жазы ыстық әрi құрғақ, шiлде айының орташа температурасы +22 +26 с.

Қорық аумағында археологиялық ескерткiштер де көптеп кездеседi.Сонымен бiрге ерекше мүсiндi түйетас, кемпiртас, хантағы және т.б. кейiптегi табиғаттың өзi ұзақ уақыт аралығында жасаған тас бейнелер де кездеседi.

Қаратау қорығының аумағында өсiмдiктер мен жануарлардың сан алуан

түрлерi оқшауланып, айналасындағы далалы, шөлейттi алқаптардың өсiмдiктерiнен, жануарларынан түр құрамы жағынан мүлде ерекшеленiп тұрады.