Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык ТМО 111.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
1 Mб
Скачать

2. Мәтін бойынша 4 сұрақ жазыңыздар

3.Мына етістіктерді рай түрлеріне байланысты түрлендіріңіздер

Үлгі : нығайту – нығайтса – нығайтқысы келу - нығайтсын

Жіберу , бару , оқу , жазу , сайлау , апару , әкелу , өркендеу , жұмсау

  1. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар

«Жалпы ережелер» деп аталатын І бөлім жаңа конституциялық құрылысқа сапалық сипаттама бере отырып, Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқару және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау қағидатына сәйкес жүзеге асырылатындығын баяндайды. Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасын – Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет екендігін айқындап берген. Олай дейтініміз – біздің ұлан-байтақ жеріміздің ұлттық-аумақтық бөліністерге – облыстарға, қалаларға, аудандарға, ауылдарға т.б. – бөлінетіндігі және олардың жоғарыдағы бір орталыққа бағынатындығы.

«Адам және азамат» деп аталатын ІІ бөлім адам мәртебесін мемлекетпен тікелей байланыстырмай, жеке бастары мен бостандықтары халықаралық құқықтың мойындалған қағидаттары мен қалыптарына тікелей байланыстырылған. Жаңа қазақстандық Ата Заңның басты желісі – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мемлекет мүддесінен жоғары тұрғыдан қарау болып табылады.

«Президент» деп аталатын ІІІ бөлім мемлекет басшысы ретінде Президенттің жаңа мәртебесін толық бейнелейді.

Басқа мемлекет органдарының құрылуы мен қызметі IV-VIII бөлімдерде көрсетілген. Мұнда билікті болу принципі нақты берілген. Парламент, Үкімет, Соттар және сот төрелігі туралы логикалық негізде үйлестіріліп берілген.

Қазақстан Республикасы Конституциясының құрылымында әр бөлім өз қисынымен ретті орналасқан. Жалпы алғанда Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы өз құрылымы мен қисыны жөнінен баршаға айқын түсінікті деп айтуға болады.

«Қорытынды және өтпелі ережелер» деп аталатын ІХ бөлім жаңа Ата Заңды күшіне енгізу нормаларын бекітеді, бұрынғы Конституцияның күші қай кезден бастап жойылғанын нақтылайды. 1995 жылғы Конституция күшіне енгенге дейін қолданылып келген заңдардың одан әрі қарай қолданыста болу тәртібін көрсетеді.

UpRibbonSharp

  1. Мәтінге қажетті сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар

Әлемдік экономика, дүниежүзілік шаруашылық, үздіксіз, байланыс, біртұтас, даму деңгейі, қоғамдық құрылым, ішкі саясат, сыртқы саясат, жан-жақты даму, еңбек бөлінісі, қажеттілік, ерекшелік.

  1. Сәйкестікті көрсетіңіздер

Шаруашылық - политический

Байланыс - сложный

Біртұтас - свободный

Жиынтық - законность

Заңдылық - совокупность

Еркін - связь

Күрделі - хозяйство

Саяси - всецело

Мәдени - чувствительный

Сезімтал – культурный

  1. Бірінші қатардағы антонимдердің сыңарын екінші қатардан көрсетіңіздер

Сыртқы – артта қалу

Үлкен – бұрынғы

Кіру – шығу

Қазіргі – кіші

Даму – тәуелсіз

Тәуелді - ішкі

  1. Мәтінді оқыңыздар

Халықаралық экономикалық қатынастар

Әлемдік экономикада дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз – ұлттық шаруашылықтың жиынтығы. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде болады. Өзара күрделі байланыстардың нәтижесінде бір-біріне қарама-қайшы, бірақ та біртұтас әлемдік экономикалық жүйе қалыптастырады.

Халықаралық экономикалық байланыстарды зерттеу жұмысымен А.Смит, Д.Рикардо, К.Маркс, Ф.Энгельс, В.Леонтьев т.б. ғалымдар айналысты.

Дүниежүзілік шаруашылық өзара байланысты екі жүйеден – ұлттық шаруашылықтың жиынтығы және халықаралық экономикалық байланыстардан тұрады. Қазіргі кездегі өндірістің материалдық негізі машина техникасы, ұлттық шаруашылықтың даму деңгейінің қандайы болсын, оның материалды - техникалық базасының негізіне байланысты болады. Сондай-ақ, қоғамдық құрылымының сипаты мен жекелеген елдердің ұлттық шаруашылығы, әр мемлекеттің ішкі және сыртық саясаты – оның басқа елдермен экономикалық байланыстарының бағытын, дүниежүзілік шаруашылықтың әлеуметтік-экономикалық сипатын көрсетеді.

Қазіргі жағдайда кез келген мемлекеттің экономикасының дамуы дүниежүзілік шаруашылық байланыс арқылы ғана толық деңгейде жан-жақты дами алады.

Ұлттық экономиканың дүниежүзілік шаруашылықпен қосылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Кез келген мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыс жүйесіндегі ең сезімтал тұсы – оның экономикалық саясаттағы, яғни халықаралық байланыстар жүйесіндегі атқарып отырған қызметінде. Бұдан қоғамның ішкі жағдайы, оның әлеуметтік-экономикалық және саяси бағыты, мәдени байлығы жан-жақты көрінеді.

  1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Әлемдік экономика дегеніміз не?

  2. Халықаралық экономикалық байланыстарды зерттеу жұмыстарымен қандай ғылымдар айналысты?

  3. Әр ел бір-бірінен қалай ерекшеленеді?

  1. Мәтіндегі етістіктің шақтарын ажыратыңыздар.

  1. Берілген сөздермен сөйлем құрастырыңыздар

  1. Шаруашылық, жиынтығы, дүниежүзілік, шаруашылықтың, ұлттық.

  2. Жұмыстарымен, ғалымдар, халықаралық, байланыстарды, экономикалық, зерттеу, айналысқан.

  3. Ел, бір-бірінен, өзінің, ерекшеленеді, тарихи-географиялық, құрылымы, әлеуметтік-саяси, әр, ұстанымымен

  4. Бар, ұлттық, өзіндік, экономиканың, шаруашылықпен, дүниежүзілік, ерекшеліктері, қосылуының, ұлттық.

  1. Сөйлем мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын», сәйкес келмесе «жалған» деп белгілеңіздер.

Сөйлемдер

Шын

Жалған

  1. Дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз – ұлттық шаруашылықтың жиынтығы

  1. Халықаралық экономикалық байланыстарды зерттеу жұмысымен ғалымдар айналыспаған.

  1. Дүниежүзілік шаруашылық өзара байланысты екі жүйеден тұрады.

  1. Ұлттық экономиканың дүниежүзілік шаруашылықпен қосылуының өзіндік ерекшеліктері бар.