Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KIRISPE.doc
Скачиваний:
219
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
3.14 Mб
Скачать

XIV тарау. Сезім мүшелері

Сезім мүшелері морфологиялық күрылымдылығы жағынан жуйке жүйесінің құрамына кіреді. Сезім мүшелері талдағыштардың шеткі қабылдағыш бөлімдері. Талдағыштар (анализаторлар) — сыртқы қабылдағыш бөлімдерден басталып, ми орталықтарында аяқгалатын күрделі жүйке механизмі. Талдағыштар үш бөлімнен түрады:

1.Рецепторлар (receptores) — тітіркенгіштерді қабылдайтын жүйке жүйесінің шеткі сезімтал үштары;

2.Өткізгіш жолдар — түзілген тітіркеністерді рецепторлардан ми орталықтарына жеткізетін жүйке талшықтары (ми, жүлын жүйкелері, жүлынның және мидың ақ заттары);

3.Ми орталықгары (мидың сезімтал кяртысты және қыртысасты орталықтары).

Рецепторлар организмдегі орналасу орындары мен қабылдайтын тітіркендіргіш түрлеріне байланысты: ішкірецепторлар (интеро- рецегіторлар), аралықрецепторлар (проприорецегіторлар) және сыртідырецепторлар (экстерорецепторлар) болып үшке бөлінеді.

Ингерорецепторлар тітіркеністерді организмнің ішкі мүшелерінен, қан және лимфа тамырларынан, әр түрлі үлпалардан кдбылдап, көбіне орталық жүйке жүйесінің қыртысасты орталықі'арына жеткізеді.

Проприорецепторлар сүйектердегі, бүлшық еттердегі, буындардғы тітіркеністерді қабылдайды.

Экстерорецепторлар сыртқы ортадан келетін тітіркеністерді қабылдайды. Бүл рецепторлардың қүрылысы күрделі болып келгендіктен, оларды сезім мүіпелсрі (organa sensum) деп атайды. Сезім мүшелері: бірінші сезімтал немесе нейросенсорлы және екіншісезімтал немесе эпителиосенсорлы сезім мүшелері болып екі топқа бөлінеді.

Біріншісезімтал сезім мүшелеріңце тітіркеністерді тікелей жүйке жүйесінің күрылымдары кдбылдайды. Ал екіншісезімтал сезім мұше- лерівде тітіркеністерді алдымен сезгіш эпителиоциттер кдбылдап, жүйке толквінынан сезімтал нейроциттерге өткізеді. Экстерорецепторларға көру, есту және иіс, дәм, тері сезімі мүшелері жатады.

КӨРУ МҮШЕСІ

Көру мүшесі немесе көз (орган зрения) көру талдағышының шеткі қабылдағыш бөлімі. Талдағыштың өткізгіш жолы қызметін көру жүйкесі атқарады. Орталықтары аралық және ортаңғы мида, ал қыртысты орталығы үлкен ми қыртысының шүйде бөлігінде болады. Көру мүшесі көз шарасында (аңғалақ) орналасқан, бірінші- сезімтал (нейросенсорлы) сезім мүшесі. Көз көз алмасынан, қорғаныс және көмекші құрылымдардан түрады.

Көз алмасын (bulbus oculi) көз алмасының қабықтары мен оыын ішіндегі сәулесындырғыш мөлдір орта қүрайды. Қызметіне байланысты көз алмасыныи күрылымдарын үш болімге бөледі:

1)жарықсындырғыш (диоптрий) мөлдір ортаға қасаң қабық, ал- дыңғы және артқы камералар сүйығы, кәз бүршағы, шыны тәрізді дене;

2)бейімделу (аккомодациялық) аппаратына: нүрлы қабық, кірпікті дене; 3)рецепторлы аппаратқа торлы қабық жатады.

Көз алмасының қабырғасы: сыртқы талшықгы қабықган (tu­nica fibrosa bulbi), ортаңғы тамырлы кдбыктан (tunics vasculosa bulbi) және ішкі торлы қабыктан (retina) түрады. Талшықты қабықкөздің алдыңғы жағындағы мөлдір қасаң қабықтан (cornea) және ақ қабықтан (sclera) қүралған. Тамырлы қабық үш боліктен түрады. Олар: өзіндік тамырлы қабық (tunica fibrosa propria), кірпікті дене (corpus ciliare) және нүрлы қабық (iris). Өзіндік тамырлы қабық көз алмасын қоректендіретін тамырларға бай. Кірпікті дененің бүлшық еті (бірыңғай салалы ет үлпасы) сақинаша байламмен көз

бұршағына жалғасып, көз бүршағының қалыңцығын өзгерту арқы- лы оны көру процесіне бейімдейді. Көз бүршағының алдында ор- наласқан, көздің қуысын алдыңғы және артқы камераларға бөлетін нүрлы қабықта көздің түсін анықтайтын пигментті торшалар және оның ортасындағы тесік — қарашықты (pupilla) тарьштып және кеңейтіп түратын бірыңғай салалы ет торшалары миоциттер болады. Көз алмасының сәулесындырғыш мөлдір ортасына қасаң қабық, алдыңғы және артқы камералардағы көз сүйығы, коз бүршағы (lens) және шыны тәрізді дене (corpus vitreum) жатады.

Коздің қорғаныс және көмекші мүшелеріне көз шарасы, көздің жарғақты кдпшығы, бүлшық еттері, көз майы мен шандыры, кездің жоғарғы және төменгі қабақтары мен көзжасы аппараты жатады. Көзжасы аппараты көзжасы безінен, козжасы көлінен, көзжасы тесігінен, көзжасы қапшығынан және мүрын қуысына ашылатын мүрын-көзжасы өзегінен түрады.

Кдсаң қабық қүрылысы мен химиялық қүрамы ерекше, қалың- дығы 0,8-1,1 мм көздің алдыңғы бетіндегі мөлдір кдбық. Оның жарық сындырғыш көрсеткіші — 1,37. Кдсаң кэбықбес: алдыңғы эпителий, алдыңғы шекаралық пластанка, қасаң кдбықгың өзіндік заты, артқы шекаралық пластинка, артқы эпителий қабаттарынан күралған.

Алдыңғы эпителий қабатын көпқабатты жалгіақ мүйізделмейтін эпителий қүрайды. Ол 5-6 қабат эпителиоциттерден түрады. Жалаңаш сезімтал жүйке үштары қасаң қабық рефлексін түзеді. Зақымдалған эпителий торшалары жедел кдлпына келеді. Эпителий үлпасы негіздік жарғақта орналасып, көздің кілегейлі қабығы эпителийімен жалғасады.

Алдыңғы шегаралық пластинка қалыңдығы 6-9 мкм талшықты қүрылым.

Қасаң қабықтың өзіндік затын дәнекер үлпалық пластинкалар қүрайды. Олардың аралықгарында бір қатарда, жалпақта тармақты келген фибробласт тәрізді торшалар орналасады. Дәнекер үлпалық пластинкаларды бір-біріне параллельді тығыз жатқан коллаген тал- шықтарының шоғырлары түзеді. Дәнекер үлпалық пластинкалар мен торшалар қүрылысы ерекше мөлдір қасиет беретін пішінсіз (аморфты) затта орналасады. Оның негізін гликозаминогликан- дардың түрі кератинсульфаттар түзеді. Қасаң қабықтың ақ қабықкэ өтетін шекаралық жиегін лимба — деп атайды.

Артқы шекаралық пластинка қалыңдығы 5-10 мкм, диаметрі 10 нм коллаген талшықтары мен аморфты заттан қүралған талшықты құрылым.

Артқы эпителий біркдбатты жалпақ эпителийден түрады. Эпите- лиоциттерінің пішіні көпбүрышты болып келеді. Қасаң қабықта қан тамырлары болмайды. Ол көздің алдыңғы камера сүйығы және лимба қан тамырлары арқылы қоректенеді.

Ақ қабық (склера)— қалыптасқан тығыз дөнекер үлпасынан күралған, қалыңдығы 0,4-0,6 мм көздің сыртқы қабығы. Дәнекер үлпасын бір-бірімен параллельді, бір бағытга тығыз орналасқан кол- лаген талшықгарының шоғырлары мен олардың аралықгарында бір қатарда жаткдн фиброциттер күрайды. Ақ және қасаң қабықгар ара- лығывдағы лимба аймағында ақ кдбықгың коллаген талшықгарының шоғырлары аралықтарында бір-бірімен тарамдала байланыскдн қуьістар болады. Олар ақ кдбықгың веналық қойнауларын (шлемм өзектерін) түзеді. Ақ қабықтың ішкі бетінің нүрлы қабықкд өтетін бүрышты аймағында, көздің алдыңғы камерасы сүйыгыньщ ақкэбықгың веналық қойнауына ағьш өтуін қамтамасыз ететін қырлы байлам орналасады. Ақкдбыктың алдыщы бөлігін көздің кілегейлі кдбығы кдптагі жатады, ал оның артқы бетіне көздің бүлшық еттері бекиді.

Тамырлы қабықгың бөліктері:

1.Өзіндік тамырлы қабық торлы кдбықты қоректендіреді. Ол сыртынан ішіне қарай төрт қабаттан қүралған. Олар:

а)тамырлыүсті пластинкасы ақ қабықпен шектеседі. Оны борпылдақ дәнекер үлпасы қүрайды. Қүрамында меланоциттер көптеп кездеседі.

ә)тамырлы пластинка артерия және вена қан тамырларынан, олардың аралықтарындағы борпылдақ дәнекер үлпасынан түрады. Жекеленген миоциттер мен көптеген меланоциттер кездеседі.

б)тамырлы-капиллярлы пластинканы тар арналы кан тамырлары

мен капиллярларға бай борпылдақ дәнекер ұлпасы құрайды. Қан

капиллярларының біраз бөлігі синусоидты (қойнауша) капиллярларға жатады.

в)негіздік кешен тамырлы қабық пен торлы қабықтың пигментті қабаты аралығындағы талшықты қүрылым.

Кірпікті дене көз бүршағының пішінін өзгерту арқылы көру гіроцесіне бейімделуді іс жүзіне асырып, нүрлы қабыкты өзіндік тамырлы қабықпен жалғастырып тұратын тамырлы қабықтың буылтық келген қалың бөлігі. Кірпікті денені борпылдақ дәнекер үлпалық аралықтар арқылы бір-бірімен өзара байланысқан бірыңғай салалы ет үлпасьіның миоциттер шоғырлары түзеді. Олар әр түрлі багытта орналасып жиырылуы нәтижесінде кәз алмасына әтетін жарықтың мөлшері мен оның көру процесіне бейімделуін реттейді. Кірпікті дененің алдыңғы қалың бөлігі мен көз бүршағын байланыстырып, көз бұршағын іліп үстагі түратын дөңгелекше байламды кіриікті тәж, ал кірпікті дененің артқы бөлігіндегі жүкалау үсақ қатпарларды кірпікті сақина — деп атайды. Кірпікті дененің ішкі бетін, торлы қабықтың эпителий торшаларынан қүралған кіргіікті бөлігі астарлайдьі. Бүл бөліктің эпителиоциттері көздің алдыңғы және артқы камераларының сүйығын бәледі. Кірпікті дененің сақинаша орналасқан миоциттер шоғырлары жиырыл- ған кезде, көз бүршағын іліп үстап түрған дөңгелекше байлам босаңсып, көз бүршағы қалындап дөңестенеді де, көз затты жақын жерден көруге бейімделеді. Ал затты алыстан кәру үшін, керісінше, кірпікті дененің сақинаша миоциттер шоғырлары босаңсып, кірпікті тәж байламы көз бүршағын кірпікті денеге қарай тартьіп, көз бүршағы сопақтанып жалпақтанады.

Нүрлы қабық — ортасында пішіні өзгермелі тесігі (қарашық) бар, дәңгелек дискі тәрізді тамырлы қабықтың алдыңғы бөлігі. Ол қасаң қабық пен көз бүршағы аралығындағы көз сүйығына толған кеңістікті, кәздің алдыңғы және артқы камераларына беледі. Аталған камералар бір-бірімен әзара нүрлы кабықтың ортасындағы тесігі — қарашық арқылы қатысады. Нүрлы қабық пен кірпікті дененің жалғасқан шекарасын кірпікті жиек — деп атайды. Нүрлы қабықты алдыңғы жағынан артқы бетіне қарай бес қабат қүрайды. Олар:

а)алдыңғы эпителий (біркабатты жалпақ эпителий);

ә)сырткы шекаралык кабат (борпылдак дәнекер үлпасынан түрады, меланоциттер болады);

б)тамырлы қабат (борпылдақдәнекер үлпасындағы кдн тамырлары және меланоциттер болады);

в)ішкі шекаралық қабат (күрылысы сыртқы шекаралық қабатқа үқсас);

г)артқы пигментті эпителий.

Нұрлы қабықтың дәнекер үлпалық қабатында қарашықтың та- рылтқыш (сақинаша орналасқан) және кеңейткіш (радиальды, яғни

сәулелі, бағытта орналасқан) бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттері болады.

Көз бұршағы — екі беті дөңес келген мөлдір дене. Көру процесіне бейімделу кезінде, оның пішіні өзгеріп отырады. Көз бұршағын цитоплазмасында мөлдір кристалин белогі болагын, пішіні ұзынша келген эпителиоциттер күрайды. Эпителиоциттер бір-бірімен ерекше мөлдір затпен желімделген. Кәз бұршағының ортасындағы элителиоциттерде ядро болмайды. Олар бір-бірімен бірігіп, көз бұршағының орталық ядросын құрайды. Көз бұршағы сыртынан бірқабатты жалпақ мәлдір эпителиймен қапталған. Ол кірпікті төж аркьілы кірпікті денемен байланысқан. Көз бұршағының сындырғыш көрсеткіші — 1,42.

Шыны тәрізді дене — көз бұршағы мен торлы кдбық арасындағы куысты толтырып түратын мөлдір торлы қоймалжьщ зат. Оның сыртқы жағы сөл тығыздау келеді. Шыны тәрізді дененің негізін вигреин белогі және гиалурон қышқылы кұрайды. Сындырғыш коэффициенті — 1,33.

Торлы кдбық жарық тітіркеністерін қабьщцайтын көз алмасының ішкі қабығы. Ол сыртқы жағынан тамырлы қабықпен, ішкі жағынан мөлдір шыны тәрізді денемен жанасып, көз алмасының артқы бөлігін астарлап жатады. Торлы қабық екі бөлімнен: жарық сезгіш және жарық сезбейтін бөлімдерден тұрады. Соңғы бәлім нұрлы қабықпен кірпікті дененің артқы беттерін астарлайды. Оның құрамында жарық сезгіш (фоторецепторлы) нейроциттер болмайды. Тек пигментті эпителиоциттерден құралған. Жарық сезгіш бөлімді: сыртқы жұқа пигментті қабат және ішкі негізгі жүйкелі қабат қүрайды. Пигментті қабат бір қабатта орналасқан, пішіні алтыбүрышты биік призма тәрізді эпителий торшалары — пигментоциттерден тұрады. Олар сьіртқы тамырлы қабықтан негіздік жарғақ арқылы бөлінген. Ең биік пигментоциттер сары дақ маңайында, ал аласа жалпақ торшалар торлы қабықтың шеткі жағында орналасады. Пигментоциттердің апикальды үшындағы микробүрлер фоторецепторлы таяқша және сауытша нейроцитгердің сыртқы дистальды буындарымен (сегмент- тер) жанасып, оларды қоршап жатады. Бір пигментоииттің микро- бүрлері 30-45 таякша нейроциттердің сыртқы буындарымен жана- сады. Микробүрлер цитоплазмасында жалпы органеллалар, мела- носомалар, фагосомалар болады. Сауытша нейроциттердің сыртқы буындарын қоршайтын микробүрлер үзындау келеді. Олардың цито- плазмаларында органеллалар болмайды. Тек меланосомалар кезде- седі. Пигментоциттер меланосомалары тым күшті жарықтан фоторе- цепторлы нейроциттерді қорғайды. Пигментоциттердегі фагосомалар сезгіш фоторецепторлы нейроциттердің сыртқы буындарының жарамсыз бөліктерін фагоцитоз арқылы жою кезінде ғана түзіледі. Сондықтан, пигменттоциттерді жүйке жүйесінің маманданған макрофагтарының ерекше 'гүрлеріне жатқызады. Көз алмасына өтетін жарықсәулелерінің 85-90 % -ын меланосомалар жүтып, көздің көру мүмкіндігін күшейтіп, родопсиинің ыдырауын төмендетеді.

Жарықсәулелері көздің қасаң қабығынан, көз камераларындағы сүйықтан, көз бұршағынан, шыны тәрізді денеден, торлы кабықтың барлық қабаттарынан кедергісіз өтіп, жарық сезгіш нейроциттерге әсер етеді. Торлы қабықтың жүйкелі қабаты бір-бірімен тізбектеле байланысқан үш қабат нейроциттерден құралған. Олар: сыртқы жарық сезгіш (фоторецепторлы), ортаңғы биполярлы (ассоциа- тивті) және ішкі мультиполярлы (ганглионды) нейроциттер. Фоторецепторлы және ассоциативті нейроциттер жанасуы дең- гейінде горизонтальды нейроциттер, ал ассоциативті және ган- глионды нейроциттер жанасу деңгейінде амакринді нейроциттер аралықорын алады. Пигментті эпителийден кейін бір кдтар болып, жарық сезгіш таяқша және сауытша (колба тәрізді) нейроцитгер орналасады. Аталіан фоторецепторлы торшалардың пигментоцит- термен жанасатын сыртқы дендриттерінің пішініне байланысты, олар таякдіа және сауытша нейроциттер — деп аталады. Таяқша нейроциттердің пішіні таяқ тәрізді дендриттері ымырттың әлсіз жарығы сәулелеріне, ал сауытша нейроциттердің пішіні колба тәрізді дендриттері күшті күндізгі түрлі-тусті жарық сәулелеріне тітіркенеді. Жоғарыда аталған нейроциттер тізбегі гистологиялық препараттарда анық көрінетін торлы қабықтың төмендегідей

қабаттарын құрайды. Сыртқы қабаты пигментті қабат. Фоторе- цепторлы нейроциттердің сыртқы гаякдіа және сауытша дендрит- тері торлы қабықтың пигментті қабатынан кейінгі — таяқшалар және сауытиіалар к^батын, жарық сезгіш нейроциттердің ядролары орналасқан перикариондары (денелері) сыртқы ядролы қабатты, олардың аксондары мен екінші катарда жатқан биполярлы нейроциттердің дендриттері бір-бірімен синапстық байланыс жасап, сыртқы торлы қабатты, биполярлы нейроциттерінің перикариондары ішкі ядролы кдба ггы, соңғы нейроциггердің аксон- дары мен мультиполярлы нейроциттер дендриттерінің синапстық байланысы ішкі торлы кзбатты, мультиполярлы нейроциттердің перикариондары ганглиоіщы қабатты, олардың аксондары миелинді жүйке талшықтарына айналып, жүйке талшықтары қабатын түзеді. Жүйке талшықтары бірігіп, көз алмасының артқы жағындағы тесіктен шығып, ми жүйкелерінің екінші жүбы көру жүйкесін қүрайды. Ол көру талдағышының өткізгіш жолын қүрап, екі көз алмасы көру жүйкелерінің айқасынан кейін, кору жолдары ретінде аралық миға барады. Торлы қабық нейроциттері аралықтарында үзын талшықты нейроглиоциттер орналасады. Олардың ядролар орналасқан денелері ішкі ядролы қабатта жатады. Ал сыртқы үзын өсінділері таяқша және сауытша қабат пен сыртқы ядролы қабат аралығындағы сыргқы шекаралық кдбатты, ішкі өсінділері жүйке талшықтары қабатын шыны тәрізді денеден оқшаулайтын ішкі шскаралық қабатты жасайды. Сөйтіп, көздің торлы қабығында сырттан ішке қарай 10 қабат ажыратылады. Олар: 1) пигментті, 2) таяқша және сауытша, 3) сыртқы шегаралық, 4) сыртқы ядролы, 5) сыртқы торлы, 6) ішкі ядролы, 7) ішкі торлы, 8) ганглионды, 9) жүйке талшықгары, 10) ішкі шекаралық қабаттар. Фоторецеп- торлы нейроциттерінің таяқшалары мен сауытшалары сыртқы және ішкі буындардан қүралған. Таяқшаның сыртқы буынының пішіні цилиндр төрізді болып келеді. Оны бір-біріне жабыса орналасқан, қалыңдығы 140 нм түйық жарғақтық дискілер қүрайды. Сыртқы буын жарғағында көру гшгменті родоиснн болады. Ішкі буынының цитоплазмасында митохондриялар мен эндоплазмалық тор жақсы көрінеді. Сыртқы және ішкі буындар кірпікшелер арқылы бай- ланысқан. Сауытшаның сыртқы буыны қысқалау және көлемділеу келеді. Оны түйықталмаған жарғақтык жартыдискілер күрайды. Ішкі буынында липид тамшысы мен митохондриялардан түзілген эллипс тәрізді күрылым бар.

Көру жүйкесінің көз алмасының артқы жағындағы тесігі арқылы торлы қабықтан шығатын дөңгелек келген деңес түсында жарық сезгіш нейроциттер болмайды. Сондықган, бүл жерді “соід>ір дақ”— деп атайды. Көз алмасының білігі бойындағы торлы қабыктың дөңгелек немесе сопақ келген белігін сарьі дақ дейді. Оның ортасындағы шуңқырлау жерін орталық шүңідыр — деп атайды. Орталық шүңқыр торлы қабықтың ең жақсы көретін бәлігі. Кәру

талдағышының қыртысты орталығы үлкен ми сыңарлары қыртысының шуйде аймағында орналасады.

Көздің көмекші мүшелеріне: көздің бүлшықеттері, қабақжәне көзжасы аппараты жатады. Бүлшық еттер көлденең жолақты бүлшықет үлпасынан қүралған. Қабақтарға жоғарғы және төменгі қабақтар жатады. Олардың сыртқы қабатын тері, ішкі қабатын көздің кілегейлі қабығы және олардың аралығындағы борпылдақ дәнекер үлпалық аралық пен ондағы ет шоғырлары қүрайды. Қабақтарда кірпіктер болады.

ЕСТУ-ТЕПЕ ГЕҢДІК МҮШЕСІ

Есту-тепетендік мүшесі немесе қүлақ (преддверноулитковый орган) - organum vestibulo-cochlearis s. auris — аттас талдығыштың шеткі қабылдагыш бөлімі. Есту-тепетелдік талдағышының өткізгіш жолдары қызметін есту-тепетендік жүйкесі атқарады. Орталықтары сопақша ми ядроларында, мишық қыртысында және үлкен ми қыртысының самай бөлігінде орын тепкен. Есту-тепетендік мүшесі қоршаған ортадан келетін дыбысты, салмақ күшін (гравитациялық), тербеліс, сызықтықжәне бүрыштық әсерлерді қабылдайтьін сезім мүшесі. Ол екінші сезімтал (эпителиосенсорлы) сезім мүшелеріне жатады. Қүлақүш бөлімнен: сыртқы, ортаңғы және ішкі қүлақтан түрады. Есту-тепетеңцік мүшесінің қабылдағыш рецепторлары ішкі күлақгың жарғақты шытырманында орналасады. Ал сыртқы және ортаңғы қулақтар кәмекші қүрылымдар қызметін атқарады.

Сыртқы қүлақ (auris externa) құлақ қалқанынан, сыртқы есту жолынан және дабыл жарғағынан түрады. Қүлақ қалқаны ауадағы дыбыс тербелістерін қабылдап, сыртқы дыбыс жолымен ортаңғы күлақ арқылы есту мүшесі ішкі күлаққа багыттайды және дыбыстың шыққан жерлерін анықтайды. Бүлшық еттерінің жақсы жетілуіне байланысты кейбір жануарлардың қүлак;гары қозғалмалы (жылқы, ит, мысықт.б.) келеді. Қүлақ қалқанының негізін сыртынан терімен қапталған эластинді шеміршек қүрайды. Терінің ішкі бетінде қыл- шықтар, май және тер бездері болады. Қылшықтар майда жәндіктер мен шаң-тозаңның сыртқы есту жолына енуіне жол бермейді. Тер бездері күлақтың бүлағын түзетін пигментті кілегейлі сөл бөліп, ауадағы шаң-тозаңнан және дабыл жарғағын кебірсініп калудан сақ- тайды. Дабыл жарғағы (membrana tympani) қалындығы 0,1 мм, сыртқы және ортаңгы күлақгар шекарасындағы жүқа терілі перделік. Дабыл жарғағына ортаңғы қулақ жағынан балғаша сүйектің түтқасы бекиді.

Ортаңғы қүлақгы (auris media) ішкі беті бірқабат призма тәрізді кірпікшелі эпителиймен астарланған сүйектік дабыл қуысы мен оның ішіндегі бір-бірімен буындар және бүлшық еттер арқылы қозғалмалы байланысқан есту сүйекшелері: балғаша (malleus), төс (incus), жасымықша (lenticulatus) және үзеңгіше (stapes) сүйекшелер

құрайды. Есту сүйекшелері дабыл қуысы қабырғасына байламдар арқылы байланысқан. Дабыл қуысының ортаңғы құлақ пен ішкі қүлақ арасындағы қабырғасында екі: сопақ және дөңгелек тесік немесе “терезе” болады. Сопақ терезені үзеңгіше сүйекше табаны- пың жарғақты тақташасы мен байламдарьі жауып түрады. Ол дабыл қуысын ішкі қүлақтағы үлудың кіреберістік (вестибулалық) баспалдағынан бөледі. Дөңгелек терезені ортаңғы қүлақтың дабыл қуысын үлудың дабылдық баспалдағынан беліп түратын талшықты жарғақ жауып түрады. Дабыл куысы (cavum tympani) диаметрі 1- 2 мм дыбыс түтігі арқылы жүтқыншақ аңқасына жалғасады. Жүт- қыншақ-дабылтүтігі жүтыну кезінде ашылып-жабылып, дабыл жарғағының сыртындағы ауа қысымы мен дабыл қуысы ішіндегі ауа қысымын теңестіру арқылы дабыл жарғағын зақымданудан сақтайды.

Ауадағы дыбыстықтербелістер сыртқы есту жолы арқылы серпімді дабыл жарғағына беріліп, дыбыстық тербелістерге айналады. Өз кезегінде дыбыстықтербелістер дабыл жарғағынан есту сүйекшелердің қозғалмалы байланыстарымен сопақша терезедегі үзеңгіше табанының серпімді тақташасына беріледі. Ішкі қүлақ кіреберісіндегі перилимфа (лимфа сүйығы) сопақ терезедегі жарғақган қабылданған дыбыстық тербелістерді сүйьіқ толқынына айналдырып, үлудың кіреберістік өзегіне өткізеді. Егер ауадан қабылданған тербелістер қалыпты

шамадан тым күшті болса, онда дабыл куысындағы балғаша тұтқасы мен үзеңгіше бүлшық еттері рефлекторлы жиырылып. есту сүйекшелерінің тербелістерін төмендетігі, сопақ терезеге келетін дыбыстық тербелістердің қысым күшін азайтады.

Ішкі қүлақ (auris interna) самай сүйектің тастық (қайыршық) бөлігінде орналасацы. Ол сыртқы сүйектік және оның ішіндегі жарғактық шытырмандардан күралған. Осы екі шытырман аралы- ғындағы лимфа сүйығын перилимфа — деп атайды. Ал жарғақтық шытырман қуысындағы сүйықгы эндолимфа — дейді. Сүйектік және оның ішіндегі жарғақгық шытырандар үш бөліктен қүралған. Олар: кіреберіс, үш жартыдөңгелекше өзек және үлу (иірілімді өзек). Кіре- берістің жарғақтық шытырманын бір-бірімен жіңішке эндолимфалық өзекпен жалғасқан сопақша және дөңгелек қапшықтар құрайды. Сопакдіа кдпшық (утрикулюс) бір-бірімен өзара перпендикулярлы жазықтықтарда (сагиттальды, сегментальды және фронтальды) орналаскан үш жартыдөңгелекше жарғақтык өзектермен, ал дөңгелек қапшық (саккулюс) қысқа өзек арқылы жарғақтық үлу өзегімен жалғасады. Бүлардың ішінде эндолимфа сүйығы болады.

Есту талдағышының рецепторлары жаргактық ш ітырманның үлу өзегін бойлай орналасқан иірілімді (Корти мүшесі) мүшеде орналаскан. Жарғақгық үлу өзегі сүйектік үлу куысында болады. Олардың аралығындағы куыс перилимфаға толған. Жарғақгық үлудың пішіні үшбүрышты болып келеді. Үзындығы 3,5 см, қуысы эндолимфаға толған. Ол спираль тәрізді оралып, жануарлардың түрлеріне сәйкес 3-5 орамдар жасайды. Жарғақгық үлуды сыртынан пішіні дөңгелекше келген, куысы перилимфаға толған сүйектік үлу каптайды. Сүйектік үлу өзінің ішкі жағындағы сүйектік білігі (осі) бойымен спираль тәрізді бүралып жатады. Оның перилимфаға толған қуысын үшбүрышты жарғақгық үлу екіге: кіреберістік және дабылдық баспалдақгарға бөледі. Кіреберістік баспалдақ сопақ тереземен жанасатын сүйектік шытырман қуысынан басталып, үлу оралымдарының бойымен үлудың түйық төбесіне қарай бағытгалады да, үлу төбесіндегі жарғақтық үлудың вестибулалы және негіздік жарғақгарының тоғысқан түсы мен сүйектік үлу аралығындағы тар тесік (геликотрема) арқылы дабылдық баспалдақпен жалғасады. Дабылдық баспалдақ дөңгелек терезеге барып аяқгалады.

Сүйектік үлудың білігі бойындағы жоғарғы кіреберістік және төменгі дабылдық ернеулер аралығындағы иірілімді сайда, есту рецепторлары нейроциттер денелері топтаса орналасып, иірілімді (спиральды) ганглийді күрайды. Сүйектік үлудың ішіндегі үшбүрышты жарғақгық үлудың екі қабырғасын кіреберістік (вестибулалық) және нсгіздік (базальдық) жарғақгар, ал оның үшінші қабырғасын тамырлы жолақ күрайды. Кіреберістік (Рейснер) жарғақтың сыртында пери- лимфаға толған сүйектік үлудың кіреберістік, ал негіздік жарғақтың сыртында дабылдық баспалдақтар болады. Негіздік жарғактың перилимфа жағындағы сыртқы дабьиідық баспалдақ беті эндоте-

лиймен қапталған. Ал оның ішкі эндолимфа жағындағы бетінде рецепторлы аппарат — иірілімді (Корги) мүше орналасады. Оның негіздік жарғағының ішкі бетін түкті сезгіш және тіректік эпителио- циттер қүрайды. Жабынды жарғақ эндолимфаның ішінде орналасады. Ауадағы дыбыс толқынының әсерінен сыртқы дабыл жарғағы тербеліп, есту сүйекшелерін қозғалысқа келтіреді. Осының әсерінен сопақ терезедегі тақгаша жарғақта тербеліп, ішкі күлақ кіреберісіндегі перилимфаға толқын түрінде беріледі. Перилимфа толқындары сүйектік үлудың кіреберістік баспалдағына, одан әрі үлу төбесіңдегі тесік арқылы дабылдық баспалдақгағы перилиімфаға өтеді. ЬСіребе- рістік баспалдақгағы перилимфа тербелісіне сәйкес кіреберістік жарғақ та тербеліп, ішіндегі эндолимфаны тербеліске келтіреді. Нәтижесінде эндолимфа ішіндегі жабынды жарғақ та тербеліске келеді. Өз кезегінде дабылдық баспалдақтағы перилимфа сүйығы толқынына сәйкес негіздік жарғақта тербеледі. Нәтижесінде оның ішкі бетіндегі сезгіш эпителиоциттер микробүрлері жабынды жарғақпен жанасып, тітір- кеніс пайда болады да, оны сезгіш түкті эпителиоциттер, денелері иірілімді ганглийде орналасқан сезімтал нейроциттер дендриттеріне өткізеді. Түзілген жүйке толқындары сезімтал нейроциттердің аксон- дарымен ми жүйкелерінің сегізінші жүбы — есту-тепетендік жүйкесі арқылы мидағы есту талдағышының орталықгарына жеткізіледі.

Тепетендік мүшесі жануарлар денесінің кеңістіктегі тепетеңдігі мен жағдайды бағдарлауын қамтамасыз етеді. Ол бір-бірінің пішінін кайталайтын сырткы сүйектік және ішкі жарғақтық шьпырмандардан тұрады. Жарғақтық шытырманды сопақша және дөңгелек жарғақгық қапшықгар мен үш жартыдөңгелекше өзектер қүрайды. Жарғақгы жартыдөңгелекше өзектер бір-біріне перпендикулярлы: сагиттальды, сегментальды және фронтальды жазықгықгар бойымен орналасып, сопақша қапшықпен ампула тәрізді кеңейген ұштарымен жалғасады.

Тепетеңцік мүшесінің рецепторлары жарғақтық қапшықгардың ішкі бетіндегі “дақ” (макула) — деп аталатын дөңесінде және жарғақгы жартыдөңгелекше ампуласыньщ ішкі бетіндегі “қырша” деп аталатыи дөңестеу жерінде орналасады. Бастың немесе дененің кеңістіктегі өзгеру жағдайы туралы ақпарат осы аталған құрылымдарда түзіледі. Жарғақтық қапшықгар мен жартьщөңгелекше өзектер ампуласының ішкі бетіндегі дақтар мен қыршалар тітіркеністерді қабылдауға арнайы маманданған эпителиймен астарланған. Эпителий қабатын екі түрлі: түкті сезгііи және тіректік эпителиоциттер құрайды. Биік тіректік эпителиоциттер негіздік жарғақга орналасады. Олардың апикальды ұштарында микробүрлер болады. Тіректік эпителиоциттердің аралықгарындағы түкті сезгіш эпителиоциттер негіздік жарғақпен жанаспайды.

Сезгіш эпителиоциггердің базальды бөлігі көптеген афферентгі және эфферентгі жүйке үштарымен жанасады. Жарғақгық капшықгар дақгары эпителий қабаттарының апикальды беті үстінде, алтықырлы үсақ фосфорлы көміркцшк^иі кальций кристалдары — оголиттері бар желатин төрізді іркілдек масса қаптап жатады. Бүл массаны

отолиттік жарғақ — деп атайды. Кеңістіктегі дене жағдайының өзгеруіне сәйкес отолиттік жарғақ та қозғалып, дақгардағы сезгіш эпителиоциттерінің белгілі-бір топтарына әсер етеді. Нәтижесінде бүлшық еттердің де белгілі-бір топтары қозып, олардың ширығуы реттеледі де, басқа эпителиоциттер ретгейтін бүлшықеттер ширығуы тежеледі. Жарғақтық қапшықтар қабырғасындағы рецепторлар дененің кеңістіктегі сызықтық қозғалыстарына жауап береді.

Жартыдөңгелекше өзектер ампуласының ішкі бетіндегі қыршалар эпителиоциттерінің күрылысы қапшықтар дақтары эпителиоцит- терінің қүрылысына үқсас. Тек, эпителий қабатының апикальды бетін, үзындығы 1 мм, пішіні күмбезге үқсаған желатин тәрізді зат кдптап түрады. Қыршалар эпителиоциттерінің сезгіш түктері желатин тәрізді іркілдек заттың ішінде орналасады. Жануарлар басының кеңістіктегі қозғалысына сәйкес жазықгықга орналасқан жартыдөң- гелекше өзек куысындағы эндолимфа жылжып, қырша бетіндегі іркілдек күмбезді қозғайды да, сезгіш эпителиоциттер түктеріне әсер етеді. Жартыдөңгелекше өзіктері ампуласы қабыр- ғасындағы рецепторлар бастың, дененің кеңістік- тегі бүрыштық қозғалыс- тарын қабылдап, соларға жауап береді.

Тепетеңдік аппаратта қабылданған тітіркеністер, афферентті нейроциттер дендриттерінің жүйке үш- тары арқылы, олардың вестибулалы ганглийінде жатқан нейроциттер дене- леріне, одан әрі олардың аксондарымен ми жүйке- лерінің сегізінші жүбы — есту-тепе-теңдік жүйке- сінің қүрамында мидың көру төмпегі ядроларын- дағы мультиполярлы сезім- тал нейроциттерге өткі- зіледі. Аталған ядролар нейроциттерінің аксон- дарымен жүйке толқын- дары ми қыртысының са- май аймағындағы тепе- теңдік талдағышының қыртысты орталығына жет- кізіледі.

ИІС СЕЗІМІ МҮШЕСІ

Иіс сезімі мүіиссі (орган обоняния) біріиші сезімтал немесе ней- росенсорлы сезім мүшелеріне жатады. Иіс тадцағышыньщ рецепторлары мүрын куысының артіды жоғарғы бөлігівдегі сарғыш түсті кілегейлі кдбағында орналасады. Иіс сезімі мүшесі эмбриондық кезенде иіс шұңқырындағы жүйке гіластинкасынан, ал оның тіректік эпителио- циттері эктодермадан кэлыптасып жетіледі. Мұрын қуысының иістік эпителий қабаты үш түрлі торшадан: биполярлы иіс сезгіш нейро- цитгерден, тіректікжәне негіздік (базальды) эпителиоциітерден тұрады. Базальды эпителиоциттер аласа келген, тіректік эпителиоцитгер үшін камбиальды қызмет атқаратын жас торшалар. Тіректік эпителиоциттер сезімтал нейроциттерді сыртынан қоршап, тіректік және қорғаныс ідызметтерін аткдрумен қатар, оларды қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Қос өсінділі (биполярлы) рецепторлы нейроциттер тіректік эпителиоциттердің аралығында орналасады. Олардың сыртқы щ>ісқа дендриттерінің шоқпар тәрізді үшында иісті тітіркеністі қабылдайтын 10-12 иіс кіргіікшелері болады. Базальды денешіктен басталатын кірпікшелердің негізін шеткі 9 жұп және орталықтағы 2 жіпшелер күрайды. Нейроцитгер перикариоңдарьшьщ орталығында акщьш келген дөңгелек ядролары болады. Олардьщ аксондары тірекгік эпителиоцитгері аралықгарымен төмен қарай бағытталып, негіздік жарғақган кілегейлі кдбықгың өзіндік тақгашасына (пластинкасына) өтеді де, миелинсіз жүйке талшықгарына айналады. Олар 30-40 талшықган бірігіп, жұйке бағандарын кұрайды да, торлы сүйек тесіктері арқылы ми куысындағы иіс миы баданасына, ми жүйкелерінің 1 - жұбы— иіс жүйкесі ретінде енеді. Мұрын қуысы иістік аймағы кілегейлі қабығының өзіндік тақгашасындағы түтікше-көпіршікті иіс бездері эпителийдің ішкі бетіне сөлін бөледі. Ауа арқылы мүрын куысына келген химиялықзатгар сөлде еріп, иіс сезгіш нейроцштерінің сыртқы дендриттер кірпікшелерін тітіркендіреді де, жүйке толкыны тұзіліп, нейроцитгер аксондары арқылы иіс миы баданасына өтеді. Иіс сезімі талдағышының қыртысты орталығы үлкен ми сыңарлары қыртысының самай аймағында орналасады.

ДӘМ СЕЗІМІ МҮШЕСІ

Дәм сезімі мүшесі (орган вкуса) екінші сезімтал немесе эпителиосенсорлы сезім мүшелеріне жатады. Ол ауыз куысына түскен азықгың татымы мен сапасын анықтайды. Азықтың құрамындағы химиялық тітіркеністерді алдымен сезгіш эпителиоциттер кабылдап, нейроциттер денелері бет және тіл-жүгқыншақ ми жүйкелері бойыңдағы жүйке ганглийлерінде топтаскан сезімтал нейроциттер дендритгеріне өткізеді. Дәм сезімі мүшесі көпқабатты эпителиймен қапталған тілдің кілегейлі қабығындағы дәм сезгіш: саңыраукұлакща, қорғанша және жапыракща татым емізікшелерінің (бүртіктерінің) бұйір кдбырғаларында орналасады. Оның пішіні бадана тәріздес болғандықган, оны татым баданасы деп атайды. Татым баданалары аздап кдтты тандайда, бадамша бездерде, жүгқыншақга, бөбешікге де кездеседі. Дәм сезімі мүшесі екі

тұрлі бастамадан: сезгіш, тіректік және базальды эпителиоциттер

эктодермадан, сезімтал нейроцитгер хордаалды жуйке түтігінен дамиды.

Татым баданаларының пішіні пияз баданасына үқсас сопақша (күйісті жануарларда жүмыртқа тәрізді, жыртқыштарда шар тәрізді, шошқада ұршық тәрізді) келіп, татым емізікшелерінің көпқабатты жалпақ эпителий қабатында, негіздік жарғақга орналасады. Татым баданасын бір-біріне тығыз жанаса жатқан 40-60 эпителиоциттер күрайды. Олардың ішінде үш түрлі: рецепторлы, тіректік және негіздік торшалар ажыратылады. Татым баданасының қуысы ауыз қуысымен татым шұңқырына ашылатын татым тесігі арқылы қатысады. Пішіні ұзынша келген дәм сезгіш эпителиоциггер тіректік эпителиоциттердің аралықтарында орналасады. Олардың сопақша келген ядролары негіздік жарғақкд жақындау жатады. Цитоплазмасының апикальды белігінде эндоплазмалықтор мен митохондриялар, ал эгштелиоциттің апикальды ұшында микробүрлер болады. Әр бір татым баданасына 50 -ге жақын афферентті жүйке талшықгары (сезімтал нейроциттердің девдриттері) келіп, сезгіш эпителиоциттермен синапстық байланыстар түзеді. Тітіркену нәтижесінде түзілген жүйке толқыны, сезгіш эпителиоциттерінен синапс арқылы сезімтал нейроциттердің дендриттері үшына, одан әрі жүйке ганглийлерінде орналасқан олардың денелеріне, олардың аксондарымен дәм сезімі талдағышының мидағы орталығына өтеді. Тіректік эпителиоциттер рецепторлы эпителиоциттерді сыртынан қоршап, оларды және жүйке талшықтарын оқшаулап, тіректік және қорғаныс қызметтерін аткдрады. Аласа келген негіздік торшалар камбиальды қызмет (олардан тіректік және сезгіш эпителиоциттер дамиды) атқарады.

ТЕРІ СЕЗІМІ (СИПАП СЕЗУ) МҮШЕСІ

Тері сезімі мүшесі эпителиосенсорлы сезім мүшелеріне жатады. Оның рецепторлары тері эпидермисінде орналасады. Тітіркеністерді сезімтал эпителиоциттер қабылдап, денелері жұлын жүйкелері мен үшкіл ми жүйкесінің дорсальды түбіршіктері бойында жатқан жүйке ганглийлері нейроциттерінің дендриттеріне өткізеді. Жүйке толқындары жүлын ганглийлерінен жүлынға, одан әрі аралықмидың сезімтал қыртысасты, содан соң, үлкен ми қыртысындағы тері сезімі талдағышының орталықгарына, ал үшкіл ми жүйкесі ганглийінен тікелей ми орталықтарына жеткізіледі.

Сезім мүшелері бойынша бақылау сұрақгары:

  1. Талдағыштар деген не және олар қандай бөлімдерден түрады?

  2. Рецепторлардың қандай түрлеріи білесіз? Олар тітіркеністерді дененің қандай бөліктерінен қабылдайды?

  3. Қандай экстерорецепторларды білесіз?

  4. Көру мүшесінің күрылысы және орталыктары.

  5. Есту-тепетеңдік мүшесінің қүрылысы және орталықтары.

  6. Иіс, дәм, тері сезімі мүшелерініц қүрылысы және орталықтары.

  7. Таісырып мөтіңіндегі кязакша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алып, оларды жаттаңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]