Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KIRISPE.doc
Скачиваний:
219
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
3.14 Mб
Скачать

Инспираторлар

1.Дорсальды тісше инспиратор (m. serratus dorsalis inspiratorius) көкірек керегесінің алдыңғы жоғарғы жағында орналасады. Дорсальды тісше инспираторды сыртынан ромб тәрізді бүлшық ет, тісше вентральды және арқаның тым үзын бүлшық еттері жауып түрады. Дорсальды тісше инспиратор пішіні гістерге үқсаған бірнеше жалпақ келген ет таспаларынан қүралады. Олар қабырға- лардың омыртқалық үштарының алдыңғы жиектерінен басталып, алдыңғы көкірек омыртқалардың жоталық өсінділерінде аяқталады.

Ерекшеліктері. Жылқыда бүлшық еттің тісше таспаларының саны 7-8. Бүлшық ет тісшелері 5 -інші қабырға мен 11-12 -інші қабырғалар аралығында орналасады. Сиырда бүлшық ет 4-6 тісше таспалардан түрады. Олар 5 -інші қабырға мен 9 -ыншы қабырғалар аралығында орналасады. Қой мен ешкі бүлшық еттерінде 3 тісше таспа, төртінші және алтыншы қабырғалар аралығында; шошқа бүлшық еттерінде 4-5 тісше таспа, бесінші және сегізінші қабырғалар аралығында; ит бүлшық етінде 8 тісше тасиа, екінші және тоғызыншы-қабырғалар аралығында орналасады.

Қызметі. Бүлшық ет тісше таспалары қабырғаларды сыртқа, жоғары және алға тартып, қабырғаларды бір-бірінен ажыратадьу да, көкірек қуысын кеңейтеді.

2.Қабырғаны көтергіш бүлшық еттер (m.m. levatores costarum) қабырғалардың омырткдлық үштарының алдыңғы жиектерінен бас- талып, алдыңғы омыртқалардың көлденең өсінділерінде аяқгалады.

Қызметі. Бүлшық еттер қабырғалардың жоғарғы үштарын көтеріп, көкірек қуысының кеңеюіне көмектеседі.

3.Сыртқы қабырғааралық бүлшық еттер (m.m. intercostales externi) қабырғалардың алдыңғы жиектерінен басталып, алдыңғы қабырғалардың артқы жиектерінде аяқталады.

Қьвметі. Кейінгі қабырғаларды алдыңғы қабырғаларға қарай сыртқа тартып, оларды бір-бірінен ажыратып, көкірек қуысын кеңейтуге қатысады.

4.Баспалдақты бүлшық еттер (m.m. scaleni) орналасу орындарына байланысты дорсальды, ортаңғы және вентральды бүлшық еттер болып бөлінеді. Бүлар қабырғалардың сыртқы беттерінен басталып, мойын омыртқалардың көлденең өсінділерінде аяқталады.

Дорсальды баспалдақты бүлшық ет (m. scalenus dorsalis) вентральды тісше бүлшық еттен төменірек, қабырғаға көлденең орналасады. Жануарлардың түрлеріне байланысты ол қабырғалардың сыртқы беттерінен түрліше басталып, 6 -ыншы мойын омыртқадан 3 -інші мойын омыртқаларға дейінгі, олардың көлденең өсінділерінде аяқталады.

Ортаңғы баспалдакгы бүлшық ет (m. scalenus medius ) бірінші қабырғадан басталып, алтыншы және төртінші мойын омыртқалардың көлденең өсінділерінде аяқталады.

Вентральды баспалдақгы бүлшық ет (m. scalenus ventralis) сиыр мен үсақ малдарда және итте кездеседі.

Ерекшеліктері. Жылқыда баспалдакты бүлшық еттердің тек ортаңғы бүлшықеті ғана болады. Ол бірінші қабырғаның арнаулы төмпегінде аяқталады. Сиыр мен ұсақ малдарда ортаңғы баспалдақты бүлшық ет 3 -інші мойын омыртқаның көлденең өсіндісіне бекиді. Дорсальды баспалдақты бүлшық ет екінші және төртінші қабырғалардың сыртқы жағынан басталады.

Шошқада дорсальды баспалдақты бүлшық ет 3 -інші қабырғадан, ал итте екі сіңірлі үшы арқылы үшінші және сегізінші қабырғалардан басталады. Вентральды баспалдақты бүлшық ет сиыр мен үсақ малдарда 1 -інші қабырғадан басталып, 3 -інші мойын омыртқаның көлденең өсіндісінде аяқгалады. Итте аталған бүлшық ет 8 -інші қабырға мен 6 -ыншы мойын омыртқаның көлденең өсіндісі аралығында жатады.

Қызметі. Баспалдақты бүлшық еттер қабырғаларды сыртқа қарай тартып ажыратып, көкірек қуысын кеңейтеді.

5.Көкіректің тік бүлшық еті (m. rectus thoracis) екінші және

төртінші қабырғалар шеміршектерінен басталып, 1 -ші қабырғада аяқталады.

Ерекшеліктері. Күйіс қайтаратын жануарларда бүлшық ет сіңірі 5-інші қабырға шеміршегіне дейін жетеді.

Қызметі. Көкіректің тік бүлшық еті қабырғалар шеміршектерін алға және сыртқа қарай тартып, оларды бір-бірінен ажыратып, көкірек қуысын кеңейтуге көмектеседі.

6.Көкет, диафрагма (diaphragma) көкірек қуысын қүрсақ қуысынан бөліп түратын, пішіні күмбез тәрізді жалпак бүлшық ет. Оның ортасыыдағы күмбез тәрізді сіңірлі төбесі көкірек қуысына бағытталған. Шеткі бүлшық еттік бөлігі бекитін орындарына байланысты бел, қабырға жөне төс бөлімдеріне бөлінеді. Бел бөлімінің бүлшық еттік үштары оң және сол бүлшық ет аяқшалары түрінде бел омыртқаларында аяқталады. Диафрагма қабырға

бөлімінің бүлшық еттік үшы 8 -інші қабырға шеміршегін бойлай қабырғалардың іпгкі бетінде аяқталады. Ал төс бөлімінің бүлшық еттік үшы төссүйектің семсерше өсіндісінде аяқталады. Көкеттің бүлшық еттік бөлімдері жиырылғанда, диафрагма қүрсақ қуысына қарай күшті тартылып, көкірек қуысын қүрсақ қуысына қарай кеңейтеді.

Ерекшеліктері. Көкеттің қабырғалық бөлімі жылқыда соңғы үш қабырғаға, сиыр мен шошқада соңғы төрт қабырғаға, қой мен ешкіде соңғы бес қабырғаға, итте соңғьі қабырғаға бекиді.

Қызметі. Көкет — ең күшті инспиратор.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]