Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык ТМО 111.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
1 Mб
Скачать
  1. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер

  1. Мінез-құлық әдептерін атаңыз.

  2. Жүріс-тұрыс әдептерін атаңыз.

  3. Қатынас әдептерін атаңыз.

  4. Қазіргі заманда мәдениетті адам қандай болуы керек?

  1. Мәтіннен сапалық сын есімдерді бір қатарға, қатыстық сын есімдерді бір қатарға теріп жазыңдар

  1. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді есімдерді қойыңыздар.

Адамгершілік ой пікірлер ертедегі Шығыс ... Әл-Фараби, Әл-Беруни, Ибн Сина, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари жазбаларында орын алып, Абай, Шоқан, Ыбырай сияқты ... еңбектерінде көрініс тапқан. Олар ... ұрпақты әдептілікке тәрбиелеуде отбасы, ата-ана, туған-туыс, жора-жолдастар, туған жер, өскен орта әсері туралы бағалы пікірлер айтқан.

Қажетті сөздер: даналардың, ойшылдары, жас

  1. Шашылған сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

  1. Амандасуы, адамдар, достығын, ниетін, білдірген, ізгі, осылай, арқылы, бір-біріне.

  2. Халқының, сыйластық, құрметпен, қазақ, тәрбиесіндегі, ерекшелік, адамның, бір атау, аты, жөніне, қарау

  3. Тәрбиесі, негізгі, табылады, бірі, болып, этнопедагогикада, әдептілік, тәрбиеленің

  1. Сөйлемдерді оқыңыз, ол мәтінің мазмұнына сәйкес келсе «шын», келмесе «жалған» деп белгілеңіз.

Сөйлемдер

Шын

Жалған

  1. Әдептілік тәрбиесі этнопедагогикада негізгі тәрбиенің бірі болып табылады.

  1. Қайшылығы мен қасіреті асқынып тұрған қазіргі кезеңде бұл айрықша мәселе емес

  1. Қазақ халқының тәрбиесіндегі бір сыйластық ерекшелік адамның аты-жөнін құрметпен атамау

  1. Қазақ халқы ер бала мен қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген

  1. Мақалдардың оқып, мағынасын түсіндіріңіздер.

Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.

Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың.

Шеше тұрып қыз сөйлегеннен, әке тұрып ұл сөйлегеннен без

Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін.

Ақылды кісі байқап сөйлер, ақылсыз кісі шайқап сөйлер. Жылы –жылы сөйлесең, жылан да інінен шығады.

11. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз

Жұмысқа орналасу үшін психологиялық дайындық

Барлық өзіңіз өткен тәжірибеңізді еске алыңыз: емтиханды қалай тапсырдыңыз, бастықпен қалай сөйлестіңіз, табысқа жету үшін не істедіңіз. Жауабыңыз өзіңізді таң қалдыруы мүмкін. Мүмкін сол кезде сіз жай ғана ұйқыңыз қанып келгенсіз немесе өзіңізге сыртқы келбетіңіз ұнап келді, ал мүмкін оның қарсаңында сүйікті адамыңызбен кездескен едіңіз... Бір сөзбен айтқанда, көңіліңізді көтеріп, өзіңізге сенімділік беретін кез келген нәрсені пайдалануға болады. Бір мамандар ешқашан табысқа күмәнданбаңыз дейді , басқалар – болатын сәтсіздікке алдын ала дайын болыңыз дейді. Сондықтан мына қағида бойынша әрекеттер жасаңыз: «Жақсылыққа сен, жамандыққа дайын бол». Сонда әңгіме аяқталғаннан кейін: «Барлығы мен сенгендей жақсы болған жоқ, бірақ мен қорыққандай жаман болған жоқ» деп, өзіңізге айта аласыз. Ерекше мән сіздің көңіл-күйіңізде болады. Зерттеулер «құлап қалудың» 97 пайызы әңгіме жүргізу кезінде жіберілген қателеріңізге, лайықты лауазымға өзіңіздің сай екендігіңізге күмән келтіретін ішкі сеніміңізге байланысты екенін және тек қана 3 пайызы сізді ұнатпаған, сізді жұмысқа алатын басшысының еншісіне тиеді. Соңғы жағдайда сізді жұмысқа орналастыруға жоғарыдан ешкім тақақтамағандығына қуануға болады, сіз билік ұстап отырған адамның тарапындағы жеккөрушілік көзқарасынан босатылдыңыз.

Ал алғашқы 97 пайызды неліктен біз көбейтеміз? Өзіміздің нақты, ойдан шығармаған «плюстарымыз» бен тәуір лауазымдарда отырып жатқан адамдардың «минустарын» біле отырып, неге біз өзімізге сенбейміз?