Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KIRISPE.doc
Скачиваний:
219
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
3.14 Mб
Скачать

XV тарау. Қ¥с анатомиясының ерекшеліктері

Қүстардың үшуға бейімделуі, олардың дене мүшелері күрылы- сында жануарлармен салыстырғанда біраз өзгерістердің қалыптасуына ықпалын тигізді.

Қаңқа. Қүстардың қаңқа сүйектері жеңіл де, берік келеді. Жілік- терінің куыстары ауаға толған. Бассүйек сүйектері түтаса бірігіп кеткен. Олардың араларындағы жіктер білінбейді. Бет бөлімінде мүрын, түмсық және жоғарғы жақ сүйектер бірігіп, ми сауыты бөлімімен қозғалмалы байланысатын түмсықүсті кдңқасын қүрайды. Жоғарғы жақжәне теменгі жақ сүйектерінде тіс болмайды. Оларды бір-бірімен өзара буындар арқылы қозғалмалы байланысқан тандай, қанатша және шаршы сүйектер жалғастырады. Тауықта — 13-14, үйректе — 1445, қазда — 17-18 мойын омырткдлары болады. Олардың жоталық өсінділері нашар, көлденең өсінділері жақсы жетілген. Омыртқа денелері бір-бірімен буындар арқылы қозғалмалы байла- нысқан. Бірінші мойын омыртқа бассүйекпен шүйде сүйек төмпегі арқылы байланысады. Көкірек омырткдлары тауықта — 7, үйрек пен қазда - 9. Олардың 1-інші және 2 -нші, тауықга 6 -ншы және 7- нші, үйрек пен қазда 8 -інші және 9 -ыншы кекірек омыртқалары бір-бірімен буын арқылы қозғалмалы байланысқан. Бүлардың аралықтарындағы қалған көкірек омыртқалары бір-бірмен өзара түтаса байланысып бірігіп кетеді. Соңғы көкірек омыртқасы бел және қүйымшақ омыртқаларымен бірігіп, біртүтас көкірек-бел- күиымшақ сүйсгін түзеді. Қүс қабырғалары бір-бірімен буын арқылы байланысқан екі: омыргқа.іық және төссүйектік бөліктерден түрады. Қабырғалардың омыртқалық беліктері бір-бірімен қармақша бүйір әсінділерімен байланысып, қозғалысы шектеулі көкірек керегесінің бүйірлік қабырғасын қүрайды. Төссүйекпен байланыспайтын ал- дыңғы 2-3 және соңғы қабырғаларды астернальды, ал байланысатын қабырғаларды стернальды қабырғалар — деп атайды. Үшатын құс- тарда төссүйек қыры жақсы, ал кдлықтайгын және жүгіретін қүстарда нашар жетілген. Тәссүйекте бірнеше өсінділер болады. Құйрық омырткэлары тауықта — 5, үйрек пен қазда - 7. Соңғы құйрық омыртқалары бірігіп, бағыттағыш сүйекті (пигостиль) қүрайды.

Қүстардың алдыңғы аяққаңқасы қанаттың қаңқасына айналған. Иықбелдеуін үш сүйек: жауырын, бүғана және қүстүмсықша сүйектер қүрайды. Тоқпан жіліктің басында өкпенің ауалы қапшықтары жолымен байланысатын тесігі болады. Шынтақ сүйек жақсы жетілген. Білезік сүйектерінің проксимальды қатарында тек кәріжіліктік және шынтақгық білезік сүйектері болады. Ал дистальды қатардағы білезік сүйектері жіліншік сүйектерінің проксимальды бастарымен бірігіп кеткен. Қүста 2 -нші, 3 -інші және 4 -інші жіліншік сүйектері, соларға сәйкес 2 -нші, 3 -інші және 4 -інші тырнақ сүйектері болады. 2 -нші және 4 -інші тырнақ сүйектері бір фалангадан, ал 3 -інші тырнақ сүйегі екі фалангадан түрады.

Артқы аяқ қаңқасының жамбас сүйегі де мықын, шонданай және шат сүйектерден қүралған. Жамбас сүйек өз кезегінде, көкірек-бел-қүйымшақ сүйегімен бірігіп кеткен. Жамбас сүйекте жапқыш тесікпен қатар, шонданай тесігі болады. Асықты сүйектің дистальды басы тілерсек сүйектерінің проксимальды қатарымен,

ал жіліншік сүйектерінің проксимальды бастары тілерсек сүйек- терінің дистальды қатарымен бірігіп кеткен. Жіліншік сүйектер бір-бірімен қосылып бірігіп, бір ғана жіліншік сүйек қүрайды. Артқы аяқта 1 -інші, 2 -нші, 3 -інші және 4 -інші тырнақ сүйектері болады.

1-інші тырнақ сүйектері екі фалангадан, 2 -нші тырнақ сүйектері үш фалангадан, 3 -інші тырнақ сүйектері төрт фалангадан, 4 - інші тырнақ сүйектері бес фалангадан түрады.

Қүстың бүлшық еттері үй жануарлары бүлшық еттеріне үқсас. Үшатын қүстарда төс бүлшық еттері, жүретін қүстарда жамбас бүлшықеттері жақсы жетілген. Бет бүлшықеттері болмайды. Артқы аяқ бұлшық еттерінің ішінде, бүтақтарға қонған кезде буындарды бүгу арқылы тырнақтарды тартып, қүс тырнақтарының күш жүмсамай-ақ бүтақтарды қысып түруына ықпалын тигізетін сымбат бүлшық еті өте жақсы жетілген.

Тері жабыны және оның туындылары. Қүс терісі қабаттарының қүрылысы сүтқоректі жануарлар терісіне үқсас. Ерекшеліктері: теріде тержәне май бездері болмайды. Тек, соңғы қүйымшақомыртқасының жоғарғы жағында ғана май бөлетін қүйыршықбезі болады. Ол, әсіресе, суда тіршілік ететін қүстарда жақсы жетілген. Тері түктері орнында кзуырсындар жетілген.

Қүс кдуырсыны теріні сыртынан жауып түратын тері жабынының мүйізді туындысы. Ол сояудан және мамықтан түрады. Сояу (sca- pus) өз кезегінде: қалам мен сабақтан қүралған. Қалам (calamus)—

қауырсын сояуының теріге кіріп тұратын бөлігі, ал сабақ (rachis)— мамықты ұстап тұратын сояудың қалған бөлігі. Мамық (vexillum) сабақтан қарама-қарсы бағыттарда таралған күрделі тарамдардан құралған. Сабақган алдымен қарама-қарсы жақгарға бүгақгар (rami), бұтақтардан сәулелер (radii), сәулелерден қармақша ілгектер (hamu­lus radioli) таралады. Қармақша ілгектер бір-бірімен ілінісіп жалға- сып, мамықгы жасайды. Кдуырсындар — терінің сыртқы жамылғысы. Орналасу орындары мен қызметтеріне байланысты қауырсындар бірнеше түрге бөлінеді. Оларға жамылғы, мамық, қағу және бағыттау қауырсындары жатады. Жамылғы қауырсындар (реппае) теріні сыртынан жауып қаптап, құс денесіне белгілі пішін береді. Мамық қауырсындар (plumae) майда жұмсақ болып келеді. Олар жамылғы қауырсындардың астында орналасады. Бұлардың сәулелерінде қар- мақша ілгектер болмайды. Мамық қауырсындар құстар дене қызуын сақтап, бірқалыпты деңгейде ұстап тұрады. Ауа ағымына төзімді ұзын да, жалпақ қағу қауырсындары (remiges) қүс қанатының негізін құрайды. Құстың ұшып-қонуын қамтамасыз ететін құйрықтың негізін бағыттағыш қауырсындар (rectrices) түзеді.

Құстардың тері туындыларына қауырсындар мен тері бездерінен баскд, мүйіз тырнақгарды, күс тырнақгарының аралықтарындағы тері жарғақтарын, мүйіз түмсықгы, айдарды, сырғалықты, сақалдықгы жатқызуға болады.

Ішкі мүшелер жүйелері көкірек-қүрсақ дене қуысында орна- ласады. Қүстарда көкірек және күрсақ куыстарын бәлетін көкет нашар жетілгендіктен, олар бір-бірінен толық бөлінбеген. Сон- дықтан, оларды біріктіріп атайды.

Ac қорыту жүйесінің бас бөліміізде тіс, қызыл иек, ерін, ұрт, жұмсақ таңцай болмайды. Өңештің көкірек қуысына кіреберіс бөлігінде жемсау (ingluvies) болады. Оның қуысында қатты дәндер уақытша сақгалып, жемсау бездері сөліне бөгіп жібиді. Құстың қарнЬі екі: безді және етті бөлімнен тұрады. Кдрынның безді бөлімі қабырғасында асқорыту сөлін бөлетін бездер болады. Қарышіың етті бөлімінде безді қарын сөлі сіңген азық механикалық және химиялық өндеулерден өтіп, қорытыла бастайды. Орталық бөлім мүшелері жануарлар мүшелеріне ұқсас. Артқы бөлімде тоқ ішек болмайды, оның есесіне екі бүйен болады. Тік ішек клоаканың алдыңғы бөлігіне ашылады.

Тыныс алу мүшелері. Қүс мүрын қуысының әр бөлігінде үштен кеуілжір болады. Көмекей қабырғасының шеміршектік негізін үш шеміршек: екі ожауша жөне бір сақинаша шеміршек қүрайды. Кеңірдектің екі негізгі бронхтарға ажырайтын айырығында (бифуркация) төменгі немесе сайрағыш көмекей (дыбыс мүшесі) орналасады. Оның қабырғасы сыртқы және ішкі жарғақтардан қүралған. Қүс өкпесінде тоғыз ауа қапшығы болады.

Ауа қапшыктары — негізгі бронхтардан өкпенің сыртына қарай қабырғасы жүкарып барып шығатын эктобронхтардың жалғасы. Құс өкпесіндегі ауа қапшықтары: тақ бүғанааралық және жұп мойын, алдыңғы көкірек, артқы көкірек, қүрсақ қапшықтары. Ауа қапшықтары қүстың үшуы кезінде өкпедегі газ алмасу процесінің екі бағытта да, белсенді жүруін қамтамасыз етеді және дене қызуының бір деңгейде болуына ықпалын тигізеді.

Зәр бөлу мүшелері жүп бүйректен және несепағардан түрады. Үш бөлікті бүйрек бел-күсақжәне мықын сүйектерінің төменгі беттеріндегі ойыстарда орналасады. Несепағар бүйректің медиальды бетінен шығып, клоаканың ортаңғы бөлігіне ашылады. Қуық болмайды.

Көбею мүшелері. Еркек құстарда жыныс мүшелері жүп еннен, ен қосымшасынан және иіәует жолынан түрады. Қосалқы жыныс бездері болмайды. Ен қүрсақ қуысының бел аумағында орналасады. Шөует жолы ен қосымшасынан басталып, клоаканың ортаңғы бөлігіне ашылады.

Үрғашы қүстарда тек сол жақгағы жыныс мүшелері жақсы жетіл- ген. Сол жұмырткэлықга жұмырткд торшаларының даму процесі жүреді. Сол жүмырткд жолы бес бөлімнен: кұйғыштан, белоктық бөліктен, мойыншықган, қүс жатырынан және қынаптан түрады. Қүйғыш қуысында жыныс торшалары кездесіп, үрықгану процесі жүреді. Ең

үзын бөлік — белоктық бөлік. Оның қабырғасындағы бездер жүмырт- қаның белоктық қабығын (ақуыз) түзеді. Мойыншықга белоктың сыртындағы екі кзбаттан түратын жүкд қабық пайда болады. Оның кдбатгарының аралығында, жүмыртқаның доғал үшында ауалы камера қалады. Қүс жатыры кдбырғасындағы бездер тұзды ертінді бөліп, жүмырткдның ізбест кдбығымен кдпталуын кдмтамасыз етеді. Қынапта толық жетілген жүмырткд уақытша сакталып, клоака арқылы сырткд шығады.

Тамырлар жүйесі. Құс жүрегінің оң қарыншасында емізікше еттер мен оң жүрекше-қарынша қақпақшасы болмайды. Қолқа доғасы оң жақта, артқы қуыс вена кысқа болады. Бауырдағы қақ- пақтық вена екі бағаннан түрады. Оның сол бағаны вена қанын көкбауыр мен қарыннан, оң бағаны ішектерден жинайды.

Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері. Ортаңғы мида төрттөмпешік орнында екі төмпешік болады. Аралық мида емізікше дене болмайды, көру төмпегі нашар жетілген. Үлкен ми қыртысының сыртқы беті тегіс, ми қатпарлары болмайды. Күсті денені бірнеше көлденең жатқан жүйке талшықтары ауыстырады. Бүйірлік қарыншалардың арасында мөлдір перде болмайды. Көптеген қүстардың көздері қарама-қарсы жаққа бағытталған. Көп қүстарда сыртқы қүлақ орнында терілі қатпар болады. Есту сүйекшелерінің орнында тек бір сүйекше болады. Оны баган сүйекшесі — деп атайды.

Қүс анатомиясы бойынша бақылау сүрақтары:

  1. І.Үшуға бейімделуіне байланысты кұс денесі мен қаңқасындағы ерекшеліктер.

  2. 2 Қаңқа мен бүлшық еттер қүрылысындағы ерекшеліктер.

  3. Тері жабыны және оның туындылары қүрылысындагы ерекшеліктер.

  4. Ас қорыту мүшелері күрылысындағы ерекшеліктер.

  5. Тыныс алу мүшелері қүрылысындағы ерекшеліктер.

  6. Несеп-жыныс мүшелері қүрылысындағы ерекшеліктер.

  7. Тамырлар және жүйке жүйелері мүшелері күрылыстарындағы ерекшеліктер.

5

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]