Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык ТМО 111.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
1 Mб
Скачать
  1. « Қазақстанның дамуына менің қосар үлесім» 1-2 беттік эссе жазыңыздар.

Е сте сақтаңыз!

Жастық – жалын, кәрілік – көмір.

Құл мен қожа майданда теңеледі, жас пен кәрі білімде теңеледі.

UpRibbonSharp

  1. Мына сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыз

Тәуелсіздік, егеменді, зайырлы, бейбітшілік, сенімді, талқылау, беделді, нығайту, өткізу, жеткізу, ресми шаралар, ұйғарым, жарлық, тілек, көшіру, ішкі істер әскері, қабылдау

2. Мәтінді оқыңыз

Тәуелсіз Қазақстан

1991 жылғы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. 1992 жылдың ортасына қарай Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде жер шарының 30-дан астам елі таныды. Олардың қатарында АҚШ, Қытай, Түркия, Иран, Пәкістан, Швейцария, Канада сияқты мемлекеттер болды.

Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1992 жылғы қаңтарда оның ішкі істер әскері құрылды. Мұның үстіне әскер қатарына шақырылған жастар өз республикасында қызмет етуге мүмкіндік алды. Бүкілхалықтық талқылаудан кейін 1992 жылғы маусымда Жоғарғы Кеңестің сессиясы Республиканың жаңа мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. Сол жылғы желтоқсанда Республика Әнұранының жаңа мәтіні қабылданды.

1993 жылғы қаңтардың 28-інде Республика парламентінің салтанатты мәжілісінде еліміздің тұңғыш Конституциясы қабылданды.

Республика Президентінің жарлығымен ұлттық валюта –теңге- 1993 жылғы қарашаның 15-сі күні енгізілді.

Қазақстан халқы Қазақстан Республикасының Президенті ұсынған жаңа конституцияны 1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда қабылдады. Жаңа конституцияның 1-бабында Қазақстан өзін «демократиялық, зиялы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең жоғары құндылықтары – адам, оның өмірі, құқығы және бостандығы» деп жариялады.

1996 жылдан бастап Қазақстан беделді халықаралық ұйымдармен (БҰҰ, ЮНЕСКО, ОБСЕ) байланысын нығайтты. Мысалы, ЮНЕСКО-ның қолдау көрсетуі арқасында Абай Құнанбайұлының 150 жылдығын мерекелеу тойлары өтті. Осы ұйымның Орталық Азиядағы бір ғана өкілдігі Алматыда ашылды. Сонымен, Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған соң, халықаралық аренада өзін сенімді түрде мәлімдеді. Тиянақты да бейбітшілік сүйгіш саясатының арқасында Қазақстан дүниежүзілік мемлекеттер қауымдастығындағы ірі-ірі халықаралық ұйымдар қатарына қабылданды.

1996 жылы 6 шілдеде Республика Жоғары Кеңесінің депутаттары жан-жақты талқылап, Қазақстан Республикасының астанасын Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады.

1997 жылы 8 қарашада Ақмола мемлекеттік рәміздер(символ) эталоны және Қазақстан Президентінің байрағы жеткізілді. Осыған орай жаңа астанада ресми шаралар өткізілді.

1997жылдың 10 желтоқсанынан бастап Ақмола Қазақстан Республикасының ресми астанасы болды. Жергілікті атқару және өкілеттік органдардың өтініштерін, Ақмола қаласы жұртшылығының тілегін ескере отырып және мемлекеттік ономастикалық комиссиясының ұйғарымы негізінде 1998 жылғы 6 мамырда Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ақмола қаласын Астана қаласы деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылы 10 мамырда жаңа астананың ресми тұсаукесері болып өтті.

3. Мәтін бойынша 7 сұрақ қойыңыз.

4. Мәтіннен 10 жалпы, 10 жалқы зат есімдерді екі бағанға теріп жазыңыз.

5.Шашылған сөздерден сөйлем құрастырыңыз.

  1. 1996, Қазақстан, халықаралық, нығайтты, байланысты, бастап, жылдан, ұйымдармен, беделді.

  2. Абай Құнанбайұлының, өтті, қолдау, тойлары, мерекелеу, 150, ЮНЕСКО-ның, жылдығын, арқасында, көрсету.

  3. Ашылды, өкілдігі, Орталық, Алматыда, Азиядағы, ғана, осы, бір, ұйымның.

  4. Тұсаукесері, Астананың, өтті, жаңа, ресми, болып.

6. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.

Мемлекеттік Ту

Қазақ мемлекеттік Туы көк түсті. Ол халқымыздың бірлігін көрсетеді. Көшпенділер космосы – көк аспан. Көк аспан мен қара жер барлық тіршілікті көрсетеді.

Күн көшпенділердің өмір символы. Геральдика заңында күн – байлық пен берекенің белгісі. Тудағы дала бүркіті еркіндіктің белгісі. Қазақ елі дала бүркіті сияқты тәуелсіз, әлемдік өркендік биігіне ұмтылады. (Т.Аяпова)