Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык ТМО 111.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
1 Mб
Скачать
  1. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер

  1. К.Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры қашан құрылған?

  2. Опера және балет театры қай жерде орналасқан?

  3. Бұл театрда қандай қойылымдар қойылды?

  4. Ең алғашқы әртістік құрамда кімдер болды?

  1. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, көшіріп жазыңыздар.

Театр жұмысына Ресейлік, Италия, Германия мен Францияның көптеген шығармашылық ……. өз үлестерін қосты. Олар опера және балеттің жеке …. , дирижер және қоюшы режиссерлері ретінде қатысқан. Қазақстанда «Опера жұлдыздары Астанада» атты ….. опера фестивалі өтті. Қабілетті жас орындаушылар мен бишілерді үлкен …. мен биік белестер күтуде.

Қажетті сөздер: мүмкіндіктер, орындаушылары, қайраткерлері, халықаралық

  1. Мына сөздердің омонимдерін табыңыздар

Ат ,бас, күн, жүз , астана

  1. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ сазды -драма театры

Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ-сазды драма театры 1991 жылы құрылған болатын. Театрдың негізін қалаған, көркемдік жетекшісі әрі бас режиссері, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері Жақып Омаров болатын. Бұл күндері Астана қаласындағы көшелердің бірі дарынды режиссер есімімен аталады.

Ең алғаш театр өз шымылдығын қазақтың белгілі драматургі Ғабит Мүсіреповтың «Ақан Сері –Ақтоқты» шығармасы бойынша қойылған спектакльмен ашқан еді. Құрылғандарына бір жыл өтпей, атап айтқанда, 1992 жылы театр ұжымы С.Сейфуллиннің туылғанына 100 жыл толуына орай өткізілген халықаралық фестивальде лауреат атанды. Ал 1996 жылы Уфа қаласында өткен түркі тілдес мемлекеттердің «Туганлық» атты ІІ фестивалінде түбі бір түркі халықтарына ұлттық драматургия арқылы мәдениетімізді танытып, лауреат атанып, үлкен марапатқа ие болды.

Театр үйіне әрбір көрермен өз акустикасын, ал, режиссер өзінің сазын алып келеді деген сөз бар. Халықтың театрға деген махаббаты тек осы екі негізгі мәселелер үйлесім тапқан кезде ғана көрінетін болса керек. Осындай үлкен игі өзгерісті көпшілік Ақмола қаласының – Қазақстан Республикасының астанасы ретінде өзгеруі кезінде айқын сезінді. Өйткені, 1999 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың арнайы шақыруымен театр жетекшілігіне КСРО-ның халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Халық қаһарманы» Әзірбайжан Мәмбетов келген болатын. Осы уақыттан бастап, театрдың тіршілігінде үлкен бетбұрыс басталды. Репертуарлар әлемдік классиктер В.Делмарь, У.Шекспир, А.Чехов шығармаларымен толықты. Көп ұзамай жас театр ұжымына Қазақстанның әртісі Гүлжан Әспетова да келіп қосылды. Бұл күндері театр сахнасында «Құрмет» белгісі орденінің иегерлері мен Жастар сыйлықтарының лауреаттары, Елбасының Құрмет грамоталарын алған өнер қайраткерлері және еңбек сіңірген өнер қайраткерлері қызмет етіп келеді.

  1. Сөйлемдер мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын», келмесе «жалған» деп жауап беріңіз.

Сөйлемдер

Шын

Жалған

  1. Театр негізін қалаған Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері Жақып Омаров болатын

  1. Қазір Астанадағы көшелердің біріне дарынды режиссердің есімі берілмеген.

  1. 1992 жылы театр ұжымы халықаралық фестивальде лауреат атағын алды

  1. Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ-сазды драма театры 1991 жылы құрылған болатын