Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KIRISPE.doc
Скачиваний:
219
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
3.14 Mб
Скачать

II тарау бойынша бақылау сүрақгары:

  1. Жануарлар морфологиясының даму кезендерін атап, оларға сипаттама беріңіз.

  2. Ертедегі жаратылыстану ғылымдары салалары дамыған өркениетті елдерді атаңыз.

  3. Морфологияны дамытудағы Көне Грекия ғалымдарының еңбектері туралы не білесіз?

  4. Ертедегі Рим ғалымдарының морфологияға қосқан үлесі.

  5. Орта ғасырдагы шығыс ғалымдарының және “Қайта өрлеу” дәуірі ғалымдарының морфологияны дамытуға қосқан еңбектері туралы не білесіз?

  6. Микроскопты ойлап тапқан қандай ғүламаларды білесіз?

  7. Торшаны түңғыш ашкдн кдй елдің оқымыстысы? Оның еңбегіне тоқгалыңыз.

  8. Торша қүрылымдары қүрылысын зерттеген галымдарды атаңыз.

  9. “Торша теориясын” ашқан ғүламаларды атап, олардың еңбектеріне тоқталыңыз.

  10. Қандай оқымыстылардың еңбектері “Цитология” ілімінің негізін қалады?

  11. Гистологияның дамуына қосқан Ресей ғалымдарының үлесі.

  12. Эмбриологиядағы ғылыми ағымдар, оларды жақтаған ғалымдарды еске түсіріңіз.

  13. Үрықтың дамуы туралы преформисттердің қате көзқарастарын әшкерелеп, эпигенез теориясының іргетасын жасаған орыс ғалымының еңбегіне тоқталыңыз.

  14. Анатомия ғылымын дамытудағы оқымыстылардың еңбектерін атаңыз.

  15. Жануарлар анатомиясының дамуына сүбелі үлес қоскан ғалымдарды атап, олардың еңбектеріне тоқталыңыз.

  16. Морфология саласының Қазақстандағы дамуына үлес қосқан ғалымдарды атап, олардың еңбектерін еске түсіріңіз.

III тарау. Латын терминологиясының негізі

Латын тілі туралы қысқаша мәлімет. Латын тілі — біздің дәуіріміздеи бірнеше ғасыр бұрын, қазіргі Италия мемлекеті орналасқан Апеннин түбегінің орталығындағы Лациум (Ьасіиш) аймағында өмір сүріп, тіршілік еткен “латинян” деген тайпаның тілі. Аталған аймақтың орталық қаласы б.з.б. VIII ғасырда ірге- тасы қаланған, қазіргі кезде Италия мемлекетінің астанасы Рим қаласы болатын. Лаңиум аймағының халқы б.з.б. III — II ғасыр- ларда коптеген көрші елдерге соғыс ашып, оларды (Грекия, Маке- дония, Карфаген, Сирия, Мысыр, Галия, Британия, Азия мен Африканың біраз жерлері) күшпен бағындырып, халқының қүрамы әр түрлі және түрлі тілде сойлейтін Рим империясын қүрды. Оның территориясы қазіргі замандағы батысы Порту- галиядан бастап, шығысы Румыниямен шектеліп жатқан үлкен аймақты алып жатты. Латын тілі Рим империясының ресми мемлекеттік тіліне айналып, мемлекет қүрамындағы барлық ха- лықтар латын тілінде сойлеп, жаза бастады. Демек, латын тілі халықаралық тіл деңгейіне көтерілді. Рим мемлекетіне дейін ғылыми, әдеби және мәдени жағынан дәуірлеп дамыған Грекия тілі де, латын тілімен қатар Рим империясы өміріне үлкен ықпал етіп, өз кезегінде латын тілінің ғылым, әдебиет, мәдениет тілі ретіндегі дамуына зор әсерін тигізді.

Жазудың дамуына байланысты омірге латын әліпбиі келді. Бірақ, оның күрамына кейбір грек әріптері де енді. Мысалы, Ү- ипсилон, Ъ - зета. Латын тілі б.з.б. I ғасырда шарықтап дамыды. Сол кездегі заманының асқан дарынды философтары, жазушылары, ғалымдары, ақындары (Цицерон, Цезарь, Гораций, Лукреций, Вергилий, Овидий т.б.) өз туындыларын латын тілінде жазды. Қазіргі таңда таза латын тілінде сөйлейтін ел жоқ және ол мем- лекеттік тіл мәртебесін де жоғалтқан. Сондықтан да, латьін тілін “өлі тіл” деп те атайды. Себебі, Рим империясы күлағаннан кейін, оның қоластындағы халықтар өз мемлекеттерін қүрып, өз ана тіл- дерін дамытты. Бірақ, жаңа мемлекеттер тілдерінің дамуына латын тілінің күшті ықпалы нәтижесінде латын тілінен туындаған коптеген мемлекеттік тілдер өмірге келді. Бүл тілдер тобын “роман (лат. Кота - Рим) тілдері”, — деп атайды. Роман тілдеріне итальян, испан, португал, румын, француз және латын америкасындағы мемлекеттер тілдері жатады.

Қазіргі кезде, латын тілі — халықаралық ғылымдар тілі. Латын тілінің медицина мен ветеринария салаларына ғылыми терминология ретінде енуіне Рим ғалымдары А. К. Цельс пен

К. Гален зор үлес қосты. Бүларға дейін медицина мен вете- ринария атаулары тек грек тілдерінде ғана болған. Себебі, адам- зат тарихында ғылыми медицина мен ветеринарияның іргетасын қалап, оларды дамытқан көне Грекия ғүлама дәрігері Гиппократ және оның ізбасарлары мен шәкірттері еді. Медициналық латын терминологиясын қалыптастыруда Римнің ғалым-дәрігері Авл Корнелий Цельс (б.з.д. I ғ., б.з. I ғ. бірінші жартысы) орасан зор еңбек егті. Ол “Медицина туралы” сегіз томдық кітап жа- зып, медицина ғылымына бүрын ғылымда үстем грек тілімен қатар, жаңа латын терминологиясын енгізіп, ғылымдағы оның атқаратын маңызын көрсетті. Римде өмір сүрген грек философы ғалым-дәрігер Клавдий Гален (б.з. 130-200 ж.ж.) Гиппократтың медициналық ғылыми туындыларына арнайы сөздік жасап, грек-латын қостілдік (билингвизм) медициналық терминоло- гияның қалыптасуына зор еңбек сіңірді. Анатомиялық но- менклатурада анатомиялық атаулардың латын тілінде аталып, клиникалық практикада аурулардың грек тілінде жазылуы қостілдіктің көрінісі.

Латын тіліндегі халықаралық анатомиялық терминология дүниежүзіндегі барлық елдердің морфолог-ғалымдарына ортақ және ғылыми байланыс тілі қызметін атқаруда.

Термин (лат. Іегтіпив — шекара, шегі, термин) — арнайы ғылыми мағынаны анықтайтын сөз немесе сөз тіркесі. Терминге тән қасиет — бір мағыналық (моносемия, грек. топоз — бір, біреу; зетеіоп — белгі). Терминнің қазақша баламасы — атауыш. Атауыш ғылыми түсінігінің мөні анықтауыш (лат. сіеііпііло — анықтауыш) арқылы анықталады. Ғылыми терминдердің көзі - латын және көне грек тілдері. Бүл тілдер 2000 жылдан астам мерзім ішінде сөйлеу тілі ретінде өздерінің маңызын жоғалтқан. Латын жөне көне грек тілдерінің әрбір сөздері бір мағыналық ойды айқындап, халықаралық ғылыми терминге немесе номенклатура атауларына айналады.

Терминология (лат. Іегтіпш — термин; грек. іойоз — ілім) — ғылыми түсініктер туралы ілім. Ол — белгілі бір ғылым ауқымы түсініктер жүйесіндегі ғылыми терминдердің мәнін анықтау үшін қолданылып жүрген атауыштардың (сөздер немесе сөз тіркес- терінің) жиынтығы.

Номенклатура (лат. потепсіаіига — атаулар жиынтығы) — белгілі бір ғылым ауқымында қолданылып жүрген атауыштар мен кате- гориялардың жиынтығы. Мысалы, жануарлар морфологтарының халықаралық конгресстерінде (лат. соп§геззиз — жиналыс, мәжіліс) “Халықаралық анатомиялық номенклатура”және “Халықаралық гистологиялық номенклатура” бекітілген. Окулықгар, оку қүралдарын, ғылыми туындыларды жазу барысында, терминдердің қаншама қазақша баламасын пайдаланғанмен, осы аталған номенклатуралардан алшақ кетуге болмайды.

Латыи әліпбиі, латын терминдерінің оқылу ережелері. Латын әліпбиі 24 әріптен түрады. Олар:

Баспа түрі

Аты

Оқылу

A a

a

a

В b

бэ

б

С с

ЦЭ

Ц, к

D d

дэ

д

Е е

э

э

F f

эф

Ф

G g

гэ

г

Н һ

ха

г мен х арасы

I і (J І)

и (йот)

и (й)

К k

ка

к

L 1

эль

ль

М m

эм

м

N п

эн

н

Оо

0

0

Рр

пэ

п

Qq

ку

к

Rr

эр

Р

Ss

эс

С, 3

Tt

тэ

т

Uu

У

У

Vv

вэ

в

Xx

икс

кс, кз

ү y

ипсилон

и

Z z

зета

з, кейде ц

Латын әріптерінің емлесі

Латын әліпбиіндегі дауыссыз дыбыстарға: b, с, d, f, g, һ, k, 1, m, n, p, q, r, s, t, v, x, z әріптері, ал дауысты дыбыстарға: a, е, і, o,u, у әріптері жатады.

Терминдерде қатарынан жазылатын дауысты дыбыстар тіркесін дифтонгтар (грек. diphthongos — қос дауысты) — деп атайды.Оларға латын терминдерінде кездесетін: ае, ое, au, еи дифтонгтары жатады.

Дауысты дыбыстардың оқылуы

A a - “а” болып оқылады. Мысалы, caput (капут) - бас.

Оо - “о” болып оқылады. Мысалы, opticus (оптккус) - көру.

U u - “у”болып оқылады. Мысалы, nervus (нэрвус) — жүйке, genu (гэну) — тобық.

E e — “э” болып оқылады. Мысалы, vertebra (вэртэбра) - омыртқа.

I і - “и” болып оқылады. Мысалы, digitus (дигитус) - саусақ, бакай. Ал J j әрпі сөздің басында дауысты дыбыс алдында немесе сөз ортасында екі дауысты дыбыстар арасында жазылса, онда ол “й” болып оқылады. Мысалы, jodum (йодум) - йод, major (майор) — үлкен.

ү у — “иболып оқылады. Бүл әріп негізінен көне грек тілінен енген терминдерде кездеседі. Мысалы, pharynx (фаринкс) - жүтқыншақ, larynx (ляринкс) — көмекей, көмей.

Дифтонгтардьщ оқылуы

ае — дифтонгі “э” болып окылады. Мысалы, vertebrae (вэртэбрэ) — омыртқалар (көпше түрі).

ое — дифтонгі “ё”, кейде “э” болып оқылады. Мысалы, foetus (фетус) — іштөлі.

ае және ое — тіркестері дифтонгтар құрамайтын болса, онда тіркестегі әріптер жеке дьібыстар ретінде оқылады. Бүндай жағдайда бір әріптің төбесіне екі нүкте қойылады. Мысалы, аёг (аэр) — ауа.

au — “ay” болып, “у” қысқа оқылады. Мысалы, auris (аурис) — қүлақ.

еи — “эу” болып, “у” қысқа оқылады. Мысалы, pleura (плэура.) — ішперде.

Дауыссыз дыбыстардың оқылуы

С с - әрпі е, і, у дауысты дыбыстарының және ае, ое дифтонг- тарының алдында “ц” болып оқылады. Мысалы, cerebellum (цэрэбэллум) - мишық, acidum (ацидум) қышқыл; cytus (цитус) - торша, клетка; caecum (цэкум) - бүйен; соеііа (цэлиа) - дене қуысы. Ал басқа дыбьістардың алдында “к” болып оқылады. Мысалы, caput (капут) - бас; crista (криста) қыр; Іас (лак) — сүт.

L 1 - “ль” болып оқылады. Мысалы, animal (анималь) - жануар; collum (кольлюм) — імойын; labium (лябиум) — ерін.

Q q - “кв” болып оқылады. Мысалы, aqua (аква) - су; liquor (ликвор) — сүйық.

S s “с”, ал дауысты дыбыстар аралығында, сондай-ақ, дауысты дыбыстар мен дауыссыз “ш” және “п” дыбыстары арасында “з” болып оқылады. Мысалы, septum (сэптум) — перде, перделік; scapula (скапула) — жауырын; basis (базис) — негіз; plasma (плазма) — плазма; mensio (мензио) — өлшеу.

X х — “кс”, ал дауысты дыбыстар аралығында “кз” болып оқылады. Мысалы, radix (радикс) — тамыр (өсімдікте), түбір, тү- біршік (анатомияда); apex (апекс) - төбесі, үшы; exitus (экзитус) - нәтиже.

Z z — грек тілінен шыққан терминдерде “з” болып оқылады. Мысалы, zygoma (зигома) - бет; zona (зона) - аймақ. Ал басқа тілдерден туындаған терминдерде “ц” болып оқылады. Мысалы, zincum (цинкум) — мырыш.

nqu сөздердегі әріптер тіркесі “нгв” болып оқылады. Мысалы, linqua (лингва) — тіл; unqis (унгвис) — тырнақ.

ti - әріптер тіркесі “ци”, ал “s” және “х” дауыссыз дыбыстары соңында “ти” болып оқылады. Мысалы, substantia (субстанция) — зат; mixtio (микстио) — араласу; ostium (остиум) — кіреберіс тесік.

Грек тілінен туындаған терминдердегі төмендегідей әріптер тір- кестері тек бір дыбыс ретінде оқылады:

сһ — “х” болып оқылады. Мысалы, chirurgus (хирургус) — хирург, оташы.

рһ - “ф” болып оқылады. Мысалы, encephalon (енсзфалон) —

ми.

гһ - “р” болып оқылады. Мысалы, гһарһе (рафе) жік. th — “т” болып болып оқылады. Мысалы, thorax (торакс) — көкірек керегесі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]