Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык ТМО 111.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
1 Mб
Скачать

4. Мәтіннен үстеулерді теріп жазып, мағыналарын ажыратыңыздар

5.Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1) Әзірет Сұлтан қорық мұражай қай жылы құрылған?

2) Қожа Ахмет Яссауи кесенесі қашан бүкіләлемдік мұралар тізіміне алынды?

3) Қожа Ахмет Яссауи кесенесі туралы айтыңыз.

4) Қорық - мұражайда неше тарихи ескерткіш бар?

6. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, сөйлемдерді оқыңыздар.

«Түркістан тарихы» мұражайы орналасқан .... XIX ғасырда әскери казарма ретінде пайдаланған. Кеңес тігін-тоқыма фабрикасы қызметін атқарған. 2000 жылы «Түркістан тарихы» мұражайы .... 1500 жылдың мерейтойы қарсаңында ашылып, пайдалануға берілді. Мұражайдан қаланың өткені, келешегі туралы толық .... алуға болады. Мұражай экспозициясы сегіз ... тұрады.

Қажетті сөздер: бөлімнен, мағлұмат, қаланың, заманында, ғимарат

7. Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.

Мұражайда мынандай құрылымдық бөлімдер бар:

а.ғылыми-зерттеу бөлімі

в.ғылыми кітапхана

с.ғылыми қор бөлімі

д.тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау бөлімі

Болашақта осы бөлімдерді кеңейтіп, жаңа ғылыми зерттеу салаларын ашу жоспарланып отыр. Олар: археологиялық ескерткіштерді зерттеу бөлімі, этнография бөлімі, дін тарихы бөлімі, мәдени – көпшілік және насихат бөлімі, экспозиция және көрмелер бөлімі, туризм және сервис жұмыстары. «Әзірет Сұлтан» қорық - мұражайы Қазақстандағы ерекше маңызы бар рухани орталық болып табылады.

8. Мына сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар

Мазар Қозы Көрпеш-Баян сұлу – памятник архитектуры Х-ХІ вв. Расположен на берегу реки Аягуз. Мазар героев лиро-эпической поэмы, является одним из древнейших памятников в Казахстане, дошедших до наших дней. Общая высота 11,65 м. Памятник – символ бессмертия трагической любви юноши и девушки, высоты их человеческого духа.

9.Төмендегі үстеулерді мағынасына қарай ажыратып, сөйлемдер құрыңыздар

Қазір, бүгін, анда-санда, зорға, амалсыздан, бекерге, әдейі, былтыр, қасақана, бағана, осыншама, әрең-әрең

10. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Сіз саяхатқа шыққанды ұнатасыз ба?

2. Егер саяхатқа шықсаңыз, қай жерлерге барар едіңіз?

3. Сіз Қазақстанның табиғаты көрікті қай жерлерінде болдыңыз?

4. Тарихи ескерткіштері бар жерлерді аралап көргіңіз келеді ме?

5. Түркістан қаласында болдыңыз ба?

11. Досыңыздың басқа бір жерлерге жасаған саяхаты туралы сұрап, сұхбат құрастырыңыздар.

  1. «Менің саяхатым» деген тақырыпта шағын шығарма жазыңыздар.

2.Үстеулердің әр мағыналық түріне 2 сөйлемнен жазыңыздар.

UpRibbonSharp

  1. Төмендегі сөздерді, сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.

Алтын, ер жету, тіршілік ету, құрал-жабдық, түзелу, жердің сыртқы келбеті, зерттеу, даму сатысы, ғылым, заттық белгілер, пайда болу, амин қышқылдары, саналады, белгісіз, кәдімгі, сөз, көздері, қоректендіру.

  1. Төмендегі сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыз.

Күн, жер планетасы, қоршаған орта, жер қойнауы, уақыт,

зерттеулер, болжамдар, ғылым, тіршілік.

  1. «Орта» сөзін қатыстырып бірнеше сөз тіркесін жасаңыздар.

  1. Мәтінді оқыңыздар және мазмұндаңыздар.

Жер – біздің анамыз

Біздің сөз етіп отырғанымыз Күн планетасы емес, бір күн дейтін уақыт. Осы уақыт аралығында Жер өз осінен бір рет айналып шығады. Ол сағаттық өлшеммен алғанда 24 сағат. Былай қарағанда көпшілігіміз мән бере бермейміз. Кешкілік көк күмбезді аспаннан самсаған сан жұлдыздарды көреміз ғой. Келесі күні жұлдыздар тағы да сол жерде пайда болады. Бұл екі аралықта 23 сағат 56 минут 4,09 секунд уақыт өтеді. Мұны жұлдыздық күн деп атайды. Жердің ішкі ядросының бар екенін білеміз. Ол темірден және никельден тұрады. Одан беріде металдардың балқыған кремнийлі және күкіртті қосылыстарынан және олардың тотықтарынан құралған мантия қабаты орналасқан. Ал жердің сыртқы қабығы оттегі мен кремнийден құралған. Бұдан 4 млн. жыл бұрын Жердің сыртқы бетін самсаған метеорит шұңқырлары мен жанартаулар қаптап жатқан деген топшылау айтылады.

Жерде тіршілік бар. Адам баласы өмір сүреді, өйткені мұндағы температура судың жердің сыртқы бетінде тұруына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, атмосферада оттегі бар. Ауа мен су тіршілік үшін ең бірінші қажеттілік!

Жер планетасын біз жайдан-жай анамыз, алтын ұя – бесігіміз деп атамаймыз. Өйткені, ол біздің тұрақ – мекеніміз ғана емес, әрі асыраушымыз да. Біз осында өмірге келіп, есейіп, ер жетеміз, көз жұмғанша тіршілік етеміз.

Тіршілік етуге қажетті барлық нәрсені: тағам-тамақты, киім-кешекті, басқа да заттар мен құрал-жабдықтың бәрін жер қойнауынан аламыз. Ендеше, Жер біз үшін қымбат та асыл АНА!

Олай болса, біз осы Жер туралы не білеміз?

Ғалымдардың болжауы бойынша Жер осыдан 4,5млрд. жыл бұрын жаңадан көзін ашқан Күннің айналасындағы ыстық қарақошқыл шаң мен газ тәрізді заттардың қоюланып, түзілуінен пайда болған. Бүгінде күн жүйесінде тоғыз планета бар дейтін болсақ, олардың да өмірге келуі солай деседі. Арада тағы да жарты миллиард жыл өткеннен кейін Жердің бетінде қатты жыныс-қабық, айналасында атмосфера қалыптасты. Бұл адам баласының табанын тірейтін және тыныс алатын өмір-тіршіліктің бастауы еді.