Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KIRISPE.doc
Скачиваний:
219
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
3.14 Mб
Скачать

Артқы аяқтың бүлшық еттері

Артқы аяқтың бүлшық еттері (musculi membri pelvini) орналасу орындары мен буындардағы қозғалыстарды іске асыру сипатына байланысты жамбас-ортан жілік, тобық, тілерсек және бақай буындарының бүлшық еттері болып бөлінеді.

Жамбас-ортан жілік буыны (articulatio coxae) қүрылысы қарапайым, көпбілікті буын. Бүл буын жамбассүйектің үршық шұңқыры мен ортан жіліктің басынан қүралған. Жамбас-ортан жілік буыны көп білікті болғандықтан, буынға барлық бүлшық еттер топтары әсер етеді. Жамбас-ортан жілік буынының бүлшық еттері жануарлар денесінің бөксе және сан аумақтарында орналасып, олардың кейбіреулерінің сіңірлі үштары сирақ аумақтарында аяқталады.

Экстензорлар. Жамбас-ортан жілік буынының жазғыш бүлшық еттері орналасу орындарына сәйкес: бөксе және санарты бүлшық еттер топтары болып екіге бөлінеді.

Бөксе бүлшық еттер тобы:

1. Беткей бөксе бүлшық еті (m. gluteus superficialis) жануарлар денесінің сауыр аумағының терісі мен беткей шандыры астында, санның екібасты бүлшық етінің алдыңғы жағында орналасады. Беткей бөксе бүлшық еті тек жылқыда ғана жақсы жетілген. Ол мықын сүйектің сербек және қүйымшақ төмпегінен басталып, ортан жіліктің үшінші үршығында аяқталады. Сиырда, шошқада, үсақ малдарда ол көршілес еттермен бірігіп кетеді.

Ерекшеліктері. Жылқыда беткей бөксе бүлшық етінің пішіні үшбүрышты болып келеді. Ол жамбассүйектің сербек өсіндісі мен бөксе шандырынан басталады. Ол өз кезегінде ортаңғы бөксе бүлшық етін жауып жатады. Бүлшық еттің еттің сіңірлі күйрығы ортан жіліктің үшінші үршығына барып бекиді. Сиырда, үсақмалдарда және шошқада беткей бөксе бүлшық етінің краниальды бөлігі санның жалпақ шандырын кергіш бүлшықетпен, ал каудальды бөлігі санның екібасты бүлшық етімен бірігіп, бөксе-екібасты бүлшық етін түзеді. Итте беткей бөксе бүлшық еті қүйымшақ пен қүйрық омырт- қалардан басталып, ортан жіліктің үлкен үршығының төменгі тұсына келіп бекиді.

Қьимсті. Беткей бөксе бүлшық еті басқа бөксе бүлшық еттермен бірге қосылып, жамбас-ортан жілік буынын жазады, ал жылқыда бүл бүлшық ет жеке жиырылып, буынның алдыңғы бетін ішке

қарай бұрады да, пронатор бүлшық етінің қызметін қосымша атқарады.

2.Ортаңғы бөксе бұлшық еті (m. gluteus medius) сербектен, күйымшақ төмпегінен және бел аумағынан басталып, ортан жіліктің үлкен үршығына барып бекиді. Бөксе бүлшық еттерінің ішіндегі ең қомақтысы.

Ерекшеліктері. Жылқьща ортаңғы бөксе бүлшық еті сыртынан түгелімен беткей бөксе және санның екібасты бүлшық еттерімен жа- былған. Бүлшық еттің басталатын үшы мықын сүйектен омыртқа баға- нына кдрай өтіп, аркдның тым үзын бүлшық етінің бел бөлігіне дейін созылады. Сиырда, үсақмадцарда және шошкдда аталмыш бүлшықетгі бөксе-екібасты бүлшықеті сыртынан жауып жатады. Итге аталған бүл- шық етгің каудальды бөлігі беткей бөксе бүлшық етінің астында жатады.

Қызметі. Ортаңғы бөксе бүлшық еті жамбас-ортан жілік буынын жазады. Сонымен қатар, ол абдукторларға да кәмектеседі.

3.Қосымша бөксе бүлшық еті (m. gluteus accessorius) ортаңғы бөксе бүлшық етімен бірігіп кетеді. Ол мықын сүйек қанатынан басталып, үлкен үршықта аяқталады.

Ерекшеліктері. Жылқыда қосымша бөксе бүлшық еті ортаңғы үршықгың бүйірінде, сиыр мен үсақмалдарда оның алдыңғы бетінде аяқгалады.

Шошқада қосымша бөксе бүлшық етінің екі сіңірлі қүйрығы болады. Бір сіңірлі қүйрығы үлкен үршыққа, ал екінші сіңірлі қүйрығы ортан жілік денесіне бекиді. Итге ортаңғы бөксе бүлшық етімен бірігіп кеткен.

Қызметі. Қосымша бөксе бүлшық еті жамбас-ортан жілік буынын жазады.

4.Терең бөксе бүлшық еті (m. gluteus profundus) ортаңғы бөксе бүлшық етінің астында орналасады. Ол шонданай қырынан басталып, ортан жіліктің үлкен үршығында аяқталады.

Ерекшеліктері. Жылқыда ортаңғы үршыққа бекиді.

Қызметі. Терең боксе бүлшықеті басқа бөксе бүлшық еттермен бірге жамбас-ортан жілік буынын жазуға қатысады. Ал жеке жиырылғанда, терең боксе бүлшық еті жамбас-ортан жілік буынының абдукторы қызметін де атқарады.

5.Алмүртша бүлшық ет (m. piriformis) жеке бүлшық ет ретінде тек итте ғана кездеседі. Алмүртша бүлшық ет қүйымшақ сүйек пен қүйымшақ-шонданай байламынан басталып, бүлшық еттің сіңірлі қүйрығы ортан жіліктің үлкен үршығында аяқталады. Бүлшық ет беткей бөксе бүлшық етінің астында жатады.

Қызметі. Алмүртша бүлшық ет бөксе бүлшық еттерімен бірге жамбас-ортан жілік буынын жазуға қатысады.

Санарты экстензорлар тобының бүлшық еттері:

1.Санның екібасты бүлшық еті (m. biceps femoris) жамбас пен сан аумағы терісі мен шандыры астында орналасқан ет. Оның бір басы қүйымшақ сүйектің жоталық өсінділері мен қүйымшақ

шонданай байламынан, ал екінші басы шонданай төмпегінен басталып, бүлшық еттің екі басы ортақ қүрсаққа бірігеді де, жалпақ сіңірге айналады. Аяқталатын жерлеріне байланысты бүлшықеттің жалпақ сіңірі тобықтық, асықты жіліктік және өкшелік тармактарға ажырайды. Олар тобық аумағының, асықты жілік қырының және өкше төмпегінің латеральды бетінде аяқталады. Бүлшық еттің өкшелік тармағы басқа бүлшық еттердің сіңірлерімен қосылып, тірсек сіңірін /ахилл сіңірі/ қүрайды. Ол өкше төмпегінде аяқгалады.

Ерекшеліктері. Жылқыда санның екібасты бүлшық етінің омыртқалық басы тек қүйымшақ сүйектен басталады. Сиырда, үсақ малда және шошқада ол беткей бөксе бүлшықетімен бірігіп, бөксе- кібасты бүлшық ет деп аталады. Итте бүлшық еттің омыртқалық басы нашар жетілген.

Қызметі. Санның екібасты бүлшық еті бірнеше буындарға өсер етеді. Ол жамбас-ортан жілік буынын және тобық буынын жазады. Асықты жіліктік тармағы буынды бүгеді және артқы аяқты сыртқа қарай айналдырады. Өкшелік тармақ тілерсек буынын жазады.

2.Жартылай сіңірлі бүлшықет (m. semitendineus) санның екібасты бүлшық етінің каудальды жағындағы тері мен беткей шандыр астында орналасады. Ол шонданай төмпегі (шонданайлық басы) мен қүйымшақ сүйектен (омыртқалық басы) басталады. Бүлшық ет медио-дистальды бағытта тобық буынының түсында сіңірге айналып, асықгы жілік қырында аяқгалады. Сонымен кдтар, ол тігінші, сымбат бүлшық еттерінің сіңірлерімен және сирақ шандырымен бірігіп, өкше төмпегінің медиальды бетінде аяқталады.

Ерекшеліктері. Жартылай сіңірлі бүлшық ет күйіс қайтаратын жануарларда шонданай төмпегінен, жылқыда қосымша қүйымшақ сүйектен басталып, асықты жілік қырының жөне өкше төмпегінің медиальды бетінде аяқталады. Итте бүлшық еттің омыртқалық басы алғашқы қүйрық омыртқаларынан басталады.

Қызметі. Жартылай сіңірлі бүлшық ет жамбас-ортан жілік және тілерсек буындарын жазады, тобық буынын бүгеді.

3.Жартылай жарғақгы бүлшықет (m. semimembranosus) жартылай сіңірлі бүлшық еттен кейін, сауырдың артқы жағындағы тері мен беткей шандыр астында орналасады. Ол шонданай сүйектен, жылқыда қосымша қүйымшақ сүйектен басталып, ортан жілік және асықгы жілік айдаршықтарының медиальды бетінде аяқталады.

Ерекшеліктері. Жылқыда жартылай жарғақты бүлшық ет шонданай төмпегінен және алғашқы III және IV қүйрық омыртқалар мен күйымшақ сүйектен басталып, ортан жілік пен асықты жіліктің медиальды айдаршықтарында және тобықтың медиальды тік байламында аяқталады. Ал басқа жануарларда бүлшықет шонданай төмпегінен басталады. Итте бүлшық еттің екі күрсағы болады.

Қызметі. Жартылай жарғақты бүлшық ет жамбас-ортан жілік буынын жазады. Жылқыда бүған қосымша тобық буынын бүгіп, оны ішке қарай бүрып айналдырады.

4.Санның шаршы бүлшық еті (m. quadratus femoris) шонданай сүйек денесінің төменгі бетінен басталып, ортан жіліктің үршық шүңқырында аяқталады.

Қызметі. Санның шаршы бүлшық еті жамбас-ортан жілік буынын жазады және буынның алдыңғы бетін сыртқа қарай бүрып, супинатор бүлшық етінің қызметін атқарады.

Флексорлар: 1. Үлкен бел бүлшық еті (m. psoas major) соңғы көкірек және алдыңғы бел омыртқалардың денелерінен басталып, ортан жіліктің кіші үршығында аяқталады.

2.Мықьш бүлшық еті (m. iliacus) мықын және қүйымшық сүйектері қанаттарынан басталып, ортан жіліктің кіттгі үршығында аяқталады. Үлкен бел және мықын бұлшық еттері ортан жіліктің кіші үршығында аяқталатындықтан, оларды біріктіріп, мықын-бел бүлшық еті (m. iliopsoas) — деп те атайды.

Қызметі. Мықын-бел бүлшық еті жамбас-ортан жілік буынын бүгеді және сыртқа қарай бүрады.

3.Санның жалпақ шандырын кергіш бүлшық ет (m. tensor fasciae latae) санның алдыңғы бетін ала сербек, жамбас-ортан жілік және тобық буындары аралығындағы үшбұрышты кеңістікте орналасады. Оның сіңірлі басы сербектен және ортаңғы бөксе бүлшық етінен басталады. Бүлшық ет қүрсағы желпуіш тәрізді каудо-вентральды бағытта тарамдалады да, оның сіңірлі қүйрығы санның жалпақ шандырымен бірігіп кетеді. Санның жалпақ шандырын кергіш бүлшық ет тобық сүйек пен асықты жіліктің қырында аяқталады. Еттің каудальды бөлігі беткей бөксе бүлшық етімен бірігіп кетеді.

Ерекшеліктері. Жылқыда, сиырда, ұсақмалдарда және шошқада санньщ жалпақ шандырын кергіш бүлшық еттің каудальды жиегі беткей бөксе бұлшық етімен бірігіп кетеді, ал итте ол краниальды бағытта тігінші бүлшық етімен шектеледі.

Қызметі. Санның жалпақ шандырын кергіш бүлшық ет жамбас ортан жілік буынын бүгеді және тобық буынын жазуға қатысады.

4.Тігінші бүлшық еті (m. sartorius) санның медиальды бетіндегі үзынша келген таспа пішіндес ет. Ол кіші бел бүлшық етінің сіңірі мен мықын сүйек денесінен басталып, тобықтың медиальды бетіндегі шандырда аяқталады.

Ерекшеліктері. Итте тігінші бүлшықеті санның алдыңғы жиегінен екі сіңірлі басымен (краниальды және каудальды) басталады. Еттің краниальды басы сербектен басталып, тобық сүйекте, ал каудальды басы мықын сүйектің қанатынан басталып, асықгы жілікте аяқгалады.

Кызметі. Тігінші бүлшық еті жамбас-ортан жілік буынын бүгеді және тобық буынын жазуға және артқы аяқты түлғаға жақындатуға қатысады.

5.Қырлы бүлшық ет (m. pectineus) мықын-шат дөңесінен басталады. Үшбүрышты келген ет қүрсағы қиғаш бағытталып, ортан жіліктің медиальды бетіндегі кіші үршықтан сәл төменірек барып

аяқталады. Тігінші және қырлы бұлшық еттерінің аралықтарымен ірі қан тамырлары болатын can өзегі өтеді.

Қызметі. Қырлы бүлшык, ет жамбас-ортан жілік буынын бүгеді. Сонымен қатар, ол артқы аяқты түлғаға жақындатады және сыртқа қарай айналдырады.

Аддукторлар: 1. Сымбат бүлшық еті (m. gracilis) санның медиальды бетінде жатқан жалпақ қальщ ет. Ол жамбас жігінен және қүрсақгың тік бүлшық еті сіңірінен басталады. Тобық буынының түсында жалпақ сіңірге айналып, тобық сүйектің тік байламында, асықты жілік қырында және сирақ шандырында аяқталады.

Қьпметі. Сымбат бүлшықеті жамбас пен сан аумақтарын түлғаға жақындатады.

2. Санды жақындатқыш бүлшық ет (m. adductor femoris) шат сүйектен және жапқыш тесігінің медиальды және каудальды жиектерінен басталып, ортан жіліктің кіші үршығы мен медиальды айдаршығы аралығында аяқталатын ет.

Ерекшеліктері. Итте санды жақындатқыш бүлшық ет өз кезегінде санның үлкен және кіші аддукторларына ажырайды.

Супинаторлар: 1. Сыргқы жапқыш бүлшық ет (m. obturator externus) пішіні үшбүрышты келген жалпақ ет. Ол жамбассүйектің вентралды бетінен және жапқыш тесіктің медиальды бетінің сыртқы жиегінен басталып, оның сіңірлі қүйрығы ортан жіліктің ұршық шүңқырында аяқталды.

2. Ішкі жаііқыш бүлшық ет (m. obturator internus) жамбас астауының төменгі бетінің дорсальды жағында орналасқан үшбүрышты жалпақ ет. Ол жапқыш тесіктің алдыңғы жөне медиальды жиектерінен басталып, ішкі жапқыш бүлшық еттің сіңірлі қүйрығы ортан жіліктің үршық шүңқырында сыртқы жапқыш бүлшық етпен бірге аяқгалады.

Ерекшеліктері. Жылвдца ішкі жапқыш бүлшық ет шонданай және мықын сүйектерінен басталып, кіші шонданай ойығы арқылы отіп барып, ортан жіліктің үршық шүңқырында аяқгалады. Күйіс кдйта- ратын жануарларда тек шонданай сүйектен басталып, жапқыш тесігі арқылы өтеді. Шошқала шонданай, мықын және қүйымшақ сүйек- терінен басталып, жапқыш тесігі арқылы өтеді. Итте шонданай және шат сүйектерден басталып, кіші шонданай ойығы арқылы отеді. Бар- лық жануарларда бүлшық ет ортан жіліктің үршық шүңқырында аяқгалады.

Қызметі. Сыртқы жапқыш және ішкі жапқыш бүлшық еттер жамбас-ортан жілік буынының алдыңғы бетін сыртқа қарай бүрады.

Қосарлы бүлшықеттер (m.m. gemelli) таспа тәрізді жіңішке келген бүлшық еттер. Қосарлы бүлшық еттер жамбас сүйектің кіші шонданай ойығының жиегінен басталып, сыртқы және ішкі жапқыш бүлшық еттердің сіңірлі қүйрықтарының арасымен ортан жіліктің ұршық шүңқырында аяқталады.

Ерекшеліктері. Қосарлы бүлшықеттер тек итге ғана жеке түрінде бөлініп түрады. Бүлшық еттердің қосарланған ет құрсақтары болады.

Шошкдца бұл бұлшық ет ішкі жапқыш бұлшық етімен бірігіп кеткен. Басқа жануарларда аталмыш бұлшық еттер жеке түрінде кездеспейді.

Қызметі. Қосарлы бұлшық еттер жапқыш бұлшық еттермен бірге супинатор қызметін атқарады.

Тобық буыны (articulatio genus) кұрылысы күрделі және бір білікті буын. Тобық буынының бүлшық еттері артқы аяқтың сан аумағында жатып, төменде орналасқан тобық буынына әсер етеді. Тобық буынын тобық сүйек, ортан жіліктің дистальды және асықты жілік пен шыбық сүйектің проксимальды бастары, олардың аралықтарындағы латеральды және медиальды шеміршек тегіршектер күрайды. Буын бір білікті болғандықтан, тобық буынында бір-біріне қарама-кдрсы жүмыс атқаратын жазғыш және бүккіш бүлшық еттер топтары болады.

Экстензор: 1. Санның төртбасты бүлшық еті (ш. quadriceps femoris) ортан жіліктің алдыңғы жағында орналасқан қомақты тым қалың ет. Бүлшық еттің төрт басы болады. Олар: тік, латеральды, медиальды және аралық бастар.

Тік басы немесе санның тік бүлшық еті (m. rectus femoris) бүлшық еттің латеральды және медиальды бастарының аралығында жатқан ең қомақты бүлшық ет. Ол үршық шүңқырының жоғарғы жағын- дағы мықын сүйек төмпегінен немесе шүңқырынан басталады. Еттің дистальды бөлігі санның төртбасты бүлшық етінің басқа бастарымен бірігіп кетеді.

Латеральды басы немесе қалың латералды бүлшық ет (m. vastus lateralis) ортан жіліктің проксимальды бөлігінің латеральды бетінен басталып, еттің дистальды құйрығы бүлшық еттің тік басымен қосылып кетеді.

Медиальды басы немесе қалың медиальды бүлшық ет (m. vastus medialis) ортан жіліктің медиальды бетінен басталып, бүлшық еттің аралық басына қосылады.

Аралық басы немесе қалың ішкі бүлшықет (m. vastus intermedius) ортан жіліктің дорсальды бетінен басталып, бүлшық еттің латеральды немесе медиальды басымен бірігіп кетеді.

Санның төртбасты бүлшық еті бастарының барлығы бірігеді де, тобыққа барып бекіп, одан әрі тобық байламдары арқылы асықты жілікте аяқталады.

Ерекшеліктері. Күйіс қайтаратын жануарларда еттің латеральды басы ортан жіліктің үлкен үршығынан басталады.

Қызметі. Санның төртбасты бүлшық еті тобық буынын жазады, ал оның тік басы жамбас-ортан жілік буынын бүгуге де қатысады.

Флексор: 1.Тобыкдсты бүлшық еті (m. popliteus) асықгы жіліктің проксимальды бөлігінің плантарлық бетінде, балтыр етінің астында орналасады. Ол ортан жіліктің латеральды айдаршыкүстінің тобыкдсты шүңқырынан басталып, медио-дистальды бағытта қиғаштала өтіп, асықгы жіліктің плантарлы бүдырының медиальды жиегінде аяқгалады.

Қызметі. Тобықасты бүлшық еті тобық буынын бүгеді жөне артқы аяқгы ішке қарай айналдырады.

Тілерсек буыны (articulatio tarsi) қүрылысы күрделі және бірбілікті буын. Тілерсек буынын асықгы жілік пен шыбық сүйектің дистальды бастары, тілерсек сүйектері және артқы жіліншіктердің проксимальды бастары күрайды. Тілерсек буынының бүлшық еттері сирақ аумағында орналасады, төмендегі тілерсек буынына әсер етеді. Тілерсек буыны бір білікті болғандықтан, буындағы бір білік- тің бойымен жүретін қарама-қарсы: жазу және бүгу қозғалыстарын қамтамасыз ететін бүлшық еттер топтары болады.

Экстепзор: 1. Сирақтың үшбасты бұлшық еті (m. triceps surae) балтыр бұлшық етінің латеральды және медиальды бастары мен өкше бүлшықетінен қүралған, сирақ аумағының артқы плантарлы жағында орналасқан қомақты ет.

Балтыр бүлшық етінің (m. gastrocnemius) латеральды және медиальды екі басы болады. Олар ортан жіліктің айдаршыкүсті шүңқырының латеральды және медиальды жиектерінен басталып, өкше бүлшық етімен бірігеді де, сирақтың үшбасты бүлшық еті — деп аталады. Бүлшық еттің сіңірі тірсек сіңірінің қүрамында өкше төмпегінде аяқгалады.

Өкше бүлшықеті (m. soleus) таспа тәріздес қысқа ет. Ол шыбық сүйек басынан басталып, балтыр бүлшық етімен бірігіп кетеді.

Ерекшеліктері. Итте өкше бүлшық еті болмайды. Шошқада өкше бұлшық еті жақсы жетілген. Ол тобық сүйегінің латеральды байламы мен асықты жіліктің латеральды айдаршығынан басталады.

Қьвметі. Сирақтың үшбасты бүлшық еті тілерсек буынын жазады және тобық буынын бүгуге қатысады.

Флексорлар. І.Асыкды жіліктің алдыңғы бүлшықеті (m. tibialis cranialis) асықты жіліктің алдыңғы бетінде орналасады. Ол асықты жіліктің проксимальды басынан басталып, тілерсек және артқы жіліншік сүйектердің проксимальды бастарында аяқталады.

Ерекшеліктері. Барлық түяқты жануарларда асықты жіліктің алдыңғы бүлшық еті асықты жілікке жабысып, сирақ аумағының алдыңғы жағындағы басқа бүлшық еттердің астында, тереңде орналасады. Сондықтан, оның пішіні жалпақболып келеді. Ал итге бүл бүлшық ет беткей орналасады. Жылқыда бүлшық еттің сіңірлі қүйрығы үшінші шыбық бүлшық етінің медиальды және ортаңғы аяқшаларының арасымен өтіп, екіге ажырайды. Ет сіңірінің латеральды бөлігі III артқы жіліншік басына, медиальды бөлігі I мен II тілерсек және II артқы жіліншік сүйектерінде аяқталады.

Күйіс қайтаратын жануарларда асықты жіліктің алдыңғы бүлшық етінің екі басы болады. Бүлшық еттің сіңірі үшінші шыбық бүлшық еті сіңірінің арасымен өтіп, III мен IV артқы жіліншік және II мен

III тілерсек сүйектерінде аяқталады. Шошқада бүлшықеттің сіңірлі күйрығы II тілерсек және II жіліншік, ал итте ол беткей орналасып,

I тілерсек пен I және II жіліншік сүйектерінде аяқталады.

Қызметі. Асықты жіліктің алдыңғы бұлшық еті тілерсек буынын бүгеді.

2.Асықгы жіліктің артқы бүлшық еті (m. tibialis caudalis) асықты жіліктің артқы (плантарлы) бетінде орналасады. Ол бөлек бүлшық ет ретінде тек итте ғана кездеседі, ал баскд жануарларда бақайды бүгетін терең бүлшық еттің қүрамында болады. Асықты жіліктің артқы бүлшық еті шыбық сүйектің проксимальды бөлігінен басталады. Ет қүрсағы асықты жіліктің медиальды жиегімен дистальды бағытта төмен тұсіп, итте орталық жөне I тілерсек сүйектерде, ал баскз жануарларда бақайды бүгетін терең бүлшықеттің сіңірінде аяқгалады.

Қызметі. Асықты жіліктің артқы бұлшық еті итге тілерсек буынын жазады, ал басқа жануарларда ол бақай буындарына да әсер етеді.

3.Үшінші шыбық бүлшық еті (m. peronaeus tertius) ортан жіліктің латеральды айдаршықүсті жазғыш шұңқырынан және бақайдың ұзын жазғыш бұлшық еті сіңірінен басталып, асықты жіліктің жазғыш сайы арқылы өтеді де, сирақ аумағында бақайдың үзын жазғыш бүлшық етінен ажырайды. Тілерсек буынының түсында сіңірге айналып, жіліншік сүйектерде аяқталады.

Ерекшеліктері. Жылқыда үшінші шыбық бүлшық еті сіңірлі етке айналып, статикалық қызмет атқарады. Оның сіңірлі құйрығы үш бөлікке ажырайды. Латеральды бөлігі өкше сүйек пен IV тілерсек сүйекте, ортаңғы белігі орталық және III тілерсек сүйек пен III артқы жіліншік басында, медиальды бөлігі орталықжәне III тілерсек сүйек пен III және II жіліншік сүйектері бастарында аяқталады. Күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада үшінші шыбық бүлшық еті етті болып келеді және беткей орналасады. Бүлшық еттің сіңірлі күйрығы ІІ+Ш тілерсек сүйектерде және III+IV артқы жіліншік бастарында, ал шошқада I және II тілерсек сүйектері мен II артқы жіліншік басында аяқталады. Итте бүл бүлшық ет қысқа байламға айналып, III артқы жіліншік басында аяқталады.

Қызметі. Жылқыда бүлшық ет статикалық қызмет атқарады. Күйіс қайтаратын жануарлар мен шошкдда тілерсек буынын бүгеді және тобық буынын жазуға қатысады.

4.Шыбыктың үзын бүлшық еті (m. peronaeus longus) сирақ аумағы сүйектерінің латеральды жағында орналасады. Ол шыбық сүйек пен асықты жіліктің латеральды айдаршығынан басталып, оның сіңірлі қүйрығы сирақ аумағының төменгі түсының латераль- ды бетінен, IV тілерсек және артқы жіліншік сүйектері аралық- тарындағы саңылау арқылы тілерсек буынының плантарлы (артқы) жағына өтіп, медиальды бағытта I немесе II тілерсек, болмаса I артқы жіліншік басында аяқталады.

Ерекшеліктері. Жылқыда аталмыш бүлшық ет болмайды.

Қызметі. Шыбықтың үзын бүлшық еті тілерсек буынын бүгеді.

4.Шыбықтың қысқа бүлшық еті (m. peronaeus brevis) тек итте ғана болады. Ол шыбық сүйектің дистальды бөлігінен басталып,

V артқы жіліншік басында аяқталады.

Қызметі. Шыбықтың қысқа бүлшық еті тілерсек буынын бүгеді.

Бакдй буьпщарының бүлшық еттері артқы аяқгың сирақ аумағында орналасып, сіңірлері арқылы бақай буындарына (түсамыс, топай, түяқ) әсер етеді. Бақай буындары қүрылысы қарапайым және бір білікті буындар. Буынның жазғыш бүлшық еттері сирақ аумағының латеро-краниальды және артқы аяқ басының алдыңғы бетінде, ал бүккіш бүлшық еттері сирақ аумағының каудальды беті мен артқы аяқ басының плантарлы (артқы) бетінде орналасады.

Экстензорлар. 1.Бақайдың үзын жазғыш бүлшық етінің (т. extensor digitorum longus) қүрсағы асықты жіліктің дорсальды

бетінде жатады. Ол ортан жіліктің латеральды айдаршықүсті жазғыш шүңқырынан басталып, асықты жіліктің жазғыш сайы арқылы, оның дорсо-латеральды бетінде шығады. Бүлшық еттің сіңірлі қүйрығы жануарлар бақайларының санына сәйкес сіңірлі бөліктерге ажырайды да, түяқ (итте — тырнақ) сүйектің жазғыш өсіндісінде аяқталады.

Ерекшеліктері. Жылқыда бақайдың үзын жазғыш бүлшық еті тері астында беткей орналасады. Жіліншік аумағында бүлшық еттің сіңірі бақайдың қысқа және бүйірлік жазғыш бүлшық еттері сіңірлерімен бірігіп, түяқ сүйектің жазғыш өсіндісінде аяқталады.

Күйіс қайтаратын жануарларда бүлшық ет үшінші шыбық бүлшық етінің астында жатып, онымен бірге басталады да, екі ет қүрсағына ажырайды. Медиальды терең қүрсағының сіңірі III, ал латеральды беткей қүрсағы III және IV бақайларда аяқталады.

Шошқада да бақайдың үзын жазғыш бүлшық еті үшінші шыбық бүлшық етінің астында жатып, онымен бірге басталады. Еттің ортаңғы, медиальды және латеральды қүрсақтары болады. Ортаңғы күрсақсіңірі III және IV бақайлардың түяқ сүйектерінде, медиальды қүрсақ сіңірі III бақайда, латеральды күрсақ сіңірі II жөне V бақай сүйектерінде аяқталады.

Итге бакдйдың үзын жазғыш бүлшық етін асықгы жіліктің аддыңғы бүлшық еті сыртынан жауып жатады. Бүлшық ет сіңірі II және V тырнақ сүйектерінде аяқгалады.

Қызметі. Бақайдың үзын жазғыш бүлшық еті бақай буындарын жазып, тілерсек буынының бүккіш және тобық буынының жазғыш бүлшық еттеріне көмектеседі.

1.Бақайдың бүйірлік жазғыш бүлшық еті (m. extensor digitorum lateralis) сирақ аумағының латеральды бетінде жатады. Ол асықты жілік пен шыбық сүйектің латеральды айдаршықтарынан басталып, топай сүйекте аяқталады.

Ерекшеліктері. Жылқыда бүлшық еттің сіңірі жіліншік сүйегі аумағында бакдйдың үзын жазғыш бүлшықетінің сіңірімен біріііп кетеді.

Күйіс қайтаратын жануарларда ол IV бақайдың топай сүйегінде аяқталады.

Шошқада бүлшық еттің екі басы болады. Олардың сіңірлі үштары IV және V бақайда аяқталады.

Итте бүлшық ет сіңірі V тырнақта аяқталады.

Кдозметі. Бақайдың бүйірлік жазғыш бүлшық еті бақай (тырнақ) буындарын жазады.

3.Үлкен бақайдың үзын жазғыш бүлшық еті (m. extensor digiti I longus) жеке бүлшық ет ретінде тек ит пен шошқада кездеседі. Ол шыбық сүйектен басталып, асықты жіліктің алдыңғы бүлшық еті сіңірімен бірге II бақайда (тырнақта) аяқталады.

Ерекшеліктері. Жылқы мен күйіс қайтаратын жануарларда бүлшық ет асықты жіліктің алдыңғы бүлшық етімен бірігіп кеткен. Итте I тырнақ қалдығында аяқталады.

Қызметі. Үлкен бақайдың үзын жазғыш бүлшық еті бақай (тырнақ) буындарын жазады.

Флексорлар. 1. Бақайдың беткей бүккіш бүлшық еті (m. flexor digitorum superficialis) ортан жіліктің айдаршықүсті шүңқырынан басталып, балтыр етінің латеральды басымен бірігіп кетеді де, өкше төмпегінің латеральды және медиальды беттеріне бекіп, одан әрі бүлшық еттің сіңірлі қүйрығы екіге бөлініп, түсамыс пен топай сүйектерінде аяқталады.

Ерекшеліктері мен қызметі. Жылқыда үшінші шыбық бүлшық етімен бірге статикалық қызмет атқарады. Ал басқа жануарларда ол бақай буындарын бүгеді, тобық буынының бүккіш, тілерсек буынының жазғыш бүлшық еттеріне көмектеседі.

2.Бақайдың терең бүккіш бүлшық еті (m. flexor digitorum profundus) асықты жіліктің плантарлы бетінде жатады. Ол асықты жіліктің латеральды айдаршығы мен шыбық сүйектен және асықты жіліктің артқы плантарлы бүдырынан үш бас болып басталып, бірігеді де, бүлшық ет сіңірі бақайдың санына сәйкес ажырап, түяқ (тырнақ) сүйекте аяқталады.

Қызметі. Бақай (тырнақ) буынын бүгеді, тобық буынын жазуға қатысады

Сүйекаралық бүлшық еттер алдыңғы аяқтағы бүлшық еттерге үқсас.

Артқы аяқтың бүлшық еттері бойынша бақылау сұрақтары:

  1. Артқы аяқтың булшық еттері орналасу орындары мен жұмыс сипатына байланысты қалай бөлінеді?

  2. Жамбас-ортан жілік буынының бұлшық еттері қандай топтарға бөлінеді? Олардың кұрылысы мен қызметін еске түсіріңіз.

  3. Тобық буынының бүлшық еттер топтары және олардың қүрылысы.

  4. Тілерсек буынының бүлшық еттері, олардың құрылысы.

  5. Бақай буындарының бүлшық еттер топтары, олардың қүрылысы.

  6. Тақырып мәтініндегі қазақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алып, оларды жаттаңыз.

IX mapay. TEPI ЖАБЫНЫ — Integumentum commune

Tepi жабыны немесе жалпы жабын жануарлар организмінің сыртқы ортамен тікелей жанасатын сыртқы қабығы. Жалпы жабын теріден және одан дамитын мүшелер тері туындыларынан түрады. Олардың күрылысы организмдердің тіршілік ортасы мен ондағы тіршілік жағдайларына байланысты. Мысалы, суда, қүрлықгатірші- лік ететін жануарлардың, үшуға бейімделген құстардың тері жа- бындары қүрылысы жағынан сол ортаға бейімделу ерекшелік- терімен сипатталады. Үздіксіз өзгеріп отыратын сыртқы орта әсер- лерімен түрақты әрекеттесу жануарлар тері жабыны мүшелері қүрылысының мейлінше күрделенуіне ықпалын тигізеді.

Терінің маңызы. Tepi (cutis) дененің сыртқы қабығы ретінде өзіне тән өткізгіштік қасиетімен және тамырлар мен жүйкелердің жақсы жетілуіне байланысты, организмді сыртқы ортадан бөліп, оның ішкі ортасының түзілуіне толық жағдай тудырады. Сондай-ақ, ол жүйке жүйесінің рецепторлы /сезімтал/ алаңы ретінде организмді қоршаған сыртқы ортамен байланыстырады. Тері көптеген сезімтал жүйке үштары мен биологиялық белсенді нүктелері арқылы жарық, жылу, суық, сипап сезу, механикалық ауырту т.б. тітіркеністерді қабылдап, әмбебап сезім мүшесі қызметін атқарады. Сезім мүшесі ретінде ол қорғаныс қызметіне де тікелей қатысады.

Тері жабыны денені механикалық, физикалық және химиялық зақымданудан сақгайды. Оның сыртқы бетінің қалыпты жағдайдағы Рһ — реакциясы қышқылдық орта (3,2 - 5, 2). Бүл орта ауру тудырушы микробтардың өніп-өсуіне қолайсыз. Тері микроорганизмдер мен әр түрлі бөгде заттардың денеге енуіне жол бермейді. Ол дене қүрамындағы судың шамадан тыс буланбауын да қамтамасыз етеді. Жылы қанды жануарлардың тері жабыны дене қызуын (темпе- ратурасын) реттеуге белсенді қатысады, яғни ол дененің қызуын түрақты бір деңгейде үстап және реттеп отырады. Терінің аталмыш қызметі, оның ыдырау өнімдерін тер арқылы сыртқа шығару қыз- метімен тікелей байланысты. Тер күрамында белоктық зат алмасудың ыдырау өнімдері, улы заттар, зат алмасудың аралық енімдері, артық түздар мен су болады. Демек, тері жабыны денедегі зат алмасу процестеріне үлкен белсенділікпен ат салысады.

Тері жабыны — түзуші мүше. Теріде тері майы және мүйіз түзі- леді, қанның, майдың, судың, ас түзының артық қорлары сақта- лады, аз да болса тыныс алуға (1-2%) қатысады. Көптеген фермент- тердің (70 -ке жақын) қатысуымен тері эндокриндік қызметті де атқарады. Сонымен кдтар, ол жүқпалы ауруларға қарсы иммунды- биологиялық қорғаныс процестеріне тікелей ат салысады. Мал дәрі- герлік жүмыстарды жүргізуде жануарлар терілерінің алатын орны ерекше. Біріншіден, жануарлар ауруларының көптеген түрлерін теріге әр түрлі реакциялар қою арқылы анықтауға /диагноз қоюға/ болады. Ал, екіншіден, мал дәрігерлік емдеу жүмыстарының

көптеген түрлері терімен тікелей байланысты. Ортаның маусымдық өзгерістері де жануарлар тері түктерінің әр түрлі деңгейде түлеуіне, тері қабаттары қалындығының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Теріде мүйізді зат - кератин, коллаген және эластин белоктары /ақзаттары/ , імеланин пигменті, тері майы, тер түзеледі.

Жануарлар терілері өте бағалы шикізат. Өндеуден өткен жануар- лар терілерінен бағалы тондар, былғары дайындалады. Тері түкте- рінен жүн, түбіт, қыл қырқылады. Жүннен және түбіттен қымбат кездемелер мен тоқымалар тоқылады. Қылдан әр түрлі шаруа- шылық бүйымдары, қылшық жүннен киіз, үй киіздері, текемет, сырмақ, кілем, алаша, үй және ер-түрман әбзелдері дайындалады. Мүйізден және мүйіз түяқтардан бағалы түймелер, тарақтар, әр түрлі үй жиһаздары, ер-түрман әшекейлері жасалынады. Жүн шайырынан өр түрлі шипалық сықпа майларды дайындауға пайда- ланылатын зат — ланолин бөлініп алынады. Қаракөл қозыларынан бағалы елтірілер дайындалады.

Тері туындысы сүт безінен (желіннен) алынатын сүттен әр түрлі тамақ өнімдері (ірімшік, қаймақ, балқаймақ, балмүздақ, қүрт, қымыз, айран, шүбат т.б.) өндіріледі.

Терінің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері. Тері құрамының 70% -ы судан түрады. Қүрғақ затының негізін коллаген белогі қүрайды. Тері қүрамындағы органикалық заттардан көп кездесетіні липид (май). Ол денедегі барлық липидтің 2% -ына тең. Мысалы, терінің 5% -ы бейтарап май және май қышқылдары, 0,17% -ын холестерин қүрайды. Тері қүрамына сілтілі металдар калий, натрий, магний, кальций және металл емес бром, фтор, йод, фосфор т.б. химиялық элементтер кіреді. Денедегі ас түзының

1/3 теріде болады. Tepi берік те серпімді мүше. Оның мүйізді қабат- тары мен туындылары электр тоғын өткізбейді. Жарақаттанудан соң, оның қалпына келу процесі жедел жүреді.

Терінің қүрылысы. Тері қүрылысы жағынан қабатты мүше. Ол үш қабаттан: теріүсті қабаттан (эпидермистен), дермадан (нағыз теріден) және теріасты қабаттан (шел қабатынан) түрады.

Эпидермис (epidermis) — терінің сыртқы ең жүқа теріүсті қабаты. Ол жануарлар терісі қалындығының 1-2% -ын қүрайды. Эпидермис көпқабатты жалпақ мүйізделетін эпителийден түрады. Эпидеристің қалындығы, қүрылыс ерекшеліктері жануарлардың түрлеріне, түқымдарына, жыл мерзімдеріне, терідегі түктің болу-болмауына тікелей байланысты. Эпидермисте қан тамырлары болмайды. Ол астындағы дерманың емізікше қабатындағы қан капиллярлары арқылы қоректенеді. Эпидермис сезімтал жүйке үштарына бай. Түксіз тері эпидермисінде, мысалы, мүрын, ерін қаңсарларының теріүсті қабатында бір-бірінен анық ажырайтын бес қабат болады. Оларға: төменнен жоғарыға қарай негіздік (базальды), қылтанақты, дәншелі, жылтырауық және мүйізді қабаттар жатады.

Төменгі негіздік (базалды) қабатты негіздік жарғақта бір қабатта орналасқан, пішіні призма тәрізді эпителиоциттер (эпидермоциттер) қүрайды. Олардың аралықтарында аздаған меланоциттер кездеседі. Эпидермоциттер бір-бірімен өзара десмосомалар, ал негіздік жар- ғақпен жартылай десмосомалар арқылы байланысады. Негіздік қа- баттың эпидермоциттері митоз арқылы үздіксіз көбейіп жататын жас камбиальды торшалар. Олардың цитоплазмасында белокты син- тездеуге қатысатын органеллалардың барлығы да (гранулалы эндо- плазмалықтор, рибосомалар, Гольджкешені) жақсы жетілген. Эпи-

дермоциттердің аралықгарындағы өсінділі меланоциттер бояғыш зат меланин пигментін түзеді. Күннің ультракүлгін сәулелері әсеріне байланысты меланин көп мөлшерде түзіліп, тері күңгірттеніп, организмді күн сәулелерінің қатерлі әсерлерінен қорғайды.

Қылтанакты қабатты пішіні дөңгелекше немесе көп қырлы келген, 2-3 қатарда орналасқан эпидермоциттер түзеді. Бүл эпи- дермоциттер қабатын “қылтанақты қабат” — деп атаудың себебі, осы қабаттағы эпидермоциттерді жеке оқшаулаған кезде, олардың денелерінде қылтанақ тәрізді өсінділері болады. Эпидермоциттер цитоплазмасында жүмсақ мүйізді белоктық жіпшелер тонофибрил- лалар түзіле бастайды. Қылтанақты қабаттағы эпидермоциттердің аралықгарында терінің бөгде заттарға немесе түрлі сыртқы әсер етуші факторларға қарсы реакциясын қамтамасыз ететін арнайы иммуіщық дендроциттер (Лангерганс торшалары) де кездеседі. Бүлардың эпи- дермоциттер арасындағы үлесі 2-7% -ға тең. Қылтанақты қабат эпи- дермоциттері митоз арқылы бөлініп, көбеюге бейім. Сондықтан, базальды және қылтанақты қабаттарды біріктіріп, өсу қабаты — деп те атайды.

Дәншелі қабатты 2-4 қатарда орналасқан, пішіні сопақша келген, цитоплазмасында жүмсақ мүйізді зат кератогиалин дән- шелері болатын эпидермоциттер қүрайды. Эпителиоциттер қабат- тары жоғарылаған сайын, кератогиалин дәншелері көбейіп, тоно- фибриллаларға сіңіп белсенді мүйізделеді де, эпителий торшалары кератиноциттерге айналады. Бүлардың цитоплазмасында ядро мен органеллалар болмайды. Торшалар толығымен жұмсақ мүйізбен толады да, жылтырауық қабатты қүрайды.

Жылтырауық қабат кератиноциттерінің цитоплазмасындағы тонофибриллалары мен кератогиалин мүйізді заты бірігіп, біртүтас мөлдір сәуле сындырғыш жүмсақ мүйізді зат элеидинге айналады. Кератиноциттер цитоплазмасындағы май тамшылары мен еріткіш ферменттер бірігіп, кератосомалар түзіледі де, эпителий торшалары аралықтарындағы саңылауларға шығарылады.

Мүйізді қабат эпидермистің ең қалың қабаты. Эпидермоцит- тердің қалың қабықшаларын қүрайтын мүйізді зат пен қуысындағы мүйізді жіпшелер және оларды желімдеп біріктіріп түрған аморфты мүйізді зат қатайып, қатты мүйіз кератинге айналады. Эпидермо- циттердің ішіндегі мүйізді заттар аралықтары ауа мен май тәрізді затпен толған кератиноциттер бір-бірімен торшааралықдесмосома- лармен өзара байланысып, қатты мүйізді қабыршақтарға айналады. Міне, осылай белгілі ортаға бейімделген, қүрылымы ерекше кдбыршақтар берік те серпімді келеді және жылу өткізбейді. Мүйізді қабат эпидермис қабаттарының ішіндегі ең қалың қабат. Терінің сыртқы бетіндегі қызметін тоқтатқан мүйізді қабыршақтар, төменгі қабаттардағы қабыршақтармен байланысын үзіп, қайызғақтанып түсіп отырады. Сөйтіп, тері әр түрлі лас бөгде заттардан, микроор- ганизмдер мен паразит (тоғышар) қүрттардан үздіксіз тазаланып

отырады. Терінің бұл қызметін эпидермистің элиминативті қызметі— деп атайды. Қалыпты жағдайда эпидермистің негіздік қабатындағы эпидермоциттердің көбеюі, оның сыртқы бетіндегі қабыршақтардың қайызғақтанып бөлініп түсіп отыру жылдам- дығына тең болады, яғни базальды қабаттағы эпидермоциттердің бөлініп көбеюі мен сыртқы бетіндегі қабыршақтардың түсу қар- қыны бір-біріне сәйкес келеді.

Эпидермисте зат алмасу лроцесін дермадан негіздік жарғақ арқылы келетін үлпа сүйығы іс жүзіне асырады. Эпидермис сезімтал жүйке үштарына бай.

Түкті тері эпидермисінде түзуші, дәншелі және мүйізді үш қабат қана ажыратылады.

Эпидермистің сыртқы бетінде жүмсақ мүйізді зат түрақгы түзіліп отырады. Осы қасиетіне байланысты эпидермисті жазық голокринді бездерге жатқызады. Дененің әр түрлі аймақгарындағы тері эпидер- мисінің қалындығы біркелкі емес. Оның қалыңдығы тері түктерінің жиілігіне, жануарлар түрлеріне, олардың тіршілік жағдайларына, жыл маусымдарына тікелей байланысты. Мысалы, түгі сирек терінің эпидермисі қалың, ал керісінше, түгі қалың теріде ол жүқа болып келеді.

Жылы жақга тіршілік ететін жануарлардың тері түктері сирек, ал суық аймақтардағы жануарлардың түктері қалың болатындығы баршаға мәлім. Сондықтан, жылы аймақтардағы жануарлардың эпидермисі суықжақгағы жануарларға қарағанда қалың болып келеді. Дәл осылай, оның қалындығы жыл маусымдарына сәйкес өзгеріп отырады. Көктемде, жануарлар түлеген кезде, эпидермис кдлындайды, ал күзден бастап қысқа қарай ол жүқарады. Себебі тері түктері қалыңдайды. Терінің үнемі үйкелісте болатын немесе үздіксіз қысым әсер ететін жерлерінің эпидермисі мүйізденіп қалыңдайды.

Дерма (derma) немесе нағыз тері қабаты (corium) терінің ең қалың қабаты (98-99%). Ол өз кезегінде сыртқы емізікше және ішкі торлы қабаттардан күралған.

Емізікше қабат (stratum papillare) эпидермистің астындағы көптеген емізікше тәрізді қүрылымдар түзетін борпылдақ дәнекер үлпалық қабат. Оны эпидермистің базальды қабатынан негіздік жарғақ (membrana basalis) бөліп түрады. Бүл қабатты борпылдақ дәнекер үлпасы коллаген талшықтарының жіңішке шоғырлары, теріге серпімділік қасиет беретін эластин талшықтарының торы, ретикулин талшықтары және борпылдақ дәнекер үлпасының торшалары: фиброциттер, гистиоциттер, ретикулоциттер, үлпа базофилі қүрайды. Ол эпидермистің ішіне еніп, пішіні әр түрлі емізікшелер түзеді. Кдбаттың емізікше аталуы да осыған байланысты. Бүл қабатта кдн және лимфа тамырларының өрімдері мен тораптары көптеп кездеседі. Сондықтан, бүл қабатты қоректердіргіш қабат — деп атайды. Жүнді, түбітті көп беретін қой, ешкі түқымдары терісінде емізікше қабат қалың болып келеді. Демек, емізікше қабат терінің

қүрылымдық процесіне белсенді қатысады.. Емізікше қабат шекарасыз торлы қабатпен жалғасып кетеді.

Торлы қабат (stratum reticulare) бір-бірімен торлана тоқылған коллаген талшықтарының шоғырлары будаларынан және олардың арасындағы серпімділік қасиет беретін эластин талшықтарынан қүралған, тығыз қалыптаспаған дәнекер үлпасынан түрады. Бүл қабаттың 98-99% -ы әр түрлі бағытта орналасып, бір-бірімен ілмектеніп торланып, берік тор түзетін коллаген талшықтарының шоғырлары құрайды. Талшықтар шоғырларының қалыңдығы, олардың тоқылу түрлері мен пішіні жануарлардың түрлеріне, түқымына және дене аймақтарына байланысты болып келеді.

Дермада терідегі тері туындылары май және тер бездері мен түк түбірлері болады.

Теріасты қабаты немесе шел қабаты (tela subcutanea) тері дермасының торлы кдбатын жануарлар денесінің беткей шандырымен байланыстырып түртын терінің төменгі қабаты. Шел қабаты борпылдақ дәнекер үлпасынан түрады. Ол терінің қозғалмалылығын қамтамасыз етумен қатар, дене қызуын реттеуге кдтысады. Қоңды жануарларда шел қабатында қор ретінде май үлпасы жиналады. Жануарлардың түрлеріне байланысты шелдегі май қабаты дененің әр түрлі аумақгарында қорланады (өркеш, қүйрықт.б.). Бүл қабатпен ірі қан және лимфа тамырларының тораптары өтеді. Терінің қан тамырларының өрімдері мен тораптарында организмдегі қанның 10 пайызы қор ретінде сақталады.

Терідегі зат алмасуды қамтамасыз ететін қан және лимфа тамырлары әр түрлі тамырлар тораптарын түзеді. Олардың терідегі орналасу орындары да түрліше болады. Арналары кең ірі қан тамырларының торабы беткей шандыр мен терінің теріасты қабаты аралығымен өтеді. Екінші қан тамырлар торабы торлы қабаттың астында орналасады. Бүл тораптың қүрамында веналық жалға- маларды (анастомоздарды) байқауға болады. Келесі жүқа қабырғалы қан тамырлар торабы дерманың торлы және емізікше кдбаттарының шекараларында жатады. Ең жүқа қабырғалы қан капиллярлар торабы эпидермис пен емізікше қабаттың аралығында орналасып, аталған қабаттар арасындағы зат алмасу процесін қамтамасыз етеді. Осы әр түрлі деңгейде өтетін қан тамырлары өзара бір-бірімен байланысып, терідегі жалпы қан тамырлар торабын түзеді. Терінің бүлай белсенді тамырлануы, оның атқаратын қызметтерімен тікелей байланысты. Тамырлардың осылай орналасуы және олардың ішінде артерия- веналық анастомоздардың көп болуы, жануарлар дене қызуының түрақтылығын реттеуге мүмкіндік береді.

Терінің лимфа тамырлары эпидермоцит арасындағы торшааралық саңылаулардан бастама алады. Бүдан соң, олар үш деңгейде: беткей, ортаңғы және терең теріастылық лимфа тамырларының торларын түзеді. Бүл торлардан шығатын әкелгіш лимфа тамырлары аріфілы үлпа сүйығы дененің тиісті аймақгарындағы лимфа түйіндеріне бағытталады.

Теріні жұлын мен мидан таралатын афференттік, эфференттік сомалық жүйкелер және олардың қүрамындағы тері тамырлары мен бірыңғай салалы ет үлпасы қызметтерін реттейтін симпатикалық жүйке жүйесінің жүйке талшықгары жүйкелендіреді.

Терінің дамуы. Жануарлар онтогенезінде тері эпидермисі сыртқы үрық жапырақшасы эктодермадан, нағыз тері /дерма/ мезодерманың дерматомынан, теріасты қабаты — шел мезен- химадан дамиды. Іштегі дамудың алғашқы кезеңінде эпидермис бірқабатты эпидермоциттерден қалыптасып, соңынан оның қү- рылысы күрделеніп, көпқабатты эпидермиске ауысады. Қүрылысы жағынан күрделену процесі мезодерма сомитінен қалыптасқан дермотом мен мезенхимада да қатар жүріп, олардан дерма мен шел қабаттары жетіледі. Іштөлінің даму мерзіміне қарай тері қабаттарымен қатар тері туындылары да күрделеніп жетіле бастайды. Осы кезеңдерде эктодермадан тері түктері мен бездері, майтабан, түяқ, тырнақ, мүйіз дами бастайды. Іштөлі терісі мен оның туындыларының қалыптасу процесі жылқы мен сиырда 4- 4,5 ай, қойда 2,5-3,5 ай, шошқада 2 ай мерзім ішінде негізінен аяқталады.

Филогенезде төменгі сатыдағы омыртқасыз жөндіктердің тері жабыны эктодермадан жетілген бір қабат эпидермоциттерден ғана түрады. Хордалы жануарлардың ішінде қандауырша (ланцетник) терісінің қүрылысы қарапайым. Ол екі қабаттан: сыртқы эпидер- мистен (бір қабат цилиндр тәрізді эпидермоциттерден қүралған) және оның астындағы нашар жетілген дәнекер үлпалық дермадан түрады. Қосмекенділер личинкасында эпидермис екі қабат эпидер- моциттерден қүралған. Дөңгелек ауыздылардан бастап барлық хордалы жануарлардың тері эпидермисін көпқабатты жалпақ эпителий құрайды. Жануарлар денесі қүрылысының күрделенуіне сәйкес терінің қүрылысы да күрделеніп, мезодермадан дерма дамиды. Теріде эпидермис пен тері түктеріне қажет тері бездері дамып жетіле бастайды. Бастапқы кезде, мысалы, балықтарда тері бездері кілегей бөлуге ғана маманданған бір торшалы бездер түрінде дамиды. Кейіннен олар күрделеніп, көп торшалы бездерге ауысады. Бүған мысал ретінде қосмекенділер терісіндегі көпторшалы көпіршікше бездерді жатқызуға болады. Қоршаған орта әсерлеріне бейімделу, организмдегі белгілі бір зат алмасу процесін қамтамасыз етуге мамандану нәтижесінде сүтқоректі жануарларда тер, май, сүт бездері, қүстарда қүйрық бездері дамыды. Жануарлардың өр түрлі тіршілік ортасына бейімделуіне байланысты, олардың те- рілерінде жануарлар түрлеріне тән тері туындылары дамып жетілді. Мысалы, балықтарда қабыршақ, жүзу қанаттары; бауырымен жорғалаушыларда қабыршақ, тырнақ; күстарда қауырсын, тырнақ; сүтқоректілерде тері түктері, майтабан, түяқ, тырнақ, мүйіз т. б.

ТЕРІ ТУЫНДЫЛАРЫ

Tepi туындылары организмнің даму процесі барысында тері қабаттарынан жетілетін мүшелер. Оларға: тері түктері, тер, май және сүт бездері, майтабан, мүйіз түяқ, мүйіз және әр түрлі жануарларға тән арнайы бездер жатады.

Түк (рііі) омыртқалы жануарлардың ішінде тек сүтқоректілерге тән тері туындысы. Түк әр түрлі жануарларда түрліше болып келеді. Тіпті, бір организмнің өзінде де, терінің түрлі аймақгарында қүры- лысы әр түрлі түктер кездеседі. Мысалы, түйе терісінде қасиеттері әр түрлі 5 түрлі түктер өсетін тері аймақгары ажыратылады. Түкті жабын жануарлар терісін сыртынан жауып, организмді суықган, ылғалдан, әр түрлі механикалық және т.б. әсерлерден қорғап, денедегі жылылықтың сақгалуын қамтамасыз етеді. Үй жануарларында тері түктерінің бірнеше түрлері кездеседі: кылшық, қыл, түбіт, жүн, ал пішіні мен мөлшеріне байланысты үзын, қысқа, жуан, жіңішке түктерге ажыратылады.

Тері түктері орналасу орындары мен атқаратын қызметіне байланысты: жабынды, үзын және сезімтал түктер болып үш топқа бөлінеді. Жабынды түктер теріні сыртынан жауып түрады. Жылқы мен сиыр терісінің жабынды түктері қылшық, қой мен түйеде қылшық пен жүн талшықтары, ешкіде қыл мен түбіт. Биязы жүнді қой терісіндегі түктер тек жүн талшықтарынан түрады. Үзын түктерге жылқыдағы кекіл (cirrus capitis), жал (juba), шаша (cirrus pedis), жылқы мен сиырдағы қүйрық (cirrus cauda), ешкідегі сақал жатады. Сезімтал немесе синуозды түктер сезімтал жүйке үштарына бай болады. Олардың түк баданасы басқа түктерге қарағанда тереңде орналасады. Сезімтал түктер жануарлардың түмсық, иек аймақтарында және көздің айналасында жекеленіп орналасады.

Түк тығыз да, иілгіш және серпімді мүше. Ол мүйізделген эпидермоциттерден қүралған. Түктің тері бетіндегі көрінетін бөлігін түк сабағы (scapus рііі), тері ішіндегі бөлігін түк түбірі (radix рііі) — деп атайды. Түк түбірінің терідегі пияз түбіріне үқсас жуандап аяқгалатын бөлігін түк баданасы (bulbus рііі) — дейді. Түк баданасы түктің өсетін бөлігі. Бүл жерде түкті күрайтын эпидермоциттер бөліну арқылы көбейіп, мүйізделіп түктерді қүрап, олардың өсу процесін қамтамасыз етеді. Түк баданасының төменгі жағында, оның ішіне үңгілей еніп, керекті қоректі заттармен қамтамасыз ететін түк емізікшесі (papilla рііі) болады. Ол қан, лимфа тамырлары мен жүйке үштарына бай борпылдақ дәнекер үлпасынан түрады.

Тері түгі бір-бірінен анық ажырайтын үш қабаттан: кутикула, қыртысты қабат және түк өзегінен түрады. Сыртынан түк жүқа кутикула қабатымен қапталған. Кутикула мүйізделген тым жүқа қабыршақтардан түрады. Жануарлар тері түктерінің әр түрлі пішінде болуы осы кутикулаға байланысты. Кутикула тері түкгерін химиялық және механикалық әсерлерлен, ылғалдан, жарықтан және т.б.

зиянды фактолардан қорғайды. Тері тұгінің негізін ортаңғы қыртысты қабат құрайды. Ол кутикуланың астында орналасады. Тері түгінің беріктігі, иілгіштігі, серпімділігі, созылғыштығы осы қыртысты қабатқа тікелей байланысты. Мысалы, бүл қабат түлен мен күндызда жақсы, ал қоян мен бүғыда нашар жетілген. Міне, осыған байланысты аталған жануарлар терілеріндегі түктердің беріктігі өр түрлі болып келеді. Қыртысты қабатты үзынша келген мүйізделген эпидермис торшалары түзеді. Бүл қабаттағы эпидермоциттерде түктің түрі-түсін анықтайтын бояғыш пигмент меланин болады. Үтітінтіті ең ішкі қабат түктің орталығында жатқан түк өзегі. Бүл қабатты текше немесе көпбүрышты жартылай мүйізделген эпидермоциттер қүрайды. Өзектің орталығындағы эпидермоциттер цитоплазмасында жүмсақ мүйізді зат кератогиалин болады. Өзектің шетіне қарай жақындаған сайын эпидермоцит цитоплазмасындағы кератогиалин элеидинге, одан соң қатты мүйіз кератинге ауысады.

Түк түбірін сыртынан түк қабы немесе түк фолликулы (folliculus рііі) қаптап жатады. Ол екі қабаттан түрады. Сыртқы түк қапшығы (capsula рііі) тамырлар мен жүйке үштарына бай борпылдақ дәнекер үлпасынан қүралған. Ал ішкі қабаты түк түбірінің қынабы (vagina radicis) эпидермистің тері ішіне үңгілене енген жалғасы. Ол көп қабатты жалпақ мүйізделген эпителийден түрады. Аталған қабаттар бір-бірінен негіздік жарғақпен бөлінген.

Теріде түктер қиғаш орналасып, тері бетіне көлбей шығады. Түктің тік немесе бүйра, қылшық немесе түбіт болып өсуі түк фолликулының қүрылысы мен пішініне байланысты. Бірыңғай салалы ет үлпасынан күралған түк көтергіш ет терінің емізікше қабатынан басталып, түк түбіріне жалғасады. Түк көтергіш ет жиырылыгі, тері түктері түбірлерін тартыгі көтеріп, тері бетіндегі түк сабақтарын тікірейтеді. Тері түктері, терінің сыртқы бетінде пішіні әр түрлі түк ағындарын (flumen pilorum) жасайды. Олардың пішіндері дөңгелекше не сызықша болып келеді. Ағындардың түктері не сыртқа қарай (дивергентті) немесе ішкі бағытта (конвергентті) орналасады. Жануарлардың тері түктері белгілі бір мерзімге дейін өсіп жетіліп, сезім түктерден басқалары түлеп отырады. Түлеу кезінде түк баданасының негіздік қабатындағы түзгіш эпителиоциттерге түк емізікшесінен тиісті мәлшерде қоректік заттар келмейді. Нәтижесінде түзгіш эпителиоциттердің көбею процесі тоқтап, олардың түк сабағына жақын жатқан бөлігі мүйізденеді де, түк баданасының тірі эпителиоциттерінен бөлінеді. Осыдан соң, түбірдегі сабақ түк фолликулы өзегімен сыртқа қарай жылжып, түсіп қалады. Бүл процесті түлеу — деп атайды. Түлеу кезеңі біткенннен кейін, түк баданасы торшаларына қоректік зат керекті мөлшерде жеткізіледі де, түк баданасы эпителиоциттерінен жаңадан түк өсіп жетіледі. Жыл маусымына байланысты түлеу, әсіресе, жабайы аңцарда айқын көрінеді. Үй жануарларында да, мысалы, ит пен сиырда, маусымдық түлеу байқалады Ал басқа

жануарларда түлеудің аралас түрі кездеседі. Төлдердің туғаннан кейінгі белгілі мерзім ішінде тері түктерінің топтап түлеуін “ұлавдық немесе ювенальді түлеу” — дейді. Бүған мысал ретінде қүлынның жабағысын тастап түлеуін келтіруге болады.

Түктің дамуы. Тері түгі эпидермистен дамиды. Бастапқы кезде тері түктері дамитын түстарда эпидермисте эпидермоциттер белсенді түрде бөлініп көбейе бастайды. Эпидермис қалындап, астындағы мезенхимаға төмен қарай бойлай өсе бастайды. Эпидермис өсін- ділерінің үштары жуандап, түк баданасына айналады. Мезенхимадан бадана ішіне түк емізікшесі еніп, үздіксіз көбею сатысындағы эпителиоциттерді қоректік затпен қамтамасыз етеді. Түк баданасы эпителиоциттерінен түк сабағы түзіліп, эпидермис өсіндісінің орталығы арқылы терінің сыртқы бетіне тесіп өтеді де, түк фолликулының өзегін жасайды. Осы кезде эпидермис өсіндісінің орта тұсынан май бездері жетіліп, олардың өзектері түк фолликулы өзегімен жалғасады. Эпидермис өсіндісінің эпителиоциттер қабаты өз кезегінде сыртқы және ішкі түбір қынаптарына ажырайды. Түк түбірінің сыртындағы мезенхимадан түп қапшығы және онымен байланысқан түк көтергіш ет будасы дамып жетіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]