Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KIRISPE.doc
Скачиваний:
219
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
3.14 Mб
Скачать

Тері бездері (glandulae cutis)

Үй жануарларының тері бездеріне май, тер және сүт бездері жатады.

Май бездері (glandulae sebaceae) терінің емізікше қабатында орналасады. Ол қүрылысы қарапайым көпіршікше (альвеолалы) бездерге жатады. Бездің секрет бөлетін соңғы бөлімін көпқабатты безді эпителий қүрайды. Без өзегі түк қынабы қуысына ашылады. Май бездері қоршаған борпылдақдәнекер үлпасынан негіздік жарғақ арқылы бөлінген. Безді торшалар — гландулоциттерге сөл бөлу үшін қажетті заттар борпылдақ дәнекер үлпасындағы қан тамырларымен келеді. Бездің шеткі жағында бөліну арқылы көбейіп жатқан жас торшалар орналасады. Без ортасындағы ірі гландулоциттерде торша ядросы болмайды. Олардың цитоплазмалары қоймалжың майлы секретке толып, үлкейіп жарылады (голокринді бөліну) да, майлы секретке айналады. Май безінің секреті тері майы (sebum) — эпидермис пен тері түктерін майлайды. Май бездері емшектің терісінде, жануарлар қаңсарының терілерінде, майтабанда, түяқпен мүйізде болмайды.

Тер бездері (glandulae sudoriferae) қүрылысы қарапайым түтікше бездерге жатады. Бездің қабырғасын бірқабатты текше (куб) тәрізді безді эпителий қүрайды. Секрет бөлу кезінде гландулоциттер не жартылай бүзылып, олардың сөлге толған апикальды (қуысы жа- ғындағы бос үшы) үшы үзіліп, тер тамшысына айналады (апокринді бөліну), не олардың бүтіндігі бүзылмай, тер тамшылары сүзіліп шығады (мерокринді бөліну). Безді сыртынан бір қабатта орна-

ласқан, пішіні себетке үқсас миоэпителий торшалары қаптап жа- тады. Без көпіршігінің (альвеоласының) куысы терге толған кезде, миоэпителиоциттер рефЛекторлы түрде жиырылып сығып, жинал- ған тердің тер безінің өзегі арқылы сыртқа шығуын қамтамасыз етеді. Терді бөлуге керекті заттар без сыртындағы борпылдақ дәнекер үлпасындағы қан тамырлары арқылы жеткізіледі. Түкті теріде бездің шығару өзегі түк қынабына, ал түксіз теріде ол тікелей терінің сыртқы бетіне ашылады. Тер безінің секреті тер арқылы денеден артық су, түздар, дәрі-дәрмектер, белоктық алмасудың ыдырау өнімдері несепнәр (мочевина), несеп қышқылдары т.б. организмге керексіз заттар шығарылады. Сонымен қатар, ол тері түктері мен эпидермисті сулап ылғалдандырып, оларды кеуігі қалудан сақтайды. Тер бездері дене қызуын реттеуге де қатысады.

Сүт безі (glandulae lactiferae) желін (uber) сүтқоректілер сыныбына (класына) жататын жауарларға тән тері туындысы. Желін әр түрлі жануарларда түрлі деңгейде дамиды. Ол іштөлінде төс пен құрсақтың төменгі бетіндегі теріде, алдыңғы және артқы аякдар аралығында бірнеше жүп төбешік ретінде эпидермистен қалып- тасады. Бездің стромасы мезенхимадан дамиды. Жануарлардың

түрлеріне байланысты төбешіктер әр түрлі дәрежеде дамып жетіледі. Сиырда төрт бөлімді, төрт емшекті; биеде төрт бөлімді, екі емшекті; қой мен ешкіде екі бөлімді, екі емшекті; шошқа мен итте көп бөлімді желін болып тері қабаттарынан қалыптасады. Сүт безі күрылысы жағынан күрделі көпіршікшеүтікше бездерге жатады. Ол паренхималы мүше ретінде екі бөлімнен: паренхимадан және стромадан қүралады. Паренхиманы сүт безінің безді бөлігі, ал строманы паренхима бөлікшелері аралықтарындағы қан, лимфа тамырлары мен жүйкелерге бай борпылдақдәнекер үлпасы қүрайды.

Желін сыртынан терімен, оның астындағы екі қабат: беткей және терең шандырлармен қапталған. Жоғарыда баяндалғандай, жануарлар түрлеріне байланысты желін бөлімдерінің саны әр түрлі болады. Әр бір желін бөлімін сыртынан май үлпасымен аралас дәнекер үлпалы қапшық қаптап жатады. Осы қапшықтан сүт безі бөлімінің ішіне тарала енетін дәнекер үлпалық перделіктер (трабекулалар) без паренхимасын көптеген бөліктерге бөледі. Сүт безі бөліктері өз кезегінде, жүқа дәнекер үлпалық аралықгар арқылы тым майда, тек микроскоппен ғана көрінетін без бөлікшелеріне бөлінеді. Желін емшектері сыртынан терімен қапталған. Емшек терісінде тері түктері, май және тер бездері болмайды. Ол жүйке үштарына өте бай. Сүттің бөліну мөлшері мен күрамы жануарлардың түріне, түқымына, азықтандыру сапасына тікелей байланысты. Сүт безінен 1 литр сүт бөліну үшін, кем дегенде желін арқылы 500 литр қан ағып өтуі керек. Қүрсақтың төменгі бетіндегі ақ сызықтың (үйектің) бойында желінді үстап тұратын екі қабат терең шандырдың жалғасын желіннің көтергіш байламы — деп атайды.

Сүт безінің гистологиялық қүрылысы. Сүт безі күрылысы жағынан күрделі тарамдалған түтікше-көпіршікше бездерге жатады. Сүт безі паренхимасын эпителий үлпасынан қүралған секреторлы соңғы бөлімдер мен күрделі тарамдалған шығару өзектері түзеді. Ал оның стромасын паренхиманының аралықтарындағы қан және лимфа тамырлары мен жүйкелер өтетін дәнекер үлпалық аралықтар мен сүт безі қапшығы қүрайды. Сүт безін сыртынан қаптайтын дәнекер үлпалық қапшықтан без ішіне қарай тарамдала енген май торшаларына бай дәнекер үлпалық аралықтар (перделіктер) паренхиманы көптеген бөлікшелерге бөледі. Белікшелер өз кезегінде 158-226 сүт көпіршіктерінен (альвеолаларынан), соңғы шығару өзектерінен және оларды байланыстырып біріктіріп түратын қан капиллярларына бай борпылдақ дөнекер үлпасынан қүралған. Сүт тамшыларын бөлетін сүт альвеолаларының қабырғасы біркдбат текше (куб) тәрізді безді эпителиоциттерден (лактоциттер) түрады. Сүттену кезінде альвеола қабырғасындағы лактоциттердің биіктігі өсіп, призма тәрізді безді торшаларға айналады. Лактоциттердің цитоплазмасындағы сүт тамшыларын түзуге қатысатын органеллалар, олардың ішінде, әсіресе, гранулалы және агранулалы эндоплазмалық тор, Гольдж кешені, микротүтікше-

лер мен микрожіпшелер жақсы жетілген. Лактоциттердің апикальды ұшында микробүрлер болады. Сүт тамшылары безді эпителио- циттердің альвеола куысына қараған апикальды ұшында жиналып, торша цитоплазмасынан плазмолеммамен бірге үзілу арқылы түзіледі, яғни сүт тамшылары безді торшалар бүтіндігінің жартылай бүзылуы нәтижесінде апокринді жолмен бөлінеді. Сүттің қүрамына кіретін заттардың барлығы (козеин белогі, лактоза, май тамшылары, иммунды глобулиндер, витаминдер, түздар т.б.) сүт тамшысымен бірге бөлінеді. Сүт альвеолалары сыртынан жиырылу қызметін аткдратын себет тәрізді миоэпителиоциттермен шырмала қапталған. Альвеола қуысы сүтке толған кезде, миоэпителиоциттер рефлек- торлы жиырылып, сүтті сүт түтікшелеріне айдайды. Сүт түтікшелері бір-бірімен қосылып, сүт өзекшелерін күрайды. Сүт түтікшелері мен сүт өзекшелерінің қабырғалары да, бірқабатты текше тәрізді эпителийден түрады. Олар альвеолалармен бірге бірігіп, бөлікшелерді күрайды. Аталған түтікшелер мен өзекшелер сыртынан миоэпи- телиоциттермен қапталған. Сүт өзекшелері бір-бірімен қосылып, сүт өзектерін түзеді. Бүлардың қабырғалары бірқабатты призма төрізді эпителиймен, ал өте ірі өзектердің қабырғалары екі қабатты эпителиймен астарланған. Ірі өзектерді сыртқы жағынан бірыңғай

салалы ет ұлпасының қабаты кдптап жатады. Сүг өзектері бөлікшелер аралық дәнекер ұлпалық аралықта орналасады. Сүт өзектері сүт цистернасына ашылады. Сүт цистернасының кілегейлі қабығын екі қабатты призма тәрізді эпителий астарлайды. Сүт безі паренхимасы құрылымдарының (альвеолалар, сүт түтікшелері, сүт өзекшелері, сүт өзектері) эпителий қабаттарының астындағы өзіндік тақгаша борпылдақ дәнекер үлпасынан түрады. Сүт өзегінің кілегейлі қабығы үш қабаттан: ішкі эпителий және миоэпителий қабаттарынан, олар- дың сыртындағы өзіндік тақташадан қүралған. Кілегейлі қабықты сыртынан жиырылу қызметін атқаратын бірыңғай салалы ет қабаты қоршап, қаптап жатады. Сүт сүт цистернасында жиналып, емшек өзегі және оның үрпі арқылы сыртқа шығарылады. Емшек өзегінің ішкі беті көпқабатты жалпақ эпителиймен астарланған. Оның астында борпылдақ дәнекер үлпалық өзіндік тақташа жатады. Емшек қабырғасының ортаңғы бірыңғай салалы ет үлпалық қабығы төрт қабаттан түрады. Олар: ішкі үзынша қабат, оның сыртындағы сақи- наша қабат, одан кейінгі үшінші аралас қабат және сыртқы радиаль- ды қабат. Етті қабықтың сақинаша қабаты емшек үрпінің қысқыш етінің (сфинктерінің) қызметін атқарады. Ол жиырылып емшек үрпін қысып, сүтті үстап түрады. Емшектің сыртқы қабығы — тері.

Майтабан (torus pulvinus) түяқгың артқы жағында орналасқан тығыз, серпімді тері туындысы. Ол тері сияқты үш қабаттан: эпидерімистен (epidermis toruli), дермадан (corium toruli) және шел

кдбатынан (subcutaneum pulvinar) тұрады. Теріден айырмашылығы: 1) эпидермистен қалың мүйіз қабат түзіліп, майтабанды сыртынан кдптайды; 2) шел кдбатының борпылдақ дәнекер үлпасыңда май үлпасы көп мөлшерде жиналып, борпылдақ дөнекер үлпасы талшықтарымен бірге қосылып, былқылдақ та серпімді майтабан жастығын күрайды. Жыгафща теріасты жастығында майтабан шеміршектері (cartilago pulvini) болады. Олар түсамыс, топай және тиекше сүйектермен байламдар арқылы берік байланысқан. Шеміршектер майтабан жастығын екі бүйірінен қоршап, екеуі біртүгас кереметтей серпімділік (амортизация) мүшесі қызметін атқарады; 3) майтабан сезімтал жүйке үштарына бай болғаңцықган, ол аяқгың сезім мүшесінің қызметін атқарады.

Орналасу орындарына байланысты алдыңғы аяқга тізе майтабаны (torus carpalis), алдыңғы жіліншік майтабаны (torus metacarpeus) жене іүяқ майтабаны (toais digitalis), артқы аяқга тілерсек майтабаны (torus tarseus), артқы жіліншік майтабаны (torus metatarseus) және тұяқ (саусақ) майтабаны болып бөлінеді. Итте аталған майтабандардың барлығы жақсы жетілген. Олар башпай майтабандары — деп аталады. Жылқыда түяқ майтабаны өте жақсы жетілген, ал қалғандары мүйізді қалдық ретінде қалған. Күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада түяқ майтабаны ғана болады.

Тұяқ (ungula) теріден дамыған аяқтардың мүйізделген мүшесі. Ол аяқ үшындағы тері эпидермисінен жетіледі. Түяқтөрт бөліктен: түяқ көбесінен, түяқ жүлығынан, түяқ қабырғасынан және түяқ үлтанынан түрады.

Түяқ көбесі (limbus ungulae) терінің мүйіз түяққа бітетін жеріндегі ені 0,5 см аралық. Ол тері сияқты эпидермистен, дермадан және шел қабатынан түрады. Түяқкөбесінің эпидермисінен мүйіз түяқтың сыртқы жылтырауық қабаты жүқа жылтыр мүйіз глазурь бөлінеді.

Түяқжүлығы (corona ungulae) түяқ көбесінен төмен орналасқан, ені 1,5 см тері бөлігі. Ол мүйіз түяқтың ішкі бетінің жоғарғы жағындағы ойысқа жарты сақинаша түрінде жанасып жатады. Түяқ жүлығы да эпидермистен, дермадан және шел қабатынан қүралған. Оның эпидермисінен мүйіз түяқ қабырғасының негізін түзетін түтікше мүйіз бөлінеді.

Түяқ кдбырғасы (paries ungulae) тек екі қабаттан: эпидермистен және дермадан түрады. Шел қабаты болмағандықтан, дерма түяқ сүйектің сүйекқабымен қосылып бірігіп кетеді. Түяқ қабырғасы эпидермисінен мүйіз түяқтың ішкі жүмсақ ақ жапырақша мүйізі белінеді. Бүл мүйіз түяқтың үлтаны жағынан түяқгың ақ сызығы түрінде көрінеді.

Түяқ үлтаны (solea ungulae) да эпидермистен және дермадан түрады. Түяқ үлтанының дерма қабаты түяқ сүйектің сүйекқабымен бірігіл кеткен. Шел қабаты болмайды. Түяқүлтанының эпидермисінен мүйіз түяқгың үлтанының негізін құрайтын түгікше мүйіз бөлінеді.

Аяқтың мүйіз түяғы түяқ көбесінің, түяқ жүлығының, түяқ қабырғасының, түяқ үлтанының және түяқтың артқы жағындағы түяқ майтабанының эпидермистерінен бөлінген мүйізді қабаттардан қүралған.

Мүйіз (cornu) мүйізді ірі қара және үсақ малдардың мүйіздері бассүйектің маңдай сүйек мүйіз өсіндісін қаптап жатқан тері эпидермисінен дамып жетіледі. Мүйіздің терісі екі қабаттан: эпидермистен және дермадан түрады. Шел қабаты болмайды. Тері

Тері жабыны бойынша бақылау сүрақтары:

  1. Терінің қабаттарын атап, олардың қүрылысы мен маңызын еске түсіріңіз.

  2. Түксіз және түкті тері эпидермисі күрылысындағы ерекшеліктер.

  3. Тері түктері, олардың бөліктері, түрлері және қүрылысЫ.

  4. Май бездерінің қүрылысы жәнс маңызы.

  5. Тер безінің қүрылысы және маңызы.

  6. Сүт безінің құрылысы және маңызы. Жануарлардың түрлеріне байланысты желінніңтүрлері.

  7. Майтабанның қүрылысы, организм үшін маңызы.

  8. Түяктың бөліктері, олардыц қүрылысы. Мүйіздің құрылысы.

  9. Тақырып мәтініндегі қазакдіа-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алып, оларды жаттаңыз.

X mapay. ІШКІ MYIUEJIEP ЖҮЙЕЛЕРІ

Ішкі мүшелер жүйелері қүрылысьш зерттейтін ілімді splanchnologia

(лат. viscera; грек. splanchnos — ішкі мүшелер; logos — ілім) — деп атайды. Ішкі мүшелер жүйелеріне азық қорыту, тыныс алу, зер болу және көбею (аталық және аналық) мүшелері жатады. Бүлар негізінен дененің көкірек, күрсақ жөне жамбас қуыстарында орналасып, қоршаған сыртқы ортамен денедегі табиғи тесіктер аркылы қатысады. Ішкі мүшелер жануарлар организмі мен қоршаған сыртқы орта арасындағы зат алмасу және көбею процестерін іс жүзіне асырады. Азық қорыту аппараты (apparatus digestorius) организмді қоректік заттар және сумен, тыныс алу аппараты (apparatus respiratorius) оттегімен қамтамасыз етеді. Зат алмасу нәтижесінде қалдықжәне пайда болған ыдырау өнімдері: азық қалдығы, азық қорыту, комірқышқыл газ, тыныс алу, белоктықжөне азоттық алмасу өнімдері, артықсу, керексіз түздар, дәрі-дәрмектер, улы заттар зәр болу мүшелері (organa uropoe- tica) арқылы сыртқа шығарылады. Аталық және аналық көбею мүшелері (organa genitalia masculina et feminina) жануарлар түрлері үрпақгарының сақгалуы мен үдайы көбеюін кдмтамасыз етеді.

Ішкі мүшелер жүйелері жалпы қүрылысы үқсас екі түрлі: түтікше және паренхималы мүшелерден түрады. Қуысты түтікше мүшелердің қабырғалары үш: ііпкі кілегейлі, ортаңғы етті немесе талшықты-шеміршекті (тыныс алу мүшелерінде) және сыртқы сірлі

(дене қуыстарында жатқан мүшелерде) қабықтардан түрады. Дене қуыстардан тыс жатқан мүшелер сыртынан адвентиция қабығымен (борпылдақ дөнекер үлпасынан түрады) қапталады.

Кілегейлі қабық (tunica mucosa) түтікше ішкі мүшелердің көпшілігінде ішек типтес болады. Ол негізінен төрт қабаттан күралған. Оларға ішкі қабаттан кілегейлі қабықтың сыртына қарай:

1)эпителий қабаты (stratum epiteliale) түтікше іпікі мүшелердің ішкі бетін жабын үлпасы ретінде астарлайды. Себебі, олар куыстары дененің табиғи тесіктері арқылы қоршаған сыртқы ортамен қатысады. Түтікше мүшелердің кілегейлі қабықтары, олардың дене қуыста- рындағы орналасу орындары мен атқаратын қызметіне байланысты құрылысы әр түрлі эпителий үлпасымен, дененің сыртқы бетіне жақын мүшелерде көпқабатты эпителиймен, ал зат алмасу процесі белсенді жүретін мүшелерде бірқабатты эпителиймен, ал зат алмасу процесі белсенді жүретін мүшелерде бірқабат эпителиймен астарланған

2)өзіндік такдаша (lamina propria mucosae) қоректендіретін қан және лимфа тамырларына бай борпылдақ дәнекер үлпасынан түрады;

3)етті тақгаша (stratum muscularis) мүшелердің қызметіне сәйкес түрлі деңгейде, қатпарлы кілегейлі қабықта күшті, ал беті тегіс кілегейлі қабықта нашар жетілген. Бүл қабатты өз кезегінде бір немесе екі қабатта жатқан бірыңғай салалы ет үлпасының миоциттері күрайды;

4)кілегейліасты негіз (tela submucosa) күрамында ірі қан және лимфа тамырлары мен лимфа түйіншелері және интрамуральды (қабырғалық) жүйке тораптары болатын борпылдақ дәнекер үлпасынан тұрады.

Ал кейбір мүшелердің кілегейлі қабықтары, мысалы, ауыз және мүрын қуыстары мүшелерінің кілегейлі қабықтары қүрылысы жағынан тері типтес болып келеді. Ол тек екі: эпителий және өзіндік тақгаша қабаттарынан ғана түрады.

Етгі кдбық (tunica muscularis) түтікше мүшелердің ортаңғы қабығы. Ол өз кезегінде: ішкі сақинаша және сыртқы үзынша (бойлама) кдбатгардан тұрады. Етгі қабық қабықгарын негізінен бірыңғай салалы ет үлпасы күрайды. Тек, дененің сыртқы табиғи тесіктеріне жақын орналаскэн мүшелердің етті қабығы қабаттарын (жүтқыншақ, өңеш, тік ішектің соңғы бөлігі мен анус, несеп-жыныс кіреберісі т.б.) ерікті жиырылатын көдценең жолақгы бүлшық ет үлпасы күрайды. Ал тыныс алу түтікше мүшелерінің (көмекей. кеңірдек, бронхтар) ортаңғы қабықгары - талшықгы-шеміршекті қабықган түрады.

Сірлі қабық (tunica serosa) дене қуыстарында жатқан мүшелерді сыртынан қаптайды. Ол екі қабаттан: ішкі борпылдақ дәнекер үлпалық негізден (tela subserosa) жөне сыртқы бірқабатты жалпақ эпителий қабатынан немесе мезотелийден (mesotelium) түрады. Дене қуыстарынан тыс жатқан мүшелер (өңештің, кеңірдектің мойын бөліктері, көмекей, жүтқыншақ, тік ішек, қынап т.б.) сыртынан

адвентиция қабығымен (tunica adventitia) қапталады. Ол борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады.

Қомақты паренхималы мүшелер ішкі мүшелер жүйелері құрамына жеке мүшелер ретінде кіреді немесе олар түтікше мүшелердің қабырғаларында орналасады. Олар негізінен ішкі мүшелер жүйелеріндегі бездер.

Без (glandula) өзінен арнайы сөл бөлетін күрылысы қомақты паренхималы мүше. Бездерге сілекей, өңеш, қарын, ішек бездерін, бауырды, үйқы безін, жыныс бездерін, бүйректі, ішкі секреция (зндокринді) бездерін т.б. жатқызуға болады. Шығару өзегі арқылы сыртқы ортаға шығарылатын без сөлі секрет, ал организмнің ішкі сүйық ортасына (қанға, лимфаға, үлпа сүйығына) бөлінетін бөліндіні инкрет — деп атайды. Жануарлар денесінен сыртқы ортаға шығарылатын ыдырау өнімдері мен улы заттарға бай, организмге керексіз бөліндіні экскрет (зәр, тер т.б.) — дейді.

Без қүрылысы жағынан паренхималы мүше. Ол бір-бірімен тығыз байланыста қызмет аткэратын паренхимадан және стромадан түрады. Парснхима (parenchyma) бездің негізгі қызметін атқаратын жүмысшы бөлігі. Бездердің паренхимасын негізінен безді эпителий үлпасы күрайды. Ал кейбір эндокринді бездерде без паренхимасы жүйке үлпа- сынан да түрады. Строма (stroma) без паренхимасы бөліісгерін өзара байланыстырып, безді біртүтас мүше ететін дөнекер үлпалық аралық. Строма арқылы безді қоректік заттармен кдмтамасыз ететін қан мен лимфа тамырлары және без жүмысын реттейтін жүйкелер өтеді.

Бездердің жіктелуі. Без сөл бөлу сипатына қарай үлкен екі топқа: ішкі және сыртқы секреция бездері болып бөлінеді. Ішкі секреция бездері немесе эндокринді бездер инкреттерін организмнің сұйық ішкі ортасына (қанға, лимфаға, үлпа сүйығына) шығарады. Эндокринді бездердің шығару өзектері болмайды. Олар тек қана бөлінді бөлетін соңғы бөлімдерден түрады. Ал сыртқы секреция бездері немесе экзокринді бездер секреттерін шығару өзектері арқылы қоршаған сыртқы ортаға немесе сыртқы ортамен қатысатын түтікше мүшелердің қуысына шығарады.

Бездер қүрылысына қарай: бір торшалы және көп торшалы бездер болып бөлінеді. Бір торшалы бездер төменгі сатыдағы жануарларға тән. Сүтқоректі жануарлардағы бір торшалы бездердің өкілі қүты (бокал) тәрізді торшалар. Бүлар кеңірдектің, бронхтар- дың, ішектің эпителий қабаттарында, эпителиоциттер аралық- тарында орналасады. Сондықтан, құты тәрізді бездерді эндоэпите- лиальды бездер — деп атайды. Бүлар эпителий қабатының ішкі бетін сылап түратын кілегей бөледі.

Көп торшалы бездер мүшелер эпителий қабаттарының ас- тындағы қабаттарда немесе түтікше мүшелер қабырғаларынан. тыс орналасады. Сондыктан, бүларды экзоэпителиальды бездер — деп атайды. Көп торшалы бездер орналасу орындарына қарай: қабырғалық (интрамуральды) және қабырғадан тыс (экстраму-

ральды) бездер болып бөлінеді. Қабырғалық бездер түтікше мүшелердің қабырғасында, кілегейлі қабық эпителий қабатының астындағы қабаттарда орналасқан майда бездер. Олар секретін өзектері арқылы түтікше мүшелердің (кеңірдек, өңеш, ішек, жатыр т.б.) қуысына шығарады. Қабырғадан тыс бездер түтікше мүшелер қабырғаларынан тыс жатқан ірі бездер (бауыр, үйқы безі т.б.). Бүлардың өзектері де, түтікше мүшелер қуыстарына ашылады. Көп торшалы сыртқы секреция бездері екі бөлімнен: секрет бөлетін соңғы бөлімнен және без өзегінен түрады.

Без өзегінің тарамдалу сипатына байланысты бездер: кдрапайым және күрделі болып бөлінеді. Қарапайым бездердің өзектері тарамдалмайды, ал күрделі бездердің өзектері, керісінше, бірнеше тарамға ажырайды.

Соңғы бөлімдерінің пішініне қарай бездер: көпіршікше (альвеолалы), түгікше және көпіршікше-түтікше бездер болып бөлінеді. Көпіршікше бездердің соңғы бөлімінің пішіні көпіршік немесе кеңейген қапшық тәрізді болып келеді. Көпіршікше бездерге терінің май бездері, шықшыт (қүлақ түбі) сілекей безі жатады. Түтікше бездердің соңғы белімдерінің пішіні түтік тәрізді болып келеді. Түгікше бездерге қарын, жалпы ішек, жатыр бездері жатады. Ал көпіршікше- түтікше бездерге соңғы бөлімдерінің пішіні көпіршік және түтік тәрізді болып келетін бездер жатады. Бүларға: төменгі жақ және тіласты сілекей бездері жатады.

Бездерден секрет үш түрлі: мерокринді, апокринді және голокринді жолмен бөлінеді. Мерокринді /эккринді/ секрет бөлу кезінде, безді торшалар ғландулоциттер цитоплазмасында түзілген сөл, олардың плазмолеммалары арқылы диффузды жолмен сүзіліп өтеді. Бөліндіні бөлу кезінде гландулоциттердің бүтіндігі бүзылмайды. Сілекей бездері сілекейді мерокринді жолмен бөледі. Апокринді секрет бәлу кезінде, сөл гландулоциттердің жоғарғы бос (апикальды) үшына жиналады да, торшаның апикальды үшы үзіліп, секрет тамшысына айналады. Секрет бөлу кезінде гландулоциттердің бүтіндігі жартылай бүзылады. Апокринді жолмен тер, сүт бездерінің секреттері бөлінеді. Голокринді секрет бөлу кезінде, гландулоциттердің цитоплазмасы сөлге толып, безді торшалар толық бүзылып жарылады да, секретке айналады. Голокриндіжолмен терінің май бездері секреттерін бөледі.

ДЕНЕ ҚУЫСТАРЫ

Ішкі мүшелер негізінен сірлі қабықпен астарланған көкірек, қүрсақ жөне сірлі қабықпен жартылай астарланған жамбас қуыстарында орналасады. Сірлі қабық дене қуыстарының ішкі беттерін астарлаумен қатар, олардың қуыстарында жатқан ітіткі мүшелерді де, сыртынан қаптап, дене қабырғасы мен ішкі мүшелер аралықтарындағы сірлі қуыстарды түзеді. Оларға: перикардиальды, плевральды, иеритонеальды және қынаптық сірлі қуыстар жатады.

Кәкірек куысы (cavum thoracis) кокірек керегесінің ішкі қуысы. Көкірек қуысы ішкі жағынан кокірекіштік шандырмен (fascia endo- thoracica) және сірлі қабық плеврамен (pleura) астарланған. Көкірек керегесінің артқы қабырғасын кокет (диафрагма) қүрайды. Ол көкірек куысын қүрсақ қуысынан болігі тұрады. Кокірек қуысында жүрек, өкпе, кеңірдек, оңеш, қолқа, алдыңғы және артқы куыс веналар, лимфа түйіндері, жүйкелер орналасады.

Көкірек қуысының ішкі бетін астарлайтын сірлі қабықты қабырғалық немесе париетальды плевра, ал кокірек қуысында орналасқан ішкі мүшелерді сыргынан қаптап жаткдн сірлі қабықгы висцеральды плевра — деп атайды. Париетальды плевра кокірек қуысындағы орналасу орнына қарай: қабырға және диафрагма бөліктеріне (pleura costalis et diaphragmatica) болінеді. Оң және сол қабырғалық плевралар кокірек омыртқаларының төменгі жағында түйісіп, қос кдбатганады да, көкірек омыртқаларынан төссүйекке қарай төмен бағытгальш, көкірек куысының ортасымен өтетін орталықпердені (mediastinum) қүрайды. Орталық перде сірлі қабық қабаттарының арасында өңеш, кеңірдек, қолкд, жүйкелер, жүрек және жүрекқап орналасады. Орталық перде плеврасыньщ (pleura mediastinalis) жүреккдпты (перикард) қаптаған бөлігін перикардиальды плевра (pleura pericardiaca) — деп атайды. Орталық перде плеврасы кеңірдек, бронхтарды сыртынан қаптап, оң және сол окпеге өтіп, өкпелік плевраны (pleura pulmonalis) түзеді. Орталық перде, перикардиальды және окпелік плевралар висцеральды плевраны кұрайды.

Париетальды және висцеральды плевралар аралығындағы саңылау тәрізді сірлі қуысты плевральды куыс (cavum pleurae) — дейді. Оң және сол плевральды сірлі куыстарда оң және сол өкпе орналасады. Бұл қуыстар бір-бірімен қатыспайды. Плевральды куыстарда тыныс алуға және жүректің жиырылуына байланысты қозғалыс кезінде сірлі қабықтардың өзара үйкелісін болдыртпайтын, олардың беттерін майлап сылап түратын сірлі сүйық болады. Сұйықты сірлі қабық мезотелиоциттері бөледі.

Құрсақ қуысы (cavum abdominis) диафрагмадан жамбас куысы кіреберісіне дейінгі аралықтағы дене куысы. Қүрсақ куысының төбесін бел омыртқалары, олардың бұлшық еттері мен терісі, алдыңғы кдбырғасын диафрагма, екі бүйір кдбырғасы мен тұбін құрсақ бүлшық еттері жөне сыртындағы тері кұрайды. Құрсақ қуысы мен жамбас куысының шекарасын мықын және шат сүйектердің алдыңғы жиек- тері шектейді. Құрсақ қуысында оңеш, қарын, үйқы безі, бауыр, ащы жөне жуан ішектер, бүйрек, несепағар, жыныс мүшелерінің көп бөлігі, қан тамырлары, лимфа түйіндері, жүйкелер, олардың тораптары орналасады.

Жамбас қуысы (cavum pelvis) жамбас астауындағы куыс. Жамбас қуысының төбесін қүйымшақ, бірінші қүйрық омыртқалар, екі бүйірі мен түбін жамбас сүйектері қүрайды. Аталмыш қуысты түзуге аталған сүйектердің бүлшық еттері мен байламдары және сыртындағы тері жабыны қатысады. Жамбас қуысында азық қорыту, зәр бөлу, жыныс мүшелерінің соңғы бөлімдері орналасады.

Қүрсақ қуысы мен жамбас қуысының алдыңғы бөлігінің ішкі бетін сірлі қабық ішперде (peritoneum) астарлайды. Қүрсақ пен жамбас қуыстары қабырғаларының және дифрагманың ішкі бетін астарлайтын ішперденің сыртқы бөлігін қабырғалық немесе париетальды ішперде (peritoneum parietale), ал дене қуыстарындағы ішкі мүшелерді сыртынан қаптап жатқан оның бөлігін висцеральды ішперде (peritoneum viscerale) — деп атайды. Аталған ішперде бөліктерінің аралығында саңылау тәрізді ішперде немесе перитонеальды сірлі куыс (cavum peritonei), ал оның ішінде сірлі сүйық болады.

Сірлі қабық туындылары. Париетальды және висцеральды ішперде бөліктері омыртқа бағанының төменгі жағында тоғысып, қос қабаттанады да, темен ішкі мүшелерге өтіп, оларды бір-бірімен жалғастыратын сірлі қабық туындыларын түзеді. Сірлі қабық қабаттары арасындағы борпылдақ дәнекер үлпасы арқылы ішкі мүшелерді қоректендіретін қан мен лимфа тамырлары және жүйкелер етеді. Сірлі қабық туындыларына ішкі мүшелер аралықтарындағы шажырқай (mesenterium), үлкен шарбы (omentum majus) және кіші шарбы (omentum minus), сірлі байламдар (ligamentum), жамбас куысындағы үңгілер (excaatio) жатады.

Шажырқай ішек ілмектерінің аралығында жақсы жетілген. Қарын шажырқайы үлкен шарбыға айналған. Қарын мен бауырды

байланыстыратын вентральды шажырқайдың қалдығынан кіші шарбы дамып жетіледі. Ішкі мүшелер сірлі қабықтары бір мүшеден екінші мүшеге өткен кезде қос қабаттанып, ішкі мүшелерді бір- бірімен байланыстырып түратын байламдар түзеді. Бүларға қарын мен көкбауырды, бауыр мен бүйректі байланыстыратын байламдарды жатқызуға болады.

Жамбас қуысындағы ішперде жатыр, қуық, жыныс мүшелерін белгілі бір қалыпта үстап түратын байламдарды түзеді. Оларға: 1. жалпақжатыр байламы (ligamentum uteri latum) сірлі қабықжамбас қуысы қабырғасының екі бүйірінен жатырға екі қабаттанып өтіп, оны куыс ортасында үстап түрады. Еркек жануарларда бүл байламда шәует жолы мен несепағар орналасады; 2. бүйірлік қуық байламы (ligamentum vesicae lateralis) сірлі қабық жамбас қуысы қабырғасы- ның екі бүйірінен қуыққа екі қабаттанып өтеді де, қуықты жамбас қуысы ортасында бекітіп үстап түрады.

3. Орталық қуық байламы (ligamentum vesicae medianum) қуықтан жамбас қуысының қабырғасына, одан соң қүрсақ қуысының қабырғасына барып бекиді.

Жамбас қуысында ішперде сірлі қабығы қүйымшақтан төмен иіліп, тік ішекке өткен жерде, тік ішек маңы шүңқырын (fossa pararectalis), тік ішектен жыныс мүшелеріне иіліп үңгіленіп өтіп, тік ішек-жыныс үңгісін (excavatio rectogenitalis), жыныс мүшелерінен қуыққа өтер жерде қуық-жыныс үңгісін (excavatio vesicogenitalis), қуықтан жамбас қуысының вентральды қабырғасына иіліп өтіп, шат-қуық үңгісін (excavatio pubovesicflis) түзеді.

Қүрсақ куысында жаткдн ішкі мүшелердің орналасу орындарын дәл анықтау үшін, оны 3 бәлімге және 10 аумаққа бөледі. Қүрсақ қуысы өз кезегінде алдыңғы, ортаңғы және артқы бөлімдерге бөлінеді.

Диафрагмадағы қабырға доғасына жанама жүргізілген жазықгыққа дейінгі күрсақ куысы бөлігін күрсақгың алдыңғы бөлімі, қабырға доғасы мен сербекке жанама жүргізілген жазықтықтар аралығындағы қүрсақ куысы бөлігін құрсакдың ортаңғы бөлімі, ал сербекке жанама жүргізілген жазықтықтан жамбас куысына дейінгі қүрсақ куысы бөлігін құрсақгың артқы бөлімі — деп атайды.

Қүрсақтың алдыңғы бөлімі (epigastrium) үш аумақтан түрады. Оның екі бүйірін оң қабырғаастылық аумақ (rg. hypochondrica dextra) және сол қабырғаастылық аумақ (rg. hypochondrica sinistra), төменгі жағын семсерше шеміршек аумағы (rg. xyphoidea) немесе сүріншек аумағы — деп атайды.

Қүрсақтың ортаңғы бөлімі бел омыртқалардың көлденең өсінділеріне жанама жоғарыдан төмен жүргізілген оң және сол жазықтар арқылы екі бүйірлік және орталық аумақтарға бөлінеді. Орталық аумақтың озі арқаға параллельді жүргізілген жазықтық аркылы тең бел және кіндік аумақтарына ажырайды.

Қүрсақтың ортаңғы бөлімі (mesogastrium) торт аумақтан түрады. Оның жоғарғы жағын бел немесе бүйрек аумағы (rg. lumbalis, s.

renalis), екі бүйірін оң бүйірлік қүрсақаумағы (rg. abdominis lateralis dextra) және сол бүйірлік құрсақ аумағы (rg. abdominis lateralis sinistra), төменгі жағын кіндік аумағы (rg.umbilicalis) деп атайды.

Қүрсақтың артқы бөлімі (hypogastrium) үш аумақтан түрады. Оның төменгі жағын шат аумағы (rg. pubica), ал жоғарғы екі бүйірін оң шап аумағы (rg. inquialis dextra) және сол шап аумағы (rg. inquialis sinistra) қүрайды.

АЗЫҚ ҚОРЫТУ АППАРАТЫ

Азық қорыту аппаратының дамуы. Филогенезде бір торшалы қарапайым жәндіктердегі цитоплазмалық ас қорытудан бастап, жануарлар дене қүрылысының күрделенуіне байланысты көп тор- шалы организмде азық қорыту процесінің әр түрлі қызметтерін атқаруға бейімделген торшалар топтары дамып жетіле бастайды. Ішекқуыстыларда азық қорыту мүшелер жүйесі болмайды. Ауыз тесігі арқылы дене қуысына түскен азық, дененің ішкі қабатын астарлайтын энтодерма торшаларының қатысумен қорытылады. Қорытылмай қалған азық қалдығы қайтадан ауыз тесігі арқылы сыртқа шығарылады. Томенгі сатыдағы құрттардың ас қорыту түтігі ауыз тесігінен басталып, алдыңғы (ауыз-жүтқыншақ) және ортаңғы ішектерге бөлінеді. Алдыңғы ішек эктодермадан пайда болып,

азықты ұстау жөне жұту сияқты қызметтерді жүзеге асырады. Ал азықтың қорытылуы мен сіңірілуі энтодермадан дамыған ортаңғы ішекте жүреді. Жоғары сатыдағы қүрттар денесіндегі екіншілік қуыстың (целоманың) дамуына байланысты, ас қорыту түтігі өзін қоршаған дене беліктерінен оқшауланып, онда кіреберіс (ауыз) және шығаберіс (аналь) тесіктері пайда болады. Сонымен қатар, азық қорыту түтігі алдыңғы, ортаңғы және артқы бөлімдерге бәлінеді. Хордалыларда, мысалы, қандауыршада (ланцетникте), ауыз қуысы жүтқыншақтан көлденең шымылдық арқылы бөлінген. Жүтқыншаққа көптеген желбезек саңылаулары ашылады. Ортаңғы ішек қабырғасында бауыр төмпегі жетіледі. Аналь тесігі қүйрықтың алдыңғы жағында орналасқан. Желбезек аппаратының күрделенуіне байланысты, балықтардың ауыз-жүтқыншағы көп өзгеріске үшы- райды. Алдыңғы ішек ретімен орналасқан түтікше мүшелерден, яғни қысқа өңеш пен қарыннан түрады. Ортаңғы бәлім ащы ішек бауыр және ұйқы бездерінің жетілуімен ерекшеленеді. Артқы бөлім жуан ішекте қорытылған қоректік заттар уақытша жиналып сіңірі- леді де, азықтың қорытылмай қалған бөлігінен нөжіс қалыптасып, аналь тесігі арқылы сыртқа шығарылады. Жуан ішектің аналь тесігімен аяқталатын соңғы бөлігі — клоакаға, зәр бөлу және көбею мүшелерінің шығару өзектері ашылады. Қосмекенділердің азық қорьіту жүйесінің қүрылысы балықтардың азық қорыту жүйесіне үқсас болып келеді. Бірақ, олардың атмосфералық ауамен тыныс алуға бейімделуі және осыған байланысты тыныс алу мүшелерінің дамуы, ішек түтігі бас бөлімі (ауыз-жүтқыншақтың) қүрылысының күрделенуіне әсерін тигізеді. Желбезек аппараты жойылып, ауыз бен мүрын куыстары толық бөлініп, бір-бірінен ажырайды. Жүт- қыншақтан кейін, онымен жалғасқан газ алмасу мүшелері дамиды. Космекенділер алдыңғы ішегі қүрамына өңеш пен қарын кіреді. Ал олардың артқы ішегі клоака үстіндегі томпайған бүйеннен және клоакадан түрады. Бауырымен жорғалаушыларда желбезек аппа- раты тек эмбриондық дамудың бастапқы кезінде ғана байқалады. Олардың ауыз-жүтқыншағында қатты таңдай айқын білінеді, ал крокодилдерде ауыз қуысы жүтқыншақтан жүмсақ тандай арқылы бөлінген. Кейбір бауырымен жорғалаушыларда бүлшық етті қарын бөлініп, жеке қарын бәлімі ретінде жетіле бастайды, ал қүстарда ол жеке қарын болып қалыптасып, ас қорытуда үлкен қызмет атқа- рады. Ішектің артқы бөлімінде бүйеннің көлемі қосмекенділермен салыстырғанда біршама үлкейеді.

Сүтқоректі жануарларда ас қорыту жүйесінің бөлімдері жоғары дәрежеде дамыған. Ауыз және мүрын қуыстары бір-бірінен толы- ғымен бөлінген. Ортаңғы ішек - он екі елі, аш және мықын ішек- терге, ал артқы ішек бүйенге, тоқ ішекке (жиек ішек) және тік ішекке бөлінеді.

Сыртқы ортаньщ белгілі бір жағдайларына бейімделуге байла- нысты және азықтану түріне қарай (шөп, ет, жеміс, насеком

қоректілер, талғаусыздар т.б.) азық қорыту жүйесінің бөлімдері мен мүшелерінің қүрылыс ерекшеліктері де, әр түрлі болып келеді. Шөпқоректі жануарлар қүрамында ірі талшықты жасүныгы (клетчаткасы) мол азықты қорыту үшін көп уақытты қажет етеді. Сондықтан, бүлардың тоқ ішек көлемінің үлғаюына (жылқы) не- месе қарын бөлімдері санының көбеюіне (күйіс қайтаратын жа- нуарлар) әсерін тигізеді. Ал етқоректі жануарлардың (жыртқыштар) ас қорыту жүйесінің үзындығы шөпқоректі жануарлар жүйесімен салыстырғанда әлдеқайда қысқа болып келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]