Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KIRISPE.doc
Скачиваний:
219
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
3.14 Mб
Скачать

1)Орталықгардан,

2)түйіналды (преганглионды) жүйке талшықгарьшан (миелинді),

3)жүйке түйіндерінен (ганглийлерден),

4)түйінсоңы (постганглионды) жүйке талшықгарынан (миелинсіз) түрады.

Симпатикалықжүйке жүйесінің орталығы жүлынның сүр затында, оның көкірек-бел сегменттерінің латеральды мүйіздерінде біртүтас орналасады. Ол мультиполярлы нейроциттерден қүралған. Нейро- циттер аксондары миелинді жүйке талшықгарын түзіп, вентральды жүлын түбіршіктері құрамында омыртқа бағаны өзегінен шығады да, ақ байланыстырғыш тармақгар ретінде жүлын жүйкелерінен бөлі- ніп, симпатикалық жүйке түйіндеріне (ганглийлерге) бағытталады. Бүларды түйіналды (преганглионды) миелинді жүйке талшықтары — деп атайды. Аталған жүйке талшықтары симпатикалық жүйке түйіндеріндегі мультиполярлы вегетативтік нейроциттерде синапс аркылы аяқталады.

Симпатикалық жүйке жүйесінің ганглийлері жүп омыртқамаңы ганглийлері және тақ омыртқаалды ганглийлері болып екі топқа бөлінеді. Омырткдмаңы ганглийлері әр бір омыртқа денесінің оң және сол жағында орналасады. Омыртқалардың оң жағындағылары бір- бірімен өзара преганглионды миелинді жүйке талшықтарымен байланысып, оң симпатикалық баған (truncus sympaticus dexter), ал сол жағындағылары сол симпатикалық баған (truncus sympaticus sin­ister) түзеді. Жүп симпатикалық баған орналасу орындарына байланысты: мойын, көкірек, бел, қүйымшақ және қүйрық бөлік- терге бөлінеді. Мойын бөлігін үш: алдыңғы, ортаңғы (жылқада бол- майды) және артқы жүйке ганглийлері қүрайды. Қалған бөліктердегі ганглийлер саны омыртқалар санына сәйкес келеді. Тек, бірінші көкірек ганглийі артқы мойын ганглийімен қосьшып, “жұлдызша” ганглийді түзеді. Жүлдызша ганглийдің түйінсоңы жүйке талшықтары көкірек қуысындағы мүшелердің тамырларын жүйкелендіреді және мойын жүлын жүйкелері мен ми жүйкелерін сүр миелинсіз жүйке

талшықгарымен кдмтамасыз ететін омырткдлықжүйкені (n. vertebralis) құрайды. Oji артқы мойын ганглийінен аддыңғы мойын ганглийіне бағыіталып, әрбір мойын жұлын және ми жүйкелеріне симпатикалық імиелинсіз жүйке талшықгарын бөледі.

Ганглийлер нейроциттерінің аксондары жүйке түйіндерінен түйінсоңы (постганглионды) миелинсіз жүйке талшықгары түрінде бөлініп, сүр байланыстырғыш тармақгар ретінде жүлын жүйкелеріне кері қосылады да, жүйкелер күрамында тірек-қимыл аппараты мен тері жабыны мүшелеріне барып, солардың кан және лимфа тамырларын жүйкелендіреді. А-і жүлын жүйкелерінің сомалық жүйке талшықгары бүлшықеттерді, сүйектерді, буындарды, тері жабынын жүйкелендіреді.

Омырткдалды ганглийлер қүрсақ қолқасының ірі артериялары маңында орналасады. Оларға жартыайшықіы (екі іш және алдыңғы шажырқай ганглийлерінен түрады) ганглийлер жөне apnq>i шажыркдй ганглийлері жатады. Жартыайшықты ганглий іш және алдыңғы шажыркдй артерияларының күрсақ қолқасынан ажырайтын түсында, ал артқы шажырқай ганглийі аттас артерия маңында орналасады. Жүлыннан омырткаалды ганглийлерге бағытталған түйіналды миелинді жүйке талшықгары үлкен іш жүйкелерін (n. splanchnicus major) және кіші іш жүйкелерін (n. splanchnicus minor) түзеді. Жартыайшықгы ганглий нейроцитгерінің аксондары сүр миелинсіз түйінсоңы жүйке талшықгары ретінде кезеген жүйке талшықгарымен бірге күрсақкуысындағы барлық ішкі мүшелерге күн сәулесі тәрізді таралып, осы мүшелердің кдн және лимфа тамырларын жүйкелендіреді. Сондықтан, жартыайшықты ганглийді “күидік өрімнің” орталығы деп санайды. Артқы шажырқай ганглийінің сүр миелинсіз түйінсоңы жүйке талшықгары жамбас қуысындағы ішкі мүшелердің тамырларын жүйкелендіреді.

Симпатикалық жұйке жүйесі бойынша бақылау сұрақгары:

  1. Вегетативті жүйке жүйесі сомалықжүйке жүйосімен салыстырғанда қандай ерекшеліктермен сипатталады?

  2. Вегетативті жүйке жүйесі қандай бөлімдерге бөлінеді?

  3. Симпатикалық жүйке жүйесінің өзіндік орталығы кдй жерде орналасады?

  4. Симпатикалық жүйке жүйесінің қандай ганглийлерін білесіз?

  5. Омырткзмаңы ганглийлерінің бөлімдеріне, ақ жөне сүр байланыстырғыш тармақтарына сигіаттама беріп, олардың жүйкелендіру аумақтарын атаңыз.

  6. Омыртқаалды ганглийлеріне, олардыц жүйкелендіру аумактарына сипаттама беріңіз.

  7. Такырып мәтініндегі қазақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алып, оларды жаттаңыз.

ПАРАСИМПАТИКАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ

Парасимпагикалық жүйкс жүйесінің орталықгары симпатикалық жүйке жүйесінің орталығы төрізді орталықжүйке жүйесі мүшелерінде біртүтас орналасады. Жүйке жүйесінің бүл болімінде барлығы алты өзіндік орталық болады. Олар ортаңғы мида, сопақша мида және

жұлынның құйымшақ бөлімінің сегменттері сұр затының латеральды мүйіздерінде орналасады.

Ортаңғы ми орталығы көз-қимыл жүйкесінің парасимпатикалық ядросында (nuclei parasympathici n. oculomotorii), ортаңғы мидың алдыцғы төмпешіктер аймағында жатады. Аталған орталықтың нейроциттері аксондарынан түзілетін түйіналды миелинді жүйке талшықгары көзқимыл жүйкесі қүрамында мидан шығып, осы жүйке бойында жаткдн кірпікті ганглий (ganglion ciliare) нейроциттерінде синапспен аяқгалады. Аталған ганглий нейроциттерінің түйінсоңы миелинсіз жүйке талшықгары кірпік жүйкелері (nn. ciliares) — деп аталып, көз алмасындағы кірпікті дене және қарашықгың ідысқыш бұлшық еттерін жүйкелендіреді де, көз кдрашығын тарылтады. Ал алдыңғы мойын ганглийінен келетін симпатикалық түйінсоңы миелинсіз жүйке талшықгары көз қарашығын кеңейтеді.

Сопақша мида төрт орталық болады. Олар:

1.Көзжасын бөлу орталығының (nucleus lacrimalis) түйіналды жүйке талшықтары бет жүйкесі қүрамында мидан шығып, одан бөлінеді де, сына-таңдай шүңкырында жатқан қанат-тандай ганглийі (ganglion pterygo-palatinum) нейроциттерінде аяқгалады. Ганглийден шығатын түйінсоңы жүйке талшықтары көзжасы безін, тандай мен мұрын куысы кілегейлі қабықгары бездерін жүйкелендіреді.

2.Алдыңғы сілекей бөлу орталығының (nucleus salvatorius rostralis) түйіналды жүйке талшықтары да, бет жүйкесі қүрамында мидан шығып, төменгі жақганглийі (ganglion mandibulare) нейроциттерінде аяқталады. Ганглий нейроциттерінің аксондарынан түзілетін түйінсоңы жүйке талшықтары төменгі жақ және тіласты сілекей бездерін жүйкелендіреді.

3.Артқы сілекей бөлу орталығының (nucleus salvatorius caudalis) түйіналды жүйке талшықтары тілжүтқыншақ жүйкесі қүрамында мидан шығып, жырымдалған тесік маңындағы қүлақгық ганглий (ganglion oticum) нейроциттерінде аяқталады. Бүл нейроциттердің түйінсоңы жүйке талшықгары қүлақтүбі, үрт және ерін сілекей бездерін жүйкелендіреді.

4.1штік орталығыньщ (nucleus parasympathicus n. vagi) түйіналды миелинді жүйке талшықгары сомалықжүйке талшықгарымен бірігіп, кезеген жүйкені қүрайды. Кезеген жүйке сопақша мидан бөлінгеннен соң, мойын аумағында симпатикалық бағанның мойын бөлігімен бірігіп, кезеген-симпатикалық бағанын (truncus vago-sympaticus) түзеді. Көкірек қуысына кіреберісте кезеген жүйке симпатикалық бағаннан ажырайды да, көмекей мен жұтқыншақгы жүйкелендіретін сомалық қайтарма жүйкені бөліп, қүрсақ қуысына енеді. Көкірек қуысындағы мүшелерді (жүрек, өкпе т.б.) жүйкелендіретін тармақгарды беріп, кезеген жүйке қүрсақ куысына кіріп, жартыайшықгы ганглийге (gan­glion semilunare) жетеді де, одан симпатикалық жүйке талшықгарымен бірге күрсақ куысындағы барлық ішкі мүшелерге жан-жақкд таралып, “күндік өрімді” кұрайды. Кезеген жүйкенің түйіналды миелинді жүйке талшықгяры ішкі мүШелер қабырғаларындағы микроскоппен ғана көрінетін тым майда жүйке түйіншелері немесе тораптары нейроциттерінде синапспен аяқгалады. Олардың қыска аксондарынан

тұзілген түйінсоңы миелинсіз жүйке талшықтары өздері кдбырғаларында орналаскдн ішкі мүшелердің етті қабықтары мен кдбаттарын және бездерін жүйкелендіреді.

Қүйымшақ орталықтары (nuclei parasympathici sacrales) нейроциттерінің түйіналды миелинді жүйке талшықтары жүлын жүйкелерінің вентральды түбіршіктері күрамында шығып, жұлын жүйкелерінен бөлінеді де, өзара бірігіп, жамбас жүйкелерін (nn. pelvini) күрайды. Бүл жүйкелер жамбас куысында жатқан ішкі мүшелер қабырғаларына еніп, оларда орналасқан микроскопиялық жүйке тораптары нейроциггерінде аяқгалады. Нейроциттер аксондарынан түзілген қысқа түйінсоңы миелинсіз жүйке талшықгары өздері орналаскэн ішкі мүшелердің епі кэбықгары мен бездерін жүйкелендіреді.

Ішкі мүшелер кдбырғаларында орналасқаи (интрамуральды) жүйке тораптарының гистологиялық күрылысы. Интрамуральды жүйке тораптары сыртынан 2-3 қабат коллаген талшықтары мен олардың аралықтарындағы торшалардан қүралған қапшықпен қапталған. Жүйке торабында күрылысына байланысты нейродиттердің (Догель нейроциттері) үш түрі ажыратылады. Олар: 1-түрі — үзын аксонды эфферентті (қозғалтқыш) нейроциттер. Бүлардың тармақталған көптеген қысқа дендриттері және бір үзын аксоны болады.

2-түрі — біркелкі өсінділі афферентті (сезімтал) нейроциттер. Нейроциттер өсінділерінің барлығы қүрылысы жағынан бірдей және тармақгалмаған. Сондықтан, бүлардың өсінділерінің қайсысы дендрит, қайсысы аксон екенін ажырату қиын. Нейроциттердің 2 - түрінің аксондары, нейроциттердің 1 - түрінің дендриттерінде синапс арқылы аяқталатыны тәжірибе жүзінде анықталған. Осыған орай, оларды сезімтал нейроциттер дейді.

3-түрі — байланыстырғыш (ассоциативті) нейроциттер.

Синапстық (синапсалды, синапссоңы төмпешіктеріндегі) көпір-

шіктердің мөлшеріне сәйкес, нейроциттердің 1 - түрінде: қоздыр- ғыш холинергиялық (диаметрі 40-60 нм) және тежегіш адренер- гиялық (диаметрі 30-50 нм) синапстардың болатындығы анықгалды. Ішек қабырғаларындағы жүйке тораптарының қүрамында тежегіш пуринергиялық (диаметрі 100 нм) нейроциттер кездеседі. Олар өздерінен ішектер қабырғаларындағы перистальтикалық рефлекстің тежелуін қамтамасыз ететін пурин қосындыларын бөледі.

Парасимпатикалық жүйке жүйесі бойынша бақмлау сұрақтары:

  1. Парасимпатикалықжүйке жүйесі орталықтарының орналасу ерекшеліктеріне тоқталыңыз.

  2. Парасимпатикалықжүйке жүйесінің қандай орталықгарын білесіз, олар кайда орналасқан?

  3. Ортаңғы ми орталығы, оның жүйкедендіру аумақтары.

  4. Көзжасын бөлу орталығы, оның жүйкелендіру аумақтары.

  5. Алдыңғы сілекей белу орталығы, оның жүйкелендіру аумақтары.

  6. Артқы сілекей бөлу орталығы, оның жүйкелендіру аумақтары.

  7. 7-Іштік орталық, оның жүйкелендіру аумақтары.

  8. Қүйымшак, орталыгы, оның жүйкелендіру аумақтары.

  9. Тақырып мәтініндегі қазақша-латынша терминдерді.сөздікке көшіріп алып, оларды жаттаңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]