Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык ТМО 111.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
1 Mб
Скачать
  1. Мәтіннен етістерді теріп жазып, мағыналық түріне қарай ажыратыңыздар.

  1. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып оқыңыздар

Білім берудің.......... деңгейі « Орта білімнен кейінгі білім» енгізіліп отыр. Бұл ......... кәсіптік оқу бағдарламалары гуманитарлық мамандықтар бойынша қызмет көрсететін және басқару еңбегінің кіші мамандарын даярлауға бағытталған.

Әдетте бұл ........ меңгеру 1 - 2 жыл мерзімді құрайды. Оларды ........ қызмет көрсету және басқару еңбегінің кіші маманы біліктілігі беріледі.

Қажетті сөздер: меңгергендерге, жаңа, деңгейдің, бағдарламаларды

  1. Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.

Жоғары білім мен одан кейінгі білім беру жүйесінде де елеулі өзгерістер болды. Бұрынғы заң бойынша жоғары кәсіби білім көп сатылы құрылымға ие болса, енді жоғары білім беру халықаралық үрдістерге сәйкес тек бакалаврлық оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. Бұл базалық білімі бар және еңбек нарығының өзгермелі талаптарына тез бейімделуге қабілетті, кең профильді мамандар даярлауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар жекеленген мамандықтар бойынша (медицина, ветеринария, әскери мамандықтар) дипломдық мамандар даярлау да жүзеге асырылады.

  1. Төмендегі сөйлемдерді тиісті етістіктермен аяқтаңыз.

1. Атырау қаласы «Сарыарқа шағын » ауданында 600 оқушыға арналған орта мектептің іргетасы (қалану)

2. Бұл кешенді құбылысқа республикалық бюджеттен 705,6 миллион теңге (бөлу)

3. Салтанатты түрде басталған жұмыстың алғашқы қазығын қағуға Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев (қатысу)

4. Сонымен қатар министр Х.Досмұхамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің және Атырау политехникалық колледжінің ұжымымен (кездесу)

5. Басқосуда «Білім туралы » Заңның жаңа редакциясы туралы да сөз (болу)

10.Төмендегі етістіктерге ырықсыз етіс жұрнақтарын жалғап, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Келу, оқу, жазу, айту, жасау, көру, тыңдау

1.Төмендегі берілген етістіктерді тиісті орындарға қойыңыздар .

  1. Қоғамды демократияландыруды дамыту шеңберінде білім беруді басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар .........

2. Пәнаралық оқыту мен сабақ беру тәсілі туралы көп айтылып.........

3. Заңда 12 жылдық білімінің құрылымы ................

4. Қолданыстағы заңның мүмкіндіктері жеткіліксіз болып ..................

5. Осы жылдар ішінде біз де .......

6. Қазақстан Республикасының «Білім туралы жаңа Заңы» бәсекеге қабілетті отандық білім беру жүйесін қалыптастыруға .........

Қажетті сөздер: бағытталған, өзгердік, көзделген, келді, анықталды, қалды

2.Төмендегі етістіктерге ортақ етістің жұрнақтарын жалғап, сөйлемдер құраңыздар.

Жазу, айту, қарау, сөйлесу, апару, әкелу, жинау

  1. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.

КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысымен 3 қазан 1957 жылы Ақмола қаласында құрамында агрономия, ауыл шаруашылығын механикаландыру және жерге орналастыру факультеттері бар ауыл шаруашылығы институты ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 1996 жылы 7 мамырда Ақмола ауыл шаруашылығы институты Ақмола аграрлық университеті болып қайта ұйымдастырылып, қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллин есімі берілді.

Қазіргі кезде Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті – Қазақстан астанасының бірінші жоғары оқу орны, Қазақстандағы ең ірі білім және ғылым орталықтарының бірі.

50 жыл ішінде білім ордамыз Қазақстанның, алыс және жақын шет елдердің аграрлық секторларында, халық шаруашылығының түрлі салаларында жемісті еңбек етіп жатқан 45 мыңнан астам мамандар дайындады. Бүгінгі күнде университет түлектері Қазақстан Республикасының және еліміздің астанасы - Астана қаласының құрылысына тікелей ат салысып отыр. Олардың ішінде ерен еңбектері үшін үкіметтік марапаттауларға ие болған Министрлер, Президент аппараты мен Премьер –Министрдің кеңсе қызметкерлері, Парламент депутаттары, облыс, аудан және қала әкімдері, ірі кәсіпорын жетекшілері, Елшілер, көрнекті ғалымдар, үлкен бизнестегі адамдар бар.

Қазіргі кезде университеттің 43 кафедрасында 600-ге жуық оқытушы, соның ішінде 200 ғылым докторлары мен ғылым кандидаттары, оқу-ғылым және тәрбие сапасын үнемі арттыру жолында еңбек етеді.

Университеттің 9 факультетінде 9 мыңға жуық студент оқиды. Оқу 33 мамандық бойынша күндізгі және сырттай оқу нысандарында қазақ және орыс тілдерінде, сонымен қатар арнайы орта және жоғары білім базасында қысқартылған бағдарламалар бойынша жүргізіледі.

-компьютерлік жүйелер және кәсіптік оқыту (кәсіптік оқыту; ақпараттық жүйелер және бағдарламалық қамтамасыз ету)

-агрономия факультеті (агрономия; топырақтану және агрохимия; орман шаруашылық ісі)

-сәулет өнері факультеті (сәулет өнері; дизайн)

-ветеринарлық медицина факультеті (ветеринарлық медицина; ветеринарлық санитария)

- жерге орналастыру факультеті (жерге орналастыру және кадастр)

-технологиялық факультет (зоотехника; аңшылықтану мен аң шаруашылығы; балық шаруашылығы; биотехнология)

-техникалық факультет (агроинженерия; стандарттау, сертификаттау және метрология; көлік, көлік техникасы және технологиялары; техникалық машиналар мен жабдықтар; тасымалдау, жол қозғалысын ұйымдастыру және көлікті пайдалану)

-энергетикалық факультет (радиотехника, электроника және телекоммуникация; электр энергетикасы)

-экономика факультеті (экономика; есеп және аудит; менеджмент; қаржы; маркетинг).

Университетте оқу үрдісін қазіргі заман деңгейінде ұйымдастыруға мүмкіндік беретін 10 оқу ғимараты, жастар орталығы, ақпараттық технологиямен оқыту орталығы, 33 компьютерлік класс, шаруашылық есеп тәжірибеcі стансасы, 7 студенттік жатақхана, оқу -өндірістік шеберхана, 900 мыңдай кітап қоры бар кітапхана, редакциялық баспа бөлімі, оқулықтар, монографиялар, оқу-әдістемелік әдебиеттер, «Ғылым хабаршысы» жорналы мен «Маман» газеті басылып шығарылатын баспахана бар.

Университет 2005 жылы кезекті мемлекеттік аккретитациядан өтті.

Университетіміз 2005 жылдың сәуір айында ISO 9001 : 2000 стандартына сәйкес Сапа менеджменті жүйелерінің сертификатына ие болды.

Университет ұлттық аккредитациялық орталығының рейтингі бойынша Қазақстан республикасының 30 техникалық жоғары оқу орындарының арасынан ІІІ орынға ие болды.

Университеттің қоғамдық кәсіптер факультетінің 7 бөлімі жұмыс істейді. Онда студенттер таңдаған мамандығымен қатар түрлі бағыттағы шығармашылық таланттарын шыңдай алады. Студенттерден құрылған «Рауан» би ансамблі, Халықаралық «Шабыт» байқауының лауреаты, Халықаралық «Азия дауысы» фестивалінің дипломанты. Университеттің «Аграрка сарбаздары» және «Кочевники» атты көңілділер мен тапқырлар командасы республикалық КТК чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, астаналық жоғары оқу орындары арасында өтетін КТК фестивалінің жүлдегері.

Университеттің спорт клубында 18 секция: қазақша күрес, ауыр атлетика, армреслинг, футбол, баскетбол т.б. жұмыс істейді. Баскетболдан ерлер командасы Қазақстан республикасының 2005 жылғы чемпионы, студенттік Универсиада жеңімпазы.

Студенттер сонымен қатар әскери дайындықтан өтіп, мотоатқыштар және әскери автомобиль түрлері бойынша лейтенант атағын алады.

  1. «Менің таңдауым - ҚазАТУ» атты шығарма жазыңыздар.

UpRibbonSharp

  1. Мәтінге қажетті сөздермен, сөз тіркестерімен таңысыңыздар

Тауқымет, белсене қатысады, бастайды, сайланады, жазықсыз жалаға ұшырайды, саяси күрескер, көзге түседі, қызмет етеді, жүзеге асырылады, білікті кадрлар, жақсарту, нығайту, әділетсіз, ұлттық мәдениет, күрделі.

  1. Сәйкестікті көрсетіңіздер

Жұмыс істеу - отправить

Басылып шығару – укрепить

Бітіру - осуществить

Жазу - приходить

Жіберу - выходить

Нығайту - написать

Жүзеге асыру - закончить

Келу - напечатать

Шығу - работать

  1. Мына сөздермен синонимдерін табыңыздар

Жұмыс істеу, қиыншылық, дамыту, қайтыс болу

  1. Мәтінді оқыңыздар