Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KIRISPE.doc
Скачиваний:
219
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
3.14 Mб
Скачать

XI тарау. Эндокринді бездер жүйесі

Іиікі секреция бездері немесе эндокринді (грек. endon — іш, ішке; krinos — шығару) бездер (эндокринные железы) биологиялық белсенді заттар — гормондарды (грек. һогшао — қоздырамын) организмнің ішкі сүйық ортасына (қан, лимфа, үлпа сүйығы) бөлу арқылы дене мүшелері мен жалпы органиЗіМдегі зат алмасу процесін, организм үлпалары мен мүшелерінің дамуы мен сомалық өсу және көбею қызметтерін реттеуге қатысатын қомақгы паренхималы мүшелер мен жекеленген торшалар жүйесі. Эндокринді бездердің шығару өзектері болмайды. Сондықган, олар гормондарын (инкреттерін) организмнің сүйықішкі ортасына бөледі. Осыған байланысты, ішкі секредия без- дері микроайналым арнасы кан тамырларымен жоғары деңгейде жаб- дықталған. Гормондар қан және лимфа тамырларындағы сүйық үлпа- лардың ағысымен организмнің барлық мүшелері мен үлпаларына таралып, жалпы денедегі немесе жеке мүшелердегі зат алмасу процес- терін реттеуге қатысады. Организм мүшелері мен мүшелер жүйелері қызметтерінің сүйық үлпалар арқылы реттелуін сүйықтық (гумораль- ды — грек. humor — сүйық) реттелуі — дейді. Эндокринді бездер организмнің әр түрлі жерлерінде орналасады. Бірақ, олар бір-бірімен тығыз байланыста үйлесімді қызмет атқарады. Сондықтан, ішкі секреция бездерін біртүтас эндокринді бездер жүйесіне жатқызады. Гуморальды реттелудің нәтижесінде организмдегі әр түрлі мүшелер жүйелерінің кьізметгері бір-бірімен үйлестіріліп, біртүтастық сипат алады. Осыған байланысты ішкі секреция бездерін, тамырлар және жүйке жүйелерімен бірге біріктіргіш немесе интеграциялық мүшелер жүйелері тобына жатқызады.

Жануарлар организміндегі барлық мүшелер мен мүшелер жүйелері қызметтерінің өзара үйлесімді реттелуі гуморальды реттелу мен оны өз кезегінде басқарып, бақылап отыратын жүйкелік (нерв- тік) реттелудің тығыз қызметтік байланысы нәтижесінде іс жүзіне асады. Сондықтан, мүшелер жүйелері қызметтерінің жүйкелік және гуморальды реттелулерінің тығыз байланыста іс жүзіне асуын ией- рогуморальды реттелу, ал тығыз қызметтік байланыстағы осы екеуінің біртүтас ясүйесін нейроэидокринді жүйе — деп атайды.

Эндокринді бездер жүйесі гормондары арқылы организмнің ішкі ортасының түрақтылығын (гомеостаз) және оның сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етеді.

Эндокринді бездер паренхималы мүшелер ретінде дәнекер үлпа- лық стромадан және безді паренхимадан түрады. Строма арқылы без паренхимасына керекті қоректік заттарды әкеліп, гормондарын алып кететін микроайналым арна тамырларының жиі торы өтеді. Тамырлармен ағып өтетін қанның массасы без паренхимасы мас- сасынан бірнеше есе артық болады. Демек, бүндай арақатынас эндокринді бездер қызметінің белсенділігін көрсетеді. Эндокринді бездердің паренхимасы эпителий немесе жүйке үлпасынан

қүралған. Безді эпителиоциттер гормондарын қан капиллярларына шығаруға ыңғайлы түрлі қүрылымдар (көпіршіктер, бағандар, баулар) түзеді. Бұлардың қызметтерін сыртқы не ішкі тітіркеністерге сәйкес гипоталамус нейроциттері бөлетін нейрогормондар гумо- ральды түрде реттейді. Нейрогормондар нейроциттер аксонда- рының соңғы үштарындағы терминалдары мен қан капиллярлары қабырғалары аралықтарындағы аксовазальды синапс арқылы қанға өтіп, қан арқылы эндокринді бездер эпителиоциттеріне барады да, олардың қызметтерін реттейді. Нейрогормондар бөлетін нейро- секреторлы нейроциттер жүйке жүйесі мен эндокринді бездерді байланыстырып, аралық қызмет атқарады.

Химиялық қүрамына байланысты гормондардың көпшілігі белоктарға. атап айтқанда пептидтерге, олигопептидтерге, глико- иептидтерге және амин қышқылдары туындыларына, қалғандары стероидтарға (жыныс гормондары, бүйрекүсті без қыртысы гормондары холестерин туындылары) жатады.

Эндокринді бездерге гән морфологиялық белгілер: 1) эндокринді бездер тек инкреттер (гормондар) бөлетін соңғы бөлімдерден түрады, 2) олардың шығару өзектері болмайды, 3) олар гормондарын дененің ішкі сүйық ортасына бөледі. Сондықтан, ішкі секреция бездері қан және лимфа тамырларына өте бай келеді, безді бөлімдерінің қабырғалары тамырлар қабырғалары эндотелийімен тығыз жанасып жатады.

Қызметіне байланысты эндокринді бездер: 1) таза ішкі секреция бездері (гипоталамус, гипофиз, эпифиз, қалқанша без, қалқаншамаңы безі, бүйрекүсті безі) және 2) қосарлы қызмет атқаратын бездер (айырша без — тимус, үйқы безі, ен, жүмыртқалық, бүйрек, үрық- жолдас — плацента) болып екі топкд бөлінеді. Ал өзара қызметтік байланыстарына байланысты эндокринді бездерді орталықжәне шеткі екі бөлімге бөледі. Орталықбөлімге: гипоталамустың нейросекреторлы ядролары, гипофиз және эпифиз, ал шеткі белімге: қалқанша без, қалқаншамаңы безі және бүйрекүсті безі жатады. Орталык ішкі секреция бездері өздерінің гормондарымен шеткі эндокринді бездердің қызметтерін реттеуге қатысады.

Кейбір мүшелерде гормон түзуші жеке торшалар да кездеседі.

Даму тегіне байланысты эндокринді бездер: эпителиальдық, жүйкелік және жүйкеглиальдық болып үш топқа бөлінеді.

Эпигелиальдықбездерге: аденогипофиз, калқанша, қалқаншамаңы бездері, бүйрекүсті безінің қыртысты заты, үйқы безі аралшықтары, тимус; жүйкелік бездерге: бүйрекүсті безінің бозғылт заты, пара- ганглийлер; жүйкеглиальдықбездерге: нейрогипофиз, эпифиз жатады.

ГИПОТАЛАМУС

Гипоталамус (hypotalamus) жануарлар организмдеріндегі эндо- криндік қызметті реттейтін эндокринді бездер жүйесінің жоғарғы

да, негізгі орталық мүшесі. Ол ми орталығы ретінде, вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлік- рінің жүйкелік және эндокриндік реттеулерін біріктірігі, нейроэн- докринді жүйеге айналдырады. Гипоталамус аралық мидың төмпек- асты аумағын, үшінші ми қарыншасының төменгі қабырғасы мен түбін қүрайды. Гипоталамусты басқа эндокринді бездер қызмет- терін реттеуге қажет нейрогормондар бөлетін көпөсінділі жүйке торшалары — мультиполярлы нейроциттер қүрайды. Аталған нейроциттер гипоталамуста сүр заттық орталықтарды (ядролар) жасайды. Гипоталамустың сүр заттық орталықтары алдыңғы, ортаң- ғы және артқы бөлімдерге бөлінеді. Аталған ядролар нейроциттері биологиялық түрғыдан тым белсенді және жүйке жүйесі медиатор- ларымен салыстырғанда, алыстан жөне ұзақ уақыт әсер етуге бейімделген нейрогормондар бөледі.

Гипоталамустың алдыңғы бөлімі ірі нейросекреторлы мультипо- лярлы нейроциттерден қүралған жүп супраоптикалық және пара- вентрикулалық ядролардан түрады. Нейроциттер эндоплазмалық торында белокты (нонапептидтер) нейрогормондар түзіледі. Оларға вазопрессин және окситоцин жатады.

Вазопрессин (антидиуретикалық) гормоны супраоптикалық ядро нейроциттерінде түзіледі. Ол қан тамырларының арнасын тарыл- тып, қанның қысымын арттырады, бүйрек нефрондары қабырға- лары арқылы алғашқы несеп қүрамындағы судың кері сорылуына ықпалын тигізіп, зәрдің бөліну мөлшерін азайтады, организмдегі судың алмасуын реттейді.

Окситоцин жатырдың етті қабығының (миометрийдің) жиы- рылуына және желіннен сүттің бөлінуіне әсер етеді. Бүл гормон төлдің тууы кезінде жатыр қабырғасының ырғақты да қатты жиырылуын қамтамасыз етеді.

Окситоцин мен вазопрессин гормондарының қызметі парасим- патикалық жүйке жүйесінің қызметіне сәйкес келеді, яғни бүлар мүшелердің бірыңғай салалы ет үлпасы қабықтарьіна әсер етеді. Сондықтан, гипоталамустың алдыңғы ядролары нейроциттерін холинергиялық нейроциттерге жатқызады. Вазопрессин мен окситоцин гормондары нейросекреторлы нейроциттер аксондары бойымен жылжи ағып, медиальды дөңес пен гипофиз аяқшасы арқылы гипофиздің артқы нейрогипофизіне өтіп, қан капил- лярлары қабырғасымен жанаса орналасқан үсақ соңғы денешіктер (Херринг денешігі) түрінде аяқталады. Гормондар кейіннен организмге керекті мелшерде соңғы денешіктерден қанға өтеді.

Гипоталамустың ортаңғы және артқы бөлімдеріндегі ішкі- негіздік (медиобазальдық) және төмпектік (туберальды) ядролары, қызметі симпатикалық жүйке жүйесіне сәйкес келетін ұсак мультиполярлы нейроциттерден қүралған. Сондықтан, бүл ядро- ларды адренергиялық нейроциттерге жатқызады. Аталған нейро- циттер гипофиздің безді бөлігі аденогипофиздің гормондар түзу

процесін реттеп отыратын, қарапайым молекулалы олигопептидті аденогипофизотропты гормондар бөледі. Бұлар өз кезегінде алено- гипофиздің гормондар бөлу қызметін күшейтетін либеривдерге және керісінше, аталған қызметті баяулататын статиндерге бөлінеді. Гипоталамустың гормондар бөлу қызметін мидың жоғары бөлімдері бөлетін нейроаминдер (дофамин, норадреналин, серотонин, аце- тилхолин) мен гормондар (эндорфиндер, энкефалиндер) реттеп отырады.

ГИПОФИЗ

Гипофиз (hypophysis) жануарлар организміндегі көптеген эндо- кринді бездер қызметтерін реттеуге қажет гормондар бөлетін ішкі секреция бездер жүйесінің орталық мүшесі. Ол аралық мидың құра- мына кіріп, гипоталамуспен жалғасып жатады. Гипофиз безді гипо- физден немесе аденогипофизден және нейрогипофизден құралған. Аденогипофиздің езі алдыңғы, аралық және төмпектік (туберальды) бөліктерден тұрады.

Аденогипофиз біріншілік ауыз қуысы төбесі шұңқырын, яғни гипофиз қалтасын астарлайтын эктодермалық эпителийден, ал нейрогипофиз ми қалтасынан дамып жетілетін жүйкелік глиядан дамиды. Гипофиз бассүйек сынаша сүйегінің түрік ершігі шұңқырында орналасып, жүйке жүйесі мен эндокринді бездер жүйесінің қызметтік байланысын қамтамасыз етеді.

Аденогипофиздің алдыңғы бөлігінің паренхимасы эпителий торшалары (аденоциттер, эндокриноциттер) қүрайтын бағандар тармақтарынан түзілген. Аденоциттер бағандары қойнауша қан капиллярлары қабырғаларына тығыз жанасып жатады. Тым жүқа дәнекер үлпалық без стромасы нашар жетілген. Сондықган, адено- циттер бағандары тармақгарын бір-бірінен қойнауша кдн капиллярлары ғана ажыратып түрады. Торшалар бағавдарын үш түрлі аденоцитгер қүрайды. Бағандардың шеткі жағындағы эпигелий торшалары цитоплазмасында түрлі бояулармен боялатын дәншелері болады. Оларды хромофилді аденоциттер — деп атайды. Ал бағандардың орта шеніндегі эндокриноциттер тым солғын боялады. Оларды хромофобты аденоциттер — дейді. Цитоплазмасындағы дәншелері қышқылдық бояулармен қызыл түске боялатын хромофилді эндокриноциттерді ацвдофилді аденоциттер, ал негіздік бояулармен кекшіл түске боялатын хромофилді торшаларды базофилді аденоцитгер — деп атайды.

Мөлшері кішірек келген, содғын боялған хромофобты аденоциггтер алдыңғы бөліктің барлық эндокриноциттерінің шамамен 60% -ын құрайды. Олар жас камбиальды торшалар. Хромофобты аденоциттерден ацидофилді және базофилді аденоциттер өсіп жетіледі.

Ацидофилді аденоциттердің үлесіне. Эндокриноциттерінің 30- 35% -ы тиеді. Бүлардың цитоплазмасында қызыл түске боялған

дөншелер болады. Пішіні дөңгелек не сопақ келген ацидофилді торшалардың мөлшері хромофобты аденоциттерден үлкендеу, ал базофилді торшалардан сәл кішірек келеді. Олардың дөңгелек ядролары торшаның орталығында орналасадьі. Цитоплазмасында эндоплазмалық тор жақсы жетілген. Гольдж кешені ядроға жақын жатады. Митохондриялары ірі болып келеді, бірақ сан жағынан тым аз. Ацидофилді аденоциттер дәншелерінің мөлшері мен гор- мондар бөлу сипатына қарай үш түрге бөлінеді. Олар: соматотро- поциттер, лактотропоциттер, кортикотропоциттер. Соматотро- поциттер цитоплазмасындағы дәншелердің мөлшері 350-400 нм. Соматотропоциттер өсу гормонын (соматроптық гормон — СТГ) бөледі. Бүл гормон жануарлар организмі үлпаларының өсіп же- тілуін, жалпы организмнің өсуін қамтамасыз етеді. Лактотропо- циттер дәншелерінің мөлшері 500-600 нм. Пролактин (лакто- троптық гормон — ЛТГ) жүмыртқалықтағы сары дененің белсен- ділігі мен сүттену процесін реттеуге қатысады. Пішіні бүрышты келген кортикотропоциттердің тығыз езекті дәншелері сыртынан көпіршікше жарғақгіен қапталған. Олар бүйрекүсті қыртысты заты- ның гормон бөлу қызметінің белсенділігін арттыратын адрено- кортикогроптык гормон (АКТГ) бөледі.

Базофилді аденоцитгердің үлес саны 5-10% -ға тең. Гипофиздің алдыңғы бөлігі торшаларының ішіндегі ең ірі эндокриноциттері. Базофилді аденоциттер гонадотропоциттер және тиретропоциттер болып екі топқа белінеді.

Гонадотропоциттер гликопротеидті көкшіл дәншелерінің мөлшері 200-300 нм. Гонадотропоцит цитоплазмасының орталығында орна- ласкдн кең куысты Гольдж кешені ядро және басқа органеллаларды торшаның шетіне ығыстырып шығарып тұрады. Гонадотропоциттер фолликулды жандандырғыш (ФЖГ) және лютеиндеуші (ЛГ) гормондар бөледі. ФЖГ жыныс бездеріндегі (ен, жұмыртқалық) аталық және аналық жыныс торшаларының дамуын, аналықжыныс мүшелеріндегі секрет бөлуді ретгейді. ЛГ жүмырткалы қгағы сары дененің өсіп жетілуін және ендегі паренхимааралық (интерстициялык) эндокриноциттердің дамуын реттейді.

Тиретропоциттер пішіііі бүрышты келген базофилді аденоциттер. Олардың дәншелерінің мөлшері 80-150 нм. Тиретропоциттер қалкднша бездің қызметін күшейтетін тиретроптық гормон (ТТГ) бөледі.

Аденогипофиздің аралық және төмпектік бөліктерінің қүрылысы үқсас. Цитоплазмасы солғын базофилді боялған көпбүрышты адено циттер (меланотропоцитер) гликопротеидті дәншелерінің мөлшері 200-300 нм. Аралық бөлікті бірнеше қатарда орналаскдн меланотро- поциттер қүрайды. Олар организмдегі пигменттік алмасуды реттейтін меланотроптық гормон (МТГ) және майдың алмасуына ықпал жасайтын липотроптық гормон (ЛТГ) бөледі.

Аденогипофиздің қызметін гипоталамустың ортаңғы және артқы бөлімі ядролары нейроциттерінің нейрогормондары реттейді. Сондықтан, бүлар тығыз кызметтік байланыста болып, гипоталамо- аденогипофиздік жүйені қүрайды.

Гипофиздің артқы бөлігі нейрогипофиз — деп аталады. Нейрогипофиз эпендимоцитгерден жетілген жүйкелік глия торшалары питуицитерден қүралған. Олар өсінділі, не үршық төрізді торшалар. Питуициттердің өсінділері қан капиллярлары қабырғаларымен тығыз жанасып жатады. Гипоталамустың алдыңғы супраоптикалық және паравентрикулалықядролары нейроцитгерінің аксондарынан түзілген жүйке талшықгары нейрогипофизге еніп, қан капиллярлары қабыр- ғаларымен тығыз жанасып жататын соңғы жүйке үштарымен (терми- налдармен) аяқгалады. Оларды жинақгағыш денешіктер (Херринг денешіктері) — дейді. Гипоталамус нейроциттерінде түзілген вазопрессин және окситоцин гормондары үсақ тамшылар түрінде жүйке талшықгары бойымен жылжи ағып, соңғы жинақтағыш дене- шіктерде жиналып, керекті мөлшерде қанға өтіп отырады. Нейроги- пофиз бен гипоталамустың алдыңғы бөлімі гипоталамо-нейро- гипофиздік жүйені құрайды.

Гипофиздің орташа салмағы жылқыда 2,5 г; сиырда 3,8 г; қойда 0,5 г; ешкіде 0,5-1,0 г; шошқада 0,3-0,5 г; итте 0,1-0,3 г.

ЭПИФИЗ

Эпифиз (epiphysis) үлкен ми сыңарлары мен мишықтың аралы- ғында, аралық ми төбесінің артқы жағында орналасып, аралық

мидың эпиталамус құрамына кіретін, пішіні шырша бүрі тәрізді тақ без. Ол оң және сол көру төмпектері мен төрттөмпек ара- лығындағы сайға жүгеншік арқылы жалғасып, көру төмпектерімен оңжәне сол аяқшалары арқылы байланысады. Эпифиз үшінші ми қарыншасының артқы қабырғасынан дамып жетіледі. Оның паренхимасы эмбриондықкезенде эктодермалық жүйкелік глиядан, стромасы мезенхимадан дамиды. Қүрылысы жағынан эпифиз паренхималы мүше.

Эпифиз сыртынан жүмсақ ми қабығымен және оның астындағы дөнекер үлпалық қапшықпен қапталған. Кдпшықтан дәнекер үлпа- лық перделіктер бездің ішіне қарай тарала еніп, оның парен- химасын бөлікшелерге бөледі. Борпылдақ дәнекер үлпасынан қү- ралған қапшықпен перделіктер эпифиз стромасын түзеді. Строіма арқылы қан және лимфа тамырлары өтеді. Бөлікшелер парен- химасы инкреттер бөлетін торшалар пинеалоциттер және глиоциттер құрайды. Олардың аралықтарында жекеленген лимфоцттер, шырлы торшалар және пигментоциттер кездеседі.

Пинеалоциттер эпифиз бөлікшелерінің орта бөлігінде орна- ласқан, үзын өсінділі, қатпарлы ядролы торшалар. Органеллалары жақсы жетілген. Олардың есінділері бөлікшелер шетіндегі дәнекер үлпалық перделіктерге қарай созылып, қан капиллярлары қабырға- ларына жанасып жатады. Пинеалоциттердің екі түрі ажыратылады. Ақшыл негізгі пинеалоциттердің цитоплазмасы біркелкі боялған. Ал кішілеу күңгірт түсті пинеалоциттердің цитоплазмасында қызыл

және көкшіл түске боялған дөншелер болады. Пинеалоциттер қан тамырларының қабырғасын тарылтып, қанның қысымын артты- рагын және ішек кабырғасының перистальтикалық қозғалысын күшейтетін серотонин гормонын бөледі. Одан мелатонин (қараң- ғыда көп мөлшерде) түзіледі. Мелатонин аденогипофиздің мелано- троптық және гонодотроптық гормондарына қарсы әсер ететін антогонист гормон. Ол жыныс бездершің қызметін тежейді. Бүлар- дан басқа эпифиз қанның қысымын, су-түздың алмасуын, тамыр- лар кабырғаларының өткізгіштігін, дене қызуын реттейтін және қандағы калийдің деңгейін кетеретін көптеген гормондар бөледі.

Глиоциттер белікшелердің шеткі жағында орналасқан, үзынша ядролы, цитоплазмасы базофилді боялған өсінділі торшалар. Бүлар пинеалоциттер үшін тіректік, трофикалық (қоректендіру), шекара- лық (оқшаулау) қызметтерін атқарады.

Эпифиздің орташа салмағы жылқьща — 1300-4000 мг, сиырда — 70- 150 мг, қой мен ешкіде — 40-100 мг, шошкада — 100-200 мг, итте — 60-100 мг.

ҚАЛКДНША БЕЗ

Қалқанша без (glandula thyroidea) кемекейден кеңірдектің басталар (2-4 -інші шеміршек саклналары) түсының сыртқы екі қапталы мен төменгі бетінде орналасқан, қоңыр-қызыл түсті без. Ол пішіні мен кәлемі өр түрлі жануарларда түрліше келген оң және сол бөліктен, оларды езара байланыстыратын мойыншықтан түра- ды. Қалқанша без I және II желбезек қалташалары аймағында да- мып жетіледі. Қалқанша бездің паренхимасы эмбриондық кезенде жүтқыншақтың төменгі қабырғасындағы энтодермалық эпите-

лийден, фолликулдармаңы торшаларының нейробласттарынан, без стромасы — мезенхимадан дамиды.

Қалқанша без сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қап- талған. Қапшықтан дәнекер ұлпалық перделіктер без паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелерді диаметрі әр түрлі (0,02- 0,9 мм), пішіні дөңгелек немесе сопақша келген куысты көпіршіктер фол- ликулдар қүрайды. Қалқанша без паренхимасының күрылымдық- қызметтік бірлігі фолликулдар немесе аденомерлер. Без парен- химасының қүрамына аденомерлерден басқа, олардың аралық- тарындағы дәнекер үлпалық аралықтарда орналасқан эпите- лиоциттер аралшықтары және фолликулдармаңы торшалары — кальцитониноциттер (К-торшалар) кіреді. Стромасын бездің дәнекер үлпалық қапшығы мен бөлікшелераралықжәне бөлікшелер ішіндегі аденомерлераралық борпылдақ дәнекер үлпасы түзеді. Строма арқылы қан және лимфа тамырларымен жүйкелер өтеді. Дәнекер үлпалық аралықтарда жекеленген лимфоциттер, плазмо- циттер, шырлы торшалар (үлпа базофилі) кездеседі. Фолликул- дардың қабырғасы мен аралшық эпителийді фолликулалы эндо- криноциттер немесе тироциттер қүрайды. Аденомерлердің қабыр ғаларындағы тироциттер қалыпты жағдайда бірқабатты текше (куб) тәрізді эндокриноциттерден түрады. Олардың сыртқы беті негіздік жарғақпен жанасады. Тироциттердің дөңгелек келген ядролары тор- шалар ортасында орналасады. Фолликулдар қуысын қоймалжың зат интрафолликулалық коллоид толтырып түрады. Тироциттер қүрамында йод элементі болатын тироксин және үшйодтиронин гормондарын бөледі. Бүлар организмдегі зат алмасудың барлық тұріне ықпалын тигізетін тотығу процесін реттейді. Аталған гормон- дардың қалыптан тыс көп белінуі базед ауруының, ал, керісінше, аз мөлшерде бөлінуі миксидема және кретинизм ауруларының өрбуіне әкеліп соқтырады. Өз кезегінде тироциттердің гормон түзу қызметіне аденогипофиздің тиротроптық гормоны әсер етеді. Қалқанша бездің қызметі төмендегенде фоликулдардың диаметрі өсіп, көлемі үлғайып, тироциттердің пішіні жалпақтанады. Ал қызметі қалыпты жағдайдан күшейсе, онда, керісінше, аденомер- лердің көлемі кішірейіп, тироциттер призма тәрізді эндокри- ноциттерге айналады.

Кальцитониноциттер (К - торшалар) фолликулдар қабырғасында тироциттер араларында немесе фолликулдардың аралықтарында орналасады. Олар тироциттерге қарағанда ақшьш боялады. Азотты қышқыл күміспен өңдегенде, керісінше, күңгірт тартады. К — торшалар күрамында йод болмайтын, қандағы кальцийдің сүйекке өтуіне әсер етіп, оның қандағы деңгейін төмендететін кальцитонин гормонын бөледі. Екінші гормоны соматостатин дене өсуінің тұрақтылығын реттейді. К торшаларға гипофиз гормоны әсер етпейді.

Ерекшеліктері. Жылқыда без бөліктерінің беті тегіс, үзындығы 4 см. салмағы 20-25 г, без мойыншығы нашар жетілген.

Сиырда бездің сыртқы беті бүдырлы келеді, үзындығы 7 см, салмағы 30-40 г, жіңішке без мойыншығы болады.

Қой мен ешкіде бездің үзындығы 3-4 см, салмағы 6-7 г, без мойыншығы жетілмеген.

Итте бездің үзындығы 2-5 см, салмағы 1-25 г, без мойыншығы нашар жетілген.

Орналасу орындарына байланысты ішкі және сыртқы қалқан- шамаңы бездері болады. Сыртқы қалқаншамаңы безі қалқанша бездің сыртқы алдыңғы жағында, ұйқы артериясының екіге ажы- райтын тұсында орналасады. Ол үшінші желбезек қалташасы энто- дермасынан дамиды. Ішкі қалқаншамаңы безі қалқанша бездің ішінде жатады. Ол төртінші желбезек қалташасы энтодермасынан жетіледі. Без стромасы мезенхимадан дамиды.

Қалқаншамаңы безінің стромасын, оның сыртындағы дөнекер ұлпалық қапшығы мен паренхима ішіне қарай таралған дәнекер үлпалық аралықтар түзеді. Ал без паренхимасын пішіні әр түрлі торшалар бағандары тармақтарын күрайтын эпителий торшалары — паратироциттер жасайды. Паратироциттер бағандары тармақгарының араларында қан және лимфа тамырлары мен жүйкелер таралатын тым жүқа дәнекер үлпалық аралықтар жатады. Торшалар баған- дарында паратироциттердің екі түрі ажыратылады. Олар: базофилді (негізгі) және ацидофилді паратироциттер. Цитоплазма дәншелері (мөлшері 150-200 нм) көкшіл түске боялған негізгі паратироциттерде белок синтезіне кдтысатын барлық органеллалар (гранулалы эндо- плазмалық тор, полисома, Гольдж кешені) жақсы жетілген. Базофилді паратироциттер кальцийдің сүйектен қанға өтуін қамтамасыз ететін паратирин гормонын (паратгормонды) бөледі. Бүл гормон каль- цитонин гормонының антогонисті, яғни аталған бүл екі гормон организмдегі кальций алмасуын реттейді. Адидофилді паратироциттер ескіріп, қызметін тоқтата бастаған торшалар.

Ерекшеліктері. Жылқыда қалқаншамаңы бездері қалқанша безден бөлек орналасады. Сыртқы бездің ұзындығы 1,0-1,5 см, ішкі без 0,5-1,0 см, салмағы 290-310 мг.

Сиыр мен ұсақ малдарда сыртқы қалқаншамаңы безі қалқанша безден бөлек орналасады. Оның ұзындығы сиырда 0,8-1,2 см, салмағы 300 мг. Қой безінің ұзындығы 0,8 см, салмағы 200 мг.

Шошқада тек ішкі қалқаншамаңы безі болады. Оньщ салмағы 100 мг -дай.

Иттің сыртқы безінің ұзындығы 0,2-0,4 см, ішкі безі 0,7 см, салмағы 50-120 мг.

БҮЙРЕКҮСТІ БЕЗІ

Бүйрекүсті безі (glandula suprarenales) шығу тегі мен қүрылысы және қызметі әр түрлі қыртысты және бозғылт заттардан күралған, пішіні бүйрекке үқсаған, сопақша келген қоңыр-қызғылт түсті жүп без. Бүйрекүсті безі бүйректің медиальды бетінде орналасады. Без паренхимасы бір-бірінен анық ажырап көрінетін сыртқы қыртысты және ішкі бозғылт заттардан күралған. Эмбриондық кезенде бүйрекүсті безінің қыртысты заты шажыркдй түбірінің екі қапталындағы қуыстық (целомалык) мезодермадан, ал бозғылт заты симпатикалық ганглий- лермен бірге жүйке тарақшаларынан дамып жетіледі.

Бүйрекүсті безі сыртынан тығыз дәнекер үлпалық қапшықпен қапталған. Оның ішкі беті борпылдақ дәнекер үлпасынан түрады. Қапшықтан без паренхимасының ішіне қарай қан және лимфа та- мырларымен бірге тым жүқа дәнекер үлпалық аралықтар өтеді. Қапшық астында майда эпителиоциттер қабаты болады. Бүлар қыр- тысты заттың эндокриноциттері жетілетін камбиальды торшалар. Бүйрекүсті без қапшығының астында, бездің сыртқы жағында қыртысты зат, ал орталығында бозғылт зат орналасады.

Қыртысты затты безді эпителиоциттер (эндокриноциттер) құрайды. Олар бір-бірінен жұқа дәнекер ұлпалық аралықтар мен олардағы қан капиллярлары арқылы ажырайтын эндокриноциттер бағандарын түзеді. Қыртысты зат өз кезегінде бір-бірінен анық ажырайтын ұш аймақтан құралған. Олар: сыртқы шумақты (доғалы) аймақ, аралық шоғырлы аймақ және ішкі торлы аймақ.

Шумақгы аймақгы жіңішке келген призма тәрізді эндокриноцит- терден түзілген торшалар бағандары қүрайды. Бағандар аралығында жүқа дәнекер ұлпалық аралықгар мен қан капиллярлары болады. Эндокриноциттерде барлық органеллалар бар. Әсіресе, агранулалы эвдоплазмалықтор жақсы жетілген. Эндокриноциттер су-тұз алмасуын реттейтін минералокортикоидты (альдостерон, дезоксикортикостерон) гормондар бөледі. Бұлар стероидты гормондарға жатады. Шумақгы аймақгың қызметіне аденогиофиз гормондары әсер етпейді. Шумақгы және шоғырлы аймақтар аралығында майда жетілмеген жас эпителиоцитер қабаты болады. Бұлардан шоғырлы және торлы аймақгардың эндокриноциттері дамып жетіледі.

Шоғырлы аймақгы пішіні текше немесе призма тәрізді негізінен ақшыл боялған эндокриноциттер бағандары құрайды. Бір-бірімен параллелді орналасқан бағандар аралықгарын дәнекер ұлпасындағы қан капиллярлары бөліп тұрады. Ақшыл эндокриноциттер цитоплаз- масында көптеген май тамшылары болады. Олардың аралықтарында кейде күңгірт боялған торшалар да кездеседі. Бұлардың цитоплаз- масында май тамшылары аз, рибонуклеопротеидтер көп болады. Күңгірт эндокриноциттерде кортикостероидты гормондарды түзуге қажет ферменттер синтезделеді. Торша цитоплазмасында стероидты гормондар жиналған соң, күңгірт торшалар ақшыл эндокриноцитгерге айналады. Эндокриноциттердің қан капиллярлары қабырғасымен жанасатын бетінде микробүрлер болады. Шоғырлы аймакта көмірсу, май, белок алмасуларын (метаболизмін) реттейтін глюкокортикоидты гормондар (кортикостерон, кортизон, гидрокортизон кортизол) түзіледі. Аталған гормондар белоктан глюкозаның түзілуін күшейтіп, оның бауырда, жүрек миокардында қор ретінде жиналуын кдмтамасыз етумен кдтар, кдбыну процесі мен аллергиялықреакцияларды тежейді.

Торлы аймақга эндокриноциттер бағандары бір-бірмен қосылып ажырап, торшалар бағандары торын жасайды. Бағандарды пішіні дөңгелек немесе текше тәрізді не бүрышты эндокриноциттер қүрай- ды. Ақшыл торшалардың саны азайып, күңгірт торшалар көбейеді. Эндокриноциттер андрогенстероидты гормон бөледі. Бүл гормон- ның табиғаты еннің тестостерон гормонына жақын.

Бозғылт зат қыртысты заттан жұқа дәнекер үлпалық аралық ар- қылы бөлінген. Бозғылт затты топтасып орналасқан дөңгелек пішінді ірі эндокриноциттер (хромаффинді торшалар) құрайды. Олардың аралықтарымен қойнауша (синусоидты) қан капиллярлары өтеді. Хромаффинді торшалар боялу сипатына байланысты ақшыл боялған эпинефроциттер және күңгірт түске боялған норэпинефроциттер

болып бөлінеді. Эпинефроциттер адреналин, норэпинефроциттер

норадреналин гормондарын бөледі. Адреналин жүректің соғуын жиілетеді, қан тамырларының қабырғалары етті қабықтарының жиырылуын күшейтіп, қанның қысымын арттырады, ішектер қабырғаларының перистальтикалықжиырылуын баяулатады, бауыр мен бұлшық еттерде қорланған гликогендерді глюкозаға ыдыратады. Норадреналин қан тамырларының арналарын тарылтып, қанның қысымын арттырумен қатар, гипоталамустың нейросекреторлы қыз- метіне өсер етеді. Бүйрекүсті безінің қыртысты заты мезодермадан, ал бозғылт заты эктодермадан дамып жетіледі.

Ерекшеліктер. Жылқы бүйрекүсті безінің салмағы 20- 44 г, сиырда — 25-35 г, қойда — 2,6 г, ешкіде — 1,7 г, шошкэда — 6,5 г.

Эндокринді бездер бойынша бақылау сұрақтары:

  1. Эндокринді бездерге тән морфологиялық белгілерді еске түсіріңіз.

  2. Қызметіне байланысты эндокринді бездер қандай топтарға бөлінеді?

  3. Орталық ішкі секреция бездеріне қандай бездерді жатқызады?

  4. Шеткі эндокринді бездерге қандай бездер жатады?

  5. Гипоталамустың дамуы, орналасу орны (топографиясы), құрылысы.

  6. Гипофиздің дамуы, орналасу орны, қүрылысы.

  7. Эпифиздің дамуы, орналасу орны, күрылысы.

  8. Қалкднша бездің дамуы, орпаласу орны, кұрылысы.

  9. Қалқаншамаңы безінің дамуы, топографиясы, қүрылысы.

  10. Бүйрекүсті безінің дамуы, топографиясы, қүрылысы.

  11. Такырыгі мәтініндегі қазақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алып, оларды жаттаңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]