Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KIRISPE.doc
Скачиваний:
219
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
3.14 Mб
Скачать

2)Бүйрекүсті безінің краниальды тармағы;

3)сол қарын артериясы, мес қарын мен жүмыршақтың аралығымен өтеді. Ол қатпаршақ маңында қосымша жүмыршақ артериясын (a. gastrica sinistra) бөледі де, үлтабардың үлкен иініне қарай бағытталып, сол қарын-шарбы артериясына (a. gastro-epiploica sinistra) айналады. Қой мен ешкіде сол қарын артериясы кобіне бауыр артериясынан ажырайды.

4)бауыр артериясы үйқы безіне қоректендіргіш тармақтар бөліп, бауырға енгенге дейін, оң және сол артерия тармақтарына ажырайды. Бауыр артериясының оң артерия тармағы — бауырдың қүйрықтьт болігіне артерия тармақтарын және өт қабына өт қабының артериясын (a. cystica) бөледі. Сиырда от қабының артериясы қарын-он екі елі ішек артериясынан (a. gastro-duodenalis) бөлінеді. Ал бауыр артериясының сол артерия тармағы үлтабардың кіші иіні бойымен отіп, оң қарын артериясын және қарын-он екі елі ішек артериясын боледі. Қарын-он екі елі ішек артериясынан өз кезегінде краниальды үйқы безі-он екі елі ішек артериясы (а. pancreatico-duodenalis) және оң қарын-шарбы артериясы (a. gastro- epiploica dexstra) болінеді.

5)көкбауыр артериясы мес қарынның алдыңғы және жоғарғы жағымен отіп, бірнеше артерия тармақтарына болініп, кокбауыр қақпасы арқылы кокбауырға енеді. Кокбауыр артериясынан үйқы безінің артерия гармақтары және сол мес қарын сайьшен өтетін сол мес қарын артериясы (a. ruminalis sinistra) ажырайды. Кейбір жануарларда сол мес қарын артериясы сол қарын артериясынан бөлінеді. Сол мес қарын артериясынан жүмыршаққа жүмыршақ артериясы (a. reticularis) ажырайды. Өз кезегінде жүмыршақ артериясы кокет пен өңешке қоректендіргіш артерия тармақтарын бөледі. Қойда жүмыршақ артериясы сол қарын артериясынан ажырайды. Көкбауыр артериясынан жоғарыда аталған артериялардан басқа, шарбы артерия тармақтары және оң мес қарын артериясы (а. ruminalis dextra) болінеді. Оң мес қарын артериясы мес қарынның оң үзынша сайымен етіп, сол мес қарын артериясымен жалғасады.

2.Краниальды шажырқай артериясы (краниальная брыжеечная артерия) — a. mesenterica cranialis — қүрсақ қолқасынан 1-2-інші бел ОіМыртқалардың түсынан, іш артериясынан кейін болінетін тақ артерия. Краниальды шажырқай артериясынан ащы ішектің аш ішек болігіне бірнеше аш ішек артерияларын (аа. jejunales) боледі. Бүл артериялар озара және олардың алдыңғы үштары үйқы безі-

он екі елі ішек артериясымен, соңғы үштары каудальды шажырқай артериясымен жалғасып, ішектер арасындағы коллатеральды тармақтар түзеді. Краниальды шажырқай артериясы жуан ішекке мык^ін-тоқ ішек артериясын (a. ііео-соііса) бөледі. Мықын-тоқ ішек артериясы өз кезегінде үш артерия тармағына ажырайды. Олар:

1)тоқ ішек тармағы (r. colicus), тоқ ішектің бастапқы бөлімін тамырландырады;

2)бүйен артериясы (a. cecalis), бүйенді қоректендіреді;

3)оң тоқ ішек артериялары (аа. colicae dextrae), тоқ ішектің оң жақ ілмегін тамырландырады.

Ерекшеліктері. Жылқыда краниальды шажырқай артериясы қысқа болады. Одан бірнеше артериялар мен тармақтар бөлінеді. Олар:

1)аш ішек артериялары, ащы ішекті қоректендіретін 18-20 шақты артерия тармақтарынан түрады;

2)ортаңғы және оң тоқ ішек артерияларының жалпы бағаны, үлкен тоқ ішектің жоғарғы ортаңғы және оң бөліктерін тамырландырады. Тоқ ішектің жалпы артерия бағанынан бөлінетін оң тоқ ішек артериясы (a. colica dextra), үлкен тоқ ішектің дорсальды жарты ілмегін тамырландырады;

3)мықын-тоқ ішек артериясы (a. ііео-соііса) өз кезегінде үш артерия тармағына ажырайды. Олар:

а) тоқ ішск тармағы (r. colicus) үлкен тоқ ішектің вентральды жарты ілмегін қоректендіреді;

ә) латеральды және медиальды бүйен артериялары (a. cecalis lateralis et medialis) бүйенді тамырландырады;

б) мықын тармағы (г. ііеі) мықын ішекті қоректендіреді.

Күйіс қдйтаратын жануарларда краниальды шажырқай артерия-

сынан көптеген аш ішек артериялары мен жанама (коллатеральды) артерия тармақгары бөлініп, аш ішекті қанмен қоректендіреді. Жуан ішекті орталық тоқ ішек артериясы (a. colica mediana) және мыідын- тоқ ішек артериясы (a. ііео-соііса) тамырландырады. Мықын-тоқ ішек артериясынан мьпдын-бүйен артериясы (a. ileo-cecalis) бөлініп шығып, бүйен тармағы мен мықын артериясына ажырайды да, аталған мүше- лерді қоректендіреді. Краниальды шажырқай артериясынан бөлінетін орталық тоқ ішек артериясынан тоқ ішекті қоректендіретін тоқ ішек тармақгары (гг. соіісі) тоқішектің проксимальды ілмегі мен центрипе- тальды оралымдарын, ал оң тоқішек артериялары (аа. colici dextra) оның дистальды ілмегі мен центрифугальды оралымдарын қоректендіреді.

Шошқада үзын келген краниальды шажырқай артериясынан ішектерді қоректендіруге бірнеше артерия тармақтары бөлінеді. Олар:

а) аш ішек артериялары 8-12 артерия тармақтарынан түрады. Бүлар аш ішек ілмектерін таімырландырады;

ә) мықын-тоқ ішек артериясы мықын және тоқ ішектерді тамырландырады. Бұл артерияның тоқ ішек тармағы тоқ ішектің орталыққа тепкіш оралымдарын қоректендіреді;

б) орталық және оң тоқ ішек артерияларының жалпы бағаны

тоқ ішектің орталықтан тепкіш оралымдарын қоректендіреді.

Итте үзындау келген краниальды шажырқай артериясынан аш ішек ілмектерін қоректендіруге 15-19 аш ішек артериялары бөлінеді. Жуан ішекті тамырландыруға мықын-тоқ ішек, оң және орталық тоқ ішек артериялары бір артерия бағаны болып ажырайды.

3.Бүйрек аргериясы (почечная артерия) — a. renalis — күрсақ қолқасынан краниальды шажырқай артериясымен қатар бөлініп, бүйректі артерия қанымен қамтамасыз ететін жүп қан тамыры. Бүйрек артериясынан несепағар тармағы (r. uretericus) және бүйрекүсті безінің каудальды тармағы (r. suprarenalis caudalis) бөлінеді.

4.Бүйрекүсті безі артериялары (надпочечные артерии) - аа. suprarenales — көбіне бүйрек артериясынан ажырайды. Бүйрекүсті безін тамырландырады.

5.Іиікі тұқымдық артерия (внутренняя семенная артерия) жыныс бездерін қоректендіретін жүп қан тамыры. Еркек жануарларда бүл артерия ен артериясы (a. testicularis), ал үрғашы жануарларда жұмыртқалық артериясы (a. ovarica) — деп аталады. Ен артериясы шап өзегі арқылы өтіп, енді, ен қосымшасын және шәует жолын тамырландырады. Жүмыртқалық артериясы жатыр түтігі мен жатыр мүйіздеріне арналған тармақтар бөледі.

6.Каудальды шажырқай артериясы (каудальная брыжеечная артерия) — a. mesenterica caudalis — қүрсақ қолқасынау соңғы бел омыртқалардың түсынан ажырайды. Каудальды шажыркай артериясынан екі артерия тармағы бөлінеді. Олар:

а) сол тоқ ішек артериясы (a. colica sinistra) тоқ ішектің тәмендеген бөлігін (жылқыда кіші тоқ ішекті) тамырландырады.

ә) краниальды тік ішек артериясы (a. rectalis cranialis) тік ішекті қоректендіреді. Бүл артерия каудальды тік ішек артериясымен жалғасады.

Құрсақ қолқасының артериялары бойынша бақылау сұрақтары:

  1. Құрсақ қолқасының орналасу орнын (топографиясын) анықтаңыз.

  2. Қүрсақ қолк.асының бел жәие күрсақ қабырғаларын тамырландыратын париетальды артерия тармақтарын атагі, олардың әр қайсысына жеке-жеке тоқталыңыз,

  3. Қүрсақ қолқасының тақ висцеральды артерияларын еске түсіріңіз. Олар тамырландыратын мүшелерді атаңыз.

  4. Қүрсақ қолқасынан ажырайтын кандай жүп висцеральды артерияларды білесіз? Олар тамырландыратын мүшелерді атаңыз.

  5. Тақырып мотініндегі қазақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алып, оларды жаттаңыз.

АЛДЫҢҒЫ АЯҚ АРТЕРИЯЛАРЫНЫҢ ТАРМАҚТАРЫ

Алдыңғы аяқ артериялары бүғанаасты артериясының жалғасы — қолтық артериясының тармақтары болып табылады. Бүғанаасты артериясы сыртқы көкірек артериясы ажырағаннан кейін, қолтық артериясы (a. axillaris) — деп аталады.

Онтогенездің бастапқы кезеңінде, іштөлі түлғасының бүйір қабырғасынан томпайып шыққан аяқтар бастамаларының ішіне төрт метамерлі (сегментті) артериялар бастамалары енеді де, қан капил- лярлары торына тарамдалады. Аяқтар бастамаларынан вена қаны шеткі венатамырлары арқылы ағып шығады. Іштәлінің өсуіне сәйкес алдыңғы аяқтардың құрыльісы да күрделене түседі. Осыған байланысты алдыңғы аяқгар бастамасындағы бастама қан капилляр- лары торынан негізгі магистральды артериялар және олардың бүйірлік (латеральды) артерия тамырлары кдлыптасыгі, дамып жетіле бастайды. Алдыңғы аяқ магистральды артериясының негізін бұғанаасты арте- риясының жалғасы қолтық артериясы қүрайды. Қолтық артериясынан алдыңғы аяқтың белдеуін қанмен қамтамасыз ететін жауырынасты

артериясы ажырайды. Ал аяқтың еркін қозғалатын бөлімінің магис- тральды артериясы қызметін, қолтық артериясының жалғасы — иық артериясы атқарады. Алдыңғы аяқтың білек аумағында, иық артерия- сынан орталық артерия және онымен қатар жетілетін, оның бүйірлік артерия тармақгары (коллатеральдары) болып саналатын кәрі жілік артериясы мен шынтақ артериясы қалыптасып жетіле бастайды. Алдыңғы аяқтың тізе аумағында осы үш артерия тармақтарынан тамырлы тор түзіледі. Осы тор тамырларынан алдыңғы (дорсальды) жөне артқы (пальмарлы) жіліншік артериялары қалыптасып, олардлн жануарлардың түрлеріне байланысты қүрылысы мен орналасу орындары түрліше бақай артериялары жетіледі.

Алдыңғы аяқты артерия қанымен қамтамасыз ететін негізгі магистральды қан тамыры — қолтық артериясьі.

Қолтық артериясы (подмышечная артерия) — a. axillaris — бүғана

асты артериясының тікелей жалғасы. Ол иық буынының медиальды

бетінде аттас венамен қатар орналасып, өз кезегінде алдыңғы аяқ

аумақтарын артерия қанымен қамтамасыз ететін бірнеше артерия тармақгарын бөледі. Олар:

1.Сыртқы көкірск артериясы (наружная грудная артерия) — а. thoracica externa — көкірек бүлшық еттерін артерия қанымен қамтамасыз етеді.

Ерекшеліктері. Шошқа мен итте сыртқы көкірек артериясы көкірек бүлшық еттеріне артерия тармақгарын ажыратқаннан кейін, латералды көкірек артериясы (a. thoracica lateralis) — деп аталып, көкірек аумағының терісі мен сүт безіне қоректендіргіш артерия тармақтарын (rr. cutanei et rr. mammarii lateralis) бөледі.

2.Жауырынүсті артериясы (надлопаточная артерия)— a. suprascapularis, жауырын аумағының терісі мен теріасты бүлшық етін тамырландырады.

Ерекшеліктері. Жауырынүсті артериясы қолтық артериясынан

жеке артерия тармағы ретінде жылқы мен күйіс қайтаратын жануарларда ғана бөлінеді.

Шошкдда аталмыш артерия жауырынасты артериясының тармағы. Итте бүл артерия беткей мойын артериясынан ажырайды.

3.Жауырьшасты артериясы (подлопаточная артерия)— a. subscapu-

laris — жауырынның артқы жиегімен каудодорсальды бағытта

жауырынның жоғарғы негізіне карай көтеріліп, үшбасты бүлшық еттің

үзын басының медиальды бетімен жүріп, жауырынасты және үлкен

жүмыр бүлшық еттеріне қоректендіргіш артерия тармақгарын бөледі.

Жауырынасты артериясынан бүлардан басқа бірнеше артериялар ажырайды. Олар:

1)көкірек-арқа артериясы (a. thoraco-dorsalis) арқаның тым жалпақ бүлшық еті мен үлкен жүмыр бүлшық етін тамырлавдырады. Бүл артерия соңғы тармақгарымен 5 -інші кабырғааралық артериямен жалғасады;

2)каудальды айналмалы иық артериясы (a. circumflexa humeri caudalis) иық буынынан артқа қарай, алдымен жауырынасты және

үлкен жүмыр бүлшық еттерінің аралықтарымен өтіп, онан соң, үшбасты бүлшық еттің үзын және латеральды бастарының ара- сымен, латеральды басының ішкі бетімен иық буынының сыртқы латеральды жағына шығады да, медиальды айналмалы иық арте- риясымен жалғасады. Каудальды айналмалы иық артериясы жол бойы иық буынының аталған бүлшық еттеріне қоректендіргіш артерия тармақтарын бөледі.

Ерекшеліктері. Шошқада жауырынасты артериясының тармағы каудальды айналмалы иық артериясынан жауырынның латеральды бетінде жауырынүсті артериясы және медиальды айналмалы иық артериясына (a. circumflexa humeri medialis) ажырайды.

Жылқыдан басқа жануарларда бүл артериядан айналмалы жауырын артериясы (a. circumflexa scapulae) мен коллагеральды кәріжілік артериясы (a. collateralis radialis) бөлінеді. Каудальды айналмалы иық артериясының төмендеген тармағы (r. descendens) күйіс қайтаратын жануарларда, шошқада және итте тым жақсы жетілген. Ал жылқыда бүл тармақ болмайды.

4.Иық артериясы (плечевая артерия) — a. brachialis — иықаума- ғының негізгі магистральды артерия қан тамыры. Иық артерия- сынан иық аумағын артерия қанымен қамтамасыз ететін бес арте- рия ажырайды. Олар:

1)терең иықартериясы (a. profunda brachii) иықартериясьшан тоқпан жіліктің орта шенінде каудальды бағытга ажырап, шынтақ буынының жазғыш бүлшық еттеріңце тарамдалып, соларды қоректендіреді.

Ерекшеліктері. Жылқыда терең иықартериясы өте жақсы жетілген. Ол жылідыда жетілмеген каудальды айналмалы иық артериясының төмендеген тармағының қызметін атқарады. Ал басқа жануарларда терең иық артериясы салыстырмалы нашар жетілген.

2)коллатеральды шынтақ артериясы (a. collateralis ulnaris) иық артериясынан тоқпан жіліктің дистальды бөлігінен каудальды бағытта ажырайды.

Ерекшеліктері. Жылқы мен шошқада коллатеральды шынтақ артериясы шынтақ артериясына (a. ulnaris) айналады. Күйіс қайтаратын жануарлар мен итте бүл артерия нашар жетілген.

3)екібасты бүлшықет артериясы (a. bicipitalis) иық артериясынан тоқпан жіліктің орта түсынан ажырап, екібасты бүлшықетті қанмен қамтамасыз етеді.

4)шынтақгың көлденең артериясы (a. transversa cubiti) шынтақ буынының бүккіш бетінен краниальды бағытта бөлініп, тізе және бақай буындарының жазғыш бүлшық еттерін тамырландырады.

Ерекшеліктері. Жылқьща, күйіс қайтаратын жануарларда және шошқада шынтақтың көлденең артериясы жалпы сүйекаралық артериямен жалғасып, шынтақтағы тамырлы торды түзуге қатысады.

5)жалпы сүйекаралық артерия (a. interossea communis) білек сүйектерінің проксимальды сүйекаралық саңылауы түсынан басталып, сүйекаралық каудальды және краниальды артерияларға ажырайды.

а) сүйекаралық каудальды артерия (a. interossea caudalis) дорсальды тізе торын (rete carpi dorsale) және терең пальмарлық доғаны (arcus palmaris profundus) түзуге қатысады. Терең пальмарлық доғадан өз кезегінде жіліншіктің пальмарлық терең артериялары (аа. metacarpeae palmaris profundae) шығады.

Ерекшелікгері. Жылқыда және күйіс қайтаратын жануарларда сүйекаралық каудальды артерия жетілмеген. Шошқа мен итте сүйекаралық каудальды артерия сүйекаралық краниальды артерияға қарағанда ірі болып келеді.

ә) сүйекаралық краниальды артерия (a. interossea cranialis) білек аумағының алдыңғы бүйір бетімен өтіп, тізе және бақай буындары- ның жазғыш бүлшық еттерін тамырландырады.

Ерекшеліктері. Сүйекаралық краниальды артерия жылқьща және күйіс кдйтаратын жануарларда өте жақсы жетілген. Ол өз кезегінде сүйекаралық терең иық артериясымен жалғасатын сүйекаралық қайтарма артериясын бөледі. Сүйекаралық краниальды артерия тізеге қарай төмендеп, дорсальды тізе торын жасауға қатысады және пальмарлы тізе торына артерия тармағын бөледі. Күйіс қайтаратын жануарларда сүйекаралық краниальды артерияның төмендеген соңғы тармағы IV терең пальмарлы жіліншік артериясымен қосылып, IV бақайдың латеральды артериясына айналады.

Шошқа мен итте сүйекаралық краниальды артерия нашар жетілген.

5.Орталық артерия (срединная артерия) — a. mediana — иық артериясының жалғасы. Иық артериясы жалпы сүйекаралық артериясы ажырағаннан соң, орталық артерия — деп аталады. Орталық артерия кәрі жіліктің медиальды бетімен төмен түсіп, тізенің тамырлы торы мен жіліншік артерияларын түзуге қатысады. Орталық артериядан алдыңғы аяқтың білек аумағынан бастап, одан төмен жатқан аумақтарды артерия қанымен қамтамасыз ететін бірқатар артериялар ажырайды. Олар:

1)терең білек артериясы (a. profunda antebrachii) тізе және бақай буындарының бүккіш бүлшық еттерін тамырландырады.

2)кәріжілік аргериясы (a. radialis) тізе буынының жазғыш бүлшық еттерін қоректендіреді.

3)тізенің дорсальды тамырлы торы мен пальмарлық жіліншік артерияларын түзуге қатысатын артерия тармақтары.

Ерекшеліктері. Жылқыда орталық артериядан терең білек артериясы бөлінгеннен кейін, проксималъды кәрі жілік артериясы (а. radialis proximalis) ажырайды. Бүл артерия тізеге дейін төмендеп,тізенің дорсальды және пальмарлы тармақтарына (rr. carpeus dorsales et palmares) бөлінеді. Тізенің дорсальды тармағы төмен түсіп, өз кезегінде II -ші және III -ші дорсальды жіліншік артерияларына айналады.

Кәріжілік артериясы (a. radialis) II дорсальды жіліншік артериясына байланыстырғыш артерия тармағын бөлгеннен кейін, терең пальмарлық доғаны түзуге артерия тармағын ажыратады да, одан әрі

екі артерия тармағына бөлініп, II және III пальмарлы жіліншік артерияларына (аа. metacarpeae palmares II et III) айналады. Бұл артериялар үшінші сүйекаралық бүлшық етке қоректендіргіш тармақтар бөліп, одан соң, III бақайдың жалпы пальмарлы артериясының (a. digitalis palmaris communis III) тармағымен қосылып, беткей пальмарлықдоғаны (arcus palmaris superficialis) түзеді.

Орталық артерия кәріжілік артериясы бөлінгеннен соң, коллате- ральды шынтақ артериясымен жалғасатын пальмарлы тармақ (r. pal­maris) бөледі де, III бақайдың жалпы пальмарлы артериясы (a. digitalis palmaris communis III) - деп аталады. III бақайдың жалпы пальмарлы артериясы III жіліншіктің дорсальды артериясы тармағымен қосылып, медиальды бақай артериясымен жалғасып кетеді.

Беткей пальмарлық доғаны жасауға артерия тармағын ажырат- қаннан соң, орталық артерияның жалғасы II бақайдың жалпы пальмарлы артериясы (a. digitalis palmaris communis II) — деп аталады. II бақайдың жалпы пальмарлы артериясы — түсамыс буынының жоғарғы жағында латеральды және медиальды бақай артерияларына (аа. digitalis lateralis et medialis) тарамдалады. Аталған бақай артериялары бақайдың дорсальды және пальмарлы беттерінде проксимальды, ортаңғы, дистальды тармақтарға ажырайды және дистальды майтабан артериясын (a. tori distalis) бөледі. Латеральды және медиальды бақай артериялары II бақай буынына топай артериясын (a. согопагіа) бөлгеннен кейін, түяқ сүйектің үлтан бетінде бір-бірмен жалғасып, соңғы доғаны (arcus terminalis) түзеді.

Күйіс кдйтарагыіі жануарларда орталық артерия терең білек және кәріжілік артерияларын бөлгеннен соң, тізе аумағында беткей паль- марлы артерия тармағы (r. palmaris superficialis) ретінде одан әрі жалғасып, терең және беткей пальмарлы доғаларды (arcus palmaris profundus et superficialis) түзуге кдтысады. Терең пальмарлы доғадан II-IV жіліншіктердің пальмарлы артериялары (аа. metacarpea palmares II-IV) бөлініп шығады. II-IV жіліншіктердің пальмарлы артерияларынан III жіліншіктің проксимальды және дистальды тескіш артериялары (аа. perforans proximalis et distalis III) ажырайды. Бүлар жіліншіктің жоғарғы және төменгі өзектері арқылы, оның алдыңғы бетіне шығады.

Беткей пальмарлы доғадан III және II бақайдың жалпы пальмарлық артериялары басталады.

1)II бақайдың жалпы пальмарлы артериясынан (a.digitalis pal­maris communis II) II және III бақайлардың өзіндік пальмарлы артериялары ажырайды. Ал III бақайдың жалпы пальмарлы артериясы (a. digitalis palmaris communis III) жалпы бақайаралық артерия ретінде төмендеп, III және IV бақайлардың өзіндік пальмарлы артерияларына ажырайды. Өзіндік бақай артериялары өз кезектерінде бақай аумақтарының алдыңғы (дорсальды) және артқы (пальмарлы) беттерінде проксимальды, дистальды бақай, дистальды майтабан және топай артерияларына тарамдалып, түяқ

1)кәріжілік артериясының дорсальды тізелік тармақгары (rr. carpeus dorsalis), 2) коллатеральды шынтақ артериясының дорсальды тізелік тармакдары, 3) пальмарлы жіліншік артерияларының гескіш тармақгары және 4) өзіндік бакдй артерияларьшың дорсальды тармақгары катысалы.

Шошқада терең білек артериясы жалпы сүйекаралық артериядан бүрын иық артериясынан ажырайтындықтан, орталық артерия тек үш тармаққа: кәріжілік артериясына, беткей пальмарлы артерияға және шынтақ тармағына ғана бөлінеді. Алдыңғы аяқ басының терең және беткей пальмарлы артерия доғаларын түзуге кәрЬкілік артериясы, әсіресе, шынтақтармағы қатысады. Осы аталған доғалардан шығатын

II-IV пальмарлы жіліншік артериялары өз кезегінде проксимальды және дистальды тескіш тармақгар бөліп, одан әрі бакдй артерияларына айналады. Олардың тарамдалуы күйіс қайтаратын жануарларға үқсас.

Итте кәріжілік артериясы тізенің жоғарғы жағында беткей пальмарлы және дорсальды тізе артерия тармақгарьша (rr. carpeus palmaris et dorsalis) ажырайды. Дорсальды тізе артерия тармақгарынан дорсальды тізе торы түзіледі. Осы дорсальды тізе торынан І-ІУ дорсальды жіліишік артериялары (аа. metacarpeae dorsales I-IV) шығады. Бүл артериялар алдыңғы жіліншікгердің төменгі жағыңда, иық артериясынан бөлінетін беткей иық артериясының (a. brachialis superficialis) жалғасы білектіңкраниальды беткей артериясының (a. antebrachialis superficialis cranialis) медиальды тармақгарынан басталатьш I-IV жалпы дорсальды баішіай артерияларымен (аа. digitales dorsales communis) қосылып кетеді. Ал кәріжілік артериясьшан бөлінетін екінші тармақ беткей пальмарлы тармағы (r. palmaris superficialis) шынтақжәне каудальды сүйекаралықартерияларының тізелік пальмарлы тармақтарымен бірігіп, терең пальмарлы доғаны жасайды. Бүдан басталатын I-IV пальмарлы жіліншік артериялары орталық артерияның соңғы тармақгарыньщ кдтысуымен жасалған бежей пальмарлы доғаның артерияларымен қосылып, І-ІV жалпы пальмарлы башпай артерияларын (аа. digitales palmares communis) түзеді. Бүл артериялар алдыңғы аяқгьщ башпайлары аумақгарыңца: 1) жілінішкер майтабандарынын тармақтарына, 2)башпайаралық артерияларға және 3) өзіндік пальмарлы башпай артерияларына ажырайды. Соңғы артериялар башпайлардың майтабаңдарына тиісті артерия тармақгарьш бөледі.

Алдыңғы аяқ артериялары бойынша бақылау сұрақгары:

  1. Алдыңғы аяқты қандай артерия қанмен кдмтамасыз етеді? Ол қандай артерияның жалғасы болып табылады?

  2. Алдыңғы аяқтыд жауырын аумағын қандай артериялар тамырландырады?

  3. Иық және шынтақ буындары аумақтарының артерияларын атаңыз.

  4. Білек аумағын қандай артериялар тамырландырады?

  5. Тізенің дорсальды торы мен пальмарлы доғаларды қандай артериялардың тармақтары түзеді.

  6. Қандай артериялар алдыңғы жіліншік аумағын тамырландырады?

  7. Бақай (башпай) аумагын қандай артериялар тамырландырады?

  8. Тақырып мөтініндегі қазакдіа-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алып, оларды жаттаңыз.

ЖАМБАС ҚУЫСЫ ҚАБЫРҒАСЫ МЕН ІШКІ МҮШЕЛЕРІНІҢ АРТЕРИЯЛАРЫ

Жамбас қуысы қабырғасының сүйектік негізін оң және сол жамбас сүйектері мен күйымшақ сүйек жөне олардың бүлшық еттері мен тері жабыны қүрайды. Жамбас қуысында азық қорыту, жыныс және зәр бөлу мүшелер жүйелерінің мүшелері орналасады. Артериялар құрсақ қолқасының соңғы бөлімдерінен бөлінеді. Қүрсақ қолқасынан алдымен жануарлардың артқы аяқтарын қанмен қамтамасыз ететін оң және сол сыртқы мықын артериялары (а. іііаса externa dextra et sinistra) 5 (6) бел омыртқалардың түсынан ажырайды. Ал жамбас қуысы қабырғасы мен оның қуысындағы ішкі мүшелерді қоректендіретін оң және сол ішкі мықын артериялары (a. iliaca interna dextra et sinistra) қүрсақ қолқасынан 6 (7) бел омыртқаның түсында бөлінеді. Ішкі мықын артериялары ажыраған соң, қүрсақ қолқасы орталық құйымшақ артериясы (a. sacralis mediana) — деп аталады. Қүйымшақ аумағын қоректендіретін дорсальды және вентральды артерия тармақтары бөлінгеннен кейін, орталық қүйымшақ артериясы орталық құйрық артериясына (a. caudalis mediana) айналады да, дененің күйрық аумағын қанмен қамтамасыз етеді.

Ішкі мьпдын артериясы (a. iliaca interna) қүрсақ колкдсынан ажы- раған бойда төмен карай және жамбас куысымен каудальды жақкд бағытталып, жамбас куысынан кіші шонданай ойығы арқылы шон- данай доғасы жағындағы жамбас қуысы қабырғасынан сыртқы бөксе аумағына шығып, каудальды бөксе артериясы (a. glutaea caudalis) - деп аталады да, санарты бүлшық етгер тобын тамырландырады. Ішкі мықын артериясы өзінен жамбас қуысының қабырғасын қоректендіретін, париетальды артерияларды және жамбас қуысында жатқан ішкі мүшелерді тамырландыратъш, висцеральды артерия тармақгарьш бөледі.

ІШКІ МЫҚЫН АРТЕРИЯСЫНЫҢ ПАРИЕТАЛЬДЫ ТАМЫРЛАРЫ

1.Мықын-бел артериясы (подвздошно-поясничная артерия) — a. ilio-lumbalis — ішкі мықын артериясынан ажыраған бойда, мықын сүйектің ішкі жамбастық бетімен бойлай жүріп, оның сербек жағындағы сыртқы жағына шығады да, бел, бөксе және санның жалпақ шандырын кергіш бүлшық еттерін тамырландырады.

Ерекшеліктері. Жылқыда мықын-бел артериясы краниальды бөксе және жапқыш артерияларымен бірігіп, қысқа артерия бағаны болып басталады.

Күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада бүл артерия ішкі мықын артериясынан екінші, ал итте бірінші болып ажырайды.

2.Краниальды бөксе артериясы (краниальная ягодичная артерия) — a. glutaea cranialis — мықын сүйек кднатының алдыңғы (дорсальды) жиегі түсынан басталып, үлкен шонданай ойығы аркзылы атгас жүйкемен

бірге бөксе бұлшық етгеріне барып, оларды тамырландырады. Барлық үй жануарларында краниальды бөксе артериясы тым жақсы жетілген.

Ерекшеліктері. Жылқыда краниальды бөксе артериясы мықын- бел және жапқыш артерияларымен бірге бір артерия бағаны болып, ішкі мықын артериясынан басталады.

Күйіс кдйтаратын жануарларда краниальды бөксе артериясы ішкі мықын артериясынан екінші, шошқада төртінші, ал итте екінші артерия тармағы болып ажырайды.

3.Жапқыш артериясы (запирательная артерия) — a. obturatoria — аттас жүйкемен бірге мықын сүйегінің денесі бойымен төмен қарай бағытталып, жапқыш тесігі аумағындағы жапқыш бүлшық еттерін тамырландырады. Жапқыш артериясынан:

а) мықын-сан артериясы (a. iliaco-femoralis) бөлініп, одан өз кезегінде бөксе бүлшық еттерін, санның төртбасты бүлшық етін және санның жалпақ шандырын кергіш бүлшық етін тамырлан- дыратын өрлеме артерия тармағы (г. descendens) ажырайды.

ө) мықын сүйекті қоректендіргіш артерия (a. nutritia іііі) бөлінеді.

Жапқыш артериясы жамбас қуысынан шыққан бойда, лате- ральды жөне медиальды артерия тармақтарына ажырайды. Лате- ральды артерия тармағы жамбас-ортан жілік буынының жақын- датқыш бүлшықеттері мен санарты бүлшықеттер тобын қоректен- діреді. Ал медиальды артерия тармағы еркек жануарларда ортаңғы жыныстықмүше артериясы (a. penis media) — деп аталып, жыныс- тық қатынас мүшесін тамырландырады. Аталмыш артерия ішкі және сыртқы жыныс артерияларының тармақтарымен жалғасады. Ал үрғашы жануарларда бүл артерия ортаңғы клитор артериясы (a. clitoridis media) — деп аталып, клиторды қоректендіреді.

4.Каудальды бөксе артериясы (каудальная ягодичная артерия)—

а. glutaea caudalis - ішкі мықын артериясының соңғы тармағы. Ол аттас жүйкемен бірге кіші шонданай ойығы арқылы жамбас қуы- сынан шығып, санның екі басты бүлшық етін тамырландырады.

Ішкі мыідын артериясынан жылқыда жамбас қуысында жоға- рыда, аталған, париетальды артериялардан басқа қосымша парие- тальды артерия тармақтары ажырайды. Олар:

а) қүйымшақ тармақтары (rr. sacrales) құйымшақ пен бөксе аумағьіның бүлшық еттері мен терісін тамырландырады;

ә) орталық қүйрық артериясы (a. caudalis mediana) орталық қүйымшақ артериясының жалғасы. Ол қүйрық бүлшық еттерін қо- ректендіреді. Орталық қүйрық артериясы 2-3 қүйрық омырт- қаларының түсында вентро-латеральды қүйрық артериясын (а. caudalis ) бөледі. Вентро-латеральды қүйрық артериясы қүйрықтық сегменттік тармақтарға ажырайды. Соңғы артерия тармақгары күй- рықгы тамырландыратын дорсо-латеральды қүйрық артериясын (а. caudalis dorso-lateralis) тұзеді.

ІШКІ МЫҚЫН АРТЕРИЯСЫНЬІҢ ВИСЦЕРАЛЬДЫ ТАМЫРЛАРЫ

Жылқы мен итте ішкі мықын артериясының висцеральды артериялары ішкі жыныс артериясынан (a. pudenda interna) ажырайды. Демек, аталған жануарларда ішкі жыныс артериясы жамбас қуысында орналасқан ішкі мүшелерді қоректендіретін барлық висцеральды артериялар ажырайтын магистральды қан тамыры болып саналады. Жылқыда ішкі жыныс артериясы ішкі мықын артериясынан бірінші болып бөлінеді. Басқа жануарларда жамбас куысының париетальды және висцеральды артерия тармақгары ішкі мықын артериясынан кезегімен ажырап отырады.

1.Ішкі жыныс артериясы (внутренняя срамная артерия)— а. pudenda interna — жамбас қуысын бойлай жыныс жүйкесімен бірге шонданай доғасына қарай бағытталып, жамбас қуысынан шыққан бойда екі артерия тармағына ажырайды. Олар:

а) күнтимес (аралық) артериясы (a. perinealis) анусты (артқы тесік), сыртқы жыныс мүшелерін және күнтимес аумағын тамырландырады. Күнтимес артериясы өз кезегінде дорсальды және вентральды артерия тармақтарына ажырайды. Жылқы мен итте вентральды тармақган, ал күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада дорсальды тармақтан каудальды тік ішек артериясы (a. rectalis caudalis) бөлінеді.

ө) баданалық артерия (a. bulbi urethae) еркек жануарларда дорсальды жыныстық мүше артериясына (a. dorsalis penis) айналады. Үрғашы жануарларда баданалық артерия клитор артериясы (a. clitoridis) деп аталады да, сарпайды (клиторды) тамырландырады.

Ерекшеліктері. Жоғарыда баяндалғандай, жылқы мен итте ішкі жыныс артериясы жамбас куысында орналасқан барлық ішкі мүше- лерді қоректендіретін артериялардың ортақ бағаны. Жылқыда жамбас қуысында ішкі жыныс артериясынан кіндік және ортаңғы тік ішек артериясы бөлінеді. Шошқа мен күйіс қайтаратын жануарларда ол ішкі мықын артериясынан жапқыш артериясы бөлінгеннен кейін ажырайды.

2.Кіндік артериясы (пупочная артерия)— a. umbilicalis —іштөлі организміндегі ең күшті жетілген артерия. Кіндік артериясы арідылы қан іштөлі организмінен үрықжолдасқа (плацентаға) жеткізіледі. Төл туғаннан кейін, кіндік артериясы негізгі қызметінен айырьшып, қуықтың бүйірлік байламына, ал үрғашы жануарларда қосымша жатырдың жүмыр байламына да айналады. Артерия қаны бүл артерияның тек бастапқы бөлігімен ғана ағады. Кіндік артериясы ішкі мықын артериясының бірінші тармағы. Кіндік артериясынан:

а) несепағар артериясы (a. ureterica) несепағарды қоректендіреді;

ә) краниальды қуық артериясы (a. vesicalis cranialis) қуықты

тамырл андыр ады;

б) шәуетжолы артериясы (a. deferentialis) еркек жануарларда шәуетжолын қоректендіреді. Ал үрғашы жануарларда ортаңғы

жатыр артериясы (a. uterina media) — деп аталады да, жатырды тамырландырады.

Ерекшеліктері. Жылқыда ортаңғы жатыр артериясы сыртқы мықын артериясынан ажырайды. Итте кіндік артериясынан жоғарыда аталған артериялардан басқа каудальды қуық артериясы және каудальды жатыр артериясы бөлінеді.

З.Каудальды қуық артериясы (каудальная пузырная артерия) —

а. vesicalis caudalis — қуықты тамырландырады. Каудальды қуық артериясы еркек жануарларда қуықалды без артериясымен (а. prostatica), ал ұрғашы жануарларда каудальды жатыр артериясымен (a. uterina caudalis) бірге бір артерия бағаны болып басталады.

Ерекшеліктері. Жылқыда каудальды қуық артериясы ортаңғы тік ішек артериясымен бірге ішкі жыныс артериясынан бөлінеді.

Күйіс кдйтаратын жануарлар мен шошкэда каудальды куықартериясы ішкі мықын артериясынан, ал итге кіндік артериясынан ажырайды.

АРТҚЫ АЯҚ АРТЕРИЯЛАРЫНЫҢ ТАРМАҚТАРЫ

Филогенездің бастапқы кезеңінде артқы аяқтың қан тамырлары да, алдыңғы аяқтың қан тамырлары сияқты, негізінен метамерлік (сегменттік) қан тамырлары ретінде қалыптасады. Кейіннен, аяқ- тардың ұзарып өсуіне және олардың бөлімдерге бөлінуіне байла- нысты, қан тамырлардың метамерлік тармақталуы жойылып, олар магистральды бағандарға ауысады.

Қосмекенділерде, бауырымен жорғалаушыларда және құстарда артқы аяқтьщ негізгі магистральды қан тамыры қызметін шонданай артериясы (a. ischiadica) атқарады. Бүл артерия аталған жануарларда құрсақ қолқасынан, жамбас-ортан жілік буынынан сәл кейінірек ажырайды да, аттас жүйкемен бірге тырнақтарына дейін тарам- далады. Сирақ аумағында шонданай артериясы шыбық артериясы (a. peronea, s. fibularis) — деп аталады.

Сүтқоректі жануарлардың жамбас аумағында шонданай артерия- сының қалдығы: ішкі мықын және каудальды бөксе артериялары ретінде сақталған. Сүтқоректі жануарларда құстардағы және басқа жануарлардағы магистральды шонданай артериясының орнында баскд магистральды қан тамырлары, атап айтқанда: сырткы мықын, сан және тобықасты артериялары кдлыптасады. Сирақ аумағында асықгы жіліктің алдыңғы артериясы бақай артерияларымен қосылып, қүстар- дағы шыбық артериясының орнында жетіледі. Бүған қоса, сан артериясынан артқы аяқ басының артқы жағын қоректендіретін анық (сафена) артериясы (a. saphena) ажырайды.

Онтогенезде де, жануарлардың артқы аяғына бірнеше метамерлік кан тамырлары бағытталып, кейіннен олар магистральды артерияларға айналады.

Артқы аяқты артерия қанымен қамтамасыз ететін негізгі магис- тральды артерия сыртқы мықын аргериясы (a. iliaca externa). Ол 5-

6 - ншы бел омыртқалар түсынан, кұрсақ қолқасынан басталып, күр- сақ қабырғасына айналмалы терең мықын және терең сан артерия- ларын бөлгеннен кейін, сан артериясы (a. femoralis) — деп аталады.

Ерекіиеліктері. Жылкьі/ш аталған қан тамырларынан баскд сыртқы мықын артериясьшан еннің қьшаптық кэбығына ен көтергіш артериясы (айғырда), ал биеде жатыр мен денесіне жатыр артериялары бөлінеді.

Сыртқы мықын артериясынан төмендегідей негізгі артериялар ажырайды:

1.Айналмалы терең мықын артериясы (окружная глубокая гюд- вздошная артерия) — a. circumflexa ilii profunda — сербек аума- ғындағы бел және құрсақ қабырғасы аумағындағы бұлшық еттерді қоректендіреді. Өз кезегінде бұл артериядан краниальды және каудальды тармақтар ажырайды.

Ерекшеліктері. Жылқыда айналмалы терен мықын артериясы краниальды және каудальды артерия тармақтарына ажырайды. Краниальды артерия тармағы құрсақгың көлденең бршық етінің латеральды бетімен өтіп, қүрсақбүлшықетгерін, ал қаудальды тармағы тобық аумағына бағытталып, аталған аумақгы тамырландырады.

Күйіс қайтаратын жануарларда айналмалы терең мықын артериясы жақсы жетілген. Бүл артериядан бөксе бүлшық еттері мен санның жалпақ шандырын кергіш бүлшық етіне қоректендіргіш қосымша артерия тармақтары ажырайды.

Шошқада бүл артериядан санның төртбасты бүлшық етіне арнайы қосымша тармақтар бөлінеді.

Итте айналмалы терең мықын артериясы қүрсақ қолқасынан бөлінеді.

2.Терең сан артериясы (глубокая бедренная артерия)— a. profunda femoris — сыртқы мықын артериясынан күрсақ куысында бөлініп, каудо-вентральды бағытта күрсақ куысынан шығып, жамбас-ортан жілік буынының жақындатқыш бүлшық еттерін (аддукторларын) тамырландырады. Терең сан артериясынан күрсакүсті-жыныс артерия бағаны және медиальды айналмалы сан артериясы ажырайды.

1)Қүрсақүсті-жыныс баганы (truncus pudendo-epigastricus) терең сан артериясынан краниальды бағытта ажырап, каудальды қүрсақүсті және сыртқы жыныс артерияларына ажырайды.

Ерекшелікгері. Күйіс қайтаратын жануарларда қүрсақүсті және сыртқы жыныс артерияларына ажырамай түрып, қүрсақүсті-жыныс бағанынан қүрсақ бүлшық еттерін қоректендіретін каудальды қүрсақ артериясы (a. abdominalis caudalis) бөлінеді.

а)каудальды қүрсақүсті артериясы (a. epigastrica caudalis) қүрсақтың тік бұлшық етінің латеральды жиегімен алдыңғы жаққа бағытталып, қүрсақ қабырғасын артерия қанымен қоректендіреді.

Ерекшеліктері. Шошқа мен итте каудальды қүрсақүсті артерия- сынан ортаңғы қуық артериясы (a. vesicalis media) бөлінеді.

ә) сыртқы жыныс артериясы (a. pudenda externa) еркек жануарларда шап өзегі арқылы шығып, краниальды және каудальды

тармақтарға бөлінеді. Бұл тармақтар енқапты, ал ұрғашы жануарларда сыртқы жыныс ернеулерін тамырландырады.

Ерекшеліктері. Айғырда сыртқы жыныс артериясының каудальды тармақтары жыныстық мүшенің краниальды артериясын (a. penis cranialis), ал краниальды тармақтары беткей каудальды қүрсақүсті артериясын (a. epigastrica superficialis) түзеді. Биеде соңғы артериядан желін тармақтары (rr. mammarii) ажырайды.

2)Медиальды айналмалы сан артериясы (a. circumflexa femoris medialis) терең сан артериясынан ажыраған бойда, санның медиальды беті бетімен бойлай жүріп, төмендегідей тармақтар бөледі:

а) жапқыш тармақ (r. obturatorius);

ә) терең тармақ (r. profundus);

б) өрлеме тармақ (r. ascendens);

в) көлденең тармақ (r. transversus);

г) үршықтармағы (r. acetabularis). Аталған тармақгар жамбас-ортан жілік буынының жақындатқыш бүлшық еттерін (адцукторларын), екібасты, жартылай жарғақгы және жапқыш бүлшық еттерін тамыр- ландырып, оларды артерия кднымен қамтамасыз етеді.

3.Сан артериясы (бедренная артерия) — a. femoralis — тігінші және қырлы бүлшық еттерінің аралығымен өтетін сан өзегімен бойлай анық (сафена) жүйкесімен қатар төмен өтіп, өзінен бірнеше артериялар бөледі. Олар:

а) краниальды сан жөне латеральды айналмалы сан артерияларының жалпы артерия бағаны. Бүл баған өз кезегінде краниальды сан және латеральды айналмалы сан артериясына ажырайды.

Краниальды сан артериясы (a. femoris cranialis) санның төртбасты бүлшық етінің тік және латеральды бастарының арасымен өтіп, осы аталған бүлшық ет бастарын тамырландырады.

Ерекшеліктері. Жылідыда санның төртбасты бүлшық етінің тек тік басын тамырландырады.

Латеральды айналмалы сан артериясы (a. circumflexa femoris lateralis) санның екібасты бүлшық еті мен санның жалпақ шандырын кергіш бүлшық етін қоректендіреді.

Ерекшеліктері. Жылкцда бүл артерия жапқыш артериясынан ажы- райды. Күйіс қайтаратьш жануарларда қосымша бөксе және мықын бүлшық еттерін, ал итге бөксе бүлшық еттерін тамырландырады.

ә) каудальды сан артериясы мен санның плантарлы бүлшық еттерінің тармақгары.

Каудальды сан артериясы (a. femoris caudalis) сан артериясынан ортан жіліктің төменгі бөлігі түсында ажырап, балтыр және бақайдың беткей бүккіш бүлшық еттеріне бағытталады да, аталған бүлшық еттерді тамырландырады.

Ерекшеліктері. Жылқьща каудальды сан артериясы: өрлеме және төмендеген артерия тармақтарына ажырайды. Өрлеме артерия тар- мағы (r. ascendens) санның төртбасты бүлшық етінің латеральды басын тамырландырып, тірсек (ахилл) сіңірінің латеральды бетін

қоректендіретін тармақ бөледі. Төмендеген тармақ (r. descendens) балтыр және бақайдың беткей бүккіш бүлшық еттерін тамыр- ландырып, тірсек сіңірінің медиальды бетін қоректендіретін тармақ бөледі. Итте үш каудальды сан артериясы болады. Олар: прокси- мальды, ортаңғы және дистальды артериялар. Проксимальды кау- дальды сан артериясы жамбас-ортан жілік буынының жақындат- қыш бүлшық еттерін (сымбат және аддуктор бүлшық еттері) тамырландырады. Ал қалған екеуі балтыр және бақайдың беткей бүккіш бүлшық еттерін қоректендіреді.

Санның нлантарлы бүлшық еттерінің тармақтары аталған аумақтағы бүлшық еттерді қоректендіреді.

б) анық (сафена) артериясы (a. saphena) немесе сирақпен артқы аяқ басының теріасты артериясы сан артериясынан ортан жіліктің орта түсынан бөлініп, сан аумағының медиальды бетімен аяқтың артқы жағына бағытталады да, сирақ пен аяқ басының плантарлы бетін тамырландырады.

Ерекшеліктері. Жылюыда сафена артериясы нашар жетілгендіктен, оның қызметін артқы асықты жілік артериясы атқарады.

Күйіс қайтаратын жануарларда сафена артериясы тілерсек буы- нының артқы бетінде латеральды және медиальды плантарлы артерия- ларға (a. plantaris lateralis et medialis) ажырайды. Бүлар тескіш тілерсек артериясымен (a. tarsea perforans) қосылып, проксимальды плантарлық доғаны (arcus plantaris proximalis) түзеді де, латеральды және медиальды жіліншік артерияларына (a. metatarsea plantaris lateralis et medialis) бөлінеді. Соңғы артериялар өз кезегінде артқы жіліншіктің төменгі бөлігінде тескіш жіліншік артериясымен (a. metatarsea perforans) қосы- льш, дистальды плантарлық доғаиы (arcus plantaris distalis) жасайды да, VI медиальды және III латеральды беткей бакңй артерияларына ажырайды.

Шошқада сафена артериясы тілерсек буынының плантарлы бетінде латеральды және медиальды плантарлы артерияларға ажырағаннан кейін, жіліншік сүйектің дистальды бөлігінде II , III және IV плантарлы жіліншік артерияларына ажырайды. Аталған плантарлы артериялар тескіш жіліншік артериясымен қосылып, проксимальды плантарлық доғаны түзеді. Бүл доғадан шығатын жіліншік артериялары жалпы бақай артерияларына барып қосьшады.

Итте сафена артериясы дорсальды және плантарлы артерия тармақтарына бөлінеді. Дорсальды тармақ терінің астымен жіліншік сүйектеріне қарай бағытталып, I-IV дорсальды жалпы башпай арте- рияларына (аа. digitales communes dorsales I-IV) ажырайды. Бүлардың әр қайсысы латеральды және медиальды башпай артерияларына бөлініп, олар өз кезегінде бақайдың арнайы дорсальды артерияларына ажырайды. Ал плантарлы артерия тармағының тармақталуы шошқа сафена артериясының тілерсек буынының плантарлы бетіндегі тармақталуына үқсас.

в) тобықтың проксимальды артериясы — a. genus proximalis, сан артериясынан ортан жіліктің дистальды бөлігі түсынан бөлініп,

тобық буыны аумағының медиальды бетіндегі терісін артерия қанымен қамтамасыз етеді.

Аталған артерия тармактары ажырағаннан кейін, балтыр бүл- шық етінің латеральды және медиальды бастарының аралығымен өтеді де, тобықасты артериясына айналады.

4.Тобықасты артериясы (подколенная артерия) — a. poplitea, тобық буынының плантарлық бетіндегі сан артериясының жалғасы. Тобықасты артериясы балтыр және тобықасты бүлшық еттерінің астыңғы жағымен өтіп, оларға және тобық буынына қоректендіргіш артерия тармақтарын бөліп, тобық буынының тамырлы торын (rete articulare genus) түзгеннен кейін, асықты жіліктің алдыңғы және артқы артерияларына ажырайды.

5.Асыкды жіліктің алдыщы артериясы (передняя большеберцовая артерия) — a. tibialis cranialis, сирақ сүйектерінің сүйекаралық кеңіс- тігі арқылы асықгы жіліктің дорсальды бетіне шығып, оның дисталь- ды бөлігіне қарай бағытталады да, асықты жіліктің алдыңғы жағын- дағы бүлшық еттер мен асықты жілікті қоректендіретін артерия тар- мақтарын бөледі. Тілерсек аумағында алдыңғы асықты жілік арте- риясы дорсальды аяқ басы артериясы (a. dorsalis pedis) — деп аталады.

Ерекшеліктері. Жылқыда дорсальды аяқбасы артериясы тескіш тілерсек артериясын бөлгеннен кейін, III дорсальды жіліншік арте- риясы — деп аталады. Жіліншіктің орта түсында III дорсальды жіліншік артериясы дистальды тескіш тармақ ретінде, III және IV жіліншік сүйектердің арасымен аяқ басының дорсальды бетінен плантарлы бетіне шығып, III медиальды бақай артериясы болып жалғасады.

Күйіс қайтаратын жануарларда асықты жіліктің алдыңғы артериясынан алдыңғы қайықшы артериясы мен сиырда II-IV, қой мен ешкіде тек III жалпы дорсальды бақай артерияларын бөлгеннен соң, аяқ басының дорсальды артериясына айналады. Бүл артерия өз кезегінде латеральды, медиальды және тескіш жіліншік артерия- ларын ажыратқаннан кейін, III дорсальды жіліншік артериясы болып жалғасады.

Шошқада асықты жіліктщ алдыңғы артериясы сирақтың кра- ниальды бетін қоректендіретін: алдыңғы асықты жіліктің қайтарма арте-риясын және сирақтың сүйекаралық артерияларын бөледі. Сү- йекаралық артерия сирақ сүйектерінің арасымен дистальды бағытта өтіп, асықгы жіліктің алдыңғы артериясымен қосылатын тескіш тар- мақ, ал сирақтың дистальды бөлігінде асықты жіліктің артқы арте- риясымен жалғасатын қосымша тармақгар бөледі. Қосымша тармақ- тан өз кезегінде медиальды қайықша тармағы ажырайды. Аталған тармақгар бөлінгеннен соң, сүйекаралық артерия латеральды қайықша тармақ болып жалғасады. Сирақтың дистальды бөлігінде асықты жіліктің алдыңғьі артериясы дорсальды аяқ басы артериясы — деп аталады. Ол проксимальды тескіш тілерсек, дистальды тескіш тілерсек және III дорсальды жіліншік артерияларына ажырайды.

Итте асықты жіліктің алдыңғы артериясы краниальды қайтарма асықты жілік тармағы мен беткей тармақтар бөлгеннен кейін, дор- сальды аяқ басы артериясына айналады. Өз кезегінде бүл артерия латеральды және медиальды тілерсек және доға артерияларына ажырайды. Доға артериясынан II-IV дорсальды жіліншік артериясы бөлінеді. Жіліншіктің проксимальды белігінде II дорсальды жіліншік артериясынан II проксимальды тескіш тармақ бөлініп, терең плантарлы доғамен қосылады.

6.Асыкды жіліктің аргқы артериясы (задняя большеберцовая артерия) — a. tibialis caudalis, жылвдца жақсы, ал баскэ жануарларда нашар жетілген. Жылкыца бүл артериядан асықгы жілікті қоректен- діретін тармақжәне латеральды каудальды кдйьщпа артериясы ажырайды. Сощъг артериядан ажыраған өкше тармақгары окшеіік тамырлы тор (rete calcaneum) түзеді. Аталган артерия тармақгары ажырағаннан кейін, асықгы жіліктің артқы артериясы сафена артериясымен қосыльш, плантарлы аяқ басы аргерияларын кұрауға кдтысады. Күйіс кэіітаратын жануарларда асықгы холіктің apTKj.i артериясынан медиальды кдйьжща тармақ, ал шошкддд айналмалы шыбық тармағы ажырайды.

Жамбас куысы мен артқы аяқ артериялары бойынша бақылау сұрақтары:

  1. Ішкі мықын артериясының жамбас қуысы кабырғасын (сауыр, бөксе) тамырландыратын қандай париетальды артерия тармактарын білесіз?

  2. Жамбас куысындағы ішкі мүшелерді ішкі мықын артериясының қандай артериялары қоректендіреді?

  3. Сыртқы мықын артериясының қандай артерия тармақтары жамбас-ортан жілік буыны аумағын тамырландырады?

  4. Терең сан артериясының артерия тармақтары кандай дене аумақтарын тамырландырады?

  5. Сан артериясының қандай артерия тармақтары сирақаумағын қоректендіреді?

  6. Тобықасты артериясы қандай негізгі артсрия тармактарына ажырайды?

  7. Асықты жіліктің алдыңғы және артқы артерияларының негізгі артерияларын атап, олардың тамырландыру аумақтарын еске түсіріңіз.

  8. Сафена артериясының артерия тармақгары артқы аяқтың қандай аумақтарын тамырландырады?

  9. Тақырып мәтініндегі қазақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алып, оларды жаттаңыз.

ВЕНА ҚАН ТАМЫРЛАРЫ

Жануарлар дене мүшелерінен қан жүрекке вена қан тамырлары (көктамырлар) арқылы жеткізіледі. Көптеген вена тамырлары кдтар жатқан аттас артериялар және жүйкелермен бірігіп, тамыр-жүйке будаларын қүрайды. Сондықган, тамыр-жүйке будаларындағы вена тамырларының атаулары да, қатар орналаскдн артерияларға сәйкес келеді. Дегенмен, вена қан тамырларының тек өздеріне тән күры- лымдық заңцылықгары мен тармақгалу ерекшеліктерінің бар екендігін атап өткен жөн. Сондықган, вена тамырларына төн морфологиялық зандылықтарға тоқтала кетейік. Олар:

1.Жануарлар организмдерінде артерияларға сәйкес келмейтін, өздерінше жеке дара жататын веналар да кездеседі. Бүларға: жан- уарлар денесіндегі краниальды және каудальды қуыс веналар, көкірек керегесінің тақ веналары, бауырдағы қақпақтық вена, бас аумағындағы терең бет және үрт веналары жатады.

2.Жануарлар денелерінде тамыр-жүйке будалары құрамындағы терең магистральды веналардан басқа, тері астында беткей орналас- қан веналар да болады. Оларға: мойын аумағындағы сыртқьі күре- тамыр (мойындырықтық) венасын, кеуде және құрсақ қабырғасы- ның төменгі бөліктеріндегі, алдыңғы және артқы аяқтардағы тері- асты веналарын жатқызады. Аяқтардың төменгі бөліктеріндегі, буын- дар аумақтарындағы теріасты веналарында және олардың ірі негізгі әкеткіш вена бағандарына ашылатын түстарында көптеген

жалғамалар болады.

3.Кейбір тамыр-жүйке будаларындағы артериялармен қатар өтетін, артериямен аттас веналардың саны бірнеше болуы мүмкін. Мысалы, сыртқы және ішкі күретамыр венасы т. б.

4.Вена тамырлары бір-бірімен өзара жалғасып, көптеген жалғамалар (анастомоздар), вена тораптарын, вена доғаларын жөне вена тамырларының торларын түзеді. Веналардың арасындағы жалғамалардың көп болуы вена қан тамырлары жүйелері қызметінің жоғары деңгейде жүретіндігінің және вена тамырларының өз қызметтерін еш кедергісіз атқаратындығының белгісі.

5.Вена қан тамырларының кабырғасы артерия қан тамырларының кдбырғасына қарағанда жүқа болып келеді. Веналардың ішкі қабығы интимада, тек жүрекке қараған бағытта ғана ашьшатын қақпақшалар болады. Бүл кақпакщалар жүрекке қарсы бағыіта веналардың арнала- рын жауып, кднды кері жақкд әткізбейді. Ал вена тамырларының арна- лары артерия арналарьша кдрағанда кең болып келеді. Жануарлар денесі қан тамырларындағы қанның жалпы мөлшерінің 85% -ы вена тамыр- ларының арналарында, тек 15% -ы ғана артериялар арналарында болады. Оның үстіне, жануарлар денесінде вена қан тамырларының саны артериялар санына қарағанда екі еседей көп. Сондықган, кейбір дене мүшелерінің вена қан тамырларының арналарында кднның қоры сақгалады. Мысалы, бауырдың веналарында денедегі қанның жалпы мөлшерінің 20% -ы, кәкбауырда 16%-ы, тері тамырларында 10%-ы, баскд дене мүшелерінде 36%-ы қор ретінде сақгалады.

ВЕНА ҚАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ ДАМУЫ

Онтогенездің бастапқы кезендерінде барлық омырткдлы жануарлар сияқгы, сүтқоректі жануарлар үрықгарының кдны, үрықденесінің бас аумағынан күретамырлар, ал түлғасынан кардинальды веналар арқылы ағып шығады. Аталған кдн тамырлары өзара қосылып, вена қойнауына қаңцы әкеліп қүятын жалпы кардинальды веналарды түзеді. Бүдан сәл кейінірек, үрық денесінде қалыптасқан аралық бүйректен қанды

бауыр веналарына жеткізетін қарапайым қуыс вена (v. cava primitiva) пайда болады. Кардинальды веналар мен аталған осы қуыс вена аралықтарында қан тамырларының жалғамалары (анастомоздар) жетіледі. Осының нәтижесінде кардинальды веналар, өзкезегінде көкірек жене құрсақ бөлімдерге бөлінеді. Оның күрсақ бөлімінен қан қарапайым қуыс венаға қүйылады. Үрық (іштөлі) денесінің артк^і бөлігінен кднды алып келетін жалпы мықын веналарының арасывда, олардың оң және сол кардинальды веналарға қүйылар тұсында анастомоз пайда болады. Осының нәтижесінде кдн тек оң кардинальды вена арқылы ғана ағатын болады. Ал сол кардинальды вена біртіңдеп редукцияға шалдығады да, ыдырап жоғалып кетеді. Оң кардинальды вена артқы куыс венаның бел аумағындағы бөліііне айналады. Сөйтіп, тұрақгы артщэі куыс вена оң кардинальды венадан, кдрапайым куыс венадан және бауыр веналарынан құралады.

Оң және сол тақ веналар (v. azygos dextra et sinistra) кардинальды веналардың көкірек бөліктерінен дамып жетіледі. Олар қанды көкірек керегесі кэбырғасынан жинайды. Үй жануарларының ішінде жыліды мен итте тек оң тақ вена, ал сиыр, қой, ешкі мен шошқада тек сол тақвена ғана, кеміргіш жануарларда екеуі де дамып жетіледі.

Бүғанаасты веналар (w. subclavia) үрықгық дамудың бастапқы кезінде вена кэнын кардинальды веналарға әкеледі. Қуыс веналар жетілгеннен кейін, бүғанаасты веналар әуелі жалпы кардинальды веналарға, одан соң орнын өзгертш, күретамырға барып ашылады. Осындай күрылымдық өзгерістердің нәтижесінде кұретамырлардың жүрекке жақын жаткдн соңғы бөліктері алдыңғы куыс веналар — деп аталынады.

Іштөлі дамуының кейінгі кезендерінде алдыңғы қуыс веналардың арасында жалғама (анастомоз) пайда болып, бас аумағынан жиналатын вена қаны негізінен оң куыс вена (v. cava cranialis) арқылы ағады. Осының нәтижесінде сол қуыс вена қүрылымдық редукцияға үшырап, ақырында ыдырап жоғалып кетеді.

Жануарлар денесіндегі вена қан тамырлары бір-бірімен тығыз қызметтік байланыста болатын төрт вена тамырларының жүйелерін қүрайды. Олар:

1)жүрек веналарының жүйесі;

2)кіші қан айналым шеңбері веналарының жүйесі;

3)алдыңғы қуыс венасы тамырларының жүйесі;

4)артқы қуыс венасы тамырларының жүйесі.

YJIKEH ҚАН АЙНАЛЫМ ШЕҢБЕРІНІҢ ВЕНАЛАРЫ

Жүрек веналары мен кіші қан айналым шеңберінің веналары туралы аталған қан тамырларына байланысты алдыңғы тарауларда баяндалды. Ал алдыңғы және артқы қуыс веналарының тамырлар жүйелері бірігіп, жануарлар организмдерінің үлкен қан айналым шеңберінің вена тамырларын қүрайды. Жоғарыда баяндалғандай,

үлкен қан айналым шеңберінің терең магистральды вена тамырлары аттас артериялар және жүйкелермен бірге тамыр-жүйке будаларын қүрайды. Ал теріасты веналары негізінен жануарлар денесінің мойын аумағында, кеуде және көкірек аумақтарының төменгі бөліктерінде, алдыңғы және артқы аяқтарда жақсы жетілген.

АЛДЫҢҒЫ ҚУЫС ВЕНАСЫ ТАМЫРЛАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ

Алдыңғы қуыс вена (передняя полая вена) — v. cava cranialis — вена қанын жануарлар денесінің бас, мойын аумақгарынын, алдыңғы аяқтардан және көкірек керегесі қабырғасынан жинайтын, иық- бас, оң және сол бүғанаасты веналары мен күретамыр веналары қосылып күрайтын қысқа вена бағаны. Аталған вена арқылы вена қаны жүректің оң жүрекшесіне қүйылады.

Алдыңғы қуыс венаға вена қаны төмендегідей веналардан жина- лады. Олар:

1)оң және сол қолтық веналары (v. axillaris dextra et sinistra) алдыңғы оң және сол аяқтың терең магистральды веналарының қосылуынан түзіледі;

2)мойын веналары (w. cervicales) сол және оң бүғанаасты артерия- лары тармақгарына сөйкес келетін веналардың қосылуынан қүралады;

3)жүп ішкі көкірек веналары (w. thoracica interna) көкірек қабырғасы веналарының қосьшуынан пайда болады. Бүларға өз кезегінде кеуде мен құрсақтьщ теріасты веналары келіп қүяды;

4)оң тақ вена (v. azygos dextra) жылқы мен итте немесе сол тақ вена (v. azygos sinistra) күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада вена қанын барлық қабырғааралық веналардан жинайды.

Ерекшеліктері. Жылкыда бас аумағынан вена қанын жинайтын оң және сол күретамыр (мойындырықтық) венасы (v. jugularis dextra et sinistra) иықтың оң және сол теріасты веналарымен, оң жөне сол қолтық веналарымен бірігіп, алдыңғы қуыс венаны түзеді. Алдыңғы қуыс венаға:

а) оң және сол жалпы мойын-қабырға бағаны,

ә) оң және сол омыртқалық веналар,

б) оң және сол ішкі көкірек веналары,

в) оң тақ вена қүйылады.

Күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада күретамырлар мен иыктың теріасты веналары жүп баған түзеді. Ал қолтық, қабырға- мойын, ішкі көкірек, омыртқа веналарының әр қайсысы алдыңғы қуыс венаға өз беттерімен дербес ашылады. Бүларда сол тақ вена жүректің вена қойнауына тікелей ашылады.

Итте алдыңғы қуыс вена оң және сол күретамыр веналарының бірігуінен түзіледі. Мойын веналары жүп вена бағанын, ал ішкі көкірек веналар тақ вена бағанын қүрайды. Аталған вена бағандары кезегімен алдыңғы қуыс венаға ашылады. Ал оң тақ вена алдыңғы қуыс венаға жүрекке жақын түста ашылады.

БАС АУМАҒЫНЫҢ ВЕНАЛАРЫ

Жануарлардың бас аумағынан вена қаны алдыңғы қуыс венаға сыртқы және ішкі күретамыр веналары арқылы жиналады.

Сыртқы күретамыр (мойындырықгық) венасы (наружная яремная вена) — V. jugularis externa — мойын аумағындағы тері астында, иық- бас және төс-бас бұлшық еттерінің арасындағы мойындырықгық сайда (sulcus jugularis) орналасады. Сыртқы күретамыр венасы қүлақгүбі сілекей безінің артқы жағында, тіл-бет және жоғарғы жақ веналарының қосылуынан басталады.

Тіл-бет венасы (язычнолицевая вена) — v. linquo-facialis — бет және тіл веналарының бірігуі нәтижесінде түзіледі.

1.Бет венасы (лицевая вена) — v. facialis — вена қанын бастың бет бөлімінен жинайды. Бет венасына өз кезегінде:

а) көз бүрышының венасы (v. angularis oculi) вена қанын маңдай, төменгі және жоғарғы көз қабақтары, көз шарасы аумақтарынан жинайды;

ә) бүйірлік мүрын венасы (v. lateralis nasi) вена қанын мүрынның арқалығы мен бүйір қабырғаларынан жинайды;

б) езу венасы (v. angularis oris) вена қанын жоғарғы және төменгі ерін, үрт, көзасты аумақтарынан жинайды.

в) терең бет венасы (v. faciei profundae) вена қанын жоғарғы тістер- ден, қатты және жүмсақ тандайдан, мүрын қуысынан жинайды. Бастың бет бөлімінің орта түсында, терең бет венасы бет венасына қосылады.

2.Тіл венасы (язычная вена) — v. linqualis — терең тіл және тіласты веналарының бірігуінен түзеледі. Олар вена қанын тілден, ауыз қуысының түбінде орналасқан мүшелерден және жүтқын- шақтан алып шығады.

Жоғарғы жақ венасы (верхнечелюстная вена) — v. maxillaris — жоғарғы жақжәне сыртқы үйқы артерияларынан ажырайтын артерия қан тамырларының аттарына сәйкес келетін веналардан күралады. Жоғарғы жақ венасы вена қанын көз вена торабынан (plexus venae ophtalmicus), кднатша вена торабынан (plexus venae pterygoideus), беттің көлденең венасынан (v. transversa faciei), беткей самай венасынан (v. temporalis superficialis) және каудальды құлақ венасынан (v. auricularis caudalis) жинайды. Аталған веналар өз кезегінде вена қанын аттас бас аумақтарынан алып шығады.

Ерекшеліктері. Жылқыда жоғарғы жақвенасы жақсы жетілген. Ол үрт венасынан басталады. Оған аталған веналардан басқа беттің көлденең венасы қүяды.

Күйіс қайтаратын жануарларда терең бет венасы болмайды. Жоғарғы жақ венасына вентральды ми және шықшыт веналары ашылады.

Шошкдда жоғарғы жақ венасының тармақтары жылқы венасына үқсас.

Итте бет венасына жүтқыншақ және көмекей веналары, ал жоғарғы жақ венасына дорсальды ми венасы келіп қүяды.

Ішкі күретамыр венасы (v. jugularis interna) жалпы үйқы артерия- сымен қатар орналасады. Үсақмалдар мен жылқыда ішкі күретамыр венасы болмайды.

АЛДЫҢҒЫ АЯҚ ВЕНАЛАРЫ

Алдыңғы аяқ веналары орналасу орындарына байланысты, екі түрлі вена тамырларының магистралінен қүралған. Олар:

1)терең веналар магистралі;

2)беткей орналасқан теріасты веналар магистралі.

Терең вена тамырларының магистралі алдыңғы аяқты қанмен қамтамасыз ететін магистральды артериялар мен олардың тармақ- тарына сәйкес келіп, алдыңғы аяқ артерияларымен қатар жататын аттас вена тамырлары. Терең вена тамырлары бақай және жіліншік терең веналарынан басталып, қолтық венасына айналады да, бүғанаасты венаға (v. subclavia) келіп күяды.

Ерекшеліктері. Жылқыда терең вена магистралі бақай мен жілін- шіктің пальмарлы бетінде жатқан латеральды веналарынан басталады. Сыртқы көкірек венасы (v. thoracica externa) қолтық венасына қүяды.

Күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада терең вена тамырларының магистралі жалпы пальмарлы бақай мен медиальды жіліншік веналарынан басталады.

Итте терең вена магистралі дорсальды және пальмарлы терең жіліншік веналарынан бастау алады.

Ал теріасты вена тамырларының магистралі терінің астында беткей жатады. Теріасты вена тамырлары бақай мен жіліншіктің беткей орналасқан пальмарлы веналарынан басталып, білек аумағында білектің теріасты венасы (v. cephalica antebrachii), ал иық аумағында иықгың теріасты венасы (v. cephalica humeri) — деп аталады. Білектің теріасты венасы білектің медиальды бетінде орналасады. Шынтақ буыны аумағында ол иық венасымен вена тармағы арқылы жалғасып, қосымша теріасты венасын (v. cephalica accessoria) өзіне қабылдайды. Қосымша теріасты венасы білектің дорсальды бетінде жатып, жілін- шік пен бақайдың дорсальды веналарындағы вена қанын жинайды.

Иықтың теріасты венасы иық-бас және беткей кеуде бүлшық етінің аралығындағы сайда жатады. Ол сыртқы күретамыр венасына (v. jugularis externa)HeMece тікелей алдыңғы қуыс венаға (v. cava cranialis) қүяды.

Ерекшеліктері. Жылқьща беткей теріасты вена магистралі бақай мен жіліншіктің пальмарлы медиальды веналарынан басталады. Қосымша теріасты венасы қанды тек тізе аумағының терісінен жинайды.

Күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада теріасты вена магистралі III және IV бақайдың сыртқы пальмарлы веналары мен

жіліншіктің пальмарлы бетіндегі латеральды және медиальды веналарынан басталып, білектің теріасты венасына құяды.

Итте теріасты вена магистралі III жіліншіктің дорсальды венасынан басталып, қосымша теріасты венасына, ал II жіліншіктің пальмарлы веналарынан басталатын вена тармағы білектің теріасты венасына құяды. Одан әрі екі вена тармақтары да, иықтың теріасты венасын түзеді.

Алдыңғы аяқгың терең жөне теріасты вена тамырлары магистраль- дарының арасында көптеген жалғамалар болады. Олар, әсіресе, жіліншік аумағында (тізенің дорсальды торы, дистальды және проксимальды тескіш вена тармақгары, беткей және терең пальмарлы вена доғалары), шынтақ буыны (иық венасы мен иықгың теріасты венасы арасындағы жалғамалар) мен иық буыны (иық және қолтық веналары мен сыртқы күретамыр венасының арасындағы жалғамалар) аумақтарында көптеп кездеседі. Терең және теріасты вена тамырларының арасындағы жалғамалардың (анастомоздардың) көп болуы алдыңғы аяқтағы қан айналымның жоғары деңгейде жұруін қамтамасыз етіп, керек болған жағдайда олардың бірінің қызметін бірі атқаруына, ягаи аяқ веналарының компенсаторлық қызметгі іс жүзіне асыруына мүмкіндік береді.

АРТҚЫ ҚУЫС ВЕНАСЫ ТАМЫРЛАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ

Артқы қуыс вена (задняя полая вена) — v. cava caudalis — вена қанын жануарлар денесініу, артқы бөлігінен жинайды. Арткы куыс вена 5-інші бел омыртқаның түсынан басталады. Қүрсақ қолқасының оң жағымен краниальды бағытта бауырға жетіп, оның доғал жиегінде вена батыңқысын қалдырады. Бұдан соң, ол диафрагманың сіңірлі орталығындағы тесік арқылы көкірек қуысына өтіп, жұректің оң жүрекшесіне қүяды.

Артқы қуыс венаны түзуге дененің артқы бөлігінен вена қанын жинайтын төмендегідей веналар қатысады:

1)жалпы мықын венасы (v. iliaca communis) орталық қүйымшақ және қүйрық веналарының тікелей жалғасы;

2)ішкі мықын венасы (v. iliaca interna) вена қанын жамбас қуысының қабырғасы мен ішкі мүшелері веналарынан жинайды. Ішкі мықын венасы тармақгарының атаулары ішкі мықын артерия- сының артериялар тармақтарына сөйкес келеді;

3)сыртқы мықын венасы (v. iliaca externa) вена қанын артқы аяқ, қүрсақ қабырғасының артқы бөлімдері, сыртқы жыныс мүшелері мен желін веналары тамырларынан жинайды.

АРТҚЫ АЯҚ ВЕНАЛАРЫ

Артқы аякдың вена тамырлары да, орналасу орындарына байла- нысты, екі түрлі вена тамырларының магистралінен қүралған. Олар:

1)терең веналар магистралі;

2)беткей орналасқан теріасты веналар магистралі.

Терең вена тамырларының магистралі — артқы аяқты қанмен қамтамасыз ететін магистральды артериялар мен олардың тармақтарына сәйкес келіп, артқы аяқ артерияларымен қатар жататын аттас вена тамырлары. Терең вена тамырлары плантарлы және дорсальды бакдй және жіліншік терең веналарынан басталады.

Артқы аяқтың беткей теріасты веналар магистралін медиальды және латеральды анық (сафена) веналары түзеді. Медиальды сафена венасы (v. saphena medialis) немесе сирақ пен артқы аяқ басының теріасты венасы аттас артериямен қатар өтіп, сирақ пен санның медиальды бетінде жатады. Ол дорсальды жіліншік венасынан басталады да, сан венасына қүяды. Латеральды сафена венасы (v. saphena lateralis) дорсальды және плантарлы жіліншік веналары тармақтарының қосылуынан қүралады. Бүл вена сирақтың лате- ральды бетінде жатады. Латеральды сафена венасы балтыр бүлшық етінің плантарлы бетімен жүріп отырып, жинаған вена қанын каудальды сан венасына қүяды. .

Ерекшеліктері. Жылқыда медиальды сафена венасы жіліншіктің дорсальды медиальды венасынан басталады. Бүларда жіліншіктің дорсальды латеральды венасы болмайды. Ал теріасты қүрсақ венасы сыртқы көкірекжәне сыртқы жыныс веналарымен жалғасып, алға қарай бағытталады да, қолтық венасына қүяды.

Күйіс қайтаратын жануарларда мен шошқада латеральды сафена венасы терең сан венасына қүяды.

Итте медиальды сафена венасын түзуге плантарлы тармақ- тармен қатар, жіліншіктің дорсальды тармақтары қатысады.

Артқы аяқтыц терең және теріасты вена магистральдары қанды сыртқы мықын венасына күяды. Барлықжануарларда сыртқы мықын венасы ішкі мықын венасымен қосылып, жалпы мықын венасын түзгенге дейін, терең сан венасын (v. femoralis profunda) қабылдайды. Терең сан венасын вена қанын құрсақтың төменгі (вентральды) қабырғасынан жинайтын қүрсақүсті-жыныс венасы (v. pudendoe- pigastrica) мен сыртқы жыныс мүшелерінен қан жинайтын сыргқы жыныс венасы (v. pudenda externa) құрайды. Өз кезегінде сыртқы жыныс венасына каудальды қүрсақүсті венасы (v. epigastrica caudalis) келіп қүяды. Каудальды күрсакүсті венасы қүрсақтың вентральды қабырғасында краниальды қүрсақүсті венасымен қосылып, қүрсақ- тың теріасты вснасын (v. subcutanea abdominis) түзеді. Сиырдағы бүл тамырды “сүт венасы” — деп атайды. Төссүйектің сүріншек (семсерше) өсіндісі аумағында күрсақтың теріасты венасы көкірек куысына өтіп, ішкі көкірек венасына қосылады. Аталған веналардың қосылған жері тері арқылы сипап байқауға болады. Тері астындағы “сүт венасы” көкірек куысына өтетін осы тесікті құрылымды — “сүт құдыгы” — деп атайды.

БАУЫРДЫҢ КДҚПАЛЫҚ ВЕНАСЫ

Азық қорыту мүшелерінен және көкбауырдан вена қаны қақпалық венаға (v. portae hepatis) жиналады. Қақпалық вена бауырдың қақпасы арқылы бауырға еніп, бөлікаралық веналарға (vv. interlobularis), олар өз кезегінде бауыр бөлікшелерінің қан капиллярларына айналады. Бауыр бөлікшелерінің орталығында қан капиллярлары бір-бірімен қосылып, бауыр бөлікшесінің орталық венасын (v. centralis) қүрайды. Орталық веналардан вена қаны бөлікшеасты веналарға (w. sublobularis) отеді. Болікшеасты веналар бауырдан вена қанын алып шығатын бауыр веналарын (w. hepaticae) түзеді. Бауыр веналары вена қанын каудальды қуыс венаға қүяды.

Негізгі вена тамырлары бойынша бақылау сұрақтары:

  1. Вена тамырларына тән кұрылыс заңдылықтарының ерекшеліктерін еске түсіріңіз.

  2. Жануарлар организмінде вена қан тамырларының қандай жүйелері ажыратылады?

  3. Алдыңғы қуыс вена қандай вена тамырларының қосылуынан пайда болады?

  4. Бас аумағының қандай веналарын білесіз және олар қалай тармақталады?

  5. Алдыңғы аяқтың негізгі веналарын атап, олардың тармақгалуын еске түсіріңіз.

  6. Артқы қуыс венаға вена қанын әкелетін вена қан тамырларын атаңыз.

  7. Артқы аяқтың негізгі веналарын атап, олардын, тармақталуын еске түсіріңіз.

  8. Бауырдың қақпалық венасын қандай веналар құрайды? Бауырда қақпалық вена қалай тарамдалады?

  9. Тақырып мәтініндегі қазақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алып, оларды жаттаңыз.

ЛИМФА АЙНАЛЫМ ЖҮЙЕСІ - systema limphaticum

Лимфа айналым жүйесі қызметі мен құрылысы жағынан қан айналым жүйесі мүшелерімен тығыз морфологиялық байланыста болады. Себебі, бүл жүйе үлпалар мен мүшелерде, олардағы зат алмасу процесі кезінде қаннан, оны қоршаған үлпаға сүзіліп шықкдн үлпа сүйығынан басталып, соңында организмнен лимфаны жинайтын ірі лимфа өзектерінің (оң лимфа бағаны, көкірек өзегі) алдыңғы қуыс венаға қүйылуымен аяқталады. Лимфа айналым жүйесінің жануарлар организмдеріндегі атқаратын қызметі алуан түрлі. Атап айтқанда:

1)үлпааралық кеңістіктегі артық үлпа (ткань) сүйығын өзіне сорып алып, дренаждық қызмет атқарады;

2)үлпалардағы қан капиллярларының қабырғасы арқылы өте алмайтын ірі молекулалы белоктық зат және ішекте қорытылған майдың мономерлері (май қышқылдары, глицерин) тікелей лимфаға сорылады;

3)сыртқы ортадан организмге түскен бөгде заттар мен микро- организмдерді жойып, лимфаны биологиялық және механикалық тазалаудан өткізеді;

4)лимфа түйіндерінде лимфоцитгер мен антиденелер (иммунды- глобулиндер) түзіледі.

Лимфа жүйесінің дамуы. Омыртқасыз жануарлар мен төменгі сатыдағы омыртқалы жануарларда лимфа жүйесінің қызметін вена қан айналым жүйесі атқарады. Балықгар мен қосмекенділерде лимфа айналым жүйесі қарапайым лимфа қойнаулары түрінде жетілген. Олар негізінен терінің астында және ішкі мүшелерде болады. Қүстарда лимфа қойнауларының орнында жіңішке келген, түтікше лимфа тамырлары жетіледі. Лимфа тамырлары тек жүрек жаққа қарай ғана ашылатын қақпақшалармен жабдықгалған. Бірақ олардың саны аз. Ал сүтқоректі жануарларда лимфа тамырлары тым жақсы жетілген. Олардың ішкі бетінде қақпақшалар жиі орналасады.

Лимфоидты қүрылымдар мен лимфа түйіндері тек жылы қанды жануарларда ғана болады. Мысалы, қүстарда мүндай құрылымдар жүтқыншақга, өңеште жөне бүйенде орналасады. Ал лимфа түйіндері негізінен сүтқоректі жануарларда жоғары деңгейде жетілген.

Лимфа айналым жүйесіне үлпа сүйығына толған лимфа саңылау- лары, лимфа кеңістіктері, лимфа қойнаулары, лимфа куыстары, сүйық үлпа — лимфа, лимфа тамырлары, лимфа өзектері және лимфа түйіндері жатады.

Лимфа саңылаулары эпителиоциттер аралықтарында және бор- пылдақ дәнекер үлпасында болады.

Лимфа кеңістіктері тамырлармаңы (қан тамырларының сыртын- дағы үлпа сүйығына толған кеңістік)— периваскулалы және жүйке- лермаңы (шеткі жүйке талшықтарының сыртқы жағындағы қуысты кеңістік) — нериневральды болып бөлінеді.

Лимфа қойнаулары қарын мен ішектердің кілегейлі қабықтарындағы қуысы үлпа сүйығына толған түйық түтікшелер.

Лимфа қуыстарына үлпа сүйығына толған ми және жүлын қабықтарының арасындағы кеңістіктер, жүлынның орталық өзегі мен ми қарыншалары, көз алмасының қуысы, буын қуыстары, синовиальды қапшықтар мен қынаптар, плевраның, ішперденің және жүрекқаптың сірлі қуыстары, ішкі қүлақ қуысы жатады.

Лимфа (lympha) — тірі сүйық үлпа. Ол жануарлар организмдерінің сүйық ішкі орта үлпасы ретінде торшалардан (лифобласттар, лимфоцитгер, макрофагтар, плазмоциттер) жөне торшааралық заттан (плазмадан) қүралған. Лимфа плазмасын үлпалар мен мүшелердегі жоғарыда баяндалған торшааралық саңылаулардан, кеңістіктерден, қойнаулардан және қуыстардан сорылып, лимфа айналым арнасының лимфа капиллярларына өтетін үлпа сүйығы қүрайды. Қүрамы жағынан лимфа плазмасы қан плазмасына үқсас. Ішектен ағып шығатын лимфаның қүрамында ішек қабырғасы арқылы сіңірілген липидтер болатындықган, оның түсі ақшыл боЛып келеді. Совдықган, ішеклимфа тамырларындағы ақшьш келген лимфаны хилюс (chylus) — деп атайды.

Лимфа тамырлары (лимфатические сосуды) пішіні саусақ тәрізді томпайып түйық келген лимфа капиллярынан бастау алады.

Лимфа капиллярлары (лимфатические капилляры) тым жүқа қабырғалы лимфа тамырларының бастамасы. Лимфа капилляр- ларының диаметрі 5 мкм -нен 100 мкм -ге дейін өзгеріп отырады. Себебі, олардың қабырғалары жалаң қабат жалпақ келген эндотелий торшаларынан (эндотелйоциттерден) түрады. Эндотелий мен оны сыртынан қоршап жатқан борпылдақ дөнекер үлпасының коллаген талшықгарының арасында негіздік жарғақ болмайды. Сондықган, лимфа капиллярларының диаметрі қан капиллярларына қарағанда кең де, созылмалы болып келеді жөне оларды қоршаған үлпа сүйығы мен капиллярлар арасындағы зат алмасу процесі жеңіл жүреді. Эндотелиоциттердің аралықтарында, лимфа капиллярларының қуысына ірі молекулалы заттар, торшалар мен олардың ірі бөліктері өтетін саңылаулы тесіктер болады. Эндотелиоциттердің цитоплаз- масында, лимфа капиллярлары қабырғаларының жиырылу арқылы өткізгіштігін реттеп отыратын актинді микрофиламенттердің бар екендігі анықгалды. Жануарлар үлпалары мен мүшелерінің күрылысы мен зат алмасу ерекшеліктеріне байланысты, лимфа капиллярлары тарілмекті және кеңілмекті торлар түзеді.

Лимфа капиллярлары бір-бірімен қосылып, көптеген лимфа торларын қүрайды. Лимфа капиллярларының жиі торлары, өсіресе, терінің шел қабатында, ішкі мүшелер кілегейлі қабықтарында және буын қапшықтарында кездеседі. Мида, жүлында, сүйектерде, гиалин шеміршегінде, көкбауыр паренхимасында, тері эпидермисінде, бауырда, көздің қасаң қабығы мен көз бүршағында лимфа капил- лярлары болмайды. Өз кезегінде лимфа капиллярлары бір-бірімен қосылып, лимфа тамырларын қүрайды.

Лимфа тамырлары (vasa lymphatica) арнасының диаметріне байланысты майда, орташа және ірі лимфа тамырлары болып үш топқа бөлінеді. Лимфа тамырларына тән қүрылыс ерекшелігі — оның қабырғасында лимфаның тек жүрекке қарай бір бағытта қозғалуына ықпал жасайтын көптеген қақпақшалардың болуы. Мүшелердің ішіндегі майда лимфа тамырларының қабырғасы бірқабат жалпақ эндотелиоциттерден және оның сыртындағы борпылдақ дәнекер ұлпасы қабығынан түрады. Майда лимфа тамырларының диаметрі кейде лимфа капиллярларыньщ диаметрінен кіші болуы мүмкін. Майда лимфа тамырлары бір-бірімен жалғамалар арқылы жалғасып жатады. Лимфаны мүшелерден алып шығатын, мүшелер сыртындағы лимфа тамырларының арналары кеңейген сайын, олардың қабырғаларында бірыңғай салалы ет үлпасының жекеленген миоциттері пайда болып, ірі лимфа тамырлары қабырғасының күрылысы күрделене бастайды.

Орташа, әсіресе, ірі лимфа тамырларының қабырғасында, етті вена қан тамырлары қабырғасындағыдай үш қабық жақсы жетілген. Олар: интима, медиа және адвентиция кдбықтары. Лимфа тамыр- ларында лимфа төменгі қысыммен ағады. Сондықтан, лимфа тамырларының қабырғасы өте жүқа болып келеді. Лимфа тамыр- ларындағы лимфаның қозғалуына, лимфа тамырларының қабыр- ғасындағы жиырылу қызметін атқаратын бірыңғай салалы ет үлпасының миоциттерімен қатар, бүл тамырларды қоршаған бүлшық еттердің жиырылуы, қатар жатқан артериялар қабырғаларының соғуы және т.б. факторлар өз ықпалын тигізеді. Жануарлар денесінде төменнен жоғары қарай өтетін өрлеме лимфа тамырларының қабық- тары жақсы жетілген. Олардың ішкі қабығы интима екі қабаттан қүралған. Олар: ішкі эндотелий қабаты және сыртқы борпылдақ дөнекер үлпалық қабат. Ортаңғы қабығы медиа бірыңғай салалы ет үлпасы миоциттерінің: ішкі сақинаша қабатынан және сыртқы қиғаш қабатынан түрады. Миоциттердің арасында эластин жөне коллаген талшықтары кездеседі. Сыртқы қабығы адвентицияны борпылдақ дәнекер үлпасы күрайды.

Орналасу орнына қарай лимфа тамырлары беткей және терең лимфа тамырлары (vasa lymphatica superficialis et profunda) болып екіге бөлінеді. Беткей лимфа тамырлары терінің астында орналасады, ал терең лимфа тамырлары тамыр-жүйке будаларының күрамына кіреді. Лимфа тамырлары дененің белгілі-бір аймақгарының орталығында орналасқан лимфа түйіндеріне, сол аймақтың шеткі жағынан орталығына қарай радиальды бағытталады. Сондықган, бүндай лимфа түйінін аймақтық немесе региовдық лимфа түйіні — деп атайды. Бір региондық лимфа түйініне, осы аймақгың жан-жағынан лимфаны алып келетін лимфа тамырларының сыртқы көрінісі бір ағаш діңге- гінен тараған ағаш тамырларына үқсас болып келеді. Осындай лимфа тамырлар жүйесін лимфа түйіндерінің “түбірі” - деп атайды.

Лимфа капиллярларына өткен үлпа сүйығын немесе лимфаны лимфа түйіндеріне алып келетін лимфа тамырларын әкелгіш лимфа

тамырлары (vasa lymphatica afferentia), ал лимфаыы лимфа түйінінен алып шығатын лимфа тамырларын әкеткіш лимфа тамырлары (vasa lymphatica efferentia) — деп атайды. Жануарлар денесіндегі әкеткіш лимфа тамырлары бір-бірімен қосылып, ең соңында екі ірі лимфа өзегін құрайды. Оларға: оң лимфа бағаны және көкірек өзегі жатады. Оң лимфа бағаны (truncus lymphaticus dqxter) лимфаны дененің бас, мойын, көкірек керегесі аумақтарының оң жағынан және оң алдыңғы аяқтан, ал көкірек өзегі (ductus thoracicus) организмнің қалған бөлігінен жинайды. Лимфа өзектерінің сыртқы адвентиция қабығында тамырларды бойлай ұзынынан орналасқан бірыңғай салалы ет ұлпасы миоциттерінің борпылдақдәнекер үлпа- сы аралықтары арқылы бөлінген шоғыр будалары болады. Оң лимфа бағаны мен көкірек өзегі алдыңғы қуыс венаға ашылады.

Майда лимфа тамырларының қабырғасын қоректендіретін қан капиллярлары торынан қүралған тамырлар тамыры (vasa vasorum), ал ірі лимфа тамырлары мен лимфа өзектері қабырғасында арте- риялар мен веналар болады.

Лимфа түйіні (лиімфатический узел) — lymphonodus (In.) — жануарлар денелерінің белгілі бір аймағында, әкелгіш лимфа тамырларының бойында орналасып, сол аймақтан немесе мүшелерден лимфаны алып шығатын қүрылысы паренхималы мүше. Лимфа түйінінің атқаратын қызметі:

1)үлпа сүйығына түскен, организмге жат әр түрлі бөгде заттар, істен шыққан торшалар қалдықгары, микроорганизмдер мен олардың улары (токсиндері), лимфа түйінінің негізін күрайтын ретикулалы үлпа арқылы механикалық және биологиялық сүзілуден өтеді;

2)лимфоциттер мен макрофагтардың қатысуымен бөгде заттар, істен шықкдн торшалар қалдықгары, микроорганизмдер мен олардың улары жойылып залалсыздандырылып отырады;

3)қан жасау қызметін атқарады: қан торшалары — лимфоциттер түзіледі;

4)қорғаныс қызметін атқарады: антиденелер түзіледі.

Лимфа түйіні пішіні негізінен лобия тәріздес (кейде басқаша),

сүр немесе сары-сүр түсті болып келеді. Жануарлардың түрлеріне байланысты лимфа түйінінід мөлшері 0,2 см -ден 20 см -ге дейін болады.

Ерекшеліктері. Жылқыда лимфа түйіндері майда болып келіп, дене аймақтарында бір жерде 40-қа дейін топтасып орналасады. Олардың жалпы саны — 8 мыңцай. Сиырда лимфа түйіндері ірілеу келеді. Олардың жалпы саны — 300. Қой мен ешкіде де ірілеу болады, саны — 300-600. Шошкдда ірі — 200. Итге тым ірі болады, саны — 60.

Лимфа түйіндері лимфа тамырларының бойында орналасқан, пішіні (сопақ, лобия тәрізді, үзынша) мен мөлшері әр түрлі шеткі қан жасау және иммундық қорғаныс мүшелері. Қабықшамен қапталған оның дөңес жағынан көптеген әкелгіш лимфа тамырлары (шошқада керісінше әкеткіш) енеді. Әкелгіш лимфа тамырлары

арқылы ұлпа сұйығы қүрамындағы әр түрлі заттарымен (бөгде заттар, микроорганизмдер, олардың улы өнімдері, зат алмасудың ыдырау өніімдері) бірге ұлпалардан ағып келіп қүйылады. Лимфа түйіндеріндегі макрофагтардың жөне ретикулалы ұлпаның қатысуымен ұлпа сұйығы биологиялық және механикалық сүзілуден өтіп, микроорганизмдер мен олардың улы заттары фагоцитоз арқылы залалсыздандырылып тазартылады. Лимфа түйіндерінің лимфоидты үлпасында әсерлі (эффекторлы) Т — және В — лимфоциттері түзіледі. Организмдегі гуморальды иммунитетті қамтамасыз ететін В — лимфоциттер туындысы — иммуноциттер әр түрлі антигендерге қарсы иммундық денелерді түзіп, оларды биологиялық тазаланудан өткен үлпа сүйы- ғына шығарады. Сөйтіп, лимфа түйіндерінде бөгде заттардан, микро- организмдерден, олардың уытты заттары мен басқа да зиянды өнім- дерден тазаланып, толық арылған үлпа сүйығы, эффекторлы Т — және В — лимфоциттермен, әр түрлі иммунды глобулиндермен (антиденелермен) қанығып, лимфа түйіндерінің ойыс жағындағы қақпасынан әкеткіш лимфа тамырлары арқылы лимфаға айналып ағып шығады. Дөңес бетіне қарама-қарсы жатқан лимфа түйінінің ойыс беті лимфа түйінінің кдкдасы (hilus) - деп аталады. Қақпа арқылы лимфа түйінінен әкеткіш лимфа тамырлары мен веналар шығып, лимфа түйініне артериялар мен жүйкелер еніп жатады. Шошқада лимфа түйініне әкелгіш лимфа тамырлары енеді.

Лимфа түйіндері эмбриондық кезеңде қан және лимфа тамыр- ларының маңындағы мезенхимадан дамып жетіледі. Лимфоидты үлпа қан арқылы сүйектің қызыл кемігі майы мен тимустан келіп қоныстанады.

Лимфатүйінініңгистологиялықкүрылысы. Лимфатүйіні күрылысы жағынан паренхималы қан жасау мүшесі. Ол стромадан және паренхимадан түрады. Лимфа түйінінің стромасын оның сыртқы тығыз дәнекер үлпалы қапшығы мен одан мүше inline қарай торлана таралып жатқан перделіктер (трабекулалар) қүрайды. Ал паренхимасының негізі ретикулалы үлпадан түрады. Лимфа түйінінің паренхимасы лимфоидты үлпадан түзілген. Лимфа түйіні сыртынан тығыз дөнекер үлпалы қапшықпен қапталған. Қапшық негізінен коллаген тал- шықтары мен олардың аралығында қатарынан орналасқан фибро- циттерден түрады. Қапшықтың ішкі бетінде лимфа тамырлары қабырғаларына өтіп жалғасып кететін эластин талшықгары болады. Дөңес жағының қапшығы қақпа жағына қарағанда жүкэлау келеді. Кдқпа бетіндегі қапшық қүрамында бірыңғай салалы ет үлпасының миоциттер шоғырлары кездеседі. Қапшықтан лимфа түйінінің ішіне қарай дәнекер үлпалық перделіктер (трабекулалар) тарамдала еніп, бір-бірімен торлана байланысады. Лимфа түйінінің қақпа жағынан енетін перделіктер бойымен өтетін қан және лимфа тамырлары мен жүйкелер лимфа түйінін қоректендіреді және жүмысын реттейді. Кдпшық пен перделіктер аралықгарындағы қуыстарда лимфа түйіні стромасының негізін қүрайтын ретикулалы үлпа орналасады. Лимфа

тұйінінің паренхимасын ретикулалы ұлпадағы әр түрлі даму саты- сындағы лимфоциттерден және макрофагтардан түзілген лимфоидты үлпа қүрайды. Лимфа түйіні шеткі тығыз қыртысты заттан, аралық қыртысмаңы аймақган және орталық ақшыл келген бозғылт заттан түрады.

Кдортысты зат лимфа түйіні қапшығының астындағы шеткі қой- наудан (синус) кейінірек ішке қарай бір-бірімен тығыз орналасып, ретикулалы үлпада жатқан лимфа түйіншелерінен қүралған. Қапшық пен лимфа түйіншелерінің аралығындағы тек ретикулалы үлпадан кұралған шеткі қойнау арқылы әкелгіш лимфа тамырларымен келген үлпа сүйығы сүзіле ағып, аралық аймақтағы қойнаулармен бозғылт заттағы орталық қойнауларға өтеді. Қыртысты заттан төменірек жат- қан қыртысмаңы аймағы лимфа түйіншелерінен шығатын лимфоидты жүмсақ баулар мен аралық қойнаулардан түрады. Лимфа түйінінің орталығында лимфоидты бозғылтша баулар мен орталық қойнаудан түратын бозғылт зат орналасады. Лимфа түйіншелері мен бозғьштша бауларда В — лимфоциттері көбейіп жетіліп, эффекторлы торшаларға айналады. Сондықтан, лимфа түйінінің қыртысты және бозғылт заттарын В аймақ деп атайды. Ал қыртысмаңы аймағында Т — лимфоциттері жетіледі. Бүл аймақгы Т— аймақ — деп те атайды.

Қыртысты заттағы лимфа түйіншелерінің негізін ретикулалы үлпа мен сақинаша орналасқан ретикулин талшықгары қүрайды. Түйінше лимфобласттардан, лимфоциттерден және макрофагтардан түрады. Түйіншелерді сыртқы жағынан ретикулин талшықтарымен байланысқан ретикуло-эндотелиоциттер кдптап жатады. Түйіншенің орталық ақшыл бөлігінде бөліну арқылы көбейіп жатқан лимфо- бласттар орналасады. Бүл ақшыл бөлік түйіншенің көбею (герминативті) орталығы деп аталады. Көбею орталығының макрофагтары әр түрлі әсер етуші факторларға жедел жауап береді. Сондықган, көбею орта- лығын реактивті орталық дейді. Түйіншенің шеткі жағында жетілген эффекторлы кіттті лимфоцитгер түйіншені сыртынан тәж тәрізді кдггтагі жатады. Бүлар антигендік қасиеттерді еске сактау В - эффекторлы лимфоциттері. В - лимфоцитер лимфа түйіншелерінен бозғылтша бауларға өтіп, антиденелер түзетін плазмоциттерге айналады.

Кдортысмаңы аймағы лимфа түйінінің қыртысты және бозғылт заттары аралығында орналасқан тимусқа тәуелді аймақ. Тимустан келіп қоныстанған Т — лимфоциттердің көбейіп, жетіліп мамандан- уына қолайлы микроортаны бүл аймақта ретикулалы үлпамен қатар, фагоцитоз процесіне қатыспайтын саусакдіа өсінділі макрофагтар жасайды. Макрофагтар өздерінен антигендерді плазмолемма маңында жинақгап сақтап, Т — лимфоциттердің осы антигендерге сәйкес дамып жетілуін қамтамасыз ететін гликопротеидтерді бөледі. Т — лимфоциттер қыртысмаңы аймағында толық жетіліп, маманданып эффекторлы торшаларға айналады.

Бозғылт зат лимфоидты бозғылтша баулардан және баулар мен перделіктер аралығындағы лимфа сүйығы торлы үлпадан сүзіле

ағатын орталық қойнаулардан тұрады. Бозғылтша баулар торлы ұлпада орналасқан В — лимфоциттерден, олардан жетілген плазмоциттерден (иммуноциттер) және макрофагтардан құралған. Баулардың ішімен қан капиллярлары өтеді. Плазмоциттер G — иммуноглобулиндерді түзіп, қанға шығарады. Баулар да лимфа түйіншелері сияқты сыртқы жағынан ретикулин талшықтарымен байланысқан ретикулоэндотелиоциттермен қапталған.

Лимфа түйіні қойнауларын бір жағынан дәнекер ұлпалық түйін қапшығы мен перделіктер, ал екінші жағынан лимфа түйіншелері мен бозғылт баулар шектейді. Қойнауларды лимфоидты үлпадан ретикулоэндотелиоциттермен оқшауланған ретикулалы үлпа қү- райды. Қойнаулармен әкелгіш лимфа тамырлары арқылы келген үлпа сүйығы сүзіле ағып, құрамындағы бөгде заттардан, микро- организмдерден, олардың зиянды уытты өнімдерінен биологиялық және механикалық жолдармен тазаланады. Тазаланудан өткен үлпа сүйығына лимфа түйіншелерінен, лимфоидты баулардан дамып жетілген эффекторлы Т — және В — лимфоциттер мен иммуногло- булиндер ретикулоэндотелиоциттер аралықтарындағы саңылаулар арқылы өтіп, сүйықүлпа — лимфаға айналады. Лимфоциттер мен макрофагтар бөгде заттар мен әр түрлі антигендерді фагоцитоз арқылы жояды. Орналасу орындарына байланысты қойнаулар: шеткі, аралық және орталық болып бөлінеді.

Шеткі қойнау лимфа түйіні қапшығы мен лимфа түйіншелерінің, аралық қойнау лимфа түйіншелері мен перделіктер, ал орталық қойнау бозғылтша баулар мен перделіктер аралықтарында орна- ласады. Шеткі қойнауға әкелгіш лимфа тамырлары ашылады. Олар арқылы лимфа түйініне үлпа сүйығы келіп қүйылады. Орталық қойнаулардан лимфа түйінінің қақпасынан әкеткіш лимфа тамыр- лармен лимфа ағып шығады. Қойнауларды лимфоидты үлпадан оқшаулайтын ретикулоэндотелиоциттер әкелгіш жөне әкеткіш лимфа тамырларының ішкі бетіндегі эндотелиймен жалғасып кетеді.

Қанлимфа (гемолимфалық) түйіндерінің гистологиялық қүрылысы. Қанлимфа түйіндері көкірек және қүрсақ қолқалары, бүйрек артериясы бойларында орналасқан қызыл түсті үсақ түйіндер. Бүлардың қүрылысы лимфа түйіндерінің қүрылысына үқсас. Тек, олардың иаренхимасын миелоидты үлпа қүрайды. Сондықтан, бүл түйіндерде негізінен аз мөлшерде эритроциттер мен гранулоциттер дамып жетіледі.

Ac қорыту мүшелерінің лимфо-эпителиальды құрылымдарының гистологиялық қүрылысы. Ac қорыту жүйесі мүшелерінің кілегейлі қабықтарының өзіндік тақташаларында, олардың ішкі эпителий қабаттарымен жанасып жатқан жекеленген немесе бірігіп орналасқан лимфа түйіншелері болады. Олар пішіні мен мөлшері әр түрлі лимфо-эпителиальды қүрылымдар түзеді. Ірі осындай қүрылымдар ауыз қуысы мен жүтқыншақ шекараларында орналасады. Оларды бадамшалар (миндалиналар) — деп атайды.

Бүларға тандай, тіл, жүтқыншақ және шошқадағы көмекеймаңы бадамшалары жатады. Мықын ішектің, бүйеннің, тоқ ішектің кілегейлі қабықтарында да жекеленген немесе топтасып жатқан лимфа түйіншелері болады. Топтасып жатқан лимфа түйіншелерін пейер түймешелері деп атайды. Қүрылысы жағынан ас қорыту мүшелері кілегейлі қабықтарындағы лимфа түйіншелері лим- фа түйіні і<чыртысты затының лимфа түйіншелеріне үқсас. Бүлардың да ақшыл түсті көбею орталықгары болады. Лимфо-эпителиальды күрылымдар шеткі қан жасау және қорғаныс мүшелеріне жатады. Лимфа түйіншелерінің негізін және оларды бөліп түрған аралықгарды ретикулалы үлпа қүрайды. Кілегейлі кдбықгар лимфа түйіншелерінде жетілетін эффекторлы Т — және В — лимфоциттер ас қорыту мүшелері қуыстарындағы азықпен келген микроорганизмдер мен бөгде антигендерді фагоцитоз арқылы жояды. В — лимфоциттерден туындаған плазмоциттер A — иммундыглобулиндер түрін түзеді.

Жануарлар денесіндегі орналасу орнына байланысты, лимфа түйіндері терең және беткей лимфа түйіндері болып ажыратылады. Беткей лимфа түйіндері терінің астында орналасады. Сондықтан, оларды тірі жануарларда сипап зерттеп, тексеру нәтижесінде алынған мәліметтер әр түрлі ауруларды анықтап тануға мүмкіндік

береді. Лимфа түйіндері жануарлар организмдеріндегі дене аймақ- тарындағы орналасу орындарына байланысты топтасып, лимфа орталыктарын (lymphocentr — 1с.) қүрайды. Организмдегі олардың жалпы саны — 19.

БАСТЫҢ ЛИМФА ТҮЙІНДЕРІ

1.Шықшыт лимфа орталығы (околоушной лимфоцентр) — 1с. parotideum — самай-төменгі жақ буынынан төмен, шықшыт сілекей безінің астыңғы жағында орналасады. Бүл орталық беткей және терең лимфа түйіндерінен түрады. Шықшыт лимфоорталығы лимфаны бас аумағынан жинап, жүтқыншақарты латеральды лимфа түйініне қарай өткізеді.

Ерекшеліктері. Жылқыда бүл орталықтағы лимфа түйіндерінің саны — 6-11. Сиырда лимфоорталықтың үзындығы 5-7 см -дей, үсақ малдарда мөлшері кішірек болып келеді. Ол шықшыт сілекей безінің астында орналасады. Шошқада бүл орталық 2-3 майда лимфа түйіндерінен түрады. Олардың орташа үзындығы 3-6 см. Лимфа бүл орталықтан мойынның беткей лимфа түйініне өтеді. Итте шықшыт лимфоорталығының үзындығы 2,5 см. Ол лимфаны жүтқыншақарты медиальды лимфа түйініне өткізеді.

2.Төменгі жақ лимфа орталығы (нижнечелюстной лимфо- центр) — 1с. mandibulare — төменгі жақаралық кеңістікте, төменгі жақ сүйектің тамырлы ойығының артқы жағында, төменгі жақ сілекей безінің алдында орналасады. Лимфаны бас аумағының терісінен, бүлшық еттерінен және басқа мүшелерден жинап, жүтқыншакдрты лимфа түйініне немесе мойын лимфа түйіндеріне өткізеді.

Ерекшеліктері. Жылқыда бүл орталықтың үзындығы 0,2 - 3,5 см, саны 35 -тен 75 -ке дейін жетеді. Олар — майда лимфа түйіндері. Сиырда лимфа орталықтың үзындығы 3-5 см -дей, төменгі жақ безінің сыртқы бетінде орналасады. Ал үсақмалдарда орталықтың қүрылысы сиыр лимфоорталфығына үқсас, бірақмөлшері кішірек келеді. Шошкдца орталықгағы түйін саны— 2—3, мөлшері 3-5 см- дей. Итте бүл орталық төменгі жақ сүйектің бүрыштық өсіндісінен каудо-латеральды бағытта орналасады. Лимфа түйіндерінің саны 2-ден 5-ке дейін болады, ал көлемі 1,0 - 5,5 см.

3.Жұтқыншақарты лимфа орталығы (заглоточный лимфоцентр) — 1с. retropharyngeum — бірнеше лимфа түйіндері топтарынан қүралған:

2)медиальды жүтқыншақарты лимфа түйіндері (In. retropharyngei medialis) жүтқыншақтың дорсальды қабырғасында орналасады. Лимфа түйіндерінің түбірі: бас, жүтқыншақ, өңеш және көмекей аумақтары. Бүлар лимфаны кеңірдек лимфа өзегіне өткізеді.

Ерекшеліктері. Жьшадца 20-40 шақгы майда лимфа түйіндерінен түрады. Бүлар лимфаны мойын аумағындағы терең краниальды лимфа түйініне өткізеді. Сиырда түйіннің мөлшері 3-6 см, үсақ малдарда 2-

2,5 см. Шошкдда бүл түйін болмайды, ал итге оның мөлшері 1,8-8 см.

2)латеральды жүтқыншақарты лимфа түйіндері (In. retropharyngei lateralis) шықшыт сілекей безінің астында, атлант қанатының шұңқырына жақын орналасады. Лимфаны бас аумағынан жинап, әр түрлі лимфа түйіндеріне өткізеді.

Ерекшеліктері. Жылқыда бүл топты үзындығы 0,3-1,5 см -дей 8 -15 лимфа түйіндері қүрайды. Бүлар лимфаны бастан және мойынның алдыңғы бөлігінен жинайды да, мойынның терең краниальды лимфа түйініне өткізеді. Сиырда лимфа түйінінің үзындығы 3-5,5 см -дей, ал ұсақ малдарда мөлшері кішірек, орналасу орны мен лимфа жинау түбірі сиырға үқсас. Лимфа бүл түйіннен кеңірдек өзегіне ағып өтеді. Шошқада лимфа түйінінің мөлшері 1-3см, лимфа мойынның беткей лимфа түйініне өтеді. Итте бүл түйін сирек кездеседі. Лимфаны ол медиальды жүтқыншақарты лимфа түйініне өткізеді.

3)ростральды тіласты лимфа түйіні (In. hyoideus rostralis) тіласты сүйектің үлкей мүйіздігінің латеральды бетінде жатады. Лимфа — бүл лимфа түйіннен жүтқыншақарты лимфа түйіндеріне ағып өтеді.

4)каудальды тіласты лимфа түйіні (In. hyoideus caudalis) тіласты сүйектің ортаңғы бунағының латеральды бетінде орналасады. Лим- фаны жүтқыншақарты лимфа түйіндеріне өткізеді.

МОЙЫННЫҢ ЛИМФА ТҮЙІНДЕРІ

1.Беткей мойын лимфа орталығы (поверхностный шейный лимфоцентр) — 1с. cervicale superficiale — иық буынының алдыңш жағында орналасады. Сыртынан иық-бас бүлшық етімен жабылған. Лимфа орталығы лимфаны мойынның артқы бөлігінен, көкірбк керегесінің алдыңғы жағынан және алдыңғы аяқтан жартылай жинайды. Лимфаны мойынның оң жағында кеңірдек өзегіне, ал сол жағында көкірек өзегіне қүяды.

Ерекшеліктері. Жылкмда бүл орталықтағы майда лимфа түйін- дерінің (0,2-4,0 см) саны 60 -тан 130 -ға дейін жетеді. Лимфаны мойыннан, алдыңғы аяқтан, иық белдеуінің бүлшық еттерінен жинайды да, оны мойынның каудальды лимфа түйіндері мен оң лимфа бағанына өткізеді. Сиырда негізгі лимфа түйінінің үзындығы 7-10 см. Бүл орталыққа жауырынның алдыңғы жағында трапеция төрізді бүлшық еттің астында жатқан 5-10 дорсальды лимфа түйіндері де кіреді. Шошқада лимфа орталығы дорсальды және вентральды лимфа түйіндерінен түрады. Олар мойындырық сайында, иық буынынан шықшыт сілекей безіне дейін созылып жатады. Лимфаны қосымша бас лимфа түйіндерінен қабылдайды. Лимфа вентральды лимфа түйіндерінен дорсальды лимфа түйіндері тобына, одан әрі алдыңғы қуыс венаға тікелей құяды. Итте бүл орталықтағы лимфа түйіндерінің саны — 1-4, мөлшері 7,5 см -дей.

2.Терең мойын лимфа орталығы (глубокий шейный лимфоцентр) — 1с. cervicale profundum — үш лимфа түйіндері топтарынан түрады. Олар:

1)краниальды лимфа түйіндерінің тобы көмекей мен жүтқын- шақтың артқы жағында, кеңірдекте орналасады;

2)ортаңғы лимфа түйіндерінің тобы кеңірдекте орналасады;

3)каудальды лимфа түйіндерінің тобы бірінші қабырғаның алдыңғы жағында жатады.

Терең мойын лимфа орталығы лимфаны жүтқыншақган, көмекей- ден, кеңірдектен, өңештен, мойынның вентральды бүлшықеттерінен, жартылай көкірек қабырғасының алдыңғы бөлігі мен иық белдеуі бүлшық еттерінен жинап, оны лимфа көкірек өзегі мен оң лимфа бағанына немесе кеңірдек бағанына өткізеді.

Ерекшеліктері. Жылқьща краниальды лимфа түйіндері тобында үзындығы 0,4-2,5 см 30-40 майда лимфа түйіндері болады. Ортаңғы топта кейде жекеленген, кейде 15-30 лимфа түйіндері бірігіп, лимфа түйіндерінің тізбегін қүрайды. Каудальды топты 20-30 -дай лимфа түйіндері қүрайды. Күйіс қайтаратын жануарлардың краниальды тобында 4-6, ортаңғы тобында 1-7, ал каудальды тобында 2- 4 лимфа түйіндері болады. Шошқада краниальды және ортаңғы топтардағы лимфа түйіндерінің саны түрақгы емес, ал каудальды топта 2-6 лимфа түйіндері болады. Итте терең мойын лимфа орталығының түйіндері тым майда, сандары әр түрлі болады.

АЛДЫҢҒЫ АЯҚТЫҢ ЛИМФА ТҮЙІНДЕРІ

1.Қолтық лимфа орталығы (подмышечный лимфоцентр) — 1с. ахіііаге — бірнеше лимфа түйіндерінің топтарын қүрайды. Олар:

1)өзіндік қолтық лимфа түйіндері иық буынының артқы жағында, үлкен жүмыр бүлшық еттің медиальды бетінде орналасады. Бүл орталық лимфаны алдыңғы аяқтан жинайды.

Ерекшеліктері. Жылқыда үзындығы 0,2-3 см болатын 12-30 шақты майда лимфа түйіндері қатар жатып, ені 3-4 см, үзындығы

4-7 см -дей тізбек түзеді. Лимфаны мойынның каудальды лимфа түйіндеріне өткізеді. Күйіс қайтаратын жануарларда лимфаны аталған лимфа түйіндері бірінші қабырға түсына жақын орналасқан қолтықлимфа түйіндеріне өткізеді. Шошқада бүл лимфа түйіндері болмайды. Итте қолтық лимфа түйінінің үзындығы 5 см -ге дейін жетеді. Аталған лимфа түйіндерінде жиналған лимфа оң жақта кеңірдек бағанына, сол жақта көкірек өзегіне құяды:

2)1-қабырғаның лимфа түйіндері бірінші кабырға түсында, иық буынының медиальды бетінде орналасады. Лимфаны алдыңғы аяқ- тан, мойынның вентральды бүлшық еттері мен иық белдеуінің бүлшық еттерінен жинайды. Жиналған лимфаны кеңірдек бағанына, көкірек өзегіне немесе мойынның терең лимфа түйіндеріне өткізеді.

Ерекшеліктері. Жылқыда бірінші қабырғаның лимфа түйіндері терең мойын каудальды лимфа түйіндерімен бірігіп жатады. Сиырда үзындығы 1,0-2,5 см, үсақ малда 0,8-1,0 см болып келген 2-3

лимфа түйінінен құралады. Шошкэда бұл түйін бірінші қабырғаның төссүйекпен байланысқан жерінде жатады. Итте болмайды;

3)қосымша қолтық лимфа түйіндері гек итте ғана кездесуі мүмкін. Бүлар шынтақтөмпегінде, арқаның тым жалпақжәне терең кеуде бүлшық еттерінің аралығында 3-4 -інші қабырғалар түсында орналасады. Лимфаны қолтық лимфа түйіндеріне өткізеді;

4)кеуде лимфа түйіндері кеуде бүлшық еттерінің маңында орналасады. Лимфаны қолтық лимфа түйіндеріне өткізеді;

5)жауырынасты лимфа түйіндері жауырынның астында орнала- сады. Лимфаны қолтық лимфа түйіндеріне өткізеді;

6)шынтақ лимфа түйіндері шынтақ буыны маңында, иықтың екібасты бүлшық еті мен үшбасты бүлшық еттің медиальды басы аралығында орналасады. Тек жылқыда ғана кездеседі. Лимфаны алдыңғы аяқтан жинап, қолтық түйіндеріне өткізеді.

АРТҚЫ АЯҚТЫҢ ЛИМФА ТҮЙІНДЕРІ

1.Тобықасты лимфа орталығы (подколенный лимфоцентр) 1с. popliteum — балтыр бүлшық етінің латеральды басы мен санның екібасты бүлшық етінің аралығанда орналасады. Лимфаны сирақ пен бақай аумақтарынан жинап, мыкьін лимфа түйіндеріне өткізеді.

Ерекшеліктері. Жылқьща мөлшері 0,3-2,5 см болатын 3-12 майда лимфа түйіндері қатар жатып, үзындығы 3 - 5 см -дей тізбек қүрайды. Сиырда бүл түйін 3,0-4,5 см, үсақ малдарда 2,0-2,5 см болады. Шошқада бүл түйін беткей және терең лимфа түйіндері болып екі топқа бөлініп жатады. Беткей лимфа түйіндерінің тобы мөлшері 0,5-2,0 см, тері астында, анық (сафена) артериясының бойында, санның екібасты жөне жартылай сіңірлі бүлшық еттердің аралығыңда орналасады. Терең топтың лимфа түйіндері сирек кездеседі. Бүлар мөлшері 0,5-1,0 см -дей 1-2 лимфа түйіндерінен түрады. Олар негізінен балтыр бүлшық еті маңында жатады. Итте лимфа түйінінің үзындығы 5 см болады.

2.Тобықүсті лимфа орталығы (надколенный лимфоцентр) 1с. subiliacum — санның жалпақ шандыр кергіш бүлшық еттің медиальды бетінде, шамамен сербек пен тобық аралығының орта түсында орналасады. Лимфаны күрсақ қабырғасы мен артқы аяқ терілерінен, санның жалпақ шандырын кергіш бүлшық етінен жинап, мықын лимфа түйіндеріне өткізеді.

Ерекшеліктері. Жылқыда мөлшері 0,2-2,8 см болатын 15-50 лимфа түйіндері үзындығы 6-10 см тізбек түзеді. Сиырда түйіннің орташа мөлшері 6-11 см, үсақ малдарда 4-5 см болады. Шошқада лимфа түйінінің үзындығы 4,0 — 6,5 см. Ол жоғарыда баяндалған дене аумақ- тарынан басқа, лимфаны қосымша бел және көкірек қабырғасынан (соңғы 3-5-інші қабырға) да жинайды. Итте бүл орталық болмайды.

3.Шаптың беткей лимфа орталығы (поверхностный паховой лим- фоцентр) — 1с. inguinalis superficialis — жануарлардың жынысына

байланысты түрліше орналасады. Еркек жануарларда қүрсақ қабырғасының вентральды бетінде, жыныстық мүшенің бүйірінде, ал үрғашы жануарларда желіннің жоғарғы жағында, тері астында орналасады. Бұл орталық лимфаны сыртқы жыныс мүшелерінен, желіннен жинап, сыртқы мықын түйініне өткізеді.

Ерекшеліктері. Айғырда лимфа түйіндері енбаудың маңайында шоғырланып, екі лимфа түйіндерінің тізбегін түзеді. Алдыңғы тізбектің үзындығы 11-13 см, енбаудың алдында, ал артқы тізбектің үзындығы 4-6 см, енбаудан кейін орналасады. Орталықтағы лимфа түйіндерінің жалпы саны — 25-100. Биеде мөлшері 0,3-4,5 см болатын 20-100 шақты лимфа түйіндері үзындығы 10-14 см лимфа түйіндерінің тізбегін қүрайды. Ол желін мен қүрсақ және жамбас қабырғаларының аралығында орын тебеді. Бүқада мөлшері 3-6 см- дей екі лимфа түйіні енбаудан кейін орналасады. Сиырда олардың саны — 1-2, желін негізінің артқы жағында тері астында жатады. Үсақмалдарда, лимфа түйіндерінің орналасу орны бүқа мен сиырға үқсас, бірақ олардың мөлшері кішірек келеді. Қабанда 2 - 3 түйін болады. Мегежінде олар үзындығы 5-6 см лимфа түйіндерінің тізбегін түзіп, жамбастың алдыңғы жағында орналасады. Төбетте мөлшері 6-8 см -дей 1-3 лимфа түйіндері, ал қаншықга мөлшері 2 см -дей 1-2 лимфа түйіндері болады. Бұлар шат сүйегінің алдыңғы жағында жатады.

4.Шаптың терең лимфа түйіндері (глубокие паховые лимфатические узлы) — In. inguinales profundi — күрсақ қабырғасының медиальды бетінде, сыртқы мықын артериясынан терең сан артериясы ажырайтьш түста орналасады. Лимфа түйіндері лимфаны қүрсақ бүлшық етгерінен, артқы аяқган және несеп-жыныс мүшелерінен жинап, мықынның медиальды лимфа түйіндері мен бел цистернасына өткізеді.

Ерекшеліктері. Жылқыда 16-25 түйіннен қүралған, үзындығы 8 - 12 см лимфа түйіндерінің тізбегі сан және терең сан артерияларының аралығывда, сан өзегінің бастапқы бөлігінде орналасады. Қалған жануарларда бүл түйіндер түрақгы кездеспейді.

КӨКІРЕК КДБЫРҒАСЫ МЕН КӨКІРЕК ҚУЫСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ ЛИМФА ТҮЙІНДЕРІ

Дорсальды көкірек лимфа орталығы (дорсальный грудной лимфоцентр) - 1с. thoracicum dorsale.

а)қабырғааралық лимфа түйіндері (In. intercostales) қабырғалар бастарына жақын қабырғааралық кеңістікте орналасады. Түйіндерді ішкі жағынан көкірекіші шандыры мен плевра жауып түрады. Қабырғааралық түйіндер лимфаны арқа және мойынның сүйектері мен бүлшық еттерінен плеврадан және диафрагмадан жинап, көкірек ортасының лимфа түйіндері мен көкірек өзегіне өткізеді.

Ерекшеліктері. Жылқыда қабырғааралық лимфа түйіндерінің мөлшері 0,3-0,6 см, сиырда 0,3-1,5 см, ал үсақ малдарда 0,2-0,5

см. Шошқада қабырғааралық лимфа түйіндері болмайды. Итте бүл түйіндер өте сирек кездеседі.

ә)қолқалық көкірек лимфа түйіндері (In. thoracica aortici) қолқа мен көкірек омыртқалардың аралығында орналасады. Лимфа түйіндері лимфаны арқаның дорсальды бүлшық еттерінен, көкірек омыртқалардан, қолқадан, бауырдан, плеврадан жинап, көкі- рекортасының каудальды лимфа түйіндерінен краниальды лимфа түйіндеріне өткізеді.

Ерекшеліктері. Жылқыда бүл түйіндер тым майда 3-10 мм, сиырда 0,8-2,5 см, үсақ малдарда 0,4-1,0 см, шошқада 0,5-1,5 см болады. Итте болмайды.

Көкірекортасының лимфа орталығы (средостенный лимфо- центр) — 1с. mediastinale.

а)көкірекортасыньщ краниальды лимфа түйіндері (In. mediastinales craniales) көкірек ортасындағы жүрек плеврасының аралығындағы кеңірдектің жоғарғы және төменгі жағында жатады. Лимфаны көкірек кдбырғасынан, иық белдеуінің бүлшық еттерінен, мойыннан, кеңірдектен, жүректен, қолқадан, жүрекқаптан, плеврадан жинап, көкірек өзегі мен оң лимфа бағанына қүяды.

Ерекшеліктері. Жылқыда бүл түйіннің саны 40-100 -ге дейін жетеді. Күйіс қайтаратын жануарларда олар өңеш пен кеңірдек маңайында орналасады. Шошқада түйін саны — 1-3, мөлшері 0,5-

1,7 см. Итге лимфа түйіндерінің саны — 1-6, орташа мөлшері 4 см болады.

ә)көкірекортасының ортаңғы лимфа түйіндері (In. mediastinales medii) жүректің жоғарғы жағында, қолқа мен өңештің аралығында орналасады. Лимфа түйіндері лимфаны өңештен, кеңірдектен, бауырдан жинап, көкірек ортасының краниальды және бронхтық лимфа түйіндеріне өткізеді.

Ерекшеліктері. Жылқыда бүл түйіннің мөлшері 2-60 мм, саны

4-тен 14 -ке дейін болады. Сиырда лимфа түйінінің мөлшері 0,5-5см, ал ұсақ малдарда 0,5-2,5 см. Шошқа мен итте бүл түйіндер болмайды.

б)көкірекортасының каудальды лимфа түйіндері (In. mediastinales caudales) кекірек ортасындағы қолқа мен өңештің аралығында орна- ласады. Бүл түйіндер лимфаны еңештен, хілеврадан, бауырдан, көк- бауырдан жинап, көкірек ортасының краниальды және ортаңғы лимфа түйіндеріне өткізеді.

Ерекшеліктері. Жылқыда бүл түйіндердің саны — 1-7, олардың орташа мөлшері 25 мм болып, еңештің маңайында орналасады.

Күйіс қайтаратын жануарларда 2-3 лимфа түйіні болады. Шошкд мен итте көкірекортасының каудальды лимфа түйіндері болмайды.

Вентральды көкірек лимфа орталығы (вентральный грудной лимфо- центр) - 1с. thoracicum ventrale — тоссүйек түтқасының дорсальды бетінде жатады. Орналасу орындарына байланысты бүл орталықгың лимфа түйіндері краниальды және каудальды болып екі топқа

бөлінеді. Аталған орталық түйіндері лимфаны көкірек қабырға- сының төменгі бөлігінен және диафрагмадан жинайды да, көкірек өзегіне еткізеді.

Ерекшеліктері. Жылкмда бұл түйіндер өте майда болып келеді. Олардың мөлшері1-8 мм. Сиырда түйіннің мөлшері 1,5-2,0 см, ал ұсақ малдарда 0,5-1,0 см. Краниальды топтың лимфа түйіндері 3-6-ншы қабырғааралықтұсында, каудальды топтың түйіндері — үлпершек пен диафрагма аралығында орналасады. Шошкада түйіндердің мөлшері

1,5-2,0 см, саны 1-2 болады. Итте бұл лимфа түйіні болмайды.

Бронхтық лимфа орталығы (бронхиальный лимфоцентр) — 1с.

bronchiale.

а)кеңірдек-бронхтық лимфа түйіндері (In. tracheo-bronchialis) - кеңірдек айрығының (бифуркациясының) оң, сол және жоғарғы жақтарында шоғырлана орналасқан. Бұл орталық лимфаны кеңір- дектен, өкпеден, жүректен, өңештен және көкірек ортасынан жинап, көкірек ортасының краниальды лимфа түйіндеріне өткізеді.

Ерекшеліктері. Жылқыда бүл түйіндердің саны кеңірдек айрығы- ның сол жағында 8-9, олардың орташа мөлшері 7-10 см; оң жағын- дағы түйіндердің саны — 4-6, орташа мөлшері 5-6 см; жоғарғы жағындағы түйіндердің саны — 9-20, мөлшері 4-6 см. Сиырда бүл түйіндердің орналасу орындары төмендегідей:

1)кеңірдек айрығының сол жағындағы лимфа түйіндерінің саны 1-2, мөлшері 2,5-5,0 см;

2)кеңірдектің оң жағында 1-2 лимфа түйіні болады, олардың орташа мөлшері 0,7-2,5 см;

3)кеңірдектің дорсальды лимфа түйіндерінің саны түрақгы емес, олардың мөлшері 0,3-1,2 см;

4)өкпенің оң краниальды бөлігіне енетін бронхтың төменгі жағындағы лимфа түйіндерінің саны — 1-4, олардың мөлшері

1,5-3,0 см;

5)кеңірдектің оң жағының төменгі бетіндегі лимфа түйінінің мөлшері 0,5-2,0 см. Ол өкпенің ортаңғы бөліктерінің аралығында жатады. Үсақ малдарда бүл түйіндердің орналасуы сиыр лимфа түйіндерінің орналасу орындарына үқсас. Олардың мөлшері кішірек келеді. Шошқада бүл түйіндердің саны — 8-10. Итте кеңірдектің дорсальды бетіндегі лимфа түйінінің мөлшері 3,2 см.

ә)өкпе лимфа түйіндері (In. pulmonales) өкпедегі бронхтар бойында орналасады.

Ерекшеліктері. Жыліддда бүл түйіндердердің орташа мөлшері 3,0-

  1. мм. Бүл түйіндер кейде болмайды. Сиырда олардың мөлшері 0,5-1,5 см, үсақ малдарда 0,3-1,0 см. Шошқада бүл түйіндер болмайды. Итге көп жағдайда болмайды. Болған жағдайда тым майда болып келеді, олардың мөлшері 0,1-1,0 см.

б)жүреккэптың лимфа түиіні (In. pericardiacus) тек сиырда кездеседі. Ол қолкд доғасының маңында орналасады. Жүреккдп лимфа түйінінің үзындығы 1,5 см -дей.

ҚҮРСАҚ ЖӘНЕ ЖАМБАС ҚАБЫРҒАЛАРЫНЫҢ ЛИМФА ТҮЙІНДЕРІ

1.Белдің қолкдлык, лимфа орталығы (поясничный лимфоцентр) 1с. lumbalis aorticum — қолқа мен артқы қуыс венаның жоғарғы жағында орналасады. Кейде омыртқааралық тесіктер маңында жатады. Лимфа түйіндері лимфаны бел аумағынан, несеп-жыныс мүшелерінен, қолқадан жинап, бел өзегі арқылы бел цистернасына өткізеді.

Ерекшеліктері. Жылвдца бүл орталықгага лимфа түйіндерінің саны — 30-160, олардың мөлшері 0,3-3, 5 см. Сиырда 12-25 лимфа түйіндері болады, олардың мөлшері 0,5-2,0 см. Шошқада бүл орталықга 8 - ден 20 -ға дейін лимфа түйіндері болады. Итте бүл орталықтың түйіндері түрақгы болмайды.

2.Мықын-құйымшақ лимфа орталығы (подвздошно-крестцовый лимфоцентр) — 1с. ilio-sacrale — мықын және орталық қүйымшақ артерияларының ажырайтын жерінде орналасады.

а)медиальды мықын лимфа түйіндері (In. iliaci mediales) сыртқы мықын артериясының басталар түсында, айналмалы терең мықын артериясының алдыңғы жағында орналасады. Лимфа түйіндері лимфаны бел аумағынан, кұрсақкдбырғасынан, артқы аяқган, несеп- жыныс мүшелерінен жинап, бел өзегі арқылы бел цистернасына өткізеді.

Ерекшеліктері. Жылқыда лимфа түйіндерінің саны — 3-25, олардың мөлшері 0,2-5,5 см. Сиырда лимфа түйінінің үзындығы 0,5-5 см -ге тең, олардың саны — 1-2, үсақмалдарда да 1-2 лимфа түйіні болады. Шошқада лимфа түйінінің саны — 23. Итте медиальды мықын лимфа түйінінің мөлшері 6 см -дей болады.

ә)латеральды мықын лимфа түйіндері (In. iliaci laterales) айналмалы терең мықын артериясының каудальды және краниальды тармақтарға ажыраған жерінде, сербекке жақын орналасады.

Ерекшеліктері. Жылқыда бүл түйіндердің саны — 4-2, мөлшері

1,5- 2,5 см. Сиырда лимфа түйіндерінің саны — 1-2, үзындығы 1,5-

2,5см, ал үсақ малдарда үзындығы 1,0-1,5 см. Шошқада лимфа түйіндерінің саны 12, мөлшері 0,5-4,0 см. Итте бүл түйіндер болмайды.

б)сыртқы мықын лимфа түйіндері (In. iliaci externi) қүрсақ қабырғасының медиальды бетінде, сыртқы мықын артериясынан терең сан артериясы ажырайтын түста орналасады. Лимфа түйіндері лимфаны жамбас аумағынан, артқы аяқтан, бел және қүрсақ бүлшық еттерінен жинап, бел цистернасы мен медиальды мықын лимфа түйіндеріне өткізеді.

Ерекшеліктері. Жылқьща бүл түйіндер болмайды. Сиырда бір түйін болады, оның пішіні жалпақ дөңгелекше келген, диаметрі 5-8 см, ал үсақ малдарда 4-5 см. Шошкдда лимфа түйінінің саны — 3-4, мөлшері 1,0-3,0 см. Итте сирек кездеседі.

в)қүрсақасты лимфа түйіндері (In. hypogastrici) ішкі мықын ар- терияларының аралығында орналасады. Лимфа түйіндері лимфаны жамбас қуысының қабырғасынан жинап, медиальды мықын лимфа түйіндеріне өткізеді.

Ерекшеліктері. Жылқыда лимфа түйіндерінің саны — 5-10, олардың мөлшері 0,3-2,0 см. Күйіс қайтаратын жануарларда лимфа түйіндерінің саны түрақты болмайды. Кейде тек бір лимфа түйінінен ғана түрады. Шошқада 2-5, ал итте 1-4 лимфа түйіндері болады.

г)құйымшақ лимфа түйіндері (In. sacrales) күйымшаққа жақын, жамбастың жалпақ байламы маңында жатады. Орналасу орындарына қарай: латеральды және медиальды лимфа түйіндері болып бөлінеді. Латеральды лимфа түйіндері лимфаны қүйымшақ аумағының бүлшық еттерінен, ал медиальды лимфа түйіндері жамбас қуысында орналасқан жыныс мүшелерінен жинап, медиальды мықын лимфа түйініне өткізеді.

Ерекшеліктері. Жылқыда латеральды лимфа түйіндерінің саны — 1-5, ал медиальды лимфа түйіндерінің саны — 1-2. Аталған лимфа түйівдері ішкі жыныс артериясы мен каудальды тік ішек артериясында орналасады. Сиырда латеральды лимфа түйіндерінің мөлшері 1 см, саны — 2, медиальды лимфа түйіндері болмайды. Үсақ малдарда да медиальды лимфа түйіндері болмайды. Шошқала тек латеральды лимфа түйіндері болады. Итте көбіне күйымшақ лимфа түйіндері бола бермейді.

д)шонданай лимфа түйіні (In. ischiadicus) кіші шонданай ойығы аумағында жамбастың жалпақ байламының сыртқы бетінде жатады. Лимфаны жамбас куысының кдбыргасы мен оның мүшелерінен жинай- ды. Шонданай лимфа түйіні тек күйіс кэйтаратын жануарларда кездеседі.

е)жагіқыш лимфа гүйіні (In. obturatorius) жапқыш тесігінің кра- ниальды жиегінде орналасады. Бұл түйін тек жылқыда болады.

ҚҮРСАҚ ЖӘНЕ ЖАМБАС ҚУЫСТАРЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ ЛИМФА ТҮЙІНДЕРІ

Лимфа қүрсақ қуысынан алдымен мүшелер лимфа түйіндеріне ағып келіп, одан соң, бел бағаны арқылы бел цистернасына өтеді. Бел лимфа орталығы (поясничный лимфоцентр) — lc. lumbale.

а)қолқалық бел лимфа гүйіндері (In. lumbales aortici) қолқа мен артқы қуыс венаның жоғарғы жағында орналасады. Омыртқааралық тесіктер маңында да кездеседі. Лимфа түйіндері лимфаны бел аумағынан, несеп-жыныс мүшелерінен, қолқадан жинап, бел бағаны арқылы бел цистернасына өткізеді.

Ерекшеліктері. Жылқыда мөлшері 0,3-3,5 см -дей 30 -дан 160-қа дейін лимфа түйіндері болады. Күйіс қайтаратын жануарларда 12- 25, ал шошқада 8-20 лимфа түйіндері топтасып орналасады. Итте түрақты болмайды.

ә)бүйрек лимфа түйіндері (In. renales) бүйрек қақпасы мен бүйрек артериялары бойында орналасады.

Ерекшеліктері. Жылқыда лимфа түйіндерің саны — 10-18, ал сиырда 2-5.

б)жүмыртқалықлимфа түйіні (In. ovaricus) жүмыртқалық байла- мында орналасады. Барлық жануарларда түрақты болмайды. Еркек жануарларда ен лимфа түйіні (In. testicularis) — деп аталады. Бүл түйін тек қабанда ғана болады.

Іш лимфа орталығы (чревный лимфоцентр) — lc. celiacum.

а)іш лимфа түйіндері (In. сеііасі) іш артериясының қүрсақ қолқасынан ажырар түсында шоғарлана орналасады. Лимфаны іш бағаны арқылы бел цистернасына өткізеді.

Ерекшеліктері. Жылқыда бүл түйіндердің саны — 12-30. Күйіс қайтаратын жануарларда 2-5, шошқада 2-4 лимфа түйіні болады.

ә)бауыр (қақпалық) лимфа түйіндері (In. hepatici s. portales) бауыр қақпасында орналасады.

Ерекшеліктері. Жылқыда мөлшері 0,4-9,0 см -дей болатын 4- 10 лимфа түйіні, сиырда мөлшері 1,0-5,0 см дей 5-8, үсақ малдарда

5-6 лимфа түйіндері болады. Шошқада бүл түйіндер қақпалық вена маңында жекеленіп немесе шоғарлана орналасады. Итте орналасу орындарына байланысты оң және сол бауыр лимфа түйіндері болып бөлінеді.

б)көкбауыр лимфа түйіндері (In. lienales) көкбауыр кақпасында жатады.

Ерекшеліктері. Жылқыда көкбауыр түйіндері жалпақ пішінді, қызыл түсті 10-30 түйіннен түрады. Олардың мөлшері 0,2-7,0 см. Күйіс қайтаратын жануарларда болмайды. Шошқада 1-8, итте 5 лимфа түйіні болады.

в)шарбының лимфа түйіндері (In. omentales) қарын-көкбауыр байламында орналасады.

Ерекшеліктері. Жылқыда бүл түйіндердің саны — 14-20, мөлшері 0,2-2,5 см. Итте бүлар он екі елі ішек маңында орналасады. Бірақ, сирек кездеседі. Қалған жануарларда болмайды.

г)қарын лимфа түйіндері (In. gastrici) өңештің қарынға ашылатын жерінен (кардиальды бөлігінен) қарынның кіші иінін бойлай орна- ласады.

Ерекшеліктері. Жылідыда 15-35 түйін болады. Күйіс қайтаратын жануарларда қарын лимфа түйіндері оң және сол мес қарын, дорсальды және вентральды үлтабар, сондай-ақ, қарынның барлық бөлімдерінде кездеседі. Шошқада бүл түйіндер жекеленіп немесе топтасып жатады. Итте олар кейде болады, көбіне болмайды.

д)үйқы безі және он екі елі ішек лимфа түйіндері (In. pancreatico- duodenales) он екі елі ішектің басталар үшында орналасады.

Ерекшеліктері. Жылқыда мөлшері 0,2-2,0 см 5-15 түйін болады. Күйіс қайтаратын жануарларда бүл түйіндердің сандары түрақты емес. Шошқада 8-9, ал итте тек 1 ғана түйін кездеседі.

Краниальды шажыркдй лимфа орталығы (краниальдый брыжееч- ный лимфоцентр) — 1с. mesentericum cranialis — ащы және жуан ішекгердің шажьфкайларында орналаскан лимфа түйіндерін бір топка біріктіреді.

а)краниальды шажыркдй лимфа түйівдері (In. mesenterici craniales) - күрсақ қолкдсынан краниальды шажыркдй артериясының ажырайтын тұсында орналасады. Бүлар лимфаны бел цистернасына өткізеді.

Ерекшеліктері. Жылқьща 70-80 лимфа түіндері болады. Олардың мөлшері 0,3-4,0 см.

ә)аш ішек лимфа түйіндері (In. jejunales) аш ішек шажырқайында орналасады.

Ерекшеліктері. Жылқыда түйіндердің саны — 35-90, олардың мөлшері 0,3-6,0 см болып, шажырқай түбіріне жақын жатады. Күйіс қайтаратын жануарларда аталған түйіндер шажырқайдың аш ішекке бекитін түсында, ішекті жағалай орналасады. Олардың саны — 30-50. Шошқада лимфа түйіндері краниальды шажырқай артериясы бағанының бойында жатады, ал итте 2 үлкен түйін болады.

б)бүйен лимфа түйіндері (In. cecales) ірі жануарларда жақсы жетілген. Жылкзыда латеральды, медиальды және дорсальды болып топтасып жатады. Латеральды және медиальды түйіндердің саны 1000 -нан 1400 -ге дейін жетеді. Олар бүйен таспасын бойлай орналасады. Дорсальды түйіндердің саны — 4-18. Күйіс қайтаратын жануарларда бүл түйіндер бүйен мен мықын ішек аралығында, шошқада аш ішек шажырқайында жатады. Итте болмайды.

в)тоқ ішек лимфа түйіндері (In. соіісі) тоқ ішек шажырқайында орналасады.

Ерекшеліктері. Жылқыда олар үлкен тоқ ішек түйіндері (In. соіі crassi) - деп аталады. Бүлар өздерін қоректендіретін дорсальды және вентральды тоқ ішек артерияларының бойында орналасады. Жалпы саны 6000 -ға дейін жетеді, мөлшері 1,0-25,0 мм. Күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада бүл түйіндер тоқ ішек иілімдерінің аралығында жатады. Итте олар оң, сол және ортаңғы түйіндер топтарына бөлініп, ішек шажырқайында орналасады.

Каудальды шажырқай лимфа ор галығы (каудальный брыжеечный лимфоцентр) — 1с. mesentericum caudale — тоқ ішектің соңғы бөлігі мен тік ішек лимфа түйіндерін, жылқыда бүларға қоса кіші тоқ ішек пен қуықтың лимфа түйіндерін біріктіреді.

а)каудальды шажырқай лимфа түйіндері (In. mesenterici caudales) аттас артерияны бойлай, шажырқайда орналасады.

Ерекшеліктері. Жылкьіда олар кіші тоқ ішек лимфа түйівдері (In. соіі tenuis) - деп аталады. Бүлардың жалпы саны — 1600-1800, імөлшері 1,0-

52,0 мм болады. Итге 2-5 каудальды шажыркай лимфа түйіндері болады.

ә)тік ішек лимфа түйіндері (In. rectales) тік ішектің жоғарғы

бетінде жатады.

Ерекшеліктері Жылқыда бүл лимфа түйіндерінің мөлшері 2,0-

10,0 мм, саны 10-30 шақты. Сиырда түйіннің мөлшері 0,5-3,0 см, ұсақ малдар мен шошқада тым майда болып келеді.

б)артқы тесік — анустың лимфа түйіндері (In. anales) тері астында, анустан жоғары орналасады.

Ерекшеліктері. Жылқыда лимфа түйіндердің мөлшері 3,0-12,0 мм, саны — 3-16; сиырда бүлардың мөлшері 0,3-5,0 см -ге дейін жетеді. Үсақмалдар мен шошқада бүл түйіндер майда болып келеді, олар анустың екі қапталында жатады.

НЕГІЗГІ ЛИМФА ТАМЫРЛАРЫ

Лимфаны бүкіл жануарлар организмдерінен жинап, венаға қүйылуын қамтамасыз ететін негізгі лимфа тамырларына: бел цистернасы, көкірек өзегі, оң лимфа бағаны, бел, ішек және кеңірдек өзектері жатады.

Көкірек өзегі (грудной проток) — ductus thoracicus — қүрсақ қуысындағы бел цистернасынан басталатын ең ірі лимфа тамыры. Бүл өзек лимфаны бастың, мойынның, көкірек қабырғасының оң жақ жартысы және оң аяқтан басқа, жануарлар денесінің 3/4 бөлігінен жинайды.

Көкірек өзегі көкірек қолқасының оң жағында жатады. Қолқа доғасының алдында ол өңеш пен кеңірдектің сол жақ бетіне өтіп,

S әрпі тәрізді иілім жасайды да, бірінші қабырғаның алдыңғы жиегі түсында кеңейіп барып, алдыңғы куыс венаға немесе күретамыр венасының соңғы үшына жалғасады.

Бел цистернасы (поясничная цистерна) — cisterna сһуіі — диафрагма аяқшаларының аралығында, қолқаның жоғарғы жағы мен оң қапталында, алғашқы бел омыртқалардың астында орналасады. Оның пішіні үзынша келген сопаққапшықтәрізді. Бел цистернасына бел, каудальды шажырқай және медиальды мықын лимфа түйін- дерінен лимфаны жинайтын: бел лимфа бағандары мен ішек бағаны қүяды. Ішек бағаны лимфаны қарын мен ішектің лимфа түйіндерінен қабылдайды.

Оң және сол кеңірдек өзектері (правый и левый трахеальные лимфатические протоки) — ductus trachealis dexter et sinister — лимфаны жүтқыншақарты лимфа түйіндерінен жинайды.

Оң лимфа бағаны (правый лимфатический ствол) — truncus lym- phaticus dexter — лимфаны мойынның оң жақ жартысында орна- ласқан лимфа түйіндерінен және көкірекортасының краниальды лимфа түйіндерінен алып шығады. Ол бірінші қабырға түсында алдыңғы куыс венаға немесе күретамыр венасына ашылады.

Ерекшеліктері. Жылқыда бел цистернасы 1-3 бел омыртқалардың астында орналасады. Оның үзындығы 11-18 см, диаметрі 1,5-2,5 см. Көкірек өзегінде 10-15 жүп және тақ кдқпақшалар болады. Кеңірдек өзекгері мен оң лимфа бағаны лимфаны мойынның терең краниальды лимфа түйіндерінен жинайды. Олардың диаметрі 3-5 мм және 8-10 мм.

Күйіс кдйтаратын жануарларда бел цистернасы соңғы көкірек және алғашқы бел омыртқалардың астында орналасады. Ішек бағанының

диаметрі 7,5-10 мм -ге жетеді. Сиырда диаметрі 8-12 см бел лимфа

бағаны қолқа мен артқы қуыс венаның астында жатады.

Шошқада бел цистернасы 1 -2 -інші бел омыртқалардың астында

орналасады. Кеңірдек өзектері лимфаны мойынның дорсальды

және жұтқыншақарты медиальды лимфа түйіндерінен кдбылдайды.

Итте бел цистернасы 1-4 -інші бел омыртқалар мен қолқаның

астында орналасады. Оң лимфа бағаны лимфаны оң бүғанаасты венасына қүяды.

Лимфа айналым жүйесі бойынша бақылау сұрақгары:

1.Лимфа айналым жүйесінің жануарлар организмдеріндегі атқаратын қызметтеріне тоқталып, мүшелерінің қүрылысын еске түсіріңіз.

2.Қандай лимфа тамырларын білесіз? Олардың күрылыс ерекшеліктеріне токталыңыз.

3.Лимфа түйіндері, олардың жануарлар организмдеріндегі маңызы, түрлері және гистологиялық қүрылысы.

4.Гемолимфа түйіндері және ас қорыту мүшелері қабырғаларындағы лимфо- эпителиальды қүрылымдар, олардың күрылысы.

5.Бастың лимфа түйіндері, олар лимфаны қандай дене бөліктерінен жинап, қайда өткізеді?

6.Мойынның лимфа түйіндері, олар лимфаны кэндай дене бөліктерінен жинап, қайда өткізеді?

7.Алдыңгы аяқтың лимфа түйіндері, олар лимфаны қандай дене бөліктерінен жинап, кайда өткізеді?

8.Артқы аяқтың лимфа түйіндері, олар лимфаны қандай дене бөліктерінен жинап, қайда өткізеді?

9.Э.Көкірек қабырғасы мен көкірек қуысы мүшелерінің лимфа түйіндері, олар лимфаны қандай дене бөліктерінен жинап, қайда өткізеді?

10.Ю.Құрсақ және жамбас қабырғаларының лимфа түйіндері, олар лимфаны қандай дене бөліктерінен жинап, қайда өткізеді?

11.Қүрсақжәне жамбас куыстары мүшелерінің лимфа түиіндері, олар лимфаны қандай дене бөліктерінен жинап, қайда өткізеді?

12.Негізгі лимфа гамырлары, олар лимфаны қандай дене болік- терінен жинап, қайда өткізеді?

13.Тақырып мотініндегі қазақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алып, оларды жаттаңыз.

ҚАН ЖАСАУ ЖӘНЕ ИММУНДЫҚ ҚОРҒАНЫС МҮШЕЛЕРІ

Крн жасау және иммуқцық қорғаныс мүшелерінде (кроветворные и иммунозащитные органы) қан торшаларының түзілу процесі жүреді. Сонымен қатар, бүлардағы макрофагтар мен иммундыхабардар (иммунокомпонентті) торшалар организмге түскен бөгде заттар мен бөлшектерді, микроорганизмдерді, тіршілігі тоқтаған торшалар қалдықтарын жою арқылы қорғаныс қызметін де атқарады. Аталған мүшелерде қан мен лимфаның қоры уақытша сақталады.

Қан жасау және иммундық қорғаныс мүшелеріне сүйектің қызыл кемігі майы, айырша без (тимус), көкбауыр (талақ), лимфа және гемолимфа түйіндері, лимфо-эпителиальды қүрылымдар (бадамшалар, ішек лимфа түйіншелері), қүстардағы фабриций қаишығы, тері, өкпе жатады. Қызметіне байланысты қан жасау мүшелерін орталық және шеткі мүшелерге бөледі. Орталық қан жасау мүшелеріне сүйектің қызыл кемігі майы мен тимус, қүстардағы фабриций қапшығы, ал шеткі мүшелерге көкбауыр, лимфа түйіндері, лимфо-эпителиальды қүрылымдар және күстардағы тері мен өкпе жатады.

Эмбриондық даму кезеңінде сарыуыз қапшығы қабырғасында мезенхимадан жетілген кәпмүмкіндікті (полипотентті) діңгекті торшалар орталық қан жасау мүшелеріне келіп қоныстанып, бөліну арқылы көбейіп, жетіліп, маманданып, жануарлар организміндегі кднтүзілу процесін іс жүзіне асырады. Сүйектің қызьиі кемігі майында діңгекті торшалардан алдымен қан торшаларының ізашар бастама торшалары дамиды да, олардан эритроциттер, гранулоциттер, қан табақшалары жетіледі. Ал ретикулалы үлпа мен макрофагтар жасаған қолайлы микроортада Т және В лимфоцитгердің ізашар торшаларынан иммундыхабардар Т және В лимфоциттер түзіліп, қан арқылы Т лимфоциттер тимускд барып, антигенге тәуелді торшаларға айналады. Одан соң, Т және В лимфоциттер шеткі қан жасау мүшелеріне өтіп, оларда көбейіп маманданады да, организмдегі иммундық қорғанысты қамтамасыз ететін эффекторлы (әсерлі) торшаларға айналады.

Қан жасау мүшелері бір-бірімен тығыз байланыста қызмет атқа- рып, организмдегі қанның морфологиялық қүрамы мен иммундық түрақтылығын (гомеостаз) қамтамасыз етеді. Қан жасау мүшелері

қүрылысы жағынан паренхималы мүшелерге жатады, яғни олар гіаренхимадан және стромадан түрады. Сүйектің қызыл кемігі майының,телиальды күрылымдардың стромасын ретикулалы (торлы), ал тимус пен фабриций қапшығының негізін торлы-эпителиальды үлпа қүрайды. Аталған строма үлпаларының торшалары (рети- кулоциттер, өсінділі тармақгы эпителиоциттер) мен макрофагтар, кдн жасау мүшелеріндегі кднтүзілу процесінің жүруіне тым кджет қолайлы микроортаны жасайды. Ал, қан жасау мүшелерінің паренхимасын миелоидты (эритроциттер, гранулоциттер, қан табақшалары, моноциттер және лимфоциттердің ізашар бастамалары түзіледі) және лимфоидты (Т - және В - лимфоциттер, плазмоциттер түзіледі) үлпалар қүрайды. Қан жасау мүшелеріндегі қойнауша капиллярлар мен посткапиллярлықвенулалардың ерекше құрылысы, осы мүшелер арқылы ағып өтетін қан мен лимфаның ағысын баяулатып, дамып жетілген қан торшаларының қан жасау мүшелерінің паренхимасынан тамырлар арнасына өтуіне қолайлы жағдай тудырады.

Жануарлар эмбриогенезінде қантүзілу процесі үш кезеңнен өтеді. Олар: 1)мезобластикалық кезеңце қанның алғашқы ізашар діңгекті торшалары сарыуыз қапшығының қабырғасында мезенхимадан қалыптасады, 2)гепато-лиенальды кезенде діңгекті торшалар қан тамырларымен бауырға және көкбауырға келіп қоныстанып, осы мүшелерде қантүзілу процесі жүреді, 3) медуллалы кезенде эмбрион организміндегі қантүзілу процесі сүйек кемігінің майына өтеді.

СҮЙЕК МАЙЫ

Сүйек майы — белгілі-бір деңгейде өздігінен реттелетін кдн жасаушы ізашар діңгекті торшалар топтары (популяциялары) орналаскдн орталық қан жасау мүшесі. Омырткэлы жануарларда сүйек майының екі түрі кездеседі. Оларға жіліктің майы және сүйектің қызыл кемігінің майы жатады. Жіліктің майы түтікше сүйектердің куыстарында түзіліп жиналады. Оның негізін ретакулалы және борпыдцақдәнекер үлпалары қүрайды. Жас дәнекер үлпалық адвентициялық торшалардан цитоплазмасыңца май тамшыларын жинап, жілік майын қүрайтын май торшалары — липоциттер түзіледі. Жілік майында жануарлар организміне кджет қоректік заттар қоры жиналады. Қан кету немесе баскд да әр түрлі ауруларға байланысты сүйектің қызыл кемігі майында кантүзілу деңгейі төмендесе, онда жілік майында да, қосымша қан жасау ошақгары түзіліп, қан жасау процесі жүреді.

СҮЙЕКТІҢ ҚЫЗЫЛ КЕМІГІ МАЙЫ

Сүйектің қызыл кемігі майы жануарлар организміндегі қан жасау мүшелерінің орталықмүшесі. Себебі, бүнда барлыққан торшалары- ның ізашар бастама торшалары (бласттар) түзіліп, олардың көбі (эритроциттер, гранулоциттер, қан табақшалары, моноциттер) осы қызыл кемік майында толық жетіліп, қанға шығарылады. Ал

лимфоциттер бастама торшалары — бласттары қан арқылы тимусқа, көкбауырға, лимфа түйіндеріне, лимфо-эпителиальды күрылымдарға қан арқылы барып қоныстанып, сол мүшелерде антигенге байланысты маманданып көбейіп, әсерлі торшаларға айналады.

Сүйектердің қызыл кемігі майы жануарлар үрығы эмбриондық дамуының алғашқы кезеңінде-ақ қалыптасады. Алдымен жалпақ сүйектерде: жауырында, жамбас сүйекте, шүйде сүйекте, қабыр- ғаларда, төс сүйекте, бас сүйектің негіздік сүйектерінде, кейіннен жіліктер эпифиздері мен омыртқалардың кемік затында мезенхи- мадан дамып жетіледі. Паренхиманың миелоидты үлпасы сарыуыз қапшығынан қоныс аударған діңгекті торшалардан дамиды.

Сүйектің қызыл кемігі майы барлық сүйектердің кемік затының үяшықтарында орналасады. Ол қызыл-күрең түсті қоймалжың келген зат, жануарлар дене салмағының 4-5 % -ын қүрайды. Сүйек үяшықтарынан шыныларға жүқа жағындылар жасап, арнайы бояулармен бояп, микроскоппен зерттеуге болады.

Қүрылысы жағынан сүйектің қызыл кемігі майы паренхималы мүшеге жатады. Сүйек үяшығы қуысында ішкі сүйекқап эндоосттан торлана тартылған дәнекер үлпалық желілер аралығындағы куыс- тарды, қызыл кемік майының негізін қүрайтын ретикулалы (торлы) үлпа толтырып түрады. Ал қантүзілу процесі жүретін мүше паренхи- масы миелоидты үлпадан күралған. Торлы үлпада микроайналым арна қан тамырлары (артериолалар, капиллярлар, венулалар) жиі орнала- сады. Олардың аралықтарындағы миелоидты үлпа торшаларының көп түрлілігімен ерекшеленеді. Діңгекті торшалар ішкі сүйекқап (эндоост) маңында көбірек орналасады. Торлы ұлпадағы қсданауша (синусоидты) қан капиллярлары маңында әр түрлі қан торшаларының даму қатарлары топтасып жатады. Оларға эритроциттердің, грануло- циггердің, мегакариоцитгердің даму орталықгарын жатқызуға болады.

Эритроциттердің даму орталықтары макрофаггарды қоршай орналасьш, пішіні өр түрлі аралшықгар жасайды. Аралшықгар торшаларыньщ қүрамында эритробласттарды, базофилді, полихроматофилді, оксифилді нормоциттерді ажыратуға болады. Аралшықтар орталығындағы макрофагтар эритроциттердің түзілуіне керекгі темірді тасымалдап алып келумен қатар, істен шығып ескірген эритроциттер мен жаңадан түзіліп жаткдн нормоциттер ядроларын кдрмап, оларды жояды.

Гранулоциггердің даму қатарлары да, қойнауша кдн капиллярлары маңында орналасып, аралшықгар жасайды. Торшалар күрамы әр түрлі даму сатысындағы нейтрофилді, эозинофилді, базофилді миело- циттерден, промиелоциттерден және метамиелоциттерден күралған. Гранулоциттер даму қатарларының макрофагтармен байланысы болмайды. Олардың әрқайсысының цитоплазмасында, өздеріне тән түске боялған дәншелері болады. Пісіп жетілген гранулоциттер қызыл кемік майында қорланады. Қызыл кемік майындағы олардың жалпы саны жетілген эритроциттерге қарағанда 3 есе, ал шеткі қандағы гранулоциттер санынан 20 есе көп болады.

Көпядролы көпбөлімді ірі мегакариобласттар мен мегакарио- циттер қойнауша қан капиллярлары қабырғаларымен жанасып жатады. Миелоидты үлпа аралшықтары аралықтарындағы микро- айналым қан тамырлары айналасында моноциттер мен аздаған лимфоциттердің бастама бласттары топтаса орналасады. Қызыл кемік майында май торшалары (адипоциттер) көптеп кездеседі.

Пісіп жетілген эритроциттер, гранулоциттер, қан табақшалары, моноциттер және лимфоциттер бласттары қойнауша қан капилляр- лары мен посткапиллярлық венулалар қабырғаларындағы эндоте- лиоциттер аралықтарындағы саңылаулар арқылы қанға өтеді. Қа- лыпты жағдайда қанға толық пісіп жетілген қан торшалары өтеді. Жетілмеген жас қан торшаларының қанға өтуі, тек әр түрлі аурулар ербіген кезде байқалады.

АЙЫРША БЕЗ (ТИМУС)

Айырша без жануарларда тақ көкірек және кеңірдектің екі қапта- лында орналасқан жүп імойын бөліктерінен түрады. Ол, әсіресе, жас телдерде жақсы жетілген. Тимус организмдегі иммундықжүйе- нің қалыптасуы мен қызметін бақылап, реттеп түратын қан жасау және иммундық қорғаныс жүйесінің орталық мүшесі. Бүнда организмдегі торшалықжәне сүйықгық (гуморальдық) иммунитеттің қалыптасуын іске асыратын Т — лимфоциттердің түрлі топтары түзіледі. Бүған қоса, тимуста шеткі қан жасау мүшелеріндегі лимфоциттердің қызметін реттеуге қажет тимозин гормоны бөлінеді. Айырша без эмбриондық кезенде үрықтың біріншілік жүтқыншағы 3-4-інші желбезек қалталарының ішкі бетіндегі энтодермадан өсінділі эпителиоциттер ретінде дамиды. Олар бір-бірімен өсінділері арқылы торлана байланысып, тимус стромасының негізін қүрайтын ретикуло-эпителиоциттерге айналады. Оларды дәнекер үлпалық аралықтар бөлікшелерге бөледі. Борпылдақ дәнекер үлпалық аралықтар мен қан жөне лимфа тамырлары мезенхимадан жетіледі. Тимус паренхимасының лимфоидты үлпасын сүйектің қызыл кемігі майынан қоныс аударған Т — лимфоциттер бастамалары түзеді.

Тимус сыртынан жүқа дәнекер үлпалық қапшықпен (капсула) қапталған. Одан мүше ішіне қарай таралған қалындау дәнекер үлпа- лық перделіктер, айырша без паренхимасын пішіні мен мөлшері әр түрлі көптеген бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелердің лимфоциттер қалың орналасқан сыртқы жағындағы қабатын қыртысты зат, ал оның ішкі жағындағы аздаған лимфоциттері бар ақшыл түсті орталық аймағын бозғылт зат — деп атайды. Бөлікшелерді торлы- эпителиоциттер қүрайды. Олардың қыртысты затының шеткі аймағындағы торлы-эпителиоциттер аралығында сүйектің қызыл кемігі майынан қан арқылы қоныс аударған ізашар лимфоциттер бастамаларынан жетілген ірі лимфобласттар орналасады. Торлы эпителиоциттер мен макрофагтар бөлетін тимозин гормонының әсерінен лимфобласттар антигенге тәуелді көбейіп, иммунды-

хабардар Т — лимфоциттерге айналады. Бірақ, лимфобласттардың барлығы аталған лимфоциттерге дейін толықжетіле алмай, көпшілігі ыдырап кетеді. Олардың қалдықтарын макрофагтар қармап жояды. Тек, плазмолеммаларында бөгде антигендерді сезетін рецепторлары бар Т — лимфоциттердің 5% -ы ғана қыртысты заттың ішкі аймағынан қанға өтіп, қан арқылы лимфа түйіндерінің, көкбауыр- дың, лимфо-эпителиальды қүрылымдардың Т — лимфоциттер аймағына барып қоныстанып, лимфоциттер плазмолеммасы беткей рецепторларына және антигендерге сәйкес кәбейіп маманданып, Т — киллерлерге (торшалық иммунитетке жауапты цитотоксикалық Т — лимфоциттер), Т — хелперлерге (В — лимфоциттердің жүмысын күшейткіш) және Т — супрессорларға (В — лимфоцитер жүмысын баяулатқыш) айналады. Қыртысты зат торшалары қанмен келетін антигендерден гемато-тимусты тосқауылмен оқшауланған. Бүл тосқауыл көбейіп мамандана жетіліп жатқан лимфоциттерді ар- тық жағымсыз антигендерден қорғайды.

Бөлікшелердің бозғылт затында лимфоциттердің саны аз, митоз- бен бөліну белсенділігі әлдеқайда төмен болады. Бозғылт затының орта түсында жалпақ торлы-эгштелиоцитерден қүралған тимус (Гассаль) денешіктері орналасады. Денешіктер эпителиоциттерінің цитоплазма-сында кератин дәншелері мен жіпшелері болады. Тимус денешіктерінің мөлшері жануарлардың жасына байланысты үлғаяды.

Бөлікшелердің аралықтарындағы дәнекер үлпалық аралықгар арқылы қоректендіргіш қан және лимфа тамырлары мен тимустың жұмысын реттейгін жүйкелер өтеді. Жануарлардьщ жыныстық жетілуіне дейін айырша без жақсы өсіп жетіледі. Олардың жасы үлғайып есейген сайын, тимустың мөлшері өзгеріп, біртівдеп май үлпасына айналып кетеді. Оның жедел (аксидентальды) ьщырауына жарақатгану, улану, әр түрлі аурулар, ашығу, бүйрекүсті безінің глюкокортикоидты гормонының кдндағы көбеюі т.б. факторлар өсер етеді.

Тимуста Т — лимфоциттер түзіледі, лимфоциттердің сүрыпталуы мен жетілуін реттейтін тимозин гормоны және биологиялық белсенді заттар (инсулин тәрізді фактор, кальцитонин тәрізді фактор қандағы кальцийдің концентрациясын азайтады, әсу факторы) бөлінеді.

ҚҰС КЛОАКА (ФАБРИЦИЙ) ҚАПШЫҒЫ

Клоака қапшығы — қүс организміндегі иммундыбиологиялық орталық қорғаныс мүшесі. Қапшық қабырғасындағы лимфа түйін- шелерінде гуморальды иммунитетке жауапты қапшыққа (бурсаға) тәуелді В — лимфоциттер дамып, қан арқылы лимфа түйіндері мен көкбауырдың В — лимфоциттер аймақтарына барып қоныс- танып, антиденелер түзгіш әсерлі плазмоциттерге айналады.

Клоака кдпшығы клоаканың жоғарғы кзбырғасында орналаскдн, іші куыс қалта тәрізді күрьшым. Оның ішкі бетіндегі кдтпарланған кілегейлі кдбығы көпкдтарлы призма тәрізді эпшвлиймен астарланған. Кщтшықгың катпарланған кілегейлі кдбығында: сыртқы кыртысты, ішкі бозғьшт заттардан күралған, бір-біріне тығыз жатқан майда лимфа түйіншелері

болады. Түйіншелердің негізін күрайтын өсінділі торлы-эпителиоциттер аралықтарында, қыртысты затында тығыз жаткдн кіші лимфоциттер, ал бозғьшт затыңца ірі және орташа лимфоцитгер орналасады.

Сүтқоректі жануарларда, ғалымдардың болжамы бойынша, клоака қапшығының қызметін ащы ішектер кілегейлі қабығындағы лимфа түйіншелері атқарады.

Лимфа түйіндері туралы толыққанды мәлімет лимфа айналым жүйесінде берілген.

КӨКБАУЫР (ТАЛАҚ)

Көкбауыр — жануарлардың күрсақ куысында, бірбөлімді қарын- ның үлкен иінінде, көпбөлімді қарынның мес қарынына жанаса орналасқан, пішіні үзынша доғалдау келген, көкшіл қызыл-қоңыр түсті шеткі кдн жасау жөне қорғаныс мүшесі. Көкбауырда организмге сырттан түскен әр түрлі антигендер, ескіріп қызметінен айырылған эритроциттер мен қан табақшалары жойылады, Ыдырап жойылған эритроциттер қүрамындағы гемоглобиннен биллирубин мен қүрамында темір бар трансферрин түзіледі. Биллирубин бауырға өтіп, өт пигменттеріне айналады. Ал темірлі трансферринді макрофагтар өздеріне сіңіріп алып, қайтадан жаңа эритроциттерді түзу процесін темірмен қамтамасыз ету үпйн, сүйектің қызыл кемігі майына тасымалдайды. Бүнымен кдтар, организмдегі торшалық және сүйықтық иммунитеттердің қалыптасуына қатысып, сүйек майларындағы эритроциттердің түзілу процесі деңгейін төмендететін биологиялық белсенді зат бөледі. Көкбауырдың лимфа түйінше- леріндегі Т — және В — аймақтарда тиісті антигендерге қарсы дамып жетілген эффекторлы Т — жөне В — лимфоциттер мен иммунды- глобулиндер түзетін плазмоциттер дамиды. Қалыпты жағдайда организмдегі қанның 10% -ы көкбауырда қорланады.

Эмбриондық кезенде көкбауыр жоғарғы шажырқай мезенхима- сынан дамиды. Мезенхимадан көкбауырдың сыртқы қапшығы мен одан ішке қарай торлана таралатын көкбауыр перделіктер және стромасының негізін қүрайтын ретикулалы үлпа қалыптасады. Үрықтық дамудың алғашқы кезендерінде көкбауыр стромасына миелоидты үлпа қоныстанып, онда эритроциттер, гранулоциттер мен мегакариоциттер дамиды. Соңынан орталық қан жасау мүшелерінен лимфоидты үлпа торшалары орталық артериялар маңына коныстанып (алдымен Т — лимфоциттер, кейіннен В — лимфоциттер), миелоидты қантүзілуді лимфоидты қантүзілу алмас- тырады. Көкбауырда лимфа түйіншелерімен қатар бір кезенде, оның қызыл жүмсағы (пульпасы) да қалыптасады.

Көкбауыр қүрсақ қуысында орналасады. Ол сыртынан ішпер- демен және оның астындағы тығыз дәнекер үлпалық қапшықпен қапталған. Қапшықтан көкбауырдың ішіне қарай бір-бірімен торлана байланыскдн перделіктер таралады. Көкбауырдың тірек — жиырыл- ғыштық құрылымын қүрайтын, оның сыртқы қапшығы мен пер- деліктерін тығыз дәнекер үлпасының коллаген және эластин талшықтары мен олардың аралықтарындағы бірыңғай салалы ет

үлпасы миоциттерінің шоғырлары жасайды. Сондықган, көкбауыр- дын қабырғасы созылмалы да серпімді келеді және жиырылып, ішіндегі қанды қан тамырларына айдайды. Қапшығы мен перделіктердің қалыңцығы көкбауырдың барлық жерлерінде бірдей болмайды, қақпа түсында олар қалыңдау келеді. Қакпа перделіктері арқылы көкбауырды қоректендіретін қан тамырлары (перделік артерия мен вена) мен жұмысын реттейтін жүйкелер еніп-шығып жатады. Перделік венасында ет қабығы болмайды. Қапшық пен перделіктер аралықтарында көкбауырдың ақ және қызыл жүмсақтары орналасады. Олардың негізін ретикулалы үлпа қүрайды.

Көкбауырдың ақ жүмсағы пішіні дөңгелек немесе сопақ келген ақшыл-сүр түсті, орталық артерияның сыртын қоршай орналаскдн үсақ лимфа түйіншелерінің жиынтығы. Лимфа түйіншелері лимфа түйінінің аттас түйіншелеріне сәйкес келеді. Орта есеппен ақжүмсақгьщ үлесіне жануарлар көкбауырларының 1/5 бөлігі, яғни 20% -ы тиеді.

Лимфа түйіншесін орталық артерия адвентициясында, оны айнала орналасқан Т — және В — лимфоциттер, плазмоциттер, макрофагтар қүрайды. Түйіншені сыртынан жалпақ пішінді ретику- лоциттер қаптап жатады. Орталық артерия лимфа түйіншесінің орталығынан тыс, бір шетіне жақындау орналасады. Лимфа түйін- шесі бір-бірінен анық ажыратылатын төрт аймақтан түрады. Олар: 1) периартериальды аймақ немесе Т — аймақ; 2) көбею орталығы; 3) жапқыш (мантий) аймағы; 4) жиекті (маргинальды) аймақ.

Периартериальды аймақ орталық артерияның сыртқы қабығы адвентицияда ораналасады. Ол Т — лимфоциттерден және саусақша өсінділі макрофагтардан құралған. Тимусқа төуелді периартериальды аймақта эффекторлы Т — лиімфоциттер көбейіп жетіледі.

Көбею орталығы лимфа түйінінщ ақшьш орталығына сәйкес. Бүл орталықгы В — лимфоциттер, плазмоциттер және макрофаггар күрайды.

Жапқыш аймағы бір-бірімен тығыз орналасқан эффекторлы кіші В — лимфоциттерден, аздаған Т — лимфоциттерден, плазмоцит-

терден және макрофагтардан қүралған. Бүл аймақ алдыңғы екі аймақты тәж тәрізді сыртынан қаптап жатады.

Жиекті аймақ ақжәне қызыл жүмсақгар шекарасында орналасады. Ені 100 мкм. Бүл аймақты Т және В лимфоциттер мен макрофагтар қүрайды. В — лимфоциттер тиісті антигенге байланысты мамандана көбейіп, антиденелер түзетін плазімоциттерге айналып, көкбауырдың қьізыл жүмсағына өтеді. Жиекті аймақгы сыртынан қабырғасында саңылау тәрізді тесіктері бар қойнауша (синусоидты) қан капиллярлары қоршап жатады.

Көкбауырдың қызыл жүмсағы ретикулалы үлпадан және онда орналасқан қан торшалары мен қойнауша қан тамырларынан қүралған. Қызыл жүмсақтың вена қойнаулары аралығындағы бөліктерін көкбауыр баулары немесе жүмсақ баулар — деп атайды. Бүлар лимфа түйініндегі бозғылтша бауларға сәйкес келеді. Жүмсақ бауларда плазмоциттер толықжетіліп, моноциттерден макрофагтар дамиды. Көкбауыр бауларының аралықтарында қызыл жүмсақтың екінші бөлігі қанға толған вена қойнаулары орналасады.

Көкбауырдағы кднайналым. Көкбауырды артерия қанымен көк- бауыр артериясы қамтамасыз етеді. Ол көкбауырға қақпа арқылы еніп, перделік артерияларына тарамдалады. Олар гіерделіктер боймен көкбауыр ішіне таралып, жүмсақгық артерияларына тарамдады. Олар- дан лимфа түйіншелері арқылы өтетін орталық артериялар таралады. Орталық артериялар лимфа түйіншелерінен шықкдн бойда бірнеше тармақтарға бөлініп, шашақты артериолаларға, олар өз кезегінде сопакща артериолаларға (гильзалар) тарамдалады. Бүлардың эндотелио- цитері цитоплазмасында жиырылу қызметін атқаратын микрофила- менттер болады. Сондықган, сопақша артериолалар қанның ағысын реттеп отыратын қысқыштың (сфинктердің) қызметін аткдрады. Сопақ- ша артериолалар-вена қойнауларына ашылатын кан капиллярларына тарамдалады. Бүлар қан капиллярларының түйықгалған түрі. Кейбір кдн капиллярлары тікелей ретикулалы үлпаға барып ашылады. Бүларды капиллярлардың түйықталмаған ашық түрі — деп атайды. Вена қойнауларының диаметрі 12-40 мкм. Кдбырғасын астарлайтын эндо- телиоцитгер үзілмелі негіздік жарғақга орналасады. Бірақ, перициттер болмайды. Вена қойнауларынан кдн веналарға жиналып, олар бір- бірімен қосылып, перделік веналарға айналады. Перделік веналардың қабырғасында ет қабығы болмайды, ол тек эндотелийден түрады. Перделік веналар перделіктермен қақпаға қарай бағытталып, өз кезегінде бір-бірімен бірігіп, көкбауыр венасын түзеді. Көкбауыр венасы қакда арқылы вена кднын алып шығып, қақпалық венаға қосылады.

Қан жасау және иммундық қорғаныс мүшелері бойынша қайталау сүрактары:

1.Қан жасау және иммундық қорғаныс мүшелерінің жалпы сипаттамасы.

2.Сүйектің кызыл кемігі майының жануарлар организмдеріндегі орны, маңызы және қүрылысы.

3.Айырша бездің организмдегі орналасу орны, қүрылысы және маңызы.

4.Қүс клоака кдпшыгының орналасу ориы, қүрылысы және маңызы.

5.Көкбауырдың орналасу орны, қүрылысы және маңызы.

6.Тақырып мәтініндегі кдзақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алып, оларды жаттаңыз.

XIII тарау. ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ МОРФОЛОГИЯСЫ

Жүйке (нерв) жүйесі (нервная система) жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін және мүшелер жүйелері қызметтерінің біртүтастығын реттейді. Жүйке жүйесін зерттейтін анатомияның бөлімін neurologia (грек. neuron — жүйке, жүйке торшасы; logos — ілім)— деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады. Рефлекс — сыртқы немесе ішкі орта әсерлеріне организмнің жауап кдйтару реакциясы. Жүйке жүйесі мүшелерінің негізгі бөлігін жүйке үлпасы күрайды.

Жүйке жүйесі оранизмдегі орналасу орындары (топографиясына) мен күрылысына сәйкес: орталық және шеткі бөлімдер болып екіге бөлінеді. Жүйке жүйесінің орталық бөліміне ми және жүлын, ал шеткі бәліміне мидан және жүлыннан организмнің шеткі аумақтарына таралатын мүшелер: жүйке түбіршіктері, жүйкелер, жүйке тораптары (орімдері), жүйке түйіндері (ганглийлері) және жүйке талшықтарының үштары жатады. Организмде атқаратын қызметтеріне байланысты жүйке жүйесін үш бөлімге бөледі. Олар: сомалық (денелік), парасимпатикалық (ішкі мүшелік), симпатикалық(тамырлык). Жүйке жүйесінің сомалық бөлімі дене, яғни тірек-қимыл аппараты және тері жабыны мүшелерінің, парасимпатикалық бөлімі — ішкі мүшелер мен бездердің, симпатикалық бәлімі — тамырлар жүйесі мүшелерінің қызметтерін реттейді. Парасимпатикалық және симпатикалық боліімдерді біріктіріп, жүйке жүйесінін вегетативгі бөлімі — деп атайды.

ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ

Тірі организмдерге тән қасиеттердің бірі — дененің тітіркенгіштігі, яғни оның тітіркеністі қабылдап, оған беліілі дәрежеде жауап беру қабілеттілігі. Жүйке жүйесінің жануарлар организміндегі қалыптасуы мен жетілуі оның даму кезеңіндегі тітіркенгіштік қасиетіне тікелей байланысты.

Жүйке жүйесінің филогенезі. Бірторшалы қарапайым организмдерде тітіркеністерді кдбылдайтын және оларды откізетін арнайы кұрылым болмайды. Қараі іайымдылар қоршаған ортадағы озгерістерді денесінің сыртқы бетімен қабылдап оларға дене қимылының үйлесімсіз өзгердімен жауап кдйтарады. Жәндіктердің әсер етуші гітіркенгіштердің белгілі бір түріне жауап қайтару реакциясын таксис — деп атайды. Бүған мысал ретінде, жасыл эвгленаның күн сәулесіне, инфузорияның түз к£>ішқылы ерітіндісіне немесе түз ерітінділеріне қимыл-қозғалыс түрінде кдйтаратын жауабын келтіруге болады. Демек, бүл күбылыс аталған қарапайымдылардың дене күрылысында тітіркеністерді қа- былдауға мамандана бастаған микроқұрылымдардың қалыптасып, одан әрі жетілгендігінің айғағы. Атап айтқанда, жасьиі эвгленадағы көзше мен инфузория цитоплазмасындағы откізгіштікке бейімделген жіңішке талшықгарды осындай қүрьшымдарға жатқызуға болады.

Көпторшалы кдрапайым жәндіктер дене күрылысында, мысалы тұщы су гидрасында, тітіркеністерді қабылдау (рецепторлык) және өткізу (эффекторлык) қызметгерін іске асыратын арнайы торшалардың пайда болып, қалыптасқандығын айқын байқауға болады. Бұларға эпителий-бүлшықет торшаларын жатқызуға болады. Бүл торшалардың сезімтал талшыкщалармен жабдықгалған сыртқы рецепторлық бөлікгері эктодерма жабыны торшаларының ішінде, ал цитоплазмасында жиырылғыш миофибрилла — белоктық жіпшелері бар эффекторлық бөліктері эктродерманың астыңғы жағында орналасады. Сөйтіп, эпителий-бүлшық ет торшалары рецепторлық (қабылдағыш) және эффекторлық (өткізгіш) бөліктерден түрады. Бүл торшалардың рецепторлық бөлігі өзінің сыртқы талшықшаларымен тітіркеністерді қабылдап, цитоплазмасы арқылы эпителий-бүлшық ет торшасының ішкі эффекторлық бөлігіне өткізеді. Гидра денесінде эпителий бүл- шық — ет торшаларынан басқа, сезім мүшесі қызметін атқаратын торшалар да кездеседі. Оларға сезімтал жүйке торшалары немесе нейроциттер (нейроңцар) жатады.

Эволюциялық дамудың нәтижесінде қүрылысы күрделенген организмдерде тітіркенгіштікті іске асырушы жүйке торшалары - нейроциттер дененің белгілі бір бөлігінде топтаса жинақталып, болашақ қызметіне байланысты қалыптасады. Нейроциттердің топтасу қүбылысы дене қимылы біркелкі үйлесімді іске асатын кейбір ішекқуыстыларда, мысалы, коралл полиптері мен медузаларда байқалады.

Дене қүрылысы бірбіліктілік және екіжақты симметриялық заңдылықтарына сәйкес, күрделене дамыған организмдерде нейроциттердің топтасуы айқын көрінеді. Аталған жәндіктер организмдерінде нейроциттер топтасып, дененің үзын бойын бойлай орналасқан жүйкелік бағандар түзеді. Нейроциттер бағанының алдыңғы үшы дененің болашақ бас жағындағы сезім мүшелерінің қызметін камтамасыз ететін жүтқыншақмаңындағы жүйкелік сақинаға айналады. Бүл жәндіктерде жүйкелік сақина жануарлардағы мидың қызметін атқарады. Орналасу орнына қарай жүйкелік сақина: жүтқыншақүсті және жүтқыншақасты жүйке түйіндеріне ажыратылады. Жүтқыншакүсті жүйке түйіні дененің бас аумағындағы сезім мүшелерінің (иіс сезімі, көру) қызметін үйлестіріп, басқарып отырады. Жүтқыншақасты жүйке түйіні ішек түтігімен тікелей байланыста дамиды. Жүйке жүйесінің осындай қүрылысы насеком- дарда жақсы жетілген. Ал олардағы дене сегменттерінің пайда болуы, түгас жүйке бағанының түйіндер тізбегіне ыдырауына ықпалын тигізді. Сөйтіп, жүйке бағаны ішектің теменгі жағындағы тақ немесе жүп қүрсақгың жүйке түйіндері тізбегіне айналады. Нейроциттер жүйке түйіндерінің шеткі жағында орналасады. Ал олардың орталығында жүйке талшықтары жатады. Насекомдардың өзінде жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдерін ажыратуға болады. Жүйке жүйесінің орталық бөліміне мидың қызметін атқаратын жүтқыншақүсті жүйке

түйіні және қүрсақтың жүйке түйіндері тізбегін жатқызады. Ал оның шеткі бөлімін осы аталған түйіндерден денеге таралатын жүйкелер мен жүйке талшықгары қүрайды.

Организмнің қүрылысы күрделенген сайын нейроциттердің топтасу мен процесі жүйке жүйесі қүрылысының күрделенуі одан әрі жүреді. Дене қүрылысы жоғары қүрылымды насекомдарда, мысалы, етке қонатын көк сүр шыбындарда, қүрсақтың жүйке түйіндері бір-бірімен бірігіп, үлкен бір көкірек жүйке түйініне айналады. Ал жүтқыншақүсті жүйке түйіндері аталған жәндіктерде жақсы жетілген. Бір айта кететін жайт, жүтқыншақүсті жүйке түйінінің көру бөлігі үшатын насекомдарда, ал иістік бөлігі жерде тіршілік ететін жәндіктерде жақсы жетілген. Бүлармен қатар, жүтқыншақүсті жүйке түйінінде орталық және оның алдыңғы жағында орналасқан саңырауқүлақ тәрізді денелер болады. Міне, осы денелерде насекомдардың күрделі инстинктерін (бал арасы, қүмырсқа т. б.) басқаратын аралық орталықтар орналасады.

Хордалыларда жүйке жүйесі негізінен эктодермадан және мезенхимадан дамиды. Мысалы, хордалылардың ең қарапайым түрі қандауыршада, жүйке жүйесінің орталық бөлімін эктодермадан кэлыптаскдн жүйке түтігі күрайды. Жүйке түтігі қандауырша денесінің басқа біліктік мүшелері ішек түтігі мен хордадан жоғары орналасады. Жүйке түтігі үрықтық дамудың алғашқы кезеңінде эктодерманың орталық бөлімінен белінген жүйке пластинкасынан жетіледі. Жүйке пластинкасының екі жағы жоғары қарай иіліп, жүйке сайына айналады. Оның екі жиегінде жүйке білеуліктері қалыптасады. Жүйке сайы одан әрі жоғары иіліп, оның екі жиегі бір-бірімен жанасып, ішінде орталық өзегі бар жүйке түтігіне ауысады. Қандауырша дамуының соңында, жүйке түтігі жұлынға айналады. Жүлынның орталық өзегінің ішкі жағындағы қабаты нейроцит (нейрон) денелерінен құралған сүр заттан, ал оның шеткі бетіндегі қабаты жүйке талшыкдарынан түзілген ақ заттан түрады. Қандауыршаның жүйке жүйесі денедегі орналасу орнына қарай орталық және шеткі бөлімдерге бөлінеді. Жүйке жүйесінің орталық бөлімін жүлын, ал шеткі бөлімін жүлыннан дене сегменттеріне таралатын жүйкелер, жүйке талшыктары және жүйке үштары қүрайды.

Хордалылар типіне жататын басқа омыртқалы жануарлар, дене қүрылысының күрделенуіне сәйкес, жүйке жүйесі қүрылысында да күрделі өзгерістер жүреді. Омыртқалы жануарлардың даму сатыларына байланысты (балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, қүстар, сүтқоректілер) жүйке жүйесінде организм қызметтерін үйлестіруші, басқарушы құрылымдар жетіледі. Жүйке жүйесі орталықжәне шеткі бөлімдерге айқын ажырайды. Орталық бөлімді ми мен жүлын, ал шеткі бөлімді ми және жүлын жүйкелері мен вегетативті жүйкелер, олардың жүйке талшықтары мен үштары қүрайды. Жүйке жүйесінің орталық бөлімінде нейроцит денелерінен түзілген сүр зат мидың діңгекті бөлімдері мен жүлында

тереңде жатады. Аталған мүшелердің қүрамында жүйке жүйесі жүмысында маңызды қызмет атқаратын торлы қүрылым дамып жетіледі. Ал үлкен ми қыртысының дамуы қүстарда, әсіресе, сүтқоректілерде жоғары деңгейге көтеріледі. Жүлын мен ми сүйығының айналымын қамтамасыз ететін жүлынның орталық өзегі мен ми қарыншалары жетіледі. Жүйке талшықгары тітіркеністер нәтижесінде пайда болған жүйке толқындарының өткізу жылдамдығын арттыруға септігін тигізетін миелин қабығымен қапталады. Нейроциттер тізбегіндегі тітіркеністерді өткізу бағытын реттейтін нейроциттераралық байланыстар (синапстер) жетіле бастайды. Осылардың нәтижесінде омыртқалы жануарларда омыртқасыз жәндіктерге қарағанда сезім мүшелері, әсіресе, олардың сезімтал үштары (рецепторлары) жоғары дәрежеде дамиды.

ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ОРТАЛЫҚ БӨЛІМІ

Үй жануарлары жүйке жүйесінің орталық бөліміне жүлын мен ми жатады. Аталған мүшелер сүр және ақ заттардан түзілген. Сүр затты қызметіне байланысты топтаса орналасқан нейроцит денелері мен олардың миелинсіз өсінділері және нейроглия қүрайды. Омыртқалы жануарларда сүр зат негізінен жүлын өзегі мен ми қарыншалары маңында, теренде орналасады. Жүлындағы сүр зат негізінен орталық жүлын өзегі қабырғасының ішкі бетін біртүтас қоршай орналасады. Ал мида қызметіне байланысты нейроциттер топтасып, көптеген сүр зат аралшықтарын қүрайды. Оларды жүйке орталықгары немесе жүйке адролары - дегі атайды. Сүр зат ядролары бір-бірінен ақ заггық аралықтар арқылы бөлінеді. Мидағы жүйке ядролары қызметі жағынан үлкен ми қыртысына тікелей бағынышты және оның астында жатады. Сондықтан, мидағы барлық жүйке ядроларының жиынтығы қыртысастылық ядролар немесе мидың қыргысастылық сұр заты — деп аталады.

Жоғары сатыдағы сүтқоректілердің ми күрылысындағы бір ерек- шелік — олардағы үлкен ми қыртысы мен мишық қыртысының жақсы жетілуі. Бүл қыртыстар біртүтас сүр заттан түзіліп, аталған ми бөліктерінің шетінде, сыртқы жағында орналасады.

Жүлын мен мидың қүрамындағы ақ зат миелинді жүйке талшықтарынан қүралған. Ақ зат негізінен тітіркеністер толқындарын өткізу қызметін атқарады.

Орталық жүйке жүйесі мүшелерінде маңызды қызмет атқаратын торлы құрылым (ретикулалы формация). Торлы күрылымды мөлшері мен пішіні әр түрлі нейроциттер мен жүйке талшықтар торы түзеді.

Торлы қүрылым жүлынның мойын және көкірек бөлімдеріндегі орталықжүлын өзегінің айналасында, сүр заттың дорсальды баған- дарының екі бүйірінде орналасады. Жүлыидағы торлы құрылымның жалғасы, сопақша, ортаңғы және аралық миларға дейін өтіп, ол жерлерде жүйке ядролары ретінде орналасады. Мидың аталған

бөліктеріндегі торлы қүрылымның ядролары орталықтарынан, жүйке талшықтарының будасы ретінде қалыптасып шығатын өрлеме жолдар үлкен ми қыртысына дейін жетіп, ми қызметінің белсенді түрде іске асуына ықпалын тигізеді.

ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ ОРТАЛЫҚ БӨЛІМІ МҮШЕЛЕРІНІҢ

ДАМУЫ

Жүйке жүйесі орталық бөлімін қүрайтын ми мен жүлын, осы жүйенің басқа мүшелері сияқты эктодермадан (сыртқы үрық жапырақшасы) дамиды. Үрықтық дамудың бастапқы кезеңінде эктодерма торшалары дененнің болашақ білігі (осі) бойымен топтасып, белсенді түрде бөліну арқылы көбейіп, эктодерманың баскд торшаларынан оқшауланады да, жүйке пластинкасына айналады. Бүдан кейін, жүйке пластинкасының екі үшы жоғары карай сәл иіліп көтеріледі де, жүйкелік сайды түзеді. Үрықтық дамудың келесі кезеңінде жүйке пластинкасының жоғары иілген екі үшы одан әрі иіліп, бір-бірімен жанаса жақындап, соңынан толық бітісе жалғасып, жүйке түтігін құрайды. Жүйке түтігінің жоғарғы екі бүйірінде эктодерма торшаларының топтаса қалындауынан жүйке білеуліктері немесе ганглионды пластинкалар жетіледі. Ал жүйке түтігінің қуысы жүлынның орталық өзегіне айналады. Өзектің аддыңғы жағы бірқатар уақыт ашық қалпында сақгалады. Оны жүйке тесігі (невропор)- деп атайды. Жүйке тесігі кейінірек соңғы пластинкамен (lamina terminalis) бітеліп түйықгалады.

Жүйке түтігінің жоғарғы екі жиегіндегі білеуліктер — мезодерма сомитінің сегменттеріне сәйкес бөліктерге бөлініп, олардан болашақ омыртқалар санына байланысты жүп жүлындық жүйке түйіндері (ганглийлер) түзіледі.

Үрықтық даму кезеңінде жүйке түтігі үрық қаңқасы қызметін атқаратын хорданың жоғарғы жағында қалыптасып, орналасу орнына қарай: хордаүстілік (эпихордальды) және хордаалдылық (прехордальды) бөліктерге бөлінеді.

Эктодермадан қалыптасқан жүйке түтігінің қабырғасы алғашқы кезде бір қабат эктодермоцит торшаларынан түрады. Кейінірек, болашак қызметтеріне байланысты эктодермоциттерден: нейробласт және глиобласт торшалары жетіледі. Нейробласттардан жүйке жүйесі мүшелерінің қүрылымдық және функциональды бірлігі нейроциттер (нейрондар), ал глиобласттардан жүйкелік глияның (нейроглия) макроглиялары дамиды. Макроглиядан әз кезегінде жүйкелік глияның үш түрі қалыптасады. Олар: эпендимоциттер, астроциттер және олигодендроглиоциттер.

Энендимоциттер жүлынның орталық әзегін, ми қарыншаларын астарлайды және олардың сыртқы шекаралық жарғағын түзеді. Сәй- тіп, эпендима нейроглиясы жүйке жүйесінде сыртқы және ішкі шека- ралық орын алып, жабын және қорғаныс қызметтерін атқарады.

Астроциттер — жұлын мен миды күрайтын нейроциттердің ара- лығындағы жүлдызша пішінді тармақты торшалар. Астроциттердің өсінділері бір-бірімен торлана байланысып, жұлын мен мидың тіректік негізін (стромасын) құрайды. Сонымен қатар, астроциттер жұлын мен миды қоректендіретін қан тамырларының сыртқы шекаралық жарғағын түзуге де қатысады. Астроциттер тіректік қызмет аткдрады.

Олигодендроглия торшалары жүлын мен миды құрайтын нейроциттер денелері мен олардан таралатын өсінділерді тікелей қаптап, нейроциттер кабықтарын (неврилемма) жасауға қатысады. Нейроциттер өсінділерін сыртынан қаптап, жүйке талшықгарын түзетін “шванн” торшалары да, олигодендроглиоциттерге жатады. Неврилеммамен қапталған миелинсіз жүйке талшықтары, қозудың нәтижесінде пайда болған тітіркеністі 0,6 - 0,8 м/сек. жылдамдықпен өткізеді. Іштөлдің кейінгі даму кезендерінде миелинсіз жүйке талшықтарынан миелинді жүйке талшықтары жетіледі. Миелинді жүйке талшықтарының ақ түсті қабығы сыртқы неврилемманың туындысы. Жүйке талшықгарындағы аталған миелин қабығының қосымша қалыптасуы тітіркеністердің жүйке талшьіқтары бойымен өту жылдамдығын күрт күшейтеді (100-120 м/сек). Олигодендроглия торшалары қорғаныс қызметін атқарады және тітіркеністердің жүйке талшықтары бойымен жан-жаққа таралмай өтуін қамтамасыз етеді.

Микроглия торшалары дамудың соңғьі кезеңдеріне қарай орталық жүйке жүйесі мүшелерінде мезенхимадан қалыптасады. Олар ми мен жүлынға қан тамырлары арқылы келеді. Микроглия торшалары нейроциттерді қоректік заттармен қамтамасыз етумен қатар, қорғаныс қызметін де атқарады.

ЖҮЛЫННЫҢ ДАМУЫ

Жұлын эктодермадан калыптасқан жүйке түтігінің эпихордальды бөлігінендамиды. Жүйке түтігін күрайтын эктодермоциттердің даму процестері, оның қабырғасының әр түрлі беліктерінде түрліше жү- реді. Жүйке тутігі қабырғасының дорсальды және вентральды екі бүйіріндегі торшалар белсенді түрде көбейіп, жедел қальіңдай бастайды. Осының нәтижесінде жүйке түтігінің дорсальды оң жөне сол бүйірлік пластинкаларынан дорсальды оң және сол сезімтал бөлімдер, ал оң және сол төменгі негізгі пластинкаларынан вентраль- ды оң және сол қозғалтқыш бөлімдер дамып жетіледі. Дорсальды бүйір бөлімдерге жүлынның жүйке ганглийлеріндегі сезімтал нейро- циттер аксондарынан түзілген сезімтал дорсальды оң және сол түбір- шіктер енеді. Ал жүйке түтігінің вентральды қозғалтқыш бөлім- дерінен оң және сол вентральды түбіршіктер шығады. Олар қозғалт- қыш жүйке талшықтарынан түрады. Жүйке түтігінің аталған дор- сальды және вентраяьды бөлімдері аралығындағы кдбьірғалары — дор- сальды жабын және вентральды жүйке түтігі түбінің пластинкалары жүқа күйінде сақталады.

Жүйке тұтігінің жоғарыда айтылған бөлімдерінен жануарлардың тіршілік жағдайына байланысты, жұлынның ақ және сұр заттары әр түрлі арақатынаста бір-бірінен айқын ажырап жетіле бастайды.

Балықгардағы тұлға бүлшықеттерінің күшті жетілуіне байланысты, қозғалтқыш орталықтары жинақталған сүр заттың вентральды бағандары жақсы дамыған. Балықгардың сулы ортадағы қозғалысында күйрықгың қозғалыс мүшесі ретіндегі маңызы өте зор. Сондықтан, олардың жүлынында құйрық бөлімі де жақсы жетілген.

Қүрлықтағы жануарлардың қаңқа бүлшық еттерімен қатар, тері сезімі рецепторлары да жоғары деңгейде дамиды. Осыған байланысты олардың жүлынындағы сүр заттың біркелкі қалыптасуы, оның ішінде вентральды бағандармен (қозғалтқыш) қатар, сезімтал дорсальды бағандардың дамуы және торлы құрылымның жетілуі белсенді жүреді. Сонымен қатар, тітіркеністерді өткізу қызметін атқаратын ақ заттың қалыптасып дамуы да, жоғары дәрежеде жүреді.

Қүрлықжануарлары күйрықгарының қозғалыс мүшесі қызметінен айырылып, олардың тіршілік сипатына қарай әр түрлі дөрежеде редукцияға шалдығуына байланысты, жүлын қүрылысында да біркдтар өзгерістер байкдлады. Мысалы, күйрықгы үй жануарларында жүлын 1-3 -інші қүйрық омыртқасына дейін созылатын болса, күйрығы жетілмеген адамда 1-2 -інші бел омыртқасына дейін ғана созылады. Ал үшатын күйрықсыз жарғанаттарда жүлын 9 көкірек омыртқалары түсында аяқталады. Демек. жануарлар денесіндегі күйрықгың жетілуі мен жүлынның дамуы арасында тікелей байланыс байқалады. Жүлынның дамуына жануарлардың қимыл-қозғалыс түрлері, қаңкд бүлшық еттері мен тері сезімінің жетілу деңгейлері өз ықпалын тигізеді.

МИДЬІҢ ДАМУЫ

Мидың жүлыннан бөлініп, жүйке жүйесінің негізгі орталық мүшесі ретінде қалыптасуына, эволюциялық даму нәтижесінде организмнің жеке бөліктерінің, ішкі мүшелер мен тамырлар жүйелерінің үйлесімді қызмет атқаруын қамтамасыз ететін сезімтал, аралық және қозғалтқыш орталықгардың көптеп жетілуі өз септігін тигізді. Бастапқы кезде мидың бастамасы жүйке түтігінің алдыңғы жағында өсінді төмпек ретінде қалыптасты. Жүлынның алдыңғы жағындағы ми бөліктері: сопақша ми, артқы ми, ортаңғы ми, аралык, ми жүлынмен бірге жүйке түтігінің эпихордальды белігінен, ал соңғы ми оның прехордальды бөлігінен дамиды.

Ми бастамасының дамуына бірден-бір себепкер — жануарлар организміндегі сезім мүшелерінің (көру, иіс сезімі) жетілуі. Жүйке түтігінің алдында қалыптасқан ми бастамасын біріншілік ми — деп атайды. Түтікше біріншілік ми кейіннен, оның сыртында пайда болған көлденең сай арқылы екі бөлімге бөлінді. Олардың алдыңғы бөлімінен ортаңғы ми дамиды. Сөйтіп, біріншілік ми көпіршікті

миға айналады. Оның алдыңғы бөлімі біріншілік алдыңғы ми, орталық белімі ортаңғы ми, ал артқы бөлімі біріншілік артқы ми- деп аталады.

Жануарлардыд филогенезі мен онтогенезіндегі мидың дамуы бір жүйемен жүреді. Дамудың келесі кезендерінде үшкөпіршікті ми бескөпіршікті миға ауысады. Біріншілік алдыңғы ми жүп алдыңғы және тақартқьі бөліктерге бөлініп, алдыңғы жүп бөліктерден соңғы ми, ал артқы бөліктен аралық ми қалыптасады. Ортаңғы бөлімінен ортаңғы ми дамиды. Біріншілік артқы ми екіге бөлініп, оның алдың- ғы бөлігінен артқы ми, ал артқы бөлігінен сопақша ми қалыптасады. Сүтқоректі жануарлардан басқаларында артқы ми тек мишықтан ғана түрады. Сүтқоректілерде үлкен ми қыртысының жетілуіне байланысты, мишықтың төменгі жағында ми көпірі дамып қалыптасады.

Төменгі сатыдағы жануарларда аралық ми негізінен гипоталамус пен эпиталамустан түрады. Гипоталамуста жоғары қыртысасты вегетативті орталықтар орналасады. Ал көру төмпегі — таламус, тек сүтқоректі жануарларда дамып жетіледі. Таламустың дамуы да, үлкен ми қыртысының қалыптасуына байланысты.

Сөйтіп, бескөпіршікті мидан, миға тән оның бес түрақгы бөлімдері дамып жетіледі. Мидың алдыңғы көпіршігінен: соңғы ми оның қүрамында оң және сол ми жартышарлары — үлкен ми сыңарлары, жолақты дене, иіс миы және аралық ми, ортаңғы көпіршігінен: ортаңғы ми, артқы көпіршігінен: артқы ми және сопақша ми дамиды. Ми көпіршіктерінің куыстары дамып жетілген мида: ми кдрыншалары мен су қүбыры өзегіне айналады. Соңғы мида: оң және сол бүйірлік ми кдрыншалары, аралық мида: үшінші ми қарыншасы, ортаңғы мида мидың су қүбыры, ромбы тәрізді мида: төртінші ми қарыншасы дамиды. Ми қарыншаларының куыстары өзара тесіктер арқылы қатысып, төртінші ми қарыншасының куысы жүлынның орталық өзегімен жалғасып, ми мен жүлындағы сүйықгың үздіксіз алмасуын кдмтамасыз етеді.

ЖҮЛЫН МЕН МИДЫҢ СЕЗІМТАЛ ТҮЙІНДЕРІ (ГАНГЛИЙЛЕРІ)

Сезімтал ганглийлер ганглионды пластинкалардан дамып жетіліп, жүлын мен мидың дорсальды жүп сезімтал жүйке түбіршіктері бойында орналасады. Сезімтал ганглий сыртынан дәнекер үлпалы қапшықпен қапталған. Қапшықтан ганглий паренхимасының іттііне дәнекер үлпалық перделіктер кіріп, мүше ішінде бір-бірімен өзара жалғасып, сезімтал ганглийдің стромасын түзеді. Строма арқылы жүйке түйінін қоректендретін қан және лимфа тамырлары өтеді. Ганглий паренхимасын түйіннің шеткі жағында топтаса орналасқан сезімтал жалған бір өсінділі (псевдоуниполярлы) нейроциттер және ганглий орталығымен өтетін, осы сезімтал нейроциттер өсінділерінен

(дендриттерден, аксондардан) түзілген жүйке талшықтары құрайды. Сезімтал нейроциттің дендриті мен аксоны, оның денесінен бірігіп басталады да, біраз аралықган соң, Т өрпі секілді екіге ажырайды. Нейроциттер дендриттері түйіннен шығып, жүлынның аралас жүйкелері қүрамында шетке қарай бағытталып, тері сезімі рецепторларында, ал ми жүйкелері қүрамындағы сезімтал жүйке талшықтары бастың терісінің рецепторларында аяқталады. Нейроциттер аксондары жүлынның дорсальды сезімтал түбіршігін түзіп, жүлынға енеді. Ганглийдегі сезімтал нейроциттердің денелері сыртынан бір кдбат глия торшаларымен қоршалып жатады. Бүларды мантий глиоциттері — деп атайды. Глиоциттердің дөңгелекше келген ядролары нейроцит денесінің сыртында бір қатарда орналасады. Өз кезегінде глиальды қабық сыртынан жіңішке талшықты дәнекер үлпалық қабықпен қапталған. Дәнекер үлпалық қабықтың торшалары ядроларының пішіні сопақ болып келеді.

ЖҮЛЫН

Жүлын (спинной мозг) — medulla spinalis — омыртқа бағаны өзегінде орналасқан, пішіні цилиндр тәрізді, тірі организмдегі түрлі рефлекстердің іс жүзіне асуын қамтамасыз ететін, қүрылысы күрделі орталық жүйке жүйесінің мүшесі. Жүлынды сыртынан үш қабық: сыртқы қатты қабық (dura mater spinalis), ортаңғы өрмелі немесе торлы кдбық (arachnoidea spinalis), ішкі жүмсақ қабык (ріа mater spinalis) қаптап жатады. Олардың аралықтарында қаттыүсті (омыртқа мен қатты қабық аралығында), қаттыасты (қатты және өрмелі қабықтар аральіғында) және өрмеліасты (өрмелі жене жүмсақ қабықтар аралығында) жүлын кеңістіктері орналасады. К^ттыүсті кеңістікте (cavum epidurale) жүлынды сыртынан қоршап, қорғаныс қызметін атқаратын борпылдақ дәнекер үлпасы мен май үлпасы орналасады. Қаттыасгы кеңістікте (cavum subdurale) және өрмеліасты кеңістікте (cavum subarachnoidale) жүлын сүйығы болады. Олардың ішкі беттерін эндотелий астарлайды. Омыртқа бағанындағы орналасу орындарына байланысты жүлын: мойын, көкірек, бел және қүйымшақ бөлімдеріне бөлінеді. Жүлын мен мидың шекарасы шамамен ауыз омыртқаның алдыңғы жиегі бойымен өтеді. Жануарлар аяқтарының дамуына байланысты жүлынның мойын және бел бөлімдерінде жүлын жуандаулары (intumescentia cervicalis et lumbalis) жетілген. Бел бөлімінен кейін жүлын сүйірленіп, жүлын конусын (conus medularis) түзеді. Ол одан әрі қүйрыққа карай тым жіңішкеріп, 1-2 -нші қүйрық омыртқалары түсында соңғы жіпке (filum terminale) айналады. Жүлынның жоғарғы арқа жағында үзынынан әтетін орталық дорсальды сай (sulcus medianus dorsalis) және оның екі жағындағы оң және сол дорсальды латеральды сайлар (sulci laterales dorsales) болады. Ал төменгі бетінде де, жүлынның үзын бойында жатқан терең орталық

вентральды саңылау (fissura mediana ventralis) жөне оның екі бүйіріндегі оң және сол вентральды латеральды сайлар (sulci laterales ventrales) бар.

Жүлынның келденең кесіндісінде бір-бірінен анық ажырайтын: сыртқы ақ зат (substantia alba) және ішкі сүр зат (substantia grisea) көрінеді. Жүлынның ортасында жүлын сүйығы ағып жататын орталық жүлын өзегі (canalis centralis) болады. Орталық өзекті қоршай пішіні “Н” әрпіне үқсаған сүр зат орналасады. Сүр затта сүр дәиекерлік (comissura grisea) арқылы өзара жалғасқан оң және сол дорсальды, латеральды (жүлынның мойын бөлімінде болмайды) және вентральды сүрзаттық мүйіздерді (бағандарды) — columna grisea dorsalis, lateralis et ventralis — ажыратады. Сүр затты жүлынның орталықтарын түзетін нейроциттер және олардың миелинсіз (үлпексіз) сүр жүйке талшықтары мен жүйкелік глия қүрайды. Сүр затты сыртынан жүлынның ақ заты қоршап жатады. Ақ затты жүйкелік тітіркеністерді откізу арқылы жүлын сегменттерін өзара немесе оларды ми орталықтарымен жалғастыратын миелинді (үлпекті) жүйке талшықтары мен олардың аралықтарындағы жүйкелік глия күрайды. Орталық дорсальды сай мен вентральды саңылау жөне сүр заттың дорсальды, вентральды мүйіздері жүлын-

ның ак затын дорсальды, ла геральды және вентральды арқаншаларға

(funiculus dorsalis, lateralis et ventralis) бөледі. Ақ затта жүлынның сегменттерін озара байланыстыратын қысқа өткізкіш жолдар мен жүлын сегменттерін ми орталықтарымен байланыстыратын үзын өткізгіш жолдар болады.

Жүлынның гистолошялық қүрылысы. Жүлыи жоғарғы сай мен перделік және томенгі саңылау арқылы бір-біріне тең оң және сол бөлікке бөлінеді. Оның орталығында ішінде жұльін сүйығы ағып жятатын жүлын озегі болады. Жүлынның колденең кесіндісінен, оның шеткі жағы ақ заттан, ішкі орталық жағы, пішіні қанатын жайған кобелекке үқсас сүр заттан түратындығы корінеді. Жұлынның сүр заты сүр дәнекерлік арқылы байланысқан оң жөне сол бөліктерден қүралған. Әрбір бөлік дорсальды және вентральды мүйіздерден, ал жүлынның кокірек, бел, қүйымшақ сегменттерінде дорсальды және вентральды мүйіздердің аралығында латеральды (бүйір) мүйіз болады. Сүр затты мультиполярлы нейроциттер перикариондары (денелері), миелинсіз және тым жіңішке миелинді жүйке талшықтары мен олардың араларындағы нейроглия қүрайды. Белгілі бір қызмет атқаратын нейроциттер топтаса орналасып, сүр заттың ядроларын түзеді. Жүлынның сүр затындағы нейроциттерді қүрылысына, орна- ласу орнына және жүйке толқынын өткізу сипатына қарай үш топқа боледі. Олар: 1) аксондары вентральды түбіршік қүрамында жүлыннан шығатын іүбіршік нейроіщттері, 2) аксондары сүр зат нейроциттерінде синапспен аяқталатын ішкі нейроциттер, 3) аксондары жүлынның ақ затында, оның сегментаралық немесе жүлын мен ми аралығыңдағы откізгіш жолдарын түзетін шоғырлы нейроциттер.

Жүлынның сүр заты өз кезегінде нейроциттер, жүйке талшық- тары жөне нейроглиялық қүрамы бойынша бір-бірінен анық ажыратылатын бөліктерге болінеді. Сүр заттың дорсальды мүйі- зінде: кеуекті қабат, желатин тәрізді зат, дорсальды мүйіздің өзіндік ядросы және кеуде ядросы бөліктері ажыратылады.

Кеуекті қабатты жалпақ ілмекті нейроглия негізінде орналасқан майда шоғырлы нейроциттер қүрайды.

Желатин тәрізді зат негізінен нейроглиядан түрады. Бүл жерде аздаған үсақ шоғырлы нейроциттер кездеседі. Кеуекті қабат желатин тәрізді зат және олардың аралықгарында шашыранды орналасқан ассоциативті нейроциттер жүлын ганглийіндегі сезімтал нейроциттерді жүлынның сүр затының вентральды мүйізіндегі қозғалтқыш нейроциттермен байланыстырып, жүлын ішіндегі рефлекторлық доғаны түйықгайды.

Дорсальды мүйіздің өзіндік ядросы дорсальды мүйіздің ортаңғы болігінде орналасадьі. Бүл ядроның байланыстырғыш нейроциттері- нің аксондары вентральды ақ дәнекерлік арқылы жүлынның кэрама- қарсы жағындағы ақ заттың бүйірлік арқаніпаларына өтіп, жүлын- мишық және жүлын-көру төмпегінің өткізгіш жолдарын түзуге қатысады.

Кеуде ядросын дендриттері тармақталған ірі мультиполярлы нейроциттер құрайды. Олардың аксондары жұлынның ақ затының өз жағындағы бүйірлік арқаншаға өтіп, дорсальды жүлын-мишық жолын түзеді де, мишыққа дейін көтеріледі.

Дорсальды мүйізде бүлардан басқа майда мультиполярлы ассоциативті және комиссуральды нейроциттер шашыла орналасып, ассоциативті нейроциттердің аксондары сүр заттың өз жағындағы нейроциттермен, ал комиссуралды нейроциттердің аксондары сүр заттың қарама-қарсы жағындағы нейроциттермен синапс арқылы жалғасады.

Дорсальды мүйіздің аралық аймағында: медиальды (ішке қарай) және латеральды (бүйір жақ) аралық ядролар орналасады.

Медиальды аралықядро нейроциттерінің аксовдары өз жағындағы ақ заттың вентральды жүлын-мишық жолын күрауға қатысады.

Латеральды аралықядро нейроциттері симпатикалық жүйке жү- йесінің ассоциативті жүйке торшалары. Олардың аксондары жүлынның вентральды түбіршігі қүрамында жүлыннан шығып, симпатикалық бағанның ақ байланыстырғыш тармақтарын түзеді.

Сүр заттың вентральды мүйізін нейроциттерін ң мөлшері 100- 140 мкм ірі мультиполярлы эффекторлы (қозғалтқыш) нейроциттер күрайды. Олар орналасу орнына сәйкес: медиальды және латеральды нейроциттер топтары болып бөлінеді. Вентральды мүйіз ядросының аксондары жүлынның вентральды қозгалтқыш түбіршігін түзіп, жүлынның аралас жүйкелері қүрамында бүлшық еттерге барып, ет талшықтарында қозғалтқыш түймеше (моторлы бляшка) түрінде аяқталады. Медиальды топтағы нейроцитгердің аксондары дененің түлға бүлшық етгерін, ал латеральды топтағы нейроцитгердің аксондары жүлынның мойын және бел жуандаулары арқылы аяқгардың бүлшық еттерін жүйкелендіреді.

Жүлынның сүр затында жоғарыда баяндалған нейроциттер ядроларынан басқа шашырай орналасқан нейроциттер де кездеседі. Олардың аксондары жүлын ақ затының сүр затпен жанасып жатқан терең бөлігінің өзіндік жүйке талшықтары шоғырларын қүрайды. Аталған нейроциттердің аксондары жүлынның ақ затында үзын өрлеме және қысқа төмендеген тармақтарға бөлініп, жүлынның көрші 4-5 сегменттерінен кейін қайтадан сүр затқа еніп, вентральды мүйіздегі қозғалтқьіш нейроциттермен синапс арқылы байланысады да, жүлынның сегменттераралық рефлекторлық доғаларын түйықтайды. Бүлардың аксондары жүлынның өзіндік өткізгіш жолдарын қүрайды.

Жүлынның ақ заты миелинді жүйке талшықтарынан және олардың аралықтарындағы тіректік қызмет атқаратын нейроглиядан құралған. Миелинді жүйке талшықтары жүлын сегменттерін жал- ғастыратын қысқа өткізгіш жолдарды және жүлын сегменттерін ми бөлімдерімен байланыстыратын үзын өткізгіш жолдарды жасайды. Жүйке толқынын әткізу бағыттарына қарай, олар орталыққа тепкіш

(афферентті) және орталықтан тепкіш (эфферентті) өткізгіш жолдар болып бөлінеді.

Жұііке жүйесі тақырыбы бойынша бақылау сұрақгары:

  1. Жүйке жүйесі жануарлар организміндегі орналасу орнына сәйкес қандай бөлімдерге бөлінеді?

  2. Жүйке жүйесінің орталық бөліміне қандай мүшелер жатады?

  3. Жүйке жүйесінің шеткі болімін қандай мүшелер қүрайды?

  4. Қызметіне байланысты жүйке жүйесі қандай бөлімдерге бөлінеді?

  5. Жүлынның қандай қабықтары мен кеңістіктерін білесіз?

  6. Организмдегі орналасу орындарына байланысты жүлын қандай белімдерге бөлінеді?

  7. Жүлынның ақ затының қүрылысы мен оның бөліктері.

  8. Жүлынның сүр затының құрылысы.

  9. Тақырып мәтініндегі кэзақша-латынша терминдерді сездікке кешіріп алып, оларды жаттаңыз.

МИДЫҢ ҚҮРЫЛЫСЫ

Ми (головной мозг) — encephalon — тірі жануарлар организмдері мүшелер жүйелерінің қызметтерін үйлесімді реттеп, барлықжүйкелік процестердің іс жүзіне асуын үздіксіз бақылып отыратын жүйке жүйесінің орталық мүшесі. Ол бассүйектің ми сауыты бөлімінде орналасқан жүлынның бас аумағындағы жалғасы. Ми көлденең саңылау арқылы үлкен ми (cerebrum) және ромб тәрізді ми (rhomben­cephalon) болып екіге бөлінеді. Үлкен ми өз кезегінде ортаңғы ми, аралықми және соңғы ми, ал ромб тәрізді ми сопақша және артқы ми бөлімдеріне бөлінеді. Артқы ми мишықтан және ми көпірінен түрады.

Мидың гистологиялық күрылысындағы ерекшеліктері — оның ақ заты мен сүр заты орналасуының күрделілігі: сүр заттың көп бөлігі үлкен ми мен мишықтың сыртқы бетінде орналасып, олардың қыртысты қабаггарын түзеді. Ал оның аз бөлігі ми діңгегі бөлімдерінің көптеген сүр заттық ядроларын қүрайды. Сопақша ми, ми көпірі, ортаңғы ми, аралық ми, соңғы мидың базальды бөлігі бірігіп, жүлынның алдыңғы жағындағы жалғасы — ми діңгегін қүрайды.

Ми діңгегінің сүр заттық ядролары қызметіне қарай: рецепторлы, ассоциативті және эффекторлы болып бөлінеді. Рецепторлы ядролар жүлынның дорсальды мүйізінің нейроциттері ядроларына үқсас, яғни бүл ядролардың нейроциттерінде жүлынның ақ затының дорсальды сезімтал арқаншаларының құрамында ми діңгегіне келген жүлын ганглийлері рецепторлы нейроциттерінің аксондары және бас аумағындағы ми жүйкелерінің бойында орналасқан сезімтал ганглий- лердегі (айшықты, тобықтық, тастық) рецепторлы нейроциттердің аксондары синапс арқылы аяқталады. Эффекторлы ядроларының нейроциттері жүлынның вентральды мүйізіндегі қозғалтқыш нейроциттеріне үқсас. Олардың аксондары эффекторлы жүйке

талшықтарын түзіп, қозғалтқыш және аралас ми жүйкелерінің құра- мына кіреді. Рецепторлы және эффекторлы нейроциттер аралығында нейроциттердің ассоциативті ядролары (көру төмпегі, тісті ядро, олива т.б.) орналасады. Бүл байланыстырғыш ядролар жүлыннан және ми діңгегінен келген жүйке толқындарын үлкен ми қыртысына, ал ми қыртысынан кері төмен қайтқан орталықтан тепкіш жүйке импульстерін, керісінше, ми діңгегіне, одан әрі жүлынға өткізеді.

Сопакдіа ми (medulla oblongata)— мидың жұлынмен шекарасыз жалғасатын, пішіні сопақша келген артқы болігі. Оның алдыңғы жағы ми көпірімен жалғасады. Сопақша мидың төменгі (вен- тральды) бетінде вентральды орталық саңылау (fissura mediana ventralis) мен оның екі бүйіріндегі латеральды вентральды сайлар (sulcus lateralis ventralis) арқылы бөлінген: оң және сол сопақша ми пирамидалары (piramis medullae oblongatae) білеуленіп көрініп түрады. Сопақша ми пирамидалары үлкен ми қыртысын жүлынның қозғалтқыш орталықтарымен байланыстыратын пирамидалы жүйке талшықтары будаларынан (fasciculus cerebro-spinalis) қүралған. Сопақша ми пирамидаларының пирамидалы жүйке талшықтары будаларынан қүралған өткізгіш жолдары жүлынның бүйір арқан- шаларына өтер алдында, оң ми пирамидасының жүйке талшықтары жүлынның сол жақтағы бүйір арқаншасына, ал сол ми пирами- дасының жүйке талшықтары жүлынның оң жақтағы бүйір арқан- шасына бағытталып, жүйке талшықтарымен алмасады да, пирами- далар айқасын (decussacio pyramidum) жасайды. Сопақша мидың қүрылысы біршама жүлынның құрылысына үқсас, яғни сыртқы жағында ақ зат, ішкі жағында сүр зат орналасады. Бірақ, оның сүр заты жүлындағыдай біртүтас емес. Ол ақ заттық аралықтар арқылы көптеген сүр заттық аралшықтарға, яғни сопақша мидың сүр заттық орталықтарына (ядроларына) болінеді. Бүлар орга- низмнің тіршілігіне тым қажет вегетативті орталықтар қүрайтын нейроциттер ядролары. Аталған вегетативті ядроларға: жүрек соғу, тыныс алу, тер бөлу, сілекей бөлу, шайнау, жүту, copy, коз жасын бөлу, ас қорыту сөлдерін болу, қүсу, кекіру, күйіс қайтару, түшкіру, жөтелу, көз жыпылықтау орталықтары жатады. Сопақша мидың сүр заты вегетативті ядролардан басқа, қызметіне сәйкес топтасқан нейроциттер перикариондарынан (нейроциттер денелерінен) қүралған ми жүйкелерінің сезімтал және қозғалтқыш сүрзаттық ядроларын түзеді. Бүлардың араларында бір-бірімен жалғасып жатқан, пішіні әр түрлі нейроциттерден және олардың жүйке талшықтарынан қүралған торлы құрылым (formatio reticularis) болады. Бүл қүрылым сопақша мидан ортаңғы миға, одан әрі аралық миға дейін созылып жатады. Торлы қүрылым аталған ми бөлімдері орталықтарын өзара байланыстырып, үйлестіру қызметін атқарады. Бүған қоса, ол тыныс алу және жүрек-тамырлар жүйе- сінің орталығы қызметін де атқарады. Сопақша мидың ми жүйке- лері ядроларынан: 6 -ншыдан 12 -нші жүпқа дейінгі, барлығы 7

жұп ми жүйкелері шығады. Сопақша мидың жоғарғы бетінде төртінші ми қарыншасының түбі болып саналатын, пішіні ромбыға үқсас шүңқыр болады. Сопақша ми мишықпен, оның артқы аяқшасы (pedunculus cerebellaris caudalis) арқылы жалғасады.

Сопақша мидың гистологиялық құрылысы. Сопақша мидың сүр заты сезімтал және қозғалтқыш ми жүйкелерінің ядроларын түзеді. Олар төртінші ми қарыншасының түбінде, сезімтал ядролар сопақша ми сүр затының сыртқы латеральды жағында (сынаша және жүқа шоғырлар ядролары, үшкіл жөне есту жүйкелерінің ядролары), ал қозғалтқыш ядролар оның медиальды жағында орналасады. Сопақша мида жүйке толқындарын мидың басқа бөлімдеріне ауыстырып қосып, жалғастырып түратын нейроциттер ядролары да болады. Солардың бірі зәйтүн (олива) ядросының

нейроциттерінде мишық, ортаңғы мидың қызыл ядросы, торлы (ретикулалы) қүрылым және жүлын нейроциттерінің аксондары синапспен аяқталады. Өз кезегінде зәйтүн ядросының ірі муль- типолярлы нейроциттерінің аксондары мишық пен көру төмпегі нейроциттерімен синапс арқылы жалғасады. Сопақша мидың орталығында, жоғарыда баяндалғандай, ми бөлімдерінің жүмыс- тарын үйлестіру қызметін атқаратын торлы қүрылым орналасады. Торлы қүрылымды жүйке талшықтары аралықтарында жатқан мультиполярлы нейроциттердің үсақтоптары қүрайды. Ақзаттың негізгі бөлігін сопақша мидың вентральды бетіндегі үлкен ми қыртысынан жүлынға баратын қозғалтқыш жүйке талшықтарынан қүралған пирамидалар және оның екі бүйір қапталындағы жүлын- мишық жолдарының сезімтал жүйке талшықтарынан түзілген жіпше дене қүрайды. Ал жүлынның сынаша және жүқа ядролары нейроциттерінің аксондары сопақша ми торлы қүрылымының аралығымен өтіп, екі жағының жүйке талшықтар шоғырлары орталық сызық бойымен қатар орналасып айқасып, көру төмпегіне қарай бағытталады.

Артқы ми (metencephalon) өз кезегінде мишықтан және ми көпі- рінен түрады.

Мишық (cerebellum) жануарлар денесінің кеңістіктегі тепетендігін сақгау және дене мүшелерінің қозғалыстарын үйлестіру орталықтары орналасқан, пішіні шар тәрізді ми бөлігі. Ол сопақша мидың жо- ғарғы, үлкен мидың артқы жағында орын тепкен. Мишықты үзы- нынан өтетін екі сай үш бөлікке бөледі. Олар: ортаңғы бөлік — қүртша (vermis) және үзын сайлар арқылы бөлінген оның екі бүйіріндегі оң және сол мишық жартышарлары (hemispherium cerebelli). Мишықтың сыртқы қабатын қүрайтын сүр затты мишық қыртысы (cortex cerebelli) — деп атайды. Ал мишықгың орталығында орналасқан ақ заттың өткізгіш жолдары мишықтың қыртысты орталықтарын мидың басқа бөлімдермен және жүлын орта- лықгарымен байланыстырады. Мишық пен сопақша ми аралығында төртінші ми қарыншасы орналасады. Оның түбін сопақша ми шүңқыры, қабырғасы мен төбесін мишық қүрайды. Қарынша куысы алдыңғы жағынан ортаңғы ми суқүбырымен, артқы жағынан жүлынның орталық өзегі қуысымен жалғасады. Бүлардың куысында ми-жүлын сүйығы болады.

Мишықгың гистологиялық қүрылысы. Мишықтың афферентті және эфферентті өткізгіш жолдары, оны мидың көрші бөлімдерімен байланыстырып, үш жүп мишық аяқшаларын күрайды. Терең сайлар арқылы қатпарланып жатқан мишықтың сүр заты оның сыртқы бетінде орналасып, мишық қыртысын түзеді. Қыртыстың астында пішіні тармақталған ағаш бүтақтарына үқсас ақ заты жатады.

Мишық қыртысы нейроциттер қүрамы әр түрлі үш қабаттан қүралған. Олар: сыртқы молекулалы қабат, ортаңғы ганглионды қабат және ішкі дәншелі қабат.

Мишық қыртысының сыртқы молекулалы қабатын себетше және жүлдызша нейроциттер құрайды. Жүлдызша нейроциттердің өзі мөлшеріне байланысты майда және ірі нейроциттер болып екі түрге белінеді. Майда жүлдызша нейроциттердің дендриттері қысқа болып келеді, ал аксондары ортаңғы ганглионды қабаттың алмүртша нейроциттерінің дендриттерімен синапс арқылы байланысады. Ірі жүлдызша нейроциттердің үзын тармақты дендриттері мен аксондары болады. Олардың дендриттері алмүртша нейроциттердің дендриттерімен де, денелерімен де синапстық байланыстар түзеді. Мөлшері 10-20 мкм үсақ себетше нейроциттердің жіңішке үзын келген дендриттері мен аксондары мишық қыртысының қатпарлары бойымен көлденеңінен орналасып, алмүртша нейроциттердің денелері үстімен тым үзын тарамдар жасайды да, оларды себет тәрізді сыртынан шырмап, алмүртша нейроциттер денелерімен синапс арқылы байланысады. Молекулалы қабаттың жұлдызша және себетше нейроциттері ганглионды қабаттағы ірі алмүртша нейроциттердің қызметін тежейтін жүйке толқындарын жеткізеді.

Мишық қыртысының ортаңғы ганглионды қабатын бір қатарда орналасқан ірі, пішіні алмүрт тәрізді нейроциттер (бүрынғы атауы — Пуркине торшалары) қүрайды. Олардың тармақталған 2-3 дендриттері мишық қыртысының сыртқы молекулалы қабатына өтіп, қыртыстың сыртқы бетіндегі қатпарларға көлденең жазықтың бойымен тарамдалады. Ал олардың аксондары алмүртша нейроциттердің қарама-қарсы төменгі жағынан шығып, миелинді жүйке талшықтарға айналады да, ақзаттың қүрамында, сол ақзатта орналасқан мишық ядроларының нейроциттерінде аяқталады. Аталған аксондардан дәншелі қабатта бүйірлік тармақтар ажырап, қайтадан ганглионды қабатқа кері қайтып, көрші алмүртша нейроциттердің денелерімен синапс арқылы байланысады.

Мишық қыртысының дәншелі қабатын бірнеше қабатта жатқан, диаметрі 5-8 мкм үсақдәнше нейроциттер қүрайды. Дәнше нейро- циттердің ірі дөңгелек келген ядроларын, сыртынан цитоплазманың жүқа қабаты қоршап жатады. Дәншелі қабат аймағынан сыртқа шықпайтын бүлардың қысқа 3-4 дендриттері болады. Олар зәйтүн- мишықжәне көпір-мишық өткізгіш жолдары құрамында мишыкқа қоздырғыш жүйке толқындарын жеткізетін афферентті жүйке талшықгарының соңғы мүк тәрізді тармақгарымен синапстық байла- нысқа түсіп, мишық шумақшаларын түзеді. Дәнше нейроциттердің аксондары мишық қыртысының молекулалы қабатына өтіп, Т әрпі тәрізді екі тармаққа ажырайды да, мишық қыртысының сыртқы бетіне параллельді өтетін үзын тармақтарға таралып, көптеген алмүртша, жүлдызша және себетше нейроциттер дендриттерімен синапс арқылы байланысады. Сөйтіп, дәнше нейроциттер аффе- рентті мүк тәрізді жүйке талшықтары бойымен келген қоздырғыш жүйке толқындарын көптеген алмүртша нейроциттерге жеткізеді. Дәншелі қабатта дәнше нейроциттерден басқа қысқа және ұзын

аксонды үлкен жүлдызша нейроциттер де болады. Қыеқа аксонды үлкен жүлдызша нейроциттер ганглионды қабаткд жақын орналасады. Олардың дендриттері молекулалы қабаттағы дәнше нейроциттері аксондарымен, ал аксондары дәншелі қабаттағы дәнше нейроциттері дендриттерімен, аффрентті мүк тәрізді жүйке талшықтарынан сәл бүрынырақ, синапстық байланыс түзіп, мүк тәрізді жүйке талшық- тары бойымен дәнше нейроциттеріне келген қоздырғыш1 жүйке толқындарын әлсіретіп, тежеу қызметін атқарады. Үзын аксонды үлкен жүлдызша нейроциттердің саны аз болады. Олардың дендрит- тері мен аксондары дәншелі қабатта тармақталып, мишықтың орталығындағы ақ затқа өтеді. Бүлар мишық қыртысының түрлі аймақтарын бір-бірімен өзара байланыстырып, аралық байланыс- тырғыш кызметін атқарады.

Мишыққа жүйке толқындары мидың басқа бөлімдерінен аффе- рентті мүк тәрізді және өрмелегіш жүйке талшықгары бойымен келеді. Мүк тәрізді жүйке талшықтары туралы жоғарыда баяндалды. Өрмелегіш жүйке талшықгары жүлын-мишықжәне тепетендік-мишық өткізгіш жолдары құрамында мишықтың ақ затына, одан әрі мишық қыртысының дәншелі қабатынан ганглионды қабатқа өтіп, алмүртша нейроциттер дендриттерінде синапспен аяқталады. Мишықтың қызметін, оның қыртысы ганглионды қабатында бір қатарда орна- ласқан жүйке торшалары — алмүртша нейроциттер атқарады. Оларға жоғарыда аталған жүйке талшықтары арқылы келген қоздырғыш жүйке толқындарын мишық қыртысы молекулалы қабатындағы

жұлдызша, себетше және дәншелі қабаттағы ұлкен жұлдызша нейроциттер тежейді. Мишықтың сұр және ақ заттарындағы тіректік, окдіаулау, қорғаныс, зат алмасу қызметтерін жүйкелік глиялар (протоплазмалық және талшықгы астроциттер, олигодендроциттер, микроглиялар) іс жүзіне асырады.

Ми көпірі (pons) — сопақша ми мен ортаңғы ми аралығында көлденеңінен орналасқан ми бөлігі. Ми көпірі мишықтың ортаңғы аяқшалары (pedunculus cerebellaris medius) арқылы мишықпен жалғасады. Ми көпірі дорсальды және вентральды бөліктерден қүралған. Дорсальды бөлікті сопақша ми өткізгіш жолдарының және V-VIII ми жүйкелерінің жүйке талшықтары мен торлы қүрылым, ал вентральды бөлікті ми көпірінің нейроциттер ядролары мен пирамидалы жолдар қүрайды.

Ми көпірі ақ затындағы өткізгіш жолдар үлкен ми мен мишық орталықгарын сопақша ми орталықгарымен байланыстырады. Оның сүр заттық ядроларында үлкен ми және мишық қыртыстарынан келетін орталықтан тепкіш өткізгіш жолдар түйықталады. Ми көпірінен 5 -інші жүп ми жүйкесі шығады.

Ортаңғы ми (mesencephalon) төрттөмпешік пен ми қақпағынан, үлкен ми аяқшасынан және олардың арасындағы түтікше қуыс суқүбырдан түрады. Ортаңғы мңдың төрттөмпешігі мен ми кдқпағының сүр заты мультаполярлы және үршықтәрізді нейроциттер мен олардан түзілген жүйке талшықгарынан күралған. Төрітомпешік ортаңғы мидың жоғарғы төбесін күрайды. Ол алдыңғы (ростральды) және артқы (каудальды) екі жүп төмпешіктен тұрады. Төрттөмпешікті сыртынан каптап жатқан сүрзаггық қабат көру және есту тітіркеністеріне шартсыз рефлекторлық қозғалыспен жауап беретін, яғни бағдарлау рефлекстерін іс жүзіне асыратын орталықгар түзеді. Алдыңғы жүп төмпешік көру талдағышының, артк*>і жүіі төмпешік есту талдағышының қыртысасты орталықгары. Үлкен ми аяқшасы сай арқылы бөлінген екі ми буылты- ғынан түрады. Олардың сыртқы кабагы ақ заттан қүралған. Оның өткізгіш жолдары үлкен ми қыртысы орталықтарын мидың төменгі бөлімдерімен және жүлын орталықгарымен байланыстырады. Сүр затгық орталықгар ақ заттың орталық бөлігінде жатады. Суқүбырдың кэбырғасында әр түрлі рефлекстерді іс жүзіне асыруға катысатын торлы күрылым орналасады. Сукүбыр (aqueductus) аралық мидағы үшінші ми карыншасы қуысын төртінші ми карыншасы куысымен жалғас- тырады. Ортаңғы мидан 3 -інші жөне 4 -інші ми жүйкелері шығады.

Аралық ми (diencephalon) ортаңғы ми мен соңғы мидың аралы- ғында орналасып, аталған ми бөлімдерін жалғастырып түрады. Аралық ми көру төмпектері — таламустан, төмпекүсті бөлігі — эпиталамустан және төмпекасты бөлігі — гипоталамустан түрады.

Кору төмпектері (thalamus) аралық ми массасының айналасында сақина тәрізді орналасқан үшінші ми кдрыншасының (ventriculus ter- tius) екі бүйір қабырғасын қүрайтын аралық мидың негізгі орталық бөлігі. Аралық ми массасы оң және сол көру төмпектерінің бір-бірімен

жалғасуы нәтижесінде пайда болған. Ми қарыншасының төбесін тамырлы жабын құрайды. Сақинаша үшінші ми қарыншасының алдыңғы жағы қарыншалараралық тесіктер арқылы соңғы ми жартышарларындағы бүйірлік кдрыншалар қуыстарымен, ал артқы жағы ортаңғы мидың сукүбырымен жалғасады. Таламустың сыртқы беті ақ заттан, ал ішкі жағы сүр заттан күралған. Көру төмпегінің сүр заты бір-бірінен ақзаттық аралықтармен бөлінген көптеген нейроциттер ядроларын түзеді. Бүлар негізінен жүлын мен мидың төменгі бөлімдерінен келген сезімтал өткізгіш жолдарды, үлкен ми қыртысына баратын орталық сезімтал өткізгіш жолдарға қосатын аралық сезімтал орталықгар. Ал бүлардың ішіндегі медиальды орталық ядро — үлкен ми қыртысынан төменгі ми бөлімдері мен жүлынға қарай бағытталған қозғалтқыш өткізгіш жолдарды экстрапирамидалық жүйке ядроларына, ортаңғы мидың қызыл ядросына, ми жүйкелерінің ядроларына және жүлынның қозғалтқыш ядроларына қосу орталығы. Көру төмпектерінің ядролары бір-бірімен торлы құрылым арқылы байланысып жатады. Көру төмпектерінің төменгі бетіндегі көру жүйкелері қиылысынан шығатын көру жолдары таламусты айналып өтіп, оның ядроларына енеді.

Эпиталамус (epithalamus) көру төмпегі — таламустың жоғарғы жағында жатады. Ол эпифизден — epiphysis (эндокринді без) және үшінші ми қарыншасының тамырлы жабынынан түрады. Эпиталамус көру төмпектері мен төрттөмпешіктің араларындағы ойыста орналасады.

Гипоталамус (hypothalamus) таламустың төменгі жағында, көру жүйкелерінің қиылысы мен үлкен ми аяқшаларының аралығында орналасады. Ол сүр төмпектен (tuber cinereum), гипофизден — hy­pophysis (эндокринді без) және емізікше денеден (corpus mamillare) түрады. Гипоталамустың сыртқы беті ақ заттан (өткізгіш жолдар), ішкі беті қыртысасты вегетативті ядроларды (тыныс алу, қан айналым және лимфаайналым, дене қызуы, жыныстық қызметтер т.б.) түзетін сүр заттан қүралған. Гипоталамустың вегетативті орталықтары организмдегі қан қысымын, дене қызуын, май-су алмасуын, эндокринді бездер жүмыстарын реттеуге қатысатын мультиполярлы нейроциттер ядроларынан түрады.

Соңғы ми (telencephalon) терең үзынша үлкен ми саңылауымен (fissura longitudinalis cerebri) бөлініп, бір-бірімен саңьшаудың түбіндегі күсті дене арқылы өзара байланысып жатқан оң жөне сол жартышарлардан (hemispherium dextrum et sinistrum) немесе үлкен ми сыңарларынан түрады. Әрбір үлкен ми сыңары ми жабынынан, иіс миынан, жолақты денеден және бүйірлік ми қарыншасынан түрады. Бүйірлік ми қарыншасының қуысы қарыншалараралық тесік арқылы үшінші ми қарыншасы қуысымен жалғасады.

Иіс миы (rhinencephalon) соңғы мидың төменгі бетінде орналасады. Ол иіс баданасынан — bulbus olfactorius (сүр заттан түрады, біріншілік иіс орталығы), латеральды және медиальды иіс

жолдарынан — tractus olfactorius lateralis et medialis (өткізгіш жолдар), иіс үшбұрышынан, алмүртша бөліктен қүралған. Иіс үшбүрышы (trigonum olfactorium) мен алмүртша бөлік (lobus piriformis) сүр заттан түрады. Бүлар екіншілік иіс орталығының қызметін атқарады. Өткізгіш жолдар ретінде жүйке талшықтарынан қүралған латеральды және медиальды иіс жолдары сүр заттан түратын лате- ральды және медиальды иіс қатпарларын (gyrus olfactorius lateralis et medialis) сыртынан қаптай, біріншілік иіс орталығы иіс бада- насын, екіншілік иіс орталықтары иіс үшбүрышымен және алмүрт- ша бөлікпен байланыстырады. Иіс үшбүрышы латеральды және імедиальды иіс жолдарының арасында жатады. Латеральды иіс жолы алмүртша болікке, ал медиальды иіс жолы жол бойы иісмаңы алаңын (area parolfactoria) жасап, ми жабынының медиальды бетіне өтеді. Латеральды және медиальды иіс жолдары қабылданған тітіркеністі иіс баданаларындағы біріншілік иіс орталықтарынан, иіс қатпарларына, иіс үшбүрыштарына, иісмаңы алаңдарына, алмүртша бөліктердің сүр затындағы екіншілік иіс орталықтарына, одан әрі аралық ми гипоталамусына және ортаңғы миға өткізеді. Алмүртша бөліктің ішіндегі қуысы — бүйірлік ми қарыншасының артқы жалғасы. Алмұртша бөліктің ішкі қабырғасында аммон мүйізінің үшы аяқталады. Алмүртша бөлікті артқы және ішкі жақтарынан гиппокамп саңылауы (fissura hippocampi) шектейді.

Гиппокамп (hippocampus) гиппокамп саңылауы мен алмүртша бөлік аумағындағы ми қыртысының катпары. Гиппокамптың жоғарғы беті жолақты дененің қүйрықты ядросынан кейінгі бүйірлік ми қарыншасының түбін қүрайды және ол қүйрықты ядродан бүйірлік қарыншаның тамырлы орімі арқылы бөлінген. Гиппокамп ми қыртысының қатпары ретінде, томенгі бағытта сыртқа және артқа қарай орақтәрізді иіліп, алмүртша бөлікпен жалғасып кетеді. Ал оның көру төмпегінен жоғары жаткдн алдыңғы үшы — гиппокамп аякщасы (pes hippocampi) немесе аммон мүйізі (cormu ammonis) — деп аталады. Аммон мүйізін көру төмпегінен үшінші ми қарыншасының тамырлы өрімі бөліп түрады. Гиппокампта жоғары қыртысасты ассоциативті иіс және дәм сезімі орталықтары болады. Гиппокамптың орталықгары үлкен ми сыңарлары қыртысының әр түрлі орталықгарымен және басқа да жоғары қыртысасты орталықгармен өткізгіш жолдар арқылы байланысып жатады. Өткізгіш жолдар ми күмбезін (fornix) жасайды. Гиппокамп қатпары жоғарғы бағытта көтеріліп, ми жабыныньщ беддеу кдтпарына (gyrus cinguli, s. limbicus) жалғасады. Белдеу қатпары күсті дененің (corpus collosum) жоғарғы жағымен, оны алдыңғы жағынан айналып өтіп, иісмаңы алаңымен байланысады. Гиппокамп қатпары мен белдеу қатпары — ми жабыны қыртысының (neocortex s. neopal­lium) бөліктері. Күмбездің откізгіш жолдары гиппокампты аралық мидың емізікше денесімен (corpus mamillare) байланыстырады.

Үлкен ми сыңарларының төменгі бетінен: иіс баданалары, иіс жолдары мен иіс қатпарлары, иіс үшбүрышы және алмүртша бөлік,

ал олардың медиальды бетінен:иісмаңы алаңы, гиппокамп қатпары, белдеу қатпары көрінеді. Бүйірлік ми қарыншасының түбін: жолақты дененің қүйрықты ядросы, аммон мүйізі және күмбез құрайды. Иіс миының лимбикалық жүйесі (pars limbica rhinencepha- lon) белдеу қатпарынан, гиппокамптан, күмбезден және жолақты дененің бадамша ядросынан түрады.

Жолақты дене (corpus striatum) — үлкен ми сыңарлары қыртысының астында жатқан, сүр және ақ заттардың аралас орналасуынан түзілген, тарихи дамуы жағынан жаңа ми қыртысына (neocortex) қарағанда көне ми бөлігі. Жолақты дене бүйірлік ми қарыншасының төменгі қабырғасын қүрайды. Оның сүр затын құйрықты ядро, жасымықша ядро, шарбақша ядро және бадамша дене қүрайды. Сүрзаттық қүрылымдарды бір-бірінен бөліп түратын ақзаттық аралықтар орналасу орындарына қарай: ішкі және сыртқы қабықгар (капсулалар) - деп аталады. Аталған қабықтар — миелинді жүйке талшықтарынан түзілген проекциялық өткізгіш жолдар.

Қүйрықгы ядро (nucleus caudatus) екі бөлімнен: бас және қүйрық (caput et cauda) бөлімдерден қүралған. Қүйрықты ядроның басы бүйірлік ми қарыншасының түбін құрауға қатысады және ол гиппо- камптың алдында орналасады.

Жасымықша ядро (nucleus lentiformis) қүйрықты ядроның басы мен көру төмпегінің сыртқы бүйірінде орналасып, олардан ішкі қабық (capsula interna) арқылы бәлініп түрады. Жасымықша ядроның сыртқы латеральды бөлігі — қауыз (putamen), ал тарихи дамуы жағынан ең көне ішкі медиальды бөлігі — солғын ядро (pallidum) — деп аталады. Бүл бөлік көру төпегінің сыртқы бүйі- рінде, латеральды тобықты дененің (ganglion geniculatum laterale) алдыңғы жағында жатады және қызметі жағынан иіс миымен тығыз байланыста болады.

Шарбакдіа ядро (claustrum)— жасымықша ядроның сыртқы латеральды жағында орналасқан, пішіні үзын және жіңішке келген сүрзаттық қүрылым. Шарбақша ядроны жасымықша ядродан сыртқы қабық (capsula externa) боліп түрады.

Бадамша дене (corpus amygdaloideum) көру томпегі мен аммон мүйізінің және қауыздың аралықтарында орналасып, олардан ақ- заттық аралықтар арқылы бөлініп жатады. Бадамша дене қызметі жағынан иіс миының құрамына кіреді.

Жолақты дене өткізгіш жолдар арқылы үлкен ми қыртысымен, кору төмпегімен, гипоталамуспен, ортаңғы ми торлы күрылымының ядроларымен (қызыл ядро т.б.), ми көпірі ядросымен, сопақша ми ядроларымен (каудальды зәйтүн) және ми жүйкелері ядроларымен қызметтік байланыста болады. Сүтқоректі жануарларда жолақты дененің сүрзаттық ядролары жоғары қыртысасты қимыл (өрмелеу, жүзу, секіру, жүру, жүгіру т.б.) және вегетативтік реттеу орталық- тарының қызметтерін атқарады. Жолақты дене ядроларында көп- теген шартсыз рефлекстер түйықталады. Ал рефлекс үлкен ми

қыртысы арқылы түйықгалатын болса, онда жолақты дене ядролары ми қыртысының басқаруымен шартты рефлекстерді іс жүзіне асырады.

Ми жабыны (pallium) үлкен ми сыңарын жоғарғы және сыртқы жағынан қаптап жатады. Ол сыртқы сүр заттан, ішкі ақ заттан түрады. Ми жабынынның сыртқы сүрзаттық қабығын үлкен ми қыртысы (cortex cerebri) — деп атайды. Оның сыртқа бетінде сайлар арқылы бір-бірінен бөлінген, пішіні әр түрлі жануарларда түрліше келген қатпарлар болады. Ми жабынының сыртқы бүйір бетінде тігінен өтетін латеральды сай (sulcus lateralis) немесе сильвий сайы жақсы көрінеді. Латеральды сайды сыртқы жағынан пішіні доға тәрізді үш қатарда жатқан сайлар қоршап, үлкен ми қыртысын: шүйде бөлікке (lobus occipitalis pallii), төбе бөлікке (lobus parietalis pallii), мандай бөлікке (lobus frontalis pallii) және самай бөлікке (lo­bus temporalis pallii) бөледі.

Үлкен ми сыңары жабынының гистологиялық қүрылысы. Ми жа- быны сыртқы сүр заттан қүралған үлкен ми сыңарының қыртысынан және оның астындағы ми жабынының ақ затынан түрады.

Үлкен ми сыңарының юыртысы пішіні мен мөлшері және қызметі өр түрлі нейроциттер қабаггарынан қүралған. Адам миының қырты- сында орта есеппен 10-14 млрд.-тай нейроциттер болады. Ми

қыртысының ең жақсы жетілген қимыл аймағында бір-бірінен айқын ажыратылатын (қыртыстың сыртқы бетінен ішкі ақ затқа кдрай) алты: молекулалы, сыртқы дәншелі, пирамидалы, ішкідәншелі, ганглионды және полиморфты нейроциттер кдбаттары болады.

Молекулалы қабат — ұлкен ми сыңары қыртысының сыртқы қабаты. Молекулалы қабатты төменгі қабаттардағы нейроциттердің өсінділерінен түзілген жүйке талшықтары және олардың аралықтарындағы ұзынша келген ұсақ нейроциттер құрайды.

Сыртқы дәншелі қабат орташа диаметрі 10 мкм, пішіні жұлдызша, пирамида тәрізді келген нейроциттерден түрады. Олардың дендриттері молекулалы қабатқа, ал аксондары жартылай ми жабынының ақзатына, ал қалғандары молекулалы қабатқа өтіп, сол жердегі талшықтар торабын түзуге қатысады.

Пирамидалы қабат пішіні пирамида тәрізді нейроциттерден тү- рады. Олардың мөлшері осы қабаттың сыртқы жағынан ортасына қарай 10 мкм -нен 40 мкм -ге дейін өзгереді. Нейроциттердің үшкір төбесінен шығатын дендриттері молекулалы қабатқа өтіп, сонда аяқгалады. Бүйірлік дендриттері көрші нейроциттер дендриттерімен өзара байланысады. Пирамида тәрізді нейроциттердің аксондары жүйке торшалары табандарынан төмен қарай шығып, майда нейро- циттердің өсінділері ми қыртысының өзінде синапстық байланыстар жасайды. Ал ірі нейроциттердің аксондары миелинді жүйке талшықтарына айналып, ми жабынының ақзатындағы ассоциативті немесе комиссуральды өткізгіш жолдарды түзуге қатысады.

Сыртюы дәншелі кдбат ми қыртысының көру аймағында жақсы жетілген. Бүл қабатты майда пирамида тәрізді және жүлдызша ней- роцитгер күрайды. Олардьщ өсінділері көбіне көлденеңінен орналасады.

Ганглионды қабат өте ірі пирамида тәрізді нейроциттерден қү- ралған. Олардың биіктігі 120 мкм, табанының ені 80 мкм -ге жетеді. Бүлардың нейроплазмасында базофилді зат көп болады, яғни бүл торшадағы белок синтезінің белсенді жүретіндігінің айғағы. Нейро- диттердің аксондары миелинді жүйке талшықтарға айналып, ми қыртысынан төмен кететін жүлынның пирамидалы қозғалтқыш өткізгіш жолдарын қүрайды.

Полиморфты қабат пішіні әр түрлі нейроциттерден түрады. Олардың дендриттері үлкен ми қыртысының молекулалы қабатына дейін өтеді, ал аксондары ақ заттағы эффекторлы өткізгіш жолдарды жасауға қатысады.

Ми жабыны ақ затының қүрылысы. Үлкен ми қыртысының астындағы ақ затты жоғарыда баяндалған ми қыртысы қабаттарының нейроциттері өсінділерінен түзілген миелинді жүйке талшықтары қүрайды. Олар әр түрлі бағытта өтіп, ми бөлімдерін өзара және ми орталықгарын жүлын орталықгарымен жалғастыратын өткізгіш жолдар түзеді. Ми жабыны ақ затының өткізгіш жолдарына: үлкен ми сыңарларының өз жағындағы ми қыртысы бөлімдерін өзара байланыстыратын ассоциативті жолдар, үлкен ми сыңарларының екі жақтағы ми қыртысы бөлімдерін бір-бірімен жалғастыратын комссуральды жолдар және ми қыртысы бөлімдерін төменгі ми бөлімдері және жүлын орталықгарымен байланыстыратын проекщшлы жолдар жатады. Проекциялық жолдар қүрамына жолақты денедегі сыртқы және ішкі акзаггық қабықгар да кіреді. Жүйке толқындарын өткізу бағыттарына кдрай, проекциялық жолдар: афферентті (орталыққа тепкіш) және эфферентті (орталықган тепкіш) болып екі топқа бөлінеді.

Аралық ми мен соңғы миды біріктіріп, алдыщы ми — деп те атайды.

Ми қарыншалары (куыстары):

1.Бүйірлік оң және сол ми қарыншалары соңғы мидың оң және сол үлкен ми сыңарларында орналасады. Бүйірлік қарыншалардың төбесін күсті дене, түбін қүйрықты ядроның басы мен гиппокамп құрайды. Оң және сол қарыншалар аралығында, оларды бір-бірінен бөліп түратын мөлдір перделік болады. Бүйірлік ми карыншаларының куыстары оң және сол қарыншааралық тесіктер арқылы үшінші ми қарыншасы куысымен жалғасады.

2.Үшінші ми қарыншасы аралық мидағы пішіні сақина тәрізді қуыс. Үшінші ми қарыншасының оң және сол бүйір қабырғасын көру төмпектері, төбесін эпиталамус, түбін гипоталамус күрайды. Ол алдыңғы жағындағы оң және сол қарыншааралық тесіктер арқылы оң және сол бүйірлік ми қарыншалары қуыстарымен, ал артқы жағындағы тесікпен ортаңғы мидағы суқүбырымен қатысады.

З.Ортаңғы ми суқүбыры — пішіні түтік төрізді микуысы. Оның төбесін төрттөмпешік, ал түбін үлкен ми аяқшалары, екі бүйірін ортаңғы ми массасы күрайды, Ортаңғы ми суқүбыры алдыңғы жағындағы тесікпен үшінші ми қарыншасы куысымен, ал артқы жағындағы тесік арқылы төртінші ми қарыншасы қуысымен жалғасады.

4.Төртінші ми кдрыншаеы ромб тәрізді мида орналасады. Оның түбін сопакдіа мидың ромб тәрізді шүңқыры, бүйір қабырғаларын алдыңғы және артқы мишық аяқшалары, төбесін мишық пен алдынғы және артқы ми желкендері (velum medullare rostrale et caudale) күрайды. Төртінші ми қарыншасы алдыңғы жағындағы тесікпен ортаңғы ми суқүбырымен, артқы жағындағы тесік арқылы орталық жүлын өзегімен, қабырғасындағы тесіктердің көмегімен жұлын мен мидың кдбықгары арасындағы кеңістіктер (субдуральды, субарахноидальды) қуыстарымен жалғасып, жұлын-ми сүйығының орталықжүйке жүйесі мүшелерінде үздіксіз ағып, қозғалуын қамтамасыз етеді.

Миды да жұлындағыдай үш: қатты, өрмелі және жүмсақ қабықгар сыртынан қаптап жатады. Сыртқы қаттыүсті кеңістік болмайды. Себебі, мидың қатты қабығы бассүйектің ми сауыты сүйектерінің сүйекқабымен бірігіп кеткен. Қалған қаттыасты және өрмеліаоты кеңістіктер болады. Жылқы мен итте миды қоректендіретін негізгі артерия ішкі үйқы артериясы, ал күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада шүйде, айдаршық және біз-емізікше артерияларының тармақтары. Мидан вена қаны дорсальды және вентральды вена қойнаулары жүйелерімен ағып шығады.

Мидың кұрылысы бойынша бақылау сұрақтары:

  1. Көлденең саңылау арқылы ми қандай бөлімдерге бөлінеді?

  2. Ромбы төрізді ми қандай ми бөлімдеріне бөлінеді?

  3. Артқы ми қандай ми бөлімдерінен тұрады?

  4. Сопақша мидың орналасу орны мен құрылысына тоқталып, тіршілікке тым қажет вегетативті орталықтарды агаңыз.

  5. Мишық пен ми көпірінің макро және микроморфологиялық күрылысы.

  6. Ортаңғы мидың бөлімдері және олардың құрылысы.

  7. Аралық ми бөліктері, олардың кұрылысы.

  8. Соңгы ми белімдері. Ми жабыныньгң гистологиялық құрылысына толыгырақ тоқталыңыз.

  9. Такіірып мәтініндегі казақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алып, оларды жаттаңыз.

ЖҮЛЫН ЖҮЙКЕЛЕРІ

Жүйкешң күрылысы. Жүйкелер жұльш жүйкелері және ми жүйкелері болып бөлінеді. Қүрылысы жағынан жүйкелер паренхималы мүшелерге жатады. Олардың паренхимасын жүйке талшыктары, ал стромасын жүйке талшықтарын байланыстырып түратын борпылдақ дәнекер үлпалықаралықгар күрайды. Строма арқылы жүйкені қоректендіретін қан және лимфа тамырлары өтеді. Жүйке талшықтарын бір-бірімен байланыстырып, талшықгар шоғырларын түзетін жіңішке дәнекер үлпалық аралықгарды эндоневрий, талшықгар шоғырларын сырхынан қаптап, оларды бір-бірімен біріктіріп, жүйкені күрайтын ені жалпақгау келген дәнекер үлпалық аралықгарды периневрий, ал жүйкені сыртынан қаптап түратын дәнекер үлпалық қабықгы эпиневрий — деп атайды.

Жұлын жүйкелерінің түзілуі және тарамдалуы. Жұлын жүйкелері жұлынның дорсальды (сезімтал жүйке талшықгарынан күралған) және вентральды (қозғалтқыш жүйке талшықтарынан қүралған) түбіршіктерінің қосылуынан пайда болып, омыртқа өзегінен оң және сол омыртқааралық тесіктер арқылы шығады. Сондықган, жүлын жүйкелерін қызметі жағынан аралас жүйкелерге жатқызады. Жүлын жүйкелерін шеттен орталыққа бағытгалған сезімтал жүйке талшықгары (жүлын ганглийлеріндегі сезімтал нейроциттердің аксондарынан түзілген), орталықтан шетке бағытталған қозғалтқыш жүйке талшықгары (жүлыннның сүр заты вентральды мүйізіндегі қозғалтқыш нейроциттердің аксондарынан түзілген) және симпатикалық миелинді жүйке талшықгары (көкірек-бел жүлын сегменттері сүр затының латеральды мүйіздеріндегі симпатикалық орталықгары нейроциттерінің аксондарынан) қүрайды. Олар омыртқа өзегінен шыққан бойда байланыстырғыш (симпатикалык) және жүльш кдбықгарына арналған қайтарма (сомалық) тармақтарды бөліп, сүр байланыстырғыш (симпатикалық) тармақгарды қосып алып, содан соң, дорсальды және вентральды (сомалық, симпатикалықжүйке талшықгарынан қүралған) тармақтарға ажырайды. Дорсальды тармақгар омыртқа бағанынан жоғары орналасқан дене бөліктерін (сүйектер, бүлшықетгер, буындар, тері, олардың тамырлары), вентральды тармақгар омыртқа бағанынан төмен жатқан дене бөліктерін жүйкелендіреді. Аталған тармақгар өз кезегінде латеральды (беткей орналасқан мүшелерге) және медиальды (терең жаткдн мүшелерге) тармақгарға тарамдалады.

Жүлын жүйкелері омыртка бағаны бөлімдеріне сәйкес: мойын, көьсірек, бел, күйымшақжәне кұйрықжүйкелері болып бөлінеді. Олар- дың саны мойында 8 жүп, кұйрықга 5-6 жүп, кдлған бөлімдерде жануар- лардың омыртқалар санына сәйкес келеді. Алдыңғы және артқы аяқ- тарды жүйкелендіретін жүйкелер жүлын жүйкелерінің вентральды тармақгары түзетін: иық, бел және күйымшақ жүйке тораптарынан шығады.

Диафрагмальды жүйке (nervus phrenicus) V, VI, VII мойын жүлын жүйкелерінің вентральды тармақтары торабынан шығып, көкетті жүйкелендіреді.

Иықторабының (plexus brachialis) жүйкелері. Иықторабын: VI, VII,VIII мойын жүйкелерінің және 1-2 көкірек жүйкелерінің вент- ральды тармақтары түзеді. Одан алдыңғы аяқты жүйкелендіретін төмендегідей жүйкелер шығады:

Жауырынүсті жүйкесі (n. suprascapularis) иық буынын, жауырынды, оның сыртқы бетіндегі бүлшық етгер мен теріні жүйкелендіреді.

Жауырынасты жүйкелері (nn. subscapularis) иықбуынын, жауы- рынды, оның ішкі бетіндегі бүлшық еттерді жүйкелендіреді.

Қолтық жүйкесі (n. axillaris) иықбуынының бүккіш бүлшық еттері мен тоқпан жілік пен білек аумағындағы теріні жүйкелендіреді.

Кәрі жілік жүйкесі (n. radialis) шынтақ, тізе және бақай буындарының жазғыш бүлшық еттерін, буындарды және сол

аумақтардағы теріні жүикелен- діреді. Оның соңғы тармақтары дорсальды бақай жүйкелеріне айналады.

Бүлшық ет-тері жүйкесі (п. musculo -cutaneus) шынтақ буы- нының бүккіш бүлшық еттері мен білек аумағының ішкі бетіндегі теріні жүйкелендіреді.

Шынтақ жүйкесі (n. ulnaris) тізе және бақай буындарының бүккіш бүлшық еттерін, буын- дарды, тоқпан жілік пен шынтақ сүйекті жүйкелендіреді,

Орталық жүйке (n. medianus) тізе және бақай буындарының бүккіш бүлшық еттерін жүйке- лендіреді. Жіліншік аумағыңда ол латеральды және медиальды пальмарлы жүйкелерге ажырай- ды да, одан әрі пальмарлы бақай жүйкелеріне айналып, сол аумақ- тардағы сүйектерді, буындарды, бүлшық еттер сіңірлері мен терісін жүйкелендіреді.

Алдыңғы және артқы көкірек жүйкелері (nn. pectorales craniales et caudalis) иық белдеуінің бүл- шық еттерін және терісін жүй- келендіреді.

Көкірек жүйкелері (nn. thoracici) көкірек керегесі аумағын жүйке- лендіреді көкірек жүйкелерінің

вентральды тармақгары жүйке торабын жасамайды. Олар кдбырғаралық жүйкелер (nn. intercostales)— деп аталады да, аггас артериялар және веналармен бірге кдбырғалардың тамырлы сайывда жатады. Тек, соңғы жүйке қүрсақ кабырғасын жүйкелендіреді де, кдбьфға-күрсақ жүйкесі (n. costo-abdominalis) деп аталады. Қабырғааралық жүйкелердің латеральды тармақгары теріасты бүлшықетгтерін жөне көкірек пен күрсақ кдбырғаларьшың терісін жүйкелендіреді. II және III қабырғааралық жүйкелердің латеральды тармақгары иық жүйке торабынан бөлінетін латеральды көкірек жүйке тармақтарымен қосылып, кдбырға-иық жүйкесін (n. costobrachialis) түзіп, жауырын мен иық аумақгарының теріасты бүлшық еті мен терісін жүйкелендіреді.

Бел торабының (plexus lumbalis) жүйкелері. Бел торабын бел жүйкелерінің вентральды тармақтары түзеді. Бұдан шығатын

жүйкелер: мықын-құрсақасты жүйкесі (n. iliohypogastricus), мықын- шап жүйкесі (n. ilioinguinalis), жыныс-сан жүйкесі (n. genito-femoralis), санньщ латеральды терілік жүйкесі (n. cutaneus femorislateralis) негізінен бел, құрсақ бүлшық еттері мен сол аумақтардың терісін, еркек жануарлардың сыртқы жыныс мүшелерін, үрғашы жануарлардың желіндерін жүйкелендіреді. Бүл тораптың сан және жапқыш жүйкелері артқы аяқгы жүйкелендіреді.

Сан жүйкесі (n. femoralis) жамбас-ортан жілік буынының бүккіш және жақындатқыш бүлшық еттерін және артқы аяқ ішкі бетінің терісін (анық жүйкесі) жүйкелендіреді.

Жапқыш жүйке (n. obturatorius) жапқыш тесігі арқылы жамбас қуысынан шығып, жамбас-ортан жілік буынының жақындатқыш және жапқыш бүлшық еттерін жүйкелендіреді.

Қүйымшақ торабын (plexus sacralis) қүйымшақ жүйкелерінің вентральды тармақтары түзеді. Бүдан шығатын жыныс және артқы тікішек жүйкелері жыныс мүшелері мен тік ішекті жүйкелендіреді.

Алдыңғы және артқы бөксе жүйкелері (nn. gluteus cranialis et caudalis) бөксе бүлшық етгері мен сол аумақгағы теріні жүйкелендіреді.

Санның артқы терілік жүйкесі (n. cutaneus femoris caudalis) бөксе және сан аумақгарының артқы жағындағы терілерін жүйкелендіреді.

Шонданай жүйкесі (n. ischialis)— артқы аяқтағы ең ірі жүйке. Ол жамбас-ортан жілік буынының терең бұлшық еттерін жүйке- лендіріп, үлкен шонданай ойығы арқылы жамбастың сыртқы бетіне шығады да, асықты жілік және шыбық жүйкелеріне ажырайды.

Асықгы жілік жүйкесі (n. tibialis) артқы аяқтың ішкі бетінен артқы бетіне өтіп, латеральды жөне медиальды плантарлы жіліншік жүйкелеріне ажырайды да, одан әрі плантарлы бақай жүйкелеріне

айналады. Ол жамбас-ортан жілік және тілерсек буындарының жазғыш, бақай буындарының бүккіш бүлшық еттерін, осы аумақтардағы сүйектерді, буындарды, теріні жүйкелендіреді.

Шыбық жүйкесі (n. peroneus s. fibularis) тілерсек буынының бүккіш, бақай буындарының жазғыш бүлшық еттерін, осы аумақ- тардағы сүйектерді, буындарды және теріні жүйкелендіреді.

Жұлын жүйкелері бойынша бақылау сұрақгары:

  1. Жүлын жүйкелері қалай түзіледі жөне қандай тарамдарға таралады? Олар қызметі жағынан қандай жүйкелерге жатады?

  2. Жұлын жүйкелері кдндай бөлімдерге бөлінеді?

  3. Дорсальды жүйке тармақтары дененің кдндай бөліктерін жүйкелендіреді?

  4. Вентральды жуйке тармақтары дененің кдндай бөліктерін жүйкелендіреді?

  5. Жануарлар денесінде кзндай жүйке тораптары болады? Оларды қандай жүйке тармақтары қүрайды.

  6. Алдыңғы аяқты қандай жүйкелер жүйкелендіреді? Олар қандай жүйке торабынан шығады?

  7. Бел және күрсак, жүйке тораптарының жүйкелерін еске түсіріп, олар жүйкелендіретін дене аумақтарын атаңыз.

  8. Такырып мәтініндегі қазақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алып, оларды жаттаңыз.

МИ ЖҮЙКЕЛЕРІ

Ми жүйкелері 12 жүп болып, мидың төменгі бетінен бассүйектің тесіктері арқылы ми сауытынан шығады. Олардың 10 жүбы (III — XII жүйкелер) ми діңгегінен бөлінеді. Ми жүйкелері қатарында шеттен басталып, тітіркенстерді ми орталықтарына өткізетін таза сезімтал (I, II, VIII), тітіркеністерді ми орталықтарынан шеткі бүлшық еттерге жеткізетін таза қозғалтқыш (III, IV, VI, XI, XII) және аралас жүйкелер (V, VII, IX, X) болады. Ми жүйкелері құрамында, олар жүйкелендіретін мүшелер тамырларының қызметін реттейтін симпатикалық жүйке талшықгары (алдыңғы симпатикалық жүйке ганглийінен келеді) болады. Ми жүйкелерінің 10 жүбы (X, XI жүптарынан басқалары) бас аумағы мүшелерін жүйкелендіреді.

Иіс жүйкелері (I жүп, сезімтал жүйкелер) — nn. olfactorii — мүрын қуысындағы иіс сезімі мүшесіндегі нейроциттер аксонда- рынан түзіліп, иіс баданасында ақталады.

Көру жүйкесі (II жүп, сезімтал жүйке) — n. opticus — көздің торлы қабығындағы ганглионды нейроциттердің аксондарынан түзілген. Аралық миға енеді.

Көзқимыл жүйкесі (III жүп, қозғалтқыш жүйке) — n. oculomoto- ricus —ортаңғы мидың үлкен ми аяқшасынан шығып, көздің тік және қиғаш бүлшық еттері мен қабақтың бүлшық еттерін жүйкелендіреді.

Шығырлық жүйке (IV жүп, қозғалтқыш жүйке) — n. trochlearis — ортаңғы мидың үлкен ми аяқшасы мен ми көпірі аралығынан басталып, көздің дорсальды қиғаш бүлшық етін жүйкелендіреді.

Үшкіл жүйке (V жүп, аралас жүйке) — n. trigeminus — дорсальды сезімтал және вентральды қозғалтқыш түбіршіктердің қосылуынан түзіледі. Ол өз кезегіңде үш: көздік, жоғарғы жақ және төменгі жақ жүйкелерге бөлінеді:

а)көздік жүйке (сезімтал жүйке) — n. ophtalmicus — көз шарасы, мандай, самай, жоғарғы қабақ аймақгарындағы теріні, мүрын куысы иіс сезімі аймағының кілегейлі қабығын жүйкелендіреді. Жүйке қүрамында көзжасы безіне арналған парасимпатикалық жүйке талшықтары болады;

ә)жоғарғы жақ жүйкесі (сезімтал жүйке) — n. maxillaris — төменгі қабақты, мүрын қуысының тыныс алу аймағы кілегейлі қабығын, жоғарғы жақты, тандайды,жорғарғы ерінді жүйкелендіреді;

б)төменгі жақ жүйкесінің (аралас жүйке) — n. mandibularis қоз- ғалтқыш жүйке талшықтары шайнау бүлшық еттерін, ал сезімтал жүйке талшықтары ауыз қуысының түбі, тіл, үрт кілегейлі қабық- тарын, төменгіжақгы, төменгі ерін, иек, самай, төбе аймақтарының терісін жүйкелендіреді.

Әкеткіш жүйке (VI жүп, қозғалтқыш жүйке) — n. abducens — сопақша мидан шығып, көздің латеральды тік және көз алмасының тартқыш бүлшық еттерін жүйкелендіреді.

Бет жүйкесі (ҮІІ жүп, аралас жүйке) — n. facialis — сопақша мидан шығып, қозғалтқыш жүйке талшықтары — бет бүлшык еттерін, сезімтал жүйке талшықтары тілдің үшы мен денесіндегі дәм сезімі емізікшелерін жүйкелендіреді. Жүйке қүрамында сілекей бездеріне арналған парасимпатикалықжүйке талшықтары болады.

Тепетендік-есту жүйкесі (VIII жүп, сезімтал жүйке) — n. vestibulo- cochlearis — ішкі қүлақтан басталатын екі: есту және тепетендік түбіршіктердің қосылуынан түзіледі. Сопақша ми ядросында аяқгалады.

Тіл-жүтқыншақ жүйкесі (IX жүп, аралас жүйке) — n. glossopha- ryngeu — сопақша мидан шығады. Оның қозғалтқыш жүйке тал- шықтары жүтқыншақтың бүлшық еттеріне, ал сезімтал жүйке талшықтары тіл түбірі кілегейлі қабығындағы дәм сезімі емізік- шелерін, тандай мен жүтқыншақтың кілегейлі қабықгарын, жүйке қүрамындағы парасимпатикалық жүйке талшықтары шыкдіыт және ауыз куысы қабырғалық сілекей бездерін жүйкелендіреді.

Кезеген жүйке (X жүп, аралас жүйке) — n. vagus — сопақша мидан шығады. Оның сомалық сезімтал және қозғалтқыш жүйке талшықтары жүтқыншақ пен көмекейді жүйкелендіруге қатысады. Ал вегетативті жүйке талшықтары жүтқыншақ пен көмекейден бастап, мойындағы, көкірек және қүрсақ қуыстарындағы ішкі мүшелердің етті қабықтары мен бездерін жүйкелендіреді.

Қосымша жүйке (XI жүгі, қозғалтқыш жүйке) — n. accessorius — сопақша мидан шығып, трапеция тәрізді, иық-бас, төс-бас бүлшық еттерін жүйкелендіреді.

Тіласты жүйкесі (XII жүп, қозғалтқыш жүйке) — n. hypoglossus — сопакща мидан шығып, тіласты сүйектің бүлшықеттерін жүйкелендіреді.

Ми жүйкелері бойынша бақылау сұрақгары:

  1. Ми жүйкелері қатарында қызметі жағынан кандай жүйкелер топтары ажыратылады?

  2. Қандай сезімтал ми жүикелерін білесіз? Олардыц қайдан басталып, мидың қай бөліктерінде аяқталатынын анықтаңыз.

  3. Қандай қозғалтқыш ми жүйкелерін білесіз? Олардың жүйкелендіру аумақтарын еске түсіріңіз.

  4. Аралас ми жүйкелерін еске түсіріп, олардың сезімтал және қозғалтқыш жүйке талшықтарының жүйкелендіру аумақтарын атаңыз.

  5. Тақырып мәтініндегі казақша-латынша терминдерді сездікке көшіріи алып, оларды жаттаңыз.

ВЕГЕТАТИВТІ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИМПАТИКАЛЫҚ БӨЛІМІ

Вегетативті жүйке жұйесі жануарлар организмінде ішкі мүшелер және тамырлар жүйелерінің қызметтерін реттейді. Бүл жүйенің жоғары вегетативтік орталықтары аралық, ортаңғы және сопақша ми бөлімдеріндегі қыртысасты ядроларында орналасады, яғни олар үлкен ми қыртысы орталықгарымен тікелей байланыста болмайды. Олардың байланысы аралық байланыстырғыш нейроциттердің дең- гейінде ғана жүреді. Вегетативті нейроциттердің көбі мүшелер қа- бырғаларында немесе олардың қабырғаларынан тыс жатқан жүйке ганлийлерінде (түйіндерінде) орналасады. Олардан шығатын жүйке өсінділерінің көбі сомалық жүйке талшықтарына қарағанда жіңішке миелинсіз жүйке талшықгарын түзеді және олар жүйке тітіркестерін баяу әткізеді (0,5 - 2 м/с). Вегетативті жүйке жүйесі симпатикалық бөлікке (pars sympatica) және парасимпатикалық бөлікке (pars parasympatica) бөлінеді. Вегетативті жүйке жүйесінің аталған бөлік- тері орталық жүйке жүйесінің белгілі бір бөліктерінде орналасқан. Вегативті жүйке жүйесі төмендегідей бөлімдерден түрады:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]