Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык ТМО 111.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
1 Mб
Скачать
  1. Мәтінді оқып, өз ойларыңызбен толықтырыңыздар.

Кейбір адамдар табиғатынан баурап алу қасиетіне ие болып туады. Бірақ сыртқы сұлулықты орынды пайдалана білу керек. Сондықтан саясаткерлер үшін өздерінің сырт көрінісі тек жеке мәселе болудан қалған, олар көбіне арнайы мамандардың көмегіне сүйенеді.

Мысалы, Г.Г.Почепцовтың «Как становятся президентами» атты кітабында мемлекеттің бірінші тұлғаларының имиджі оның сайлау компаниясына қалай әсер ететіндігіне талдау жасалған. АҚШ-та 1960 жылы өткен классикалық болып есептелетін сайлауда Никсонның Кеннедиден жеңілуіне әсер еткен басты себеп – бұл Никсонның сырт көрінісі болатын. Г.Г.Почепцов былай дейді: «Никсон көпшіліктің алдына сырқаттан кейін шықты, сондықтан қозғалуы да тым ауыр еді. Ол аурудың салдарынан арықтаған және оның мойны көйлегінен әлдеқайда ұзарып тұрғандықтан, киімінің өзіне үлкен екендігі көрініп тұрды. Ал Кеннеди студияда қызметкерлердің нұсқауы бойынша түсі шағылысып тұрған көйлегін ауыстырып үлгерді.

Бағдарлама барысында Никсон сұрақтардан терлеп кеткен кісіні елестетті. Нәтижесінде Никсон жеңіліске ұшырайды». Сырт көзге тартымды адам сенімділік туғызады. Егер сіз біреуді өз жағыңызға тартқыңыз келсе, онда сол адаммен кездесуге мұқият дайындалыңыз: таңдап алынған киім артықшылығыңызды көрсетіп, кемшілігіңізді жасыратын болсын. Есіңізде болсын, өзіңіздің жұмысқа арналған киім-кешегіңізге ерекше зейін қойыңыз.

Жаңа жұмыс орнына қабылдану мақсатында ұйымдастырылған әңгімелесуге киетін киіміңізге асқан ұқыптылықпен қараңыз. Өйткені, сіздің бұрынғы киіміңіз жаңа тұрмыс орнының талабына, талғамына сай келмеуі мүмкін. Жаңа жұмыс орныңызға орай киінуге тырысыңыз.

2. Мәтіннен сапалық сын есімдерді бір қатарға, қатыстық сын есімдерді бір қатарға теріп жазыңдар

3.Досыңыздың жақсы қасиеттерін, сырт келбеті, мінез-құлқы туралы жазып келіңіздер.

Е сте сақтаңыз! Мақал-мәтелдерде сын есімдер болса, табыңыз.

Әдептен аттаған қылға сүрінер.

Ақпейіл болсаң ас жерсің, тәкәппар болсаң тас жерсің.

Кең болса – кем болмас.

Елгезектің қарны тоқ.

Есер жігіт сәнқой келеді.

Жуастан жуан шығады.

UpRibbonSharp

  1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестері

Серуен, бейне таспа, саяжай, саңырауқұлақ, жидек, шатыр, тоғай, серуенге шығу, демалыс, от жағу, тамақ пісіру, түнеу, жаяу оралу, жүзу, таза ауа, саябақ

  1. Сәйкестікті табыңыздар

Серуен - вечер

Саябақ – палатка

Саяжай – завтрак

Таңертеңгі ас - дача

Кешкі ас – парк

Түскі ас - прогулка

Шатыр – искать

Кеш – обед

Түнеу – искать

Іздеу – ночевать

  1. Мәтінді оқыңыздар

Менің бос уақытым

Мен университетке аптасына алты күн барамын, сондықтан менде тек бір күн ғана демалыс – жексенбі . Жексенбі күні басқа күндерге қарағанда кешірек тұрамын. Қыста мен таңертеңгі астан соң шаңғы тебуге кетемін. Мен шаңғыны үйімнің жанындағы саябақта тебемін. Мен серуеннен түскі асқа бір ақ ораламын. Түскі астан кейін дем аламын.

Күнде кешке жолдастарыммен кездесіп тұрамын. Біз музыка тыңдаймыз немесе бейне таспа көреміз.

Көктем мен жазда мен демалысымды таза ауада өткіземін. Сенбі күні кешке мен ата-ана тұратын саяжайға кетемін. Онда үйдің жанында өзен бар, мен сонда жүземін. Өзеннің қос жағалауында тоғай бар, мен сонда барып саңырауқұлақ жидек теремін. Егер көшеде жауын жауып тұрса, мен үйден шықпай, кітап оқып, теледидар қараймын.

Күздің басында мен мектептес жолдастарыммен серуенге шығармын. Біз күндіз сенбі күні кетіп, жексенбінің кешінде ораламыз. Біз орманда от жағуды, тамақ пісіруді үйренеміз, орманнан су іздейміз. Біз шатырда түнейміз, келесі күні үйге жаяу ораламыз.

  1. Мәтін бойынша 5 сұрақ қойыңыздар

  1. Мәтіннен есептік сан есімдерді теріп жазыңыздар .

  1. Шашылған сөздерден сөйлемдер құрастырыңыздар

1. Кешірек, жексенбі, басқа , қарағанда , тұрамын, күні, күндерге

2. Саябақта , тебемін, мен, жанындағы, үйімнің, шаңғыны

3. Ауада , таза, көктем, мен демалысымды, өткіземін, жазда

4 . Кетемін, қыста, таңертеңгі , мен, астан, тебуге, соң, шаңғы

5. Кешке, тұрамын, кездесіп, күнде, жолдастарыммен

6. Таспа, немесе, біз, тыңдаймыз, музыка бейне, көреміз.

  1. Мына есептік сан есімдерден реттік сан есімдер жасаңыздар

Мың , тоқсан, жиырма , тоғыз, үш, бес жүз алпыс, төрт жүз алпыс үш, бес жүз он, қырық үш, бір мың тоғыз жүз алпыс бес , бір мың тоғыз жүз сексен төрт, бір мың тоғыз жүз тоқсан , алпыс алты , жетпіс сегіз , елу бір , сексен тоғыз

  1. Мына сан есімдерді сөзбен жазыңыздар.

12,23, 25,42,87, 123,256, 423, 785, 4214, 2654, 34567, 123987, 123456789, 123564,875326, 5467891, 47563123

  1. Бөлшектік сан есімдерді сөзбен жазыңыздар.

2,5; 3,2; 5,1; 10,2; 6, 3;5,15; 4,75; 6,11; 40,55; 25,456; 12,752;52,125

  1. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер

1.Сіз демалуды ұнатасыз ба?

2. Демалыс күні қашан тұрасыз?

3. Қалай демалғанды жақсы көресіз?

4. Спорттың қай түрімен шұғылданасыз?

5. Үй ішінде қандай жұмыстармен айналысасыз?

6. Қонаққа барғанда жақсы көресіз бе?

7. Өткен демалысты қалай өткіздіңіз ?

  1. Сұхбатты толықтырыңыз

1. ------------------------------------

2. Мен демалуды ұнатамын.

3. Сен демалуды ұнатасың ба?

4. --------------------------------------

5. --------------------------------------

6. Мен табиғатта демалғанды жақсы көремін.

  1. Досыңыздың бос уақытын қалай өткізетінін сұрап, сұхбат құрастырыңыз.

  1. Төмендегі есепті оқыңыздар

15+15--30 39-15= 24 22*2=44

15+20=35 45-5= 40 10*3=30

72+14=86 56-28=28 3*11= 33

17+18= 35 28-8= 20 5*4=20

100/5= 20

80/10 =8

120/5=20

36/6=6

2. Мына сандардан жинақтау сан есімдерін жасаңыздар

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7

3. «Менің бос уақытым» тақырыбында шағын әңгіме жазыңыздар

UpRibbonSharp

  1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерімен танысыңыздар.

Жаһандық жылыну, хаттама, жанар-жағармай, табиғи ауытқушылық, шай алқаптары, мұхит мұзтаулар, егіншілік, қоршаған орта, денсаулық, құрғақшылық, адамзат, келіссөз, жеделдете түсу, келеңсіз жер ету, климаттың өзгеруі, әлеуметтік.

  1. Сөйлемдерді қажетті сөздермен толықтырыңыздар.

Арал апаты – Арал теңізінің тартылуына байланысты адамдарға ...... өсімдіктер мен ..... келген экологиялық, әлеуметтік-экономикалық үлкен апат. Ауаның ылғалдығы жаз, күз айларында 9% -ға дейін азайып, жазы құрғақ та ыстық(шілдеде 45 градусқа дейін), қысы суық (47 градусқа шейін) болатын .... көбейді. Жеке өнеркәсіп орындарында пайдаланылған ... Арал теңізіне құйылып теңіз түбіне 1млрд. тоннадан астам улы шөгінділерді әкелді. Сөйтіп, су тұздылығының артуы ... су түбіне шөккен тұз шөгінділері пайда болды.

Қажетті сөздер: нәтижесінде, табиғатқа, жан-жануарлар дүниесіне, жылдар мен күндер, сулар