Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KIRISPE.doc
Скачиваний:
219
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
3.14 Mб
Скачать

VII тарау бойынша бақылау сұрақтары:

  1. Жануарлар организмдері кұрылысы мен дамуының негізгі заңцылықтарын қайталап, олардың маңызын түсіндіріңіз.

  2. Омырткэльі жануарлар дене құрылысының зандылықтарын еске түсіріп, оларга байланысты денедегі жазықтықтар мен бағыттарды атаңыз.

  3. Жануарлар денесінің біліктік бөлімі қандай бөлімдер мен аумақгардан турады?

  4. Алдыңғы аяк. қандай бөлімдер мен аумақтардан тұрады?

  5. Артқы аяқ кдндай бөлімдер мен аумакгардан тұрады?

  6. Тарау мәтініндегі барлық қазақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп жазып алып, оларды жаттаңыз.

VIII тарау. ТІРЕК-ҚИМЫЛ АППАРАТЫ

Тірек-қимыл аппараты жануарлар организмдерінің кеңістіктегі қозғалыстарын (жүру, жүгіру, ұшу, өрмелеу, секіру, жүзу), тыныштық жағдайындағы дене мүшелерінің салыстырмалы қимылын іс жүзіне асырады. Қүрылысы тым күрделі тірек-қимыл аппараты бір-бірімен тығыз байланыста қызмет атқаратын сүйектер жүйесі (қаңқа сүйектері, байламдар) мен бүлшық еттер жүйесінен қүралған. Тірек-қимыл аппараты жануарлардың сыртқы дене (грек. soma) бітімі мен пішінін қалыптастырады.

Қаңқа

Қаңқа (сүйектер жүйесі, скелет) — бір-бірімен өзара белгілі бір зандылықпен байланысқан қатты мүшелер — сүйектер мен шеміршектердің жүйесі. Қаңқаны анатомияның остеология (грек. os — сүйек, logos — ілім) бөлімі зерттейді. Скелет — гректің skeleton (кебу, сему) деген сөзінен шыққан.

Қаңқа жануарлардың сыртқы дене бітімін анықтаумен қатар, қаңқа сүйектері бір-бірімен қозғалмалы байланысып, бүлшық еттер үшін тіректік жөне рычагтық қызметтер атқарады. Сондай-ақ, сүйектер бір-бірімен түтаса байланыса отырып, организмнің тіршілігі үшін қажетті мүшелерді (ми, жүлын, өкпе, жүрек, бауыр, бүйрек, жыньіс бездері, жатыр, куықт.б.) қоршаған ортаның қатерлі әсерлерінен қорғайтын берік қабырғалар жасау арқылы қорғаныс қызметін де іс жүзіне асырады. Жануарлар организмдеріндегі минералды түздардың дені қаңқа сүйектерінде жинақталған. Сүйектер кемігі үяшықтары мен жіліктер қуысында қоректік заттар көзі ретінде майдың (липид) қоры сақгалады. Сондықтан, қаңқа сүйектері организмдегі минералды және май алмасуларына қатысады. Сүйектердің қызыл кемігі майында қан түзілу процесі (эритроциттер, лейкоциттер, қан табақшалары түзіледі) — гемопоэз жүреді.

Қаңқаның денедегі үлес салмағы жануарлардың түрлеріне, жасына, жынысына, түқымына, физиологиялық жағдайларына (буаздық, сауылу т.б.) байланысты 6% -дан 13% -ға дейін өзгеріп отырады. Мысалы, сиырдың етті түқымында қаңқа сүйектерінің үлес салмағы сүтті түқымына қарағанда аздау болады.

СҮЙЕКТІҢ ҚҮРЫЛЫСЫ, ХИМИЯЛЫҚ ҚҮРАІУІЫ ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

Сүйектер жүйесін (қаңқаны) қүрайтын мүшелер — сүйектер. Сүйек мүше ретінде сыртынан дөнекер үлпалы сүйекқаппен қапталған. Сүйекқап арқылы сүйекке қан тамырлары мен жүйкелер еніп, оның қоректенуі мен сезімталдығын қамтамасыз етеді.

Сүйекқап (periosteum) екі қабаттан түрады. Сүйекқапқа беріктік қасиет беретін, оның сыртқы талшықты қабаты (stratum fibrosum) талшықты дәнекер үлпасынан қүралған. Ал сүйекпен тікелей жанасатын ішкі түзгіш (камбиальды) қабатында (stratum cambiale) қоректендіруші қан тамырлары аз болады. Бірақ, бүл қабатта сүйек ұлпасын түзетін жас торшалар — остеобласттар (osteoblastus) көптеп орналасады. Остеобласттар жас төлдер сүйектерінің қалындап өсуін, ал сақа жануарлардың сынған, болмаса жарылған сүйек- терінің қалпына келуін қамтамасыз етеді. Сүйектер де, басқа мүшелер сияқты бірнеше үлпалардан (дәнекер, шеміршек, жүйке ұлпалары) қүралғанымен, олардың негізін сүйек ұлпасы қүрайды.

Сүйекке беріктік қасиет беретін, оның тіректік қызметін іс жүзіне асыратын сүйек бөлігі — тығыз сүйек заты (substantia ossea compacta). Тығыз сүйек затын бір бағытта тығыз орналасқан сүйек тақгашалары (пластинкалары) күрайды. Тығыз сүйек затынан сүйектердің сыртқы қатты қабаттары мен жіліктердің денелері (диафиздері) қүралған. Жіліктердің бастары (эпифиздері) мен омыртқалардың, қабырғалардың және басқа сүйектердің сыртқы тығыз сүйек затының астында орналасып, ішкі негізін қүрайтын сүйектің бөлігін кемік сүйек заты (substantia ossea spongiosa) — деп атайды. Кемік сүйек затының сүйек тадташалары сүйектерге сыр'гтан түсетін күштерге сәйкес әр түрлі бағытта орналасады. Сүйек тақташалардың ара- лықтарындағы тым үсақ куысты үяшықтарда организмдегі қантүзілу процесін іс жүзіне асыратын сүйектің қызыл кемігі майы (medulla ossium rubra), ал жіліктердің куыстарыңца жілік майы (medulla ossium flava) орналасады. Сүйектердің буындық беттері гиалинді шемір- шекпен (cartilago articularis) қапталады,

Сүйектіц қүрамында органикалық және бейорганикалық заттар болады. Жаңадан сойылған жануар денесінен алынған сүйектің химиялыққүрамының 28,2% -ын органикалықзат қүрайды. Оның ішінде белоктық коллаген (оссеин) талшықтарының үлесі 12,7%, ал май 15,5%. Коллаген талшықтары сүйекке серпімділік және иіл- гіштік қасиеттер береді. Сүйектің бейорганикалық бөлігінің 50 %-ы су, ал қалған 21,8% -ын минералды түздар қүрайды. Бүлардың 85% -ы кальций фосфатының, 10,5% -ы калыдий карбонатының, 1,5%-ы магний фосфатының түздары үлестеріне, ал қалған 3% -ы ас түзының үлесіне тиеді. Организмдегі барлық минералды түздардың 98% -ы сүйекте жинақталған. Олардың дені кальций (99%) және фосфор (87%) түздарының үлесінде..Минералды түздар сүйекке қаттылық қасиет береді. Сүйектің беріктік қасиеті органикалық заттың серпімділік және иілгіштік қасиеттері мен минералды түздардың қаттылық қасиеттерінен қүралады. Егер сүйектің құрамында қалыпты жағдайдан органикалық заттың үлесі көбейіп, минералды түздар азайса, онда сүйек иілгіш (мешел, көтерем ауруларында байқалады) болып келеді. Ал, керісінше, оның қүрамында минералды түздардың үлесі көбейсе, онда сүйек

омырылғыш және сынғыш келеді. Қаңқа сүйектерінің химиялық қүрамы мен физикалық қасиеттері жануарлардың түрлеріне, түқымына, жасына, жынысына, физиологиялық кезеңцеріне тіке- лей байланысты. Мысалы, жас төлдің қаңқа сүйектерінің қүра- мында органикалық заттар мен су көп мөлшерде болады. Ал сақа жануарлар сүйектерінде, керісінше, бейорганикалық заттардың мөлшері көбейіп, су азаяды. Бүлардың сүйектері морт сынғыш, омырылғыш келеді.

Жас телдердің күтімі нашар, азықтануы сапасыз да қүнарсыз болса, онда қаңқа сүйектерінің өсіп сүйектенуіне қажет Д витамині жетіспей, кальций түздарының сүйекке сіңірілу мөлшері азаяды. Осының нәтижесінде төлдерде мешел (рахит) ауыруы дамиды. Ал сақа малдарда аталған себептердің салдарынан минеральдық зат алмасу бүзылып, жануарлар организмінде осыған байланысты әр түрлі аурулар, мысалы, остеомаляция, остеодистрофия сияқты дерттер өрбиді.

Жалпы жануарлар қаңкдсының сүйектеріне қаттылық, беріктік, серпімділік қасиеттері тән. Осы аталған қасиеттерімен қатар, сүйектер “Орын мен материальды үнемдеу” заңына сәйкес жеңіл болып келеді.

ҚАҢҚА СҮЙЕКТЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУЫ

Қаңқа сүйектерінің пішіні, олардың қаңқадағы орналасу орындары мен атқаратын қызметіне байланысты әр түрлі болып келеді. Жануарлар қаңқасында үзын, қысқа, жалпақ, аралас және ауалы сүйектер ажыратылады.

Үзын сүйектерге (os longum) жіліктер мен қабырғалар жатады. Жіліктер қүрлықта тіршілік ететін жануарлар аяқтарының дамуына байланысты жетілген. Олар — іші қуыс түтікше сүйектер. Жілікгің жоғарғы басын проксимальды эпифиз (epiphysis proximalis), төменгі басын дистальды эпифиз (epiphysis distalis), ал оның ортаңғы үзын қатты денесін диафиз (diaphysis) - деп атайды. Жілік бастарының негізін кемік сүйек заты қүрайды. Оларды сыртынан тығыз сүйек затының жүқа қабаты қаптап түрады. Диафиздің жілік майы орна- ласқан қуысы (cavum medullare) болады.

Қабырғалар үзын имек сүйектерге жатады. Олар сыртынан тығыз сүйек затының қабатымен қапталған. Қабырғалардың ішкі негізін кемік сүйек заты қүрайды. Оның үяшықтарында сүйектің қызыл кемігі майы болады.

Қысқа сүйектерге (os breve) тізе, тілерсек, тиек және қысқа бақай сүйектері жатады. Олардың үзындығьі, ені, биіктігі, қалындығы шамамен бір-біріне шамалас болыи келеді. Қысқа сүйектер сыртынан тығыз сүйек затының қабатымен қапталған, ал сүйектердің ішкі негізін кемік сүйек заты қүрайды. Қысқа бақай сүйектерінің қүрылысы жіліктерге үқсас.

Жалпақ сүйектерге (os planum) жауырын, жамбас, төссүйек, бассүйектің жабынды жалпақ сүйектері жатады. Жалпақ сүйектер де сыртынан тығыз сүйек затының қабатымен қапталған. Олардың астында кемік сүйек заты орналасады.

Аралас сүйектерге (os mixtum) омыртқалар, бассүйектің негіздік сүйектері (шүйде, сынаша т.б.) жатады. Бүларға қысқы және жалпақ сүйектерге тән қасиеттер ортақ, яғни олар қысқа және жалпақтау болып келеді.

Ауалы сүйектерге (os pneumaticum) жоғарғы жақ, маңдай сүйектері және қүстардың жіліктері жатады. Бассүйектің мандай және жоғарғы жақ сүйектерінің ішкі жағында кілегейлі қабықпен қапталған ауалы қойнаулары болады. Бүл қойнаулардың ішкі беттері кілегейлі қабықтармен астарланған. Ауалы сүйектер берік те жеңіл болып келеді. Ауалы бассүйектердің бүлшықеттер бекитін кең көлемді беттері болады.

Жануарлар қаңқаларының сүйектерін оқығанда, олардың күрылысында кездесетін морфологиялық тетіктерге жете көңіл бөлу қажет. Оларға: жіліктердің эпифиздері мен диафиздерінің аралық- тарында орналасатын метафиз (metaphysis), сүйектерде болатын тетіктер: өсінді (processus), төмпек (tuber), төмпешік (tuberculum), қыр (crista), бүдыр (tuberositas), бет (fades), жиек (margo), шүңқыр (fossa), ойыс (fovea), шүңқыршық (foveola), сай (sulcus), ойық (incisura), саңылау (fissura), өзек (canalis), қуыс (cavum), тесік (foramen) жатады.

Қаңқа сүйектерінің дамуы. Жануарлар организмдерінің қаңқалары сүйектерінің даму сипатына байланысты біріншілік сүйектер және екіншілік сүйектер болып екі топқа бөлінеді.

Біріншілік сүйектер даму барысында бірін-бірі кезегімен алмас- тыратын үш кезеңнен өтеді. Олар: жарғақгық, шеміршектік және сүйектік кезендер. Үрықтық дамудың алғашқы сатыларында дене қаңқасы сүйектерінің қызметін жүмсақдәнекер ұлпалық жарғақтар құрайды. Бүл қаңқа сүйектері дамуының бірінші жарғактықкезеңі. Эмбриондық дамудың келесі сатыларында жарғақтық қаңканы шеміршек қаңқа алмастырады. Бүл процесс жануарлар іштөлдерінің эмбриондық даму мерзіміне байланысты түрлі уақыт өлшемімен сипатталады. Дәнекер үлпалық жүмсақ жарғақтар қатты шеміршек үлпасына айнала бастайды. Шеміршек қаңқаның шеміршектері болашақ сүйек қаңқа сүйектерінің пішініне үқсап, олардың шеміршектік моделдеріне айналады. Бүл кезеңді шеміршектік кезең— деп атайды. Үрықтық дамудың бүдан кейінгі сатыларында шеміршектер сүйектену процесі арқылы эмбрионның қаңқа сүйектеріне айналады. Бүл — сүйектік кезең. Жануарлар қаңқа- сының біріншілік сүйектеріне түлғаның, аяқтардың және бас- сүйектің негіздік сүйектері жатады. Ал қаңқаның екіншілік сүйектері тек екі: жарғақтық және сүйектік кезендерден өтеді. Екіншілік сүйектерге бассүйектің жабынды жалпақ сүйектері жатады.

Эволюциялық даму барысында жануарлар қаңқалары да үш даму кезеңінен: жарғақтық, шеміршектік және сүйектік кезендерден өтеді.

Жануарлар филогенезінде жарғақты қаңқа алғашқы рет хорда- лылар типінің қарапайым өкілі қандауыршада (ланцетниктерде) дамып жетіледі. Эволюциялық дамудың келесі сатыларында омыртқалы жануарларда жарғақтық қаңқаны шеіміршектік қаңқа ауыстырады. Қаңқаның аталмыш түрі қазіргі кезде тіршілік ететін шеміршекті балықтарда, мысалы, акулалар мен скаттарда болады. Эволюциялық дамудың одан кейінгі сатыларында омыртқалы жануарларда шеміршектік қаңқадан сүйектік қаңқа дамып жетіледі. Қазіргі кезде хордалылар типіне жататын жануарларда кеңінен тараған қаңқа - сүйектік қаңқа. Қаңқа қүрамында аздаған шеміршектер кездеседі. Оларға жауырын, қабырғалар, төссүйек шеміршектері, буындарда кезесетін шеміршек тегіршек (тобьтқ буыны) пен шеміршек дискі (самай-төменгі жақ буыны), омырт- қалар денелері аралықтарындағы шеміршек дискілер жатады. Сүйектік қаңқалар сүйекті балықтарда, қосмекенділерде, бауыры- мен жорғалаушыларда, қүстарда, сүтқоректілерде болады.

Әрбір жануардың қаңқасы өзінің онтогенезінде ата-тектері филогенезінің негізгі кезендерін қысқаша қайталап өтеді.

Онтогенезде біріншілік сүйектер дамудың үш кезеңінен, ал екіншілік сүйектер мезенхимадан дамитын жарғақтық қаңқа және оның орнында қалыптасатын сүйектік қаңқа кезендерінен, яғни екі кезеңнен өтеді.

Онтогенездің бастапқы кезеңінде үрықтық жас дәнекер үлпа- сы — мезенхимадан жарғақтық қаңқа дамиды. Дамудың келесі

кезеңінде жарғақтық қаңқа негізінен шеміршектік қаңқаға ауысады. Бүдан кейін, шеміршектік қаңқаның кейбір сүйектерінде сүйектену ошақтары пайда болады да, шеміршекті қаңқа біртіндеп сүйектеніп, сүйектік қаңқа сүйектеріне айнала бастайды.

Қаңқа сүйектеріндегі сүйек үлпасының түзілу орнына байланысты сүйектенудің: шеміршектік немесе энхондральды және шеміршексырттық немесе перихондральды түрлері ажыратылады.

Жіліктердің бөліктеріндегі сүйектенудің өзі әр түрлі жолмен, жіліктің диафизі перихондральды, ал эпифиздері энхондральды жолмен сүйектенеді. ГІерихондральды сүйектену кезінде, сүйек үлпасы шеміршектік жіліктің диафизі шеміршекқабының ішкі бетіндегі торшалардан (остеобласттардан) түзіледі. Сүйек үлпа- сының одан әрі қалындауының нәтижесінде, жіліктің сүйектік диафизінің тығыз сүйек заты қалыптасады. Жіліктік шеміршекті жіліктің ішіне қарай енген остеобласттар мен остеокласттардың (osteoclastus — сүйек үлгіасын бүзатын торшалар) қатысуымен шеміршектік диафиздің орнында сүйек кемігі түзіледі. Жілік диафизінде остеокласттардың қатысуымен сүйек кемігі толығымен бүзылып, оның орнында жілік қуысы пайда болады. Сүйектену процесінің нәтижесінде бүрынғы шеміршектік жіліктің шеміршек үлпасы тек диафиздің екі үшы мен эпифиздердің аралығында ғана сақталып қалады. Аталған шеміршек қабат сүйектік диафиз бен сүйектік эпифиздер жағынан қүрылысы ерекше шеміршекасты (субхондральды) сүйекпен қапталған. Бүл шеміршек аралықтар мегафиздік шеміршек немесе метафиз (metaphysis) — деп аталады. Метафиз сүйек диафизі қуысы жағынан эндоостпен (endoosteum) қапталған. Метафиз бен субхондральды сүйек жіліктердің үзынынан өсуін қамтамасыз етеді.

Жілік эпифиздерінің ішінде пайда болған сүйектену ошақ- тарынан кемік сүйек заты дамиды. Оның үлғайып өсуі нәтижесінде шеміршектік эпифиздер толығымен сүйек кемігіне айналады. Бірақ, шеміршек толығымен жойьшып кетпейді. Ол эпифиздердің сыртқы буындық беттерінде және метафиздерде сақталып қалады.

Қысқа сүйектер негізінен энхондральды сүйектену жолымен дамиды. Ал сүйектерде кездесетін әр түрлі өсінділер жекеленген энхондральды сүйектену ошақтары арқылы есіп жетіледі. Бүндай ошақтарды апофиздер (apophysis) — деп атайды.

Сүйектің өсуі. Жануарлар денелерінің өсуімен қатар, қаңқа сүйектері де, көлденеңінен қалыңдап және үзынынан өседі. Олардың көлденеңінен қалындап өсуін сүйекқап остеобласттары түзетін сүйек үлпасы қамтамасыз етеді. Ал сүйектердің үзынынан өсуі метафизбен субхондральды сүйек қабаты торшалары мен эндоост остеокласттары және остеобласттарының әрекеті нәти- жесінде түзілген сүйек үлпасы арқылы іске асады. Сүйектердің диафизі мен метафиздерінің өзара түтасып кетуі — жануарлар организмінің толық жетіліп, оның өсуінің тоқталуының белгісі.

Әр түрлі жануарлар қаңқа сүйектерінің толық жетілу мерзімі, олардың түқымына, күтіміне, азықтануына, физиологиялық жағ- дайларына, өнімдік бағытына байланысты. Орта есеппен кейбір жа- нуарлардың өсіп жетілу мерзімі: жылқыда — 4,5-5 жылға; сиырда — 4-4,5 жылға; қойда, ешкіде, шошқада — 3-3,5 жылға; түйеде — 8 жылға; итте — 1,5-2 жылға; қоянда —1 жылға тең болады.

ЖАНУАРЛАР КДҢҚАСЫНЫҢ БӨЛІМДЕРІ

Жануарлар қаңқасы біліктік және шеткі қаңқа болып екі бөлімге бөлінеді

Біліктік қаңқа бас, мойын, түлға және күйрыққаңқа сүйектерін біріктіреді. Ал шеткі қаңқа алдыңғы және артқы аяқ сүйектерінен қүралған.

Біліктік қаңкд бас, мойын, түлға және қүйрық қаңқалары болып төрт бөлімге бөлінеді.

Бастың қаңқасы — бассүйек (череп) — cranium — екі бөлімнен түрады. Олар: ми сауыты (cranium cerebrale, s. neurocranium) және бет бөлімі (cranium viscerale, s. splanchnocranium).

Мойынның қаңқасын үй жануарларында 7 мойын омыртқалары (vertebrae cervicales) құрайды.

Тұлға қаңқасы өз кезегінде көкірек, бел және құйымшақ бөлімдерінен құралған. Көкірек керегесінің (thorax) қаңқасын көкірек омыртқалары (vertebrae thoracicae), қабырғалар (costae) және төссүйек (sternum), бел бөлімінің қаңқасын бел омыртқалары (vertebrae lumbales), ал құйымшақ бөлімінің қаңқасын қүйымшақ омыртқалары (vertebrae sacrales) немесе күйымшақ сүйегі (os sacrum) құрайды. Қүйрықтың қаңқасы қүйрық омыртқаларынан (vertebrae caudales) түрады. Мойын, көкірек, бел, күйымшақ және күйрық омыртқалары бірігіп, омыртқа бағаньш (позвоночный столб) - columna vertebralis — түзеді.

Шеткі қаңқа алдыңғы жөне артқы аяқтардың сүйектерінен құралған. Аяқтар қаңқасы өз кезегінде белдеу және еркін қозғалатын бөлімдерге бөлінеді.

Алдыңғы аяқтағы иық белдеуінің (cingulum membri thoracici) қаңқасын үй жануарларында жауырын (scapula), маймылдар мен мысық түқымдас жануарларда жауырын және бүғана (clavicula), ал күстарда жауырын, бүғана және қүс түмсықша (коракоид) сүйегі (os caracoideum) қүрайды.

Артқы аяқгағы жамбас белдеуінің (cingulum membri pelvini) кдңкд- сы - жамбас сүйек. Ол үш: мықын сүйек (os ilium), шонданай сүйек (os ischii), шат сүйектердің (os pubis) түтаса байланысынан түзілген.

Аяқгардың еркін қозғалатын бөлімдерінің қаңқалары оз кезегінде үш бөліктен қүралған. Олар: жоғарғы (проксимальды) бөлік стилоподий, ортаңғы бөлік зейгоподий және төменгі (дистальды) бөлік автоподий. Стилоподийді: алдыңғы аяқта тоқпан жілік (humerus), артқы аяқта ортан жілік (femoris), зейгоподийді: алдыңғы аяқта білек сүйектері (ossa antebrachii), артқы аяқга сирақ сүйектері (ossa cruris), автоподийді алдыңғы аяқта алдыңғы аяқ басы (manus) сүйектері (тізе, алдыңғы жіліншік, бақай), артқы аяқта артқы аяқ басы (pes) сүйектері (тілерсек, артқы жіліншік, бақай) күрайды.

Кдңқаның жалпы қүрылысы бойынша бақылау сүрақтары:

  1. Қаңқаның анықтамасын беріңіз. К^аңқаның жануарлар организмі тіршілігі үшін маңызы.

  2. Сүйектің мұше ретіндегі кұрылысы.

  3. Сүйектердің химиялық қүрамы мен физикалық қасиеттері.

  4. Пішініне байланысты қаңқа сүйектерінің түрлері.

  5. Қаңқаның бөлімдерін атаңыз.

  6. Біліктік қаңқаның бөлімдерін атап, олардың жалпы құрылысымен танысыңыз.

  7. Шеткі қаңқаның белімдері мен бөліктерін атап, олардың сүйектерімен танысыңыз.

  8. Аяқтар каңқасы еркін қозғалатын бөлімі бөліктерін алдыңғы және артқы аяқтарда кандай сүйектер кұрайды?

  9. Берілген тақьірыптар мәтіндерінде кездесетін кдзақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алып, оларды жаттаңыздар.

БІЛІКТІК КАҢҚА

Омыртқа бағаны (columna vertebralis) жануарлар қаңқасының біліктік бөлімінің құрамына енеді. Ол мойын, көкірек, бел, құйымшақ жөне құйрық омыртқалары бөлімдерінен күралған. Омыртқа бағанының мойын бөлімін барлық сүтқоректі жануарларда 7 мойын омыртқасы қүрайды. Көкірек бөлімінде: сиырда, қойда, ешкіде, итте — 13; жылқыда — 18-19; түйеде — 12; шошқада — 14- 15 көкірек омыртқалары; бел бөлімінде: сиырда, жылқыда, түйе- де — 6; қой мен ешкіде — 6-7; шошқа мен итте — 7 бел омыртқалары; қүйымшақ бөлімінде: сиырда, жылқыда, түйеде — 5; қой мен ешкіде, шошқада — 4; итте — 3 қүйымшақ омыртқалары; қүйрықбөлімінде: қойда - 3-24; сиырда, жылқыда -16-21; шошқа мен итте — 20-23 қүйрық омыртқасы болады.

Омыртқаның құрылысы. Омыртқа (позвонок, лат. — vertebra, грек. - spondylus) үш бөлімнен: омыртқа денесінен, омыртқа доғасынан және омыртқа тесігінен (foramen vertebrale) түрады.

Омыртқа денесінің (corpus vertebrae) краниальды жағында дөңес келген омыртқд басы (caput vertebrae), оған қарама-қарсы каудальды жағында омыртқа шүңқыры (fossa vertebrae), төменгі бетінде вентральды қыры (crista ventralis) болады.

Омырткд доғасы (arcus vertebrae) омыртқа денесінің екі бүйір қапталымен жалғасып, оның жоғарғы жағындағы сүйек тақгашасынан қүралған омыртқа болімі. Омыртқа денесі мен доғасының бір-біріне жалғасатын түсында краниальды (алдыңғы) және каудальды (артқьі) омыртқа ойықтары көрінеді. Көршілес омыртқалар аралығында аталған ойықгар бірігіп, қан тамырлары мен жүйкелер (нервтер) өтетін омырткдаралық тесіктерді (foramen intervertebrale) түзеді. .

Омыртқа доғасынан шығатын сүйек өсінділер қызметіне сәйкес бүлшық ет өсінділері және буын өсінділері болып екі топқа бөлінеді. Омыртқаның бүлшық ет өсінділеріне: жоталық, көлденең және емізікше өсінділер жатады. Бүларға омыртқа бағанының бүлшық еттері бекиді.

Жоталық есінді (processus spinosus) омыртқа доғасынан жоғарғы бағытта шығатын тақ өсінді. Бүған омыртқа бағанының дорсальды бүлшық еттері бекиді. Барлық омыртқалардың жогалық өсінділері бірігіп, омыртқа бағанының жоталық қырын қүрайды.

Көлденең өсінді (processus transversus) омыртқа доғасының омыртқа денесіне жалғасатын түсындағы екі бүйірінен шығатын жүп өсінді. Көкірек омыртқаларында аталмыш өсінді қабырға төмпешігімен байланысып, көлденең-қабырға төмпешігі буынын құрайды. Омыртқалардың мойын, бел, қүйымшақ бөлімдерінде бүл есінді қабырға қалдығымен түтаса байланысып, көлденең-қабырға өсінділеріне айналады.

Емізікше өсінді (processus mamillaris) мойын омыртқаларының каудальды (артқы) буын өсінділерінің, көкірек омыртқаларының

көлденең өсінділерінің, бел омыртқалардың краниальды (алдыңғы) буын өсінділерінің жоғарғы жағында орналасқан жүп өсінді.

Омыртқалар бір-бірімен өзара буын өсінділері арқылы қозғалмалы байланысып, қарапайым тегіс буындарды құрайды. Омыртқа доғасының алдыңғы жағындағы осы буындарды күрайтын жұп өсінділер краниальды буын өсінділері (processus articularis cranialis), ал артқы жағындағы осындай жұп өсінділер каудальды буын өсінділері (processus articularis caudalis) — деп аталады.

Көкірек керегесі (грудная клетка) — thorax. Көкірек керегесінің (клеткасының) қаңқасын жоғарғы жағынан көкірек омыртқалары, екі бүйірінен қабырғалар, төменгі жағынан төссүйек қүрайды. Көкірек керегесінің пішіні екі жағынан кесілген конусқа үқсайды. Оньщ алдыңғы кіші кіреберіс тесігін: I көкірек омыртқасы, II қабырғалар және төссүйектің түтқасы, ал артқы үлкен шығаберіс тесігін: соңғы көкірек омыртқасы, соңғы қабырғалар мен қабырға доғалары және төссүйектің семсерше шеміршегі шектейді.

Көкірек (арқа) омыртқалары (грудные позвонки) — vertebrae thoracicae — денелерінің түрқы қысқалау келеді. Омыртқа денеле- рінің алдыңғы және артқы екі бүйірінде қабырғалардың бастарымен буынды байланыстар түзетін жүп краниальды және каудальды қабырға ойыстары (fovea vertebralis cranialis et caudal is) болады. Көрші екі омыртқаның аталған ойыстары бірігіп, бір қабырға басымен буынды байланыс жасайтын шүңқыр қүрайды. Көлденең өсінділердің қабырға төмпешіктерімен байланысатын буын беттері (fovea costalis transversalis) болады. Көкірек омыртқалардың алдыңғы үзын жоталық әсінділері каудальды бағытқа қарай қисая орналасып, дене шоқтығының сүйектік негізін күрайды. Жоталық өсіндісі тік орналасқан кокірек омыртқасын кәкеттік (диафрагмальды) немесе

антиклинальды (жантаюға қарсы) омыртқа (vertebra anticlinalis — лат. anti — қарсы; clinalis жантаю) деп атайды. Бүдан кейінгі көкірек омыртқаларының жоталық өсінділері, керісінше, краниальды бағытқа қарай жантая орналасады.

Ереғшісліктсрі: Жылқьща көкірек омыртқалары жоталық өсінді- лерінің үштары жуандау, ал каудальды жиектері доғалдау болып келеді, Краниальды буын есінділері тек бірінші омыртқада ғана жақсы жетілген. Диафрагмальды омыртқа — он бесінші.

Сиыр, қой, ешкі көкірек омыртқаларының жоталық өсінділері жалпақ, олардың каудальды жиектері өткір қырлы болып келеді. Диафрагмальды омыртқа — он үшінші. Омыртқа доғасында, оньщ каудальды жиегіне қарай жақын орналасқан бүйірлік омыртқа тесігі (foramen vertebrale laterale) болады.

Шошқа көкірек омыртқалары денелерінде вентральды қыр болмайды. Жоталық өсінділері жалпақ, олардың ең үзыны бірінші омыртқада болады. Диафрагмальды омыртқа — он бірінші. Омыртқа доғасынан көлденең өсінділер шығатын түстан бүйірлік омыртқа тесігі көрінеді.

Иттің көкірек омыртқалары денелерінде вентральды қыр болмайды. Жоталық осінділері жуандау, олардың алдыңғылары имектеу келеді. Соңғы омыртқаларда қосымша омыртқа өсінділері болады. Диафрагмальды омыртқа — он бірінші.

Қабырғалар (ребра) — costae — көкірек керегесі бүйір қабырға- ларының қаңқасын қүрайды. Олар екі бөліктен: сүйек қабырға (os costalis) және қабырға шеміршегінен (cartilago costae) түрады. Қабырғалардың жоғарғы омыртқалық ұштарындағы қабырға бастары мен тәмпекшелері кокірек омыртқалардың денелерімен және көлденең өсінділерімен буындар арқылы байланысады. Ал, томенгі тоссүйектік үштарьіндағы қабырға шеміршектері төс- сүйекпен жалғасады. Төссүйекпен тікелей жалғасқан алдыңғы 7-8 қабырғалар — төссүйектік (стернальды) немесе нағыз қабырғалар, ал төссүйеклен тікелей байланыспайтын қабырғалар — астернальды немесе жалған қабырғалар — деп аталады. Жалған қабырғалардың шеміршектері бір-бірімен жапсарласа бірігіп, қабырға доғасын (arcus costalis) қүрайды. Дөңес келген қабырға басы (caput costae) көкірек омыртқа денесіндегі қабырға ойысымен байланысып, қабырға басының буынын түзеді. Қабырға басы қабырға мойны (collum costae) арқылы қабырға төмпешігінен (tuberculum costae) бөлініп түрады. Қабырға томпешігі кәкірек омыртқасы көлденең өсіндісінің буын бетімен байланысып, қабырға төмпешігінің буынын жасайды. Қабырға денесінің сыртқы бетінде қабырға бұрышы (angulus costae) жақсы байқалады. Қабырға денесінің кранио-дорсальды жиегінде бүлшық еттер бекитін еттік сай (sulcus muscularis), ал каудо- медиальды жиегінде қан тамырлары мен жүйкелер отетін тамырлы сай (sulcus vascularis) болады. Қабырғалардың саны көкірек омыртқалары санына сәйкес келеді.

Төссүйек (грудина, грудная кость) — sternum — көкірек кереге- сінің вентральды қабырғасының сүйектік негізін құрайды. Ол төссү- йек түтқасынан, денесінен және семсерше өсіндісінен түрады. Төссүйек түгкэсы (manibrium sterni) төссүйектің 2-нші қабырғаға дейінгі бөлігі. Ол төссүйек денесімен буын арқылы байланысады. Төссүйек денесі (corpus sterni) бір-бірімен шеміршек аралықгар арқьшы байланысқан 5-6 жүп төссүйек беліктерінен (сегменттерінен) — sternebra — түрады. Оның екі бүйірінде қабырға шеміршектерімен байланысатын қабырғалар ойықгары (incisura costalis) болады. Пішіні үшкірленіп келген төссүйектің семсерше өсіндісі (processus xiphoideus) семсерше шеміршекпен (cartilago xiphoidea) аяқталады. Семсерше шеміршекті қазақ “сүріншек” деп атайды.

Ерекшеліктері: Жылқы төс сүйегінің екі бүйірі қысыңқы келіп, төс қырының төменгі жағы шеміршектеніп кетеді. Сиыр, қой, ешкі, шош- кд төссүйектерінің пішіні жалпақ болып келеді. Ит төс сүйегінің тұт- кдсы мен семсерше өсіндісі жалпақгау келіп, денесі төртқырлы болады.

Омырткд бағаны жөне кокірек керегесі бойынша бақылау сұрақтары:

  1. Омыртқа бағанының бөлімдері және олардағы жануарлардың түрлеріне байланысты омыртқалардың саны.

  2. Омыртқа қандай негізгі үш бөлімнен түрады?

  3. Омыртқа денесінің тетіктерін атап, оларға сипаттама беріңіз.

  4. Омыртқа доғасының өсінділері қызметіне байланысты канша топқа бөлінеді? Олардың қүрылысы.

  5. Көкірек керегесі, оның қаңқасын қандай суйектер құрайды?

  6. Көкірек омыртқаларының қүрылысы мен олардың жануарлар түрлеріне байланысты ерекшеліктеріне тоқталыңыз.

  7. Қабырғалардың қүрылысы және жануарлардың түрлеріне байланысты олардагы ерекшеліктер.

  8. Төссүйектің қүрылысы және жануарлардың түрлеріне байланысты ерекшеліктері.

  9. Омыртқа баганы мен көкірек керегесі тақырыптары мәтіндерінде кездесетін қазақша-латынша терминдерді создікке көшіріп алып, оларды жаттаңыздар.

МОЙЫН, БЕЛ, ҚҮЙЫМШАҚ ЖӘНЕ ҚҮЙРЫК.

ОМЫРТКДЛАРДЫҢ ҚҮРЫЛЫСЫ

Мойын омыртқалар (шейные позвонки) — vertebrae cervicales — барлық сүтқоректі жануарларда жеті омыртқадан тұрады. Құрылысы жағынан бірінші, ауыз омыртқа, екінші, толғау омыртқа немесе білік, алтыншы және жетінші мойын омыртқалар өздеріне тән қүрылыс ерекшеліктерімен сипатталады. Ал үшінші, төртінші және бесінші мойын омыртқалардың қүрылысы бір-біріне үқсас. Сондықтан, осы үш мойын омыртқаларды біріктіріп, ортаңғы мойын омыртқалары — деп атайды.

Ауыз омыртқа немесе атлант (atlas) бірінші мойын омыртқа. Атлантта омыртка денесі болмайды. Ол дорсальды және вентральды доғалардан (arcus dorsalis et ventralis) қүралған. Олардың сыртқы беттерінде аттарына сәйкес дорсальды және вентральды төмпешіктер (tuberculum dorsale et tuberculum ventrale) орналасады. Аталған доғалар омыртқаның екі бүйірінде қосылып, атлант қанаттарын (ala atlantis) күрайды. Олардың алдыңғы жағында атланттың жоғарғы бетінен қанатгың төменгі бетіндегі атлант шүңқырына (fossa atlantis) ашылатын қанат тесігі (foramen alare) болады. Қанат тесігімен қатар, омыртқа тесігіне ашылатын омыртқааралық тесік (foramen intervertebrale) орналасады. Аталған екі тесік бір сайда жатады. Атланттың алдыңғы бетінде шүйде сүйегі айдаршығымен буынды байланыс түзетін жүп краниальды буын шүвдыры (fossa articularis cranialis), ал артқы жағында екінші білік омыртқамен байланысатын каудальды буыи шүңқыры

(fossa articularis caudalis) болады. Каудальды буын шұңқырының ішкі бетінде білік омыртқаньщ тісше өсіндісіне арналған тіс ойысы (fovea dentis) бар.

Ерекшеліктері. Жылқыда атлант шұңқыры тереңдеу келеді. Атлант қанатының каудальды жағында қосымша көлденең тесік (foramen transversale) болады.

Сиырда, қойда, ешкіде атлант шүңқыры таяздау, тіс ойысы вент- ральды доғаның каудальды жартысын алып жатады.

Шошқада тіс ойысының орнында тереңдеу тіс ойығы, ал көлденең тесіктің орнында көлденең өзек (canalis transversarius) болады.

Итге дорсальды төмпешік болмайды, қанат тесігінің орнында қанат ойығы (incisura alaris) болады.

Толғау омыртқа немесе білік омыртқа (эпистрофей) — axis — екінші мойын омыртқа. Білік омыртқаның қүрылысы басқа нағыз омыртқаыларға үқсас, яғни денеден, доғадан және омыртқа. тесігінен және оларға тән тетіктерден түрады.

Толғау омыртқасы басының орнында тісше өсінді (dens) корінеді. Тісше өсіндінің тәменгі жағында атланттың каудальды буын шүңқырымен байланысатын вентральды буын беті (fades articularis ventralis) болады. Омыртқаның жоталық есіндісі нашар жетілген. Омыртқа денесі мен кәлденең өсінді аралығында тамыр- лар мен жүйкелер өтетін көлденең өзек, ал омыртқа доғасының алдыңғы жағында омыртқааралық тесік бар. Краниальды буын өсін- ділері болмайды, ал каудальды буын есінділері жаксы жетілген.

Ерекшеліктері. Жылқьща тісше өсіндінің дорсальды беті жалпақ келеді. Жоталыққыры каудальды бағытта екіге ажырап, каудальды буын өсінділерімен жалғасып кетеді.

Сиырда, қойда, ешкіде тісше өсіндінің пішіні іші қуыс жартылай цилиндірге үқсас. Жоталық қыр шығыңқы төртбүрышты жалпақ болып келеді.

Шошқада тісше өсінді конус төрізді. Жүқа жалпақ жоталық қырдың артқы жағы көтеріңкі келеді.

Итте тісше өсінді жіңішке цилиндр тәріздес. Жоталық қыр краниальды бағытта тісше өсінді деңгейіне дейін созылып, ал артқы бағытта каудальды буын өсінділеріне қосылып кетеді. Алдыңғы омыртқааралық тесіктің орнында омыртқааралық ойық (incisura intervertebralis) болады.

Оргаңғы мойын омырткэларға үшінші, төртіншіжәне бесінші мойын омыртқалары жатады. Олардың құрылысы бір-біріне үқсас. Омырткд басы, краниальды буын өсіндісі жақсы жетілген. Екі бүйірінде қан тамырлары мен жүйкелерге арналған көлденең тесіктер болады. Көлденең өсінділері қосарланып, ез кезеңінде: жоғарғы көлденеңжәне төменгі кдбырғалық (кабырға кэлдығы) өсінділерге ажырап тұрады.

Ерекшеліктері. Жылқының ортаңғы мойын омыртқаларының түрқы үзын, жоталық өсінділерінің орнында тым аласа жоталық қыр болады.

Сиыр, қой және ешкі ортаңғы мойын омыртқаларының түрқы қысқалау келеді. Жоталық өсінділері жақсы жетілген.

Шошкдның ортаңғы мойын омыртқаларының денелері мен доға- лары қысқа, жоталық өсінділері жіңішке және үзын болып келеді.

Итте омыртқа денелерінің басы мен шүңқыры жалпақ болып келеді, вентральды қырлары тек омыртқа денесінің артқы жағында

жақсы көрінеді. Үшінші мойын омьіртқада жоталық өсінді болмайды, ал төртінші омыртқадан бастап, ол артқа қарай ұзара береді. Каудальды буын өсінділерінің жоғарғы жағында емізікше өсінділер орналасады.

Алтыншы мойын омыртқа құрылысы жағынан ортаңғы мойын омыртқаларға үқсас. Айырмашылығы: омыртқа денесінде вентральды қыр жетілмеген, қабырғалық өсінді тым жақсы жетілген, оның пішіні жалпақ болып келеді.

Жетінші мойын омыртқаның жоталық өсіндісі жақсы жетілген. Көлденең өсіндіде қабырғалық өсінді болмайды. Көлденең өсінді мен омыртқа денесі аралығындағы көлденең тесік жоқ. Омыртқа денесінің каудальды жиегінің екі қапталында жүп қабырға ойысы болады. Вентральды қыр орнында вентральды төмпешік керінеді.

Бел омыртқалары (поясничные позвонки) — vertebrae lumbales — жануарлар бел аумағының беріктігі мен қозғалмалылығын қамта- масыз етеді. Бел аумағында қабырғалардың болмауына байланысты омыртқа денесінде қабырға ойыстары болмайды. Қабырғалардың омыртқалық үштарының қалдықгары бел омыртқалардың келденең өсінділерімен тұтаса жалғасып, үзынша келген көлденең-қабырға өсінділерін құрайды.

Ерекшеліктері. Жылқьща вентральды қыралдыңғы омыртқалар денелерінде ғана байқалады. Соңғы үш бел омыртқалардың көлденең-қабырға өсінділері қальіндау болып келеді. Олардың бүйір беттерінде бір-бірімен өзара және қүйымшақ сүйегі қанатымен байланысатын буын беттері болады. Кәрі жылқыларда аталған омыртқа өсінділері буын беттері арқылы бір-бірімен түтаса байла- нысып сүйектеніп, бірігіп кетеді.

Сиыр, қой және ешкі бел омыртқаларының краниальды буын өсінділерінің пішіні ілмек тәрізді, ал каудальды буын өсінділері цилиндр тәрізді болып келеді. Омыртқалардың вентральды қырлары жақсы жетілген, жоталық өсінділері қысқа және жалпақ келеді.

Шошқа бел омыртқалары келденең-қабырға өсінділерінің пішіні доға тәрізді болыгі келеді. Олар тәмен қарай сәл иіліп түрады. Жоталық өсінділері үзын, емізікше өсінділері жақсы жетілген.

Иттің бел омыртқаларының көлденең-қабырға өсінділері кранио-вентральды бағытта иіліп түрады. Жоталық жөне емізікше өсінділері жақсы жетілген.

Қүйымшақ омыртқалары (крестцовые позвонки) — vertebrae sacrales — жануарларда бір-бірмен өзара бірігіп сүйектеніп, құйымшақ сүйегін (os sacrum) құрайды. Оның пішіні үшбүрышты болып келеді. Оның жалпақтау келген алдыңғы жағын құйымшақ табаны (basis ossis sacri), жіңішкелеу келген артқы үшын қүйымшақ төбесі (apex ossis sacri) — деп атайды. Қүйымшақ омыртқаларының денелері мен доғалары өзара бірігіп сүйектеніп кеткендіктен, омыртқа тесіктері де бірігіп, қүйымшақ өзегін (canalis sacralis)

құрайды. Құйымшақ омыртқаларының аралықгарында қан тамыр- лары мен жүйкелер өтетін дореальды және вентральды құйымшақ тесіктері (foramen sacrale dorsale et ventrale) болады. Аталған тесіктер омыртқалардың шекарасын анықтайтын сызықгар бойында орнала- сады. Бірінші құйымшақ омыртқа денесінің алдыңғы жағындағы көтеріліп түрған вентральды жиегін мүйіс (promontorium) — деп атайды. Алдыңғы екі омыртқаның көлденең-қабырға өсінділері бірігіп, қүиымшақ сүйегінің қанатын (ala ossis sacri) қүрайды. Оның сыртқы жағындағы құлақша буыі: беті (fades auricularis) арқылы қүйымшақ сүйегі жамбас сүйегінің аттас бетімен байланысып, қарапайым тегіс қүйымшақ-мықын буынын қүрайды. Қалған омыртқалардың көлденең-қабырға өсінділері бірігіп, құйымшақтың бүйірлік бөлігін, ал жоталық өсінділер дорсальды қырды түзеді.

Ерекшеліктері. Жылқы қүйымшақ омыртқаларының жоталық өсінділері бір-бірінен ажырап түрады да, олардың аралықтарында өсінділераралық кеңістіктер қалады. Қүйымшақ сүйегі денесінің вентральды беті тегіс келеді.

Сиыр, қой, ешкі күйымшақ сүйегінің денесі вентральды жағына қарай иіліп түрады. оның вентральды тесіктері кеңдеу келеді. Жоталық өсінділері бірігіп, дорсальды құйымшақ қырын түзеді. Қойдың күйымшақ сүйегінің жоталық өсінділері толық бірікпеген.

Шошқа қүйымшақ сүйегінің доғааралық кеңістіктері кеңдеу келеді, жоталық өсінділері болмайды, қүйымшақ қанаты каудовент- ральды бағытта иіліп түрады.

Иттің қүйымшақ сүйегінің жоталық өсінділері бір-бірінен алшақтау орналасады. Краниальды буын өсінділерінің орнында буын ойыстары болады.

Қүйрық омырткэлары (хвостовые позвонки) — vertebrae caudales s. coccygeae — басқа омыртқаларға қарағанда қүрылысы қарапайым. Омыртқа доғалары мен жоталық өсінділері тек алдыңғы 4-5 омыртқалыларда ғана болады, ал қалған омыртқалардың тетіктері жетілмеген, Сондықтан, омыртқа тесіктерінің орындарында ашық өзектер болады. Күйіс қайтаратын жануарлар мен итте алдыңғы 2-5 омыртқа денелерінің вентральды бетінде қан тамырлары мен жүйкелер өтетін гемальды доғаяар өзегі болады. Соңғы омыртқалар тек омыртқа денелерінен түрады, басқа тетіктерден тек кішігірім төмпешіктер сақталады.

Мойын, бел, қуйымшақ, құйрық омыртқалары бойынша бақылау сүрақтары:

  1. Мойын омыртқалары қандай омыртқалардан түрады?

  2. Ауыз омыртқаның қүрылысы және жануарлардың түрлеріне байланысты олардың қүрылысындағы ерекшеліктер.

  3. Білік омыртқаның құрылысы және жануарлардың түрлеріне байланысты олардын. қүрылысындагы ерекшеліктер.

4.0ртаңғы мойын омырткдларының құрылысы және жануарлардың түрлеріне байланысты олардың қүрылысындагы ерекшеліктер.

5.Алтыншы және жетінші мойын омырткзлары қүрылысындағы ерекшеліктер.

6.Бел омырткаларының күрылысы және жануарлардың түрлеріне байланысты олардың қүрылысындағы ерекшеліктер.

7.Қүйымшақ сүйегінің қүрылысы және жануарлардың түрлеріне байланысты оның күрылысындагы ерекшеліктер.

8.Қүйрьіқомыртқаларының қүрылысындағы ерекшеліктер.

9.Берілген такырыптар мәтініндегі қазақша-латынша терминдерді сөздікке кошіріп алып, оларды жаттаңыздар.

БАССҮЙЕК

Бассүйек (череп) — cranium — бір-бірімен тұтаса байланыскдн жалпақ сүйектерден қүралған қацқаның ең күрделі бөлігі. Бассүйек жануарлар организмі бас аумағында тіршілікхе тым қажетті ми, көру, есту, иіс және дәм сезу мүшелері мен азық қорыту, тыныс алу жүйелерінің бас аумағындағы мүшелерін сыртынан қаптап, қорғаныс қьізметін атқаратын ми қорабы мен ауыз және мүрын қуыстарының сүйектік негізін қүрайды. Сонымен кдтар, бас пен мойын бірігіп, ауырлық орталықтарының дене бөліктеріне түсуін өзгерте отырып, организмнің кеңістіктегі қозғалыс түрлеріне де әсер етеді.

Бассүйек екі бөлімнен: ми сауыты және бет бөлімінен түрады.

БАССҮЙЕК МИ САУЫТЫ БӨЛІМІНІҢ СҮЙЕКТЕРІ Ми сауыты немесе ми қорабы (neurocranium, s. cranium cerebrale)

бөлімі мидың сыртқы сүйектік қорабын және көру, есту-тепе-теңцік мүшелерінің сүйектік негізін құрайды. Ми сауытын төрт тақ: шүйде, төбеаралық, торлы, сынаша сүйектер және төрт жүп: самай, мандай, төбе, қанатша сүйектер қүрайды.

Шүйде сүйек (затылочная кость) — os occipitale — ми сауытының артқы және төменгі қабырғаларын жасауға қатысады. ПІүйде сүйек өз кезегінде үш бөліктен: шүйде сүйек денесінен немесе негізгі бөлік, жүп бүйірлік бөліктен жөне шүйде қабыршағынан түрады. Осы аталған үш бөлік ми қорабы куысы (cavum cranii) мен омыртқа өзегін жалғастыратын үлкен шүйде тесігін (foramen magnum) шектейді.

Шүйде сүйек денесі немесе негізгі бөлік (pars basillaris) ми сауы- тының төменгі жағында орналасады. Оның алдыңғы жағы сынаша сүйек денесімен жалғасады. Аталған екі сүйек денелерінің байланысқан шекарасында ет төмпешігі (tuberculum musculare) шығып түрады. Негізгі бөліктің екі бүйірі жырымдалған тесіктің (foramen lacerum) медиальды жиегін түзеді.

Бүйірлі бөлік (pars lateralis) ауыз омыртқа — атлантпен байланысып, қарапайым қос білікті шүйде-атлант буынын күрайды.

Бүйірлі бөлік шүйде айдаршығынан (condylus occipitalis) және мойындырық өсіндісінен (processus jugularis) қүралған. Осы екеуінің аралығында мойындырық ойығы (incisura jugularis) болады. Шүйде айдаршықтарыының негізгі бөлікпен жалғасқан төменгі бетіндегі вентральды айдаршық шүвдырының (fossa condylaris ventralis) түбінде тіласты жүйке езегі (canalis n. hypoglossi) орналасады. Айдаршықтың жоғарғы жағында дорсальды айдаршық шүңкыры (fossa condylaris dorsalis) болады.

Шүйде қабыршағы (squama occipitalis) бүйірлік бөліктер мен үлкен шүйде тесігінің жоғарғы жағында жатқан шүйде сүйектің жалпақ бөлігі. Оның сыртқы беті желке қыры (crista nuchae) арқылы желке жөне тобе боліктерге бөлінеді. Желке болігінде сыртқы және ішкі шүйде дөңестері (protuberantia occipitalis externa et interna) көрінеді. Төбе болігінің жоғарғы қыры сыртқы сагиттальды қырмен (crista sagittalis externa) жалғасады.

Ерекшеліктері: Жылқыда шүйде сүйек денесінің пішіні цилиндр тәрізді, мойындырық өсіндісі тік болады. Желке қыры айқын білі- неді. Сыртқы шүйде дөңесінен төмен желке шүңқыры орналасады.

Сиырда мойындырық осіндісі қысқа және медиальды бағытта иілген. Жырымдалған тесіктің каудальды бөлігінен жеке мойындырық тесігі (foramen jugulare) қалыптасып, бөлініп түрады. Тіласты .жүйкесі озегінің тесігі қосарланған екі тесіктен қүралған.

Желке қырының орнында желке сызығы болады. Сыртқы шүйде дөңесі нашар жетілген.

Қойда сыртқы шүйде дөңесі жақсы жетілген. Тіласты жүйкесінің өзегі жеке тесіктен басталады.

Шошқада мойындырық өсіндісі өте ұзын және вентральды бағытта тік орналасқан. Шүйде қабыршағының пішіні үшбұрышты, оның вентральды жиегі үлкен шүйде тесігін шектеуге қатысады. Сыртқы шүйде дөңесі болмайды. Қартайған қабан мен мегежіннің шүйде қабыршағында қуысты қойнау пайда болады.

Итте мойындырық өсіндісі қысқа болады. Шүйде қабыршағы үлкен шүйде тесігінің дорсальды жиегін жасауға қатысады. ІІІүйде қабыршағында жүп желке төмпешігі (tuberculum nuchale) орналасқан. Желке қыры айқын білінеді. Шүйде қабыршағының төбе бөлігі арқылы сыртқы сагиттальды қыр өтеді.

Сынаша сүйек (клиновидная кость) — os sphenoidale — денеден, жүп самай және жүп көздік қанаттар мен жүп қанатша өсіндіден қүралған. Сынаша сүйек денесі (corpus sphenoidale) өз кезегінде бір-бірімен түтаса байланысқан екі сүйектік бөліктен: артқы - негізгі сынаша (os basisphenoidale), алдыңғы — сынашаалды (osresphenoidale) бөліктерден қүралған.

Негізгі сынаша сүйек шүйде сүйек денесімен шектесіп, ет төмпешігін қүрайды. Оның мимен жанасатын ішкі дорсальды бетінде түрік ершігі (sella turcica) атты қүрылым орналасады. Түрік ершігінің орта түсында гипофиз шүңқыры (fossa hypophysis) болады. Ол алдыңғы жағынан ершік темпешігімен (tuberculum selle), ал артқы жағынан ершік арқалығымен (dorsum selle) шек- телген. Түрік ершігінің алдыңғы бетіндегі қиылыс сайы (sulcus chiasmatis) сынаша сүйек денесінің бүйіріндегі көру жүйкесі өзе- гімен (canalis opticus) жалғасады. Сынаша сүйек денесі негізгі бөлігінің оң және сол бүйірлерінен, оң және сол самай сүйек- терііМен жалғасып жататын жүп самай қанаты (ala temporalis) шы- ғады. Олар ортаңғы бассүйек шүңқырын (fossa cranii medialis) жасауға қатысады. Сынаша сүйек денесі негізгі бөлігінің оң және сол самай қанаттарының каудальды жиектері жырымдалған тесік- терді шектеуге қатысады. Самай қанаттарының ішкі беттерінде мидың аттас бөліктерімен жанасатын алмүртша шүңқырлар (fossa piriformis) болады. Сынаша сүйек денесі негізгі бөлігінің екі бүйір бетінен вентральды бағытта оң және сол қанатша өсінділер (processus pterygoideus) шығады. Олар латеральды бағытта тандай, медиальды бағытта қанатша сүйектермен жалғасып жатады. Қанатша өсінділердің алдыңғы жиектеріне жақын жаткан қанатша қыр (crista pterygoidea) болады. Аталған қырдың алдыңғы бетінде үш тесік көрінеді. Олар: көру өзегі (canalis opticus), кәздік саңылау (fissura orbitalis) және деңгелек тесік (foramen rotundum). Қанатша қыр сынаша сүйектің көздік қанатындағы көздік қырмен жалғасып, көздік-қанатша қырды (crista orbitosphenoidalis) түзеді.

Сынаша сүйек денесі сынашаалды бөлігінің екі бүйірінен краниодорсальдьі бағытта жүп: оң және сол көздік қанат (аіа orbitalis) шығады. Көздік қанат көздіктің (коз шарасының) ме- диальды қабырғасын қүрайды. Көздік қанат пен мандай сүйектің көздік болігі аралығында, кору өзегінен жоғарырақ орналасқан торлы тесік (foramen ethmoidale) көрінеді. Сынашаалды сүйек денесінің алдыңғы бөлігінде сынаша қойнауы (sinus sphenoidalis) болады. Бүл қойнаудың қуысы орталық перделікпен екіге бөлініп, кершілес жатқан сүйектердің қуыстарымен жалғасады.

Сынашаалды сүйек денесінің мимен жанасатын ішкі бетінің алдыңғы жағында, әтеш айдарының (crista galli) негізін түзетін сынаша түмсық (rostrum sphenoidale) корінеді. Ал сынаша сүйек денесінің каудальды жағымен қиылыс сайы өтеді.

Сынашаалды сүйек денесі екі бүйірінің оң және сол жағында, краниодорсальды бағытта жатқан коздік қанат — көздіктің медиальды қабырғасы мен ми сауыты ішкі бетінің алдыңғы бассүйек шүңқырын (fossa cranii rostralis) күрауға қатысады.

Ерекшеліктері. Жылқыда самай қанатының артқы жиегінде үш ойық болады. Олар: медиальды — үйқы ойығы (incisura carotica), ортаңғы — жота ойығы (incisura spinosa), латеральды — сопақойығы (incisura ovalis). Саімай қанатының миімен жанасатын ішкі бетіндегі алмүртша шүңқырдан екі сай шығады. Олардың медиальды сайы

көздік саңылаумен, ал латеральды сайы дөңгелек тесікпен жалғасады. Негізгі сынаша сүйек қанатша өсіндісінің басталатын жері екіге айырылып, қанат өзегін (canalis alaris) қүрайды. Қанат өзегіне үш тесік ашылады. Олар: алдыңғы және артқы қанат тесіктері (foramen alare rostrale et caudale) мен езектің дорсальды қабырғасындағы кіші қанат тесігі (foramen alare parvum). Сынаша сүйек қойнауы жоғарғы жақ сүйегі қойнауымен жалғасып жатады.

Сиырдың негізгі сынаша сүйегі самай қанатында сопақ тесік (foramen ovale) болады. Қанатша қыралдындағы көздік саңылау мен дөңгелек тесік бірігіп, көздік-дөңгелек тесікті (foramen orbitorotundum) қүрайды.

Қойда сынаша қойнау болмайды. Түрік ершігінің арқалығы айқын көрінеді. Самай қанатындағы сопақтесік төбе сүйекке дейін созылып жатады.

Шошкэда самай қанатының каудальды жиегінде үйқы және сопақ ойықтар жақсы көрінеді, жота ойығы болмайды. Көздік саңылау мен дөңгелек тесік бірігіп, көздік-дөңгелек тесікті қүрайды. Сынаша сүйектің қойнау қуысы таңдай сүйектің қойнауы қуысыкен байланысады.

Итте самай кднатының каудальды жиегіндегі ойықтар орнында аттас тесіктер болады. Ал самай қанатының ішкі бетінде қиылыс сайы болмайды. Көздік саңылау мен дөңгелек тесік бірігіп, көздікдөңгелек тесік — деп аталады.

Қанатша сүйек (крыловидная кость) — os pterygoideum — жұқа тақташа тәрізді жүп сүйек. Ол сынаша сүйектің қанатша әсіндісі мен тандай сүйектің тік тақташасына жабысып түрады. Шошқада қанатша сүйек пен сынаша сүйектің қанатша өсіндісінің артқы жағында қанатша шүңқыр (fossa pterygoidea) болады. Қанатша сүйектің төменгі жиегі ілмектеніп түрғандықтан, оны қанатша ілмегі (hamulus pterygoideus) — деп атайды. Әр түрлі жануарлар қанатша сүйегінің қүрылысындағы ерекшеліктер, негізінен оның пішініне байланысты. Сиыр мен үсақ малдарда қанатша сүйек үзын және жалпақ, жылқыда жіңішке және үзын, шошқа мен итте қысқа және жалпақ болып келеді.

Самай сүйек (височная кость) — os temporale — ми сауытының екі жақ бүйір қабырғасын және артқы бассүйек шүңқырын, тепе- тендік және есту мүшелерінің қаңқасын жасауға қатысады. Самай сүйектің артқы жиегі шүйде сүйекпен, дорсальды жиегі төбе және маңдай сүйектермен, алдыңғы жағы сынаша және бет сүйектермен, ал төменгі жиегі тіласты және төменгі жақ сүйектерімен шектеседі. Ол үш бөліктен: қабыршақтық, дабылдық және тастық бөліктерден қүралған.

Самай сүйектің қабыршақгық бөлігі (pars squamosa) төбе сүйекке жалғасып, самай шүңқырының (fossa temporalis) ішкі қабырғасын қүрайтын жалпақ сүйек. Оның сыртқы самай бетінде (facies temporalis) самай бүлшық еті орналасады. Қабыршақтық боліктің дорсальды төбе жиегінің (margo parietalis) артқы жағы шүйде өсіндісіне (processus occipitalis), ал алдыңғы шеті сынаша жиекке (margo sphenoidalis) жалғасады. Шүйде өсіндісінен вентральды бағытта сыртқы естужолы түсында, тастық-дабыл өсіндісі (processus petrotympanicus) ажырайды. Аталған осінділер аралығында дабыл ойығы (incisura tympanica) жатады. Шүйде осіндісінің медиальды бетінде және тастық боліктің емізікше есінділері мен төбе сүйегі аралығында самай жолы (meatus temporalis) орналасады. Бүл бөліктен шығатын бет өсіндісі (processus zygomaticus) алдымен латеральды, одан соң, краниальды бағытқа бүрылып, бет сүйектің самай өсіндісімен (processus temporalis) қосылып, самай шүңқы- рының сыртқы қабырғасын шектейтін бет доғасын (arcusygo- maticus) қүрайды. Оның дорсальды жиегі өткір қырлы болып келеді. Сондықтан, оны самай қыры (crista temporalis) — деп атайды. Бет өсіндісінің вентральды бетінде төменгі жақсүйекпен буынды бай- ланыс түзетін буын төмпешігі (tuberculum articularis) бар. Оның артқы жағында төменгі жақшүңқыры (fossamandibularis) орналасады. Осы шүңқыр мен есту жолы аралығында самай жолына қарай отетін буынарты тесігі (foramen retroarticularis) корінеді. Итте буын томпе- шігінің орнында буын сайы болады. Үсақ малдар мен шошқада қа- быршақгық бөліктіктің ми жағындағы бетінде желілік қыр корінеді.

Самай сүйектің дабылдық бөлігі (pars tympanica) сыртқы есту жолы (meatus acusticus externus) мен іші қуыс дабыл сүйектен түрады.

Сыртқы есту жолы буын төмпешігінің артқы жағында орналасады. Оның кіреберіс тесігі самай кырынан сәл төменірек орналасады. Есту жолының ішкі бетінде дабыл жарғағы бекитін дабыл сақинасы болады. Есту жолы түбінің артқы жағында тіласты сүйекпен байланысатыы бізше өсінді (processus styloideus) шығып түрады. Бізше өсінді мен емізікше өсіндінің (processus mastoideus) аралығында бізше-емізікше тесік (foramen stylomastoideus) корінеді. Бүл тесік арқылы бет жүйкесі шығады.

Дабыл сүйек (bulla tympanica) мойындырық осіндісінің алдында, шүйде сүйек денесінің латеральды жағында, тастық беліктің төменгі бетін ала орналасқан куысты сүйек. Оның алдыңғы томенгі жағында ет өсіндісі (processus muscularis) шығып түрады. Осы есіндінің медиальды жағында ет-түтік өзегінің (canalis musculotubarius) тесігін коруге болады. Ет-түтік өзегі ішіндегі үзынынан өтетін перде (septum canalis musculotubarius) аталған озекті өз кезегінде бірнеше озектерге бөледі. Олар: тандай шымылдығын кергіш бүлшық еттің жарты ай- шьгқгы өзегі (semicanalis m. tensoris veli palatini) және есту түгігінің жарты айшықгы әзегі (semicanalis tubae auditivae). Бүлардың біріншісі арқылы аталған бүлшық еттің сіңірі өтеді, ал екінші өзек жүтқын- шақтың куысын дабыл сүйегі куысымен жалғастырып түрады.

Есту түтігінің сыртқы жағымен кіші тастық жүйкенің өзегі (canalisn. petrosi minoris), ал ішкі жағымен үлкен тастық жүйкенің өзегі (canalis n. petrosi majoris) өтеді. Бүлармен катар, ет өсіндісі мен сыртқьт есту жолы аралығында “дабылдық желі” атты жүйке өтетін әзекше (canalicus chordae timpani) көрінеді.

Самай сүйектің тастық бөлігі (pars petrosum) есту-тепе-теңдік мүшесінің қаңқасын қүрайды. Ол самай сүйектің дорсо-медиальды бөлігін қүрайды. Тастық бөліктің сыртында самай сүйектің қабыр- шақтық және дабылдық бөліктері орналасады. Тастық бәліктің емізікше өсіндісі (processus mastoideus) дабылдық бөлік пен шүйде сүйектің мойындырық өсіндісі аралығында орын тепкен. Емізікше есінді, әсіресе, жылқыда жақсы жетілген. Тастық беліктің ішкі медиальды бетінде ішкі есту жолына (meatus acusticus internus) апаратын ішкі есту жолының тесігі (porus acusticus internus) айқын көрінеді. Оның жоғарғы жағында, ми қорабының ішкі бетінде мишық шұңқыры (fossa cerebelli) көрінеді.

Ішкі есту жолының куысында екі тесік болады. Олардың алдыңғы тесігі — ми жүйкелерінің VII жүбы бет жүйкесі отетін озекке, ал артқы тесігі - ми жүйкелерінің VIII жүбы есту-тепе-тендік жүйкесі отетін өзекке апарады. Бет өзегі (canalis facialis) бізше-емізікше тесігі арқылы сыртқа ашылады. Бет озегінің ішкі куысынан дабылдық желі өзекшесі (canalicus chordae tympani) бастау алады.

Ішкі есту жолынан каудальды бағытта екі тесік ажырайды, олардың жоғарғы тесігі - кіреберістік су қүбырының сыртқы тесігі (apertura externa aquaeductus vesiibuli) де, ал төменгі тесігі — үлу өзекшесінің сыртқы тесігі (apertura externa aquaeductus cochleae).

Самай сүйек тастық бөлігінің ішкі бетімен жоғарыдан төмен қарай өтетін тастық бөлік қыры (crista partis petrosae) ми қорабы қуысының ішіне қарай еніп, үлкен ми және ромб тәрізді ми бөлімдері орналасқан, бассүйектің ми қорабы шүңқырларын бір- бірінен бөліп түрады. Тастық бөліктің ішкі бетінде ми жүйкелерінің VIII жүбы есту-тепе-тендік жүйкесі өтетін ішкі есту жолы (meatus acusticus internus) корінеді.

Тебеаралық сүйек (межтеменная кость) — os interparietale — тек жас толдерде анық корінеді. Ол сақа жануарларда шүйде және төбе сүйектермен түтаса байланысып кетеді. Жылқы мен итте төбеаралық сүйектің ішкі бетінде ми қорабы қуысының ішіне қарай шығып түратын желілік өсінді (processus tentorius) болады.

Төбе сүйектің (теменная кость) — os parietale — алдыңғы жағы мандай сүйекпен, артқы беті шүйде жөне төбеаралық сүйектермен, латеральды жиегі самай сүйекпен шектесіп, ми қорабының тобесін және самай шүңқырының ішкі қабырғасын жасауға қатысатын, пішіні жалпақ келген жүп сүйек. Мүйізді жануарларда маңдай сүйектің мүйіз осінділері күшті жетіліп, ми қорабы тобесін толық алып жатады. Осыған байланысты бүл жануарларда тобе сүйек шүйде қабыршағының желке белігі мен самайға қарай ығыса орналасады да, желке тақгашасы (planum nuchale) — деп аталады.

Мандай сүйек (лобная кость) — os frontale — ми сауытының мандай болігін құрайтын жүп сүйек. Ол орналасу орындарына сәй- кес үш бөліктен: мандай қабыршағы, көздік және мүрын бөліктерінен түрады. Мандай сүйектің алдыңғы жағы мүрын және көзжасы

сүйектерімен, оның бүйір жиектері тандай, сынаша және самай сүйектерімен, алдыңғы ішкі және төменгі шеті торлы сүйекпен, ал артқы жағы тебе және төбеаралық сүйектермен шектеседі. Мандай сүйектің көздік бөлігінде көздікүсті тесік (foramenupraorbitalis) болады. Мүйізді жануарларда бүл сүйектің мандай қабыршағы бөлігінен мүйіз өсіндісі (processus cornualis) шығып түрады. Мандай сүйектің сыртқы және ішкі тақташаларының аралығындағы куысты маңдай қойнауы (sinus frontalis) — деп атайды.

Маңдай қабыріиағы (squama frontalis) маңдай сүйектің ең жалпақ бөлігі. Оның мүрындық жиегі жылқыда үшкірленіп мүрын сүйекке, ал басқа үй жануарларында мүрын мен козжасы сүйектері аралықтарына еніп түрады.

Сиырдың маңдай қабыршағында мүйіз өсінділері болады. Олардың пішіні мал түқымына байланысты. Оң және сол мүйіз осінділері арасында, оларды өзара жалғастырып түратын мүйізара- лыққыр (crista intercornualis) болады. Мүйіз өсіндісінің жіңішкеріп келіп, мандай қабыршағына бекитін жерін мүйіз өсшдісінің мойны (collum processus cornualis), ал мойыннан жоғары жатқан оның қалған бүдырлы бөлігін мүйіз өсшдісінің тәжі (corona processus cornualis) — деп атайды.

Оң және сол маңдай қабыршақтары бір-бірімен сагиттальды жиектер (margo sagittalis) арқылы байланысып, маңдай жігін күрайды. Маңдай жігінің ішкі бетіндегі маңдай қыры (crista frontalis) ростральды (алдыңғы) бағытта әтеш айдарына жалғасадьі.

Сыртқы бүйірге қарай бағытталған мандай қабыршағының бет өсіндісі (processus zygomaticus) қабыршақгың сыртқы латеральды жиегін коздікүсті және төбе боліктеріне бөледі.

Маңцай қабыршағының көздікүсті жиегіне (margo supraorbitalis) жақын жатқан көздікүсті тесігін (foramen supraorbitalis) көруге болады. Аталған тесік жылқыда бет өсіндісінің мандай қабырша- гынан шығатын жерінде орналасады. Сиырда бүл тесік қатарынан жатқан екі тесіктен түрады. Көздікүсті тесік арқылы тамырлар мен жүйкелер өтеді. Ал мандай қабыршағының төбе жиегі (margo parietalis) самай сызығымен жалғасыгі кетеді.

Маңдай қойнауы ішкі жағынан сагиттальды және коптеген көлденең сүйектік перделермен боліктерге бөлінеді.

Ерекшеліктері. Жылқыда мандай қойнауының қуысы мүрын қуысындағы дорсальды мүрын кеуілжірі қойнауымен жалғасып, маңдай-кеуілжір қойнауын (sinus conchofrontalis) түзеді. Мандай қабыршағы ішкі тақташасының торлы жиегі (margo ethmoidalis) арқылы торлы сүйекпен байланысады.

Сиыр мен шошкдда імандай қойнауының қуысы шекаралас жаткдн тобе, самай, шүйде сүйектер қойнауларымен жалғасып жатады. Ол алдыңғы жағындағы тесік арқылы мүрын қуысымен де жалғасады.

Маңдай сүйектің бет өсіндісі жылқыда, сиырда және үсақ малдарда бет доғасымен жалғасады. Ал шошқа мен итте ол бет

доғасына жетпейді. Онымен тек көздік байлам (ligamentum orbitale) арқылы жалғасады. Бет өсіндісінің ішкі бетінде көзжасы безінің шүвдыры (fossa glandulae lacrimalis) болады.

Мандай сүйектің көздік бөлігі (pars orbitalis) көздіктің (көз шарасының, аңғалақтың) ішкі (медиальды) қабырғасын түзеді. Мандай сүйектің көздік бөлігінде торлы тесік (foramen ethmoidale) орналасады.

Маңдай сүйектің мүрын бөлігі (pars nasalis) мүрын сүйекпен бірге мүрын қуысының дорсокаудальды төбесін қүрайды. Оның сыртқы мүрын және ішкі торлы жиектері аралығында маңдай қойнауының тесігі (apertura sinuum frontaliuin) болады. Торлы жиектен томенірек сагиттальды сызықгың бойында мүрын перделігін (septum nasi) жасауға қатысатын перделік өсівді (processus septalis) шығып түрады. Перделік өсіндінің артқы жағы ми куысындағы әтеш айдарына жалғасады.

Торлы сүйек (решетчатая кость) — os ethmoidale — ми сауытының алдыңғы кабырғасын тузіп, ми қорабы қуысын мүрын қуысынан бөліп түратын шекаралық сүйек. Торлы сүйек үш түрлі жүкд сүйек тақгашаддн (тесікті, перПендикулалы, көздік) және екі түрлі торлы шытырманнан (ішкі иірмектерден, сыртқы иірмектерден) түрады.

Тесікті тақгаша (lamina cribrosa) ми сауытының алдыңғы қабыр- ғасын жасауға қатысады. Оның тым үсақ көптеген тесіктері арқылы мүрын қуысынан иіс жүйкесінің талшықтары ми қорабы қуысын- дағы иіс миы баданасына өтеді. Бүл тақгашаның бүйір бетінен торлы артерия өтетін торлы тесік көрінеді. Тесікті тақташаның ми қуысы бетінде иіс баданалары орналасатын жүп терең иіс шүңқыры болады. Иіс шүңқырларын бір-бірінен оргалық сызық бойымен әтеш айдары бөліп түрады.

Перпендикулалы тақташа (lamina perpendicularis) мүрын қуысының орталық жазықтығы бойымен тесікті тақташаға тік бүрыш жасай орналасады. Оның алдыңғы жағы мүрын перделігіне, ал артқы жағы әтеш айдарына жалғасады.

Перпендикулалы тақташаның дорсальды және вентральды жиектері оң және сол жаққа қарай ажырап, олардың дорсальды жиектері желілік тақташаны (lamina tectoria), ал венгральды жиектері негіздік тақташаны (lamina basalis) қүрайды. Желілік тақташа торлы шытырманның төбесін, негіздік тақташа оның түбін қүрауға қатысады. Осы аталған екі тақташа перпендикулалы тақташаны көздік тақгашамен жалғастырады.

Көздік тақташа (lamina orbitalis) — торлы шытырманның сыртқы бүйір қабырғаларын күрайтын қағаз тәрізді тым жүқа сүйек тақгаша. Оның жоғарғы және төменгі жиектері тесікті және перпендикулалы тақташалармен түтаса байланысып жатады.

Торлы шытырман перпендикулалы және көздік тақташалар аралығында орналасқан. Ол түтік тәрізді иіріліп жатқан тым жүқа сүйек тақташалары иірмектерінен құралған. Мөлшері мен орналасу

орындарына байланысты олар екіге: ірі ішкі иірмектер (эндотурбиналиялар) және майда сыртқы иірмектер (эктотурбиналиялар) болып бөлінеді. Жылқыда ішкі иірмектердің саны — 6, сыртқы иірмектер — 25; сиыр мен үеақ малдарда — 5 және 18; шошқада — 7 және 18-20; итте — 4 және 6.

Бассүйектің ми сауыты бөлімі бойынша бақылау сүрақтары:

  1. Бассүйек қандай бөлімдерге бөлінеді?

  2. Ми сауыты боліміи құрайтын сүйектерді атаңыз.

  3. Шүйде сүйек вдндай бөліктерден түрады? Олардың қүрылысы қалай?

  4. Сынаша сүйек қандай тетіктерден күралған?

  5. Самай сүйекті қандай бөліктер құрайды? Олардың күрылысын еске түсіріңіз.

  6. Мандай, тебе, төбеаралық, канатша сүйектердің қүрылысы.

  7. Торлы сүйектің бөліктері, олардың күрылысы.

  8. Бассүйектің ми сауыты болімі сүйектері қүрылысындагы жан-

  9. уарлар 'гүрлеріне байланысты ерекшеліктеріне көңіл аударып, қазақша-латынша

  10. тауларын сөздікке көшіріп алып, оларды жаттаңыз.

БАССҮЙЕК БЕТ БӨЛІМІНІҢ СҮЙЕКТЕРІ

Бассүйектің бет белімі (cranium viscerale, s. splanchnocranium) сүйектері ауыз және мүрын қуыстары мен сезім мүшелерінің сүйектік кабырғаларының негізін кұрайды. Бет бөлімі сүйектеріне: жұп — мұрьш, көзжасы, бет, тандай, іүмсық, төменгі жақ, жоғарғы жақ, мүрын кеуіл- жірі және тақ — сокдша, тіласты, танау (шошқада) сүйектері жатадьт.

Мұрын сүйек (носовая кость) — os nasale — мұрын куысының тө- бесін кұрайтын жалпақ сүйек. Оның ішкі бетіндегі (facies interna) торлы Kj>ipra (crista ethmoidalis) дорсальды мүрын кеуілжірі бекқці. Ал мұрын сүйектің сыртқы беті (facies extema) дөңес болып келеді. Бұл сүйектің артқы жиегі мандай сүйекпен, сыртқы бүйір жағы жоғарғы жақ және түмсықсүйекпен, төменгі жиегі торлы сүйекпен, медиальды шеті атгас мүрын сүйекпеы байланысып, мүрын куысының сүйекгік қабырғасы негізін түзуге қатысады. Мүрын сүйектің артқы жиегі жылқыда дөңгеленіп келеді. Ал оның алдыңғы шеті жылқы мен шошкдда сүйір болып келеді, кдлған жануарларда екі айырылып түрады.

Көзжасы сүйегі (слезная кость) — os lacrimale — бір-бірімен тік бүрыш жасай орналасқан бет және көздік бөліктерден күралған. Бет бөлігі (facies facialis) маңдай және мүрын сүйектерімен байланысып, мүрын куысының бүйір қабырғасын түзуге қатысады. Көздік белігі (facies orbitalis) коз шарасының (аңғалақтың) ойыс келген тоіменгі алдыңғы қабырғасын қүрайды. Бүл бөлікте кезжасы қапшығының шүңқыры (fossa sacci lacrimalis) орналасады. Көздік бөлікте козжасы қапшығын көзжасы өзегімен (canalis lacrimalis) жалғастыратын көзжасы тесігі (foramen lacrimale) жақсы көрінеді.

Козжасы сүйегі жылқыда каудальды жоғарғы жақ қойнауын (sinus maxillaris caudalis), сиырда көзжасы қойнауын (sinus lacrimalis),

шошкдда латеральды ростральды маңдай қойнауын (sinus frontalis rostralis lateralis), үсақмалдарда латеральды мандай қойнауын (sinus frontalis lateralis) жасауға қатысады.

Жоғарғы жақ сүйек (верхнечелюстная кость) — maxilla — мұрын куысының бүйір кдбырғасы мен ауыз куысының төбесін кұрайды. Оның алдыңғы жағы тұмсьіқ сүйекпен, артқы жиегі торлы, тандай, бет, көзжасы сүйектерімен, ішкі жағы сокдша сүйекпен, вентральды жиегі мұрын кеуілжірі сүйектерімен шектеседі. Жоғарғы жақ сүйек денеден, таңдай есіндісінен және кднат-таңдай, бетгік, мүрын беттерінен тұрады.

Жоғарғы жақ сүйек денесінің (corpus maxilae) томенгі бетінде азу тістер ұялары (альвеолалары) (alveoli dentalis) орналасқан тісті жиек (margo alveolaris) болады. Жоғарғы жақ сүйектің денесі артқы бағытта жоғарғы жақ сүйегі төмпегімен (tuber maxillae) аяқталады. Tic үяларын бір-бірінен жүқа сүйек тақташалардан түратын альвеолалараралық перделер (septa interalveolaria) бөліп түрады. Tie ұялары жоқ жоғарғы жақ сүйектің жиегі аьвеолалараралық жиек (margo interalveolaris) — деп аталады.

Жоғарғы жақ сүйектің кднат-тандай беті (facies pterygopalatinus) қанат-таңдай шүңқырын жасауға қатысады. Бүл шүңқырдағы каудальды тандай тесігінен (foramen palatini caudale) үлкен тандай өзегі (canalis palatinus major), жоғарғы жақ тесігінен (foramen maxillare) көздікасты өзегі (canalis infraorbitalis), сына-таңдай тесігінен (foramen sphenopalatinum) сына-таңдай өзегі (canalis sphenopalatinus) басталады. Сына-таңдай өзегі мүрын қуысына барып ашылады. Көздікасты өзегі көзасты мүрын бөлігінің сыртв^ы бетіндегі көздікасты тесігімен (foramen infraorbitalis) аяқталады.

Тандай өсіндісі (processus palatinus) жоғарғы жақ сүйек денесінен медиальды бағытта шығып, қарсы жақтағы жоғарғы жақ сүйектің аттас осіндісімен жік арқылы байланысып, сондай-ақ, таңдай сүйектің горизонтальды тақташасымен және түмсық сүйектің таңдай өсіндісімен қосылып, ауыз қуысын мүрын қуысьтнан ажыратып бөліп түратын сүйек тандайды (palatum osseum) қүрайды. Сүйек тандай қатты тандайдың сүйектік негізін құрайды.

Жоғарғы жақ сүйек денесінен орталық жікке қарай бағытталған тандай өсіндісінің сыртқы бетінде, сына-тандай шүңқырындағы артқы тандай тесігінен (foramen palatinum caudale) басталатын таңдай өзегі (canalis palatinus) орналасқан. Тандай өзегі ауыз қуысының төбесі — сүйек тандайдың томенгі бетіндегі үлкен тандай тесігіне (foramen palatinum majus) ашылады. Үлкен таңдай тесігі жылқы мен итте жоғарғы жақ сүйектің тандай осіндісі мен тандай сүйегінің горизонтальды тақгашасының шектескен жерінде, сиыр мен үсақ малдарда горизонтальды тақташаның сыртқы бетінде, шошқада жоғарғы жақ сүйек таңдай осіндісінің каудальды шетінде көрінеді.

Мүрын қуысының ішкі бетіндегі жоғарғы жақ сүйектің аттас екі тандай өсінділерінің бір-бірімен шектесқен түсында, соқаша сүйек бекитін мүрын қыры (crista nasalis) болады.

Сиырда жоғарғы жақ сүйектің таңдай өсінділерінде таңцай қойнауы (sinus palatinus) болады. Ол сынаша сүйек қойнауымен жалғасып жатады. Басқа жануарларда аталған қойнау болмайды.

Жоғарғы жақ сүйектің бет жағында (facies facialis) сиыр мен үсақмалдарда бет темпегі (tuber facialis), жылқы мен шошкдда бет қыры (crista facialis) болады. Оның жоғарғы жағында көздікасты өзектің тесігі көрінеді. Көздікасты өзектен күрек және азу тістерге қан тамырлары мен жүйкелерді өткізетін альвеолалық өзектер (canales alveolares) таралады.

Жоғарғы жақ сүйектің мүрын куысына қараған бетін мүрын беті (facies nasalis) дейді. Аталған бетте вентральды мүрын кеуілжірі бекитін кеуілжір қыры (crista conchalis) болады. Жоғарғы жақ сүйектің сыртқы беті және ішкі мүрын тақташаларының арасын- дағы қуысгы жоғарғы жақ сүйек қойнауы (sinus maxillaris) немесе Гаймор қойнауы — деп атайды.

Дорсальды және вентральды мүрын кеуілжірлері (дорсальные и вент- ральные носовые раковины) — conchae nasalis dorsalis et ventralis — мүрын қуысының оң және сол бүйір қабырғаларында орналасқан, оралымдар түзетін тым жүқа сүйек тақташалардан түратын жүп сүйек. Дорсальды кеуілжір мүрын сүйек қыры мен торлы сүйекке, ал вентралды кеуілжір жоғарғы жақ сүйек қырына бекиді. Бүл сүйектердің өр түрлі жануарларда түрліше пішінде оралымдар түзуі жануарлар тіршілігіне сәйкес мүрын қуысы кілегейлі қабығының ауамен жанасу ауданын әр түрлі деңгейде үлғайтады.

Соқаша сүйек (сошник) — vomer — пішіні соқаға үқсас, үзынша келген тақ сүйек. Ол өзінің қанатымен (ala vomeris) каудальды бағытта сынаша сүйектің денесімен, ал краниальды үшымен мүрын қуысы түбіндегі қырға жалғасады. Соқаша сүйектің дорсальды сайында мүрын куысын екіге бөлетін шеміршекті иерде орналасады. Соқаша сүйек мүрын қуысының шығаберіс тесігі — хоана тесігін тең екі тесікке бөледі.

Ерекшеліктері: Жылқыда соқаша сүйек таңдай сүйекке жалғасады, сиырда, үсақ малдарда және итте ол тандай сүйекке жетпейді, ал шошқада соқаша сүйек үзын болып келеді де, түмсық сүйекке дейін жетеді.

Түмсық сүйек немесе кескіш сүйек (резцовая кость) — os incisivum — жоғарғы жақ сүйектің алдында орналасқан жүп сүйек. Ол сүйек денесінен, мүрьш және тандай өсінділерінен түрады. Кескіш сүйек денесінде күрек тістер орналасатын тісті жиек болады. Оның тіс үялары жоқ жерін тіссіз жиектер — деп атайды. Түмсық сүйектің мүрын өсіндісі (processus nasalis) мүрын сүйекке қарай бағытталып, мүрын куысының басталар бүйір қабырғасын қүрайды. Ал тандай өсіндісі (processus palatinus) сүйек таңдайды қүрауға қатысады. Мүрын өсіндісінің негізі мен тандай өсіндісі аралығында таңдай саңылауы (fissura palatina) болады. Ол арқылы мүрын және ауыз куыстарын байланыстырып түратын мүрын-тавдай өзегі өтеді.

Ерекшеліктері: Жылқының түмсық сүйегінде ірі күрек тістер болады. Сондықтан, ол көлемді келеді. Күйіс қайтаратын жануарларда күрек тістер болмайды. Бүл жануарлардың түмсық сүйектері жалпақ пішінді сүйек тақташаға үқсайды. Шошқада түмсық сүйектің екі бүйірі қысыңқы келіп, күрек тістері сирек орналасады. Итте ол сүйір пішінді болып келеді.

Бет сүйек (скуловая кость)— os zygomaticum — бет бөлімнің бүйір қабырғасын қүрауға қатысады. Бет сүйектің латеральды беті (facies lateralis) және көздік беті (facies orbitalis) болады. Сүйектің латеральды бетінде үлкен шайнау бүлшық еті бекитін бет қыры (crista zygomatica) көрінеді. Көздік бет көз шарасының вентральды жиегін қүрайды. Бет сүйектің самай өсіндісі (processus temporalis) самай сүйектің бет өсіндісімен (processus zygomaticus) жалғасып, бет доғасын (arcus facialis) түзеді.

Ерекшеліктері: Жылқьіда жақсы жетілген бет сүйектің сыртқы бетіндегі бет қыры жоғарғы жақ сүйектің бет қырына жалғасып кетеді. Үлкен шайнау бүлшық еті бекитін сүйек беті жалпақ.

Сиыр мен үсақ малдардың бет сүйегінің артқы жағындағы өсіндісі екі айырылып түрады. Олардың жоғарғысы імандай өсіндісі, мандай сүйектің бет өсіндісімен жалғасып, көз шарасын (аңғалақгы, көздікті) шектейді. Ал екіншісі бет сүйектің самай өсіндісі, самай сүйектің бет әсіндісімен қосылып кетеді. Бет қыры жақсы жетілген.

Шошкдда бет сүйектің сыртқы беті сойдақ тістік шүңщлрды жасауға кдтысады. Мандай осіндісі нашар жетілген, ал самай өсіндісі, керісінше, күшті жетіліп, самай сүйектің бет осіндісімен қосылып кетеді.

Итте бет сүйегі сыртқа қарай майысып шығып түрады. Мандай өсіндісі нашар, самай өсіндісі жақсы жетілген.

Тандай сүйек (небная кость) — os palatinum — сынаша сүйек пен жоғарғы жақ сүйек аралығында орналасады. Тавдай сүйектің жоғарғы жиегі көзжасы және мандай сүйектерімен шектеседі. Оны горизонтальды жөне вертикальды жалпақ сүйек тақташалары қүрайды. Горизонтальды тақташа (lamina horizontalis) сүйек тандайдың артқы белігін және хоана тесіктерінің алдыңғы тандай жиектерін, ал вертикальды такташа (lamina verticalis) хоана (сһоапа) тесіктерінің қабырғасы мен сына-таңдай шүңқырының қабырғасын қүрауға қатысады. Таңдай сүйек арқылы тандай өзегі отеді. Оның горизонтальды тақташада орналасқан алдыңғы тесігі үлкен таңдай тесігі — деп аталады. Ал артқы таңдай тесігі жоғарғы жақ сүйектің артқы жағында жатқан сына-тандай шүңқырына ашылады.

Ерекшеліктері: Жылқыда жақсы жетілген вертикальды тақташада таңдай қойнауы (sinus palatinus) болады. Ол сынаша сүйек қойнауымен бірігіп, сынаша-таңцай қойнауын (sinus sphenopalatinus) қүрайды. Горизонтальды тақташа жіңішке жиек түрінде хоана тесіктерін шектеп жатады.

Сиырда және үсақ малдарда тавдай сүйек жақсы жетілген. Сиыр- дың горизонтальды тақташасындағы тандай қойнауы жоғарғы жақ

сүйегі тандай өсіндісі қойнауымен қосылып, таңцай-жаққойнауын (sinus palatomaxillaris) түзеді. Сьіна-таңдай шүңқырындағы сынатаңдай тесігі (foramen sphenopalatinum) таңдай және торлы сүйектердің арасында орналасады.

Шошқада горизонтальды тақташа күштірек жетілген, бірақ, вертикальды тақташада тандай қойнауы болады.

Итте горизонтальды тақташа жалпақ болып келеді.

Төменгі жақ сүйек (нижняя челюстная кость) — mandibula — ауыз қуысы төменгі бөлігінің сүйектік негізін күрайтын жүп сүйек. Оң және сол төменгі жақ сүйектердің аралығында сүйекаралык немесе жакдралық кеңістік қалады. Оң жөне сол төменгі жақ сүйектер жылқы мен шошқада бір-бірмен түтаса байланысып кетеді, ал куйісті жануарлар мен итте шеміршек арқылы байланысады. Төменгі жақ сүйекті сүйек денесі және жақ сүйек бүтағы күрайды.

Төменгі жақ сүйектің денесі (corpus mandibulae) түмсық (pars incisiva) және азутістік (pars molaris) боліктерінен түрады. Оң және сол төменгі жақ сүйектердің түімсық бөліктері бір-бірімен байланысып, альвеолалар доғасын (arcus alveolaris) түзеді. Оньщ сыртқы дөңес келген ерін беті (facies labialis) және ішкі ойыс келген тілдік беті (facies linqualis) болады. Альвеола доғасының түмсық бөлігінде күрек тістер, ал азутістік болігінде азу тістер орналасады.

Азутістік бөлігінде қан және лимфа тамырлары мен жүйкелер өтетін төменгі жақөзегі (canalis mandibulae) орналасады. Ол томенгі жақ сүйек бүтағының ішкі жағындағы аттас тесіктен (foramen mandibulae) басталып, азутістік бөліктің түмсыққа жақын сыртқы жағындағы иек тесігімен (foramen mentale) аяқталады. Ал оның вентральды жиегінде тамыр ойығы (incisura vasorum) болады.

Төменгі жақ сүйек бүтағы (ramus mandibulae) сүйек денесінен дорсальды бағытқа қарай көтеріле орналасады. Сүйек денесінің бүтаққа ауысатын түсын төменгі жақ сүйек бүрышы (angulus mandibulae) - деп атайды. Бүтақтың ішкі бетінде томенгі жақ сүйек тесігі корінеді. Ол төменгі жақ сүйек озегі арқылы иек тесігімен жалғасады. Бүтақтың дорсальды үшын төменгі жақ сүйек ойығы (incisura mandibulae) ет өсіндісіне (processus muscularis) және айдаршық өсіндісіне (processus condylaris) бөледі. Ет өсіндісіне самай бүлшық еті бекиді. Айдаршык, осіндісі самай сүйектің бет осіндісі буын төмпегімен байланысып, самай- төменгі жақ буынын құрайды.

Төменгі жақ сүйектің сыртқы бетінде үлкен шайнау бүлшық еті бекитін ойыс (fossa masseterica), ал ішкі бетінде қанатша бүлшық еті бекитін ойыс (fossa pterygoidea) болады.

Тіласты сүйек (подъязычная кость) — os hyoideum — самай сүйегі дабылдық бөлігі бізше осіндісімен байланысып, жақаралық кеңістікте орналасқан тақ сүйек. Ол тілдің қаңқасын қүрайды. Тіласты сүйек тіласты сүйек денесінен (corpus hyoideum s basihyoideum), үлкен мүйіздіктерден (thyreohyoideum) және кіші мүйіздіктердеи (keratohyoideum), бунақтардан құралған бүгақгардан

тұрады. Тақ сүйек денесінен (базигиоид) алдыңғы бағытта тіл өсіндісі (processus linqualis) шығады. Бүл өсінді шошқа мен итте болмайды. Дененің екі үшынан артқа қарай көмекейдің қалқанша шеміршегімен байланысатын оңжәне сол үлкен мүйіздіктер (тирео- гиоид) шығады. Денеден дорсальды бағытта оң және сол кіші мүйіздіктер (кератогиоид) көтеріліп, тіласты сүйек бүтақтарымен байланыс түзеді. Аталған бүтақтар өз кезегінде кіші мүйіздікпен жалғасатын диетальды немесе эпигиоид (epihyoideum), ортаңғы немесе стилогиоид (stylohyoideum) және самай сүйегі дабылдық бөлігімен байланысатын шеміршекті проксимальды немесе тимпаногиоид (tympanohyoideum) бунақтарынан қүралған.

Танау сүйек (хоботная кость) — os rostrale — шошқа танауының қаңкасын қүрайтын тақ сүйек. Ол түмсық сүйек денесіне бекиді.

Бассүйектің бет бөлімі бойынша бақылау сұрақтары:

  1. Қандай сүйектер бассүйектің бет бөлімін қүрайды?

  2. Мұрын және көзжасы сүйектерінің құрылысы, олардыд жануарлардың турлеріне байланысты ерекшеліктері.

  3. Жоғарғы жақсүйектің бөліктері, олардың кұрылысы.

  4. Мүрын кеуілжірлерінің, соқаша сүйектің қүрьшысы.

  5. Түмсық сүйектің кұрылысы, оның жануарлар түрлеріне байланысты ерекшеліктері.

  6. Бет, таңдай суйектерінің құрылысы.

  7. Төменгі жақ сүйектің бөліктері, олардың жануарлар түрлеріне байланысты қүрылыс ерекшеліктері.

  8. Тіласты сүйектің қүрылысы, жануарлардағы ерекшеліктері.

  9. Тақырып мәтініндегі қазақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алып, оларды жаттаңыз.

ШЕТКІ ҚАҢҚА

Жануарлар қаңқасының шеткі бөлімін алдыңғы және артқы аяқтардың қаңқа сүйектері күрайды. Аяқтардың қаңқа сүйектері тіректік қызметпен қатар, бір-бірімен өзара қозғалмалы байла- нысып, жануарлар денесінің кеңістіктегі қимыл-қозғалысын, сон- дай-ақ, секіру, жүгіру, өрмелеу кезіндегі дене қимылының серпімділігін қамтамасыз етеді.

Қүрлықта тіршілік ететін жануарлардың аяқтары жануарлар филогенезінде, олардың ертедегі суда тіршілік еткен ата тектерінің көкірек және қүрсақ жүзу қанаттарынан дамып жетілген.

Жануар аяқтарының қаңқасы белдеу қаңқасы және еркін қозғалатын бөлімнің қаңқасы болып екі бөлімге бәлінеді. Белдеу бөлімінің қаңқа сүйектері арқылы аяқтар жануарлар денесінің түл- ғасымен байланысады. Аяқтардың белдеу бәліміне алдыңғы аяқтың иық белдеуі және артқы аяқтың жамбас белдеуі жатады. Алдыңғы аяқ иық белдеуінің сүйектік негізін жауырын, артқы аяқ жамбас белдеуінің сүйектік негізін жамбассүйек қүрайды. Ал аяқтардың

еркін қозғалатын болімдері белдеулерден төмен орналасып, дененің кеңістіктегі қозғалысын қамтамасыз етеді.

Аяқтардың еркін қозғалагын бөлімі өз кезегінде жоғарғы проксимальды бөлік (стилоподий), оргаңғы бөлік (зейгоподий) және төменгі дистальды бөлік (автоподий) болып үш бөлікке бәлінеді. Аяқтардың еркін қозғалатын бөлімінің жоғарғы проксимальды (лат. proximalis — денеге жақын) бөлігі стилоподий (stylopodium, грек. stylos — бағанаша; pous, podos — аяқ) — деп аталады. Стилоподийдің негізін тек бір сүйек (жілік) қүрайды. Алдыңғы аяқта ол тоқпан жіліктен, ал артқы аяқта ортан жіліктен түрады. Еркін қозғалатын бөлімнің ортаңғы болігі зейгоподий (zeugopodium, грек. zeugos — екеу, жүп және аяқ) екі сүйектен қүралған. Оны алдыңғы аяк^а білек сүйектері (кәрі жілік және шынтақ сүйек), ал арткы аяқта сирақ сүйектері (асықты жілік және шыбық сүйек) қүрайды. Еркін қозғалатын төменгі дистальды (лат. distalis — денеден алшақ, қашық) бөлігі авгоподийді (autopodium, грек. autos — оздігінен, өзі жүреді және аяқ) алдыңғы және артқы аяқ бастарының сүйектері қүрайды. Аяқ бастарының сүйектері өз кезегінде: базиподий (basipodium, грек. basis — негіз және аяқ), метаподий (metapodium, грек. meta — аралық жөне аяқ) жөне акроподий (acropodium, грек. acros — соңғы, ақырғы және аяқ) болып үш бөлікке болінеді. Базиподийге: алдыңғы аяқта тізе сүйектері, артқы аяқта тілерсек сүйектері, метаподийге: алдыңғы аяқта алдыңғы жіліншік сүйектері, артқы аяқта артқы жіліншік сүйектері, акроподийге: алдыңғы және артқы аяқгардағы бақай сүйектері жатады.

АЛДЫҢҒЫ АЯҚТЬІҢ ҚАҢКАСЫ

Жануарлар алдыңғы аяғының (membra thoracic!) қаңқасы иық

белдеуі мен еркін қозғалатын бөлімнен түрады. Иық белдеуінің қаңқасы жауырын, бүғана және қүс түмсықша сүйектерден қүралған. Аталған сүйектер қүстарда толығьГмен сақталған. Адам мен маймылдарда және мысық түқымдас жыртқыш андарда иық белдеуі қаңқасы жауырын мен бүғанадан, ал үй жануарларында тек жауырыннан түрады.

Алдыңғы аяқ иық белдеуі (cingulum membri thoracici) бөлімінің қаңқасы — жауырын.

Жауырын (лопатка) — scapula — пішіні үшбүрышты жалпақ келген сүйек. Осыған орай жауырынның үш: краниальды бүрышы (angulus cranialis), каудальды бүрышы (angulus caudalis) және вентральды бүрышы (angulus ventralis) жене дорсальды (margo dorsalis), краниальды (margo cranialis) және каудальды жиектері (margo caudalis) болады. Оның жауырын қыры жағындағы сыртқы бетін латеральды бет (facies lateralis), қабырғалармен жанасқан ішкі бетін кдбырға беті (facies costalis) — деп атайды. Жауырынның жоғарғы жалпақ табанына (basis scapulae) жауырын шеміршегі (cartilago

scapulae) байланысып түрады. Жоғарыдан төмен қарай өтетін жауырын қыры (spina scapulae), жауырынның сыртқы латеральды бетін көлемі кішілеу келген алдыңғы ідыралды шүңқырға (fossa supraspinata) және көлемі үлкендеу келген артқы қырарты шүңқырына (fossa infraspinata) бөледі. Жауырын қыры жоғарыдан төмен қарай созылып, акромион (acromion) өсіндісімен аяқталады. Жауырын қырының орта түсында жауырын қырының төмпегі (tuber spinae scapulae) болады. Жауырынның төменгі вентральды бүрышына жақын жіңішкеріп келген жауырын ойығы (incisura scapulae) орналасқан жерін жауырын мойны (collum scapulae) — деп атайды. Жауырынның алдыңғы сыртқы жағында, жауырын мойнынан сәл төменірек буын үсті төмпегі (tuber supraglenoidale) орналасады. Тоқпан жілік басымен буынды байланыс түзетін жауырынның вентральды бүрышының гиалин шеміршегімен қапталған төменгі жағы жауырынның буын беті (cavitas glenoidalis) — деп аталады. Жауырынның қабырға жағындағы ішкі медиальды бетінің жоғарғы жағында вентральды тісше бүлшық ет бекитін жауырынның тісше беттері (facies serrata scapulae) мен тісше сызыкдары (linea serrata) болады. Бүлардан сәл төменірек жауырынасты шүңқыры (fossa subscapularis) орналасады. Буын үсті төмпегінің медиальды жағында күс түмсықша өсівді (processus coracoideus) шығып түрады.

Ерекшеліктері: Жылқы мен шошқада акромион өсіндісі болмайды, бірақ жауырын қырының төмпегі болады. Күйісті жануарлар мен итте акромион жақсы жетілген.

Алдыңғы аяқ қаңқасының еркін қозғалатын бөлімі (skeleton membri thoracici liberi) — жоғарғы проксимальды бәлігінің қаңқа- сы — тоқпан жілік.

Тоқпан жілік (плечевая кость) — humerus, s. os brachii — іші қуыс үзын жілік. Тоқпан жілік алдыңғы аяқ еркін қозғалатын бөлімнің жоғарғы проксимальды болігі стилоподийді (stylopodium) қүрайды. Тоқпан жіліктің үзын денесін, оның денесі (диафизі), ал жіліктің жоғарғы және томенгі жуандау келген бастарын проксимальды эпифиз және дистальды эпифиз деп атайды. Тоқпан жіліктің буын беті гиалин шеміршегімен қапталған, пішіні доңгелек шарға үқсаған проксимальды эпифизінің басын тоқпан жілік басы (caput humeri), ал жілік басының төменгі жағындағы жіңішкелеу келген жілік бөлігін тоқпаи жілік мойны (collum humeri) — деп атайды. Проксимальды эпифизі жілік басының сыртқы латеральды жағында үлкен темпешік (tuberculum majus), ал ішкі медиальды жағында кіші төмпешік (tuberculum minus), олардың аралығында төмпешікаралық сай (sulcus intertubercularis) болады. Үлкен төмпешіктен жіліктің латеральды бетіндегі диафизіне қарай бағытталған үлкен төмпешік қыры (crista tuberculi majus) мен дельташа (атырауша) бүдыр (tuberositas deltoidea), ал диафиздің медиальды бетінде үлкен жүмыр бүлшық ет бүдыры (tuberositas m. teres major) көрінеді. Дельташа бүдырдан үлкен төмпешіктің артқы жағына қарай шынтақ сызығы (linea anconaea) иіліп жатады. Тоқпан жіліктің дистальды эпифизінің буын беті де, гиалин шеміршегімен қапталып, тоқпан жілік шығыры (trochlea humeri) — деп аталады. Жілік білігіне қиғаштау орналасқан тоқпан жілік шығыры көлденең сай арқылы бір-бірінен бөлінген екі айдаршықтан қүралған. Олардың көлемі жағынан үлкені — медиальды айдаршық (condylus medialis), ал кішісі — латеральды айдаршық (condylus lateralis). Тоқпан жіліктің дистальды эпифизі айдаршықтарының артқы жағында, латеральды жөне медиальды айдаршықтардан жоғарғы көтеріліп түрған жілік басы бөліктері латеральды (жазғыш) айдар- шыкүсті (epicondylus lateralis) және медиальды (бүккіш) айдар- шықүсті (epicondylus medialis) - деп аталады. Олардың аралығында шынтақ шүңқыры (fossa olecrani) орналасады. Дистальды эпифиздің екі бүйірінде білек сүйектерімен байланыстыратын байламдарға арналған байлам томпешіктері мен шүңқырлары болады.

Ерекшеліктері: Жылқыда латеральды және медиальды төмгіешіктер аралығында аралық төмпешік (tuberculum intermedium) болады. Осының нәтижесінде төмпешікаралық сай екеу болып келеді. Тоқпан жілік шығырының алдыңғы орта түсында синовиальды шүңідыр (fossa synovialis) болады.

Сиыр мен үсақ малдарда латеральды төмпешік биік және сел ішке қарай иіліп түрады.

Шошқада латеральды төмпешік биік болып келеді. Ол екіге бөлініп, медиальды төмпешікке қарай иіліп, төмпекаралық сайды

үстінен жауып түрады. Дельташа және үлкен жүімьір ет бүдырлары нашар жетілген.

Итте тоқпан жілік жіңішкелеу келіп және сәл иіліп түрады. Дистальды шығырдың жоғарғы жағында шығырүсті тесігі (foramen supratrochleare) болады.

Білек сүйектерін (кости предплечья) — ossa antebrachii — әр түрлі деңгейде дамыған кәрі жілік пен шынтақ сүйектері қүрайды. Аталған сүйектер алдыңғы аяқ еркін қозғалатын бөлімнің ортаңғы бөлігі зейгоподийді (zeugopodium) қүрайды.

Кәрі жілік (лучевая кость) — radius — диафизден, проксимальды және дистальды эпифиздерден түрады. Проксимальды эпифизді кәрі жілік басы (caput radii) қүрайды. Жілік басының жоғарғы жағында гиалин шеміршегімен қапталған кәрі жілік басының шүңқыры (fovea capitis radii) орналасады. Кәрі жілік басы тоқпан жілік шығырымен байланысып, қүрылысы қарапайым, көп білікті иық буынын жасайды. Кәрі жілік басынан сәл төменірек жіңіш- келеу келген жіліктің бөлігін жілік мойны (collum radii) — деп атайды. Проксимальды эпифиздің алдыңғы бетінде кәрі жілік бүдыры (tuberositas radii) байқалады. Жіліктің диафизі дорсальды бағытта сөл иіліп түрады. Жіліктің дистальды эпифизін тізе буынын жасауға қатысатын кәрі жілік шығыры (trochlea radii) түзеді. Оның буьш беті гиалкн шеміршегімен қапталып, екі бүйірі үшкір латеральды және медиальды бізше өсінділермен (processus styloideus lateralis et medialis) шектелген.

Шынтақ сүйек (локтевая кость) — ulna — жануарлардың тіршілік жағдайына бейімделу дәрежесіне сәйкес әр түрлі деңгейде жетілген. Оның проксимальды эпифизінде шынтақ сүйек өсіндісі (olecranon) болады. Ол кәрі жілік проксимальды басының артқы жағында, жоғарырақ орналасады. Бүл өсіндінің жоғарғы үшын шынтақ сүйек төмпегі (tuber olecrani) — деп атайды. Шынтақ сүйек өсіндісінің алдыңғы бетінде тоқпан жілік шығырымен байланысып, иықбуы- нын түзуге қатысатын, шеміршекпен қапталған шығыр ойығы (incisura trochlearis) болады. Оның жоғарғы алдыңғы үшында ілмек- ше өсінді (processus anconaeus) шығып түрады. Шынтақ сүйектің денесі мен дистальды эпифизі кәрі жілік диафизімен түтаса байла- нысып кеткен. Олардың аралығында тамырлар мен жүйкелер отетін сүйекаралық проксимальды жөне дистальды кеңістіктер (spatium interosseum proximale et distale) қалады.

Ерекшеліктері: Жылқыда шынтақ сүйек денесінің дистальды бөлігі мен дистальды эпифизі жетілмеген. Оның проксимальды эпифизі мен денесі кәрі жілікпен түтаса байланысып кеткен.

Күйісті жануарлар мен шошқада шынтақсүйектолықжетілген. Кәрі жілік пен шынтақ сүйек түтаса байланысып, олардың аралы- ғында сүйекаралық кеңістіктер қалады. Дистальды эпифиздің то- менгі жағында тізе сүйектермен байланысуға арналған буын беттері болады.

Итте шынтақ сүйек тым жақсы жетілген. Ол кәрі жілікпен үзынынан өзара қозғалмалы байламдар арқылы байланысады.

Адцыңғы аяқ басының кдцкдеы (скелет кисти) — skeleton manus — тізе, алдыңғы жіліншік және бақай сүйектерінен қүралған. Алдыңғы аяқ басының қаңқасы еркін қозғалатын бөлімнің төменгі дистальды бөлігі автоподийді (autopodium) қүрайды.

Тізе сүйектері (кости запястья) — ossa carpi — проксимальды және дистальды екі қатарда орналасқан қысқа сүйектерден қүрал- ған. Тізе сүйектерінен қүралған алдыңғы аяқ басы қаңқасының жоғарғы бөлігін базиподий (basipodium) — деп атайды. Тізе сүйек- терінің проксимальды қатарын тізенің медиальды жағынан лате- ральды жағына қарай ретімен орналасқан төрт сүйек: кәрі жіліктік тізе сүйек (os carpi radiale), аралықтізе сүйек (os carpi intermedium), шынтақ сүйектік тізе сүйек (os carpi ulnare) және қосымша тізе сүйек (os carpi accessorium) қүрайды.

Тізе сүйектерінің дистальды қатарын тізенің медиальды бетінен латеральды жағына қарай ретімен орналасқан бес сүйек: I тізе сүйек (os carpi primum), II тізе сүйек (os carpi secundum), III тізе сүйек (os carpi tertium), IV тізе сүйек (os carpi quartum) және V тізе сүйек (os carpi quintum) күрайды. Аталған екі қатардағы тізе сүйектер өзара қатараралық, ал әр бір қатардағы сүйектер бір-бірімен өзара сүйекаралық байламдармен байланысқан.

Ерекшеліктері: Жылқыда, шошқада және итте дистальды қатардағы IV және V тізе сүйектері бірігіп кеткен. Иттің прок- симальды қатарындағы кәрі жіліктік және аралық тізе сүйектері бірігіп кеткендіктен, жоғарғы қатарда үш тізе сүйек болады. Күйіс қайтаратын жануарлардың дистальды қатарында I — тізе сүйек болмайды, ал II және III тізе сүйектері мен IV жөне V тізе сүйектері өзара бірігіп кеткен. Сондықтан, олардың дистальды қатарында екі ғана тізе сүйек болады.

Алдыңғы жіліншік сүйектері (кости пясти) — ossa metacarpalia — жануарлар жіліншігінің медиальды бетінен латеральды жағына қарай қатарымен орналасқан бес: I жіліншік (os metacarpi primum),

II жіліншік (os metacarpi secundum), III жіліншік (os metacarpi tertium), IV жіліншік (os metacarpi quartum) және V жіліншік (os metacarpi quintum) сүйектерден түрады. Жіліншік сүйектері алдың- ғы аяқ басы қаңқасының ортаңғы бөлігі метаподийді (metapodium) қүрайды. Алдыңғы жіліншік сүйектерінің қүрылысы мен даму дәрежесі, жануарлардың тіршілік жағдайларына бейімделуіне сәй- кес әр түрлі деңгейде жетілген. Жіліншік сүйектер үзын жілік сүйек- теріне жатады. Олардың проксимальды эпифиздерінде тізе сүйек- терімен байланысуға арналған буын беттері, ал екі бүйірінде байлам төмпешіктері мен шүңқырлары болады. Дистальды эпифизді ортасынан қыр арқылы екіге бөлінген буын шығыры қүрайды.

Ерекшеліктері: Жылқыда алдыңғы жіліншік сүйектері үш жіліншік сүйектен түрады. Олар: II , III және IV сүйектер. I және

V жіліншік сүйектер болмайды. II жөне IV жіліншік сүйектер жетілмеген, олардың тек проксимальды бөліктері ғана қалған. Тек,

III жіліншік сүйегі ғана толық жетіліп, III бақаймен буынды байланыс түзеді.

Күйіс кдйтаратын жануарларда III және IV жіліншік сүйектер толық жетіліп, бір-бірмен үзынынан түтаса байланысып кеткен. Олардың бірігіп кеткен алдыңғы және артқы шекарасында үзын сайлар көрінеді. Аталған жіліншік сүйектердің дистальды буын шығырлары шығыраралық ойық пен бір-бірінен бөлініп түрады.

жіліншік сүйектің қалдығы ғана сақталған.

Шошқада I жіліншік сүйек болмайды. Олардың ішінде III және

V жіліншік сүйектер жақсы жетілген. Ал II және V жіліншік сүйектер қысқалау болып келеді.

Итте барлық бес жіліншік сүйектер жетілген. Олардың ішіндегі ең үзыны — III және IV жіліншік сүйектер, ал ең қысқасы — I жіліншік сүйек.

Бакдй сүйектер (кости пальцев) — ossa digitorum manus — үш буын (фаланга) сүйектерінен қүралған. Оларға жоғарғы прокси- мальды фаланганың түсамыс сүйегі, ортаңғы фаланганың топай сүйегі және дистальды фаланганың түяқ сүйегі жатады. Бақай сүйектері алдыңғы аяқ басы қаңқасының төменгі соңғы бөлігі акроподийді (acropodium) қүрайды.

Тұсамыс сүйек (путовая кость) — os compedale -- диафизі үзын- ша келген қуысты сүйек. Оның проксимальды эпифизінің буын беті орталық сай арқылы екіге бөлінген. Дистальды эпифизді қыр арқылы бөлінген буын шығыры құрайды.

Топай сүйек (венечная кость) — os coronale — құрылысы тұсамыс сүйекке үқсас. Тек диафизі қысқалау келеді.

Түяқ сүйек (копытаая кость, копытцевая кость, когтевая кость) — os ungule, os ungulare, os unguiculare — түяқты жануарларға тән сүйек. Дистальды фаланга итте тырнақ сүйек (os unguiculare) — деп аталады.

Ерекшеліктері: Жылідыда III бақай ғана болады. Түяқ сүйектің үш беті болады. Олар: қабырғалық бет (facies parietalis), үлтандық бет (facies solearis) және буывдықбет (facies articularis). Түяқсүйектің буындық беті қыр арқьілы латеральды (кіші) жөне медиальды (үлкен) бөліктерге болінеді. Жоғарғы тәждік жиектің алдыңғы жағынан жазғыш өсінді (processus extensorius) жоғары шығып түрады. Қабырғалық беттің екі қапталы артқы бағытта латеральды жөне медиальды пальмарлы (артқы) өсінділерге айналады. Бүлар арқылы түяқ сүйектің томенгі үлтандық жиегіне параллельді орналасқан түяқ қабырғасының латеральды және медиальды сайлары отеді. Түяқ сүйектің үлтандық беті өз кезегінде: терілік алаңша мен бүккіш бетке бөлінеді. Бүккіш бетте жатқан латеральды және медиальды үлтандық сайлар, аттас тесіктер арқылы бір- бірімен жалғасып, үлтан озегін қүрайды. Бүккіш беттің (facies flexorius) артқы жағында, пальмарлы осінділер аралығында дисталъды тиекше (сесам тәрізді) сүйекпен (os sesamoideum) байланысатын буын беті корінеді.

Күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада түяқ сүйектің пішіні үшбүрышты болып келеді. Түяқ сүйекте латеральды және медиальды бүйірлік беттер, үлтандық және буындық беттері ажыратылады. Буындық бетінің алдыңғы жиегінде жазғыш осінді, артқы жиегінде бүккіш өсінді (processus flexorius) болады. Күйісті жануарларда III және IV бақайлар жақсы жетілген. Шошқада II, IV және V бақайлар болады. Олардың ішінде III және IV бақайлар үзын, II және V бақайлар қысқа болыгі келеді.

Итте тырнақ сүйектің проксимальды жағындағы буын бетінің алдыңғы жағында жазғыш осінді, артқы жағында бүккіш осінді болады.

Бақайдың тиекше сүйектері проксимальды және дистальды болып екіге бөлінеді. Проксимальды жүп гиекше сүйек жіліншік түсамыс буынының, ал тақ дистальды тиекше сүйек топай-түяқ буынының артқы жағында, бақайдың бүккіш бүлшық еттері сі- ңірлерінің астында орналасып, аталған бүлшық еттер сіңірлері үшін тиектің қызметін атқарып, олардың жүмысын күшейтуге көмектеседі.

  1. Шеткі қаңқаны қандай сүйектер күрайды?

  2. Алдыңғы аяқ қаңқасы қандай бөлімдерден түрады?

  3. Иық белдеуінің қаңқасы — жауырынның құрылысы, жануарлар түрлеріне байланысты ерекшеліктері.

  4. Еркін қозғалатын бөлімнің бөліктерін атаңыз. Оларды қандай сүйектер қүрайды?

  5. Тоқпан жіліктің қүрылысы, жануарлардағы ерекшеліктері.

  6. Білек сүйектері, олардың қүрылысы, жануарлар түрлеріне байланысты ерекшеліктері.

  7. Алдыңғы аяқбасы кэңкасы сүйектерін атап, жануарлар түрлеріне байланысты, олардың қүрылыс ерекшеліктеріне тоқталыңыз.

  8. Тақырып мөтініндегі қазақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алып, оларды жаттаңыз.

АРТҚЫ АЯҚТЫҢ КАҢКАСЫ

Жануарлардың артқы аяғының (membra pelvini) қаңқасы екі бөлімнен: жамбас. белдеуі кзңқасынан (cingulum membri pelvini) жене еркін қозғалатын бөлімнің қаңқа сүйектерінен (skeleton membri pelvini libera) түрады. Жамбас белдеуінің қаңқасын жамбас сүйек, ап еркін қозғалатын бөлімнің жоғарғы проксимальды бөлігін (стилоподийді) ортан жілік, ортаңғы бөлігін (зейгоподийді) сирақ сүйектері (асық- ты жілік, шыбық сүйек), ал дистальды бөлігін (автоподийді) тілер- сек (базиподий), жіліншік (іметаподий) және бақай сүйектері (акроподий) қүрайды.

Жамбас белдеуінің қаңқасын бір-бірімен шеміршек жігі (сим- физ) — symphysis — арқылы байланысқан жамбас сүйектері қүрайды. Жамбас сүйектері жоғарғы жағынан қүйымшақ сүйекпен байла- нысып, жамбас куысын (cavum pelvis) түзеді. Жамбас сүйектерінің бірлескен қуысының түбін жамбас астауы — деп атайды.

Жамбас сүйек (тазовая кость) — os coxae — түтаса байланысқан мықын, шат және шонданай сүйектерінен қүралған. Аталған үш сүйектің түйіскен жерінде, ортан жілік басымен байланысатын үршық шүңқыры (acetabulum) мен шат жөне шонданай сүйектердің аралығында жанқыш тесік (foramen obturatum) болады.

Мықын сүйек (подвздошная кость) — os ilium — пішіні үш- бүрышты келген жалпақ сүйек. Ол үршық шүңқырды жасауға қаты- сатын, үзынша жүмыр келген мықын сүйек денесінен (corpus ossis іііі) және жалпақ келген мықын сүйек қанатынан (ala ossis іііі) түрады. Жамбас сүйек қанатының алдыңғы жиегін мықын қыры (crista іііаса)— деп атайды. Мықын сүйек қанатының сыртқы латеральды төмпегін сербек (tuber coxae), ал қүйымшақ сүйек жағындағы медиальды томпегін қүйымшақ төмпегі (tuber sacrale) — дейді. Мықын сүйек қанатының сыртқы бөксе бетінде (facies glutaea) доға тәрізді бексе сызығы (linea glutaea) болады. Ал мықын сүйек қанатының ішкі қүйымшақ-жамбас беті (facies sacropelvina) доға

сызығы (linea arcuata) арқылы екіге бөлінеді. Олар: сыртқы жамбас беті (facies pelvina) және ішкі күлақша беті (facies auricularis). Доға сызығының бойында кіші бсл бұлшық етінің төмпешігі (tuberculum m. psoas minoris) орналасады. Мықын сүйектің денесі мен қанатының алдыңғы ішкі жиегі қосылып, үлкен шонданай ойығын (incisura ischiadica major) түзеді.

Шат сүйек (лонная кость) — os pubis — екі: үршықтық және жіктік бүтақтардан қүралған. Оның үршықтық бүтағы (ramus acetabularis) екі жамбас сүйектің аралығында көлденеңінен орналасып, латеральды үшымен ұршық шүңқырды қүрауға қатысады. Бүл бүтақтың алдыңғы жиегін шат қыры (pecten ossis pubis) — деп атайды. Шат қырының мықын сүйекке өтетін жерін шат-мықын дөңесі (eminentia iliopubica) — дейді. Екінші жіктік (симфиздік) бүтағы (ramus symphysialis) қарсы жақтың аттас бүтағымен байланысып, жамбас жігін құрайды. Оң және сол жамбас сүйектері шат сүйектерінің жікке біріккен жерінің алдыңғы жағында шаттөмпешігі (tuberculum pubicum) болады. Ол еркек жануарларда жақсы жетілген.

Шондаиай сүйек (седалищная кость) — os ischii — шонданай сү- йек денесінен (corpus ossis ischii), үршықтық бүтақган (ramus acetabularis) және жіктік (симфиздік) бүтақгаи (ramus symphysialis) түрады. Жалпақкелген шонданай сүйек денесінің артқы латеральды жағында шовданай төмпегі (tuber ischiadicum) шығып түрады. Бір- бірімен жік арқылы байланысқан оң және сол шонданай сүйектерінің шонданай төмпектері аралығындағы доға тәрізді артқы жиегі шонда-

най доғасы (arcus ischiadicus) — деп аталады. Үршықтық бұтақ сүйек денесінен краниальды бағытта шығып, үршық шүңқырын түзуге қатысады. Жіктік бүтақ қарсы жақтың аттас бүтағымен байланы- сып, жамбас жігін күрайдьі. Үршық шүңқыр мен шонданай төмпегі аралығында кіші шонданай ойығы (incisura ischiadica minor) орна- ласады. Үлкен және кіші шонданай ойықтары аралықтарында шонданай қыры (spina ischiadica) жатады. Шат және шонданай сүйектердің үршықтық және жіктік бұтақтары аралығында жапқыш тесік орналасады.

Артқы аяқгың қаңқасы еркін қозғалатын бөліміиің сүйектеріне: ортан жілік, сирақ сүйектері және артқы аяқ басының сүйектері (тілерсек сүйектері, артқы жіліншік және бақай сүйектері) жатады.

Ортан жілік (бедренная кость) — os femoris — еркін қозғалатын бөлімнің проксимальды бөлігі стилоподийдің (stylopodium) қаң- қасы. Ортан жіліктің проксимальды эпифизінде буын беті гиалин шеміршегімен қапталған пішіні шар тәрізді жілік басы (caput femoris) мен жілік басының шүңқыры (fovea capitis) болады. Прок- симальды эпифиздің төменгі жіңішкерген жерін ортан жілік мойны (collum femoris) — деп атайды. Жоғарғы эпифиздің латеральды жағында үлкен үршық (trochanter major), жілік мойнынан төменірек, жіліктің медиальды бетінде кіші үршық (trochanter minor) орна- ласады. Үлкен және кіші үршықтар бір-бірімен өзара үршықаралық қыр (crista intertrochanterica) арқылы жалғасады. Үршықаралық қыр үршық шүңқырының (fossa trochanterica) төменгі жиегін күрап, оны шектеп түрады.

Ортан жілік денесінің (corpus femoris) арткы бетіндегі үзынынан орналасқан екі қатар бүдырлар латеральды және медиальды ернеу- лерді (labium laterale et mediale) түзеді. Латеральды ернеудің бойында, жілік диафизінің дистальды бөлігінде жануарлардың түрлеріне байланысты латеральды айдаршықүсті бүдыр (tuberositas supracondylaris lateralis) немесе латеральды айдаршықүсті шүңқыр (fossa supracondylaris lateralis) орналасады.

Ортан жіліктің дистальды эпифизін бір-бірінен айдаршықаралық иіүңқыр (fossa intercondylaris) арқылы белінген латеральды және медиальды айдаршықгар (condylus lateralis et medialis) күрайды. Дистальды эпифиздің алдыңғы бетінде тобық сүйекпен буын арқылы байланысатын тобықгық шығыр (trochlea patellaris) болады. Латеральды және медиальды айдаршықтардың жоғарғы жағында тобықтық шығырдың латеральды және медиальды қырлары шектеп түрған - латеральды айдаршықүсті (epicondylus lateralis) және ме- диальды айдаршықүсті (epicondylus medialis) орналасады. Ла- теральды айдаршықүстінде байлам төмпешігі және байлам шүңқы- рымен қатар, жазғыш шүңқыр (fossa extensoria) мен тобықасты шүңқырды (fossa m. poplitei) көруге болады.

Ерекшеліктері: Ж>ілқыда ортан жілік басында шүңқыр болады. Үлкен ұршықтан ортаңғы үршық (trochanter medius) сай арқылы

бөлініп тұрады. Жілік диафизінің латеральды бетінде кіші үршыкка қарама-қарсы және сәл төменірек үшінші ұршық (trochanter tertius) орналасады. Айдаршықүсті шұңқыры терендеу келеді. Сонымен, жылқының ортан жілігінде төрт үршьіқ: үлкен, ортаңғы, кіші және үшінші үршықтар, ал басқа жануарларда тек үлкен және кіші үршықтар ғана болады.

Күйіс қайтаратын жануарларда айдаршықүсті бүдыр болады.

Шошқада ортан жілік диафизінің дисталды бөлігі төртқырлы болып келеді.

Итте ортаы жілік жіңішке болып келіп, үлкен үршық жілік басынан аспайды. Денесінің дистальды бөлігіндегі латеральды ернеу бойында айдаршықүсті төмпешік орналасады.

Тобық (коленная чашка) — patella — ортан жіліктің тобықтық шығырымен буын арқьілы байланысатын қысқа сүйек. Тобықта жалпақ келген тобық негізі (basis patellae) және үшкірлеу тобық төбесі (apex patellae), алдыңғы беті (facies cranialis) мен буындық беті (facies articularis) болады.

Сирақ сүйектері (кости голени) — skeleton cruris — асықты жілік пен шыбық сүйектен түрады.

Асықгы жілік (большая берцовая кость) — tibia — үзын қуысты сүйек ретінде, проксимальды және дистальды эпифиздерден және жілік денесі - диафизден түрады. Оның қомақты келген үш қырлы проксимальды эпифизін латеральды және медиальды айдаршықгар

(condylus lateralis et medialis) құрайды. Олардың жоғарғы буын беттерінде латеральды жөне медиальды томпешіктермен шектелген айдаршықтараралық дөңес (eminentia intercondylaris) орналасады. Латеральды жөне медиальды айдаршықтарды бір-бірінен, жіліктің алдыңғы жағындағы жазғыш сай (sulcus extensorius) мен артқы бетіндегі тобықасты ойық (incisura poplitea) боліп және шектеп түрады. Латеральды айдаршықтың сыртқы бүйір бетінде шыбық сүйек басымен байланысатын бүдырлау бет (күйіс қайтаратын жануарлардан басқаларында) корінеді. Асықты жілік диафизінің алдыңғы бетінде, латеральды айдаршықтан төмен қарай бағытталып, жазғыш сайды шектеп түрған асыкды жілік қыры (crista tibiae) болады. Дистальды эпифиз, оньтң екі бүйір қапталынан томен шығып түрған латеральды және медиальды қайықіиа (malleolus lateralis et medialis) осінділермен аяқталады.

Ерекшеліктері: Жылқыда асықты жілік проксимальды эпифизінің медиальды айдаршықтараралық тәмпешігі үзындау келеді, дистальды зпифиздің буын бетіндегі шығыршық тәрізді шүңқырдың сайлары мен қырлары жілікке қиғаштау орналасады.

Күиіс кдй іаратын жануарларда шыбық сүйек болмайды. Шыбық сүйектің проксимальды эпифизінің қалдығы асықты жіліктің проксимальды эпифизі латеральды айдаршьіғының сыртқы бүйір бетімен түтаса байланысып, асықты жілік тәмпешігі ретінде шығып түрады. Ал шыбық сүйектің дистальды эпифизінің қалдығы асықты жіліктің медиальды қайықша өсіндісі ретінде жеке орналасып, онымен буын арқылы байланысады.

Шошкэда асықты жіліктің проксимальды және дистальды эпи- физдерінің бүйір беттерінде шыбықсүйек бекитін бүдырлар болады.

Итте асықты жіліктің пішіні имектеу келеді. Проксимальды эпифиздің буындық бетіндегі айдаршықтараралық төмпешіктердің биіктігі шамалас. Латеральды айдаршықтың сыртқы бүйір бетінде шыбық сүйек басымен байланысуға арналған бүдырлы ойыс, ал дистальды эпифизінің латеральды бетінде бүдыр болады.

Шыбық сүйек (малая берцовая кость) — fibula — әр түрлі жануарларда түрліше дәрежеде дамыған. Жылқыда шыбық сүйектің проксимальды бөлігі жалпақ және бүдырлы келеді. Ол дистальды бағытта жіңішкеріп үшкірлене келе сіңірлі байламға айналып, асықты жіліктің дистальды эпифизінің латеральды бетіне бекиді.

Күйіс қайтаратын жануарларда жеке шыбық сүйек болмайды. Шыбық сүйектің проксимальды басының қалдығы асықты жіліктің латеральды айдаршығымен томпек ретінде түтаса байланысып кеткен. Ал дистальды эпифизінің қалдығы латеральды қайықша сүйек ретінде сақталған.

Шошкэда шыбық сүйек жақсы жетілген. Оның проксимальды бөлігі жалпақ болып келеді.

Итте де бүл сүйек толық жетілген. Шыбық сүйектің прокси- мальды басы жүмыр болып келеді.

Артқы аяқ басының қаңқасы (скелет стопы) — skeleton pedis — тілерсек, артқы жіліншік және бақай сүйектерінен қүралған.

Тілерсек (толарсақ) сүйектер (кости заплюсны) — ossa tarsi — үш қатарда орналасқан қысқа сүйектер. Оның проксимальды қатары екі еүйектен: асық және өкше сүйектен; ортаңғы қатары бір сүйектен: орталық тілереек сүйектен; дистальды қатары бес сүйектен: медиальды жағынан латеральды жағына қарай: I, II, III, IV және V тілерсек сүйектерден түрады.

Асық (таранная кость) — talus — проксимальды асық шығырьшан (trochlea tali proximalis), асықмойньшан (collum tali) және асықденесінен (corpus tali), ал күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада қосымша дистальды асық шығырынан (trochlea tali distalis) түратын қысқа сүйек.

Өкше сүйек (пяточная кость) — calcaneus, s. os calcis — өкше сүйек денесінен (corpus calcanei), өкше төмпегімен (tuber calcanei) аякгалатын бүлшық ет өсіндісінен (processus muscularis) және асықгы бекіткіштен (sustentaculum tali) қүралған.

Орталық тілерсек сүйек (центральная заплюсневая кость) — os tarsi centrale — ортаңғы қатарды құрайтын қысқа сүйек. Күйіс қай- таратын жануарларда орталық тілерсек сүйек дистальды қатардағы

IV және V тілерсек сүйектерімен бірігіп, түтаса байланысып кеткен.

Дистальды қатардағы тілерсек сүйектер: I тілерсек сүйек (I заплюсневая кость) — os tarsi primum — жылқыда II тілерсек сүйекпен бірігіп кеткен. Қалған жануарларда жеке сақталған.

II тілерсек сүйек (II заплюсневая кость) — os tarsi secundum — жылқыда I тілерсек сүйекпен, күйіс қайтаратын жануарларда III тілерсек сүйекпен бірігіп кеткен.

III тілерсек сүйек (III - заплюсневая кость) — os tarsi tertium — күйіс қайтаратын жануарларда II тілерсек сүйекпен бірігіп кеткен.

IV тілерсек сүйек (IV - заплюсневая кость) — os tarsi quartum — барлық жануарларда V тілерсек сүйекпен, ал күйіс қайтаратын жануарларда бүған коса орталық тілерсек сүйекпен бірігіп кеткен.

V тілерсек сүйек (V - заплюсневая кость) — os tarsi quintum — барлық жануарларда IV тілерсек сүйекпен, ал күйіс қайтаратын жануарларда бұған қоса орталық тілерсек сүйекпен бірігіп кеткен.

Артқы жіліншік сүйектер (кости плюсны) — ossa metatarsi — алдыңғы жіліншік сүйектеріне үқсас, бірақ оларға қарағанда ұзындау және пішіні дөңгелектеу және жүмырлау келеді.

Артқы аяқтың бақай сүйсктері алдыңғы аяқтың бақай сүйекте- ріне үқсас. Тек, жылқының түсамыс және топай сүйектері алдыңғы аяқтың бақай сүйектеріне қарағанда қысқалау келеді.

Артқы аяқ қаңқасының сүйектері бойынша бақылау сүрақтары:

  1. Артқы аяқкаңқасы қандай бөлімдер мен бөліктерге бөлінеді?

  2. Жамбас белдеуінің кдңқасы — жамбас сүйек қандай сүйектерден түрады? Олардың күрылысы мен жануарлардың түрлеріне байланысты ерекшеліктерін еске тусіріңіз.

  3. Артқы аяқтың еркін қозғалатын бөлімін қандай сүйектер күрайды?

  4. Ортан жіліктің қүрылысын қайталап, жануарлар түрлеріне байланысты қүрылыс ерекшеліктеріне коңіл аударыңыз.

  5. Сирақ сүйектерінің (асықты жілік жөне шыбық сүйек) күрылысы, олардың жануарлар түрлеріне байланысты ерекшеліктері.

  6. Артқы аяқ басы сүйектерінің (тілерсек, артқы жіліншік, бақай сүйектері) құрылысы және олардың жануарлар түрлеріне байланысты ерекшеліктері.

  7. Артқы аяқ қаңқасы тақырыбы мәтініндегі қазақша-латынша терминдерді сөздікке квшіріп алып, оларды жаттаңыз.

КАҢҚА СҮЙЕКТЕРІНІҢ БАЙЛАНЫСЬІ

Кдңқа сүйектерінің байланысын зерттейтін ілімді — Syndesmologia

(грек. syn - байланыс; desmos — дәнекер; logos — ілім) — деп атайды. Сүйектер байланысы (juncturae ossium s. articulationes) жануарлар қаңқасы сүйектерінің бір-бірімен өзара белгілі заңдылықпен байланысуын қамтамасыз етеді. Жануарлар қаңқа сүйектерінің байланыс түрлері, олардың организмдегі атқаратын қызметтерімен тікелей байланысты. Егер де сүйектер организмнің тіршілігіне тым қажет мүшелерді қорғау қызметін атқаратын болса, мысалы, ми сауыты, онда сүйектер байланысы шектеулі қозғалысты немесе қозғалмай байланысуды қамтамасыз етеді, яғни сүйектер бір-бірімен түгаса байланысады. Ал организмнің кеңістіктегі қимыл қозғалысына қатысатын сүйектер бір-бірімен өзара буындар арқылы қозғалмалы байланысады. Демек, жануарлар қаңқасы сүйектерінің байланыс түрлерін екі топқа бөлуге болады. Олар: қаңқа сүйектерінің түтаса байланысы және буынды байланьтсы.

ҚАҢҚА СҮЙЕКТЕРІНІҢ ТЭТАСА БАЙЛАНЫС ТҮРЛЕРІ

Түіраса байланыс (непрерывное соединение, или сращение) — synarthrosis — кдңқа сүйектерінің бір-бірімен түрлі үлпалар (тканьдер) арқылы байланысын қамтамасыз етеді. Байланысқан сүйектердің аралықтарында ешқандай қуыс қалмайды. Демек, сүйектераралық- тарындағы қозғалыстың сипаты, оларды байланыстыратын үлпа- лардың қасиеттеріне байланысты болады. Қаңқа сүйектерін байла- ныстыратын үлпалардың түрлеріне сәйкес, сүйектер түтаса байланы- сының бес түрі ажыратылады:

1. Синсаркоз (мышечное сращение) — synsarcosis — сүйектердің бүлшықет арқылы байланысы. Синсаркозға жауырын мен тоқпан жіліктің бүлшық еттер арқылы түлға сүйектеріне байланысын жат- қызуға болады. Синсаркозды байланыста сүйектераралықгарында ауқымды қимыл байқалады.

2. Синэластоз (эластическое сращение) — synelastosis — сүйектердің серпімді (эластинді) талшықгы дөнекер үлпасы арқылы байланысы. Синэластозға бассүйектің, мойын омырткаларының жәнг көкірек омыртқалары жоталық өсінділерінің озара желке, сондай-ақ, омыртка доғалары мен жота өсінділері аралықгарындағы эластинді байламдар арқылы байланысын жатқызады. Сүйектераралықгарында серпімді қимыл байқалады.

3. Синдесмоз (соединительнотканное сращение) — syndesmosis — сүйектердің талшықты дәнекер үлпасы арқылы байланысы. Жануарлар организмінде бүндай байланыстың үш түрі кездеседі. Олар:

1. Жүқа талшықгы жарғақ (membrana) аркылы сүйектердің бай- ланысы. Бүған шүйде-атлант буынындағы, қүйымшақпен жамбас- сүйекаралықтарындағы коллаген талшықтарынан түратын жүқа

жарғақгар жатады. 2. Байлам (ligamentum) арқылы сүйектердің өзара байланысы. Байлам тым берік коллаген талшықтары шоғырлы будаларынан қүралған сіңір. Бүған иттің көрі жілігі мен шынтақ сүйегі аралығындағы сіңірді жатқызуға болады. 3. Жік (sutura) сүйектер арасындағы тым жүқа дәнекер үлпалық аралықтар арқылы олардың байланысы. Жіктік байланысқа жас төлдердің жалпақ бассүйектері аралықтарындағы пішіні әр түрлі жүқа жіктер жатады. Сүйектераралықтарындағы қимыл шектеулі болады.

4.Синхондроз (хрящевое сращение) — synchondrosis — сүйек- тердің шеміршек үлпалары арқылы байланысы. Синхондрозға омыртқа денелері мен төссүйек бөліктері аралықтарындағы жөне қабырғалардың төссүйекпен байланысы жатады. Сүйектераралық- тарындағы қимыл тіптен шектеулі.

5.Синостоз (костное сращение) — synostosis — сүйектердің сүйек үлпасы арқылы байланысы. Байланыстың бүл түріне, яғни сүйектенуге ересек жануарлар бассүйектерінің, қүйымшақ омыртқаларының, жамбассүйектерінің, кейбір тізе және тілерсек сүйектердің байланысы жатады. Сүйектераралықгарыңца қимьш тіптен болмайды.

ҚАҢКА СҮЙЕКТЕРІНІҢ БУЫНДЫ БАЙЛАНЫСЫ

Буынды байланыс (суставное соединение) — diarthrosis — сүйек- тердің қозғалмалы байланысын қамтамасыз етіп, организмдегі түрлі қимыл қозғалыстарды іс жүзіне асырады. Буынды қүрайтын сүйек- тер бастары аралықтарындағы буын қуысында қоймалжың сүйық синовия (synovia) болады.

Буын (сустав) — articulatio — күрылысына байланысты қарапайым және күрделі болып екіге бәлінеді. Кдрапайым буыңды тек екі сүйекгің буын бастары құрайды. Олардың аралығында бір буын қуысы болады. Күрделі буындарды түзетін негізгі сүйектердің буын бастары аралығында бір немесе бірнеше қатарда орналасқан майда сүйектер, болмаса шеміршекгер болады. Сондықган, олардың аралықгарында екі не одан да көп синовияға толған буын қуыстары қалады.

Буындардағы қозғалыстардың түрлері буынды түзетін сүйектер бастарының пішініне байланысты болып келеді. Пішіні цилиндр, шығыр, бүранда тәрізді сүйек бастары буындагы қимылдың тек бір біліктің (осьтің) бойымен, пішіні сопақ және ер тәрізді сүйек бастары екі біліктің, ал шар тәрізді сүйек бастары үш не одан да көп біліктің бойымен қозғалуына мүмкіндік береді. Осыған орай, атқаратын қызметтеріне сәйкес буындар бір білікті, қос білікті жөне көп білікті буындарға ажыратылады. Буындардағы қозғалыстарды бір-біріне қарама-қарсы бағыттарда жүретін бірнеше топтарға боледі. Олар: жазылу (экстенсио) және бүгілу (флексио), алыстау (абдукцио) және жақындау (аддукцио). Айналу (ротацио): сыртқа айналу (супинацио) және ішке айналу (пронацио) болып екі қарама-қарсы қозғалыстарға ажырайды.

Буынның құрылысы. Буынды сыртынан буын қапшығы (capsula articularis) қагітап жатады. Буын қапшығы өз кезегінде екі қабат жарғақтан тұрады. Олар: сыртқы — талшықты (фиброзды) және ішкі — синовиялы жарғақтар. Фиброзды жарғақ (membrana fibrosa) буынды құрайтын сүйектер бастарының сүйекқаптарының сыртқы фиброзды қабаттарының буындағы жалғасуынан түзіледі. Ол қор- ғаныс қызметін атқарады. Синовиялы жарғакты (membrana syno- vialis) ішкі беті буынның қоймалжың сүйығын (синовияны) бөле- тін, бір не бірнеше қабат жалпақ торшалармен астарланған борпыл- дақ дәнекер үлпасы қүрайды. Синовиялы жарғақ қан мен лимфа тамырларына бай. Буынның күрылысына байланысты буында бір немесе бірнеше буын қуысы (cavum articularis) болады. Буын куысына қараған сүйектердің буын беттері гиалинді буын шемірше- гімен (cartilago articularis) қапталған. Синовия (synovia) сүйектердің шеміршекті буын беттерін майлап, оларды қоректендіріп түрады. Синовия күрамының 98% -ы су, 2% -ы белок. Буынның көмекші мүшелеріне буынның ішіндегі шеміршек дискілер, шеміршек тегіршіктер (менискілер), буын ішіндегі және сыртындағы сіңірлі байламдар, буынның сыртындағы тиекше сүйектер жатады. Буын куысындағы шеміршек діскілер мен тегіршіктер, буынды күрайтын негізгі сүйектер бастарының бір-біріне сәйкес келмейтін буын бет- терін сәйкестендіріп үйлестіруге көмегін тигізеді. Буын ішіндегі байламдар сүйек бастарының берік байланысуын қамтамасыз етеді. Сыртқы байламдар сүйектер бастарын байланыстырумен қатар, буындағы қозғалыстардың белгілі бір бағыттарда іс жүзіне асуына ат салысады. Буын байламдары буын қапшығы фиброзды жарға- ғының қалындап жуандауынан дамып жетіледі. Тиекше сүйектер буын маңындағы сүйектер мен бүлшық еттер сіңірлері аралық- тарында орналасып, оларға тіректік қасиет береді және бүлшық еттердің жиырылу қызметтерінің іске асуына көмектеседі.

Бассүйек сүйектерінің байланысы

Бассүйек сүйектерінің байланысы. Бассүйек сүйектері бір-бірмен негізінен талшықты дәнекер үлпалық жүқа аралықтармен жіктер түзу арқылы түтаса (синдесмоз) байланысады. Жіктер, әсіресе, жас төлдер бассүйектерінде жақсы көрінеді. Жануарлар есейген сайын, дәнекер үлпалық жіктер сүйектеніп (синостоз) кетеді. Бассүйек сүйектері аралықтарында жіктің үш түрі кездеседі. Олар: тегіс жік (sutura plana), тісше жік (sutura serrata) және қабыріпақіпа жік (sutura squamosa). Бүлардың ішіндегі ең берік жіктік байланыс қабыршақша жік. Қабыршақша жіктік байланыс кезінде, сүйектердің байланы- сатын жиектері жүқарып барып, бір-бірімен тығыз жанаса жабы- сып байланысады. Тісше жіктерде сүйектер жиектері тіс тәрізденіп, бірінің қырлары екіншісінің сәйкес ойықгарына еніп байланысады. Тегіс жіктер беріктігі жағынан ең нашары. Бүларда сүйектер жиектері жай ғана жанаса байланысады.

Бассүйектегі буынды байланыстар

1.Самай-төменгі жақ буыны (articulatio temporo-mandibularis) қүрылысы жағынан күрделі, қос білікті буын. Самай мен төменгі жақ сүйектерінің аралығында аталған сүйектердің буын беттерін сәйкестендіретін шеміршек дискі болады. Осының нәтижесінде буын қуысы екіге бөлінеді. Сүйектердің буын беттерінің пішіні сопақ болып келеді. Бүл буын қызметі жағынан қос білікті буынға жатады, яғни буындағы қимыл екі біліктің бойымен жүреді: 1) жақгар ашылып жабылады және 2) екі бүйіріне қарай қозғалады. Буынның қозғалысын, буын қапшығының сыртындағы латеральды және каудальды байламдар реттеп түрады.

2.Тіласты сүйек бунакугарының буындары (articulatio hyoideum) кдрапайым буындар. Олар сыртынан буын кдпшықгарымен қапталған.

Омыртқалар байланысы

Омыртқа бағаны бойында сүйектер байланыстарының бірнеше түрлері кездеседі. Омыртқалар денелері: синхондроз (құйымшақ омыртқаларының денелері — синостоз), омыртқа доғалары — синдесмоз, буын өсінділері қарапайым жалпақ буындар арқылы байланысады.

Омыртқа бағанының байламдары

1.Сегментаралық байламдарға доғааралық байламдар (ligamentum flavum), жоталық өсінділераралық байламдар (ligamentum interspinalia) және көлденең өсінділераралық байламдар (ligamentum intertransversarium) жатады. Бұлар көрші омыртқалар тетіктерін өзара байланыстырады.

2.Жалпы байламдарға 1) дорсальды ұзын байлам (ligamentum longitudinale dorsale), білік мойын омыртқасынан бастап, құйымшаққа дейін омыртқа денелерін байланыстырады. Ол омыртқа денелерінің дорсальды бетінде, омыртқа өзегінде орналасады;

2)вентральды ұзын байлам (ligamentum longitudinale ventrale), соңғы көкірек омыртқаларының вентральды қырларынан басталып, құйымшаққа дейін созылып, омыртқалар денелерін төменгі вентральды қыр жағынан байланыстырады;

3)жотаүстілік байлам (ligamentum supraspinale), көкірек, бел, құйымшақ омыртқалары Жоталық өсінділері үстінде орналасып, оларды өзара байланыстырады;

4) желке (ligamentum nuche), шүйде сүйекті, мойьш омырткэларын және көкірек омыртқаларының жоталық өсінділерін байланыстырады.

Желке, жотаүстілік және доғааралық байламдар негізінен сер- пімді эластин талшықтарынан, ал қалғандары коллаген талшықгары шоғырларынан құралған.

Желке гүяқлы жануарларда аркрнша және тақгаша белікгерден түрады. Аркднша бөлік — жотаүстілік байламның жалғасы. Ол көкірек омырт- қаларының жотаүстілік байламынан басталып, шүйде сүйекгің кзбыр- шағыньщ желке бөлігівде аяқгалады. Тақгаша бөлік желкенщ арқашпа бөлігін мойын омыргкэларьшьщжоталықөсінділерімен байланысіырады. Итте тек аркднша бөлігі болады, ал шошкэда желке жетілмеген.

Омыртқа бағанының буындары

1.Шүиде-атлант буыны (articulatio atlanto — occipitalis) күры- лысы қарапайым, қызметі жағынан қос білікті (шүйде айдаршық- тарының пішіні сопақ) буын. Оң және сол шүйде айдаршықтары мен атланттың алдыңғы буын ойысы арасындағы буын қуыстарын жеке буын қапіСіықтары қаптап, олардың аралықтарындағы дор- сальды және вентральды кеңістіктерді жүқа талшықты дорсальды және вентральды буын жарғақтары жауып түрады.

2.Атлант-білік буыны (articulatio atlanto-axilaris) қүрылысы кзрапайым, бір білікті буын. Ол атланттың каудальды буын ойысы мен білік омыртқаның тісше осіндісінің вентральды буын бетінің байланысуынан түзілген. Атлант білік омыртқаның тісше осіндісі білігі бойымен сақинашаға айналады. Буын қапшыгынан басқа, атлант пен білік омыртқа доғалары арасындағы кеңістікті жауып түратын дорсальды жарғағы және білік омырткдның тісше өсіндісін атланттың вентральды доғасымен байланыстыратын дорсальды байлам болады.

Көкірек керегесі сүйектерінің байланысы

Қабырғалардың бастары мен төмпектері кәкірек омыртқала- рының денелерімен және колденең өсінділерімен байланысып,

қабырға-омыртқа буындарын (articulatio costoertebrales) құрайды. Олар өз кезегінде қабырға бастарының буындары (articulatio capitis costae) мен кабырға-көлденең өсінді буындарынан (articulatio costo- transversaria) қүралады. Қабырға бастарының буындары қабырғалар бастарының көкірек омыртқалары денелерінің қабырғалық ойыс- тарымен байланысуынан күралады. Қабырға-көлденең осінді буын- дарын көкірек омыртқаларының көлденең өсінділері мен қабыр- ғалар төмпектерінің байланысы түзеді. Аталғаы буындар құрылысы жағынан қарапайым буындарға жатады. Қабырға бастарының буындарында қабырғалар бастарын омыртқа ойыстарымен жалғас- тырып тұратын буындар ішіндегі байламдар және бір омыртқаның екінші қарама-қарсы жағындағы осындай қабырғалар бастарын бір- бірімен өзара байланыстыратын қабырғалар бастары аралықбайлам- дар болады. Күйісті жануарларда аталған буындардың пішіндері ер тәрізді болып келеді де, қос білікті буындарға жатады, Бұл буындар жоғары-томен және алға-артқа қозғалады.

Стернальды қабырғалар шеміршектері төссүйекпен тессүйек- қабырға буындарын (articulatio sterno-costales) қүрайды.

Төссүйек бөліктері бір-бірімен өзара синхондроз арқылы, ал күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада төссүйек түтқасы мен төссүйек денесі буын арқылы байланысады. Төссүйектің ішкі бетінде байламдар болады.

Алдыңғы аяқ сүйектерінің байланысы

Жауырын мен тоқпан жілік дене түлғасымен және баспен синсаркоз, кейбір тізе сүйектері және жылқыда кәрі жілік пен шынтақ сүйек синостоз арқылы байланысады. Ал алдыңғы аяқ сүйектері өзара байланысып, қүрылысы мен қызметі түрліше буындар түзеді. Олар: иық, шынтақ, тізе және бақай буындары.

Иық буыны (articulatio humeri) жауырынның буын ойысы мен тоқпан жілік басынан қүралған, қүрылысы қарапайым, қызметі жағынан көп білікті (пішіні шар тәрізді) буын. Буындағы қозға- лыстардың түрлері: экстенсио, флексио, аддукцио, абдукцио, супи- нацио, пронацио. Жылқының иық буыны қапшығында буынның сыртқа, ішке, бүйірге және бүгілу қозғалыстарын шектеп, буын байламдарының қызметін аткаратын қиғаш сіңірлі шогырлар болады. Олар буын қапшығының қүрамында жауырын төмпегінен басталып, дорсолатеральды және дорсо-медиальды бағыттарда ажырап, тоқпан жіліктің латеральды және медиальды төмпешіктеріне барып аяқталады.

Шынтақ буыны (articulatio cubiti) тоқпан жіліктің дистальды буын шығыры мен кәрі жілік және шынтақ сүйектің проксимальды эпифиздерінің буын беттерінен түзілген, күрделі және бірбілікті буын. Буын қапшығының сыртқы жағындағы екі қапталында латеральды және медиальды бүйір байламдары (ligamentum collaterale

laterale et mediale) болады. Буындағы қозғалыстар: экстенсио және флексио.

Тізе буьшы (articulatio carpi) кәрі жілік пен шынтақ сүйектен, тізе жөне алдыңғы жіліншік сүйектерден күралған, күрылысы күрделі, бір білікті буын. Буын қапшығының сыртқы фиброзды жарғағы буындағы барлық буын қуыстарына ортақ, оларды сыртынан кдптап жатады. Ал оның ішкі синовиальды жарғағы буынды күраупты әр бір сүйекгер кдтарларына жекелей байланысып, буын қуыстарын бір-бірінен бөліп түрады. Буынның екі бүйір кдпталында сүйектерді бүйір жақгарынан байланыстыратын үзьш және қысқа бүйір байламдар, тізе сүйектердің проксимальды және дистальды қатарларындағы сүйектерді байланыстыратын кдтараралық байламдар, бір кдтардағы сүйектерді өзара байланыстыратын сүйектераралық байламдар болады. Буындағы қозғалыстар: экстенсио және флексио.

Бақай буындарына түсамыс, топай және түяқ буындары жатады.

Түсамыс буыны (articulatio compedalis) алдыңғы жіліншік пен түсамыс сүйектердің бастарынан қүралған қарапайым, бір білікті буын. Буынның бүйір байламдары және артқы бетіндегі тиекше сүйектермен байланыстыратын арнайы байламдар болады. Буын- дағы қозғалыстар: экстенсио және флексио.

Топай буыны (articulatio coronalis) түсамыс және топай сүйектері бастарынан қүралған қарапайым, бір білікті буын. Буынның бүйір байламдарынан басқа, артқы бетінде пальмарлы байламдар болады. Қозғалыстар: экстенсио және флексио.

Тұяқ буыны (articulatio ungularis) топай және тұяқ сүйектердің (итте - тырнақ буыны) буынды бастарынан құралған қарапайым, бір білікті буын. Буынның бүйір байламдарынан басқа, жылқыда түсамыс-тиекше, түяқ-тиекше, жүп түяқгы жануарларда түякдралық крест тәрізді байламдар болады. Қозғалыстар: экстенсио және флексио.

Аргқы аяқ сүйектерінің байланыстары

Жамбас сүйектерін қүрайтын мықын, шат және шонданай сү- йектері, кейбір тілерсек сүйектері бір-бірімен синостоз, екі жақтың жамбас сүйектері синхондроз (симфиз) арқылы түтаса байланысады. Аяқ сүйектері қүрылысы мен қызметі әр түрлі қозғалмалы буынды байланыстар түзеді.

Қүиымшақ-мықын буыны (articulatio sacro-iliaca) қүйымшақ пен мықын сүйектерінің қүлақша беттерінің жанаса байланысуы нәти- жесінде түзілген қарапайым, тегіс жалпақбуын. Буын қапшығынан басқа, дорсальды үзын және қысқа қүйымшақ-мықын байламдары, қүйымшақ-шонданай байламдары болады. Буында қозғалыс жоқтың қасы.

Жамбас-ортан жілік буыиы (articulatio coxae) жамбас сүйектің үршық шүңқыры мен ортан жілік басының байланысуынан қүрал- ған қарапайым, көп білікті буын. Үршық шүңқырының шеміршек ернеуі ойығынан жоғарылау орналасқан көлденең байлам үршық шүңқырын тереңдетеді. Жамбас-ортан жілік буыны қуысында үршық шүңқыры мен ортан жілік басындағы шүңқырларды байла- ныстьірып түратын буын ішіндегі жүмыр байлам (ligamentum teres) болады. Жылқьзда қүрсақтың тік бүлшық етінің сіңірі шат төмпегін орган жілік басының шүңкырымен байланыстырып, артқы аяқтың

бүйірге қозғалысын шекгейді. Бүл сіңірді қосымша байлам - деп атайды. Сондықтан, жылқы бүйірге тебе алмайды, тек артқа қарай тебеді, ал сиыр және басқа жануарлар бүйірге қарай тебе алады. Буындағы қозғалыстар: экстенсио, флексио, аддукцио, абдукцио, супинацио, пронацио.

Тобық буыны (articulatio genus) ортан жіліктің дистальды эпи- физінің латеральды және медиальды айдаршықтарынан, асықты жіліктің проксимальды эпифизінің латеральды және медиальды айдаршықтарынан, аталған жіліктер айдаршықтары аралығындағы латеральды және медиальды шеміршек тегіршіктерден және тобық сүйектен қүралған күрделі, бір білікті буын. Тобық буыны өз кезе- гінде: тобық сүйек және ортан жілік, асықты жілік буындарынан түрады.

Тобық сүйек буынын (articulatio femoro-patellaris) тобық сүйек пен ортан жіліктің дистальды эпифизінің алдыңғы буын шығыры қүрайды. Буынның буын қапшығынан басқа, ортан жілікті тобық сүйекпен байланыстыратын көлденең латеральды жөне медиальды ортан жілік тобық байламдары болады. Тобықсүйектің латеральды, ортаңғы және медиальды тік байламдары, оны асықты жіліктің проксимальды эпифизіндегі қырмен байланыстырады.

Ортан жілік-асықты жілік буынын (articulatio femoro-tibialis) аталған жіліктердің латеральды және медиальды айдаршықтары өзара латеральды және медиальды шеміршек тегіршіктер арқылы байланысып қүрайды. Аталмыш буында ортан жілік пен асықты жілік айдаршыісгарын, олардың аралығындағы шеміршек тегір- шіктермен (менискілер) байланыстыратын байламдар болады. Оларға: латеральды тегіршіктің артқы бетін ортан жіліктің ме- диальды айдаршығымен жалғастырып, қиғаш жатқан ортан жілік тегіршік байламы мен латеральды және медиальды тегіршіктерді асықты жіліктің аттас айдаршықтарымен жалғастыратын алдыңғы және артқы асықты жілік-тегіршік байламдары жатады. Буынның екі бүйірінде, ортан жілік пен асықты жіліктің байлам томпешіктері мен шүңқырларын байланыстыратын сыртқы латеральды және медиальды бүйір байламдары болады. Медиальды бүйір байлам медиальды тегіршікпен де байланысады. Бүлардан басқа, шеміршек

тегіршіктер аралығындағы ойықтан басталатын ішкі бүйір байламдар айқасып, оның латеральды байламы асықты жіліктің алдыңғы жағынан ортан жіліктің артқы бетіне, ал медиальды байламы керісінше, аталған жіліктердің артқы жағынан алдыңғы бетіне өтіп, оларды байланыстырады. Сондықтан, буын ішіндегі бүл байламдарды крест тәрізді байламдар - деп атайды. Буындағы қозғалыстар: экстенсио, флексио.

Тілерсек буыны (articulatio tarsi) сирақ, тілерсек және артқы жіліншік сүйектерінен қүралған күрделі, бір білікті буын. Буында буын қапшьіғынан басқа, тізе буынындағыдай үзын және қысқа латеральды және медиальды бүйір, қатараралық, сүйектераралық байламдар мён бүларға қоса, дорсальды және плантарлы тілерсек байламдар болады. Буындағы қозғалыстар: экстенсио, флексио.

Бакэй (тырнақ)буындарының қүрылысы алдыңғы аяқтың бақай буындарының қүрылысына үқсас.

Сүйектер байланыстарының дамуы

Қаңқа сүйектерінің түтаса байланысы негізінен суда тіршілік ететін төменгі сатыдағы омыртқалы жануарларға тән. Жануар-

лардың қүрлыққа шығуы аяқгардың дамуы мен басқа да қозғалыс мүшелерінің жетілуіне ықпалын тигізді. Осының нөтижесінде сүйектердің байланыс түрлері де аталған мүшелердің атқаратын қызметтеріне төуелді жетіліп, күрделене дамыды.

Онтогенездің бастапқы кезендерінде сүйектер бір-бірімен өзара жас дөнекер үлпасы — мезенхиманың көмегімен байланысады. Да- мудың келесі кезендерінде қаңқа сүйектерінің орналасу орынДары мен атқаратын қызметіне сәйкес сүйекаралық мезенхимадан түтаса байланыстың түрлері (синдесмоз, синхондроз, синэластоз, синостоз) дамиды.

Ал буынды байланыстардың дамуы кезінде сүйектер аралығын- дағы мезенхима ыдырап, жойылып кетеді де, оның орнында қоймалжың сүйық синовияға толған, сыртынан буын қапшығымен шектелген буын куысы пайда болады. Буын қапшығы да, байла- нысушы сүйектердің буын беттерін қаптаған гиалин шеміршегі де мезенхимадан дамиды-.

Кдңкд сүйектерінің байланысы бойынша бақылау сүрақгары:

  1. Қаңқа сүйеьсгерінің байланыс түрлерін атаңыз.

  2. Сүйектердің түтаса байланысы туралы түсінік беріп, оның түрлеріне және

  3. қүрылысына көңіл бөліңіз.

  4. Буын, оның қүрылысы және түрлері.

  5. Бассүйек сүйектерінің байланыс түрлері.

  6. Омыртқа бағаны сүйектерінің байланыс түрлері.

  7. Көкірек керегесі сүйектерінің байланыс түрлері.

  8. Алдыңғы аяқ сүйектерінің байланыс түрлері. Буындары, олардың қүрылысы.

  9. Артқы аяқ сүйектерінің байланыс түрлері. Буындары, олардың қүрылысы.

  10. “Қаңқа сүйектері байланысы” тақырыбы мәтініндегі қазақша-латынша

  11. терминдерді сөздікке көшіріп алып, оларды жаттаңыз.

БҮЛШЫҚ ЕТТЕР ЖҮЙЕСІ

Бүлшық еттер жүйесін зерттейтін ілімді Myologia (грек. myon — бүлшық ет; logos — ілім) — деп атайды. Бүлшық еттер жүйесі жануарлар организмінің кеңістіктегі қозғалысы мен дене мүшелерінің салыстырмалы қимыл-қозғалыстарын іс жүзіне асыратын тірек-қимыл аппаратының белсенді бөлігі. Бүлшық еттерге тән қасиеттер: жиырылғыштық, серпімділік, тітіркенгіштік, ширығушылық (тонус). Бүлшық еттердегі жиырылу процесін ет талшықтары цитоплазмасындағы жиырылғыш белоктық жіпшелер миофибриллалар іс жүзіне асырады.

Бүлшық еттер жүйесі жекеленген бүлшық еттерден түрады. Бүлшық ет қүрылысы жағынан паренхималы мүшелерге жатады. Ол екі бөліктен, яғни паренхима мен стромадан қүралған. Паренхима мүшенің негізгі қызметін атқаратын жүмысшы бөлігі. Демек, бүлшық еттің паренхимасын көлденең жолақты бүлшық ет үлпасының ет талшықтары қүрайдьт. Строма паренхиманы бірік- тіріп, дөнекерлеп біртүтас қомақты мүше ететін бүлшық еттің борпылдақ дәнекер үлпалық бөлігі. Бүлшық еттің сыртқы жүқа дәнекер үлпалық қабығын эпимизий — деп атайды. Эпимизийден бүлшық еттің ішіне қарай тарап, ет талшықтары шоғырлары буда- ларын бір-бірінен бөлетін борпылдақ дәнекер үлпалық аралық- тарды перимизий — дейді. Перимизийлер арқылы бүлшық етті қоректендіретін қан және лимфа тамырлары мен оның қызметін реттейтін жүйкелер өтеді. Бүлшық ет шоғырлары будаларын қүрай- тын ет талшықтарының аралықгарындағы тым жүқа борпылдақ дәнекер ұлпалық аралықтарды эндомизий — деп атайды. Сонымен, бүлшық еттің стромасын эндомизий, перимизий және эпимизий бірігіп қүрайды.

Бүлшық еттің анатомиялық бөліктері. Бүлшық ет (musculus) мүше ретінде үш бөліктен түрады. Олар: бүлшық еттің басы (caput musculi), бүлшықеттің қүрсағы (venter musculi) және бүлшықеттің қүйрығы (cauda musculi). Бүлшық еттің басы — қозғалмайтын сүйектен басталатын сіңір бәлігі. Ал оның қүрсағы ет талшықта- рынан түратын бүлшық еттің ортаңғы бөлігі. Ол негізінен жиырылу қызметін атқарады. Бүлшықеттің күйрығы деп, екінші қозғалатын сүйекте аяқталатын оның сіңір бөлігін айтады. Бүлшық ет сіңірлерінің (tendo musculi) қүрылысы да, бүлшықетке үқсас, яғни паренхима мен стромадан қүралған. Бүлшықет сіңірі паренхимасын коллаген талшықтарының шоғырлы будалары қүрайды.

Бүлшық еттер дененің кеңістіктегі қозғалысын және тепе- теңдігін сақтаумен қатар, организмдегі тыныс алу, қүрсақты қатайту, шайнау, несеп шығару және тағы басқа қызметтерді іс жүзіне асырады. Сондай-ақ, олар қанмен келген органикалық қосыЛыстар (көмірсулар, майлар, белоктар) қүрамындағы химиялық қуаттың (энергияның) 70,0% -ын жылу энергиясына,

тек 30,0%-ын ғана механикалық жүмысқа айналдырып, дене қызуын реттеуге қатысады. Бүлшық еттер жануарлар дене массасының жылқьвда — 47,4%-ын, сиырда — 42,0% -ын, — 47,0%-ын, үсақ малдарда - 34,0%, шошқдда - 31,0% -ын қүрайды. Бүлшық ет қүрамының 75,0% -ы су, 1,0% -ы минералдықтүздар және 24,0%- ы органикалық қосылыстар. Органикалық қосылыстар ішінде: белоктар — 20,2%, майлар — 2,0%, көмірсулар — 0,6%, май тәрізді заттар — 0,8%, азотты экстрактивті заттар — 0,4%. Бүлшықет түсінің әр түрлі болуы, оның ет талшықтары саркоплазмаеындағы темір молекуласымен байланысқан миоглобин белокты пигментінің мөлшеріне байланысты.

Бүлшық еттердің түрлері

Ішкі қүрылымына, пішініне, орналасу орньіна, басталатын немесе аяқталатын орындарына, атқаратын қызметіне байланысты бүлшық еттер алуан түрге бөлінеді. Ішкі қүрылысына байланысты бүлшық еттер: қарапайым және қауырсынды болып екі топқа бөлінеді. Қарапайым бүлшық еттердің ет талшықтары бүлшық етгің ұзын білігіне параллельді орналасады. Бүлар тым күшті жиырылып, көп жүмыс атқарады. Бірақтез шаршап қалады. Бүл топқа негізінен аяқтардың бүлшық еттері жатады. Қауырсынды бүлшық еттердің ет талшықгары бүлшық ет үзындығына қиғаш орналасады. Ішкі қүрылысы жағынан олар: бір, қос және көп кауырысынды бүлшық еттер болып белінеді.

Бір қауырсынды бұлшық еттердің (m. unipennatus) ет талшықтары, олардың сіңірлі жиектеріне бір бағытта қиғаш орналасады. Қос қауырсынды бұлшық еттерде (m. bipennatus) ет талшықгары сіңірлі арқаудың екі жақ капталында бір-біріне қарама- қарсы қиғаш жатады. Көп қауырсынды бұлшық еттерде (т. multipennatus) бұлшық ет ішіндегі сіңірлі арқаулардың бойымен қысқа ет талшықтары бірнеше қатарда қиғаш орналасады. Қауырсынды бүлшық еттер дененің мойын және тұлға бұлшық еттерін қүрайды. Бұлшық еттің білігіне көлденең жүргізілген жазықтықты анатомиялық көлденең, ал бұлшық еттің ет талшықтары будаларына көлденең жүргізілген жазықтықты физиологиялық көлденең — деп атайды. Қарапайым бүлшық еттердің анатомиялық және физиологиялық көлденендері бір-біріне сәйкес келеді. Ал қауырсынды бүлшық еттерде физиологиялық көлденең анатомиялық көлденеңге қарағанда үзын болады.

Бүлшық еттер пішініне байланысты: жалпақ, дөңгелек, үзын, қалың бүлшық еттер болып бөлінеді. Жалпақ бүлшық еттер жануарлар денесі түлғасында, үзын және қалың бүлшық еттер аяқтарда, дөңгелек бүлшық еттер организмнің сыртқы ортамен қатысатын табиғи тесіктері қабырғаларында орналасады. Басталатын үштарына байланысты бүлшық еттер: екі басты, үш басты, төрт басты; аяқталатын үштарының түрлері мен пішініне қарай: көп бөлімді, тісше; орналасқан орындарына байланысты: төс, кдбырғааралық т. б; сыртқы пішініне байланысты: үшбүрышты, ромб және трапеция тәрізді бүлшық еттер — деп аталынады.

Аткдратын қызметтеріне қарай бүлшықеттер: динамикалық жөне статикалық бүлшық еттер болып екі топқа бәлінеді. Динамикалық бүлшық еттер тобы жануарлардың кеңістіктегі қозғалысын қамтамасыз етеді. Динамикалық бүлшық еттер күшті жиырылып, үлкен көлемде жүмыс атқарады, бірақ тез шаршайды. Бүлар күрылысы жағынан қарапайым бүлшық еттерге жатады. Статикалық бүлшық еттер негізінен дененің кеңістіктегі тепе-тендігін сақтап, оны белгілі жағдайда түрақты бекітіп үстап түрады. Статикалық бүлшық еттер жай және үзақ уақыт жиырылып, көп уақытқа дейін шаршамайды. Бүлар қүрылысы жағынан қауырсынды бүлшық еттерге жатады. Жануарлар организмдерінде динамикалық және статикалық бүлшық еттер таза күйінде сирек кездеседі. Бүлшық еттердің күрылысы мен қызметі аралық сипатта болады. Демек, қүрылысы жағынан олар қарапайым қауырсынды болып келеді.

Бүлшық еттер организмдегі аткдратын қызметіне байланысты: жаз- ғыш (экстензор), бүккіш (флексор), жакэщдапфш (адцуктор), алыстат- қыш (абдуктор), көтергіш (леватор), түсіргіш (депрессор), кергіш (тен- зор), тарьіішдііш (констриктор), кеңейткіш (дилятатор), ңысцыш (сфинк- тер), кері тарткьші (ретрактор), айналдырғьпи (ротатор) болып бөлінеді. Айналдырғыш бұлшық еттер өз кезегінде: сыртқа айналдырғыш (супинатор) және ішке айнадцырғыш (пронатор) бүлшықетгерге бөлінеді.

Бүлшық еттердің көмекші мүшелері

Бұлшық еттердің жиырылып, жұмыс атқаруына жануарлар организмінде көптеген мүшелер көмектеседі. Оларды бүлшық еттердің “көмекші мүшелері” — деп атайды. Бүларға қаңқа сүйектері мен шеміршектері, тиекше сүйектер мен сүйек шығырлары, беткей және терең шандырлар, синовиялы және кілегейлі қапшықтар мен бүлшық ет сіңірлерінің қынаптары жатады. Жануарлар тері жабынының астында, тығыз орналасқан коллаген талшықтарынан қүралған дәнекер үлпалық қабықша денені сыртынан қаптап жатады. Бүл тығыз дәнекер үлпалық қабықшаны беткей шандыр (fascia superficialis) - деп атайды. Беткей шандыр қаңқа сүйектерімен байланыспайды. Ол өз кезегінде екі: сыртқы және ішкі қабаттардан түрады. Бүлардың арасында қаңқа сүйектеріне байланыспаған, теріні қозғап сілкіндіретін теріасты бүлшық еттері (musculus cutaneus) орналасады. Терең шандырлар (fascia profunda) жеке бүлшық еттерді немесе бүлшық еттер топтарын сыртынан қаптап, бүлшық еттермен бірге қаңқа сүйектеріне бекиді. Шандырлар бүлшық еттердің бір-біріне жабыспауын қамтамасыз етіп, тіректік қызмет атқарады.

Бүлшық еттер даму тегіне қарай: сомалық (денелік) және висцеральдық (іштік) болып екі топқа бөлінеді. Сомалық бүлшық еттер мезодерманың миотомынан, ал висцеральдық бүлшық еттер үрықгың желбезек аппаратынан дамып жетіледі.

Дене (сомалық) бүлшық еттерінің бөлінуі

Жануарлар денесіндегі бүлшық еттер қаңқадағы орналасу орындарына сөйкес: біліктік қаңқаның және аяқтардың бүлшық еттері болып үлкен екі топқа болінеді.

Біліктік қаңқаііың бүлшық еттері өз кезегінде: бастың, түлғаның және күйрықтың бүлшық еттер топтарына бөлінеді. Түлғаның бүл- шық еттері торт бүлшық еттер топтарына бөлінеді. Олар: І.Иық белдеуінің бүлшық еттері немесе алдыңғы аяқты түлға мен бас аумақтарына бекітетін бүлшьіқ еттер; 2. Омыртқа бағанының бүлшық еттері; 3. Кокірек керегесінің бүлшық еттері; 4. Қүрсақ қабырғасының бүлшық еттері.

Аяқгардың бүлшық еттерін алдыңғы аяқтың және артқы аяқтың бүлшық еттеріне бөледі. Алдыңғы аяқгың бүлшық еттері өз кезегінде:

1.Иықбуынының, 2. Шынтақ буынының, 3. Тізе буыныныңжәне

4.Бақай буындарының бүлшық еттеріне болінеді. Артқы аяқгың бүлшық еттерін: 1. Жамбас-ортан жілік буынының, 2.Тобық буынының, 3. Тілерсек буынының және 4. Бақай буындарының бүлшық еттеріне боледі.

БАСТЫҢ БҮЛШЫҚ ЕТТЕРІ

Қызметіне байланысты бастың бұлшық еттері: бет және шайнау бұлшық еттер топтарына бөлінеді. Бет немесе мимикалық бұлшық еттер бір үшымен бассүйектің бет бөлімінің қозғалмайтын сүйек- теріне бекиді. Ал екінші үшымен бае аумағындағы табиғи тесіктер (ауыз саңылауы, мүрын тесіктері, көз, сыртқы есту жолы) қабырға- ларындағы қозгалмалы бүлшық еттер мен теріде аяқталады. Шайнау бүлшық еттері екі үшымен бассүйектің қозғалмалы сүйектеріне бекіп, жоғарғы жақ пен төмегі жақ сүйектерін қозғалысқа келтіріп, шайнау қызметін іс жүзіне асырады.

Бет бүлшық еттері

1.Ауыздың дөңгелек бүлшық еті (m. orbicularis oris) жоғарғы және төменгі еріндердің негізін қүрап, тері мен кілегейлі кдбықтың аралығында орналасады.

Ерскшеліктері. Бүлшық ет жылқы мен үсақ малдарда жақсы, ал сиырда, шошқада және итте нашар жетілген.

Ьфізметі. Ауыздың дөңгелек бүлшық еті еріндерді бір-біріне тартып қысып, ауыз саңылауының қысқыш бүлшық етінің қызметін аткдрады.

2.Үрт бүлшық еті (m. buccinator) жоғарғы жақ жөне төменгі жақ сүйектердің сыртқы беттеріне бекіп, үрттың негізін қүрайды.

Ерекшеліктері. Үрт бүлшық еті шөппен қоректенетін, әсіресе, күйіс қайтаратын жануарларда жақсы, итге нашар жетілген.

Қызметі. Үрт бүлшық еті шайнау кезінде азықты жылжытып, азу тістерге салуға көмектеседі.

3.Бет бүлшықеті (m. zygomaticus) бет доғасынан басталып, езуде аяқталады.

Ерекшеліктері. Бет бүлшық еті жылқыда бет қырынан, күйіс қайтаратын жаиуарлар мен шошқада үлкен шайнау бүлшық еті шандырынан, итге қүлақ шеміршегінен басталады.

Қызметі. Езуді артқа және жоғары қарай тартады.

4.Мүрын мен ерінді көтергіш бүлшықет (m. levator nasolabialis) мандай және мүрын сүйектерінен басталып, мүрын қанаты мен жоғарғы ерінде аяқталады.

Ерекшеліктері. Жылқыда бүлшық ет мандай және мүрын сүйек- терінен жүқа сіңір түрінде басталып, екіге ажырайды. Артқы беткей бөлігі езуде, ал алдыңғы терең бөлігі сойдақтіс бүлшық етінің төменгі жағымен өтіп, жоғарғы ерін мен мүрын қанатында аяқталады.

Қызмегі. Жоғарғы ерінді көтеріп, мүрын тесіктерін кеңейтеді.

5.Сойдак,тіс бүлшықеті (m. caninus) жоғарғы жақсүйектің бүйір бетінен басталып, мүрын қанаты мен жоғарғы ерінде аяқгалады.

Ерекшеліктері. Жылқыда бет қырынан басталып, мүрын қана- тында аяқталады. Сиыр мен үсақмалдарда бет төмпегінен басталып, беткей және терең тармақгарға ажырайды да, мүрын мен ерінді көтергіш бүлшық еттің арасымен өтіп, мүрын қанатында аяқгалады. Шошқада көздікасты тесіктің артқы жағындағы сойдақтіс шүңқы- рынан басталып, негізінен мүрын қанатында, ал бір сіңірлі бөлігі жоғарғы ерінде аяқталады. Итте көздікасты тесіктің алдыңғы жағынан бастау алып, жоғарғы ерінде аяқталады.

Кдозметі. Мүрын тесіктерін кеңейтеді.

6.Жощны еріңаі арнайы көтергіш бүлшық ет (m. levator labii superioris proprius) көзжасы және бет сүйектерден бастальш, жогарғы еріңде аяқгалды.

Ерекшеліктері. Жылқыда бүлшық ет көзжасы және бет сүйек- терінен басталып, танау тесіктерінің арқалығы арқылы жоғарғы ерівде аяқгалады. Күйіс кдйтаратын жануарларда ол бет тәмпегінен басталып, қаңсарда аяқгалады. ІПошқада бүл ет жақсы жетілген. Ол сойдақ тіс шүңқырынан басталып, танау сүйегінде аяқталады. Итте көздікасты тесіктің каудальды жиегінен басталып, мүрын қырында аяқгалады.

Кдозметі. Жоғарғы ерінді көтереді.

7.Жоғарғы ерінді түсіргіш бүлшықет (m. depressor labii superioris) сойдақтіс бүлшықетпен бірге басталып, жоғарғы ерінде аяқталады.

Ерекшеліктері. Бүл бүлшық ет жылідыда болмайды.

Қызмсті. Жоғарғы ерінді томен тартады.

8.Төменгі ерінді түсіргіш бұлшық ет (m. depressor labii inferioris) ұрт бұлшық етімен бірге басталып, төменгі ерінде аяқталады.

Ерекшеліктері. Итте болмайды.

Қызметі. Төменгі ерінді төмен тартып түсіреді.

Шайнау бүлшық еттері

1.Үлкен шайнау бүлшық еті (m. masseter) бет доғасы мен бет қырынан (төмпегінен) басталып, төменгі жақ сүйектің аттас ойысында аяқталады. Еттің беткей қабаты бет қырынан, ал терең қабаты бет доғасынан басталып, төменгі жақ сүйектің үлкен шайнау бүлшық ет шүңқырында аяқталады.

2.Кднатша бүлшық ет (m. pterygoideus) тандай және қанатша сүйектер мен сынаша сүйектің қанатша өсіндісінен басталып, төменгі жақ сүйектің аттас ойысында аяқталады. Ол екі: латеральды және медиальды бөліктерден түрады.

3.Самай бүлшық еті (m. temporalis) самай шүңқырының жиегінен басталып, төменгі жақ сүйек бүтағының бүлшық ет өсіндісінде аяқталады.

4.Қос күрсақгы бүлшық ет (m. digastricus) шүйде сүйектің мо- йындырық өсіндісінен басталып, төменгі жақ сүйектің вентральды жиегінде аяқталады.

Ерекшеліктері. Қос құрсақты бүлшық ет ит пен шошқада бір ғана ет қүрсағынан түрады.

5. Мойындырық-жақ бүлшық еті (m. jugulomandibularis) мойындырық өсіндісінен басталып, төменгі жақ сүйектің каудальды жиегінде аяқталады.

Ерекшеліктері. Бүл бүлшық ет тек жылқыда болады.

Иық белдеуінің бүлшық еттері алдыңғы

Иық белдеуінің бүлшық еттері алдыңғы аяқты, атап айтқанда, жауырын мен тоқпан жілікті түлғаға бекітеді.

Жауырынды түлғамен байланыстыратын бүлшық еттер

1.Трапеция тәрізді бүлшық ет (m. trapezius) мойын және арқа бөліктерінен түрады. Мойын бөлігі желке мен жотаүстілік байлам- дардан (атланттан 3-көкірек омыртқасына дейін), ал арқа бөлігі 3 -теніі-інші көкірек омыртқаға дейінгі жотаүстілік байламнан басталып, екі бөлігі де жауырын қырында аяқталады.

Ерекшеліктері. Шошқада трапеция тәрізді бүлшық ет шүйде сүйегінен басталады.

Кдозметі. Трапеция тәрізді бүлшық еттің мойын бөлігі жауырынды алға жөне жоғары, ал арқа бөлігі артқа және жоғары кдрай қозғайды.

2.Ромб тәрізді бүлшық ет (m. romboideus) мойын және арқа бөліктерінен түрады. Ромб тәрізді бүлшық ет трапеция тәрізді бүлшық еттің астында жатады. Оның мойын бөлігі білік омыртқадан 3 -інші көкірек омьіртқаға дейінгі, арқа бөлігі 3 -тен 7-9-ыншы көкірек омыртқасына дейінгі желке мен жотаүстілік байламдардан басталып, екі бөлігі де жауырын шеміршегінің медиальды бетінде аякталады.

Ерекшеліктері. Шошқа мен итге ромб тәрізді бүлшық еттің аталған бөліктерінен басқа бас бөлігі болады. Ол шүйде сүйегінен басталады.

Қызмегі. Ромб тәрізді бүлшық ет пен трапеция тәрізді бүлшық ет бір бағытта юызмет атқарады, яғни олар синергист бүлшық еттер. Ол жауырынды айналдыра қозғалтып, алдыңғы аяқгың қозғалысына қатысады. Ал алдыңғы аяқ жерге нық басылып түрған кезде, ол жауырынды түлғаға бекітіп, мойынды жоғары көтеруге көмектеседі.

3.Иық-атлант (атлант-акромион) бүлшық еті (m. omotransver- sarius s. m. atlantoacromialis) атлант қанатынан басталып, жауырын акромионында аяқталады.

Ерекшеліктері. Атлант-акромион бүлшық еті акромионы бар жануарларда жақсы жетілген, жылқыда болмайды, шошқада тым жіңішке таспа тәрізді болып келеді.

Кдозметі. Жауырынның дистальды бөлігін алға қарай тартып, осы бағытта алдыңғы аяқтың жылжуын қамтамасыз етеді.

Тісше вентральды бүлшық ет (m. serratus ventralis) мойын және көкірек бөліктерден түрады. Мойын бөлігі соңғы 4-5 -інші мойын

омыртқаларының көлденең өсінділерінен, ал көкірек бөлігі бірінші 6-7-інші қабырғалардың сыртқы бетінен басталып, жауырынның медиальды бетіндегі тісше беттер мен тісше сызықтарға барып аяқталады.

Ерекшеліктері. Сиыр мен ұсақ малдарда тісше вентральды бұлшық еттің мойын және көкірек бөліктері жауырынға дараланып бекиді.

Қызметі. Тұлғаның екі жағындағы аттас бұлшық еттер бірігіп, тұлғаны жауырын аралығына асып тұрады. Мойын бөліктері мойынды көтеруге, ал жеке жиырылғанда олардың әр қайсысы мойынды өз жағына қарай июге қатысады.

Тоқпан жілікті тұлғаға бекітетін бүлшық еттер

1.Иық-төс-бас бүлшықеті (m. brachiosternocephalicus) екі: иық- бас және төс-бас бүлшық еттерінен түрады.

Иық-бас бүлшық еті (m. brachiocephalicus) тоқпан жілік қырынан басталып, шүйде және самай сүйектері мен желкеге барып аяқталатын жалпақ бүлшық ет.

Ерекшеліктері. Жылқыда бүл бүлшық ет шүйде және самай сүйектер мен ортаңғы мойын омыртқаларының көлденең-қабырға өсінділерінен басталса, шошкдда шүйде мен самай сүйектерінен, ал итте самай және шүйде сүйектері мен желкенің 2 мойын омыртқасы түсынан басталады.

Кртзметі. Иық-бас бүлшық еті иық буынын жазу арқьшы адцыңғы аяқты алға қарай қозғайды. Ал алдыңғы аяқ жерге нық басылып түрған жағдайда, бас пен мойынды төмен түсіреді.

Төс-бас бүлшықеті (m. sternocephalicus) төс түтқасынан басталып, самай және төменгі жақ сүйек бүрышына барып аяқталады.

Ерекшеліктері. Сиыр мен үсақ малдарда самай және төменгі жақ сүйектеріне, шошқада самай сүйегіне, итте самай және шүйде сүйектеріне, ал жылқыда төменгі жақ сүйегіне барып бекиді.

Қызметі. Төс-бас бүлшық еті жиырылғанда тәменгі жақ сүйекті төмен тартып, ауыздың ашылуына көмектеседі және басты сәл ғана өз жағына бүрады.

2.Арқаның тым жалпақ бүлшық еті (m. latissimus dorsi) 3 -інші көкірек омыртқаларынан соңғы бел омыртқаға дейінгі жотаүстілік байламнан басталып, тоқпан жіліктің медиальды бетіндегі үлкен жүмыр бүлшық ет бүдырында аяқталады.

Ерекшеліктері. Арқаның тым жалпақ бүлшық еті жылқыдан басқа жануарларда аталған омыртқалардан және соңғы екі қабырғадан басталады.

Қызметі. Арқаның тым жалпақ бүлшық еті иық-бас бүлшық етіне қарама-қарсы (антогонист) әсер етеді. Ол иық буынын бүгу арқылы алдынғы аяқты артқа қарай қозғайды. Ал алдыңғы аяқ жерге нық басылып түрған кезде, түлғаны алға қарай жылжытады.

3.Беткей кеуде бүлшық еті (m. pectoralis superficialis) көкірек керегесінің вентральды бетінде, алдыңғы аяқтардың аралығындағы теріастында орналасады. Ол тоқпан жіліктік және білектік бөліктерден тұрады. Бүлшық еттің тоқпан жіліктік бөлігі — төссүйек тұтқасынан басталып, дельта төрізді бүдырдан төменірек тоқпан жілік қырында, ал білектік бөлігі төссүйек денесінің алдыңғы жағындағы 1-6 -қабырға шеміршектерінен басталып, білек шандырының медиальды бетіне барып аяқталады.

Ерекшеліктері. Итте бүлшық еттің тек тоқпан жіліктік бөлігі ғана болады. Ол тәссүйек денесінің бірінші сегментінен басталады.

Қызметі. Беткей кеуде бүлшық еті алдыңғы аяқгарды бір-біріне жақындатып, аддуктор қызметін атқарады. Тоқпан жілікті алға тартып, иық буынын жазады.

4.Терең кеуде бүлшықеті (m. pectoralis profundus) тоқпан жіліктік және жауырыналды боліктерден түрады. Тоқпан жіліктік бөлігі төссүйек денесінің артқы жағынан және сары шандырдан басталып, тоқпан жіліктің үлкен және кіші төмпешіктерінде, ал жауырыналды бөлігі төссүйек пен алдыңғы қабырға шеміршектерінен басталып, қыралды бүлшық еті шандырында аяқталады.

Ерекшеліктері. Сиыр мен шошқада бүлшық ет тоқпан жіліктің тек үлкен төмпешігіне ғана бекиді. Жылқыда, үсақмалдарда және шошқада бүлшық ет тоқпан жіліктік жөне жауырыналды бәліктерге бөлінеді. Тоқгіан жіліктік бөлігінің басталуы мен аяқгалуы жоғарыда баяндалды. Ал жауырыналды бөлігі төссүйек пен алғашқы қабырға шеміршектерінен басталып, қыралды бүлшық ет шандыры мен тоқпан жіліктің үлкен томпешігіне бекиді.

Қызметі. Терең кеуде бүлшық еті аддуктордың қызметін атқарады. Ал алдыңғы аяқты алға жылжытып жерге басқаннан соң, ол түлғаны алға қарай тартады.

Бас және аддыңғы аяқты тұлғаға бекітетін бұлшық еттер бойынша бақылау сұрақгары:

  1. Бұлшық еттер жүйесіне сипаттама беріп, оған тән қасиеттерді атаңыз.

  2. Мүше ретіндегі бүлшықеттің қүрылысы және қызметі.

  3. Бүлшықеттер қандай топтарға жіктеледі? Оларға толық сипаттама беріңіз.

  4. Бастың бүлшық еттері қызметіне байланысты кандай топтарға бөлінеді? Оларды жеке-жеке атап, бүлшық еттердің қүрылысына жөне жануарлар түрлеріне байланысты ерекшеліктері мен аткдратьш кьізмеггеріне тоқгалыңыз.

  5. Жауырынды түлға мен бас аумағына қандай бүлшықеттер бекітеді? Олардың басталатын және аяқталатын жерлерін, жануарлардың түрлеріне байланысты қүрылыс ерекшеліктері мен қызметтерін қайталап пысықтаңыз.

  6. Тоқпан жілікті түлға мен бас аумағына кдндай бүлшықеттер бекітеді? Олардың басталатын және аякталатын жерлерін, жаиуарлардың түрлеріне байлаиысты күрылыс ерекшеліктері мен қызметгерін қайталап пысықтаңыз.

  7. Осы тақырыптар мәтіиіндегі қазақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алыгі, оларды жаттаңыз.

ОМЫРТҚА БАҒАНЫНЫҢ БҮЛШЫҚ ЕТТЕРІ

Омыртқа бағанының бүлшық еттері орналасу орындарына сәйкес дорсальды жөне вентральды бүлшық еттер топтарына бөлінеді. Дорсальды бүлшық еттер мойын мен қүйрықты көтеріп, арқа мен белді тәмен ию арқылы омыртқа бағанының жазғыш бүлшықетте- рінің қызметін атқарады. Сонымен катар, олар омыртқа бағанының оң жөне сол жақ бүйірге иілуін қамтамасыз етіп, мойын мен қүй- рықты айналдырады. Вентральды бүлшық еттер омыртқа бағаны- ның бүккіш бүлшық еттерінің қызметін атқарады.

Омыртқа бағанының дорсальды бүлшық еттері

1Тым үзын бүлшық ет (m. longissimus) — омыртқа бағанының жотаүстілік және көлденең өсінділері аралықтарыі гдагы үшбүрышты кеңістікте орналасып, күйымшақган баскэ дейін созылып жаткдн үзын бүлшық ет. Ол орналасу орындарына сәйкес терт бөліктен түрады.

Аркд мен белдің тым үзын бүлшық еті (m. longissimus dorsi et lumborum) мықын қырынан және қүйымшақ, бел, кокірек омырт- қалары жоталық өсінділерінен басталып, бел, кекірек омыртқа- лардың көлденең және емізікше өсінділеріне бекіп, соңғы мойын омыртқаға дейін созылады.

Мойынның тым үзын бүлшықеті (m. longissimus cervicis) алдыңғы бесінші, жетінші көкірек омыртқалардан басталып, соңғы төртінші, бесінші мойын омыртқалардың көлденең өсінділерінде аяқталады.

Бастың тым үзын бүлшық еті (m. longissimus capitis) бірінші көкірек және соңғы мойын омыртқалардан басталып, самай сүйектің емізікше өсіндісінде аяқталады.

Атланттың тым үзын бүлшық еті (m. longissimus atlantis) бастың тым үзын бүлшық етімен бірге басталып, атлант қанатында аяқгалады.

Ерекшеліктері. Күйіс кдйтаратын жануарларда бас және атлант- тың тым үзын бүлшық еттері қосымша білік омыртқаның кәлденең өсіндісінде аяқталады.

Қызметі. Тым үзын бүлшық ет бел, арқа және мойын аумақта- рының жазғыш бүлшық етінің қызметін атқарады.

2/Мықыи-қабырғалық бүлшық ет (m. iliocostalis) мықын сербе- гінен басталып, жеке сіңірлермен қабырғалардың омыртқалық бөліктерінде және төртінші, бесінші мойын омыртқалардың көлде- нең өсінділерінде аяқталады. Орналасу орындарына байланысты мықын-қабырғалық бүлшық ет өз кезегінде бел, арқа және мойын бөліктеріне бөлінеді.

Ерекшеліктері. Мықын-қабырғалық бүлшық еттің іМОЙын бөлігі итте алтыншы, төртінші мойын омыртқаларға, ал шошқада атлантқа дейін созылады.

3.Бүласырша бүлшық ет (m. splenius) алдыңғы көкірек омыртқалардың жоталық өсінділері үстіндегі желкенің жалғасынан

шұйде сүйекке дейінгі желкеден басталып, мойын омыртқалардың көлденең өсінділері мен атлант қанатында аяқталатын жалпақ ет. Бүласырша бүлшық етті сыртынан трапеция және ромб тәрізді иық-бас бұлшық еттері жауып түрады. Бүласырша бүлиіық ет өз кезегінде бас және мойын бөліктеріне бөлінеді.

Ерекіиеліктері. Жылқы мен үсақ малдарда бүласырша бүлшық еттің мойын бөлігі бесінші, үшінші, сиырда бірінші, екінші мойын омыртқаларының көлденең өсінділерінде аяқталады. Шошқада бұлшық еттің бас бөлігі екі тармақталып барып бассүйекте, ал мойын бөлігі атлантта аяқталады. Итте бүлшық еттің мойын бөлігі болмайды.

Қызметі. Мойын мен бастың екі жағындағы бүласырша бүлшық еттер бір мезгілде жиырылғанда, мойын мен басты көтереді. Ал бір жағындағы бүлшық ет жиырылғанда, бас пен мойынды өз жағына тарта бүрады.

4.Арқа мен мойынның жоталық бүлшық еті (m. spinalis dorsi et cervicis) алдыңғы бел, соңғы 5-6 көкірек омыртқалардың жоталық өсінділерінен басталып, алдыңғы 1-7 көкірекжәне соңғы 4-5 мойын омыртқалардың жоталық өсінділерінде аяқталады.

Ерекшеліктері. Жылқыда бүл бүлшық ет он екінші, он үшінші көкірек омыртқасы түсында қатты қалындайды.

Қызметі. Омыртқа бағанының жазғыш бүлшық еті қызметін атқарады.

5.Бастың жартылай жоталық бүлшық еті (m. semispinalis capitis) алдыңғы 6-7 көкірек омыртқалары мен соңғы 5-6 мойын омыртқасының көлденең өсінділерінен басталып, шүйде сүйек қабыршағында аяқталады. Бастың жартылай жоталық бүлшық етін сыртынан бүласырша және бастың тым үзын бүлшық еттері жауып тұрады.

Қызметі. Дененің екі жағындағы бүлшық еттер бір мезгілде жиырылғанда, бас пен мойынды көтереді, ал бір жағы жиырылғанда аталған мүшелерді өз жағына бүрады.

6.Көп бөлімді бүлшық еттер (m.m. multifidi) омыртқалараралық бір сегментті қыска бүлшық еттер. Олар омыртқалардың көлденең және емізікше өсінділерінен басталып, алдындағы көрші омыртканың жоталық өсіндісінде аяқталады.

7.Қүйрыкды көтергіш үзын бүлшық ет (m. sacrocaudalis dorsalis lateralis) қүйымшақ қыры мен алдыңғы күйрық омыртқаларының жоталық өсінділерінен басталып, бірнеше омыртқаларды жіберіп, олардан кейінгі қүйрық омыртқаларда аяқталатын қүйрықтың дорсальды бүлшық еті.

Бүлардан басқа омыртқа бағанының жоғарғы жағында көлденең өсінділераралық бүлшық еттер, жоталық өсінділераралық бүлшық еттер, бастың дорсальды тік және қиғаш қысқа бүлшық еттері, қүйрықты көтергіш қысқа бүлшық еттер болады.

Омыртқа баганының вентральды бүлшық еттері

1.Мойынның ұзын бұлшық еті (m. longus colli) алдыңғы 5-6 көкірек омыртқалардың денелерінен және соңғы мойын омыртқалардың көлденең өсінділерінен басталып, соңғы мойын омыртқалардың көлденең өсінділерінде және алдыңғы мойын омыртқалардың вентральды қырлары мен атланттын, вентральды төмпешігінде бұлшық ет тісшелері түрінде аяқталады.

2.Бастың үзын бұлшық еті (m. longus capitis) ортаңғы мойын омыртқалардың көлденең өсінділерінен басталып, шүйде сүйектің бүлшық ет төмпешігінде аяқталады.

3.Белдің үлкен бүлшық еті (m. psoas major) соңғы көкірек омыртқалардың денелерінен басталып, ортан жіліктің кіші үршығында аяқгалады.

4.Белдің кіші бүлшық еті (m. psoas minor) соңғы көкірек омыртқалардың денелерінен басталып, мықын сүйек денесіндегі кіші бел бүлшық еті төмпешігінде аяқталады.

5.Белдің шаршы бүлшық еті (m. quadratus lumborum) бел омыртқалардың көлденең өсінділерінен басталып, қүйымшақ қанатының вентральды бетінде аяқталады.

Бүлардан басқа омыртқа бағанының вентральды бетінде бастың вентральды және латеральды тік қысқа бұлшық еттері, қүйрықты түсіргіш үзын және қысқа бүлшық еттер болады.

КӨКІРЕК КЕРЕГЕСІНІҢ БҮЛШЫҚ ЕТТЕРІ

Көкірек керегесінің бұлшық еттері көкірек керегесінде орналасып, қабырғалар мен төссүйекті сыртқа қарай тартып бір- бірінен ажыратып, көкірек куысын кеңейтеді де, ішке тыныс алуды және көкірек қуысын қысып тарылтып, сыртқа дем шығаруды қамтамасыз ететін бүлшық еттер. Сондықтан, көкірек керегесінің бүлшық еттерін тыныс алу бүлшық еттері — деп атайды. Қызметіне байланысты оларды екі топқа бөледі. Ішке тыныс алу процесін (inspiratio) іс жүзіне асыратын бүлшық еттерді инспираторлар, ал сыртқа дем шығару процесін (expiratio) қамтамасыз ететін бүлшық еттерді экспираторлар — деп атайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]