Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KIRISPE.doc
Скачиваний:
219
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
3.14 Mб
Скачать

Үй жануарлары ішек бөлімдерінің үзындығы (м) (а.И. Акаевский, 1984)

Жануарлар

түрі

Ішек бөлімдері

Ішек

үзындығының

дене

үзындығына

кзтынасы

Ащы ішек

Жуан ішек

Жуан ішек ұзындығының ащы ішек үзындығына қатынасы

Сиыр

35-40

7-10

1 : 5,0

1 : 22

Қой

21-32

4-7

1 : 5,7

1 : 32

Ешкі

17-25

4-7

1 : 4,3

1 : 25

Шошкз

17-21

3,7-4,1

1 : 4,6

1 : 16

Жылқы

19-30

6-9

1 : 3,4

1 : 10

Ит

5,5-7,1

0,7-1,0

1 : 5,8

1 : 5

Мысық

1,4-1,8

0,3-0,45

1 : 5,4

1:4,5

Қоян

2,9-3,2

2,1-2, 3

1: 1,5

1: 10

Онтогенез. Эмбриондық дамудың бастапқы кезеңінде алғашқы ішек түтігінің вентральды қабырғасы, үрықтың сарыуыз қапшығы қуысымен тесік арқылы өзара байланыста болады. Ішек түтігінің осы түсы, оның ортаңғы бөлімі болып есептелінеді. Ортаңғы бөлім- нен алғашқы ішек түтігі краниальды бағытта өсіп, алдыңғы іпіек, ал каудальды бағытта артқы ішек бөлімдерін қүрайды. Алдыңғы ішектің түйықталған үшы алғашқы ауыз қуысына жанасып, одан жүтқыншақ жарғағы арқылы бөлініп түрады. Ал артқы ішектің түйықталған үшы аналь аумағы эктодермасымен бірігіп, клоака жарғағын түзеді. Кейінен бүл екі жарғақ тесіліп, ішек түтігі ауыз бен аналь тесіктері арқылы сыртқы ортамен қатысады.

Ауыз куысының дамуы. Онтогенезде ауыз қуысы үрықтың бас бөліміндегі мандай төмпегінің төменгі жағындағы эктодермадан дамып қалыптасады. Алдымен ауыз шүңқыры пайда болады. Ол

одан әрі дененің ішіне қарай терендей өсіп, эмбриондық алғашқы ішек тұтігінің алдыңғы тұйықталған ұшына жақындап жанасады. Ауыз шүңқыры ішек түтігінен тек жүтқыншақ жарғағы арқылы ғана бөлініп түрады. Дамудың келесі кезеңінде жүтқыншақ жарғағы тесіліп, ауыз қуысы ішек қуысымен өзара байланысады. Ауыз қуы- сының бүйір және төменгі кэбырғаларында висцеральды (желбезек) доғалар пайда болып, олардан ауыз қуысының негізі қалыптасады. Ауыз қуысы мүшелеріндегі дәнекер үлпалық қабаттар мен аралықтар мезенхимадан жетіледі.

Тістің дамуы. Төменгі сатыдағы жануарларда тіс, тері мен ауыз қуысы кілегейлі қабығы бүртіктерінің сүйектенуі нөтижесінде дамиды. Демек, ол тері туындыларына жатады. Іштөлі сүт тістерінің дамуы ауыз қуысындағы қызыл иек эпителий қабатының қалындап, астындағы үрықтық дәнекер үлпасы мезенхимаға үңгілене енуінен басталады. Бүл қалың эпителий тақташасы тіс тақгашасы — деп аталады. Оның пішіні қызыл иектің пішінін қайталайды, яғни таға тәріздес болып келеді. Tie тақташасының сыртқы ерін-үрт бетінде, болашақ тістердің орындарында пішіні қалпаққа үқсас кіреуке (эмаль) мүшелер жетіліп, дами бастайды. Кіреуке мүшелер астындағы мезенхима тығыздалып, тіс емізікшесін түзеді. Өз кезе- гінде кіреуке мүшесі үш қабат болып қалыптасады. Олар: сыртқы кіреуке торшалары, кіреуке мүшесінің жүмсағы (пульпасы) және ішкі кіреуке торшаларының қабаттары. Кіреуке мүшесі сыртқы кіреуке торшалары қабатының мойны арқылы тіс тақташасымен жалғасып жатады. Ал кіреуке мүшесінің жүмсағы жүлдыз тәрізді тармақты торшалардан түзілген. Ол сыртқы кіреуке торшалары қабатын ішкі кіреуке торшалары қабатымен байланыстырып түра- ды. Ішкі кіреуке торшаларының қабаты пішіні призма тәрізді бір қабатта орналасқан кіреуке торшалардан түрады. Бүлар тіс кіреукесін (эмалін) түзетін торшалар. Оларды адамантобластгар — деп атайды. Сонымен, тіс кіреукесі эпителий үлпасының туындысы. Адамантобласттарға жанаса тығыз орналасқан тіс емізікшесіндегі імезенхима торшалары дентин жасаушы торшалар немесе одонто- бласттар — деп аталады. Олар кіреуке астыңдағы тістің сүйек үлпасы дентинді түзеді. Тістің кіреуке кдбатьі қалыптасқан сайын, адаман- тобласттар жоғары қарай көтеріледі. Ал тістің дентин қабаты қалың- дап жетілген сайын, одонтобласттар төмен қарай ығыса береді. Сөйтіп. бастапқы кезде жанаса орналасқан адамантобласттар мен одонтобласттар бір-бірінен ажырап, олардың аралғында болашақ тістердің кіреуке және дентин қабаттары қалыптасады. Мезенхиманың қалған бөлігінен тістің цемент қабаты мен пульпасы дамиды

Тілдің дамуы. Тіл эмбриондық кезеңде екі түрлі бастамадан дамып жетіледі. Тілдің үшы мен денесі ауыз қуысы түбінің экто- дерма бастамасынан, ал оның түбірі II және III желбезек доға- ларының вентральды үштары аралығындағы энтодерма эпителийі- мен қадталған мезенхимадан дамиды.

Өңеш пен кдрынның дамуы. Онтогенездің бастапқы кезінде еңеш пен қарын ішек түтігінің ауыз-жүтқыншақтан кейін орналасқан біртүтас бөлігі — алдыңғы ішектен дамиды. Өңештің дәнекер үлпасы мен бүлшық ет негіздері мезенхиманың туындысы болып табылады. Дамудың 6 -ншы аптасында алдыңғы ішек үзарып, қабырғасында екі қабат бүлшықет қабығы пайда болады. Алғашқы кезде өңештің кілегейлі қабығы көпқабатты кірпікшелі эпителиймен астарланып, кейіннен көпқабатты жалпақ эпителийге ауысады. Эмбриондық дамудың 4 -інші аптасында ішек түтігінің өңештен кейін орналасқан белігі, үзын бойымен бойлай үршық тәрізді кеңейіп, болашақ қарынға айнала бастайды. Алғашқыда, кеңейген ішек түтігінің дорсальды қабырғасының томпайып кеңеюі нәтижесінде қарынның жоғары қарай бағытталған үлкен иіні, ал оның вентральды қабырғасынан кіші иін пайда болады. Қарынды қүрсақ қуысы қабырғасына дорсальды және вентральды шажырқайлар бекітіп түрады. Дорсальды шажырқай жапырақшалары аралығында энтодерма мен мезенхимадан қалыптасқан көкбауыр мен тақ дорсальды үйқы безінің, ал вентральды шажырқайда бауыр мен жүп вентральды үйқы бездерінің бастама қүрылымдары орналасады.

Эмбриогенез барысында қарынның ересек жануарлардағыдай орналасуы, оның сол кезеңдегі екі бұрылыс жасауы арқылы жүзеге асады. Қарынның бірінші бүрылысы мүшенің ұзын білігі бойымен оңнан солға айналуы арқылы жүреді. Нәтижесінде қарынның дорсальды жағындағы үлкен иіні вентральды жаққа. ал вентральды жағындағы кіші иіні дорсальды жаққа ауысады. Қарынның екінші бүрылысы көлденең біліктің бойымен жүреді. Нәтижесінде ұзынынан жатқан қарын көлденең орналасуға мәжбүр болады. Сөйтіп, оның артқы үшы оң, ал алдыңғы үшы сол жаққа қарай ауысады. Осы аталған екі бүрылыстардың нөтижесінде дорсальды шажырқай үлкен шарбыны, ал вентральды шажырқай кіші шарбыны түзеді.

Күйіс қайтаратын жануарлардың көп бәлімді қарны өңеш типтес бір бөлімді қарыннан күрделеніп жетіледі. Онтогенездің алғашқы кезеңінде бүлардың қарны негізінен екі бөлімді болып қалыптасады. Кейіннен, оның алдыңғы бөлімінен мес қарын мен жүмыршақ, ал артқы белімінен қатпаршақ пен үлтабар түзіледі.

Ортаңғы және артқы ішектердің дамуы. Онтогенездің алғашқы кезеңінде ортаңғы және артқы ішектер дененің үзына бойымен бойлай орналасыгі, үрықтың сарыуыздық қапшығымен өзек арқылы қатысып түрады. Ішек түтігі үзарып өсе келе шажырқайға ілінген екі бөлікті ілмек түзеді. Ілмектің төмендеген бөлігі қарыннан каудоенгральды бағьгп'а құрсақ қабырғасына дейін созылып, өзінің бір үшымен сарыуыз өзегімен байланысады. Ал оның жалғасы, екінші өрлеме, бөлік қүрсақ қабырғасынан каудо-дорсальды бағытта омыртқа бағанасына жетіп, артқы аналь тесігіне қарай

бүрылыс жасайды. Осы бөліктің бойындағы томпиған төмпектен кішігірім бүйеннің бастамасы пайда болады. Ішектің бүл түсы негізінен ортаңғы және артқы ішектің шегарасы болып есептеледі. Ілмектің аталған екі бөлігі аралығында краниальды шажырқай артериясы дамып жетіледі.

Ішек түтігі үзындығының одан әрі үзарып өсуіне байланысты, ішек ілмектері сағат тілі бағытында краниальды шажырқай артериясы бойымен толық бір айналым жасайды, Нәтижесінде төмендеген бөліктің алдыңғы жағы он екі елі ішек ретінде қүрсақ қуысының оң жақ бөлігінде орналасады. Ол каудальды бағытта шажырқай түбірін айналып өтіп, сол жаққа ауысады да, аш ішекке айналады. Өрлеме бөліктің көлденеңінен орналасқан бөлімі сол қүрсақ қабырғасын жағалай үзарып өсіп, алға қарай краниальды шажырқай артериясын айналып, оң жаққа өтеді. Бүдан соң, ол қайтадан бүйенмен бірге кері каудальды жаққа бағытталады. Осындай ауысулардың нәтижесінде тоқ ішек шеңбер төрізді жиектеле орналасады. Оның оң бөлігі жуан ішектің басталар жері бүйеннен краниальды бағытта орналасады. Тоқ ішектің краниальды шажырқай артериясының алдында жатқан түсын көлденең тоқ ішек, ал каудальды бағыттағы сол бәлігін — сол тоқ ішек — деп атайды.

Жамбас қуысында сол тоқ ішек тік ішекке ауысады. Жоғарыда баяндалған ішектердің онтогенездегі дамуы негізінен етқоректі жануарларға тән. Ал басқа шөпқоректі жануарларда тоқ ішек дөңгелек (дискі) немесе дискоконус, талғаусыздарда конус түрінде дамып жетіледі.

Азық қорыту аппараты (пищеварительный аппарат) — apparatus digestorius — азықты қабылдау, оны механникалық өндеуден өткізу (үсақтау, жібіту, араластыру), мүшелерден мүшелерге жылжыту, биологиялық (микроорганизмдердің көмегімен бактериялар, қарапайымдар, саңырауқүлақтар) жөне химиялық өңдеулерден өткізіп, қорытылған қоректік заттарды сіңіру, азыққалдыған сыртқа шығару сияқты қызметтерді атқаратын ішкі мүшелерден түрады. Азық қорыту аппараты сыртқы ортамен жануарлар денесіндегі екі табиғи дене тесіктері (кіреберіс тесік — ауыз саңылауы, шығаберіс тесік — аналь тесігі) арқылы қатысады. Ол негізінен жүйелі түрде кезектесе орналасқан түтікше мүшелерден және олармен өзектер арқылы байланысқан ірі ас қорыту бездерінен қүралған. Азық қорыту аппаратын фило-онтогенездік түрғыдан терт бөлімге бөледі. Олар: бас, алдыңғы, ортаңғы және артқы бөлімдер.

1. Бас бөлімге ауыз қуысының мүшелері мен жүтқыншақ жатады. Олар бірігіп, ауызжүгқыншақгы қүрайды.

2. Алдыңғы бөлім өңеш пен қарыннан түрады.

3. Ортаңғы бөлімге ащы ішек (он екі елі, аш, мықын ішектер) пен ірі ас қорыту бездері (бауыр, ұйқы безі) жатады.

4. Артқы белім жуан ішектен (бүйен, тоқ, тік ішектер) түрады.

АУЫЗ ҚУЫСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҮРЬІЛЫСЫ

Ауыз қуысы (ротовая полость) — cavum oris — жүтқыншақпен жалғасып, бас бөлімді қүрайды. Оның кіреберіс тесігі — ауыз саңылауы (rima oris), ал ауыздан жүтқыншаққа шығаберіс тесігі — ecils (isthmus faucium) деп аталады. Ол тіл түбірі мен жүмсақ таңцай арасында болады. Ауыз қуысы екі бөлімнен: ауыздың кіреберіс бөлімінен (vestibulum oris) және өзіндік ауыз қуысынан (cavum oris proprium) түрады. Ауыздың кіреберіс бөлімінің сыртқы қабырғасын еріндер мен үрт, ішкі қабырғасын қызыл иек пен тістер қүрайды. Ал өзіндік ауыз қуысы қызыл иек пен тістен жүтқыншаққа дейінгі кеңістік. Ауыз қуысы мүшелерінің ішкі бетін тері типтес кілегейлі қабық қаптап жатады. Ол екі қабаттан: ішкі көпкдбатты жалпақ эпителийден және оның астындағы өзіндік тақташадан (борпылдақ дәнекер үлпасы) түрады. Ауыз қуысының мүшелері: жоғарғы және төменгі ерін, үрт, тіс, қызыл иек, қатты және жүмсақтандай, тіл, сілекей бездері.

Ерін (губы) — labia — ауыз саңылауын шектейтін терілі-етті мүіпе. Ол үш кдбықган:ішкі кілегейлі, ортащы етгі (ауыздың доңгелек бүлшық еті) қабықгардан және сыртқы теріден түрады. Кілегейлі қабык екі кдбатган: ішкі көпқабаггы жалпақ эпителийден және оның астындағы өзіндік тақгашадан түрады. Жоғарғы және томенгі ерін (labium superius

et inferius) кілегейлі қабықгарында еріннің майда қабырғалық сілекей бездері (glandulae labiales) орналасады. Олардың өзектері ауыз куысына ашылады. Жоғарғы және төменгі еріннің ауыздың екі бүйіріндегі түйіскен бүрышын езу (angulus oris) — деп атайды. Ерін терісінде жекеленген сезім түктері (pili tactilis) орналасады.

Ерекшеліктері. Жылқының еріндері қалың, үзын және қозғалмалы келеді. Төменгі ерін жақсы жетіліп, иекпен (mentum) жалғасады. Еріннің езуі азу тістің алдыңғы жағында болады. Сиыр еріндері де қалың, бірақ қысқалау келеді және нашар қозғалады. Жоғарғы еріннен мүрын тесігіне дейінгі аумақта түксіз пигменттелген терімен қапталған қаңсар (planum naso-labiale) созылып жатады. Қаңсарда сір сүйығын бөлетін сірлі бездер орналасады. Әдетте, сүйықтың булануы нәтижесінде қаңсардың сыртқы беті түрақты ылғалды да, салқын болып түрады. Ерін езуі азу тістерінің алдында болады. Қой мен ешкінің еріндері үзын және қозғалмалы келеді. Жоғарғы ерінді су ағар сайы (philtrum) бөліп түрады. Шошқаның жоғарғы ерні түксіз талпақ танаумен (planum rostrale) жалғасқан. Төменгі ерін үшкілдеу болып келеді. Ерін езулері 3-4 азу тістердің түсына дейін созылады. Иттің еріндері жүқа жөне нашар қозғалады. Ауыз саңылауы үзынынан созылып, оның езулері 3-4 азу тістерінің қатарына дейін жетеді. Жоғарғы ерін ортасынан су ағар сайымен екіге бөлініп түрады. Тәменгі ерін көлемі жағынан жоғарғы ерінге қарағанда сәл көлемділеу келеді.

Үрт (щеки) — bucca — құрылысы ерінге үқсас терілі-етті мүше. Ол сыртынан терімен, ал ішкі беті ауыз қуысының кілегейлі қабығымен қапталған. Үрттың негізін үрт бүлшық еті түзеді. Үрт ауыз қуысының екі бүйір қабырғаларын қүрайды. Үрттың үзындығы ауыз саңылауының үзындығына байланысты. Ауыз саңылауы үзын болған сайын, үрттың үзындығы қысқа болады. Мысальі, иттің езуі үзын да, үрты қысқа. Бүған, керісінше, шөппен қоректенетін жануарлардың үрты үзын, ал ауыз саңылауы қысқа келеді. Үрттың ішкі кілегейлі қабығы бетінде, жоғарғы азу тістердің түсында шықшыт (қүлақтүбі) сілекей безі өзегінің бүртігі (papilla parotidea) ашылады. Үрттың кілегейлі қабығында үрт сілекей бездері (glandulae buccales) орналасады. Әсіресе, олар шөппен қоректенетін жануарларда жақсы дамыған. Үрт бездері дорсальды және вентральды болып екі топқа бөлінеді. Олар жоғарғы және төменгі тіс доғалары деңгейлерінде, езу мен үлкен шайнау бүлшық еті аралығында орын тебеді.

Ерекшеліктері. Жылқы үрты үзын болып келеді. Шықшыт безінің өзегі үрттың ішкі бетіне, 3 -інші жоғарғы азу тіс түсында ашылады. Сиыр үртының кілегейлі қабығында үшы ауыз саңылауына кері бағытталған, пішіні конус төрізді емізікше бүртіктер орыаласады. Олар ауыз куысындағы азықтың кері түсіп қалмауын қамтамасыз етеді. Шықшыт безінің өзегі 5 -інші азу тіс деңгейінде ашылады. Қой мен ешкі үртында да конус тәрізді

емізікше бүртіктер болады. Шықшыт безінің өзегі 4 -інші азу тіс қатарында, үрттың ішкі бетіне ашылады. Күйіс кдйтаратын малдарда дорсальды және вентральды үрт бездерінен басқа аралықүрт бездері де кездеседі. Шошқада шықшыт безінің өзегі 4-5 -інші азу тістің деңгейі түсында ашылады. Ит үртының кілегейлі қабығы пигменттелген. Шықшыт безінің өзегі 3 -інші азу тіс қатарында ашылады. Дорсальды үрт бездері орналасу орнына қарай бет бездері (gl. zygomatica) -- деп аталады. Вентральды үрт бездері болмайды.

Қызыл иек (десны)— gingiva — жақ сүйектердің тіс жиектерін қаптап, тістерді тіс үяларына бекітіп түратын ауыз қуысы кілегейлі қабығының қатпары.

Tie (зубы) — dens, көпше түрі — dentes, грек. odontos — ауыз қуысының қатты туынды мүшесі. Ол қызметіне байланысты: күрек тістер (dentes incisivi - I), сойдақтістер (dentes eanini - C), алдыңғы азу тістер (премолярлар - dentes premolares - Р) және нағыз азу тістер (молярлар — dentes molares - М) болып бөлінеді. Жануарлардың жасына қарай: сүт тістерге (dentes deeidui - Dd) және түрақты тістерге (dentes permanentes - Dp) бөлінеді. Қүрылысына байланысты: қысқа сауытты және үзын сауытты тістер болып бөлінеді. Тістер бассүйектің жоғарғы жақ, түмсық және төменгі жақ еүйектерінің тіс үяларында орналасып, жоғарғы және төменгі тіс доғаларын (аркадаларын) құрайды.

Қысқасауытты тіетер (brachiodontes) бір-бірінен анық ажырайтын үш бөліктен: тіс сауытынан (тістің ауыз қуысындағы бөлігі) — corona dentis, тіс түбірінен (тістің жақ және түмсық сүйектер үяларындағы бөлігі) — radix dentis және тіс мойнынан (тіс сауыты мен тіс түбірі шекарасындағы қызыл иек қаптап түрған жіңішкелеу бөлігі) — collum dentis — түрады. Tic сауыты үш қабаттан қүралған. Оның сыртқы қабаты ақ түсті тіс кіреукесі (эмаль) ауыз қуысы кілегейлі қабығы эпителий қабатының туындысы, яғни ол даму барысында эпителийден жетіледі. Кіреукенің астындағы дентин тістің негізін қүрайтын қүрылысы ерекше сүйек үлпасынан түрады. Дентиннің ішкі жағында қан, лимфа тамырлары мен жүйкелерге бай жүмсақ дәнекер үлпасы пульпаға толған тіс қуысы болады. Tie түбірі де үш қабаттан қүралған. Ол сыртынан сары түсті цементпен қапталған. Қалған төменгі екі қабаты тіс сауытына үқсас, яғни дентиннен және тіс қуысындағы пульпадан түрады. Қысқа сауытты тістің тіс сауыты шайнаған сайын, үйкеліп қажалып, қартайған жануарларда толығымен желініп көрінбей кетеді. Қажалған тіс тіс түбірі жағынан өсіп шықпайды.

Үзынеауытгы тіе (hypselodontes) тек тіс сауытынан түрады. Оның мойны мен түбірі болмайды. Бірақ, тіс сауытының кішкене бөлігі ғана ауыз қуысында көрініп түрады. Ал қалған белігі тіс үясында орналасып, тіс түбірінің қызметін атқарады. Tie үйкеліп қажалған сайын, тіс тіс үясынан ауыз куысына қарай өсіп шыға береді. Жасы үлғайып сақайып қартайған жануарлардың тіс сауыты қысқа болып,

аздап тіс түбірі пайда бола бастайды. Үзын сауытты тіс сыртынан ішіне қарай төрт кабаттан: цементтен, кіреукеден, дентиннен және пульпаға толған тіс қуысынан түрады. Даму барысында цемент, дентин және пульпа мезенхимадан жетіледі, яғни олар кілегейлі қабықгың өзіндік тақташасының туындылары болып саналады.

Tie кіреукесі бір қатарда орналасқан үсак алты қырлы тым қатты эмаль призмаларынан түзілген. Tie кіреукесі қүрамының 98% минеральды түздар қүрайды. Сондықтан, кіреуке жануалар организміндегі ең берік зат. Оның тығыздығын кварцпен, ал омырылғыштығын фарформен салыстыруға болады.

Деитин тістің негізін қүрайтын қүрылысы ерекше сүйек үлпасы. Дентин жасаушы торшалар одонтобласттар сүйек үлпасынан тыс, тіс қуысындағы пульпаның дентин жағындағы сыртқы бетінде бір қатарда орналасып, дентинді кіреуке қабатына жапсарлай түзеді. Дентин қүрамынының 70 - 80% -ы минеральды түздардан түрады.

Цемент қүрылысы сүйек үлпасына үқсас. Оның 60 - 70% -ы минеральды түздардан түрады.

Tie жүмсағы (тіс пульпасы) қан жөне лимфа тамырлары мен жүйкелерге бай жіңішке талшықты дәнекер үлпасынан түрады.

Барлық жануарлардың сүт тістері, ит пен шошқаның түрақты тістері және күйісті жануарлардың күрек тістері қысқа сауытты тістерге, ал үзын сауытты тістерге жылқының барлық түрақгы тістері және күйіс қайтаратын жануарлардың түракты азу тістері жатады.

Жануарлар тістерінің жалпы санын тіс формуласымен бөлшек түрінде керсетеді. Бөлшек сызығының үстінде жоғарғы жақ тіс доғасындағы тістердің бір жақ жартысының саны, ал сызықтың астында теменгі жақтіс доғасындағы тістердің жарты саны көрсетіледі.

Ерекшеліктері. Биеде сойдақ тістер болмайды немесе олар нашар жетілген. Жылқының түрақты тістері үзын сауытты, қатпарлы

тістерге жатады. Тұрақты курек тістердің пішіні иілген сына тәрізді болып келеді. Жас төлдер тістердің жанасу беттері көлденең орналасқан сопақ пішінді болады. Мал жасына байланысты тістің қажалуы, оның пішінінің дөңгеленуіне, одан соң үшбүрыштанып өзгеруіне өкеліп соғады. Ал жанасу беттерінің желініп, тістердің ауыз қуысына қарай өсуі нәтижесінде, қартайған жануарларда, олардың пішіні кері бағытта орналасқан сопақша түрге ауысады. Tie пішіндерінің осылай кезегімен өзгеріп отыруы алты жылдың ішінде толығымен жүзеге асады. Күрек тістің қажалу пішініне қарап, жылқының жасын анықтауға болады. Күйіс қайтаратын жануарларда күрек тістер тек төменгі жақтың әр жарты бөлігінде төрт-төрттен орналасады. Қүрылысы жағынан олар қысқа сауытты тістерге жатады. Тістердің пішіні күрекке үқсас. Азу тістері үзын сауытты айшықты тістерге жатады. Бірінші премолярдан молярларға қарай тістер көлемі үлкейе береді. Жоғарғы азу тістер төменгі тістерге қарағанда екі еседей жалпақ та жуан келеді. Жоғарғы премолярларда айшықты бір тіс мөрі, ал молярларда екі тіс мөрі болады. Шошқаның барлық түрақты тістері қысқа сауытты тістерге жатады. Күрек тістерінің пішіні конус тәрізді. Жоғарғы жақта күрек тістер аралығында тіссіз жиектер болады. Үрғашы шошқаның сойдақ тістері онша жетілмеген, ал қабандардың тістері

тым жақсы жетілген, олар өте еткір, үшбұрышты болып келеді. Азу тістері жанасу беттерінің пішініне қарай бүдырлы тістерге жатады. Иттің түрақты тістерінің жанасу беттерінде үш-үштен өткір тісшелер болады. Олардың ортаңғысы биіктеу келеді. Сойдақ тістері конус тәрізді, төменгі бірінші премолярдың бір ғана тісшесі болады. Ол кішілеу келеді. Оны “кдсқыр тіс” - деп атайды. Азу тістерінің мөлшері артқа қарай үлкейеді. Жоғарғы және төменгі тіс аркадаларындағы қарама-қарсы орналасқан ең биік тістері “кескіш тістер” - деп аталады. Иттің барлық түрақты тістері қысқа сауытты тістерге жатады.

К^тты таңцай (твердое небо) — palatum durum сүйек тандаймен жанасып, ауыз қуысының төбесін қүрайтын кілегейлі қабық қатпары. Қатты тандайдың ортасында үзынынан тандай жігі (raphe palatini) өтеді. Тандай жігінен оңға және солға тандай білеуліктері (rugae palatini) орналасады. Күрек тістің артқы жағында тандай жігінің бойында күректіс бүртігі (papilla incisiva) байқалады. Оның екі жақ бүйіріне ауыз және мүрын қуыстарын өзара жалғастырып түратын жүп күректіе өзегі (ductus incisivus) ашылады.

Ерекшеліктері. Жылқыда күрек тіс бүртігі тек жас қүлындарда ғана жақсы байқалады. Тандай білеуліктерінің пішіні доға тәріздес болып келеді. Саны 16-18. Кілегейлі қабық астында өте жақсы жетілген көктамыр (вена) торабы (plexus venosus palatinus) болады. Сиыр таддайында 15-20 шақты таңдай білеуліктері көрінеді. Олардың алғашқы он екісінде жиектері артқа қарай бағытталған өткір тісті қырлары болады. Негізгі білеуліктер аралығында үсақ білеуліктер де кездеседі. Соңғы 3-6 -ншы білеуліктердің қырлары тегістеу келеді. Қатты тандайдың кілегейлі қабығы астында кілегей бөлетін таңдай бездері (gl. palatinae) бар. Күрек тіс бүртігінің алдында қалыңдау келген тіс жастығын (pulvinus dentalis) байқауға болады. Қойдың қатты таңдайында 14, ал ешкіде 12 таңдай білеуліктері орналасады. Шошқада 20 - 22 тандай білеуліктері бар. Қатты таңдайдың кілегейлі қабығында жекеленген лимфа бадамшалары жақсы жетілген. Итте 6-9 тандай білеуліктері болады. Олардың пішіні доға тәрізденіп келеді.

Жүмсақ таңцай (мягкое небо) — palatum molle — немесе таңдай шымылдығы (небная занавеска) — velum palatinum — қатты таңцай- дың артқа қарай жалғасы. Оның негізін тандай сүйектен бастала- тын таңдай бүлшық еті (m palatinus) қүрайды. Жүмсақ тандай ауыз қуысын жүтқыншақтан бөліп түрады, оның ауыз және жүтқыншақ беттері болады. Жүмсақ таңцайдың жоғарғы беті мүрын қуысына тән кілегейлі қабықпен, ал төменгі беті ауыз куысына тән кілегейлі қабықпен қапталған. Жүмсақ тандайдың артқы жағындағы. бос иілген жиегін таңдай доғасы — деп атайды. Ол екі бүйірінен жүтқыншаққа ауысып, оң және сол таңцай-жүгқьіншақ доғаларын түзеді. Тандай доғасы мен тіл түбірінің аралығында, ауыз қуысын жүтқыншақпен жалғастыратын ауыздың шығаберіс тесігі (есін)

жатады. Тақцай шымылдығының кілегейлі қабығы, тіл түбіріне қарай өтіп, тіл денесінің түсында тандай-тіл доғасын түзеді. Осы доғаның артқы жағында және тіл түбірінің екі бүйірінде таңдай бадамшалары (tonsilla palatina) орналасады.

Жүмсақ тандайдың ауыз қуысына қараған бетінің кілегейлі қабығы көпқабатты жалпақ эпителиймен қапталған. Онда кілегей бөлетін тандай бездері (gl. palatinae) болады. Ал жүмсақ тандайдың мүрын-жүтқыншақ (аңқа) бетіндегі кілегейлі қабық бірқабатты көп қатарлы кірпікшелі эпителиймен астарланған.

Тандай шымылдығының бүлшық еттері.

1.Таңдай бүлшық еті (m. palatinus) жүмсақ тандайдың негізін қүрайды. Ол таңцай сүйегінің артқы жиегінен басталып, тандай доғасына бағытталады. Бүл бүлшықет жүтынғаннан кейін жүмсақ тандайДы қысқартады.

2.Таңдай шымылдығын көтергіш бүлшық ет (m. levator veli palatini) самай сүйектің ет өсіндісінен басталып, таңдай шымылдығының орта түсына келіп аяқталады. Аталмыш бүлшық ет жүтыну кезінде тандай шымылдығын көтеріп, есінді кеңейтеді.

3.Таңдай шымылдығын қатайтқыш бүлшық ет (m. tensor veli palatini) таңдай шымылдығын көтергіш бүлшық етпен бірге басталып, қанатша сүйектің ілмегіне қарай бағытталады да, одан асып өтігі тандай шымылдығының екі бүйіріне бекиді. Бүл бүлшық ет жүту кезінде тандай шымылдығын көтеріп, азықтың ауыз қуысынан жүтқыншаққа өтуіне көмектеседі.

Ерекшеліктері. Жылқыда таңдай шымылдығы өте үзын. Оның тандай доғасы тіл түбіріне дейін жетеді. Осыған байланысты жылқы басқа малдармен салыстырғаңда аузымен дем ала алмайды. Таңцай шымылдығында тақтандай бадамшасы, ал тіл түбірінің екі бүйірінде жүп тандай бадамшалары орналасады.

Күйіс қайтаратын малдардың жүмсақ таңдайы сәл қысқалау келіп, көмекей бөбешігінің үшына дейін созылады. Таңдай шымылдығының екі бүйірінде таңдай бадамшалары болады.

Шошқада тандай шымылдығы қысқа және қалың болып келіп, бөбешікке горизонтальды бағытталады, Таңдай шымылдығында тақ таңдай бадамшасы орналасады.

Итте таңдай шымылдығы тіл түбіріне қарай бағытталып, бірақ оған сәл жетпей аяқталады. Тандай бадамшалары ерекше бадамша қуыстарда (sinus tonsillares) орналасқан.

Ауыз қуысының түбіңце (дно ротовой полости) негізінен тіл жатады. Тіл мен қызыл иек аралығындағы саңылау тәрізді кдлтарыста тіласты қатпарлары (plica sublingulis) болады. Аталған қатпарларға көп өзекті тіласты сілікей бездерінің өзектері ашылады. Тіл үшының төменгі жағында, ауыз куысы кілегейлі қабығының тілге кдрай өтетін қатпары тіл жүген!»ігі (frenulum linguae) болады. Оның екі бүйірінде тіласты сүйелшелері (caruncula sublingulis) көрінеді. Бүлардың төбесіне төменгі жақ және бір өзекті тіласты сілекей бездерінің өзектері ашылады.

Ерекшеліктері. Жылкңод тіласты сүйелшелер жақсы жетілген. Күйіс қайтаратын жануарлардың тіласты қатпарлары бүртікшелі, тіласты сүйелшелері ірі де тығыз болып келеді. Шошкдда тіласты сүйелшелері болмайды, бірақолардың орнындағы без өзектерінің тесіктері жақсы көрінеді. Итте аталған сүйелшелер майда болып келеді.

Тіл (язык) — linqua, s. glossa — қимылы жақсы жетілген бүлшық етті мүше. Ол бүлшық еттердің көмегімен тіласты және төменгі жақ сүйектермен байланыскдн. Барлық жануарларда тіл ауыздағы азықгы араластырып, шайнау мен жүту процестерін іс жүзіне асырумен қатар, азықгың татымын анықтайды. Тіл тіл түбірінен (radix linguae), тіл денесінен (corpus linguae), тіл үшынан (apex linguae), тіл арқасы (dorsum linguae) мен екі бүйір бетінен (fades lateralis) түрады. Оның негізін үзынынан, көлденеңінен және тігінен өтетін бүлшық ет талшықгарының шоғырлары құрайды. Тіл сыртынан ауыз қуысының кілегейлі қабығымен қапталған. Тілдің бетінде екі түрлі: механикалық және татым емізікшелері болады. Механикалықемізікшелерге: жіпше емізікшелер (papillae filiformes) және конусша емізікшелер (papillae сопісае), ал татым емізікшелерге: еаңыраукүлакдіа емізікшелер (papillae fungiformes), қорғанша емізікшелер (papillae vallatae) және жапыракдіа емізікшелер (papillae foliatae) жатады. Татым емізікшелерде азықтың дәмін анықтайтын татьіім баданалары орналасады.

Тілдің қатысуымен жануарлар организмінде дәм сезімі, сипап сезу сезімі, су мен азықты қабылдау қызметтері атқарылады. Итте тіл дене қызуын реттеуге де қатысады.

Тілдің бүлшық еттері. 1.Тілдің негізгі бүлшық еті (m. lingualis proprius) үзынынан, көлденеңінен, тігінен орналасқан бүлшық ет талшықтары шоғырларынан түзілген. Тілдің еттік негізін қүрайды.

2.Біз-тіл (бүйірлік) бүлшық еті (m. stiloglossus) тіласты сүйегі үлкен бүтағының бүйірінен басталып, тілдің екі қапталын бойлай, оның үшына дейін жетеді. Бүлшық еттің оң және сол жағы бірдей жиырылғанда, тілді артқа тартып қысқартады. Ал олардың әрқайсысы жеке жиырылғанда, тілді өз жағына қарай бүрады.

3.Тіласты-тіл бүлшық еті (m. hyoglossus) тіласты сүйектің денесі мен көмекей мүйіздіктерінен басталып, тіл бүлшық етінде аяқталады. Бүлшық ет тілді артқа тартып қысқартады жөне оған жалпақ пішін береді.

4.Иек-тіл бүлшық еті (m. genioglossus) төменгі жақ сүйектің иек бүрышынан басталады да, тілдің үшы мен денесінде аяқталады. Аталған бүлшық ет тілді алға тартып, оған жалпақ пішін береді және оны қатты таңдайдан ажыратады.

5.Иек-тіласты бүлшық ет (m. geniohyoideus) пішіні үршық төрізді ет. Ол томенгі жақ сүйектің иек бүрышынан басталып, иекіл бүлшық етінің төменгі бетімен артқа қарай бағытталады да, тіласты сүйек денесінде немесе оның тіл осіндісінде аяқталады.

Ерекшеліктері. Жылқы тілінің сілекей бездері сірлі-кілегейлі сілекей боледі. Тілде бір жүп қорғанша емізікше, кейде үшінші

тақ емізікше де кездеседі. Конусша емізікше болмайды. Күйіс кэйтаратын жаиуарлар тілінің жоғарғы арқа бетінде тіл жастығы (torus linguae) болады. Олардың тілдерінің үштары үшкірлеу болып келеді. Тілдің кілегейлі кдбығында пигментгі аймақгар көрінеді. Бұларда ко- нусша емізікшелер жақсы жетілген, қорғанша емізікшелердің саны тіл- дің бір жақ жартысында: сиырда — 8-7 (21), қойда - 18-28, ешкіде - 11-18 -ден болады. Жапырақша емізікшелер болмайды. Шошкңның тілі жіғушке, ұзын, үшкір болып келеді. Оның дорсальды бетінде бір жүп қорғанша емізікше орналасады. Тілдің вентральды бетіндегі кілегейлі кдбық астында тіл шеміршегі болады. Ит тілінің пішіні жаппақ, жіңішке және ұзын болып келеді. Оның дорсальды бетімен тілдің орталықсайы (sulcus medianus linguae) өтеді. Қорғанша емізікшелердің саны 2-3 жұп. Тіл ұілының төменгі бетіндегі кілегейлі кдбық астында ұршық пішіндес тіл шеміршегі болады. Ол ыстық күндері ауыздан саландаған тілді үстап түрады. Тілдің сілекей безі кшегейлі сөл бөледі.

Тілдің гистологиялық күрылысы. Тіл арқалығын көпқабаттьі жалпақ мүйізделетіи эпителий, ал төменгі жағы мен екі бүйірін көп кдбатты жалпақ мүйізделмейтін эпителий қаптайды. Тілдің кілегейлі қабығы мен бүлшық еттер аралығында қабырғалық сілекей бездері болады. Кілегейлі қабығының сыртқы бетінде пішіні әр түрлі емізікшелер бар.

Жіпше және конусша емізікшелер сыртынан ауыз куысына тән кілегейлі қабықпен қапталған. Тілдің кілегейлі кдбығын ауыз куысы жағынан көпқабатты жалпақ мүйізделетін эпителий астарлайды. Эпителий қабатының астындағы өзіндік так^аша борпылдақ дэнекер

үлпасынан тұрады. Кілегейлі кдбықгьщ астыңца тілдің негізін кұрайтын тілдің негізгі бұлшық еті орналасады. Ол әр түрлі бағытта жатқан көлденең жолақты бүлшық ет үлпасы талшықгарынан қүралған.

Саңырауқұлақміа емізікше тілдің үшы мен арқалығында, жіпше емізікшелер аралығында орналасады. Оны сьіртынан көпқабатты мүйізделмейтін эпителий қаптайды. Емізікшенің бүйір кабырғасындағы эпителий қабатында татым баданалары орналасады. Татым баданасы бір-біріне тығыз жатқан үзынша эпителий торша- ларынан түрады. Олар дәм сезгіш жөне тіректік эпителиоциттерге бөлінеді. Дәм сезгіш эпителиоциттердің сопақша келген ядролары, апикальды үшында микробүрлер болады. Ірі ядролары тіректік эпителиоциттер сезгіш эпителиоциттердің және жүйке талшықта- рының арасында орналасады. Олар тіректік қызметтен басқа кілегей де бөледі. Сондыкхан, бүлардың цитоплазмасывда эндоплазмалық тор жақсы жетілген. Татым баданасы ауыз қуысымен татым тесігі арқылы қатысады.

Қорғанша емізікше тідцің кілегейлі кдбығында тереңірек орналасьш, сыртынан қорғанға үқсаған кілегейлі кдбық буылтығымен қоршалып жатады. Татым баданалары емізікшелердің бүйір бетінде орналасады. Қорғанша емізікшелер ірі болып келеді, тіл түбірінің аркалығында болады.

Жапырақша емізікшенің пішіні жапыраққа үқсас. Ол тіл түбірінің екі бүйірінде бір-бірден орналасады. Күйісті жануарларда жапырақша емізікшелер болмайды. Татым баданалары емізікшенің бүйірінде болады.

Ауыздың бездері (glandulae oris) ауыздағы азықтың өңцелуі мен қорытыла бастауы үшін маңызды роль атқарады. Шайналып үсақтал ған азық ауыз куысының сілекей бездері бөлетін сілекеймен араласып, шыланып, шайналып ұсақталғаннан соң, жүтуға ыңғайлы жағдайға келеді. Сілекей қүрамындағы ферменттер әсерінен ас қүрамындағы қоректік заттар (крахмал т.б.) ауыз қуысында қорытыла бастайды. Сілекейдің қүрамында микробтарды жоятын (лизоцим т.б.) және қарын бездерінің жүмысына ықпалын тигізетін биологиялық белсенді заттар болады. Мөлшері мен орналасу орындарына байланысты сілекей бездері: майда қабырғалық сілекей бездері және ірі қабырғадан тыс жатқан сілекей бездері болып екі топқа бөлінеді. Кaбырғалық сілекей бездері ауыз қуысы мүшелерінің кілегейлі кдбықгарында, тілде бүлшық еттер аралықгарында да орналасады. Оларға ерін, тандай, үрт және тіл бездерін жатқызады. Ал ауыз куысы қабырғасынан тыс жатқан сілекей бездері мөлшері жағынан ірі бездер. Олар жануарлардың бас аумағында, ауыз қуысынан сыртта орналасады. Ауыз куысына олардың тек шығару өзектері ғана ашылады. Ауыз куысынан тыс жатқан сілекей бездері тобына қүлақтүбі (шықшыт), теменгі жақ (алқым) және тіласты (бүғақ) сілекей бездері жатады.

1. Қүлақтүбі безі немесе шықшыг сілекей безі (околоушная железа) — gl. parotis — сыртқы есту жолының төменгі жағын ала, жақ пен атлант аралығында орналасқан көлемді без. Қүрылысы

жағынан күрделі көпіршікше-түтікше бездерге жатады. Ол сірлі сілекей бөледі. Шықшыт безі коптеген бөліктерден түрады. Бүл бөліктерден басталатын өзектер өзара бірігіп, шықшыт безінің жалпы өзегін (ductus parotideus) түзеді. Ол жақаралық кеңістіктегі қанатша бүлшық еттіц медиальды бетімен алға қарай үрт аумағына бағытталыгі, төменгі жақтың вентральды бетіндегі тамырлы ойық арқылы төменгі жақ сүйектің латеральды бетіне шығады. Бүдан соң, ол үглкен шайнау бүлшық етінің алдыңғы жиегімен жоғары қарай көтеріліп, 3-4 -інші жоғарғы азу тістердің деңгейінде үрттың кілегейлі қабығындағы бүртікке (papilla parotidea) ашылады.

Ерекшеліктері. Жылқы қүлақтүбі (шықшыт) сілекей безінің пішіні сопақша келіп, төртбүрышты да көлемді болып келеді. Оның түсі сүрғылт-қызыл немесе сарғыш-қызыл болып келеді. Күйіс қайтаратын жануарлардың шықшыт бездері көлемді, едәуір үлкен келеді. Олардың пішіндері үзынша, түсі қоңыр-қызыл. Бездің дорсальды бөлігі қалындау болады. Шошкд шықшыт безінің пішіні үшбүрышты, түрі қызыл-қоңыр болып келеді. Ит шықшыт безінің пішіні үшбүрышты және сәл деңгелекше болып келеді. Сілекей бездерінің ішінде келемі жағынан екінші орын алады.

2.Төменгі жақ безі (нижнечелюстная) — gl. mandibularis — төменгі жақаралық кеңістікте орналасады. Оның артқы бөлігін шықшыт безі сыртынан жартылай жауып жатады. Без өзегі (ductus mandibularis) оның жоғарғы жиегімен алға қарай бағытталып, тіласты-жақ бүлшық етінің алдыңғы жөне артқы бөліктерінің аралығынан өтеді де, тіласты безінің медиальды бетімен өтіп, тіласты сүйелшеге келіп ашылады. Төменгі жақ безі сірлі-кілегейлі (аралас) сілекей бөледі.

Ерекшеліктері. Жылқы төменгі жақ сілекей безінің пішіні үзынша келеді. Оның жоғарғы жиегі атлантқа дейін жетеді, ал төменгі бөлігі жақаралық кеңістікте жатады. Көлемі жағынан шықшыт сілекей безінен сәл кішілеу келеді. Күйіс қайтаратын жануарларда төменгі жақ безі шықшыт безіне қарағанда көлемділеу, пішіні үзынша, сарғыш түсті болады. Ол атлант пен төменгі жақ сүйегінің тамырлы ойығы аралығында орналасқан. Оң және сол жақ сілекей бездерін аталған аумақта теріастынан басып байқауға болады. Шоиіқаның төменгі жақ безі көлемі жағынан кішілеу, пішіні дөңгелектеу, қызғылт түсті келеді. Итте бүл без сілекей бездерінің ішіндегі ең көлемдісі, пішіні дөңгелекше, ақшыл-сары түсті. Ол шықшыт безінен төмен орналасады.

3.Тіласты безі (подъязычная железа) — gl. sublingualis — ауыз түбіндегі тіласты қатпардың кілегейлі қабығында, тілдің екі бүйірінде орналасқан. Ол екі бөлімге бөлінеді. Оның алдыңғы бөлімі кеп өзекті тіласты сілекей безі, ал артқы бөлімі бір өзекті тіласты сілекей безі — деп аталады.

Көіі өзекті тіласты безі (gl. sublingualis polistomatica) жануарлардың барлық түрлерінде болады. Ол тілдің бүйірлік бүлшық етінің імедиальды бетінде жатады.

Ерекшеліктері. Жылқыда көп өзекті тіласты сілекей безі сүрғылтқызьіл түсті болады. Ол 3-азу тіс түсынан төменгі жақтың иектік бүрышына дейін созылады. Оның 30 -ға жуық шығару езектері тілдің төменгі жағына ашылып, сірлі-кілегейлі сілекей бөледі. Күйіс қайтаратын жануарлардың көп өзекті тіласты сілекей безі сарғыш түсті болып, артқы жағы тандай-тіл доғасына дейін созылады. Без өзегі екі қатар болып ашылып, кілегейлі сөл бөледі. Шошқада бүл без қызғылт түсті, сірлі-кілегейлі сілекей бөледі. Итте көп өзекті тіласты сілекей безі жеке бөліктерден түрады. Ол кілегейлі сілекей бөледі.

Бір өзекті тіласты сілекей безінің (gl. sublingualis monostomatica) езегі (ductus sublingualis major) тіласты сүйелшесіне келіп ашылады. Ол сірлі-кілегейлі сілекей боледі.

Ерекшеліктері. Жылқыда бір озекті тіласты сілекей безі болмайды. Күйіс қайтаратын жануарларда бір өзекті тіласты сілекей безі көп өзекті тіласты бездің алдыңғы жағында және одан сәл төменірек орналасып, төменгі жақтың иек бүрышына дейін созылып жатады. Шошқада бүл без қызғылт-сарғыш болып келеді. Итте бір өзекті тіласты сілекей безі қос қүрсақты бүлшық еттің жоғарғы жағында орналасады.

Сілекей бездері қүрылысы жағынан паренхималы мүше. Без паренхимасын сілекей болетін соңғы бөлімдер мен шығару озектері қүрайды. Соңғы бөлімдер мен майда шығару өзектері (ендірме, жолақты, болікшелер іші өзектері) болікшелер ішіндегі тым жүқа борпылдақдәнекер үлпалық аралыктар арқылы байланысып бірігіп,

без бөлікшелерді түзеді. Бөлікшелер бір-бірінен бөлікшелер аралық борпылдақ дәнекер үлпалық аралықтар арқылы бөлінген. Ірі шығару өзектері белікшелераралық дәнекер үлпалық аралықта орналасады. Қүлақтүбі безінің соңғы бөлімдері сірлі сілекей (қүрамында ферменттер бар) бәлетін сероциттерден, ал төменгі жақ және тіласты бездерінің соңғы бөлімдері сірлі және кілегейлі (қүрамында кілегей — муцин болады) сілекей бөлетін сероциттер мен мукоциттерден түрады.

Сілекей бездерінің гистологиялық құрыльісы. Сілекей бездері қүрылысы жағынан күрделі кәпіршікше немесе түтікшекөпіршікше бездер. Олар сыртынан дәнекер үлпалық қапшықпен қапталған. Қапшықтан без ішіне қарай тарамдала енген дәнекер үлпалық аралықтар без паренхимасын көптеген бәлікшелерге бөледі. Сілекей бездерінің паренхимасын эпителий үлпасынан қүралған, сілекей белетін қүрылысы күрделі соңғы бөлімдер мен бездердің шығару өзектері қүрайды. Ал бездердің стромасын бездердің дәнекер үлпалық кзпшықгары мен дәнекер үлпалық аралықгар түзеді. Сілекей бездерін секрет бөлу ортасына қарай: сыртқы секреция немесе экзокринді бездерге, ал сілекейді бөлу сипатына байланысты мерокринді бездерге жаткьізады. Экзокринді бездер ретінде сілекей бездері секрет белетін соңғы бөлімдерден (ацинустардан) және шығару өзектерінен қүралған. Қүрылысы мен бөлінген сілекейдің қүрамына байланысты сілекей бездерінің соңғы бөлімдерін: сірлі (белокты) ацинустар, кілегейлі ацинустар және аралас (сірлі кілегейлі) ацинустар — деп беледі.

Соңғы бөлімнің (ацинустың) қабырғасын негіздік жарғақта бір кдбатта орналасқан безді эпителиоциттер (гландулоциттер) құрайды.

Соңғы бөлімді сыртынан жиырылу қьгзметін атқаратын, пішіні себет тәрізді өсінділі миозпителиоциттер қоршап жатады. Бүл торшалардың цитоплазмасында жиырылғыш миофиламенттер болады. Соңғы бәлімнің куысы сілекей секретіне толған кезде, миоэпителиоциттер рефлекторлы жиырылып, сілекейді бездердің шығару өзектеріне айдайды.

Сілекей бездерінің шығару өзектері күрделі тарамдалған түтікше мүшелер. Түзілген сілекей соңғы бөлімдерден ендірме өзекшелерге өтеді. Ендірме өзекшелер бір-бірімен өзара қосылып, жолақты өзектерді құрайды. Аталған өзектердің қабырғалары екі қабат торшалардан қүралған. Өзектер ішкі жағынан бірқабатты эпителий үлпасымен астарланған. Эпителий қабатын сыртынан миоэпите- лиоциттер қабаты қаптап жатады. Өзектердің қабырғаларындағы аталған қабаттар бір-бірінен негіздік жарғақ арқылы бөлінген. Соңғы бөлімдер мен ендірме және жолақты шығару өзектері, қан және лимфа тамырлары мен жүйкелерге бай борпылдақдәнекер үлпалық аралықтар арқылы байланысып, без белікшелерін қүрайды. Бөлік- шелерді бір-бірінен бөлікшелераралық борпылдақ дәнекер үлпасы ажыратады. Жолақты шығару өзектері бір-бірімен қосылып, ірі бөлікшелераралық шығару өзектерін қүрайды. Шығару өзектерінің арнасы үлкейген сайын, оны астарлайтын эпителий қабатының торшалар қабаттары да көбейе береді. Шьіғару өзектері бірігіп, ауыз куысына ашылатын сілекей бездерінің негізгі шығару өзегін қүрайды. Эмбриондық кезеңде сілекей бездерінің паренхимасы эктодермадан, ал стромасы мезенхимаан дамиды.Қүлақгүбі безінің гистологиялық құрылысы. Қүлақтүбі сілекей безі күрделі көпіршікше (алвеолалы) без. Сілекейінің қүрамына байланысты сірлі (белокты) бездерге жатады. Бездің соңғы бөлімі — сірлі ацинусының қабырғасын пішіні конусқа үқсас, бір қабатта орналасқан эпителий торшалары — сероциттер қүрайды. Олардың дөңгелек келген ядролары қызғылт түске боялған цитоплазмасыньщ орталығында, негіздік жарғаққа сөл жақындау орналасады. Ацинус сыртынан пішіні себет тәрізді миоэпителий торшаларымен қапталған. Тым жіңішке келген ацинус қуысы соңғы бөлімнен тар қуысты ендірме өзегіне өтеді. Қабырғасы бір қабат жалпақ эпителийден қүралған ендірме өзегі сыртынан миоэпителиоциттермен қапталған. Ендірме өзектері бір-бірімен қосылып, арнасы кең жолақты өзекке ауысады. Жолақгы өзектің қабырғасын бір қабат призма тәрізді эпителиоциттер күрайды. Эпителиоциттердің негіздік жарғақка жакын жатқан цитоплазма бөлігінде плазмолемма қатпарларынан түзілген жолақтары, ал олардың апикальды үшында микробүрлер болады. Жолакты өзектер де сыртынан миоэпителиоциттермен қапталған. Сілекей безінің бөлікшелерін борпылдақ дәнекер үлпалық аралықтар арқылы байяанысып түрған: соңғы бөлімдер, ендірме өзекшелер мен жолақгы өзектер қүрайды. Бөлікшелер аралық дәнекер үлпалық аралықтарда жолақты өзектерден түзілген ірі шығару өзектері орналасады.

Олардың қабырғалары бездер шығару өзектерінің диаметріне байланысты біркдбатгы көпкэтарлы немесе екікдбатты эпителий үлпасы қүрайды. Бездің негізгі шығару өзегін көпкдбатгы жалпақ эпителий астарлайды. Ол сыртынан тығыз дәнекер ұлпалық кдбатпен кдпталған.

Төменгі жақ (алкьім) безінің шстологиялық қүрылысы. Төменгі жақ сілекей безі қүрылысына байланысты күрделі көпіршікше түтікше бездерге, ал сілекейінің қүрамы жағынан сірлі-кілегейлі бездерге жатады. Бездің бөлікшелерін қүрылысы жағынан үш түрлі, соңғы бөлімдер, ендірме өзекшелер мен жолақгы шығару өзектері қүрайды. Бездің сілекей бөлетін соңғы бөлімдсрі — ацинустары қүрылысы жағынан үш түрлі болып келеді. Сірлі ацинустьщ қүрылысы қүлақ түбі безіндегі ацинус қүрылысына үқсас. Сан жағынан шамалы сірлі ацинустармен қатар, без бөлікшелерін көптеген кілегейлі және кілегейлі-сірлі (аралас) ацинустар қүрайды. Кілегейлі ацинустың қабырғасын бір қабатта орналаскдн, пішіні призма тәріздес ақшыл базофилді боялған ірі безді эпителиоцитгер (гландулоциттер) қүрайды. Кілегейлі глаңдулоцштер кілегей бөледі. Сондықган, бүл торшаларды мукоцитгер — деп атайды. Мукоциттердің таяқша келген ядролары цитоплазманың негіздік жарғақ жағына жақын жатады. Цитоплазмасыңда аздаған копіршіктер кездеседі. Аралас ацинустардың негізін кілегейлі соңғы болімдер қүрайды. Ал сероциттердеп қүралған сірлі соңғы болімдер, пішіні жарты айға үқсап, кілегейлі соңғы бөлімді сыртьшан қоршап жатады. Бүларды “сірлі жарты ай” — деп атайды. Шығару өзекгерінің қүрылысы шықшыт безі шығару озектеріне үқсас.

Тіласты (бүғақ) сілекей безінің гистологиялық құрылысы. Без

қүрылысы жағынан күрделі копіршікше-түтікше, ал сілекейінің қүрамына байланысты кілегейлі-сірлі бездерге жатады. Қүрылысы төменгі жақ сілекей безіне үқсас. Тек, без болікшелерінде кілегейлі ацинустар көбірек болады.

ЖҮТҚЫНШАҚ

Жүгқыншақ (глотка) — pharynx — ауыз куысын өңешпен, мұрын қуысын көмекеймен жалғастыратын, азық қорыту және тыныс алу жүйелеріне ортақ, пішіні түтікше келген етті-жарғақты мүше. Жүтқыншақ басқа мүшелермен жеті тесік аркылы қатысады. Олардың үшеуі кіреберіс тесіктер: жүтқыншаққа ауыз қуысынан есін (бір тесік), мүрын қуысынан екі хоана тесіктері ашылады. Ал олардың төртеуі шығаберіс тесіктер: жүтқыншақган оң және сол есту түтіктеріне шылатын екі тесік және өңеш пен көмекейге ашылатын тағы екі жүтқыншақ және көмей тесіктері.

Жүтқыншақ қүрьшысы жағынан түтікше мүше. Оның қабырғасы үш: ішкі кілегейлі, ортаңғы етті және сыртқы адвентиция қабықтарынан түрады. Жүтқынілақгың ішкі кілегейлі қабығының бетінде ауа жүретін тыныс алу жолы және жүтылатын азық жүретін азықжолы айқасып жатады. Жүтқыншақ кілегейлі қабығының тыныс алу жолын аңқа (nasopharynx) — деп атайды. Оны тыныс алу жолдарына тән кілегейлі қабық астарлайды, яғни ол бірқабатты көпқатарлы кірпікшелі эпителиймен астарланған. Ал жүтқыншақгың азық жүретін жолының кілегейлі қабығын ауыз қуысына тән кілегейлі қабықастарлайды, яғни ол көпқабатты жалпақ эпителий- мен астарланған. Ауыз куысында өнделген азық жүтылған кезде, жүмсақтандай азықгың кысымымен жоғары котеріліп, хоана тесік- терін жабады. Ал тіл түбірінің қысымымен көмекей бөбешігі көмекей тесігін жауып, ауа жүретін жол жабылады да, азық өңеш тесігі арқьшы жүтқыншақ қабырғасындағы етті қабықтың көмегімен өңешке итеріліп, азық жүтылады. Жұтылғаннан соң, тіл түбірі алға кетіп, өңеш арткд қарай жылжып, жүмсақтаңцай томен түседі де, бөбешік алға қарай көтеріліп, ауа жүретін тыныс жолы ашылады.

Жүтылу процесін іс жүзіне асыратын жүтқыншақтың ортаңғы етті қабығы үш жүп: алдыңғы, ортаңғы және артқы тарылтқыш және бір жүп кеңейткіш бүлшық еттерден қүралган.

Жүтқыншақтың бүлшық еттері негізінен көлденең жолақты ет үлпасынан түрады.

Жүтқыншақгың тарылтқыш бүлшык. еттері

1. Ростральды (алдыңғы) гарылтқыш бүлшық етгері өз кезегінде екі жүп бүлшық еттен түрады. Олар: 1) таңдай-жүгқыншақ бүлшық еті (m. palatopharyngeus) және 2) қэнат-жүгқыншақ бүлшық еті (т. pterygopharyngeus). Тандай-жүтқыншақ бүлшық еті бастың тандай, канатша сүйектерінен және таңдай бүлшық етінен басталады. Бүлшық ет гаңдай-жүгқьшшақ жігінің (raphe pharyngis) каудальды бәлігінде аяқталады. Бүлшық еттің вентральды жағы тандай жүтқыншақ доға- сының негізін қүрап, жиырылу кезінде тіл түбірін өңешке жақын- датады. Кднат-жүтқыншақ бүлшық еті қанатша сүйектен басталып,

жұтқыншақ жігіне келіп аяқталады да, жүтқыншақтың артқы қабырғасын алға тартады. Жалпы алғанда жұтқыншақтың ростральды бұлшық еттері аңканы тарылтып, өңешті кеңейтеді.

2.Ортаңғы тарылтқыш бұлшық ст немесе тіласты-жүтқыншақ бұлшық еті (m. constrictor pharyngis medius s. m. hyopharyngeus) жұп бұлшық ет. Бүлшық ет тіласты сүйектің ортаңғы бунағынан (стилогиоидтан) және осы сүйектің үлкен мүйіздігіннен (тиреогиоидтан) басталып, жүтқыншақ жігіне келіп аяқгалады.

3.Каудальды тарылтідыш бүлшық етгер (m.rn. constrictores pharyngis caudales) екі жүп бүлшықеттен қүралады. Олар дажүтқыншақжігінде аяқталады. Бүл еттердің біріндіі жүбына көмекейдің қалқанша шеміршегінен басталатын қалқаншажүтқыншақ бүлшық еті (m.thyreopharyngeus), ал екінші жүбына көмекейдің сақинаша шеміршегінен басталатын сақинаша-жүтқыншақ бүлшық еті (ш. cricopharyngeus) жатады. Жүгқыншақгың ортаңғы жене каудальды тарылтқыш қысқыш бүлшық еттері өңделіп жүтылуга арналған азықгы оңешке қарай жылжытуға көмектеседі.

Жүіқыншақтьщ кеңейткіш бүлшық еті

1.Каудальды без-жүтқыншақ бүлшық еті (m. styiopharyngeus) тіласты сүйектің ортаңғы бунағының медиальды бетінен басталып, комекейдің қалқанша шеміршегінде аяқталады. Бүлшық еттің негізгі қызметі жүту кезінде жүтқыншақтың артқы бөлігін кеңейтіп, аңқаны тарылтады.

Өңеш қүрылысывдағы ерекшеліктер. Жылқьща есту түтігінің тесігі үзын келеді. Ол хоана тесіктері қабырғасына жақын орналасады. Оның медиальды қабырғасында шеміршек пластинкалары мен түтік бадамшалары болады. Күйіс қайтаратын жануарлар хоаналары екі бүйірінен сығыңқы келеді. Есту түтігінің жүтқыншақтесігі онша үлкен емес. Шошқада жүткьіншақтың өңешке отер болігінің жоғарғы жағында жүгқыншақ кдл гасы (recessus retrophaiyngeus) болады.

Жүтқыншақтың сыртқы адвентиция қабығы борпылдақ дәнекер үлпасынан түрады.

Жүтқыншақгың кілегейлі қабығында жүтқыншақ бездері (gl. pharyngeae) және лимфа фолликулдары орналаскдн. Лимфафолликулы жүтқыншақтың артқы жағында жүтқыншақбадамшасын (tonsilla pharyngeae) түзеді.

ӨҢЕШ

Өңеш (пищевод) — oesophagus — жүтқыншақты қарынмен жалғастырып, жүтылған азықгы ауыз қуысынан қарынға жеткізетін, үзын түтікше мүше. Денедегі орналасу орындарына байланысты ол үш боліктен: мойын болігінен (pars cervicalis), кокірек бөлігінен (pars thoracica) және қүрсақ бөлігінен (pars abdominis) тұрады. Түтікше

мүше ретінде өңештің қабырғасында үш қабықажыратылады. Олар: ішкі кілегейлі қабық, ортаңғы етті қабық және сыртқы мойын бөлігінде адвентиция қабығы, ал кәкірек пен құрсақ бөліктерінде сірлі қабық.

Өңештің мойын бәлігі жүтқыншақтан басталады да, қарынға қарай бағытталып, көмекей мен кеңірдектің дорсальды бетінде орналасады. Ол көкірек қуысына кірер алдында, 5 -інші мойын омыртқаның түсында кеңірдектің сол жағына қарай иіліп төмен түседі де, көкірек қуысында ол қайтадан кеңірдектің жоғарғы жағына көтеріледі. Одан өрі жүректің үстімен, қолқа доғасының оң жақ бетімен өтіп, 9- 10-ыншы қабырғалар түсында көкеттің өңеш тесігі арқылы қүрсақ қуысына өтеді. Өңеш қарьінның сол жағындағы кардиальды үшына барып ашылады. Өңештің қарынға ашылатын тесігін қарын кіреберісі (ostium cardiacum) — деп атайды.

Оңеш қабырғасының гистологиялық қүрылысы.

Оңештің ішкі кілегейлі қабығы торт қабаттан түрады. Оның ішкі бетін көпқабатты жалпақ эпителий үлпасы астарлайды. Эгхителий қабаты астындағы өзіндік тақташа қабаты жақсы жетілген. Ол борпылдақ дәнекер үлпасынан түрады. Үшінші етті қабаты бірыңғай салалы ет үлпасьі миоциттер шоғырларынан түзілген. Етті қабаттың жиырылуы оңештің кілегейлі қабығының қатпарланып түруына себепкер болады. Етті қабат миоциттері оңештің үзын бойымен орналасады. Борпылдақ дәнекер үлпасынан түратын тортінші кілегейліасты негізде әр түрлі жануарларда түрліше дәрежеде жетілген кілегей белетін өңеш бездері (gl. oesophageae) орналасады.

Өңсштің етті қабығы жүтқыншақтан басталған бойда колденең жолақты ет ұлпасынан түрады. Бірақ, өңеш қарынға жақындаған сайын, біртіндеп бірыңғай салалы ет ұлпасына ауысады. Етті қабық- тың қабаттары жүтқыншақтан қарынға дейінгі оңештің үзын бойында әр түрлі бағытта орналасады. Етті қабықтьің қабаттары өңеш жүтқыншақтан басталған бойда өңеш қабырғасында сақина тәрізді, одан соң, қиғаш орналасады. Қарынға жақындаған сайын етті қабық сыртқы үзынша және ішкі көлденең сақинаша қабаттарға ажырайды. Өңештің етті қабығы жүтқыншақтың жігінен және көмекейдің ожауша және сақиыаша шеміршектерінен басталады.

Өңештің сыртқы қабығы, оның мойын бөлігінде адвентиция қабығынан (борпылдақ дәнекер үлпасы), ал кокірек пен қүрсақ қуыстарындағы бөліктерінде сірлі қабықтан түрады. Адвентицияны борпылдақ дәнекер үлпасы қүрайды. Ал сірлі қабық екі қабаттан: ішкі жүқа дәнекер үлпалық қабаттан және сыртқы бірқабатты жалпақ эпителий үлпасынан (мезотелийден) түрады.

Ерекшеліктері. Жылқының еңешінде кілегей болетін бездер, оның тек жүтқыншақпен шекаралас алдыңғы болігінде ғана болады. Етті қабығында колденең жолақты бүлшық ет үлпасының бірыңғай салалы ет үлпасына ауысуы оңештің жүректен кейінгі болігінде ғана байкалады. Диафрагманың өңеш тесігі 12 - қабырға түсында

орналасады. Күйіс қайтаратын жануарлар өңештерінде кілегей бөлетін бездер еңештің тек басталар аймақтары қабырғаларында ғана кездеседі. Шошқада бездер өңештің мойын бөлігінде орналасады. Етті кдбығының қарынға жақын соңғы бөлімдері бірыңғай салалы ет ұлпасынан түрады. Итге кілегей бөлетін бездер жақсы жетілген. Олар өңештің барлық бөлімдерінде болады. Кілегейлі өңеш бездері қүрылысы жағынан күрделі көпіршікше- түтікше бездерге жатады. Без ацинустары (соңғы бөлімдері) өңештің кілегейлі қабығының кілегейліасты негізінде орналасады. Ацинустардың қүрылысы сілекей бездеріндегі кілегейлі ацинустар күрылысына үқсас, яши олардың қабырғаларын бірқабатты призма тәрізді мукоциттер қүрайды. Бездердің шығару өзектері өңештің ішкі бетіне ашылып, өңеш кілегейлі қабығының ішкі бетін сылап түратын кілегей бөледі.

ҚАРЫН

Қарьш (желудок) — ventriculus, s. gaster — азық қорыту түтігінің қагішықтәрізді кеңейген бөлігі. Ол сол болу, механикалық (азықгы қозғау, араластыру, сығу) және биологиялық (микроорганизмдердің көмегімен көп бөлімді қарынның алдыңғы бөлімдерінде) өңдеу, қорыту (сөл қүрамындағы ферменттердің қатысуымен күрделі органикалық заттарды белоктарды қарапайым қүрамына ыдырату), қорытылған қоректік заттарды сіңіру, ыдырау өнімдерін бөлу (экскреция) қызметтерін атқарады.

Қарын бөлімдерінің санына байланысты: бір болімді және көп болімді қарын болып екі тогіқа, ал кілегейлі қабығының қүрылы- сына сәйкес: безсіз, безді және безсіз-безді немесе аралас кдрын болып үш топқа бәлінеді.

БІР БӨЛІМДІ ҚАРЫН

Бір бөлімді қарын қүрсақ қуысында, көкеттен кейін көлденеңінен орналасады. Кдрынның сол жақ үшына өңеш тесігі ашылады, Жүрекке (kardia) жақын жатқандықган, қарынның сол жақ бөлігін кардиальды бөлік — деп атайды. Қарынньщ оң жақ үшынан он екі елі ішек шығатын шекарада, қарын жынын ішекке мөлшерлеп шығарып тұратын қақпақша (pylorus) болады. Қарынның ішекке шыгаберіс бөлігін кэкрақшалық (пилорустық) бөлік дейді. Кдрынның кардиальды және пилорикалық боліктері аралықтарындағы негізгі бөлігін кдрын тұбі (fundus) немесе қарынның фундальды бөлігі — деп атайды. Қарынның алдыңғы кдбырғалық беті (facies parietalis) бауыр және көкетпен, артқы висцеральды беті (facies visceralis) ішек ілмектерімен жанасады. Оның жоғарғы алдыңғы жағында кдрынның кіші иіні (curvatura ventriculi minus), ал төменгі артқы жағында қарьшның үлкен иіні (curvatura ventriculi majus) болады. Осы аталған иіндерден кіші және үлкен қарын шарбылары басталады. Олар екі қабат сірлі қабықган құралған. Сірлі қабықтар арасындағы борпьілдақ дәнекер үлпасымен қоректендіруші қан және лимфа тамырлары мен жүйкелер өтеді. Кіші шарбы қарынды бауырмен, ал үлкен шарбы қарынды кекбауыр жөне ішекпен байланыстырады. Қарынның қабырғасы түгікше мүше ретінде үш: ішкі кілегейлі, ортаңғы етгі және с-ыртқы сірлі қабықтардан түрады. Бір бөлімді безді қарынның кілегейлі қабығы бірқабатты призма тәрізді эпителиймен астарланған. Безді кдрынның кілегейлі кдбығында қарын сөлін бөлетін кардиальды безді

аймақ (gl. cardiaca), фундальды безді аймақ (gl. fundalis) және пилорустық безді аймақ (gl. pylorica) болады. Бір бөлімді аралас қарын кілегейлі қабығының безсіз аймағын көпкдбатты жалпақ эпителий, ал безді аймағын бірқабатгы призма тәрізді эпителий астарлайды. Кілегейлі безді аймақтың өзі бездерінің құрылысына сәйкес кардиальды, фундальды және пилорустық бөліктерге бөлінеді. Итге бір бөлімді безді кдрын, жылк?>і мен шошкдда бір бөлімді аралас кдрын.

Қарын түбі кілегейлі қабығының ішкі бетінде фундальды без өзектері ашылатын үсақ қарын шүңқырлары көрінеді. Аш қарынның кілегейлі қабығының ішкі беті қатпарланып жатады.

Бір бөлімді кдрынның гистологаялық қүрылысы. Бір бөлімді безді кдрынның кілегейлі кдбығы біркабатты призма тәрізді эпителиймен астарланған. Эпителий астындағы борпылдақдәнекер және ретикулалы үлпалардан күралган езіндік тақгашада кдрапайым түтікшелі кдрын бездері орналасады. Олардың өзектері кілегейлі кдбықгағы кдрын шүңкьірларына ашылады. Қүрылысы мен сөл бөлу сипатына қарай қарын безі: кардиальды бездер, фундальды (қарын түбі) бездер және пилорусгық (ішкдкдалык) бездер болып үш түрге белінеді. Олар аттарына сөйкес безді қарынның кілегейлі кдбығының атгас аймақгарывда орналасады. Кардиалвды кдрын бездері өңештің кдрынға ашылатьш тесігі маңьшдағы кілегейлі кдбықгың кардиальды аймағында жатады.

Олардың түтікше пішінді секреторлы соңғы бөлімдері тарамдалған. Тугікше бездің қарын куысына кдраған бетіндегі кэрын шүңқырларына

ашылатын мойны, өзіндік тақгаша бойымен ұзьшынан жаткан денесі және кілегейлі кэбықгың үшінші етті тақгашасымен жанасатын түбі болады. Кардиальды бездердің қабырғасы негізінен кілегейлі торшалардан құралган. Олардың араларында жекеленген негізгі және көмкерме (париетальды) торшалар кездеседі. Кардиальды бездер сөлі кұрамыі-ща крахмадды ыдьгрататын амилоицты ферментгер болады. Безді қарынның негізгі бездері — карын түбі (фундальды) бездері. Олардың секреторлы бөлімдері тарамдалмайды. Бездің мойнын бөлініп квбею аркмлы камбиальды кызмет аткдратын және карын кілегейлі кабығының ішкі бетін сылап түратын кілегей бөлетін мойьиидықторшалар, ал денесі мен түбінің қабырғасын пепсиноген ферментін бөлетін негізгі горшалар күрайды. Олардың араларында жекеленген кілегейлі торшалар (мукоциттер) кездеседі. Солғын базофилді боялған мойындық торшалардың таякдіа ядролары цитоплазманың негіздік бөлігінде, негіздік жарғаккэ жақын жатады. Апикалвды бөлігівде митохондриялар мен Гольдж кешені және түзілген кілегей тамшьшары орналасады.

Негізгі торшалардың цитоплазмасы базофилді боялады. Олардың сопактау келген ядролары торшаның орталығында жатады. Торша цитоплазмасында белокты ферменттің синтезін қамтамасыз ететін гранулалы эндоплазмалыктор өте жақсы жетілген. Негізгі торшалардың сырткы жағында тұз қышқылын түзуге керекті хлоридтерді бөлетін көмкерме торшалар жанаса орналасады. Көмкерме торшалардың цитоплазмасы қышқылдық бояулармен қызьш түске боялған. Олардың мөлшері басқа безді торшаларға кдрағанда үлкендеу келеді. Бұлардың дөңгелек келген ядролары цитоплазманың орталығында жатады.

Эндокринді жекеленген торшалар түтікше бездің түбі мен денесінде кездеседі. Ішқақпалық (пилорустық) бездер қарын кілегейлі қабығының он екі елі ішекке шығар аймағында орна- ласады. Ішқақпалық бездердің секрет бөлетін соңғы бөлімдері қыс- қа және тарамдалып жатады. Бездің қабырғасын негізінен кілегейлі торшалар түзеді.

Қарын гүбінің түтікше бездерінің қабырғаларын қүрайтын кілегейлі, негізгі және көмкерме торшалар қүрамында пепсиноген ферменті, түз қышқылы және кілегей болатын қарын сөлін бөледі. Кілегейлі қабықтың етті тақташасын бірыңғай салалы ет үлпасы қүрайды. Борпылдақ дәнекер үлпалық кілегейліасты негізде қан, лимфа тамырлары мен жүйке ганглийлері орналасады.

Қарынның етті қабығы: ішкі қиғаш, ортаңғы сақинаша, сыртқы үзынша кдбаттардан түрады. Қарынның етті қабығын бірыңғай салалы ет үлпасы қүрайды. Ол үш кдбаттан қүралған. Оның тым жұқа сыртқы үзынша қабаты (stratum longitudinalia) негізінен үлкен және кіші иіндердің бойымен өңештен кзрын кдқпақшасына (пилорусқа) дейін созылып жатады. Ортаңғы сақинаша қабаты (stratum circulare) қарынның оң жағындағы карын түбі және пилорустық бөліктерінде орналаскдн. Осы қабаттан қарын қақпакдіасының (пилорусының) kj>ickj>uu еті (m. sphincter) түзіледі. Тттгкі қиғаш кдбат (stratum obliquum) негізінен карынның сол кардиальды бөлігінде болады.

Қарынның сірлі қабығы: жүқа борпылдақдәнекер үлпалықжәне жалаң қабат жалпақ эпителий қабаттарынан түрады. Сірлі қабық, қарынның сыртқы екі бетімен кіші және үлкен иіндерде тоғысып,

кіші шарбыны (omentum minus) және үлкен шарбыны (omentum majus) түзеді. Шарбылар — сірлі қабықтың туынды мүшелері. Кіші шарбы қарынды бауырмен байланыстырып, бауыр-қарын байламын (ligamentum hepatogastricum) түзеді. Ол сол жағынан бауыр-өңеш байламымен (ligamentum hepatooesophageum), ал оң жағынан бауыр он екі елі ішек байламымен (ligamentum hepatoduodenale) жалғасып жатады. Үлкен шарбы қарынның үлкен иінінен белге дейін созылып, шарбы қапшығын (bursa omentalis) қүрайды. Шарбы қапшығының кіреберіс тесігі (foramen epiploicum) оң бүйректің медиальды жағында, каудальды қуыс вена мен қақпалық вена аралығында жатады. Шарбының екі сірлі қабатының аралығында көкбауыр орналасады. Қарынның үлкен иінінен көкбауырға дейінгі байламды қарын- көкбауыр байламы (ligamentum gastrolienale) — деп атайды.

Бір бөлімді қарын құрсақ қуысының қабырғаастылық аумақта- рында, әсіресе оның сол жағына қарай ығыса орналасады. Кейбір жануарларда ол семсерше өсінді аумағына дейін жетуі мүмкін.

Ерекшеліктері. Жылқы қарны бір бөлімді өңеш-ішек типтес немесе аралас қарын түріне жатады. Оның сыйымдылығы орта есеппен 15 литр. Қарынның сол жақ үшында, оның үлкен иінінен жоғары бағытта көтеріліп шығып түратын түйық қапшығы (saccus cecus) болады. Бүл қапшықтың қарындағы осындай орналасуы өңештің қарынға бүрыш жасай қиғаштанып енуіне әсерін тигізеді. Нәтижесінде жылқы қарнының кіші иіні кішірейіп, терең үңгіленіп, бүрыштықойық (incisura angularis) жасайды. Қарын қақпақшасының қысқыш етті аумағындағы қақпақша сайдың (sulcus pyloricus) алдында, негізі етті сақинадан түзілген, қақпақшаалдылық сай (sulcus praepyloricus) болады. Бүл сайлар аралығында қақпақша кіреберісі (antrum pyloricum) орналасады. Қарынның кілегейлі қабығының ішкі бетін қатпарлы жиек (margo plicatus) екіге бөледі. Түйыққапшықжағындағы кілегейлі қабықтың ішкі беті көпқабатты жалпақ эпителиймен астарланған. Кілегейлі қабықтың бүл аумағында без болмайды. Ал оның қалған болігін жалаң қабат призма тәрізді эпителий қаптап жатады. Бүл безді аймақтың кілегейлі қабығында кардиальды, фундальды, пилорикалық бездер болады. Өңештің қарынға бүрыш жасап енуі және қарынның сол жақ үшындағы түйық қапшықтың дорсальды бағытта шығып түруы етті қабықтан қарынның кардиальды қысқыш етінің (m. sphincter cardiae) түзілуіне әсерін тигізеді. Аталған қысқыш ет екі ілмектен түрады. Оның бірінші ілмегі ішкі сақинаша қабаттан түзілген. Ол түйық қапшықтың төбесінен басталып, қарын кіреберісін кіші иін жағынан айналып қысыгг түрады. Ал қысқыш еттің екінші ілмегі ішкі қиғаш қабаттан түзіліп, кіреберісті қарынның үлкен иін жағынан айналып өтіп қысып түрады. Осы екі ет ілмектері қарын қуысы азыққа толған сайын, өңештің кардиальды тесігін қатты қысып, азықтың қарыннан өңешке кері әтуіне жол бермейді. Сондықтан, жылқы малы қүса алмайды. Шарбы қапшығы ішек

ілмектері аралығында жатады. Қарын толығымен құрсақ қуысының сол қабырғаастылық аумағында орналасады.

Шошқаның қарны да өңеш-ішек типтес қарындар түріне жатады. Кіреберіс маңындағы қарынның үлкен иінінде қарын буылтығы (дивертикул) — diverticulum ventriculi — болады. Кілегейлі қабығының безсіз бөлігі онша көлемді емес. Ол тек қарын кіреберісінен буылтыққа дейінгі ғана аралықта жатады. Кілегейлі қабықтың қалғаны безді бөлік. Ол кардиальды, фундальды және пилорикалық аймақтарға бөлінеді. Бүлардың ішінде көлемдісі кардиальды безді аймақ. Қарын қақпашасын (пилорусты) үлкен иін жағынан жарты ай тәрізді қорғанша жастық, кіші иін жағынан түймеше жастық түзеді. Үлкен шарбы ішек ілмектері аралығында жатады. Қарын қүрсақ қуысының сол жақ қабырғаастылық жөне семсерше аумақтарында, 11-12 қабырға түсында орналасады. Кейде қарын азыққа толған кезде, ол оң қабырғаастылық аумаққа сәл ғана ығысуы мүмкін.

Иттің қарны бір бөлімді безді қарындар түріне жатады. Үлкен шарбы қүрсақ қабырғасының вентральды бетіне жанасып, оны ішек ілмектерінен бөліп түрады. Үлкен шарбының осылай орналасуы ішек ілмектеріне суық тиюден сақтайды. Иттер сызды суық жерлерге бауырын төсеп жата береді. Қарын қүрсақ куысының сол қабырғаастылық және семсерше өсінді аумақтарында, 9-12- інші қабырғааралық түстарда орналасады. Оң қабырғаастылық аумақта қарынның тек пилорустық бөлігі ғана жатуы мүмкін.

КӨПБӨЛІМДІ ҚАРЫННЫҢ ҚҮРЫЛЫСЫ

Көпбөлімді қарын күйіс кдйтаратын жаиуарларға тән. Қарында негізінен төрт бөлім болады. Олар: мес кдрын, жүмыршақ, кдтпаршақ, үлтабар. Алдыңғы үш бөлімнің кілегейлі қабықгарында без болмайды. Оларды біріктіріп, алдыңғы қарындар — деп атайды. Бүл бөлімдерде азық механикалық және биологиялық өңдеулерден әтеді. Ферментгердің кдтысуымен азықгы химиялық қорыту үлтабарда жүреді.

Көіі бөлімді қарын бөлімдерінің орналасу орындары (топографиясы).

Мес карын сақа жануарларда көлемі жағынан бірінші орында. Ол қүрсақ қуысының сол жақ жартысын толығымен алып жатады. Мес кдрын 6 -ншы кдбырғааралықтүстағы диафрагмадан жамбас қуысының кіреберісіне дейін созылып жатады. Оның қабырғалық беті (facies parietaRs) сол жақ құрсақ кдбырғасымен, ал ішкі висцеральды беті (facies visceralis) ішектермен жанасады. Мес қарынның дорсальды иіні (curvatura dorsalis) диафрагма мен бел бүлшық еттеріне байламдармен байланады, ал вентральды иіні (curvatura ventralis) күрсақ қуысының вентральды қабырғасымен жанасады.

Жүмыршақ диафрагманың артқы жағында, семсерше өсіндінің жоғарғы жағында орналасады. 6-7 -нші қабырғааралық түста оның

жоғарғы жағы бауыр және қатпаршақпен, ал оң жағы бауыр және диафрагмамен жанасады.

Қатпаршақ құрсақ қуысының оң қабырғаастылық аумағында жатады. Оның сол жағында мес қарын, оң және жоғарғы бетінде бауыр, төменгі бетінде үлтабар орналасады.

Үлтабар құрсақ қуысының оң қабырғаастылық аумағында орналасқан. Кейде ол семсерше өсінді аумағына дейін жетеді. Үлтабардың жіңішкерген пилорустық ұшы оң жак қабырға доғасының бойымен 12 -нші қабырғааралықтұсқа дейін көтеріліп, сәл ғана алға қарай бүрылады да, 9-11 -інші қабырғааралық түста ұлтабар үшына (он екі елі ішекке) өтеді. Үлтабардың оң жағы бауырмен, сол және алдыңғы беті мес қарынмен жанасады. Оның артқы жағында ішектер жатады.

Мес қарын (рубец) —rumen — көлемі жағынан қарынның ең үлкен бөлімі. Оның өңеш тесігі ашылатын алдыңғы бөлігін мес кдрын кіреберісі (anthrum ruminis), одан төменірек орналаскдн бөлігін кранио- вентральды қалтаіла (recessus cranio-ventralis) — деп атайды. Екі бүйіріндегі алдыңғы жөне аргқы сыртқы сайлар (sulcus ruminis cranialis et caudalis) мен оларға сәйкес: алдыңғы және артқы ішкі қатпарлар (pila ruminis cranialis et caudalis) мес қарынды дорсальды және вентральды кдпшықгарға (saccus ruminis dorsalis et ventralis) бөледі.

Mec кдрынның гистологиялықкүрылысы. Мес қарын түтікше мүше ретінде, оның қабырғасында: кілегейлі, етті және сірлі қабықтар ажыратылады. Мес қарынның ішкі кілегейлі кдбығы үш: эпителий, өзіндік тақташа және кілегейліасты негіз қабаттарынан түрады. Кілегейлі қабықгың етті кабаты толық жетілмеген, ол тек жекеленген бірыңғай салалы ет миоцитгерінен күралған. Кілегейлі қабықгың ішкі беті көпқабатты жалпақ эпителиймен астарланған. Оның ішкі бетінде үзындығы 10 мм мес қарын бүрлері (papilla ruminis) болады.

Мес қарынның ортаңғы етті қабығын ішкі сақинаша және сыртқы үзынша бірыңғай салалы ет үлпасының қабаттары күрайды.

Мес қарынның сыртқы қабығы — сірлі қабық.

Күйіс қайтаратын жануарларда мес қарын қүрсақ қуысының сол жағын толық алып жатып, коптеген ішкі мүшелерді қүрсақ куысының оң жағына ығыстырып орналасады. Мес қарынның екі бүйіріндегі үзын сайларынан үлкен шарбы басталады. Мес қарынның вентральды қапшығы шарбы қабында орналасады. Қой мен ешкі мес қарнының вентральды қапшығы дорсальды қапшығына қарағанда үзындау келеді.

Жүмыршақ (сетка) — reticulum — көлемі жағынан сиырда қатпаршақган кіші, қой мен ешкіде, керісінше, үлкен болып келеді. Орналасу орындарына байланысты алдыңғы көкеттік беті (facies diaphragmaticum), артқы висцеральды беті (facies visceralis) болады. Өңештен жүмыршақ қабырғасына жүмыршақ сайы (sulcus reticuli) өтеді. Жүмыршақ сайының оң және сол ернеулері (labium dextrum et sinistrum) жас төлдерде бір-бірімен тығыз жанасып түрып, емген

сұттің мес қарынға түспеуін қамтамасыз етеді. Жүмыршақ сайы өңештен қатпаршаққа дейінгі аралықта спираль тәрізді бүралып жатады. Осының нәтижесінде жүмыршақ сайының оң ернеуі қатпаршаққа өту алдында, оның сол жағына ауысады.

Жүмыршақ қабырғасының құрылысы мес қарын қабырғасы құрылысына үқсас, үш қабықтан түрады. Кілегейлі қабық қабаттарының қүрьілысы мес қарынның кілегейлі қабығына үқсас. Көпкдбатты жалпақ эпителиймен астарланған кілегейлі қабығының ішкі бетіндегі қозғалмалы қатпарлар, гіішіні көпбүрышты жүмыршақ торламасын түзеді. Жүмыршақтың етті қабығы сыртқы көлденең, ішкі үзынша қабаттардан түрады. Жүмыршақ сыртынан сірлі қабықпен қагіталған.

Жүмыршақ көкеттен кейін, мес қарынның алдында, қүрсақ қуысыньщ семсерше шеміршек аумағында орналасады Жүмьіршақ мес қарынмен мес қарын-жүмыршақ тесігі, ал қатпаршақпен саңылау тәрізді жұмыршақ-қатпaршақ тесігі арқылы қатысады.

Қатпаршақ (книжка) — omasum — жүмыршақтың жоғарғы жағында, қүрсақ қуысының оң қабырғаасты аумағында орналасады.Ол пішіні дөңгелекше келген алдыңғы қарынның белімі. Қатпаршақ жүмыршақты үлтабармен жалғастырып түрады. Қатпаршақ жүмыршақ пен үлтабардың бір-бірінен жіңішкелеу келген мойиы арқылы бөлінетін жерінің жоғарғы бетінде орналасады. Қатпаршақтың да қарынның алдыңғы бөлімдеріне тән қабырғалық және висцеральды беттері мен дорсальды иіні болады. Қатпаршақтың қуысы жүмыршақпен жүмыршақ-қатпаршақтесігі, үлтабармен қатпаршақ-үлтабар тесігі арқылы қатысады. Бүл тесіктер өзара қатпаршақ сайымен жалғасады. Қатпаршақтың аталған сай өтетін бөлігін қатпаршақ түбі немесе қатпаршақ негізі — дейді. Қатпаршақтың қабырғасы үш қабықтан түрады. Қатпаршақтың кілегейлі қабығының қүрылысы мес қарынның кілегейлі қабығы қүрылысына үқсас. Ол көпқабатты жалпақ эпителиймен астарланған. Кілегейлі қабықтың ішкі бетінде жапырақ тәрізді жалпақ кдтдарлар болады. Қатпаршақ жапырақшаларының бетінде азықгы сығып үсақтауға арналған бүртіктер бар. Пішіні мен мөлшеріне байланьісты жапырақшалар торт түрге бөлінеді. Олар: үлкен, орташа, кіші және тым кіші жапырақшалар. Олар қатпаршақ негізімен біріге отырып, қатпаршақ өзегін (canalis omasi) түзеді. Аталмыш өзек одан әрі қатпаршақ-үлтабар сайына (sulcus omasobibomasicum) жалғасып, қатпаршақ-үлтабар тесігінің төменгі жиегін қүрайды. Қатпаршақтың етті қабығын да біркңғай салалы ет үлпасының қабаттары түзеді. Ол сыртқы үзынша, ішкі көлденең қабаттардан түрады. Ішкі колденең етті қабаты қатпаршақ үлтабар тесігі қабырғасындағы қысқыш етке айналады. Қатпаршақ сыртынан сірлі қабықпен қапталған.

Қатпаршақтың үлкен жапырақшаларының саны: сиырда — 12- 14; қойда. — 9-10; ешкіде -10-11 болады.

Үлтабар (сычуг) — abomasum — қүрсақ қуысының оң қабыр- ғаасты аумағында орналасады. Оның пішіні мен қүрылысы бір бөлімді безді қарынға үқсас. Үлтабар көп бөлімді қарынның химиялық жолмен азықты қорыту процесі басталатын бөлімі. Сондықтан, оны нағыз қарын — деп те атайды. Үлтабардың пішіні алмүрт тәріздес болып келеді. Көлемі жағынан ол сақа жануарларда екінші, ал жас төлдерде бірінші орында. Үлтабардың париетальды және висцеральды беттері, үлкен және кіші иіні, денесі және түбі болады. Ол қатпаршақтан кең куыстьт болып басталып, үлтабардың пилорустық бөлігіне дейін жіңішкеріп келеді де, дорсальды бағытта сәл иіліп, үлтабар ұшына (он екі елі ішекке) ауысады.

Үлтабар қабырғасының гистологиялық қүрылысы бір бөлімді безді қарын қабырғасының қүрылысына үқсас. Оның қабырғасын кілегейлі, етті және сірлі қабықтар құрайды. Үлтабардың кілегейлі қабығы бірқабатты призма тәрізді эпителий үлпасымен астарланған. Кілегейлі қабығындағы кардиальды, фундальды және пилорустық бездер қарын сөлін боледі. Бүлар орналасқан аймақтар ішіндегі ең көлемдісі фундальды бездер аймағы. Кілегейлі қабықтың ішкі бетінде үзынынан орналасқан иірімді қатпарлар болады. Бүл қатпарлар қатпаршақ-үлтабар тесігі маңында бір- бірімен бірігіп, тесік ішінде екі үлкен қатпар түзеді. Аталған қатпарлар үлтабар желкені — деп аталады. Үлтабар желкені үлтабар қуысында қорытылып жатқан азықтың кері қатпаршаққа өтуіне жол бермейді.

Иірімді қатпарлардың саны еиыр үлтабарында — 12-16, қойда — 13- 15, ешкіде — 16-17 болады.

Үлтабардың етті қабығы сыртқы үзынша және ішкі сақинаша бірыңғай салалы ет үлпасы қабаттарынан түзілген. Үлтабардың пилорустық бөлігіне жақындаған сайын, етті қабықтың сақинаша қабаты қалыңдап, кдқпақша (пилорус) ідысқьші етін жасаііды.

Үлтабарды сыртынан сірлі қабық қаптап, оның үлкен және кіші иіндерінде тоғысып, аттас шарбыларға айналады.

АЩЫ ІШЕК

Ащы ішек (тонкая кишка) — intestinum tenue — қарын мен бүйеннің аралығында орналасқан азық қорыту аппаратының ортаңғы бөлімі. Ащы ішекте қарында жартылай қорытылған жын қүрамындағы қоректік заттар (белоктар, майлар, көмірсулар) қабырғалық жалпыішектік бездің, үйқы безінің сөлдері қүра- мьіндағы ферменттердің әсерінен және бауырдан келген өттің қаты- суымен өздерінің қарапайым мономерлеріне ыдырап, химиялық өндеуден өтіп қорытылып, қорытылған қоректік заттар ащы ішек бүрлеріндегі эпителий қабаты арқылы сорылып, қанға және лимфаға сіңіріледі. Сондықтан, ащы ішектің қабырғасы қан және лимфа тамырларымен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілген. Ащы

ішектің ішкі бетіндегі көптеген қатпарлар мен ащы ішек бүрлері ішектің ішкі беті ауданының көлемін арттырады.

Қабылданатын азьіқтың түрлеріне (жануар текті, өсімдік текті, аралас) байланысты үй жануарлары ішектерінің үзындығы әр түрлі болады. Жануар текті азықпен қоректенетін жануарлардың ішегі қысқа, ал есімдік текті азықпен азықтанатын жануарлардың ішегі өте үзыіі болады. Талғаусыз жануарлар (мысалы шошқа) ішегінің үзыидығы орташа болып келеді.

Ащы ішек өз кезегінде: он екі елі ішек, аш ішек және імықын ішектен құралады. Азық қорыту аппаратының ортаңғы бөліміне аталмыш ішектерден басқа, өзектері он екі елі ішекке ашылатын ірі ас қорыту бездері бауыр мен үйқы безі жатады.

Он екі елі ішек (двенадцатиперстная кишка)— intestinum duodenum — жануарлардың түрлеріне байланысты үзындығы 40 см - 120 см дейінгі, қысқа шажырқайға ілінген ащы ішектің қарыннан басталар бөлігі. Ол қарынның қақпақша бөлігінен басталған бойда, S әрпі тәрізді иілім жасай бауырға бағытталып, одан әрі артқа қарай оң бүйрекке жетеді де, солға және алға қарай бүрылып, шекарасыз аш ішекке өтеді. S өрпі тәрізді иілім аумағында он екі елі ішек қуысына бауыр мен үйқы безі өзектері (сиыр мен шошқада болек, ал жылқы, үсақ мал мен итте бірге) ашылады. Он екі елі ішектің кілегейліасты негізінде, өзектері ішек куысына ашылатын арнайы дуоденальды безі болады.

Он екі елі ішек үй жануарларында негізінен күрсақ қуысының оң қабырғаастылық аумағында орналасады. Бауыр мен үйқы безінің негізгі өзектері он екі елі ішек қуысының алдыңғы бөліктеріне бірге ашылып, он екі елі ішектің үлкен бүртігін (papilla duodeni major) жасайды. Ал үйқы безінің қосымша өзегі ішек қуысының артқы бөліктеріне келіп ашылып, он екі елі ішектің кіші бүртігін (papilla duodeni minor) жасауга катысады.

Ерекшеліктері. Жылқыда он екі елі ішектің үзындығы 1 метрдей болады. Қарыннан шыққан соң, оның қуысы кеңейіп, он екі елі ішек ампуласын (ampulla duodeni) түзеді. Бүдан соң, ол қүрсақ куысының оң бүйіріндегі бауырдың бетімен төмен қарай таға тәрізді иілім жасап, үйқы безінің денесін айналып өтеді. Ішектін осы бөлімі, оның төмендеген бөлігін (pars descendens) қүрайды. Одан әрі он екі елі ішек бауырдың оң бөлігін бойлай оң бүйрекке қарай көтеріле бағытталып, өрлеме бөлікті (pars ascendens) түзеді. Екінші және үшінші бел омыртқа түсында ішек оң бүйректің артын ала солға бүрылып, каудальды иілім түзеді де, шажырқай түбірлері арасымен келденең бөлікті (pars transversa) жасап, аш ішекке өтеді. Он екі елі ішек бауырмен сірлі қабық арқылы жалғасып, бауыр-он екі елі ішек байламын (ligamentum hepatoduodenaie), бүйрек және бүйенмен байланысып, бүйрек-бүйен-он екі елі ішек байламын (ligamentum reno-ceco-duodenale), шажырқай түбірімен жалғасып, он екі елі ішектің келденең байламыи (ligamentum transversum

duodeni), кіші тоқ ішекпен байланысып, он екі елі-тоқ ішек байламын (ligamentum duodenocolicum) түзіп, аталған мүшелермен байланысып тұрады. Он екі елі ішек бүртігі пилорустан 10-12 см аралықта орналасады.

Күйіс кдйтаратын жануарларда он екі елі ішек үлтабар үшы — деп аталады. Оныңүзыңдығы 70-120 см -дей болады. Ол үлтабардан 9-11 қабырғалар түсында басталады да, тік жоғары көтеріліп, бауырдың бетінде on екі елі ішектің краниальды иілімін (flexura duodeni cranialis) түзеді. Бүдан соң, ол бауырдан каудальды бағытга оң бүйреюің төменгі жиегін бойлай жамбас қуысының кіреберісіне дейін созылады да, медиальды бағытта бүрылып, үлтабар үшының каудальды иілімін (flexura duodeni caudalis) жасайды. Бүдан кейін, ол бел бүлшық еттерімен жанаса қайтадан бауырға қарай бағытгалып, оыың маңында он екі елі- аш ішек иілімін (flexura duodenojejunalis) түзіп, аш ішекке өтеді. Бауыр өзегі он екі елі ішекке сиырда пилорустан 50-70 см -дей, үсақ малдарда 25-40 см қашықтықга ашылады. Ал үйқы безінің өзегі сиырда бауыр өзегінен 30- 40 см -дей кейінірек, ал үсақ малдарда бауыр өзегімен бірігіп, бір бүртікке ашылады.

ІІІошқа он екі елі ішегінің үзындығы 40-80 см -дей болады. Ол құрсақ қуысының оң қабырғаастылық аумағында орналасады. Бауыр езегі пилорустан 2-5 см, ал үйқы безінің өзегі 15-25 см қашықтықта ашылады.

Иттің он екі елі ішегі үзын шажырқайға ілінгендіктен, ол қозғалмалы келеді. Ішек негізінен төмендеген және өрлеме бөліктерден түрады. Ол қарыннан шыққаннан соң, жамбас куысының кіреберісіне дейін созылған төмендеген бөлікті күрайды. Бүл бөлік оң қабырғаастылық және оң бүйірлік аумақтарда орналасады. Бүдан кейін, ішек соңғы бел омыртқаға жетпей солға қарай иіліп, сол бүйректің оң жағын ала, краниальды бағытта қайтадан қарынға қарай бағытталып, ішектің өрлеме бөлігін жасайды да, қарын маңында аш ішекке өтеді. Өт пен үйқы безі өзектері бірігіп, пилорустан 3-8 см -дей қашықтықтағы бүртікке ашылады.

Аш ішек (тощая кишка) — intestinum jejunum — ащы ішектің ең үзын бөлігі (сиырда — 40 м, қойда — 30-35 м, жылқыда — 30 м, шошқада — 20 м, итте — 2-7 м). Ол үзын шажырқайға ілініп, көптеген аш ішек ілмектерін (ansae intestinalis) түзеді. Ол он екі елі ішекті мықын ішекпен жалғастырады.

Ерекшеліктері. Жылқыда аш ішектің үзындығы орта есеппен 19-30 м, диаметрі 6 - 7 см -дей болады. Ішек бүйеннің алдыңғы жағында үзын шажырқайға ілініп түрады. Ол қүрсақ қуысының сол жақжартысының жоғарғы және ортаңғы бөлігін алып жатады.

Сиырда аш ішектің үзындығы 40 м, диаметрі 5-6 см, ал үсақ малдарда — 30 м, диаметрі — 1,5 - 2 см болады. Күйіс қайтаратын жануарларда аш ішек басқа жануарлармен салыстырғанда қысқа шажырқайға ілінген. Ол көптеген ілмектер түзеді. Аш ішек түгелімен қүрсақ қуысының он болігінде орналасады.

Шошқада аш ішектің ұзындығы 15-20 м болады, ішек ілмектері үзын шажырқайға ілінген.

Ит аш ішегінің үзындығы 2-7 м. Ішектің ішкі бетінде қорғаныс қызметін атқаратын лимфа түйіншелері көптеп кездеседі.

Мықын ішек (подвздошная кишка) — intestinum ileum — ащы ішектің ең қысқа бөлігі (сиырда 50 см, қойда 20 - 25 см, жылқы мен шошқада 30 см, итте — 10- 20 см). Ол аш ішектен түзуленіп шығып, жылқыда бүйенге, қалған жануарларда бүйен мен тоқ ішектің шекарасына ашылады. Оның тоқ ішекке ашылар тесігінің қабырғасында, мықын ішек бүртігінің негізін қүрайтын қысқыш ет болады.

Ерекшеліктері. Жылқыда мықын ішектің үзындығы 30 см, қүрсақ қуысының оң бүйірлік аумағында жатады. Ол бүйеннің кіші иініне тікелей ашылады.

Күйіс қайтарагын жануарларда мықын ішек бүйен мен тоқ ішек шекарасына, 4 — бел омыртқа түсында ашылады.

Шошқада мықын ішек тоқ ішектің алдыңғы оң жағының жоғарғы бетіне шөлмек тәрізденіп ашылады. Осы түс бүйен мен тоқ ішек шекарасы болып табылады.

Итте де мықын ішек бүйен мен тоқ ішек шекарасындағы ішек бүртігіне, 1-2 -нші бел омыртқалар түсында ашылады.

Ащы ішектің гистологиялық қүрылыеы. Ащы іщектің қабырғасы да, басқа түтікше мүшелер сияқты үш қабықтан: кілегейлі, етті және сірлі қабықтардан қүралған. Бірақ, қызметіне байланысты ащы ішектің қабырғасы құрылысьінда біраз ерекшеліктер болады. Атап айтқанда, ащьі ішек кілегейлі қабығы қүрылысында қорытылған қоректік затгарды сорып сіңіруге арналған қүрылымдар болады. Оларға аш ішек кілегейлі қабығындағы қатпарлар, пішіні саусақ тәрізді ұзын бүрлер, кілегейлі қабыққа терең еніп жатқан кірмелер (крипталар) және эпителиоциттердің апикальды үшындағы микробүрлер жатады. Ащы ішектің кілегейлі қабығы төрт қабаттан түрады. Олар: ішкі эпителий қабаты, өзіндік тақташа, етті тақташа және кілегейліасты негіз. Кілегейлі қабықтың ішкі бетіндегі бүрлер мен кригіхалар бірқабатты призма тәрізді жиекті эпителиймен кдпталған. Эпителийдің астында қан және лимфа тамырлары мен жүйкелерге бай борпылдақ дәнекер үлпалық өзіндік тақгаша жатады. Ішек бүрлері эпителий қабаты мен өзіндік тақташадан күралған. Бүрлердің ішіндегі борпылдақ дәнекер үлпасында бүрлердің жиырылуын қамтамасыз ететін жекеленген миоциттер болады. Эпителий қабаты өзіндік тақташаға бойлай еніп, крипталарды қүрайды. Бірқабатты призма тәрізді эпителийді жолақты жиекті пішіні призма тәрізді энтероциттер құрайды. Олардың апикальды ұшында ішек кілегейлі қабығының copy ауданын 30 еседей ұлғайтатын микробүрлер болады. Бүлар энтероциттердің жолақты жиегін түзеді. Микробүрлер гілазмолеммасының ішкі бетін гликопротеидтен түратын жүқа үлдір тәрізді гликокаликс қаптап

жатады. Ол жын қүрамындағы заттарды жабыстырып, ферменттердің көмегімен жарғақгық қорыту процесін іс жүзіне асыруға қатысады. Энтероциттердің сопақ келген ядролары бір қатарда, негіздік жарғақка жакын орналасады. Микробүрлер астындағы цитоплазмада центросома, оның астында Гольдж кешені, цитоплазманың базальды жағында рибосомалар мен митохондриялар, эндоплазмалық тор шашыла орналасады. Эпителийдің ішкі бетіндегі көрші энтероциттер апикальды аймақтарының плазмолеммалары бір-бірімен тығыз жанасу арқылы байланысады. Кілегейлі қабықтың эпителий кдбатында, энтероциттер аралықтарында кілегей бөлетін бірторшалы бездер — құтыша (бокал тәрізді) торшалар және биологиялық белсенді затар бөлетін эндокринді торшалар кездеседі. Бірқабатты призма тәрізді эпителий торшалары негіздік жарғақта орналасады. Зақымдалған эпителий торшаларының орнын крипта қабырға- ларындағы діңгекті торшалардан дамыған жас эпителиоциттер алмастырады. Өзіндік тақгашадағы пішіні түтік тәрізді крипталардың қабырғалары да бірқабатты призма тәрізді эпителиймен қапталған. Крипталар да ішектің copy ауданын үлғайтады. Крипталар эпителий қабаты жиекті (микробүрлерден түрады) энтероциттерден, жиексіз энтероциттерден, гіанет торшаларынан, қүтыша және эндокринді торшалардан қүралған. Жиексіз энтероциттер митоз арқылы бөлініп көбейіп, діңгекті торшалар қызметін атқарады. Панет торшалары — крипта түбіндегі секрет бөлетін ірі эпителиоциттер. Олар қүрамында ферменттер болатын ішек сөлін бөліп, қарыннан келген жындағы түз қышқылын бейтараптандырады.

Кілегейлі қабықтың етті тақташасының өзі ішкі сақинаша және сырткы үзынша қабаттардан қүралған. Аталған қабаттарды бірыңғай салалы ет үлпасының миоциттері түзеді.

Кілегейліасты негіз қан және лимфа тамырлары мен жүйке ганглийлері орналасқан борпылдақ дәнекер үлпасынан қүралған. Он екі елі ішектің (күйіс жануарларында үлтабарүшы) кілегейліасты негізінде күрделі тарамдалған, қүрылысы жағынан түтікше келген дуоденальды бсздер болады. Бүлардың секрет бөлетін соңғы бөлімдері қабырғаларын ақшыл боялған кілегейлі торшалар мен сөл бөлетін ірі ядролы күңгірт боялған безді эпителиоциттер түзеді. Олардың араларында панет, көмкерме, эндокринді, бокал тәрізді торшалар кездеседі. Без сөлі қүрамында көмірсуларды қорытуға қатысатын ферменттер мен түз қышқылын бейтараптандыратын қосылыстар болады. Бездердің шығару өзектерін үсак бірқабатты текше немесе призма тәрізді эпителиоциттер астарлайды. Өзектер сыртынан дәнекер үлпалық қабықпен қапталған. Без өзектері крипталар қуысына немесе ішек бүрлері аралығына ашылады. Аш ішек кілегейлі қабығында, өсіресе, мықын ішекте қорғаныс қызметін атқаратын көптеген лимфа түйіншелері болады.

Ащы ішектің ортаңғы етті қабығы екі қабатта орналасқан бірыңғай салалы ет үлпасы қабаттарынан түрады. Оның сыртқы

ұзынша қабаты жіңішкелеу, ал ішкі сақинаша қабаты қалың болыгі келеді.

Сыртқы сірлі қабық аш ішек қабырғасының дорсальды бетінде тоғысып, ішек шажырқайына айналады. Шажырқай борпылдақ дөнекер ұлпалық аралығы бар екі қабатты сірлі қабьіқтан тузілген. Шажырқай аркылы ішекке қоректендіруші қан, лимфа тамырлары және жұйке талшықтары келеді.

ҚАБЫРҒАДАН ТЫС ЖАТКДН AC ҚОРЬІТУ БЕЗДЕРІ

Бауыр (печень) — һераг — организмдегі ең ірі ас қорыту безі. Эмбриондық кезеңде бауыр әмбебаб қан жасау мүшесі. Эмбриогенездің алғашқы кезендерінде бауыр он екі елі ішектің төменгі қабырғасындағы эпителий қатпары ретінде қалыптасып, кейінірек алдыңғы және артқы бөліктерге бөлінеді. Алдыңғы бөлігінен бауыр, артқы бөлігінен өт қабы мен оның өзегі дамиды. Бауырдың негізгі ьуэізметі азықтың қүрамындағы майды қорытуға қатысатын өт бөледі. Ол ішек-қарыннан жиналатын вена қаны ағатын қақпалак венаның бойында орналасып, қандағы әр түрлі зиянды да улы азоттьіқ (белоктық) зат алмасу өнімдерін, биогенді аминдерді, дәрі-дәрмектер қалдьтктарын бейтараптандырып,

микроорганизмдерді жояды. Сонымен қатар, бауырда қан плазмасының белоктары (альбуминдер, фибриноген, протромбин), ыдыраған эритроциттегі гемоглобиннен өт пигменттері түзіледі, жануарлар организміне тән күрделі көмірсу - гликоген қор ретінде сақталады. Қан капиллярлары қабырғасындағы тармақты макрофагтар (Купфер торшасы) қанға түскен микроорганизмдерді және басқа да бөгде заттарды қармап, фагоцитоз арқылы жояды. Бауыр организмдегі белок, май, көмірсу алмасуларына қатысады. Бауырда организмдегі қанның 20% -ы қор ретінде сақталады.

Жануарлардың түрлері мен бауырдың қанға толу деңгейіне байланысты, оның түсі қызыл-қоңырдан ақшыл-қоңырға дейін өзгеріп отырады. Бауыр қүрсақ қуысында, көкеттің артқы бетінде орналасқан. Оның алдыңғы бетін диафрагмальды бет (facies diaphragmatica), артқы бетін висцеральды бет (facies viceralis) — деп атайды. Дорсальды жиегі (margo dorsalis) доғал, вентральды жиегі (margo ventralis) жүқа да қырлы болып келеді. Бауырдың оң жөне сол жиектері (margo dexter et sinister) болады. Доғал жиегінде өңеш батыңқысы (impressio oesophagea) мен артқы қуыс венаның өтетін орны көрінеді. Вентральды қырлы жиегіндегі бөлікаралық ойықгар (incisura interlobularis) бауырды оң бөлікке (lobus hepatis dexter), сол бөлікке (lobus hepatis sinister) және олардың аралығындағы аралық бөліктерге бөледі. Бауырдың висцеральды бетінде жылқы, түйе және бүғыдан басқа жануарларда өт қабы (vesica fellae) мен одан шығатын өт қабының өзегі (ductus cysticus) орналасады. Аралық бөлікті сол беліктен жүмыр байлам (іштөлінің бүрынғы кіндік венасы) — ligamentum teres, ал оң боліктен өт қабы бөліп тұрады. Бауырды диафрагмамен байланыстыратын жүмыр байламның жалғасы орақша байлам, одан әрі қысқа көлденең немесе тәждік байламға (ligamentum coronarium) ауысады. Бүл байлам ез кезегінде екіге ажырагі, оң және сол үшбүрышты байламдарға (ligamentum triangulare dextrum et sinistrum) жалғасады. Аралық бөліктің өзі қақпалықвена (v. portae) бауырға енетін бауыр қақпасы (porta hepatis) түсынак: жоғарғы құйрьщгы бөлікке (lobus caudatus) және төменгі шаршы (квадратгы) бөлікке — lobus quadratus — бөлінеді. Қүйрықты бөлік деп аталу себебі, бүл болікте көп жануарларда қүйрық өсіндісі (processus caudatus hepatis) болады. Сөйтіп, бауырда төрт: оң, сол, шаршы және қүйрықты боліктер ажыратылады. Аталған бөліктер күйіс қайтаратын жануарларға тән. Жылқыда оң бөлік қосымша ойық арқылы латеральды және медиальды бөліктерге (lobus dexter lateralis et medialis), ал шошқа мен иттс оң бәлікпен қатар сол бөлік те екіге: латеральды және медиальды бөлікгерге — lobus dexter et sinister lateralis et medialis — бөлінеді. Кейбір жануарлар бауырларында бүйрек батыңқысы (impressio renalis) жақсы көрінеді.

Ерекшеліктері. Жылқы бауырында өт қапшығы болмайды. Сол бөлігі латеральды және медиальды боліктерге белінеді. Бауыр озегі

он екі елі ішекке пилорустан 10-12 см қашықтықта ашылады. Бауыр құрсақ қуысының оң жағында 16 -ншы қабырғаға, ал сол жағында 7-12 -нші қабырға тұсына дейін созылады. Ол негізінен құрсақ куысының оң қабырғаастылық аумағында орналасқан. Бірақ, оның сол бөлігі сол қабырғаастылық аумағына аздап өтеді.

Күйіс қайтаратын жануарларда бауыр оң қабырғаастылық аумакта, 8 -інші қабырғадан соңғы қабырғаға дейінгі аралықта жатады. Бауыр бөліктері нашар байқалады. Өт қабы алмұрт пішіндес болып келеді. Оның вентральды ұшы бауыр жиегінен төменірек түсіп тұрады.

Шошқа бауырының оң жөне сол бөліктері өз кезегінде латеральды және медиальды бөліктерге бөлінеді. Оның денемен салыстырмалы мөлшері, таза шөпқоректі жануарларға қарағанда үлкендеу болып келеді, құйрықты бөлігі оң бүйрекпен жанаспайды. Бауыр оң қабырғаастылық аумақга, 14 -інші қабырға түсына дейінгі аралықта жатады. Сол қабырғаастылық аумаққа сөл ғана өтеді.

Ит бауырының салыстырмалы мөлшері басқа жануарларға қарағанда көлемді келеді. Оң және сол бөліктері латеральды және медиальды бөліктерге бөлінген. Қүйрықты бөлікте қосымша емізікше есінді (processus papillaris) болады. Бауыр оң және сол қабырғаасгылықжәне семсерше өсінді аумақтарында орналасады.

Бауырдың гистологиялық қүрылысы. Бауыр сыртынан сірлі қабықпен, оның астындағы дәнекер ұлпалық капшықпен қапталған. Қапшықтан бауырдың ішіне қарай енген дәнекер үлпалық аралықтар, оның паренхимасын көптеген көпбүрышты бөлікшелерге бөледі. Бауыр бөлікшелері — бауырдың қүрылымдық және қызметтік бірлігі. Бөлікшелер бауырдың паренхимасын, ал

оның стромасын дәнекер үлпалық қапшық пен бөлікшелераралық борпылдақ дәнекер үлпалық аралықтар қүрайды. Бауырға бауыр артериясы мен қақпалық вена артерия және вена қанын алып келеді. Бауыр артериясы мен қақпалық вена бауырдың дәнекер ұлпалық аралықтарында кезегімен: бөліктік, сегменттік, бөлікшелераралық артериялар мен веналарға тарамдалады. Бөлікшелердегі өт капиллярларынан қабырғасы бірқабатты текше тәрізді эпителийден қүралған бөлікшелераралық өт өзегі түзіледі. Бөлікшелераралықартерия, вена және өт өзегі бөлікшелердің аралы- ғындағы борпылдақ дәнекер үлпасында қатар орналасып, “бауыр үштігін” қүрайды. Бүлардың ішінде белікшелераралық венаның арнасы кең болады. Венаның жүқа қабырғасын эндотелий, негіздік жарғақ, сақинаша орналасқан жекеленген бірыңғай салалы ет үлпасының миоциттері және сыртқы адвентиция қүрайды. Бөлікшелераралық артерияның арнасы тар, қабырғасы қалың болып келеді. Оның қабырғасы интима, медиа және адвентиция қабықтарынан қүралған. Бөлікшелераралық артериялар мен веналар белікшелерді айнала шырмап жататын, перделік (сеп- тальдық) артериялар мен веналарға тарамдалады. Аталған қан тамырлары бауыр бөлікшелеріне кіріи таралып, бір-бірімен қосылып, бауыр бағандарының аралығымен өтетін қойнауша (синусоидты) капиллярларды түзеді. Қойнауша капиллярлар бөлікше орталығында бір-бірімен қосылып, бауыр бөлікшесінің орталық венасын қүрайды. Орталық веналар бір-бірімен бірігіп, бөлікшеасты веналарын, олар өз кезегінде бір-бірімен қосылып, артқы қуыс венасына ашылатын бауыр венасын түзеді.

Бөлікшелераралық борпылдақ дәнекер үлпалық аралықгармен бөлінген, пішіні көпбүрышты бауыр бөлікшесі шеттен орталық венаға қарай радиальды (сәулелі) бағытталған бауыр бағандарынан түрады. Бауыр бағандарын екі қатарда орналасқан бауыр торшалары — гепатоциттер күрайды. Жоғарыда баяндалған бауыр қызметгерінің барлығын гепатоциттер аткэрады. Гепатоциттің пішіні көпбүрышты. Оның дөңгелек келген бір, екі не одан да көп ядролары цитоплазмасының орталығында орналасады. Қан белоктарын жасайтын гранулалы эндоплазмалық тор, өт пен гликогенді түзуге қатысатын агранулалы эндоплазмалық тор, аталған процестерді іс жүзіне асыруға қатысатын Гольдж кешені, митохондриялар, рибосомалар, лизосомалар тым жақсы жетілген. Бауыр бағандарының аралығымен бөлікшелердің шеткі жағынан орталық венаға карай тарамдалып жатқан кең арналы қойнауша капиллярлар өтеді. Қойнауша кдн капиллярлары қабырғасында негіздік жарғақ болмайды. Эндотелий сыртынан борпылдақ дәнекер үлпасымен қапталған. Эндотелиоциттермен жанасатын гепатоциттердің плазмолемма- ларында микробүрлер болады. Гепатоциттер жағындағы эндотелио- циттердің беттерінде де микробүрлер бар. Бір-біріне карама-қарсы жатқан микробүрлер аралықтарьінда тек қан плазмасына толған

саңылауша кеңістік қалады. Гепатоциттің қан капиллярларына кдраған плазмолемма бетін бауыр торшаларының тамырлы беті — дейді. Міне, гепатоциттер және қойнауша қан капиллярларымен ағып жатқан қан аралығындағы зат алмасу (гепатоциттен қанға — глюкоза, несепнөр (мочевина), белокгар т.б. заттар; қаннан гепатоцитке аталған заттарды синтездеуге керекті заттар етеді) процесі осы кеңістік арқылы жүреді.

Бауыр бағандарын құрайтын екі қатарда орналасқан гепатоциттер аралығында, бөлікшенің орталығынан шетке кдрай бағытталған өт капиллярлары орналасады. Өт капиллярларының өз қабырғасы болмайды. Олардың қабырғаларының қызметін бір-бірімен қатар орналасып, десмосомалар арқылы тығыз байланысқан гепатоциттер плазмолеммалары қүрайды. Плазмолеммалардың өт капиллярлары куыстарына қараған жағында да микробүрлер болады. Гепатоциттер түзілген өтті плазмолеммалары арқылы өт капиллярларының қуысына бөледі. Өт өт капиллярлармен бөлікшенің шеткі жағына қарай ағады. Өт капиллярлары бөлікшенің шеткі жағында бір-бірімен қосылып, бөлікшелераралык өт өзегін түзеді. Өт өзегінің қабырғасын бірқабатты текше тәрізді эпителий қүрайды. Бөлікшелердің ішінде

дәнекер ұлпалық аралықтар болмайды. Қан капиллярлары мен гепатоциттер қабырғалары аралықтарында жекеленген жіңішке ретикулин талшықтары болады.

Өт қабы — өт жиналатын куысты мұше. Ол бауырдың ішкі висцеральды бетінде орналасады. Өт қабының қабырғасы кілегейлі, етті және сірлі қабықтардан қүралған. Кілегейлі қабықты ішкі бірқабатты призма тәрізді эпителий мен сыртқы борпылдақ дәнекер ұлпалық өзіндік тақташа қабаттары қүрайды. Кілегейлі қабықта кілегейлі және сірлі қарапайым түтікше бездер мен лимфа түйіншелері орналасады. Етті қабықты сақинаша жатқан бірыңғай салалы ет үлпасының қабаты қүрайды. Сірлі кабықжүқа борпылдақ дәнекер үлпалық қабат пен мезотелийден түрады.

ҮЙҚЫ БЕЗІ

Үйқы безі (поджелудочная железа) — pancreas — қосарынан қыз- мет атқаратын, құрылысы мен қызметі әр түрлі екі: экзокринді және эндокринді бөліктерден күралған аралас без. Сыртқы секреция безі ретінде ол қүрамында ас қорыту ферменттері (белоктарды, көмірсуларды, майды қорытатын) мол үйқы безі сөлін бөліп, он екі елі ішек қуысына шығарады. Ал ішкі секреция безінің қызметін ұйқы безі аралшыкдарының торшалары (инсулоциттері) атқарады. Үйқы безінің паренхимасы энтодермадан, стромасы мезенхимадан дамиды. Үйқы безі құрылысы жағынан күрделі көпіршікше-түтікше бездерге жатады.

Үйқы безі — паренхималы мүше. Ол он екі елі ішек шажырқайының екі сірлі жапырағының аралығында орналасады. Үйқы безі оң, сол және орталық бөліктерден түрады. Үйқы безінің өзегі (ductus pancreaticus) он екі елі ішекке ашылады. Бүдан басқа, оның ішекке дербес ашылатын үйқы безінің қосымша өзегі де (ductus pancreaticus accessorius) болады.

Ерекшеліктері. Жылқыда үйқы безі без денесінен (орталықбөлік), оң бөліктен (бездің басы) және сол бөліктен (без күйрығы) түрады.

Оның өзегі бауыр өзегімен бірігіп, он екі елі ішекке ашылады. Кейде қосымша өзегі де кездеседі. Сиырда ол он екі елі ішек бойында орналасады. Үйқы безі денесінен (орталық бөлік), сол және оң бөліктен тұрады. Без өзегі он екі елі ішекке өт өзегінен 30 - 40 см кейін ашылады. Ал ұсақмалдарда бездің қүрылысы сиыр безіне үқсас. Үйқы безінің өзегі өт өзегімен бірігіп, бір бүртікке ашылады. Шошкдца үйқы безі денеден (орталық белік), оң және сол бөліктерден түрады. Бір өзегі болады. Итте үііқы безі денеден, оң және сол бөліктерден түрады. Без өзегі он екі елі ішекке өт өзегімен бірге ашылады.

Үйқы безінің гистологиялық қүрылысы

Үйқы безі қүрсақ қуысында, он екі елі ішек ілмегі аралығында орналасады. Ол сыртынан дәнекер үлпалық қапшықиен қапталған. Қапшықган без ішіне тарамдала енетін дәнекер үлпалық аралықтар без паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелераралық дәнекер үлпалық аралықтарда қан және лимфа тамырлары, жүйке талшық- тары, үйқы безінің бөлікшелераралық шығару өзектері, қапшықгалған сезімтал жүйке үштары орналасады. Үйқы безінің экзокринді белігі қүрылысы жағынан күрделі көпіршікше-түтікше бездер. Бөлікшелерді пішіні дөңгелек не сопақ келген секрет бөлетін соңғы белімдер (альвеолалар, ацинустар) және ендірме бөлімдер мен ендірме өзектер

қүрайды. Үйқы безінің альвелоларының кдбырғасын негіздік жарғақга бір кдбатта орналасқан, пішіні конус тәрізді безді эпителиоциттер (гландулоциттер) түзеді. Гландулоциттер цитоплазмасының секрет бөлетін базальды бөлігі көкшіл түске, ал бөлінген болінді жиналатын апикальды бөлігі қызыл түске боялады. Олардың дөңгелек келген ядролары цитоплазма орталығыңда негіздік жарғаққа жақындау орналасады. Гландулоцит цитоплазмасының базальды бөлігінде гранулалы эндоплазмалық тор тығыз жатады. Гольдж кешені мен митохондриялар жақсы жетілген. Түзілген сөл үсақтамшылар түрінде гландулоциттердің альвеола қуысына қараған апикальды бөлігінде жиналып, зимогащі иолюс — деп аталады. Кдбырғасы бір кдбат жалпақ эпителийден қүралған ендірме бөлімдер үйқы безінің секрет белетін соңғы бөлімдерінің куысына еніп түрады. Ендірме бөлімдерден қабырғасы бірқабатты жалпақ эпителийден қүралған ендірме өзектер басталады. Олар бір-бірімен қосылып, қабырғасы бірқабатты призма тәрізді эпителийден түратын бөлікшелераралық шығару өзектерін күрайды. Бүл өзектер бір-бірімен бірігіп, үйқы безінің он екі елі ішекке ашылатын негізгі шығару өзегін түзеді. Бөлікшелер ішінде альвеолалардың аралықгарында ақшьш боялған эпителий торшалары (инсулоциттер) топтасып, пішіні мен мөлшері әр түрлі аралшықтар қүрайды. Осы аралшықгар жиынтығы үйқы безінің эндокринді бөлігін жасайды. Инсулоцитгер — қан капиллярлары кдбырғаларымен жанаса орналасқан торшалар бағандарын түзеді. Аралшықтар қан тамырларымен жоғары деңгейде жабдықталған. Инсулоциттер цитоплазмасында барлық органеллалар жақсы дамыған. Бірақ, экзокринді гландулоциттерге қарағанда гранулалы эндоплазмалық тор нашар жетілген.

Аралшық инсулоциттері А-, В-, Д-, Д-, және РР болып бірнеше түрге бөлінеді. Бүлардың ішінде ең көбі солғын боялған В - торшалары аралшықтардың орталығында орналасады. Олардың цитоплазмасында суда ерімейтін, спиртте еритін дәншелері болады. В- инсулоциттер қандағы глюкозаның мөлшерін азайтып, оны бауыр мен бүлшық еттерде қорланатын гликогенге айналдыратын инсулин гармонын бөледі. Аралшықтың шеткі жағындағы А- инсулоциттерінің дәншелері, керісінше, суда ериді. Олар гликогенді глюкозаға айналдырып, оыың қандағы деңгейін көтеретін глюкагон гармонын түзеді. Аралшықтардың шетінде орналасқан, саны аз мөлшері орташа келген Д- торшаларының гормондары В-, А- және экзокринді альвеолалар гландулоциттердің қызметтерін тежейді. Цитоплазмасындағы дәншелерінің күмістену (аргирофилді) қасиеттері болатын, саны тым аз Д-, инсулоциттері организмдегі қанның қысымын төмендетіп және үйқы безі экзокринді бөлігінің сөл қызметін күшейтетін гормон бөледі. РР- торшаларында үсақ дәншелер болады. Олардың да саны аз және аралшықтардың шеткі жағында кездеседі. РР- инсулоциттерінің гармондары қарын мен үйқы безі сөлінің бөлінуіне ыкдалын тигізеді.

ЖУАН ІШЕК

Жуан ішек (толстая кишка) — intestinum crassum — азық қорыту аппаратының артқы белімі. Ол бүйеннен, тоқішектен және артқы тесік ануспен аяқталатын, тік ішектен тұрады. Бұл ішектерде аш ішектен келген азық одан әрі қорытылып, қоректік заттар, су және тұздар сіңіріледі. Ал қорытылмаған азық қалдығынан нәжіс қалыптасып, сыртқа шығарылады. Кейбір жануарлар жуан ішектерінің қабырғаларында етті қабықтың үзынша қабатынан түзілген ет таспалары мен олардың аралықтарында қалташалар болады.

Бүйен (слепая кишка) — intestinum caecum — жуан ішектің түйық қалта тәрізді басталатын бөлігі. Барлық жануарларда ащы ішектің соңғы бөлігі мықын ішек бүйен мен тоқ ішектің шекарасына барып ашылып, жуан ішектің аталған екі бөлігінің шекарасы қызметін атқарады. Тек, жылқы малында ғана мықын ішек тікелей бүйенге ашылады.

Ерекшеліктері. Жылқы бүйенінің гіішіні үтір тәріздес, көлемі үлкен, қабырғасында төрт қатар үзын ет таспалары (taenia) және олардың аралықтарында төрт қатарда орналасқан қалташалар (haustra) болады. Жуан келген бүйеннің негізі (basis сесі) жамбас қуысында жатады, ал оның үзын бүйен денесі (corpus сесі) қүрсақ куысының оң жағында бауырға дейін созылады. Жіңішкерген бүйен төбесі (apex сесі) сол жаққа қарай иіліп, семсерше өсінді аумағына қарай бағытталған. Бүйенде үлкен және кіші иіндер болады.

Сиырда бүйен тегіс қабырғалы, пішіні үзынша келген, үзындығы 30-70 см. Ол қүрсақ қуысының оң бүйірлік аумағының жоғарғы жағында орналасады. Оның артқы үшы жамбас қуысында, ал алдыңғы шекарасы бел аумағының орта түсына дейін созылады.

Қой мен ешкі бүйенінің қүрылысы мен орналасу орындары сиырға үқсас.

Шошқа бүйені қысқа, пішіні конус тәрізді болып келеді. Бүйеннің қабырғасында үш қатар ет таспалары мен қалташалары болады. Бүйеннің алдыңғы жағы оң бүйректің артқы бетімен жанасады, ал төбесі каудальды және оң жаққа қарай бағытталған.

Ит бүйенінің үзындығы 20 см. Қысқа шажырқайға ілінген бүйен денесінде 2-3 иілім болады. Ол қүрсақ қуысының оң бүйірлік аумағында, бел омыртқалардың орта түсында орналасады.

Тоқ ішек (ободочная кишка) — intestinum colon — жуан ішектің ортаңғы бөлігі. Оның пішіні мен көлемі жануарлардың қоректену сипатына байланысты. Итте ол қысқа, шошқада орташа, шөппен қоректенетін жануарларда үзын болып келеді.

Ерекшеліктері. Жылқы тоқ ішегі үлкен тоқ ішек (intestinum colon crassum) және кіші тоқішек (intestinum colon tenue) болып екіге болінеді. Үлкен тоқ ішектің пішіні тағаға күсас. Ол қүрсақ куысында орналасқан екі кдтардағы вентральды және дорсальды жарты ілмектен түрады.

Бүйеннің кіші иінінен басталған вентральды жарты ілмек үш бөліктен: күрсақ қуысының оң жағывдағы оң вентральды бөлік (colon ventrale dextram), вентральды диафрагмальды (көкетпен жанаскэн болігі) иілім (flexura coli diaphragmatica ventralis) және сол вентральды (құрсақ куысының сол жағымен көкеттен артқа қарай жамбас куысына қарай бағытгалады) бөліктен (colon ventrale sinistrum) кұралған. Вентральды жарты ілмектің қабырғасында төрт кңтар ет таспалары және төрт катар қалташалар болады. Жамбас қуысына кіреберісте сол вентальды бөлік жоғары жамбасқа қарай иіліп, жамбас иілімін (flexura coli pelvina) жасайды да, дорсальды жарты ілмекке өтеді. Дорсальды жарты ілмек те жоғарғы кдбатта өз кезегінде үш: дорсальды сол бөліктен (colon dorsale sinistrum), дорсальды диафрагмальды иілімнен (flexura coli diaphragmatica dorsalis) және дорсальды оң бөліктен (colon dorsale dextrum) тұрады. Дорсальды жарты ілмектің кдбырғасында үш кдтар ет таспалары және үш қатар қалташалар болады. Пішіні қарын тәріздес кеңейген

дорсальды оң бөлік, жіңішкерігі барып, кіші тоқ ішекке өтеді. Кіші тоқ ішек (карта) үлкен тоқ ішектің оң және сол бөліктерінің аралығывда үзын шажырқайға ілініп, ілмекжасай тік ішекке өтеді.

Күйіс қайтаратын жануарлар тоқ ішектерінің пішіні оралып жатқан дискі немесе дискі-конус төрізді болып келеді. Ол қүрсақ қуысының оң жағында орналасады. Тоқ ішек басталған бойда нроксимальды ілмек (ansa coli proximalis) жасап, сағат тілі бойынша

бір-бірмен шажырқай арқылы байланысқан орталыққа тепкіш (центрипетальды) оралымдар (gyri coli centripetales) - (сиырда - 1,5; қой мен ешкіде - 3 оралым) жасаи, ортальіқиілім (flexura coli centralis) түзеді де, қайтадан сағат тіліне қарсы бағытталған орталықтан тепкіш (центрифугальды) оралымдар (gyri coli centrifugales) жасайды. Центрифугальды оралым дистальды ілмек (ansa coli distalis) түзеді де, тік ішекке өтеді.

Шошқада тоқ ішектің пішіні конус төрізді болады. Ол құрсақ қуысының алдыңғы жағының 2/3 болігін алып жатады. Тоқішектің ішіне қарай бағытталған центрипетальды оралымның қабырғасында екі қатар ет таспалары мен қалташалар болады. Оралымдарының

саны 3,5. Ол орталықиілім жасап, центрифугальды оралымдар түзеді де, артқа қарай иіліп, тік ішекке айналады. Центрифугальды оралымның қабырғасы тегіс.

Ит тоқ ішегінің пішіні таға тәрізді болып келеді. Ол бүйеннен шыққан бойда қүрсақ қуысының оң жағымен алға қарай бағытталып, оң бөлікті, одан соң көкеттің бойымен солға бүрылып, диафрагмальды бөлікті, содан кейін қүрсақ қуысының сол жағымен артқа қарай бағытталып, сол бөлікті қүрайды. Сол бөлік жамбас қуысына бағытталып, тік ішекке өтеді.

Тік ішек (прямая кишка) — intestinum rectum — жуан ішектің қысқа соңғы бөлігі. Ол жамбас қуысында, қүйымшақтың төменгі жағындағы шажьтрқайға ілініп түрады. Тік ішек артқы тесік — ануспен аяқталады. Анусқа өтер алдында тік ішек кеңейіп, тік ішек ампуласын (ampulla recti) түзеді. Тік ішекті сірлі қабық тек қүйымшақтың теменгі жағындағы бөлігін ғана сыртынан қаптайды. Ал оның жамбас қуысынан тыс жатқан соңғы бөлігі сыртынан адвентициямен (борпылдақ дәнекер үлпасымен) қапталған.

Тоқ ішектің гиеюлогаялық қүрылысы. Жуан ішектердің кдбырғалары да баска түтікше мүшелер сияқгы кілегейлі, етті және сірлі қабықгардан түрады. Тоқ ішектің кілегейлі кэбығында төрт қабат: эпителий, өзіндік тақгаша, етті тақгаша және кілегейліасты негіз қабаттары болады. Кілегейлі кабығында ішек бүрлері болмайды. Тек, борпылдақдәнекер үлпалық өзіндік тақгашаға үңгілене енген, жиі орналасқан кірмелер (крипталар) болады. Біркдбатты призма тәрізді эпителий кдбаты жиекті және жиексіз энтероциттерден, күтыша (бокал тәрізді) торшалардан қүралған. Бокал тәрізді торшалар тым көп. Эндокринді және панет торшалары кездеспейді. Етті және сірлі кдбықгарьшың қүрылысы ащы ішек кдбырғасының қүрылысына үқсас.

Азық қорыту аппараты бойынша бақылау сұрақгары:

  1. Ішкі мүшелерге жалпы сипаттама беріп, олардың қүрылысына токталыңыз.

  2. Түтікше мүшелер қандай қабықтардан түрады? Олардың қабықтарының қүрылысына көңіл бөліңіз.

  3. Дене куыстары, олардың сірлі қабықтары мен туындылары.

  4. Азык қорыту аппараты қандай бвлімдерден түрады? Оларға жататын мүшелерді еске түсіріңіз.

  5. Ауыз куыеының мүшелері, олардың күрылысына ток.талыңыз.

  6. К,ызметі мен қүрылысына байланысты тістің түрлері, олардың қүрылысы. Жануарлардың түрлеріне байлаиысты тіс формулалары.

  7. Жүтқыншақтың күрылысы. Өңеш боліктерінің қүрылыс ерекшеліктері.

  8. Қарынның түрлері, олардың күрылысы.

  9. Ащы ішектің бөліктері, олардың жануарлар түрлеріне байланысты қүрылыс ерекшеліктері.

  10. Қабыргадан тыс жатқан ірі ас корыту бездері, олардың күрылысы.

  11. Жуан ішектің беліктері, олардың жануарлар турлеріне байланысты ерекшеліктері.

  12. Тақырып мәтініндегі қазақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріл алып, оларды жаттаңыз.

ТЫНЫС АЛУ АППАРАТЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ

Тыиыс алу аппараты (дыхательный аппарат) — apparatus respiratorius

жануарлар организміндегі сыртқы тыныс алу процесін іс жүзіне асырады. Тыныс алу мүшелерінің негізгі қызметі қанды оттегімен қанықгыру және қаннан көмірқышқыл газын сыртқа шығару, яғни бул аппарат ауадағы оттегінің қанға өтуін, керісінше, қандағы көмірқышқыл газдың ауаға шығарылуын кдмтамасыз етеді. Бұнымен кдтар, тыныс алу мүшелері дененің қызуын ретгеуге кдтысады және эндокриндік қьізмет те атқарады. Тыныс алу мүшелерінде иіс сезімі және дыбыс мүшелері орналасады. Қызметіне байланысты тыныс алу агіпараты: тыныс жолдары және газ алмасу мүшесі болып екі бөлімге бөлінеді. Тыныс жолдарында ауа құрамындағы шаң-тозаңнан тазаланып, жылынып, су буымен дымқылданады. Аталмыш бөлімнің мүшелері ауаның қүрамындағы заттардың иістерін анықгауға және дыбыс шығаруға кдтысады. Тыныс жолдарына мүрын куысы, аңқа (жүтқыншақгың ауа жұретін бөлііі), көмекей, кеңірдек, әр түрлі арналы бронхтар (ауатамырлар), бронхиолалар (ауатамыршалар) және соңғы (тер-минальды) бронхиолалар жатады. Газ алмасу бөлімін көпіршікті (альвеолалы) бронхиолалар, көпіршікті жолдар, көпіршікті к^пшық- тар және олардың қабырғаларындағы көпіршіктер (альвеолалар) кұрайды.

Тыныс алу жүйесі мүиіелерікің дамуы. Тыныс алу жүйесі мүшелері өзінің тарихи даму жолында (филогенезде) әр түрлі құрылымдық езгерістерден өтеді. Бүл өзгерістер жануарлардың тіршілік ортасының жағдайларына және сол ортадағы олардың тыныс алу сипатының кдлыптасуына тікелей байлакысты. Дене күрылысы қарапайым, суда тіршілік ететін жануарлар организмдерінде (бірторшалы және төменгі сатыдағы көпторшалы жәндіктер) арнайы маманданған тыныс алу мүшелері болмайды. Олар суда еріген оттегіні денелерінің сыртқы қабықшалары (плазмолеммалары) арқылы сіңіреді. Тыныс алудың мүндай түрін “диффузиялы тыныс алу” — деп атайды.

Жануарлар организмдерінің күрделенуіне сәйкес, олардың жүтқыншақ қуысы қабырғаларында желбезек саңылаулары пайда бола бастайды. Ауыз қуысы арқылы жүтылған су желбезек саңылаулары арқылы жүтқыншақтан сыртқа қарай ағып шығьщ, тыныс алу мүшесі желбезекпен жанасып өтеді. Суда еріген оттегі желбезектің жүқа қабырғаларындағы қан тамырлары арқылы қанға сіңіріледі. Ал қандағы көмірқышқыл газы, керісінше, суға өтеді. Сулы ортада тіршілік ететін жануарларға тән тыныс алудың түрін “желбезек арқылы тыныс алу” — деп атайды.

Тіршіліктің қүрлыққа ауысуына байланысты жануарларда атмосфералық ауамен тыныс алуға бейімделген газ алмасудың бірнеше түрлері қалыптасады. Олар: омьіртқасыз жәндіктердегі кеңірдек арқылы, хордалыларға тән өкпемен тыныс алу, кейбір күрттар мен насекомдар дернәсілдеріндегі (личинкаларындағы) тері

жабыны арқылы және жүмыр қүрттарда кездесетін ішек арқылы тыныс алу түрлері.

Мүрын мен мүрын қуысының дамуы. Суда тіршілік ететін жануарларда мұрын қуысының орнында, тек жұп иіс сезім шүңқырлары болады. Бұл шүңқырларда мидың иіс сезімі аймағымен байланысты иіс сезгіш эпителий торшалары орналасады. Кейіннен шүңқырлардың терендеп және үзарып өсуінің нәтижесінде, олардан иіс сезім сайлары дамып жетіледі. Иіс сезімі мұшесі қызметінің күрделенуі нетижесінде сайлардың жиектері бір-бірімен өзара жанасып, болашақ мұрын қуысының қарапайым кіреберіс (танау) жөне шығаберіс (хоана) тесіктері пайда болып, иіс сезімі мүшесі түтікше пішінге айналады.

Жануарлардың қүрлыққа шығуына байланысты, түтікше иіс сезімі мүшесінің қүрылысы күрделеніп, екіге бөлінеді. Олар: иіс сезу және тыныс алу бөліктері. Аталған бөліктердің, әсіресе, иіс сезу бөлігінің одан әрі күрделеніп жетілуі бүл аумақтың кеңейіп, оның кілегейлі қабығының қатпарлануын қамтамасыз етеді. Кейіннен, бүл қатпарлардан иіс сезу шытырмандары мен мүрын кеуілжірлері жетіледі.

Ауыз бен мүрын қуыстарының шекаралық бөлінуі қатты жөне жүмсақ тандайлардың дамуымен байланысты. Бүл қүрылымдық өзгеріс ауыз қуысына ашылатын қарапайым хоана тесіктерінің артқа қарай ығыса жылжыгі, оның түрақты (дефинитивті) хоаналар болып қалыптасуын қамтамасыз етеді. Ал ауыз қуысы мен мүрын қуыстары бір-бірімен өзара бүрынғы қарапайым хоаналар орнында сақталган мүрын-тандай езегі арқылы қатысады.

Қүрлықта тіршілік ететін жануарлардың иіс сезімі мүшесінен, мүрын қуысының түбінде орналасқан шеміршекті түтік төрізді ерекше жүп мүше мүрын-соқалық мүше (organon vomero-nasale) бөлінеді. Ол кейбір бауырымен жорғалаушылар мен сүтқоректілерде мүрын-таңцай өзегі арқылы ауыз куысымен байланысып, иіс сезімі қызметін атқарады.

Онтогенездің бастапқы кезеңінде мидың белсенді дамуына байланысты, үрықгың бас бөлімі қарқынды өсе бастайды. Осының нәтижесінде, оның сыртқы бетінде төмпектер мен сайлар пайда болады. Бастың бет бөлімінде иіс сезімі шүңқыры, ауыз қуысының саңылауы, жүп мүрын тесіктері, жоғарғы және төменгі жак сүйектерінін өсінділері біліне бастайды. Бүдан соң, иіс сезімі шүңқырлары біріншілік хоана тесіктерінің көмегімен ауыз қуысьіімен қатысады, ал жоғарғы жақ сүйегінің осінділері бір- бірімен қосылып, қатты тандайдың негізін түзеді. Нөтижесінде ауыз бен мүрын қуыстары бір-бірінен оқшауланып бөлінеді де, бір- бірімен өзара қатты тандайдан кейін орналасқан түрақты хоана тесіктері арқылы ғана қатысып түрады.

Көмекей мен кеңірдектің дамуы. Көмекейдің шеміршектік негізі филогенезде IV , V және VI жүп желбезек доғаларының

қалдықтарынан дамиды. Оның бүйір шеміршектерінің алғашқы жұбын қосмекенділерден байқауға болады. Кейіннен олар езара бірігіп, сақинаша шеміршекті түзеді. Бауырымен жорғалаушылар мен сүтқоректілерде сақинаша шеміршектің IV және V желбезек доғалары қалдықтарынан дамыған дорсальды шеміршек тақташасы болады. Осы сақинаша шеміршектен каудальды бағытта кеңірдек пен бронхтардың шеміршек пластинкалары қалыптасады. Көмекейдің бүйір шеміршектерінен ожауша шеміршектер бөлініп шығады. Сүтқоректілердің комекейі қабырғасында аталған шеміршектермен қатар, қалқанша және бөбешік шеміршектер де жетіледі. Бүлардың пайда болуы көмекейдің атқаратын қызметіне тікелей байланысты болса керек. Бәбешік пен ожауша шеміршектер жүтьшу кезінде көмекейдің кіреберіс тесігін жауып, азықтың тыныс жолдарына түсіп кетпеуін қамтамасыз етеді. Ал қалқанша шеміршектің пайда болуы жүткыншақтың етті мүше ретінде қалыптасуы мен дыбыс мүшесінің жетілуіне байланысты. Өйткені, оған аталған мүшелердің бірқатар бүлшық еттері келіп бекиді.

Эмбриогенезде кемекей мен кеңірдек алдыңғы ішектің вентральды қабырғасынан томпайып қалыптасып, одан әрі дамып жетіледі. Алғашқыда, ішек қабырғасында үзынша. сай байқалады. Кейіннен ол тыныс алу түтігіне айналады. Тыныс алу түтігі алдыңғы балігінің ішекпен байланысқан түсынан квмекей дамиды. Ал ішектен ажыраған оның каудальды бөлігінен кеңірдек пен бронхтар жетіледі.

Өкпенің дамуы. Өкпе балықтардың қарапайым жүп торсыл- дағының күрделеніп өзгеруі нәтижесінде дамиды. Жануарлардың атмосфералық ауамен тыныс алуына байланысты, торсылдақ туындылары негізгі газ алмасу мүшесі екпеге айналады. Өкпенің дамуы негізінен бір бағытта жүреді. Ол өкпенің ауамен жанасатын тыныс алу беті ауданының үлғаюы нәтижесінде жүзеге асады. Бауырымен жорғалаушылардан бастап, жануарлардың тыныс алу процесінде терінің үлесі кеміп, керісінше, өкпенің маңызы арта бастайды. Бүның өзі өкпеде көптеген жүкд қабырғалы кәгііршіктердің (альвеолалардың) альвеолалар қапшыкдарының, негізгі және жанама бронхтар тарамдарының пайда болуына әсерін тигізеді. Өкпе қүрылысының күрделенуі өз кезегінде кіші қан айналым шеңбері мен жүрек қүрылымдарының күрделенуіне ыкдыл етеді.

Онтогенезде тыныс алу мүшелері көмекей, кеңірдек және өкпе алдыңғы ішектің вентральды қабырғасынан пайда болған тыныс алу түтігінен дамиды. Кеңірдекке айналған тыныс алу түтігінің каудальды бөлігінен томпайып шыққан жүп өсінді оң жөне сол жаққа ажырап, негізгі бронхтарды түзеді. Өз кезегінде олар көптеген бронхтар тарамдарына таралып, соңында кепіршіктер (альвеолалар) тарамдарымен аяқталады. Бронхтар мен альвеолалар дәнекер үлпалықнегіз арқылы өзара бірігіп, өкпені түзеді. Даму барысында өкпе көкірек қуысына еніп, оның сірлі қабығы плеврамен қапталады.

Эмбриондық кезеңде мұрынның кіреберісі эктодермадан, қалған мүшелердің эпителий қабаттары мен қабырғалық бездері энтодермадан, сірлі қабықтары мезодерма спланхнотомынан, тыныс алу мүшелерінің стромасы мезенхимадан дамиды.

Мұрын (НОС) — nasus — және мұрын куысы (носовая полость) — cavum nasi — тыныс жолдарының басталар бөлігі. Мүрын қуысында ауа жылынады, дымқылданады, қүрамындағы шаң-тозаңнан тазаланады және иіс сезімі мүшесінің қатысуымен ауа қүрамындағы заттардың иістері анықталады. Кейбір жануарларда мұрын дыбыс шығаруға да қатысады.

Мұрын ішкі жағынан мұрын пердесі (septum nasi) арқылы екі мұрын қуысына (cavum nasi) бөлінеді. Мүрын қуыстарының кіреберіс және шығаберіс тесіктері болады. Кіреберіс тесіктерін мұрын тесіктері (nares), ал мүрын қуыстарынан жүтқыншаққа шығатын шығаберіс тесіктерін хоана (сһоапа) тесіктері — деп атайды. Мүрын қуысы тиісті тесіктер арқылы мүрынның маңында орналасқан мұрын қойнауларымен қатысады.

Мүрынның мүрын үшынан мандайға дейін созылып жатқан жоғарғы беті мұрын арқалығы (dorsum nasi), ал мүрын арқалығының маңдайға жанаса бітетін жерін мұрьш түбірі (radix nasi) — дейді. Жоғарғы еріннің үстіңгі жағындағы мұрын ұшының (apex nasi) пішіні барлық жануарларда бірдей емес. Мүрынның сүйекті негізін бассүйектің бет бөлімінің сүйектері қүрайды. Оның сүйектік негізінің екі бүйірін жоғарғы жақ және түмсық сүйектері; артқы қабырғасын торлы сүйек; алдыңғы мүрын үшын түмсық сүйек пен мүрын шеміршектері; мүрын түбін түмсық, жоғарғы жақ және тандай сүйектері; мүрын арқалығын мүрын сүйек қүрайды. Ал мүрын пердесінің негізі перделік шеміршектен (cartilago septi nasi) түрады.

Мүрын үшында орналасқан мүрын қуысы кіреберіс тесігінің бүйір қабырғасы (танау) мұрын қанатымен (ala nasi) шектелген. Мұрын шеміршектері (cartilagines nasi) мен танау шеміршектері

(cartilagines alares) мүрын қанаттары мен танауды түрақты ашық қалыпта үстап турады. Танау шеміршектерінің қүрылысы мен бітімі әр түрлі жануарларда түрліше болып келеді.

Мүрын үшындағы жүп тесік қабырғаларының негізін перделік шеміршектің дорсальды және вентральды жиектерінен, оның екі бүйіріне қарай бағытталған бүйірлік латеральды және вентральды мүрын шеміршектері (cartilago nasi lateralis et ventralis) қүрайды.

Мүрын сыртынан терімен қапталған. Оның мүрын тесіктері айналасындағы түксіз жөне түрақты суланыгі түратын пигменттелген аймағын мұрын қаңсары (planum nasale) — дейді. Оның қабырғасында үздіксіз сірлі сүйық бөліп түратын сір бездері болғандықтан, қаңсардың сыртқы беті әр уақытта дымқылданып түрады. Оның температурасы дене қызуымен салыстырғанда салқындау келеді. Ал қаңсардың сыртқы бетінің қүрғақ болуы —

жануарлар деңе қызуының жоғарылағандығының белгісі. Оның айналасындағы теріде жекеленген сезімтал түктер байқалады.

Мұрын қуысы ішкі бетінің тек алдыңғы жағы ғана тері тектес кілегейлі қабықпен қапталған. Бүл аумақты мұрын кіреберісі (vestbulum nasi) - деп атайды. Ал мүрьін қуысының қалған бөлігін өзіндік мұрын қуысы (cavum nasi proprium) дейді. Демек, мүрын қуысы бір-бірінен анық ажыратылатын екі бөліктен түрады. Мүрын кіреберісінің кілегейлі қабығы көпқабатты жалпақ эпителиймен, ал өзіндік мүрын қуысының кілегейлі қабығьі бірқабатты көпқатарлы кірпікшелі эпителиймен астарланған. Мұрын қуысының кілегейлі қабығы мүрын пердесі бетінде тегіс болып келеді. Ал бүйір қабырғасында ол кеуілжірдің пішінін қайталайды. Мұрын қуысының артқы жоғарғы жағындағы иіс сезімі мүшесі орналасқан кілегейлі қабық аймағы үяшық тәрізді әр түрлі пішінді қатпарлар түзеді.

Әрбір мүрын қуысында ауа жүретін төрт мүрын жолы болады. Олар мүры н қуысының бүйір қабырғасындағы дорсальды және вентральды мұрын кеуілжірлерінің қатысуымен белінеді. Олар:

1.Дорсальды мұрын жолы (meatus nasi dorsalis) көлемі жағынан жіңішке келген өтіс. Ол мүрын куысының төбесі мен дорсальды кеуілжірдің арасында жатқан жіңішке жол. Дорсальды мүрын жолымен ауа торлы сүйек шытырманы бетінде орналасқан иіс сезімі мүшесіне өтеді. Сондықтан, бүл жолды иіс сезімі жолы — деп атайды.

2.Оргаңғы мұрын жолы (meatus nasi medius) дорсальды және вентральды кеуілжірлер аралығында болады. Ортаңғы мүрын жолымен ауа мүрын маңындағы қойнауларға арнайы тесіктер арқылы өтеді.

3.Вентральды мұрын жолы (meatus nasi ventralis) вентральды кеуілжір мен мұрын куысының түбі аралығында жатады. Вентрачьды мүрын жолымен ауа хоана тесіктері арқылы аңқаға етеді.

4.Жалпы мұрын жолы (meatus nasi) мүрын пердесі мен кеуілжірлердің және иіс сезімі шытырмандарының медиальды беті аралығында орналасады. Жалпы мүрын жолы алдыңғы үш өтісті жалғастырып, артқа қарай аңқа жолына (nasopharynx) айналады да, хоаналар арқылы ауаны аңқаға өткізеді.

Мүрын қуысының кілегейлі қабығы дорсальды кеуілжірдің алдыңғы жағында түзу қатпар (plica recta), ал вентральды кеуілжір алдында негізгі қатпарды (plica basalis) және танау қатпарларын (plica alares) түзеді.

Мұрын кіреберісі мен озіндік мүрын қуысы шекарасындағы қатпарда мұрын-көзжасы тесігі (osnium nasolacrimalis) көрінеді. Бүл тесікке мүрын қуысын көзжасы қапшығымен байланыстыратын мұрын-көзжасы өзегі (ductus nasolacrimalis) ашылады.

Көзжасы мен мұрын куысы кілегейлі қабығындағы бездер бөлінділері ауаны дымқылдандырып түрады. Сонымен қатар, кілегейлі қабық астында көптеген қан тамырларынан түзілген

веналық өрім (plexus venosus nasi) болады. Ол ауаның жылынуын кдмтамасыз етеді. Вентральды мүрын жолының алдыңғы жағындағы күректіс өзегі (ductus incisivus) арқылы мұрын қуысы ауыз куысымен қатысады. Бұл өзекке жануарларда иіс сезімі қызметін атқаратын мұрын-соқалықмүіие өзегі (ductus organon vomeronasalis) ашылады.

Ерекшеліктері. Жылқыда қаңсар болмайды. Мұрын тесігінің пішіні жарты ай тәрізді болып келеді. Танаудың негізін танау шеміршегі тұзеді. Ол шеміршек тақташасы мен мүйізшесінен түрады. Шеміршек тақташасы танаудың алдыңғы қабырғасында ғана кездеседі. Танаудың бүйір бетінде тереңдігі 5 - 7 см мүрын қалташасы (дивертикул) болады. Мүрын кеуілжірлері өздерінің іітікі перделері арқылы алдыңғы жөне артқы болімдерге бөлінеді. Алдыңғы кеуілжірдің артқы бөлімі мандай қойнауымен жалғасып, маңдай-кеуілжір қойнауын (sinus conchofrontalis), ал вентральды кеуілжірдің осындай бөлімі жоғарғы жақ қойнауымен жалғасып, кеуілжір-жақ тесігін (apertura cochomaxillaris) түзеді.

Дорсальды кеуілжірдің түзу қатпары қос қатпардан қүралған. Танау қатпарының негізін S әрпі тәрізді шеміршек (cartilago sigmoidea) қүрайды. Күректіс өзегі ауыз қуысыка ашылмайды. Кілегейліасты веналық өрім мүрын пердесінде, кеуілжірлерде, әсіресе, вентральды кеуілжірде жақсы жетілген.

Сиырда қаңсар ерінге дейінгі аймақты алып жатады. Мүрын тесіктері онша үлкен емес, пішіні сопақша болып келеді. Олардың дорсолатеральды шетінде танау сайы (sulcus alaris) жатады. Танаудың дорсальды қабырғасын шеміршек тақташасы, ал вентральды қабырғасын зәкір (якорь) тәрізді шеміршек түзеді. Дорсальды және вентральды бүйірлік шеміршектер бір-бірімен жалғасып, мүрынның бүйір қабырғасының негізін қүрайды. Дорсальды кеуілжір үзын, жіңішке, ал вентральды кеуілжір жалпақ болып келеді. Вентральды кеуілжір өз кезегінде үзынша ішкі пердемен дорсальды және венгральды бөлімдерге бөлінеді. Оның дорсальды бөлімі ортаңғы мүрын жолымен, ал вентральды бөлімі вентральды мүрын жолымен қатысады.

Үсақ малдарда қаңсар тек мүрын тесігінің айналасында ғана болады. Мүрын тесігі S әрпі пішіндес болып келеді.

Шошқа мүрнының үшында жалпақ түмсық (rostrum) орналасады. Оның пішіні диск тәріздес қозғалмалы келеді. Түмсықгың сыртқы бетінде жалпақ түмсық қаңсары (planum rostrale) болады. Жалпақ түмсықтың мүрын тесіктері аралығындағы негізін танау сүйек (os rostrale) қүрайды. Ол мүрын сүйектің алдыңғы үшына, мүрын пердесіне және түмсық сүйектерге байланысып жатады. Танау сүйектің екі бүйірінде танау шеміршектері орналасады. Олар артқы бағытта бүйірлік мүрын шеміршектерімен жалғасады. Танау сүйектің вентральды болігінен біз тәрізді латеральды қосымша шеміршек (cartilago accessoria lateralia) бөлінеді. Ол мүрын тесігінің латеровентральды қабырғасында жатады.

Шошқаның дөңгелек, не сәл сопақша келген мүрын куысы жалпақ түмсықта орналасады. Мүрын куысының дорсальды кеуілжірі үзын және жіңішке болып келеді. Ал вентральды кеуілжір дорсальды және вентральды оралымдардан түрады. Олардың қуысы ортаңғы және вентральды мүрын жолдарымен қатысады.

Ит мүрнының негізін қүрайтын шеміршек жақсы жетілген. Ол түмсық сүйектің жоғарғы жағынан алға қарай сәл шығып түрады. Осының нәтижесінде мүрын үшы қозғалмалы келеді. Мүрын тесіктерінің айналасында пигментгелген қаңсар болады. Оның орта түсында қаңсар сайы жатады. Мүрын тесігінің пішіні дөңгелектеніп келген. Танаудың дорсальды қабырғасының негізін дорсальды бүйірлік мүрын шеміршегі, ал вентральды қабырғасын латеральды қосымша шеміршек түзеді. Мүрын қуысының қабырғасында үзынша танау қатпарларымен қатар, қиғаш және параллельді қатпарлар болады. Вентральды мүрын кеуілжірі күрделі шытырман оралымдардан күралған. Иіс сезімі шытырманының қүрылысы да күрделі болып келеді.

Шошқа мен итте мүрын-көзжасы өзегі вентральды мүрын кеуілжірінің артқы бөлігі түсында вентральды мүрын жолына ашылады.

Мүрынмаңы қойнаулары (sinus paranasales) негізінен жалпақ бассүйектердің ішкі және сыртқы сүйек тақташалары аралығында

орналасып, мұрын қуысымен тесіктер арқылы қатысады. Қойнаулар ішкі жағынан кілегейлі қабықтармен астарланған. Бұларға жоғары жаққойнауы (sinus maxillaris). маңпай қойнауы (sinus frontalis), сынаша қойнауы (sinus sphenoidalis), тандай қойнауы (sinus palatinus) жатады. Аталған қойнаулардың даму деңгейі көп жағдайда азу тістердің көлеміне, маңдай сүйектің мүйіз өсінділерінің жетілуіне тікелей байланысты. Аталған қойнаулар сиыр мен үсақ малдарда өте жақсы, жылқы мен шошқада біршама тәуір, ал итте нашар жетілген.

Мүрын қуысының гистологиялық күрылысы. Мүрын қуысы іші

қуыс түтікше мүше. Мұрын куысының қабырғасы үш қабықтан қүралған. Оның сыртқы қабығы жануарлардың бас аумағындағы тері-етті қабық. Мүрын қуысының ортаңғы қабығының негізін бассүйектер мен шеміршектер қүрайды. Ал мүрын қуысының ішкі бетін оның кілегейлі қабығы астарлайды. Мұрын қуысы кіреберісінің кілегейлі қабығы күрылыс жағынан тері типтес, яғни ол екі қабаттан түрады. Бүл бөліктің кілегейлі қабығында шаң тозанды үстайтын тері түктері мен бездер болады. Мүрын қуысы кіреберісін көпқабатты жалпақ эпителий астарлайды. Эпителий астындағы өзіндік тақташа борпылдақдәнекер үлпасынан түрады. Өзіндік мүрын қуысының кілегейлі қабығы қүрылысына байланысты екіге бөлінеді. Мүрын қуысы кілегейлі қабығының алдыңғы аймағын күтыша торшаларға бай бірқабатты көпқатарлы кірпікшелі эпителий астарлайды. Өзіндік тақташаны эластин талшықтары көп борпылдақ дәнекер үлпасы қүрайды. Өзіндік тақташада кілегей бөлетін бездер болады. Өзіндік тақташаның төменгі қабаттарындағы кең қуысты веналар қанға толған кезде кілегейлі қабық ісініп, мүрын қуысы сәл тарылып, қанның қызуымен мүрын қуысындағы ауа жылынады. Қүтыша торшалар мен өзіндік тақгашадағы бездер бөлетін кілегей мүрын қуысының

ішкі бетін сылап, ауа құрамьіндағы шаң-тозандарды жабыстырып ұстайды. Кілегей қүрамындағы су буланып, ауаны дымқылдайды. Демек, ауа мүрын қуысы арқылы өткен кезде шаң-тозаң тазаланып, дымқылданып жылынады. Шаң-тозаңдарды өзіне жабыстырған кілегей қақырыққа айналып, қақырыну және түшкіріну арқылы сыртқа шығарылады. Сөйтіп, мүрын қуысы қорғаныс қызметін де атқарады.

Мүрын куысы кілегейлі қабығының сарғыш түсті жоғарғы және артқы аймақтарында иіс сезімі мүшесі орналасады. Бүл аймақтьщ қүрылысы иіс сезімі мүшесі тақырыбында толық баяндалады.

Мүрын қуысының кілегейлі қабығында қорғаныс қызметін атқаратын лимфа түйіншелері орналасады.

Аңқа (носоглотка) — nasopharynx — жүтқыншақтың ауа өтетін бөлігі. Ол мүрын қуысын көмекеймен жалғастырады. Аңқаның кілегейлі қабығы тыныс жолдарына тән бірқабатты көпқатарлы кірпікшелі эпителиймен астарланған. Эпителий қабатының астында борпылдақ дәнекер үлпасынан түратын өзіндік тақташа болады. Қалған қабаттары мен қабықтары жүтқыншақта баяндалған.

КӨМЕКЕЙ

Көмекей (гортань) — larynx — аңқаны кеңірдекпен жалғастыратын түгікше мүше. Ол тіласты сүйекке бекіп түрады. Көмекей тыныс алуға қажетті ауаны екі бағытта өткізеді; жұтыну кезінде тыныс жолын жауып, азықгың кеңірдекке түспеуін қамтамасыз етеді; кеңірдекті тіласты сүйекке бекітеді; жүтқыншақтың каудальды тарылтқыш бүлшық еттері мен өңешке тірек қызметін атқарады; жануарлардың дыбыс шығару мүшесі.

Көмекей түтікше мүше ретінде үш: ішкі кілегейлі, ортаңғы шеміршекті-талшықты және сыртқы адвентиция қабықтарынан түрады. Көмекейдің негізін бір-бірімен қозғалмалы байланысқан үш тақ, бір жүп, барлығы 5 шеміршек қүрайды:

Сақинаша шеміршек (кольцевидный хрящ) — cartilago cricoidea — тақ гиалинді шеміршек. Оның жоғарғы жағыңда сақшіаіпа шеміршектің жалпақтақгашасы (lamina cartilaginis cricoidea) мен төмен қарай оның иілген доғасы (arcus cartilaginis cricoidea) болғандықган, пішіні сақинаға үқсайды. Шеміршек тақгашасыньщ сыртында орталыққыры, алдыңғы жиегінде ожауша шеміршекке арналған буын беті болады. Шеміршек доғасының латеральды бетінде қалқанша шеміршектің артқы мүйіздіктерімен байланысатын буын ойыстары орналасқан. Сақинаша шеміршек каудальды бағытта кеңірдекпен жалғасады.

Қалқанша иіеміршек (щитовидный хрящ) — cartilago thyroidea — пішіні иілген қалқанға үқсайтын гиалинді шеміршек. Ол өзінің оң және сол тақгашаларымен көмекейдің екі бүйірінің және табанының негізін күрайды. Тақташалардың жоғарғы жиегінен алдыңғы және артқы мүйіздіктер шығып түрады. Алдыңғы мүйіздіктер тіласты

сүиектщ үлкен мүиіздігімен, ал артқы мүйіздіктер сақинаша шеміршекпен байланысады.

Ожауша шеміршек (черпаловидный хрящ) - cartilago arytaenoi- dea - жүп гиалинді шеміршек. Ол ожауша шеміршек негізінен және одан алға қарай шығып, дорсальды бағытта ілмек тәрізді иілген мүйізше өсіндіден түрады. Шеміршек негізінің сыртқы бетінде кетеріңкі ет өсіндісі байқалады. Ожауша шеміршектің төменгі үшында дыбыс сіңірі мен дыбыс бүлшық еті бекитін дыбыс өсіндісі (processus vocalis) болады. Ожауша шеміршектер бір-бірімен өзара мүйізше өсінділері арқылы жанасады, ал оның артқы беті сақинаша шеміршек тақташасының алдыңғы жиегіне буын арқылы байланысады.

Бөбешік шеміршек (надгортанный хрящ) - cartilago epiglotti- dis - пішіні бүгілген жапырақ тәрізді серпімді (эластинді) шемір- шек. Ол комекей қақпағы бөбешіктің (тілшіктің) негізін түзеді. Өз кезегінде бөбешіктің сабақшасы, екі бүйір жиегі, тіл және жүтқыншақ беттері болады. Бөбешік негізі қалқанша шеміршектің алдыңғы жиегімен байлам арқылы байланысады.

Көмекей шеміршектері бір-бірімен өзара буын арқылы қозғалмалы байланысады. Ал қалқанша шеміршек тіласты сүйектің үлкен мүйіздіктерімен және бөбешікпен қасымша байламдар арқылы жалғасады. Сөйтіп, көмекей шеміршектері көмекей қуысының шеміршектік негізін қүрайды.

Көмекей қуысы (cavum laryngis) ішкі бетін кілегейлі қабық астарлайды. Көмекейге кіреберіс тесікті (aditus laryngis) төменгі жағынан кәмекей қақпағы бөбешік, екі бүйірінен ожауша-бөбешік қатпарлары жиектеп жатады. Бөбешіктің негізін бобешік шеміршек, ал қатпарлардың негізін ожауша шеміршектің мүйізше осінділері түзеді. Бөбешік көмекей қуысын жүтыну кезінде жауып түрады.

Көмекейдің бүйір қабырғасының оң және сол жағындағы кілегейлі қабықта қатарынан орналасқан кіреберіс және дыбыс қатпарлары болады. Осы қатпарлардың аралығында көмекей қарыншасы (ventriculus laryngis) орналасады. Кіреберіс кдтпарының (plica vestibularis) негізін көмекей қарыншасының алдыңғы жағындағы қарынша бүлшық еті (m. ventricularis) түзеді. Дыбыс қатпарының (plica vocalis) негізін қалқанша шеміршек денесіне қарай бағытталған ожауша шеміршектің дыбыс өсіндісі қүрайды. Дыбыс қатпарында дыбыс сіңірі (ligamentum vocale) мен дыбыс бүлшықеті (m. vocalis) жатады. Бүлар көмекей қарыншасынан кейін орналасады.

Көмекей қуысының дыбыс қатарларына дейінгі бөлігін көмекей кіреберісі (vestibulum laryngis) — дейді. Көмекей кіреберісінің кілегейлі қабығы көпқабатты жалпақ эпителиймен астарланған. Оның вентральды қабырғасында, бөбешіктің табанында жайпақ шүңқырша көмекейдің орталық қалтасы (recessus laryngis medianus) болады.

Көмекей қуысының ожауша шеміршектер мен дыбыс қатпарлары аралығында жатқан бөлігін дыбыс саңылауы (rima glottidis) — деп атайды. Оның кеңейіп келген жоғарғы дорсальды бөлімін шеміршекаралық бөлік (pars intercartilaginea), ал дыбыс қатпарлары аралығында жатқан вентральды бөлімін жарғақаралық белік (pars intermembranacea) — дейді. Жарғақаралық бөлікті дыбыс аппараты (glottis) — деп те атайды. Көмекей куысының дыбыс қатпарларынан кейінгі бөлігінің кілегейлі қабығы көпқатарлы кірпікшелі эпителиймен астарланған.

Ерекшеліктері. Жылқыда көмекейдің сақинаша шеміршегінің тақташасы, оның доғасымен тік бүрыш жасай орналасады. Қалқанша шеміршектің каудальды бетінде терең каудальды ойық болады. Шеміршек тақташасының сыртқы бетінде бүлшық еттер бекитін қиғаш сызықтар байқалады. Ожауша шеміршектің негізі көлемді келеді. Бөбешік шеміршектің пішіні жапырақ тәрізді. Көмекей қарыншасы жақсы жетілген.

Сиырда сақинаша шеміршек тақгашасы доғасымен сүйір бүрыш түзеді. Қалқанша шеміршектің артқа мүйіздігі ілмек тәрізді иілген. Ожауша шеміршектің дыбыс өсіндісі жақсы жетілген. Бөбешік шеміршектің пішіні сопакдіа келген. Дыбыс қатпарлары кемекей түбіне тік бүрыш жасай орналасады. Көмекей қуысында орталық қалта мен қарынша болмайды.

Үсақ малдар көмекейінің қүрылысы сиыр комекейі қүрылысына үқсас. Бірақ, оларда орталық қалта жақсы жетілген.

Шошқа көмекейі басқа жануарларға қарағанда үзындау келеді. Сақинаша шеміршектің доғасы, оның тақташасына қйғаш орналасқан. Үзынша келген қалқанша шеміршектің алдыңғы жиегі қалың болады, мүйіздігі болмайды. Ожауша шеміршектердің мүйізше өсінділерінің үшы екіге бөлініп кеткен. Бүл өсінділер мен сақинаша шеміршектің тақташасы арасында кішкентей аралық шеміршек болады. Дыбыс қатпарлары томенгі бағытта артқа қарай қиғаш орналасады. Олар алдыңғы жөне артқы бөліктерге бөлінген. Бүл бөліктердің аралығына көмекей қарыншасының тесіктері ашылады.

Ит көмекейінің түрқы қысқа, кіреберіс тесігі кең болады. Онша көлемді емес ожауша шеміршектер мен сақинаша шеміршек тақташасының арасында қосымша шеміршек болады. Бөбешік шеміршектің пішіні төртбүрышты болып келеді. Оның негізінен ожауша шеміршекпен байлам арқылы жалғасқан сынаша осінді шығып түрады. Комекей қарыншасы жақсы жетілген. Дыбыс қатпарлары алға және төмен қарай қиғаш орналасады.

Көмекей қабырғасындағы бүлшық еттер үш топқа бөлінеді:

Көмекейдің кеңейткіш бүлшық еттері. 1. Дорсальды сақинаша- жауша бүлшық ет (m. cricoarytaenoideus) — сақинаша шеміршек тақташасының орталық қырынан басталып, ожауша шеміршектің ет өсіндісінде аяқталатын жүп бүлшық ет. Ол ожауша шеміршекті

көтеріп, көмекейдің кіреберісін кеңейтеді жене дыбыс қатарларын қатайтады.

2.Сақинаша-кдлқанша бүлшықег (m. cricothyreoideus) сақинаша шеміршек доғасының сыртқы бетінен басталып, қалқанша шеміршек тақташасының сыртқы бетіне бекитін жұп бұлшық ет. Бүл ет қалқанша шеміршекті төмен түсіріп, көмекей қуысын кеңейтеді.

3.Тіласты-бөбешік бүлшықеті (m. hyoepiglotticus) тіласты сүйегі денесінен басталып, бөбешікте аяқталады. Ол бөбешікті алға жылжытып, көмекей кіреберісін кеңейтеді.

Көмекейдің тарылтқыш бүлшық еттері. 1. Латеральды саідинашажауша бүлшық еті (m. cricoarytaenoideus) — сақинаша шеміршек доғасының бүйір бетінен басталып, ожауша шеміршектің ет өсіндісіне бекитін жүп бұлшық ет. Ол қалқанша шеміршек тақташасының медиальды бетінде жатады. Жиырылған кезде ол ожауша шеміршекті төмен тартып, дыбыс қатпарларын босаңсытады.

2.Дыбыс бүлшық еті (m. vocalis) дыбыс қатпарының негізін құрайды. Ол ожауша шеміршектің дыбыс есіндісінен басталып, қалқанша шеміршектің тақташасында аяқталады. Дыбыс қатпарларын босаңсытады.

3.Қарынша бүлшық еті (m. ventricularis) қарынша қатпарының негізін түзеді. Дыбыс бүлшық етімен қатарласа орналасып, бірдей қызмет атқарады. Күиіс қайтаратын жануарлар мен шошқада дыбыс және қарынша бұлшық еттері бірігіп кеткен.

4.Келдеиең ожауша бүлшық еті (m. arytaenoideus transversus) ожауша шеміршектірдің жоғарғы жағында көлденең.орналасып,

оның ет өсінділерін бір-бірімен жалғастырып түрады. Дыбыс бүлшық еттерімен бірге жиырылып, дыбыс қатпарларын босаңсытады.

Көмекейге жалпы әсер ететін бүлшық егтер. 1.Төс-қалқанша бүлшық еті (m. sternothyreoideus) төс түтқасынан басталып, қалқанша шеміршектің тақташаларында аяқталады. Ол жұтынғаннан соң, көмекейді кейін тартып, дыбыс қатпарларын қатайтатын бүлшық еттерге көмектеседі.

2.Тіласты-қалқанша бүлшық еті (m. hyothyreoideus) тіласты сүйектің үлкен мүйіздігінен басталып, қалқанша шеміршектің бүйірінде аяқталады. Ол жүтыну кезінде көмекейді алға тартады.

Көмекей қабырғасының гистологиялық қүрылысы. Көмекейдің қабырғасы түтікше мүше ретінде: ішкі кілегейлі, ортаңғы етті және сыртқы адвентиция кдбықгарынан құралған. Көмекейдің кілегейлі қабығы эпителий қабатынан және өзіндік тақгашадан түрады. Оның ішкі бетін бірқабатты көпқатарлы кірпікшелі эпителий астарлайды. Тек, көмекейдің кіреберісі, дыбыс байламы және көмекейдің жоғарғы артқы аймақтары кілегейлі кдбықгарын көпқабатты жалпақ эпителий астарлайды. Борпылдақ дәнекер үлпалық өзіндік тақгашада эластин талшықгары көптеп кездеседі және көпіршікшеүтікше кілегейлі-сірлі бездер мен лимфа түйіншелері орналасады. Ортаңғы талшықты- шеміршекті қабығын бәбешік, қалқанша, ожауша, сақинаша шеміршектер мен олардың шеміршекқаптары күрайды. Бөбешік

шеміршегі эластинді, ал қалған шеміршектер гиалинді шеміршек ұлпасынан түзілген. Адвентиция борпылдақ дәнекер ұлпасы.

КЕҢІРДЕК

Кеңірдек (трахея) — trachea — көмекейді өкпе бронхтарымен байланыстыратын түтікше мүше. Ол денедегі орналасу орнына байланысты екі бөлікке бөлінеді. Олар: мойын және көкірек бөліктері. Кеңірдектің қабырғасы үш кдбықган: ішкі кілегейлі қабықган, ортаңғы талшықгы-шеміршекті қабықган және сыртқы мойында адвентиция қабығынан, ал көкірек қуысында сірлі қабық — плеврадан түрады. Ортаңғы қабығының негізін жоғарғы үштары түйықталмаған шеміршек сақиналары күрайды. Кеңірдек сақиналарының жоғарғы бос үштары бір-бірімен кеңірдек байламы мен кеңірдек бүлшық еті арқылы байланысқан. Кеңірдек жүректің жоғарғы жағында, ауаны аттас өкпелерге жеткізетін сол жөне оң негізгі бронхтарға ажырайды. Кеңірдектің екі негізгі бронхтарға ажырайтын жерін кеңірдек бифуркациясы (bifurcatio tracheae) — деп атайды.

Ерекшеліктері. Жылқыда кеңірдек сақиналарының пішіні көлденең сопақша болып келеді, олардың саны — 48-60. Кеңірдек бифуркациясы 5-6 қабырғалар түсында орналасады.

Сиырда кеңірдек сақиналарының екі бүйірі қысыңқы келеді. Оның бос үштары бір-бірімен түйісіп түрады. Шеміршек сақиналарының саны — 46-50. Бифуркацияға дейін кеңірдектен оң өкпенің алдыңғы бөлігіне қосымша кеңірдектік бронх (bronchus trachealis) ажырайды.

Үсақ малдарда кеңірдектегі шеміршек сақиналардың саны — 45-56. Бүларда да кеңірдек бифуркациясына дейін оң өкпенің алдыңғы бөлігіне кеңірдектік бронх ажырайды.

Шошқа кеңірдегіндегі шеміршек сақиналардың саны — 31-36. Олардың пішіні цилиндр тәрізді болып келеді. Сақиналардың бос үштары үзын болып келеді, бір-бірімен айқасып жатады. Шошқа кеңірдегінде де, оң өкпеге кеңірдек бифуркациясынан бүрын ажырайтын кеңірдектік бронх болады.

Йт кеңірдегінде 42-46 дөңгелек пішінді шеміршек сақиналар болады. Олардың шеміршек үштары бір-біріне түйісіп жатады. Оларды жалғастырыл түрған көлденең бүлшық ет шеміршектің жоғарғы бетінде орналасады.

Кеңірдектің гистологиялық қүрылысы. Кеңірдектің қабырғасын ішкі кілегейлі, ортаңғы талшықты-шеміршекті және сыртқы' адвентиция (сірлі қабык) қабықтары құрайды. Кеңірдектің кілегейлі қабығында үш қабат ажыратылады. Олар: эпителий, өзіндік тақгаша жөне кілегейліасты негіз. Кллгейлі қабығының ішкі бетін бірқабатты көпқатарлы кірпікшелі эпителий астарлайды. Эпителийді негіздік жарғақта орналасқан призма тәрізді кірпікшелі, қүтыша, эндокринді және базальды торшалар қүрайды. Призма тәрізді

эпителиоциттің апикальды ұшында 250 -ге дейін кірпікшелер болады. Олар минутына 150- 250 рет жиырылып, құтыша торшалар мен кілегейлі қабық бездері бөлген кілегейді минутына 2-3 мм жылдамдықпен жылжытады да, жабысқан шаң-тозаңмен бірге жинақтап, қақырық түзеді. Түшкіру арқылы қақырық сыртқа

шығарылады. Пішіні пирамида тәрізді эндокринді торшалар цитоплазмасында агранулалы эндоплазмалықтор жақсы жетілген. Олардың дөңгелек келген ядролары негіздік жарғаққа жақын жатады. Аталған торшалардың цитоплазмасында тығыз өзекті дәншелер көптеп кездеседі. Эндокринді торшалар тыныс жолдарындағы бірыңғай салалы ет ұлпасы миоциттерінің қызметіне ықпалын тигізетін пептидтік гормондар мен биогенді аминдер (серотонин, норадреналин, дофамин) түзеді. Аласа келген базальды торшалар негіздік жарғаққа жақын, алдыңғы аталған торшалардың аралықтарыыда орналасады. Базальды торшалар камбиальды қызмет атқарады. Озіндік тақташаны борпылдақ дәнекер үлпасы қүрайды. Бүл қабаттағы кеңірдектің үзын бойымен бойлай өтетін эластин талшықтары кілегейлі қабықтағы көлденең қатпарлардың түзілуіне жол бермейді. Борпылдақ дәнекер үлпасынан түратын кілегейліасты негізде сірлі-кілегейлі бездердің секрет бөлетін соңғы бөлімдері орналасады. Олардың шығару өзектері кеңірдектің ішкі бетіне ашылады. Аталған бездер кеңірдектің төменгі және екі бүйірінде көгітеу орналасады.

Ортаңғы талшықты-шеміршекті қабығын шеміршекқаппен қапталған, жоғарғы бос үштары түйықталмаған гиалинді шеміршек сақиналары түзеді. Шеміршекқап тығыз дәнекер үлпасынан түрады.

Кеңірдектің сыртқы қабығын, оның мойын бөлігінде адвентиция қабығы қүрайды. Ол борпылдақ дәнекер үлпасынан түрады. Ал кеңірдектің көкірек қуысындағы бөлігінің сыртқы қабығы көкірек ортасының плеврасы (сірлі қабық). Ол ішкі борпылдақ дәнекер үлпалық жүқа қабаттан және сыртқы мезотелийден қүралған.

ӨКПЕ

Өкпе (легкие) — pulmones — пішіні конус тәрізді, қүрылысы қомақты көкірек куысында орналасқан (оң өкпе - pulmo dexter және сол өкпе — pulmo sinister)паренхималы газ алмасу мүшесі. Көлемді келген өкпе негізі (basis pulmones) каудальды бағытта, ал жіңішкелеу келген өкпе төбесі (apex pulmones) краниальды бағытта орналасады. Өкпенің дорсальды жиегі немесе доғал жиегі (margo dorsalis s. obtusus) омыртқа бағаны жағына, ал қырлы жиегі (margo acutus) вентральды жаққа қараған. Көкірек қуысының сол жағында жүрек орналасқандықтан, оң өкпе көлемі жағынан сол өкпеге қарағанда үлкен келеді. Төменгі бөлікаралық сайлар арқылы өкпе бөліктерге бөлінеді. Сол өкпе үш бөліктен: краниальды бөліктен (lobus cranialis), ортаңғы бөліктен (lobus medius) және каудальды бөліктен (lobus caudalis), ал оң өкпе төрт боліктен: краниальды бөліктен (lobus cranialis), ортаңғы бөліктен (lobus medius), каудальды бөліктен (lobus caudalis) және қосымша бөліктен (lobus accessorius) түрады. Өкпенің сыртқы қабырғалармен жанасатын бүйірінде қабырғалық беті (facies costalis), көкетпен жанасып жатқан диафрагмалық беті (facies

diaphragmatica) және екі өкпе аралығындағы медиальды беті (facies medialis) болады. Медиальды беті өз кезегінде омыртқалық бөлікке (pars vertebralis) жөне көкірек ортасы бөлігіне (pars mediastinalis) бөлінеді. Өкпенің бетінде жүрек, қолқа, өңеш батыңқылары және артқы куыс вена сайы жақсы байқалады.

Ерекшелікгері. Жылқы мен түйе өкпелерінде ортаңғы және каудальды бөліктер бірігіп кетеді. Нәтижесінде сол өкпеде краниальды және каудальды бөліктер, оң өкпеде краниальды, каудальды және қосымша бөліктер болады.

Күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада бифуркациядан бүрын кеңірдектен кеңірдектік бронх бөлініп, оң өкпенің краниальды бөлігіне енеді. Күйіс кдй гаратын жануарларда окпенің оң краниальды бөлігінің өзі алдыңғы және артқы бөліктерге бөлінеді.

Ит өкпесінің сыртқы бетінде бөліктердің бір-бірінен ажырауы нашар байқалады.

Өкпе екі бөлімнен қүралған. Олар: бронхтар және көпіршіктік (альвеолалар) тарамдар. Бронхтар тарамы мен альвеолалар тарамдары өкпенің паренхимасын қүрайды. Ал өкпенің стромасын өкпе паренхимасын біріктіріп дәнекерлегі, біртүтас ететін және қоректендіруші қан, лимфа тамырлары мен жүйкелер өтетін бор- пылдақ дөнекер үлпалық аралықтар түзеді. Кеңірдектен ажырайтын негізгі бронхтар өкпеде кезегімен: ірі, орта, кіші бронхтарға және бронхиолаларға таралады. Олар әкпенің бронхтар тарамын (arbor bronchialis) қүрайды. Бронхтар тарамында газ алмасу процесі жүрмейді. Бронхтар тыныс жолдарына жатады. Бүлардың куыстарында ауа тазаланып, ылғалданып, жылып, өкпенің газ алмасу (респираторлы) бөліміне отеді.

Бронхтар (ауатамырлар) тарамы

Бронхтар орналасу орындарына, құрылысына және арнасының диаметріне байланысты кеңірдектен кезегімен таралып, төмендегідей бронхтарға ажырайды. Олар: негізгі бронхтар, ірі бронхтар, орта бронхтар, кіші бронхтар. Кіші бронхтардан бронхиолалар таралып, бронхтар тарамы соңғы (терминальды) бронхиоламен аяқталады.

Негізгі бронхтың қүрылысы кеңірдек қабырғасының қүрылы- сына үқсас, яғни кеңірдек қабырғасындағы қабықтар мен қабаттардан түрады. Айырмашылығы: кеңірдекке қарағанда оның арнасының диаметрі кішілеу келеді және шеміршек сақиналары түйықталған. Оң негізгі бронхтың арнасы сол негізгі бронхтың арнасына қарағанда кендеу келеді.

Ірі бронхтар аркылы ауа өкпе бөліктеріне өтеді. Сондықтан, олардың саны өкпе бөліктерінің санына сәйкес келеді. Ірі бронхтың қабырғасы да, ішкі кілегейлі, ортаңғы етті және сыртқы адвентиция қабықтарынан түрады. Кеңірдек пен негізгі бронхтардың кілегейлі қабықтары үш қабаттан: эпителийден, өзіндік тақташадан және кілгейліасты негізден түратындығы белгілі. Ал ірі бронхтың кілегейлі қабығында, өзіндік тақташа мен кілегейліасты негіз қабаттарының аралығында бірыңғай салалы ет үлпасынан қүралған етті тақгаша пайда болады. Демек, бүлардың кілегейлі қабығы терт қабаттан: эпителий, өзіндік тақгаша, етті тақташа және кілегейліасты негіз қабаттарынан тұрады. Ортаңғы талшықтышеміршекті қабықты (кеңірдек пен негізгі бронхта шеміршек сақаналары қүрайды) гиалинді шеміршек тақташалары қүрайды. Түтас шеміршек сақиналары болмайды. Сыртқы қабығы — адвентиция.

Орта бронхтар өкпе бөліктерінің паренхимасы ішінде орналасады. Олардың қабырғаларының қүрылысы ірі бронхтар қабырғалар қүрылысына үқсас. Тек, кілегейлі қабығының етті қабаты тым жақсы жетілген, ортаңғы қабығында шеміршек тақташаларының саны азаяды. Соңғы орта бронхтардың ортаңғы қабығындағы шеміршек тақташалары эластин шеміршегінен қүралған.

Кіші бронхтардың қабырғаларында талшықгы-шеміршекті кдбық болмайды. Олардың қабырғалары кілегейлі қабықтан және адвентициядан түрады. Кілегейлі қабықтың өзі: ішкі эпителий кдбатынан, өзіндік тақгашадан және етті тақгашадан қүралады. Кіші бронхтардың соңғы тармақтары кілегейлі қабығының эпителий қабатын бірқабатты бірқатарлы кірпікшелі эпителий күрайды. Кіші бронхтардың соңғы тармақтары мен бронхиолалар эпителий қабатында призма тәрізді кірпікшелі, қүтыша, эндокринді, базальды торшалардан басқа жиекті, кірпікшесіз және секрет бөлетін (Клар торшасы) торшалар кездеседі. Биік жиекті торшалардың апикальды үштарында микробүрлер болады. Олар хеморецепторлардың қызметін аткдрады. Призма терізді секрет бөлетін торша цитоплазмасында секрет бөлуге арналған органеллалар (агранулалы

эндоплазмалық тор, Гольдж кешені, митохондриялар) жақсы жетілген. Олардың бөліыдіге толған апикальды ұшы эпителий қабатының ішкі бетінен сәл шығыңқы тұрады. Клар торшаларының секреті құрамындағы ферменттер өкпе көпіршіктерінің (альвеолаларының) ішкі бетіндегі жүқа үлдірлі қабат сурфактантты ыдыратады. Кірпікшесіз торшалар көбіне бронхиолалар эпителий кдбатында кездеседі. Өзіндік тақташа борпылдақдәнекер үлпасынан тұрады. Етті тақташаны сақинаша орналасқан бірыңғай салалы ет ұлпасының миоцитері күрайды.

Адвентиция — борпылдақ дәнекер үлпасы.

Орташа диаметрі 0,5 мм соңғы (терминальды) бронхиолалардың қабырғасын бірқабатты текше тәрізді кірпікшелі эпителий мен борпылдақ дәнекер үлпалық өзіндік тақташа қүрайды. Өзіндік тақташада эластин талшықтары мен олардың аралықтарындағы бірыңғай салалы ет үлпасының миоциттері бронхиолалар бойымен ұзынынан орналасады. Сондықтан, бронхиолалар қабырғалары ішке тыныс алған кезде созылып кеңейіп, сыртқа дем шығарғанда өзінің бүрынғы қалпына келеді.

Өкпенің гистологиялық қүрылысы. Жоғарыда баяндалғандай, өкпе күрылысы жағынан паренхималы мүше. Оның стромасын эластин талшықтарына бай борпылдақ дәнекер үлпалық аралықтар құрайды. Строма арқылы өкпеге қоректендіретін және газ алмасуға қан әкелетін қан тамырлары, лимфа тамырлары мен тыныс алу процесін реттейтін жүйкелер өтеді. Ал оның паренхимасын өкпенің тыныс жолдары мен газ алмасу (респираторлы) бөлімі қүрайды. Өкпенің тыныс жолдарына бронхтар тарамының мүшелері жатады. Ал

респираторлы бөлімді немесе өкпенің газ алмасу бөлімін терминальды бронхиолалардан кезегімен тарамдалатын: альвеолалы бронхиолалар, альвеолалы жолдар, альвеолалы қапшықтар және олардың қабырғаларын түзетін альвеолалар құрайды. Осы аталған өкпенің газ алмасу бөлімінің қүрылымдары өкпе бөлікшелерін немесе өкпе ацинустарьш түзетін альвеолалар тарамын (arbor alveolaris) құрайды.

Альвеолалы бронхиолалардың қүрылысы терминальды бронхиолалар қабырғаларының қүрылысына үқсас. Тек, олардың қабырғаларында тым жүқа қабырғалы жекеленген көпіршік тәрізді альвеололар пайда болады. Альвеолалы жолдар мен қапшықтардың қабырғалары толығымен альвеолалардан қүралған.

Альвеолалардың қабырғасы арқылы ауа мен қанның арасында газ алмасу процесі жүреді. Альвеолалардың қабырғасын негіздік жарғақга орналасқан тым жүқа бірқабатты жалпақ тыныс алу (респираторлы) эпителийі астарлайды. Альвеолалар куысының альвеолалы қапшықгар куысымен қатысатын тесіктерінің кдбырғасында жекеленген бірыңғай салалы ет миоциттері болады. Жүқа альвеолалараралық дәнекер үлпалық аралықгар арқылы таралатын қан капиллярлары, альвеола- лардың сыртқы бетін шырмай қоршап жатады. Көрші екі альвеола- лардың аралығында аздаған коллаген және эластин талшықтары, жекеленген торшалар, макрофагтар, қан капилляры болады. Қан капиллярының қабырғасын орташа қалыңдығы 0,15 мкм эндотелий торшалары түзеді. Альвеолалар қабырғасындағы респираторлы эпителий екі түрлі альвеолоциттен (пневмоциггерден): респираторлы және үлкен альвеолоциттерден қүралған.

Ресиираторлы пневмоциттер негізінен альвеоланың ішкі бетін ас- тарлайтын альвеолоциттер. Олар бір қабатта негіздік жарғақта ор- наласады. Респираторлы пневмоциттердің орташа қалындығы 0,2 -

0,3 мкм. Ядролары орналасқан түста 5-6 мкм -ге дейін биіктейді. Цитоплазмасында барлық органеллалар жеткілікті деңгейде жетілген. Пневмоциттердің альвеола қуысына қараған беті белоктардан, фосфолипидтер мен гликопротеидтерден түратын жүқа үлдір тәріздес сурфактант қабатымен қапталған. Сурфактант альвеолалардың ішкі беттерінің бір-біріне жабысып қалмауын қамтамасыз етумен қатар, ауаның қүрамындағы микроорганизмдердің өкпе ұлпаларына енуіне жол бермей, қорғаныс қызметін де атқарады.

Үлкен пневмоцитгер респираторлы пневмоцитгердің аралықгарында жекеленіп, кейде топтасып орналасады. Ірі ядролы үлкен пневмо- циттердің апикальды үшывда қысқа імикробүрлер болады. Цитоплаз- масында органеллалардан басқа фосфолипидтерден түзілген тығыз денешіктер (цитосомалар) кездеседі. Үлкен пневмоцитгер альвеоланың ішкі бетін кдптап түратын сурфактантгы бөледі.

Өкпенің қүрылымдық және юызметтік бірлігі — өкпе бөлікшесі (ацинусы). Ацинусты қан және лимфа тамырлары мен жүйкелерін қоса дәнекер үлпалық аралықгар арқылы байланысқан бір альвеолалы бронхиоланың тармақтары (альвеолалы жолдар, альвеолалы

қапшықтар, олардың қабырғаларындағы альвеолалар) құрайды. Өкпенің респираторлы бөліміндегі газ алмасу процесі қан мен ауаның аралығында жатқан эндотелиоциттер кдбарғалары арқылы, тым жүқа дәнекер үлпасы мен респираторлы пневмоциттер қабырғалары арқылы, оттегі мен көмірқышқыл газы концентрациясының айырмашылықтарына байланысты жүреді. Оттегі ауадан қанға, көмірқышқыл газы кдннан ауаға өтеді. Сөйтіп, газ алмасу процесінің нәтижесінде вена қаны артерия қанына айналады.

Тыныс алу аппараты мүиіелері бойынша бақылау сүрақтары

  1. Тыныс алу аппараты қандай белімдерден тұрады?

  2. Мұрын қуысы қандай бөліктерге бөлінеді? Мұрын қуысы қабырғасының қүрылысына тоқталыңыз.

  3. Мұрын қуысындағы мұрын жолдарының орналасу орындары мен қызметі.

  4. Көмекей мен кеңірдектің құрылысы.

  5. З.Өкгіе қандай бөлімдерден құралған?

  6. Бронхтар тарамының құрылысы.

  7. Альвеолалар тарамының құрылысы, газ алмасу процесінің морфологиясы.

  8. Жануарлардың түрлеріне байланысты өкпе құрылысындағы ерекшеліктер.

  9. Тақырып мәтініндегі қазакдіа-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алып, оларды жаттаңыз.

НЕСЕП-ЖЫНЫС АППАРАТЫ

Несеп-жыныс аппараты (мочеполовой аппарат) — apparatus uroge- nitalis — зәр бөлу және кебею мүшелері жүйелерінен күралады. Бүл жүйелерді қүрайтын мүілелердің атқаратын қызметі әр түрлі болғаны- мен, тарихи (филогенезі) және жеке даму (онтогенезі) жолдары бір- бірьмен тығыз байланысты.

Азық қорыту және тыныс алу мүшелері жүйелерімен бірге зәр бөлу мүшелері де организмдегі зат алмасу процесін қамтамасыз етуге қатысады. Олар зат алмасу процесінің соңғы ыдырау өнімі зәрді организмнен сыртқы ортаға бөліп шығарады.

ЗӘР (НЕСЕП) БӨЛУ МҮШЕЛЕР ЖҮЙЕСІ

Қызметіне қарай зәр бөлу мүшелері екі бөлімге бөлінеді. Олар: негізгі несеп бөлу мүшелері (organa uropoetica) және несеп шығару жолдары.

Зәр бәлу мүшелері (органы мочеотделения) - organa urinaria — екі бөлімнен: зәр бөлу мүшесінен және несеп шығару жолдарынан түрады. Зәр белу мүшесіне бүйрек (паренхималы мүше), ал несеп өткізу мүшелеріне несепағар, қуықжәне несепшығар өзек (түтікше мүшелер) жатады.

Зәр бөлу мүшелерінің дамуы. Несеп бөлу мүшелерінің дамуы организмдегі зат алмасу процесімен тығыз байланысты. Олардың организмдегі дамуы мен күрделеніп жетілуі зат алмасу процесі негізінде түзілген денедегі ыдырау онімдерін сыртқы ортаға шығаруға арнайы маманданған үлпалар қүрылымдарының дамып жетілуімен тікелей байланысты іс жүзіне асады. Зәр бөлу мүшелері өздерінің филогенезінде даму процесінің көптеген сатыларынан өтеді.

Томенгі сатыдағы жәндіктер (қарапайымдылар, ішекқуыстылар) зат алмасу процесі нөтижесінде түзілген ыдырау өнімдерін орга- низмнен сыртқы ортаға денесінің қабықшасы арқылы диффузия- лық жолмен шығарады. Инфузорияларда зәр шығару қызметін арнайы органелла жиырылғыш вакуольдер атқарады.

Жануарлар дене қүрылысының күрделенуі организмде бір- бірімен үйлесімді қызмет атқаратын көптеген мүшелер жүйелерінің қалыптасып дамуына ықпалын тигізеді. Солардың қатарында, ыдырау өнімдерін денеден қоршаған ортаға шығаруға арналған зәр бөлу мүшелері де дамып жетіле бастайды.

Жалпақ қүрттардың көпторшалы күрделенген организмінде зәр бөлу мүшелер жүйесі шығару өзекшелер жүйесі түрінде қалыптасады. Зәр бөлу өзекшелері протонефридийлер дене паренхимасында тарамдалып, түйықтаушы торшалардың көмегімен, ыдырау өнімде- рінен несеп түзеді және оны сыртқа шығарады. Жәндіктерде протонефридийлер эктодермадан дамып жетіледі.

Жануарлар денелерінің одан әрі күрделеніп, екінші дене қуысының (целоманың) пайда болуына байланысты, мысалы буыл- тық қүрттарда (жауын қүрты), протонефридийлер дене сегмент- теріне сәйкес орналасады. Олардың алғаш рет зәр бөлуге маман- данған торшалары соленоциттер — деп аталады.

Жануарлар организмдері қүрылысының одан әрі күрделенуі нәтижесінде, мысалы, қылтанаяқты қүрттарда, зәр түзу қызметі мезодермадан дамыған өзекшелер нефридийлерге ауысады. Олардың

шөлмек тәрізді кеңейген ұштары екінші дене куысындағы сегментгер санына сәйкес орналасып, қуыс ішіндегі сұйық ыдырау өнімдерін кірпікшелерінің көмегімен сорып сыртқа шығарып отырады. Нефридийлер жәндіктердің дене куыстарынан иректеліп басталып, сәл кеңейіп, одан кейін сыртқы ортаға ашылады. Бүларда нефридий- лерден басқа, екінші дене қуысынан шөлмек төрізді кеңейіп бастала- тын өзекшелер де болады. Оларды целомодуктер (қуысты өзекшелері)— деп атайды. Целомодуктер арқылы жыныс өнімдері дене қуысы целомадан (coeloma) сыртқа шығарылады. Целомодуктер де, нефридийлер сияқгы мезодермадан қалыптасып, көп жағдайда нефридийлер өзекшелерімен бірігіп, екі жүйеге ортақ мүше нефромикцияны түзеді.

Екінші дене қуысты қүрттарда целомодуктер тек жыныс әнімдерін шығару қызметін атқарады. Ал басқа екінші дене қуыстары жоқ буынаяқтылар мен былқылдақ денелілерде (моллюскаларда) аталған өзекшелер несеп шығару қызметін де атқарады.

Насекомдарда организмнен несепті бөлу қызметі зәр бөлу (мальпиги) өзекшелерінің үлесіне тиеді. Мальпиги өзекшелері ас қорыту жүйесі қуысына, ортаңғы және артқы ішектер шекарасына ашылады.

Төменгі сатыдағы хордалыларда, мысалы, қандауыршада (ланцет- никте) несеп шығару қызметін мезодермадан дамыған нефридийлер тәріздес түтіктер атқарады. Бүлардың саны — жүз шақты жүп өзекшелер. Олар дененің желбезек аумағында, дене сегменттеріне сәйкес жүп-жүбымен орналасады. Нефридийлердің ішкі үштары бірнеше тесікпен дене куысы целомадан басталып, ал екінші үштары сыртка желбезек маңындағы қуысқа ашылады. Целомадағы нефри- дийлер үштарының тесіктері басталар түсында, қан капиллярларының жиі торы капиллярлар шумағы түзіледі. Осы шумақ капиллярларының қабырғалары арқылы кдннан сүзіліп бөлінген зәр нефридийлердің көмегімен сыртқа шығарылады. Айта кету керек, ланцетниктер нефридийлерінің жыныс мүшелерімен ешқандай да байланысы болмайды. Жануарлар денесінің күрделенуіне сәйкес, нефридийлердің сыртқы үштары бірігіп, олардың барлығына ортақбір өзек кдрапайым несепағар түзіледі.

Омыртқалы жануарларда нефридийлер қүрылым бірлігі ретінде зәр шығару мүшесі бүйректі қүрайды. Бүйрек филогенезінде зәр бөлу қызметі дененің алдыңғы жағындағы нефридийлерден, оның артқы жағында дамыған несеп өзекшелеріне ауысады. Соңғы өзекшелер бірігіп, қүрылысы қомақты бүйректі түзе бастайды. Бүйректен шығатын несепағар ішектің соңғы бәлімі клоакаға ашылады.

Омыртқалы жануарларда бүйрек бірін-бірі алмастырып отыратын үш сатыдан өтеді. Олар: бастапқы бүйрек — пронефрос, аралық бүйрек мезонефрос және түрақты бүйрек — метанефрос. Зәр бөлу мүшелерінің дамуы көбею мүшелерінің дамуымен қатар жүреді. Пронефрос маңында үрғашы жануарлардың көбею мүшелері дамып,

кейінірек пронефрос несепағары аналық көбею мүшелерінің жьіныс жолдарына айналады. Ал мезонефрос несепағарынан аталық көбею мүшелерінің жыныс жолдары дамиды.

Нефридийлердің күрделеніл, кдн капиллярларымен өзара өрекетгесуі нәтижесінде әр түрлі бүйрек сатыларына сәйкес бүйрек өзекшелері нефрондар дамиды. Біріншіден, қан капиллярлары шумақшасы нефронның басталар үшындағы пішіні ыдыс тәрізді екі қабат қапшығымен (капсуласымен) қапталып, бүйрекденешігін күрайды. Бүл денешіктерде кдн сүйығынан (плазмасынан) сүзілу процесі арқьшы алғашқы зәр түзіледі. Ал кдбырғасы эпителий үлпасынан тұратын бүйрек өзекшелері, алғашқы зәрден организмге керекті заттар мен суды кері сорып, керексіз ьщырау өнімдерін зәрге қосымша бөледі. Нефрон қабырғасының эпителиоцитгері экскреторлық (организмге керек емес ьщырау өнімдерін бөлу) қызметті аткэруының нәтижесінде, нефронның соңғы бөліктерінде нағыз зәр түзіледі.

Бастапқы бүйрек немесе бас аумаіындаіы бүйрек (pronephros) дененің бас болігінде, 2-10 -ыншы дене сегменттері түсында қалыптасады. Бүйрек негізінен 3-4 жүп күйғышты (воронкалы) өзекшелерден түрады. Әрбір өзекше құйғышы маңывда қан капиллярлар шумақшасы дамып жетіледі. Бастапқы бүйрек доңгелекауызды және кейбір сүйекті балықтарда, қосмекенділер дернәсілдерінде болады.

Аралық бүйрек немесе түлғалық бүйрек (mesonephros) бастапқы бүйректен кейін, 10-30 -ыншы дене сегменттері түсында, яғни дене түлғасында қалыптасады да, бастапқы бүйректі алмастырады. Аралық бүйректе нефрондардың денедегі метамериялық (сегменттік) орналасуы бүзылады және целомамен байланысы үзіледі. Осының нәтижесінде ол қомақгы бүйрекке айналады. Бүйрек нефрондарының тостаған тәрізді кеңейіп басталатын үшы, қан капиллярлары шумақшасының қапшығына (капсуласына) айналып, бүйрек денешіктерін түзеді. Аралық бүйрек балықтар мен қосмекенділер сыныптары (кластары) өкілдерінде негізгі зәр түзуші мүше болып табылады. Ал қүстар мен қосмекенділерде ол тек эмбриондық даму кезеңінде ғана уақытша қызмет атқарады.

Түрақгы бүйрек немесе жамбасгық бүйрек (metanephros s. ren) аралық бүйректен кейін, 31-32 -нші дене сегменттері түсында қомақгы мүше болып қалыптасады. Түрақты бүйрек бауырымен жорғалаушылар, күстар және сүтқоректілер сыныптары окілдеріне тән.

Үй жануарларының онтогенезінде бүйрек мезодерманың нефротомынан (сегментгік аяқшалардан) дамиды. Даму кезінде, іштолі денесінде ол филогенездегі бастапқы, аралық және түрақгы бүйректер сатыларын қайталап өтеді. Бастапқы бүйректің қалыптасуы дене сегменттерінің бас аумағында тым жедел жүреді. Сондықган, оның сүтқоректілердегі даму процесінің мерзімін анықтау қиынға соғады. Бастапқы бүйректен кейін қалыптасатын аралық бүйрек іштөлі организмінде уақытша зәр түзу қызметін атқарады. Ал ююакалы жануарларда (үйректүмсық, ехидна) және қалталы (кенгуру және т.б.)

сүтқоректілерде аралық бүйрек эмбриондық кезеңнен кейін де, зәр түзу қызметін біраз уақыт жалғастырады. Аралық бүйректің зәр шығару өзегі несепағар — деп аталады да, клоакаға ашылады. Аралық бүйректен кейінгі жамбас сегменттерінде түрақты бүйрек қалыптасады. Оның негізгі зәр түзуші бөлігі нефрондар, мезодерма нефротомының нефрогенді үлпасынан, ал бүйрек түбегі мен несепағар аралық бүйрек несепағарының соңғы бөлігінен дамиды. Қуық пен несепшығар өзегі аллантоис пен клоакадан жетіледі.

Бүйрек (почка) — ren, s. nephros — пішіні бүршақ тәріздес, қызыл- қоңыр түсті, қомақгы жүп мүше. Ол негізгі зәр бөлу мүшесі. Бүйрек организмдегі қан қьісымын және су-түз алмасуын реттеуге де қатысады. Бүйрек қүрсақ қуысының бел аумағында, бел омыртқалардың вентральды бүлшық еттерінің төменгі бетінде, олармен жанасып жатады. Ол сыртынан бүйрек майы қапшығымен (capsula adiposa) қапталған. Оның төменгі беті қүрсақ қуысы сірлі қабығы ішпердемен жанасып, онымен тек төменгі және екі бүйір беттері ғана кдпталған. Бүйректің ішкі медиальды ойыс бетіндегі қан, лимфа тамырлары мен жүйкелер енетін жерін бүйрек қақпасы (hilus renalis) — деп атайды.

Бүйректі кдқжарып кесіп қарағанда, оның кескінінде бір-бірінен айқын ажырайтын үш аймақ көрінеді. Олар: бүйректің сыртқы фиброзды қапшығымен жанасып жатқан шеткі қызғьшт-қоңыр түсті несеп түзгіш қыртысты аймақ (cortex renis), ішкі несеп өткізгіш бозғылт аймақ (medulla renis) және осы екеуінің аралығындағы қоңыр түсті, ірі қан тамырлары өтетін шекаралық аймақ (zona intermedia).

Бүйректің қыртысты аймағында қаннан зәрдің түзілуін іс жүзіне асыратын қоңыр-қызыл түсті көптеген үсақ бүйрек денешіктері (corpuscula renis) мүшенің сыртынан ішіне карай қатарласып

орналасады. Оларды бір-бірінен сәуле тәрізді өтетін ішкі өзекшелер қатарлары ажыратьш тұрады. Бүйрек денешіктерінің құрылысын микроскоп арқылы ғана анық көруге болады. Ішкі бозғылт аймақ бүйрек пирамидаларынан (pyramides renales) қүралған. Пирамидалардың табандары бүйректің шетіне қарай орналасып, олардан бүйректің қыртысты аймағына қарай ішкі сәулелер кетеді. Ал бүйректің ішкіжағына қарай бағытталған пирамидалардың төбелері бүйрек емізікшелері (papilla renalis) — деп аталады. Шекаралық аймақтағы доғалық артериялардан бүйректің қыртысты аймағына сәулелі (радиальды) артериялар тарамдалады. Аталған артериялардың екі жағында қатар-қатар болып, бүйрек денешіктері орналасады.

Бүйректің түрлері. Бүйректерді жіктеудің негізі етіп, бүйректің бастапқы күрылымдық бірлігі — бүйрекшелер алынған. Бүйрекшелерде де, бүйрекке тән үш аймақгіен пирамидалар емізікшелері және оларға жанаса жалғасып жаткдн бүйрек тостағаншалары болады. Бүйректің бүйрекшелері бір-бірімен өзара зәр шығару өзектері және дәнекер үлгіасы арқылы әр түрлі дәрежеде байланысып бірігіп, бүйрек түрлерін түзеді. Жануарларда сыртқы және ішкі морфологиялық қүрылысына байланысты бүйректің көптеген түрлері ажыратылады. Олардың қүрылысын салыстырып сараптай келе, бүйректің жануарларда жиі кездесетін негізгі төрт түрінің күрылысымен төменде танысамыз. Оларға: көптік, тілімді көпемізікшелі, тегіс көпемізікшелі және тегіс біремізікшелі бүйректер жатады.

1.Көптік бүйрек бір-бірімен зәр шығару өзектері — бүйрек сабақшалары арқылы байланысып жатқан көптеген майда жеке бүйрекшелерден түрады. Әр бір бүйрекше сыртынан дәнекер үлпалық қапшықпен қапталған. Бүйрекшенің кесіндісінде бір- бірінен анық ажырайтын үш аймақты байқауға болады. Қапшықгың астындағы қыртысты аймақзәр бөлу аймағы. Бүл аймақты бүйрек

түтікшелері нефрондардың денешіктері мен проксимальды және дистальды бөлімдерінің ирек түтікшелері қүрайды. Олардың аралықтарында қан және лимфа тамырларына бай, тым жүқа борпылдақ дәнекер үлгіалық аралықтар (строма) орналасады. Бүйрекшелердің орталығында нефрондардың түзу түтікшелерінен (проксимальды және дистальды бөлімдердің түзу түтікшелері, жіңішке бөлімдер мен жинағыш түгікшелер) құралған, бөлінген зәрді өткізетін бозғылт аймақорналасады. Стромасы борпьшдақдәнекер үлпасынан түрады. Қыртысты және бозғылт аймақтар аралығында ірі қан тамырлары (доғалықартериялар мен веналар) өтетін шекаралықаймақ болады. Бүйрекшелер сабақшалары бір-бірімен қосылып, несеп жолдарын, бүлар өз кезегіиде бір-бірімен қосылып, несепағарды түзеді. Бүйректің бүндай түрі теңіз сүтқоректілерінде (китте, түленде, дельфинде, ақ аюда, моржда т.б.) болады.

2.Тілімді көпемізікшелі бүйрек бүйректің сыртқы жағы бір-бірінен тілімделіп бөлініп, қосыла қоймаған, ал ішкі жақгары толыққосылып бірігіп кеткен бүйрекшелерден құралған. Сондықтан, бүйректің сыртқы беті тілімделіп түрады. Ал кесіп қарағанда, бүйрек көп емізікшелерден (бірігіп кеткен бүрынғы жеке бүйрекшелердің бозғылт аймағы) түрады. Емізікшелер түтікшелері іші қуыс тостағаншаларға ашылады. Тостағаншалардан шығатын іші қуыс сабақшалар бір-бірімен қосылып, несеп жолдарын, олар өз кезегінде өзара қосылып, несепағарды қүрайды. Бүндай бүйрек сиырда болады.

3.Тегіс көпемізікшелі бүйрек шошқада, маймылдарда және адамда болады. Бүйрек сыртынан қарағанда тегіс болғанымен, ішкі кескінінде көптеген емізікшелерден түрады. Бүларда да, емізік- шелер түтіктері тостағаншаларға ашылып, олардан шьіғатын қысқа сабақшалар бірігіп, бүйрек қақііасы маңындағы қуыс мүше — бүйрек түбегінс ашылады. Бүйрек түбегінен несепағар шығады.

4.Тегіс біремізікшелі бүйрек барлық жыртқыш жануарларда, қойда, ешкіде, жылқыда, түйеде т.б. көптеген жануарларда болады. Бүйрекшелердің барлық аймақтары бірігіп кетеді де, бірыңғай орналасқан қыртысты, шекаралық және бозғылт аймақтарды түзеді. Бүйректің сырты тегіс, ішкі кескінінде бір емізікше көрінеді. Емізікше түтікшелері бүйрек түбегіне ашылады. Тостағаншалар мен сабақшалар болмайды.

Бүйрек қүрылысы жағынан паренхималы мүше. Оның паренхи- масын жануарлардың түрлеріне байланысты 1-8 миллиондай бүйрек түтікшелері — нефрондар қүрайды. Нефронның қан капиллярлары шумағын сыртынан қаптайтын, іші қуыс екі қабат бірқабатты жалпақ эпителийден қүралған бастама бөлігін бүйрек денешігінің қапшығы деп атайды. Қан капиллярлар шумағына артерия қаны әкелгіш артериола арқылы ағып келеді. Бүл шумақтан артерия қаны әкеткіш артериоламен ағып шығады. Әкелгіш артериоланың арнасы әкеткіш артериола арнасына қарағанда 5-6 еседей кең. Демек, капиллярлар шумағынан ағып шығатын қанның мөлшері ағып келетін қан мөлшеріне қарағанда бірнеше есе аз болады. Осыған байланысты қан капиллярларындағы қанның қысымы көтеріліп, нәтижесінде қанның сүйығы капиллярлардың қабырғасы және бүйрек денешігінің ішкі қабаты арқылы, оның қапшығы куысына сүзіліп шығады да, алғашқы зәрге айналады. Нефрон денешігі тығыз жанасқан екі бөліктен: қан капиллярлары шумағынан және оны сыртынан қаптаған бүйрек денешігінің қапшығынан қүралған. Нефрондар бүйрек денешігінен басқа, проксимальды, жіңішке және дистальды бөлімдерден қүралған. Бүлардың қабырғалары бөлімдердің атқаратын қызметтеріне байланысты бірқабатты текше немесе бірқабатты жалпақ эпителийден түрады. Алғашқы несептен аталған бәлімдерден ағып өту барысында организмге керекті заттар кері қанға сорылып, керек емес заттар қосымша қаннан несепке шығарылады да, нефронның

соңына қарай нағыз несепке айналады. Бүйректің стромасы (борпылдақ дәнекер үлпасы) арқылы қан, лимфа тамырлары мен бүйректің қШметін атқаратын жүйкелер өтеді.

Ерекшеліктері. Жылқы бүйректері тегіс біремізікшелі бүйрекке жатады. Ойың оң бүйрегінің пішіні жүрекке үқсас, ал сол бүйрегі лобия тәріздес болады. Бүйрек түбегінде мүшенің алдыңғы және артқы үщтарына қарай созылып жатқан бүйрек жолдары көрінеді. Бүйрек і/ирамидаларының саны — 10-12. Оң бүйрек құрсақ қуы- сының Өел аумағында, оң жақга, 14 -15 -інші кңбырғалардан 2 -нші бел омы/ртқаға дейінгі аралықта, ал сол бүйрек бел аумағының сол жағындк, 18 -нші көкірек омыртқасынан 3 -інші бел омыртқасы аралығында орналасады.

Сиыр бүйректері тілімді көпемізікшелі бүйрек. Бүйрек түбегі болмайды, оның орнында бүйрек емізікшелерінен шығатын бүйрек сабақшаларының бірігуінен түзілген екі негізгі өзек — несеп жолдары болады. Олардың қосылуы нөтижесінде бүйректен зәрді қуыққа алып шығатын несепағар пайда болады. Бүйрек пирами- даларының саны — 8-22. Оң бүйрек қүрсаққуысы бел аумағының оң жағында, 12-13 -інші қабырғалар мен 2-3 -інші бел омырт- қалардың аралығында орналасады. Бүйректің пішіыі үзынша сопақ болып келеді. Сол бүйрек көбіне оң бүйректен соң, бел аумағының оңжағында, 2 және 5 -інші бел омыртқалардың аралығында орна- ласады. Бүл жағдай мес қарынның азықпен толуына байланысты. Мал тоя азықтанғанда, мес қарын азыққа толып, сол бүйректі бел аумағының оң жағына қарай ығыстырады. Сол бүйректің артқы үшы алдыңғы үшына қарағанда қалындау болып келеді және сәл бұралып тұрады.

Қой мен ешкі бүйректері тегіс біремізікшелі бүйрек. Бүйрек пирамидаларының саны — 10-16. Оң бүйрек қүрсақ қуысы бел аумағының оң жағында, 12-13 -інші қабырға мен 2 -нші бел омыртқа аралығында, ал сол бүйрек оң бүйректің артқы жағында (мес қарынның ығыстыруы нәтижесінде) 3 және 6 -ншы бел омыртқалар аралығында жатады.

ПІошқа бүйректерінің пішіні лобия тәрізді, тегіс көпемізікшелі бүйрек. Бүйрек пирамидаларының саны — 10-12. Олардың әрқайсысы тостағаншалармен қоршалып, жақсы жетілген бүйрек түбегіне ашылады. Екі бүйрек те бір деңгейде, қүрсақ қуысы бел аумағының оң және сол жақтарында, 1-4 -інші бел омыртқалар түсында қатар орналасады.

Ит бүйректері тегіс біремізікшелі бүйрекке жатады. Емізікшесінің пішіні тараққа үқсас. Бүйрек пирамидаларының саны — 12-17. Екі бүйрек те бір деңгейде, күрсақ қуысы бел аумағының оң және сол жақтарында, 1-3-інші бел омыртқалар аралығында қатар орналасады. Бүйрек түбегінде тостағаншаның орнында түтікшелер болады.

Бүйректің гистологиялыққүрылысы. Бүйректі сыртынан тығыз дәнекер үлпалық қапшық (капсула) қаптап жатады. Бүйрек

қүрылысы жағынан қомақты паренхималы мүше. Бүйректің паренхимасын нефрондар, ал оның стромасын нефрондардың араларындағы қан тамырларына бай борпылдақ дәнекер ұлпалық аралықтар құрайды. Жоғарыда баяндалғандай, бүйрек сыртқы қыртысты, ішкі бозғылт аймақтардан қүралған. Бүйректің қыр- тысты аймағын бүйрек денешіктері, нефрондардың проксимальды және дистальды бөлімдерінің ирек өзекшелері, ал оның бозғылт аймағын проксимальды және дистальды бөлімдердің түзу өзекшелері, жіңішке бөлім және жинағыш түтікшелер қүрайды.

Нефрон (бүйрек өзекшесі) бүйрек паренхимасының қүры- льшдық және қызметтік бірлігі. Жануарлардың түрлеріне байланысты бүйректе 2-8 миллиондай бүйрек өзекшелері болады. Нефронның орташа үзындығы 2-5 см. Нефрон қүрылысы мен қызметі әр тұрлі бірнеше бөлімдерден қүралған. Оларға бүйрек

денешігі, жоғарғы (проксимальды), жіңішке және төменгі (дистальды) бөлімдер жатады.

Бүйрек денешігі екі: тамырлы және несептік бөліктерден түрады. Тамырлы бөлікті әкелгіш аргериола, қан капиллярларының шумағы және әкеткіш артериола түзеді. Несептік бөлікті төменгі жағы проксимальды бөліммен жалғасатын нефронның жоғарғы түйық- талған қос қабатты қапшығы қүрайды. Нефрон қапшығы қан капиллярлары шумағын сыртынан қаптап жатады. Нефронның проксимальды бөлімі ирек және түзу бөліктерден түрады. Оның ирек бөлігі бүйректің қыртысты затында бүйрек денешігі маңында ирелендеп, бүйректің бозғылт затына қарай төмен бағытталып, түзу бөлікке айналады. Проксимальды түзу өзекше төмендеп, жіңішке бөлім өзекшесіне ауысады. Нефрондардың 80% -ының жіңішке бөлімдері қысқа болып келеді және олар бүйректің қыртысты аймағында жатады. Жіңішке бөлім ілгек жасап, қайтадан жоғары қарай бүрылып көтеріледі де, дистальды бөлімнің түзу бөлігіне ауысады. Дистальды бөлімнің түзу бөлігі өзінің бүйрек денешігінің тамырлы бөлігіне қарай жоғары көтеріліп иректеліп, дистальды ирек бөлікке ауысады. Олар доғалық жинағыш түтікшелермен жал- ғасып, бір-бірімен қосылып, түзу жинағыш түтікшелерге айналады. Нефрондардың 20% -ы бозғылт аймақтың маңында орналасып, олардың жіңішке бөлімі бозғылт аймаққа терең еніп, кері көтеріледі. Оларды бозғылгмаңы (юкстамедулалы) нефрондары — деп атайды. Түзу жинағыш түтікшелер қыртысты аймақтағы бозғылт сәулелёрді түзеді. Бірнеше жинағыш түтікшелер бір-бірімен қосылып, емізікше өзекшелерін жасайды. Емізікше өзекшелері бүйрек тостағанша- ларына ашылады. Несеп бүйрек тостағаншаларынан, бүйрек сабақшалары арқылы бүйрек түбегіне, одан несепағармен куыққа барады. Қуықтан несепшығар өзегімен еркек жануарларда несеп- жыныс өзегі, үрғашы жанауарларда несепыныс қойнауы арқылы сыртқа шығарылады.

Қан плазмасы жоғарғы қан қысымының әсерінен қан капиллярларының қабырғалары мен бүйрек денешігінің ішкі қабаты арқылы сүзіліп, бүйрек денешігінің қос қабатты қапшығы қуысына өтеді. Алғашқы несеп қан плазмасынан сүзілу арқылы түзіледі. Бүйрек денешігінің тамырлы бөлігіне артерия қаны әкелгіш артериоламен қан капиллярлары шумағына ағып келеді. Капиллярлар шумағынан артерия қаны әкеткіш артериола арқылы ағып шығады. Әкелгіш артериоланың диаметрі әкеткіш артериоланың диаметріне қарағанда бірнеше есе кең. Демек, қан капиллярлар шумағына кәп мөлшерде ағып келіп, аз мөлшерде ағып кетеді. Осыған байланысты, қан капиллярларының арнасында жоғары қан қысымы пайда болып, қан сүйығының қан капиллярларының қабырғалары арқылы сүзіліп шығуына ықпалын тигізеді. Оның үстіне, қан капиллярларының қабырғаларында диаметрі 70-90 нм тесіктер болады. Капиллярлардың аралықтарында перициттер тәрізді жүлдызша тамырлараралық

(мезангиальды) торшалар болады. Олар өсінділерімен капиллярлар эндотелиоциттеріне жанасып жатады. Бүйрек денешігінің ішкі қабатын қүрайтын тым жүқа (бірқабатты жалпақ эпителий) эпителий торшалары — подоциттер де, капиллярлар эндотелиоциттеріне сыртқы жағынан тығыз жанасып жатады. Олардың аралықтарында тек негіздік жарғақ қана қалады. Пішіні жалпақ келген өте жүқа подоциттердің көптеген өсінділері болады. Подоцит денесінен таралатын біріншілік өсінділерден (цитотрабекулалардан) көптеген үсақ екіншілік өсінділер (цитопдийлер) таралады. Әр бір подоцит өсінділерінің жалпы үзындығы 1-2 мкм болады. Подоциттердің есінділері бір-бірмен ілгектене ілінісіп байланысып, араларында торшааралық саңылаулары бар күрделі сүзгі торлы қүрылым түзеді. Тесікті капиллярлар эндотелийі мен саңылаулы тесікті подоциттер аралығында, гликопротеид пен талшықгар торынан қүралған негіздік жарғақ ғана қалады. Міне, осы эндотелийден, негіздік жарғақтан және подоциттерден түзілген сүзгі тор арқылы қан плазмасы сүзіліп, алғашқы несепке айналады да, бүйрек денешігі қуысына өтеді. Қалыпты жағдайда бүл сүзгі арқылы белоктардың ірі молекулалары өтпейді, тек альбуминдер өтеді. Бүйрек денешігі қапшығының сыртқы қабаты бірқабатты жалпақ эпителийден түрады. Ол нефронның проксимальды бөлімі қабырғасына жалғасады.

Проксимальды бөлімнің жоғарғы ирек бөлігі бүйрек денешігі қапшығының сыртқы қабатынан басталады. Ол бүйрек денешігі маңында иректеліп, бүйректің қыртысты аймағы затынан бозғылт аймаққа қарай төмендеп. түзу бөлікке ауысады. Проксимальды өзекшенің қабырғасын бірқабатты текше тәрізді эпителий құрайды. Оның орташа диаметрі 60 мкм. Эпителиоциттердің апикальды бетінде плазмолеммадан түзілген микробүрлер және олардың астындағы цитоплазмада лизосома тәрізді көпіршіктер болады. Торшалардың базальды бөлігінде тігінен тізбектеле орналаскдн митохондриялар мен олардың аралықгарындағы плазмолемма катпарларынан базальды жолақтүзіледі. Эпителиоциттердің апикальды бетівдегі микробүрлер мен көпіршіктер эпителий торшаларьіның алғашқы несеп күрамындағы организмге керек заттарды белсенді түрде кері сорып, қосымша қорытып жаткандығының, ал торшалардағы базальды жолақ, керісінше, эпителиоциттердің зат алмасу процесі нөтижесінде түзілген соңғы ыдырау өнімдерін қосымша несеп қүрамына шығаратындығының белгісі. Демек, проксимальды өзекшеде алғашқы несептің қүрамындағы керекті заттар кері организмге сорылып (реабсорбция), керек емес ыдырау өнімдері қосымша несеп күрамына шығарылады. Реабсорбция арқылы проксимальды өзекше қабырғасымен алғашқы несептен судың 85% -ы, глюкоза, керекті электролиттер, амин қышқылдары, витаминдер кері сорылады.

Жіңішке бөлімді проксимальдьі бөлімнің төмендеген түзу бөлігі түзеді. Оның диаметрі 13-15 мкм, қабырғасын бірқабатты жалпақ эпителий қүрайды. Бүл бөлімде негізінен су кері сорыладьі.

Дистальды бөлімнің түзу бөлігінің диаметрі 20 - 50 мкм, кдбырғасы бірқабатты текше тәрізді эпителий қүрайды. Ол жіңішке бөлімнің өрлеме жалғасы. Өрлеме дистальды тұзу өзекше өзінің бүйрек дене- шігіне қарай көтеріліп, оның маңында ирек дистальды бөлікке айна- лып, жинағыш түтікшемен жалғасып кетеді. Дистальды белім өзекше- лерінде натрий және калий тұздарының электролиттері сорылады.

Нефрон ілгегін төмендеген түзу проксимальды өзекше, жіңішке бөлімнің төмендеген және өрлеме өзекшелері, дистальды бөлімнің өрлеме өзекшесі қүрайды.

Жинағыш 'гүтікшелер басталар бөлігінің қабырғасы бірқабатты текше тәрізді эпителийден, теменгі бөлікі’ерінің қабырғасы бірқабатты гіризма тәрізді эпителийден тұрады. Жинағыш түтікшелерге құра- мыңда түзы аз гипотониялық несеп ағып келеді. Себебі, электролиттер негізінен нефронның дистальды бөлімінде сорьшып, электролиттер жинағыш түтікшелер қабырғасының сыртығзда жиналады. Осының нәтижесіғще жинағьіш түтікшелер куысындағы сүйық несептен, су кері қанға сорылып, нағыз несеп түзіледі.

Юкстагломерулалы кешен несеп бөлуге қажет қан қысымын реттейтін және су мен электролиттердің кері сорылуына ықпалын тигізетін ренин гормонын бөледі. Аталған кешенді дистальды өзекшенің тығыз дағы, әкелгіш артериола қабырғасындағы эпителий тәрізді (юкстагломерулалы) торшалар, әкелгіш және әкеткіш артериолалар аралығындағы торшалар (Гурмагтиг торшалары) құрайды.

Несеп өткізгіш жолдар құрылысы түтікше мүшелер. Бүл мүшелерге несепағар, қуық және несепшығар өзегі жатады. Олардың қабырғаларын: ішкі кілегейлі, ортаңғы етті жөне сыртқы сірлі немесе адвентиция қабықтары қүрайды.

Несепағар (мочеточник) — ureter — бүйрек түбегінен басталып, бел аумағы арқылы жамбас қуысындағы қуыққа дейін созылған түтікше мүше. Ол қүрсақ қуысындағы қысқа қатпарға ілініп, оның бүйір қабырғасында орналасады. Ал жамбас қуысында несепағар несеп-жыныс қатпарының қүрамында қуықгың жоғарғы қабырға- сымен жанасып, оған қиғаштала еніп, 3-5 см -дей аралықга етті және кілегейлі кдбықгардың арасымен әтіп барып, қуықкуысына ашылады. Несегіағардың бүлай қуық қабырғасымен өтіп, куықтың қуысына ашылуы зәрдің бүйректен куыққа тек бір бағытта ғана ағуына жағдай тудырады. Зәр қуыққуысынан кері несепағарға өте алмайды. Себебі, қуық зәрге толған сайын, оның етті қабығы несепағарды сыртқы жағынан қысып, зәрдің кері несепағарға өтуіне мүмкіндік бермейді.

Несепағардьщгистологиялыққүрылысы. Несепағар гүтікше мүше ретінде, оның қабырғасы кілегейлі, етті және сірлі қабықгардан қүралған. Несепағардың ішкі кілегейлі қабығы екі қабаттан: ішкі көпқабатты жалпақ ауыспалы эпителийден және сыртқы борпылдақ дәнекер үлпалы өзіндік тақташадан түрады. Кілегейлі қабықта көпіршікше-түтікше бездер болады. Несепағардың ортаңғы етті қабығы үш қабаттан қүралған. Олар: ішкі үзынша қабат, ортаңғы сақинаша қабат және сыртқы үзынша қабат. Аталған етті қабықтың қабаттары бірыңғай салалы ет үлпасының миоциттерінен түрады. Несепағардың сыртқы сірлі қабығі>і ішкі борпылдақдәнекер үлпалық қабаттан және сыртқы мезотелий қабатынан (бірқабатты жалпақ эпителий) түрады. Несепағардың куыққа ашылатын төменгі бөлігінің сыртқы қабығы адвентиция (борпылдақ дәнекер үлпасы).

Куық (мочевой пузырь)— vesica urinaria — пішіні алмүрт тәрізді зәр уақытша жиналатын қуысты мүше. Оның құрсақ қуысына қараған бөлігін қуықтөбесі (vertex vesicae), үзынша келген ортаңғы бөлігін қуық денесі (corpus vesicae) және жамбас қуысына қараған қуықтың жіңішкерген бөлігін қуық мойны (cervix vesicae) — деп атайды. Іші бос қуықгың ішкі кілегейлі қабағы қатпарланып түрады. Көпқабатты ауыспалы эпителиймен астарланған кілегейлі қабықта бездер болмайды. Қуықтың мойын жағындағы кілегейлі қабықтың ішкі бетінде несепағар білеуліктері (columna ureteris), ал олардың қуық қуысы жағында несепағардың тесіктері (ostium ureteris)

көрінеді. Осы тесіктерден қуық мойнына қарай несепағар қатпарлары (plica ureterica) бір-бірінс сүйір бұрыш жасай үшкірлене жақындап, қуық үшбүрышын (trigonum vesicae) құрайды. Несепағар қатпарлары өзара қосылып, бірігеді де, қуық мойнының несепшығар өзегіне ауысар жерінде несепшығар қырын (crista urethralis) түзеді.

Қуықтың етті қабығының сақинапіа қабаты, куық мойнының қысқыш етін кұрайды.

Сыртқы сірлі қабық қуықтың тек денесі мен төбесін ғана қаптай ды, ал оның мойны адвентиция қабығымен қапталған. Сірлі қабық қуықтың вентральды бетінен қүрсақ және жамбас қуыстарының қабырғаларына өтіп, қүықтың орталық байламын (ligamentum vesicae medianum) түзеді. Бүл байламда, іштөлінің аллантоис қапшығымен жалғасатын несепжолы (urachus) және үрықжолдасқа (плацентаға) қан апаратын ківдік артериялары жатады. Сақа жануарларда аталған қан тамырлары куықгьщ жүмыр байламына (ligamentum teres vesicae) айналады.

Ерекшеліктері. Жылқыда қуықтың денесі мен мойнының вентральды бетінде сірлі қабық болмайды. Қуық үшбүрышы анық көрінбейді.

Сиыр мен ұсақ малдарда несепағар тесіктері бір-біріне жақын орналасқандықтан, қуық үшбүрышы білінбейді. Бүқалар мен қошқарларда несепағар қыры несеп-жыныс өзегінің үрықтық төмпешігіне дейін созылады.

Шошкдда несепағар қатпары жүп болады. Қуық үшбүрышы айқын көрінеді.

Итте де қуық үшбүрышы анық көрінеді.

Қуықтың гистологиялық қүрылысы. Қуықтың қабырғасы да кілегейлі, етті және сірлі (адвентиция) қабықтардан түрады. Қуықтың кілегейлі кдбығы үш қабаттан түрады. Кілегейлі қабықтың ішкі бетін көпқабатты жалпақ ауыспалы эпителий қабаты астарлайды. Оның астындағы өзіндік тақташа боргіылдақ дәнекер үлпасынан түрады. Кілегейлі қабықтың ортаңғы етті қабықпен шектесетін сыртқы кілегейліасты негіз де, борпылдақ дәнекер үлпасынан қүралған. Өзіндік тақташа мен кілегейліасты негізде, зәрге толғанда қуық қабырғасының созылып, ал зәрден босағаннан соң, оның қайтадан қалпына келуіне ықпалын тигізетін эластин талшықтары кептеп кездеседі. Кілегейлі қабықтағы кілегейліасты негіздің жақсы жетілуі қуықгың кілегейлі қабығының қатпарлы болып келуіне әсерін тигізеді. Сондықтан, қуықтың қабырғасы өте созылғыш келеді. Тек, қуықтың мойны түсында ғана кілегейлі қабықта кілегейліасты негіз болмайды. Осыған байланысты қуық мойнының ішкі бетінде қатпарлар да болмайды. Ортаңғы етті қабығының қүрылысы несепағар қабырғысынын; қүрылысына үқсас, яғни ол ішкі, сыртқы үзынша және олардың арасындағы ортаңғы сақинаша бірыңғай салалы ет үлпасының миоциттер

қабаттарынан тұрады. Етті қабықтың ортаңғы сақинаша қабаты қуық мойнында, оның қысқыш етіне айналады. Қуықтың төбесі мен денесі сыртынан сірлі қабықпен, ал мойны адвентиция қабығы- мен қапталған.

Несепшығар өзек (мочеиспускательный канал) — urethra — қуық мойнынан басталып, өзінің соңғы бөлігімен жыныс мүшелеріне жалғасып кетеді. Еркек жануарларда ол жыные мүшесі езегімен қосылып, несеп-жыныс өзегін, ал үрғашы жануарларда жыныстық кіреберіске ашылып, несеп-жыныс кіреберісін немесе несеп- жыныс қойнауын қүрайды.

Аналық уретра (urethra feminina) жамбас қуысындағы қынаптың вентральды бетінде қуық мойны мен несеп-жыныс кіреберісі аралығында жатады. Оның сыртқы тесігі кынап пен несеп-жыныс кіреберісінің шекарасына ашылады. Аналық уретраның кілегейлі қабығы көпқабатты ауыспалы эпителиймен астарланған. Онда үсақ кірмелер болады. Кілегейлі кабықтың астында бірыңғай салалы ет үлпасынан түзілген етті қабығы жа- тады. Уретраның соңғы бөлімінде етті қабық сыртынан көлденең жолақты бүлшық ет үлпасы қабатымен қапталып, оның қысқыш бүлшық етін түзеді.

Ерекшеліктері. Биенің аналық уретрасының үзындығы 6-8 см. Сиыр, қой және шошқа уретрасының вентральды қабырғасында қалташа (дивертикул) болады. Оның кіреберіс тесігі уретраның сыртқы тесігінің артқы жағында орналасады.

Несепшығар өзегінің гистологиялық қүрылысы. Түтікше мүше ретінде несепшығар өзегінің қабырғасы да үш қабықтан: кілегейлі, етті жөне адвентиция қабықтарынан түрады. Жануарлардьщ түрлеріне және өзектің басталар, ортаңғы, соңғы бөлімдеріне байланысты несепшығар өзегінің кілегейлі қабығын көпқабатты ауыспалы немесе көпқабатты призма төрізді, болмаса көгіқабатты жалпақ эпителий астарлайды. Өзіндік тақташаны борпылдақ дәнекер үлпасы қүрайды. Бүл қабатта эластин талшықтары болады. Етті қабығы бірыңғай салалы ет үлпасының ішкі үзынша және сыртқы сақинаша қабаттарынан қүралған. Оның сыртқы қабығы адвентиция.

Зор бөлу мүшелері жүйесі бойынша бақылау сұрақгары:

  1. Зәр болу мүшелері қандай болімдерден түрады?

  2. Бүйректің жануарлар организмдеріндегі орналасу орындарын (топографиясын) еске түсіріп, олардың жануарлар түрлеріне байланысты ерекшеліктерще тоқталыңыз.

  3. Бүйректің қандай түрлерін білесіз? Оларга сипаттама беріңіз.

  4. Бүйректің ішкі қүрылысы және маңызы.

  5. Несеп өткізу мүшелерін атап, олардың орналасу орындары мен қүрылысына және жануарлар түрлеріне байланысты ерекшеліктеріне тоқтальщыз.

  6. “3әр бөлу мушелері” тақырыбы мәтініндегі қазақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алып, оларды жаттаңыз.

КӨБЕЮ МҮШЕЛЕРІ

Кебею мүшелері (органы размножения) — organa genitalia — жануарлар түрлерінің сақталуы мен ұдайы көбеюін қамтамасыз ететін ішкі мүшелердің жиынтығы. Жануарлардың көбею мүшелері бірнеше бөлімдерден тұрады. Олар: жыныс бездері (еркек жануар- ларда ен, үрғашы жануарларда жүмыртқалық); жыныс жолдары (еркек жануарларда ен қосымшасы, шәует жолы, несеп-жыныс өзегі; үрғашы жануарларда жатыр түтігі (жүмыртқа жолы), жатыр; қосалқы жыныс бездері (еркек жануарларда куықалды, баданалық, көгііршікше); жыныстық қатынас мүшелері (еркек жануарларда жыныстық мүше (пенис), үрғашы жануарларда сыртқы жыныс мүшелері, несеп-жыныс кіреберісі және қынап). Жыныс бездерінде жыныс торшалары (сперматозоидтар, овоциттер) дамып, көбею процесін реттейтін гормондар түзіледі. Жыныс жолдары үрықтану процесі мен үрықтың дамуын қамтамасыз етеді. Эмбриондық ке- зенде жыныс бездерінің паренхимасы мезодерманың нефрого- надотомынан, ал стромасы мезенхимадан дамиды. Жыныс тор- шалары сарыуыз қапшығы кдбырғасында жетіліп, қан арқылы бола- шақ жыныс бездеріне келіп қоныстанған гаметобласттардан да- миды. Жыныс бездеріндегі жыныс торшаларының дамып, пісіп жетілуін қамтамасыз ететін тіректік торшалар (енде сустентоциттер, жұмыртқалықта фолликулалық торшалар) мезотелийдің жыныс кдтпарынан (буылтығынан) дамиды. Гормондар бөлетін эндокрино- циттер мезенхимадан жетіледі.

Көбею мүшелері жануарлардың жынысына байланысты еркек (аталық) жөне үрғашы (аналық) жануарлардың көбею мүшелері болып екіге бөлінеді.

Көбею мүшелерінің дамуы. Жануарлардың көбею мүшелері ата тектерінің тіршілік ету ортасына байланысты, филогенезде күрделі де үзақтарихи даму сатыларынан әткен. Мүхит суында алғаш пайда болған бірторшалы қарапайым жәндіктер, тек тікелей бөліну арқы- лы көбейген. Оларда арнайы көбею мүшелері болмаған. Кобеюдің мүндай түрін жыныссыз кебею — деп атайды. Дене қүрылысының күрделенуіне байланысты жануарлар организмдерінде көбею про- цесін іс жүзіне асыратын маманданған арнайы торшалар — жыныс торшалары (клеткалары) пайда болды. Жыныс торшалары мөлшері мен пішініне байланысты, ірі жыныс торшалары макрогаметалар жөне майда жыныс торшалары микрогаметалар болып екі топқа бөлінді. Макрогаметалар — аналықжыныс горшалары, ал микро- гаметалар — аталықжыныс торшалары. Жыныс торшаларының бір- бірімен қосылып үрықтануынан жаңа дарақтар пайда болып, өсіп жетілді. Көбеюдің бүндай түрін жыныстық көбею — дейді. Күрылысы карапайым көпторшалы жәндіктерде, мысалы, түщы су гидрасында, көбеюдің жыныстық және жыныссыз түрлері қатар жүреді. Жыныстық көбею кезінде, жануарлар денелерінде пісіп

жетілген макрогамета мен микрогамета бір-бірімен қосылып, нәтижесінде жаңа ұрық пайда болады. Бұл процесті үрыкдану - деп атайды. Макрогамета және микрогаметаның қосылуынан пайда болған бірторшалы үрық зигота — деп атальінады. Бірторшалы организм — зиготадан гидраның жаңа дарағы өсіп жетіледі. Ал гидра организміндегі жыныссыз көбею ересек жәндіктерде жүреді. Жыныссыз кебею кезінде, гидра денесінің көпторшалы бір бөлігі организмнен бөлініп, бөлектенген бөліктен басқа жаңа гидра орга- низмі өсіп жетіледі. Демек, жәндіктердегі жыныссыз көбеюдің бұл түрі, өсімдік организмдеріне тән вегетативті көбею сипатында жүреді.

Филогенездің алғашқы кезендерінде, құрылысы қарапайым көпторшалы жөндіктерде макрогаметалар мен микрогаметалар бір организмде пісіп жетіледі. Бұндай организмдерді гермафродиттер (қызтеке) — деп атайды. Филогенездің келесі кезеңдерінде жануарлар дүниесінде дара жынысты жәндіктер пайда болды. Жеке бір организмде макрогаметалар, ал екінші организмде микро- гаметалар дамып жетілді. Бүл жануарлар дүниесі дамуындағы үлкен прогресс араморфоз еді. Жаңа организмдердің дамуы тек жеке дара организмдерде пісіп жетілген макрогаметалар мен микрогамета- лардың қосылып үрықтануынан кейін ғана басталды. Үрыкданудан пайда болған жаңа организмге тән қасиеттер жеке дара екі орга- низмнің түқым қуалау қасиеттерінің өзара әрекеттесуі нәтижесінде, жаңа сипатта түзілді. Бірақ, айта кету керек, жануарлар дүниесіндегі дамудың сол дәуірдегі кезеңдерінде, көпторшалы қарапайым жәндіктер денелерінде гаметалар дамып пісіп жетілетін арнайы маманданған көбею мүшелері болмаған.

Үдайы өзгеріп отыратын тіршілік ортасына бейшделу нәти- жесінде, жануарлар организмдерінің дене көлемі үлғайып, оның қүрылысы күрделенеді. Осыған байланысты гаметалар жануарлар денесінің белгілі бір бөліктерінде жетіліп, арнайы маманданған мүшелерде бөліну арқылы көбейігі, пісіп жетіле бастайды. Гамета- лардың көбею процесі жүретін дене мүшелерін гонадалар — деп атайды. Бастапқы кезде гонадалар дененің сыртқы бетіне жақын орналасып, пісіп жетілген гаметалар олардың жарылуы нәтижесінде сыртқы ортаға шығып отырды. Кейінірек, жануарлар организм- дерінде екінші дене қуыстарының пайда болуына байланысты, гонадалар сол екінші дене қуысы қабырғасында жинақталып, олардағы пісіп жетілген гаметалар арнайы өзектер арқылы сыртқа шығарылып отырды. Кейбір жәндіктерде гонадалардың шығару өзектері зәр шығару өзектерімен бірге дамып жетілді.

Жануарлар организмдерінің одан әрі күрделенуіне байланысты, денеде гаметалар дамитын қүрылысы күрделі арнайы мүшелер жетіледі. Макрогаметалар, яғни жүмыртқа торшасы дамып жетілетін мүше жүмыртқалық, ал микрогаметалар, яғни сперматозоидтар (шәует қүрамындағы аталық жыныс торшалары) пісіп жетілетін

мүше ен— дегі аталды. Осы негізгі жыныс мүшелерінің (бездерінің) жетілуіне байланысты, жануарлар организмдері дара жынысты жануарлар дүниесіне, яғни еркек және үрғашы жануарларға бөлінді. Организмдегі дене қуысы қабырғасында орналасқан жыныс мүшелерінде пісіп жетілген жьшыс торшалары сыртқы ортаға шы- ғару өзектері арқылы шығарылды. Бүл езектер еркек жәндіктерде ніәует жолы, ал үрғашы жәндіктерде жүмыртқа жолы — деп аталады. Омыртқасыз жәндіктерде жыныс торшалары аталған шығару өзектері арқылы тікелей сыртқы ортаға шығарылады. Хордалы жануарларда дене қүрылысының күрделенуіне және олардың тіршілік жағдайының өзгеруіне сәйкес, жыныс жолдарының қүры- лысы да әр түрлі дәрежеде өзгеріп, күрделеніп отырды. Төменгі сатыдағы хордалы жануарларда жыныс жолдары сыртқы ортамен тікелей қатыспайды. Олар пісіп жетілген жыныс торшаларын алдымен ішек түтігінің соңғы түтікше бөлімі — клоакаға, содан соң, үрықтану үшін, клоакадан қоршаған сыртқы ортаға шығар- ды. Суда тіршілік ететін хордалы жануарлардың үрықтануы орга- низмнен тыс сулы ортада жүреді. Сондықтан, олардың жыныс мүшелерінің, оның ішінде жыныс жолдарының қүрылысы да тым қарапайым болды. Жыныс торшаларының қүрылысы мен пішіні де сулы ортада үрықтануға және дамуға бейімделген. Белгілі бір жыл маусымында сулы ортада қалыптасатын қолайлы жағдай (жы- лу, күн сәулесі т.б.) үрықтану нәтижесінде пайда болған бірторшалы организм — зиготаның дамуына толық мүмкіншілік береді. Осы кезде жыныс торшалары сыртқы сулы ортаға шығарылып, үрықгану процестері жүреді.

Жануарлардың тіршілік жағдайының өзгеруі олардың организм- дері қүрылысының өзгеруіне, оның ішінде жыныс мүшелері қүрылысының да өзгеруіне ықпалын тигізді. Мысалы, суда тіршілік ететін хордалы жануарлардың қүрлыққа шығуы, олардың дене қүрылысының белгілі дәрежеде күрделенуіне әкеліп соқтырғаны баршамызға мәлім. Жануарлар дүниесінде осы қүбылыстың көбею мүшелерінің қүрылысы мен пішініне тигізген ықпалы зор болды. Біріншіден, жануарлардың үрықтану ортасы өзгерді. Судағы сыртқы үрықтану организмде жүретін ішкі үрықтануға ауысты. Ал ішкі үрықтану еркек және үрғашы жануарлардың жыныстық қаты- насының арқасында іске асты. Бүл процестің іс жүзіне асуы өз кезегінде жыныс мүшелері қүрьілысының күрделенуіне ықпалын тигізді. Үрықтану процесі үрғашы жануардың жыныс жолдарында жүрді. Егер үрық организмнен тыс сыртқьі ортада жүретін болса, онда оның дамуын қамтамасыз ететін керекті қоректік заттар жүмыртқа торшасында қор ретінде жиналып, үрықтанған жүмырт- қаны кебуден сақтайтын арнайы қабықтар түзілді. Осыған бай- ланысты жүмыртқа салушы үрғашы жануарлардың жыныс мүшелері үрықтану процесінің жүруіне және жүмыртқадағы қоректік заттарды жинау мен қорғаныс қабықтарын түзуге бейімделіп,

олардың күрылысы белгілі дәрежеде күрделенді. Ал кейбір еркек жануарларда спермийлерді аналық жыныс жолдарына енгізіп, жыныстық қатынасты қамтамасыз ететін арнайы жыныстық мүше (пенис) дамып жетілді. Бүндай көбею мүшелері жүмыртқа салу арқылы дамитын бауырымен жорғалаушыларға, қүстарға және сүтқоректілерге (үйректүмсық, ехидна) тән.

Ішкі үрықтану процесінің одан әрі күрделенуі, одан пайда болған үрық іштөлінің аналық жыныс мүшелерінде дамуы імен өсіп жетілуі көбею мүшелерінің қүрылысындағы күрделі қүрылым- дардың қосымша жетілуіне зор ықпалын тигізді. Үрғашы сүтқоректі жануарларда жүмыртқалық пен жүмыртқа жолдарында қосымша іштөлі өсіп жетілетін жатыр және жыныстық қатынасты қамтамасыз ететін қынап және несеп-жыныс кіреберісі, ал еркек жануарларда ен мен шәует жолдарында қосымша несеп-жыныс өзегі, қосымша жыныс бездері, жыныстық мүше — пенис (қамшы, қаса, түкі), енқап, күпек дамыды.

Жануарлар онтогенезінде көбею мүшелерінің жыныс бездері организмнің іштегі даму кезеңінде (эмбриондық кезенде) аралық бүйректің медиальды бетіндегі мезотелийдің жыныс қатпары ретінде қалыптасады. Іштегі үрық организмдерінің күрделеніп дамуына байланысты, жыныс қатпарларының пішіні өзгеріп сопақтанып, бастама жыныс бездеріне, жануарлардың жынысына қарай: жүмыртқалыққа, не енге айналады. Жыныс бездері мезотелийінің жыныс қатпары туынды торшалары жыныс торшаларын қоректік затпен қамтамасыз ететін тіректік торшаларға айналады. Ал жыныс бездерінде дамып жетілетін жыныс торшаларының бастама торшалары гаметобласттар (гонобласттар) үрық эмбриогенезінің алғашқы сатыларында сарыуыз қапшығының қабырғасында, қан тамырлары маңында энтодермадан қалыптасыгі, митоз арқылы көбейіп, дамып жетіледі де, кднға өтіп, қанның ағысымен үрық организміндегі бастама жыныс безі гонадқа барып қоныстанады. Жыныс бездерінде гонобласттар, оларды қоректік заттармен қамтамасыз ететін тіректік торшалармен қоршалып, дамып жетіліп, жануарлардың болашақ жынысына байланысты аталық (сперматозоидтар) немесе аналық (овоциттер) жыныс торшаларына айналады.

Бүдан кейінгі даму сатысында, көбею мүшелерінің жетілуі зәр бөлу мүшелері дамуымен тығыз байланыста жүреді. Аралық бүйрек маңында, бастама жыныс бездерінен кейінірек жануарлардың болашақжынысына байланысты жүмыртқалық немесе ен дамиды. Аралық бүйрек өзегі маңында, жыныс қатпарымен бір мезгілде, бастапқы бүйрек өзегі қалдығынан арнайы өзек қалыптасады. Ол алғашқы кезде аралық бүйрек өзегімен жапсарлас, кейінірек одан ажырап, бастаиқы бүйрек (Мюллер) өзегі — деп аталады.

Аталық көбею мүшелерінің дамуы кезінде жыныс қатпары бастамасының мезотелий торшалары белсенді түрде көбейіп, пішіні сопақша келген жыныс безі бастамасмның ішіне қарай енеді де,

ирек түқымдық өзекшелерге айналады. Осы кезде аралық бүйрек жартылай ыдырайды да, оның қалған бөлігі жыныс безі баста- масымен әрекеттесіп, көбею мүшелерінің қалыптасуына қатысады. Аралық бүйректің несеп шығару түтікшелерінің алдыңғы бөлігі жыныс безінің ішіне қарай өсіп, ендегі ирек түқымдық өзекше- лермен жалғасады да, түзу түқымдық өзекшелерді, ен торын және ен қосымшасының басын қүрайтын түқым әкеткіш өзекшелерді түзеді. Ал оның артқы бөлігі ыдырап, одан қалған қалдық ен қосымшасының маңында, “ен маңы” (парадидимис) деген атпен организмде өмір бойы сақталады. Аралық бүйректің негізгі (Вольф) езегі ен қосымшасының өзегіне және шәует жолына айналады. Еркек жануарларда мюллер өзегінің тек ыдыраған алдыңғы бө- ліктері ғана ен маңында сақталып, гидатида — деп аталады. Ыды- раған оң және сол мюллер өзектерінің сақталған соңғы бөліктері бір-бірімен қосылып, еркек жатыры және қынабы деген атпен қал- дык ретінде шәует жолдары аралығындағы несеп-жыныс қатпа- рында орналасады.

Жетілген жыныс безі ен қүрсақ қуысының қабырғасымен бағыттағыш байлам арқылы байланысады. Бүл байламның аралық бүйрек (Вольф) өзегіне дейінгі бөлігі, еннің арнайы байламы (ligamentum testis proprium), ал оның қалған соңғы бөлігі шап бай- ламы (ligamentum testis inguinale) — деп аталады. Сүтқоректі жануарларда дамып жетілген ен қалыпты жағдайда өзін қаптаған сірлі қабықпен бірге, қүрсақ қуысы қабырғасынан пайда болған қалта тәрізді мүше — үмаға түседі.

Аналық көбею мүшелерінің дамуы кезінде, жыныс безі бастамасының ішіне енген мезотелий торшалары кебейіп, жүмыртқалықтағы алғашқы фолликулдердің сыртқы тіректік (фолликулалық) торшаларына айналады. Ал фолликул ішіндегі алғашқы жыныс торшалары сарыуыз қапшығынан қан арқылы келіп қоныстанған бастама жыныс торшаларынан қалыптасады. Сөйтіп, жыныс безі бастамасынан жүмыртқалық дамиды. Жү- мыртқалық негізгі аналық жыныс безі ретінде жануарларда қүрсақ қуысының бел аумағында орналасады.

Аралық бүйректің алдыңғы бөлігі ыдырап, одан ен қосым- шасының басы іспеттес қалдығы эпоофорон, ал оның ыдыраған артқы бөлігінің қалдығы “жүмыртқалықмаңы” (пароофорон) деген атпен сақгалады. Пароофорон еркек жануарлардағы парадидимиске сәйкес қалдық қүрылым. Үрғашы жануарларда аралық бүйрек өзектері (Вольф әзегі) толығымен ыдырау процесіне үшырайды. Олардың нашар жетілген соңғы үштарының қалдықтары “гартнер өзегі” деген атпен ғана сақталады.

Бүған керісінше, бастапқы бүйрек өзектері (Мюллер өзектері) белсенді жетіліп, жүмыртка жолына, жатырға және қынапқа айнала- ды. Ал қынап өз кезегінде несеп-жыныс кіреберісіне ашылады. Мюллер өзектерінің бір-бірімен өзара әр түрлі дәрежеде қосылып

бірігуіне байланысты, түрлі жануарларға тән жатыр түрлері дамыгі жетіледі. Аталған өзектердің бірігуі, олардың соңғы бөліктерінен алдыңғы жақтарына қарай бағытталады. Егерде Мюллер өзектері бір-бірімен қосылмай, олардың әрқайсысы жеке дара несеп-жыныс кіреберісіне ашылса, онда олардан қосқынапгы қосжатыр дамиды. Әрбір жатырдың өзіне тән жүмыртқа жолы және қынабы болады. Бүндай жатырда іштөлі үзақ мерзім дами алмайды. Оның себебі, іштөлінің үрық қабықтары мен үрықжолдасы (плацента) толық жетілмейді. Сондықтан, қосқынапты қосжатырлы жануарлар күшігін кішкентай, соқыр, қызылшақа түрінде шала туып, дене қалталарында асырайды. Күшіктері іштөліне (үрықкд) үқсас болады. Бүндай жануарларға қалталы хайуанаттар (кенгуру, қалталы аю — коала, қалталы пері, қалталы көртышқан т.б.) жатады.

Мюллер өзектерінің соңғы үштарының қосылуынан, бірқынапты қосжатыр (uterus duplex) дамиды. Әрбір жатыр өзінің жеке дара тесігімен бір қынапқа ашылады. Бірқьгаапты қосжатырда іштөлінің үзақ мерзім дамуына толықжағдай болады. Бүндай жатырлар пілде, кейбір кеміргіштерде болады.

Мюллер өзектерінің соңғы үштарының бір-бірімен көбірек бірігуінен қосбөлімді жатыр (uterus bipartitus) дамиды. Бүндай жатырдың бір мойны, денесі жөне екі мүйізі болады. Жатыр мойны қынапқа ашылады. Жатыр денесінің ішкі қуыеында жартылай перделік болады. Осыған байланысты жатырға “қосбөлімді” деген атақ берілген. Қосбөлімді жатыр кейбір кеміргіштер мен қолқанатты (жарғанат) хайуанаттарға тән.

Мюллер өзегінің жартылай бірігуінен, қосмүйізді жатыр (uterus bicornis) түзіледі. Бүндай жатырдың бір мойны, денесі және өте жақсы жетілген екі мүйізі болады. Қосмүйізді жатыр жоғарғы плаценталы жануарларға тән.

Мюллер өзектерінің толық қосылып бірігуінен, қарапайым жатыр (uterus simplex) дамиды. Бүндай жатырдың бір мойны, үлкен денесі болады. Денесіне екі жүмыртқа жолы екі жағынан ашылады. Қарапайым жатыр приматтар мен адамға тән.

Үрғашы жануарларда бағыттағыш байламньщ артқы бөлігі күрсақ қуысы қабырғасымен байланысын үзіп, жатырдың жүмыр байламына айналады. Ал оның алдыңғы жақсы жетілген бөлігі жүмыртқалықтың арнайы байламы — деп аталады.

АТАЛЫҚ КӨБЕЮ МҮШЕЛЕРІ

Аталық көбею мүшелері (органы размножения самца) — organa genitalia masculina — негізгі жыныс безі еннен, жыныс жолдарынан (ен қосымшасы, шәуетжолы, несеп-жыныс өзегі) және көмекші мүшелерлен (енқап, күпек) түрады.

Ен (семенник) — testis, s. didymis, s. orchis — пішіні сопақша келген жүп аталықжыныс безі. Ол күрылысы жағынан паренхималы

мүшелерге жатады. Енде аталықжыныс торшалары сперматозоидтар көбейіп жетіледі және аталықжыныс гормоны тестостерон түзіледі.

Ен құрсақ қабырғасынан пайда болған арнайы қалташа қүры- лым енқапта орналасады. Оның ен басы (extremitas capitata), ен денесі (corpus testis), ен қүйрығы (extremitas caudata) сияқты бөліктерімен қатар, ен қосымшалық жиегі (margo epididymidis) және бос жиегі (margo liber) мен латеральды және медиальды беттері болады. Енді сыртынан өзіндік қынаптық қабық (сірлі қабық ішперденің висцеральды жагтырақшасының жалғасы)— tunica vaginalis propria — пен оның астындағы ақ қабық (тығыз дәнекер үлпасы) — tunica albuginea testis — қаптагі жатады. Ақ қабық еннің басынан қүйрығы жағына қарай үңгілей еніп, ен ортасын (medi­astinum testis) қүрайды. Аққабықты ен ортасымен байланыстырып отыратын тығыз дәнекер үлпалық ен нерделіктері (septula testis) ен паренхимасын (parenchima testis) бөліктерге бөледі. Дәнекер үлпалық ақ қабық, ен ортасы және перделіктер еннің стромасын, ал оның паренхимасын ен бөлікшелері қүрайды. Ен бөлікшелерін қабыр- ғаларында сперматозоидтардың түзілу процесі сперматогенез жүретін 2-4 ирек түқымдық өзекшелер (tubuli seminiferi contorti)

қүрайды. Бүл өзекшелердің аралығында борпылдақ дәнекер үлпасы мен аталық жыныс гормонын белетін аралық (интерстициальды) торшалар орналасады. Ен бөлікшелеріндегі ирек түкымдық өзек- шелер ен ортасына қарай бағытталып, түзу түқымдық өзекшелерге (tubuli seminiferi recti) айналады. Олар өз кезегінде ен ортасында бір-бірімен қосылып ажырып, ен торын (rete testis) жасайды.

Ерекшеліктері. Айғырдың ені ірі, екі бүйірінен кысыңқы келеді. Оның бас жағындағы үшы краниальды, ал ен қосымшалық жиегі дорсальды бағытта орналасқан. Ен қосымшасы мен еннің аралы- ғында ен қосымшасыньщ саңылауы (sinus epididymidis) болады. Ен ортасы мен перделіктер жай кезге жақсы байқалмайды.

Бүқа, қошқар, теке ендері өте ірі болып келеді. Ен қосым- шасының басы жалпақ, денесі жіңішке, қүйрығы жуан болып, енмен түтасып кетеді. Ен ортасы жақсы байқалады. Бүл жануарлар еннің басы дорсальды, ал ен қосымшасының жиегі қаудальды бағытта жатады.

Қабанның ені өте ірі, пішіні сопақша келген. Ен қосымшасыньщ басы мен қүйрығы еннің екі үшында (полюсында) орналасқан. Ен ортасы мен перделіктер жақсы жетілген. Еннің басы кранио- вентральды, ал ен қосымшалық жиегі дорсо-краниальды бағытта орналасып, денеге қиғаш жатады.

Төбетгің ені онша ірі емес, пішіні дөңгелек-сопақша болады. Ен қосыімшасы жақсы жетілген. Бірақ, оның саңылауы айқын емес. Еннің денедегі орналасуы қабан енінің топографиясына ұқсас.

Еннің гистологиялық күрылысы. Ен сыртынан сірлі қабықпен (өзіндік қынаптық қабық), оның астындағы тығыз дәнекер үлпалық ақ қабықпен қапталған. Ақ қабық еннің артқы жағынан оньщ ортасына қарай үңгілей еніп, ен ортасын қүрайды. Ақ қабык пен ен ортасын жалғастыратын дәнекер үлпалық перделіктер, ен паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Еннің строімасын ақ қабық, ен ортасы және перделіктер, ал паренхимасын ен бөлікшелері күрайды. Әрбір ен бөлікшесі 2-4 ирек түқымдық өзекшелерден түрады. Олардың орташа диаметрі 150-250 мкм, үзындығы 30-70 см. Ендегі барлық ирек өзекшелердің жалпы үзындығы 1-3 км болады. Ирек түқымдық өзекше сыртынан коллаген, эластин талшықтары мен фиброциттерден қүралған дәнекер үлпалық қабықпен қапталған. Ирек түкымдық өзекшелердің қабырғасын құрылымдық негізде тығыз байланысқан эпителиоциттер мен сперматогенді торшалар қабаты түзеді. Эпителиоциттер (Сертоли торшалары) негіздік жарғақта орналасқан пішіні пирамида тәрізді тіректік торшалар. Олардың сопақ келген ядролары негіздік жарғаққа жақындау жатады. Цитоплазмасында барлық органеллалар бар. Әсіресе, агранулалы эндоплазмалық тор мен Гольдж кешені жақсы жетілген. Бүлармен қатар, лизосомалар, микротүтікшелер мен микрофиламенттер, ар- найы кристалды қүрылымдар болады. Қосындылардан липидтер, көмірсулар, липофусцин кездеседі. Тіректік торшалардың (сустен-

тоциттердің) екі бүйір қапталында даму сатысындағы сперматогенді торшалар орналасадьт. Сустентоциттер даму сатысындағы жыныс торшаларының толықжетілуіне қолайлы микроорта жасап, қоректік заттармен қамтамасыз етеді және өр түрлі улы заттар мен антигендерден қорғайды. Сонымен қатар, жетілмей бүзылу сатысындағы жыныс торшаларын лизосомаларының қатысуымен фагацитоз арқылы жояды.

Сперматогенді торшалар сперматогенез сатысындағы жыныс торшалары. Ирек түқымдық өзекшелердің шеткі жағындағы негіздік жарғақ маңында жатқан майда торшалар үздіксіз бөліну арқылы кебею сатысындағы сперматогониялар. Олардан өзекше қуысына қарай орналасқан 1-2 қатардағы ірі торшалар өсу сатысындағы біріншілік сперматоциттер. Олардың ядроларында шумақталған хромосомалар жақсы байқалады. Олардан кейінгі ішкі қатарларда жетілу сатысындағы екіншілік сперматоциттер мен сперматидалар. Екіншілік сперматоциттер ірірек, ядроларында хромосомалар шу- мағы байқалады. Пішіні сопақтау келген сперматидалардың ядроларында хромосомаларлып гаплоилты жиынтығы болады. Ирек

тұқымдық өзекшелер қуысы маңында немесе қуысында қалыптасу сатысындағы сперматозоидтар гоптасып орналасады. Ен бөлік- шелерін құрайтын ирек түқымдық өзекшелер аралықтарында қан және лимфа тамырлары мен жүйкелер өтетін борпылдақ дәнекер үлпасы болады. Осы аралықтарда ірі ядролы торшалар топтасып орналасады. Бүлар тестостерон гормонын бөлетін эндокриноциттер.

Бөлікшелер ішіндегі ирек түқымдық өзекшелер ен ортасына қарай түзуленіп, түзу түқымдық өзекшелерге айналады. Бүлардың қабырғаларында сперматогенді торшалар болмайды. Кдбырғасы тек эпителиоциттсрден түрады. Ен ортасында түзу түқымдық өзекшелер бір-бірімен қосылып, ажырап байланысып, ен торын жасайды. Ен торынан жетілген сперматозоидтарды ен қосымшасының басын қүрайтын түқым әкеткіш өзекшелер (10-30) алып шығады. Олар бір- бірімен қосылып, ен қосымшасының өзегін түзеді.

Түқым әкеткіш өзекшелердің кдбырғасы екі кдбатган түрады. Оньщ ішкі бетін призма тәрізді кірпікшелі торшалар мен кірпікшесіз текше тәрізді эпителий торшаларынан қүралған бірқабатты эпителий астарлайды. Призма тәрізді эпителиоциттер кірпікшелері сперматозоидтардың ен қосымшасына қарай қозғалуын қамтамасыз

етеді. Текше тәрізді эпителиоциттер сперматозоидтардың қоректенуіне кджет сөл бөледі. Өзекшенің сыртқы қабатын құрамында жекеленген миоцитгер болатын дәнекер ұлпалық қабыкдіа құрайды.

Еіі қосымшасы (гіридаток семенника) epididymis — тузілген шәует уақытша жиналып сақгалатын мүше. Ен қосымшасы қабыр- ғасының бөлетін сөлі шәует (сперма) күрамындағы сперматозоид- тарға әсер етіп, олардың қимыл қозғалыстарын тежеп, тіршілік қасиеттерінің үзақ мерзімге сақталуын қамтамасыз етеді. Ен қо- сымшасы ен қосымшасының басынан, денесінен және қүйрығынан (caput, corpus et cauda epididymidis) түрады. Ен қосымшасының басын ен торынан шәуетті алып шығатын іүқым әкеткіш езекшелер (ductuli aberrantes) күрайды. Олар бір-бірімен қосылып, ен қосымшасының өзсгін (ductus epididymidis) түзеді. Бүл озек ен қосымшасының денесі мен күйрығын қүрайды. Ен мен ен қосы.мшасын сыртынан қап- тайтын әзіндік қынаптық қабық (сірлі қабық), ен мен ен қосым- шасын бір-бірімен өзара және оларды енқаппен байланыстырып, ен шажырқайын (mesorchium) қүрайды.

Ен косымшасы өзегі кдбырғасының гистологиялық қүрылысы. Ен қосымшасы өзегінің кдбырғасы да екі қабаттан түрады. Оның ішкі бетін бірқабатты екіқатарлы эпителий астарлайды. Эпителий қабаты екі түрлі эпителиоциттерден түрады, Призма тәрізді секреторлы эпителиоциттердің сопақ келген ядролары негіздік жарғақтан жоғарырақ бір қатарда орналасады. Олар сол бөледі. Екінші аласа келген текше төрізді эпителиоциттердің дөңгелек ядролары негіздік жарғақкд жақын бір кдтарда жатады. Бүлар камбиальды қызмет атқарады. Сыртқы дәнекер үлпалық-етті қабатын қүрамында бірыңғай салалы ет үлпасының миоциттері бар дәнекер үлпалық қабықша күрайды.

Несеп-жыныс өзегі шәует жолы мен несепшығар озегінің қосылуынан пайда болады.

Жмиыстық қатынас мүшесі (айғырда — қаса, күйісті жануар- ларда — қамшы, төбетте — шүкі) несеп-жыныс өзегінен жөне оны сыртынан қаптаған кеуекті денеден түрады.

Енкдп (семенниковый мешок) — saccus testicularis — қүрсақ қабырғасы қабаттарынан дамып жетілген, пішіні дорба тәрізді куысты мүше. Енқаптың қуысы қүрсақ қуысымен шап өзегіндегі қынаптық өзек арқылы жалғасады. Оның куысында ен жөне ен қосымшасы орналасады. Енқаптың қабырғасы үмадан, еннің сыртқы көтергіш бүлшықетінен және жалпы қынаптық кдбықтан түрады. Ұма (scrotum) екі қабаттан: сыртқы теріден (cutis scroti) және ішкі етті-серпімді қабагган (tunica dartos) қүралған. Еггі-серпімді қабат беткей шандыр мен бірыңғай салалы ет үлпасынан түзілген. Етті-серпімді қабық үма куъісын, ұма пердесі (septum scroti) арқылы екіге бөледі. Әрбір қуыста жалпы қынаптық қабықпен және сыртқы ен кетергіш бүлшық етпен (m. cremaster externus) қапталған ен орналасады.

Еннің сыртқы көтергіш бұлшық еті (m. cremaster extemus) күрсақтың ішкі қиғаш бүлшық етінің енқаптағы жалғасы. Жалпы қынаптық қабық

(tunica vaginalis communis) екі: сыртқы талшықгы немесе фиброзды қабаттан (lamina fibrosa) және ішкі сірлі қабаттан (lamina serosa) құралған. Үма мен жалпы қынаптыққабық борпылдақдәнекер ұлпасы арқылы байланысып, енқапты түзеді. Енқаптың сірлі қабықпен астарланған куысы — кьшаптық куыста (cavum vaginalis) сірлі сүйық болады. Қынаптық қуыс күрсақ қуысының енқаптағы жалғасы.

Өзіндік қынаптық қабық (tunica vaginalis proprium) қүрсақ куысы сірлі қабығы висцеральды ішпердесінің үмадағы бөлігі. Ол ен мен ен қосымшасын тікелей қаптап, жалпы қынаптық қабықтың сірлі қабатына ауысып, ен шажырқайын түзеді. Ол шәует жолының артқы жиегін түтасымен үма қабырғасына байланыстырып, шап өзегіне жақыңдағанда жалпақ қынаптық қабықгың сірлі қабатына айналады. Ен шажырқайы өзінің төменгі болігімен ен қосымшасының құйрықтарын өзара жалғастырып тұрған еннің арнайы байламын және оның жалғасы шап байламын қоршап жатады. Шап байламы енді жалпы қынаптық қабықпен байланыстырады.

Шәуетжолы (семяпровод) — ductus deferens — шәуетті ен қо- сымшасынан алып шығатын түтікше мүше. Шәуетжолы қынаптық қуыстан, қынаптық өзек (canalis vaginalis) арқылы енбаудың күрамында жоғары көтеріліп, күрсақ қуысында шәует қагпарының (plica ductus deferentis) құрамында енбаудан ажырайды. Ол қуықтың жоғарғы жағымен артқа қарай бағытталып, қуық мойны түсында копіршікше без өзегімен қосылып, шәуетағар өзегіне(ductus ejacula- torius) айналады. Бүл өзек қуық мойнынан кейінірек несепшығар өзегімен қосылып, несепжыныс өзегін түзеді. Шәуетағардың қабыр- ғасында коптеген бездер орналасады. Сондықтан, шәуетағардың соңғы қалыңдау бөлігін безді бөлік немесе шәуетағар ампуласы (am­pulla ductus ejaculatorius) — деп атайды.

Шәуетжолының қабырғасы уш қабықтан: кілегейлі, етті және сірлі қабықтардан тұрды. Кілегейлі қабығында екі қабат болады. Ен қосымшасынан басталған бөлігінің ішкі бетін екіқатарлы кірпік- шелі эпителий, ал несеп-жыныс өзегіне жақын соңғы бөлігінің ішкі бетін бірқатарлы призма тәрізді эпителий астарлайды. Сыртқы қабаты борпылдақ дәнекер үлпалық езіндік тақташадан түрады. ІІІәуетжолы несеп-жыныс әзегіне ашылар алдында кеңейіп, ампула тәрізді без түзеді. Ол сперматозоидтар қоректенетін сөл бөледі. Шәуетжолының ортаңғы етті қабығы бірыңғай салалы ет үлпасы- ның ішкі сақинаша және сыртқы үзынша қабаттарынан түрады. Етті қабығы жиырылып, ампула безі сөлін шәует жолы қуысына шығарады. Шәуетжолы сыртынан сірлі қабықпен қапталған. Ол іяікі дәнекер үлпалық қабаттан және сыртқы мезотелийден (бірқаббаты жалпақ эпителий) қүралған.

Енбау (семенной канатик) — funiculus spermaticus — еннің қан, лимфа тамырлары мен жүйкелерінен қүралған, пішіні кесілген конус тәрізді, ен мен ен қосымшасын қүрсақ қуысымен жалғас- тырып түратын күрылым. Ол өз кезегінде тамырлар жөне шөует- жолы қатпарларынан түрады. Енбау сыртынан өзіндік қынаптық қабықпен (сірлі қабық) қапталып, қынаптық қуыстың жоғарғы бөлігінде орналасады. Қынаптық қуыстан сыртқы жөне ішкі қиғаш құрсақ бүлшық еттердің аралығындағьі шап өзегінде (canalis іп- guinalis) жатқан қынаптық өзек (canalis vaginalis) басталады. Қынаптық өзек құрсақ қуысымен жалғасады.

Несеп-жыныс әзегі (мочеполоаой канал) — uretra masculina — зәр бөлу және кебею мүшелері жүйелерінің ортақ мүшесі болып табылады. Ол екі: жамбас және жыныстық бөлімдерге бөлінеді. Несепжыныс өзегінің қабырғасы: ішкі кілегейлі, ортаңғы кеуекті, сыртқы етті қабықтардан түрады. Кілегейлі қабығын көпқабатты жалпақ ауыспалы эпителий астарлайды. Кеуекті қабықты бірыңғай салалы ет үлгіасының миоциттері, эластин талшықтарымен арқауланған дәнекер үлпалық перделіктер және олардың аралықтарында орналасқан, үңгір куысты вена қан тамырларының торы күрайды. Кеуекті қабықтың үңгір куысты вена қан тамырлары торының ішкі беті эндотелиоциттермен астарланған. Аталған тамырлардың үңгірқуыстары қанға толған кезде кеуекті қабық қатаяды да, несеп-жыныс өзегі ашылып, шәуеттің кедергісіз өтуін қамтамасыз етеді. Етті қабықты кәлденең жолақты бүлшық ет ұлпасы қүрайды.

Несеп-жыныс өзегінің жамбастық бөлімінің қабырғасында қосымша жыныс бездері, атап айтқанда, көпіршікше, қуықалды және баданалық бездер орналасады.

Қосымша жыныс бездері. Бүл бездерге: көпіршікше, қуықалды және баданалық бездер жатады. Бүлар уретраның жамбас белігінің қабырғасында орналасып, өздерінің өзектерімен оның қуысына ашылады. Құрылысы жағынан көпіршікше-түтікше бездерге жатады.

Көпіршікше без (glandula vesicularis) қуықтың жоғарғы Жағында, шәует жолының екі бүйірінде орналасқан жүп без. Оның өзегі шәует жолымен бірігіп, шәует төбешігіне (colliculus seminalis) ашылады.

Ерекшеліктері. Айғырда көпіршікше бездің сырты тегіс, пішіні алмұртқа уқсас көпіршік төрізді болып келеді. Үзындығы 12-15 см.

Бүқаның, қошқардың, текенің көгііриіікше безі көпбелікті, тығыз, сырты бұдырлы, пішіні сопакдіа болады. Бүқада бездің үзындығы 10-12 см.

Қабанда без өте көлемді келеді, үзындағы 15 см.

Итте бұл без болмайды.

Көпіршікті бездің гистологиялық құрылысы. Без қабырғасында бір-бірінен анық бөлінбеген үш қабық болады. Олар: кілегейлі, етті жөне адвентиция қабықтары. Кілегейлі қабығын бірқабатты призма тәрізді безді эпителий астарлайды. Оның астындағы өзіндік тақташаны борпылдақдөнекер үлпасы қүрайды. Қатпарланып жат- қан кілегейлі қабығында кілегейлі сөл бәлетін көпіршікті-түтікшелі бездер болады. Етті қабығы нашар жетілген. Адвентицияны бор- пылдақ дәнекер үлпасы қүрайды.

Куықалды без (glandula prostata) орналасу орнына қарай кабыр- ғалық және кдбырғадан тыс жатқан бездер болып екіге бөлінеді. Қабырғадан тыс жатқан без қуық мойнының дорсальды бетінде орналасады. Оның оң (logus гіехІег)және сол бүйір бөлігі (lobus sinisler lateralis) мен олардың аралығында ортаңғы мойыншығы (isthmus prostatae) және денесі(согрш prostatae) болады. Без озектері шәует тобешігінің екі бүйіріне келіп ашыладьт. Қабырғалық бездер аталық уретра жамбас бөлііінің кілегейлі және етгі қабықгарының арасындағы кеуекті денеде шашырай орналаскдн. Сондықтан, оны шашыранды қуыкдлды без (glandula prostata disseminata) — деп атайды. Без өзектері уретраның дорсальды кабырғасында екі қатар болып ашылады.

Ерекшеліктері. Қуықалды без барлық жануарларда кездеседі. Айғырда қабырғадан тыс жатқан куықалды бездің екі бүйір бөлігі мен мойыншығының пішіні таға тәріздес болып келеді. Ол уретрада орналасады. Шашыранды қуықалды без көлемі жағынан шағын, ол уретраның дорсальды қабырғасында болады.

Бүқада қабырғадан тыс жатқан қуықалды бездің тек ортаңғы болігі ғана болады. Шашыранды қуықалды безі негізінен несеп- жыныс өзегінің дорсальды қабырғасында орналасады.

Теке мен қошқарда қабырғадан тыс жатқан қуықалды без болмайды.

Қабанда шашыранды қуықалды без ірі болып, уретраның кілегейлі қабығын қоршай орналасады. Қабырғадан тыс жатқан қуықалды бездің ортаңғы бөлігі ғана сақталған.

Төбетте шашыранды қуықалды без болмайды. Оның есесіне қабырғадан тыс жатқан қуықалды без өте ірі. Олар сай арқылы оң және сол бөліктерге бөлінген.

Қуықалды бездің гистологиялық құрылысы. Без құрылысы жағынан күрделі көпіршікше-түтікше бездерге жатады. Қуықалды безінің қүрылысы, олардың орналасу орындарына байланысты. Без сыртынан дәнекер ұлпалық-етті қапшықпен қапталған. Қапшықтан бездің ішіне қарай дәнекер үлпалық-етті перделіктер тарала еніп, без паренхимасын бөлікшелерге беледі. Бәлікшелерді қабырғасы бірқабатты (эпителиоциттердің биіктігі әр түрлі жануарларда түрліше) безді эпителийден түратын, секреторлы соңғы бөлімдер қүрайды. Соңғы бөлімдерден шығатын өзекшелер бір-бірімен қосылып, несеп-жыныс өзегіне ашылатын қуықалды безінің негізгі өзегін қүрайды. Оның қабырғасы көпқабатты ауыспалы эпителийден түрады. Қуықалды безінің секреті шәуетпен бір мезгілде бөлініп, қышқылдық ортаны бейтараптандырып, сперматозоидтардың қимыл-қозғалысын арттырады.

Баданалық без (glandula bulbourethralis) несеп-жыныс өзегінің (уретраның) жамбастықбөлімінің соңғы бөлігінде орналасқан жүп без. Баданалык безді жоғарғы жағынан бадана-кеуекті бүлшық ет (m. bulbocavernosus) жауып жатады.

Ерекшеліктері. Айғырда баданалық бездің нішіні сопақша келген, үзындағы 4 см, уретра қуысына ашылатын 5-8 өзегі болады.

Бүқада, қошқарда және текеде баданалық без онша көлемді емес, бездің бір шығару өзегі болады.

Қабанда баданалық без өте үлкен, пішіні цилиндр тәріздес, сыртқы беті бүдырлы болып келеді. Бездің өзегі несеп-жыныс өзегінің кілегейлі қабығындағы бітеу қалташаға ашылады.

Төбетте баданалық без болмайды.

Баданалық бездің гистологиялық қүрылысы. Баданалық без қүрылысы жағынан күрделі көпіршікше-түтікше бездерге жатады. Бездің қүрылысы жануарлардың түріне байланысты. Баданалық безді сыртынан қаптайтын дәнекер ұлпалық қапшықтан без ішіне енетін перделіктер, оның паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелердегі секрет бөлетін соңғы белімдердің қабырғаларын бірқабатты призма тәрізді безді эпителий қүрайды. Бездің шығару өзектерінің қабырғасы бірқабатты текше тәрізді эпителиймен астарланған. Баданалық бездің секреті жыныстық қатынас алдында бөлініп, несеп-жыныс өзегі қуысын зәр қалдықтарынан тазалайды.

Қосымша жыныс бездерінің сөлдері жануарлардың үрықтануы кезінде маңызды рөл атқарады. Олар спермийлермен араласып, шәуетті (сперманы) түзуге қатысады. Спермийлерді қозғалысқа келтіріп, олар үшін қоректік қызмет атқарумен қатар, шөует жүрер алдында несепыныс өзегі қуысын зәр қалдықтарынан тазалайды. Көпіршікше без сөлі үрғашы жануарлар қынабына шәуеттен соң бөлініп, кілегейленіп, қоюланып, шәуеттің аналық жыныс жолынан кері тәгілмеуін камтамасыз етеді.

Жыныстық қатынас мүшесі (половой член) —penis — кеуекті дене мен несеп-жыныс өзегінен қүралған. Жыныстық қатынас

мүшесінің үңгіркуысты денесі (corpus cavemosus penis) екі жыныстық мүше аяқшасынан (crus penis) түрады. Олар оң және сол шонданай төмпектерінен басталады. Әрбір аяқшаны жақсы жетілген шонданай-үңгіркуысты бүлшық ет (m. ischio-cavernosus) сыртынан қаптап жатады. Жыныстық қатынас мүшесінің аталған екі аяқшасы өзара бірігіп, жыныстық мүшенің тақ денесін (corpus penis) қү- райды. Ол өз кезегінде сүйірленіп келіп, үңгірқуысты дене үшына (apex corporis cavernosi penis) ауысады. Үңгірқуысты дененің орта- сында, жыныстық қатынас мүшесінің үзын бойымен бойлай орна- ласқан жыныстық мүше пердесі (septum penis) болады. Үңгірқуысты денені сыртынан тығыз дәнекер үлпалы ақ қабық қаптап жатады. Қабықтан үңгірқуысты дененің ішіне қарай серпімді талшықтар және бірыңғай салалы ет миоциттерімен арқауланған тығыз дәнекер үлпалы перделіктер (трабекулалар) бір-бірімен торлана байла- нысып, кеуекті денені қүрайды. Ішкі беті эндотелиймен астарланған қан тамырларынан дамыған үңгірқуыстар осы тордың ішінде жатады. Қан үңгірқуыстарға терең жыныстық мүше артериялары (а.а. penis profundi) арқылы ағып келеді. Жыныстық қозу кезінде жүйкелік тітіркеністің әсерінен шонданай-үңгіркуысты бүлшық ет жиырылып, жыныстық мүшеден қанды алып шығатын жыныс венасын қысып, қанның әрі қарай ағуын тоқтатады. Осының нәтижесінде үңгірқуыстар қанға толып, көлемі мен үзындығы үлкейіп қатаяды. Бүл процесті эрекция — деп атайды.

Жыныстық қатынас мүшесі айғырда қаса, күйісті жануарлар мен қабанда қамшы, төбетте шүкі (түкі) — деп аталады. Ол жыныстық мүше түбірінен (radix penis), денесінен (corpus penis) және басынан (apex penis) түрады.

Жыныстық қатынас мүшесінің түбірі мен денесін сыртынан қаптап жатқан тері, оның басына дейін созылып, жыныстық мүшенің терілік бүрік басы күгіекті (praeputium) кұрайды.

Ерекшеліктері. Айғырдың жыныстық мүшесінің (қасаның) үңгір- қуысты денесі жақсы жетілген. Сондықган, қаса оте қомақгы келеді. Қасаның дөңгелек келген жуан басының пішіні тәж тәрізді. Оның вентральды бетіне жақын жыныстық мүше басының шүңқыры орналасады. Айғыр күпегінің қүрылысы басқа жануарларға қара- ғанда күрделі. Себебі, ол сыртқы жөне ішкі күпектерден түрады, яғни ол қос күпекті мүше.

Бүқаның жыныстық мүшесінің (қамшы) пішіні цилиндр тәрізді, үзын және жіңішке болып келеді. Үманың артқы жағында, қамшы- ның денесі S әрпі тәрізді иілім (flexura sigmoidea penis) түзеді. Оның жіңішкерген мойны және жалпақ келген қалпағы болады. Қалпақтың сол бүйірінде несеп-жыныс озегінің осіндісі орна- ласады. Жыныстық мүшенің күпегі жіңішке, үзын (35-40 см), оның тесігі кіндіктен 4-5 см кейін ашылады. Күпекті алға және артқа тартатын кранкальды күпек бүлшық еті және каудальды күпек бүлшық еті болады.

Қошқар қамшысы бүқа қамшысына үқсас, бірақ несеп-жыныс өсіндісі үзындау келеді және S әрпі тәрізді иіліп түрады. Текеде қамшының несеп-жыныс өсіндісі қысқалау және түзу болып келеді.

Қабан жыныстык, мүшесінің қүрылысы күйіс қайтаратын малдарға үқсас, бірақ, S өрпі тәрізді иілімі үманың алдыңғы жағында орначасады. Оның басы үшкірленіп келіп, шиыршықтала бүралып түрады. Күпектің алдыңғы қабырғасында, оыың кеңейген қалташасы болады.

Төбеттің жыныстық мүшесі (түкі) басының негізін сүйек (os penis) қүрайды. Оның вентральды бетінде уретра сайы орналасады. Жыныстық мүшенің басы үзара келіп, оның арткы болігінде жы- ныстық қатынас кезінде ерекше үлкейетін баданасы болады. Осы- ның арқасында эрекция үзаққа созылады.

Аталық көбею мүшелері бойынша бақылау сүрақтары:

  1. Жануарлар организміндегі көбею мүшелерінің түрлері жөне олардың маңызы.

  2. Аталық көбею мүшелерінің бөлімдері, оларға қандай мүшелер жатады?

  3. Еннің қүрылысы және маңызы. Жануарлардағы ерекшеліктері.

  4. Енкдп кдбырғасының қүрылысы, енқап қуысы қалай аталады және ол қүрсақ қуысымен қалай қатысады?

  5. Енбау мен несеп-жыныс өзегінің күрылысы.

  6. Кдндай қосымша жыныс бездерін білесіз және олар қандай мүшенің қабыргасында орналасады? Олардың қүрылысы және маңызы.

  7. Жыныстык. қатынас мүшесінің құрылысына көңіл аударып, оның жануарлардағы ерекшеліктеріне тоқталыңыз.

  8. Тақырып мәтініндегі қазакша-латынша терминдерді сөздікке кошірігі алып, оларды жаттаңыз.

АНАЛЫҚ КОБЕЮ МҮШЕЛЕРІ

Аналық көбею мүшелері (органы размножения самки) — organa genitalia feminina — екі болімнен: негізгі жыныс безі жүмырткдлықган (паренхималы мүше) және жыныс жолдарынан (түтікше мүшелер) түрады. Жыныс жолдарына жатыр түгігі (жүмыртқа жолы), жатыр, қынап, несеп-жыныс кіреберісі және сыртқы жыныс мүшесі жатады.

Жүмыртқалық (яичник) — ovarium — аналық жыныс торшалары овоциттер жетіліп, аналық жыныс гормондары болінетін, пішіні сопақша келген жүп паренхималы мүше. Үй жануарларында жүмыртқалық бел аумағының жамбас куысына кіреберісінде, шажыр- қайға (mesovarium) ілініп тұрады. Шьгжырқай арқылы жүмырткзлықкд қоректендіретін қан және лимфа тамырлары мен жүйкелер енеді. Жүмыртқалықтың алдыңғы түтіктік, артқы жатырлық үштары, жоғарғы шажырқайлық, төменгі бос жиектері, латеральды және медиальды беттері болады. Жүм ыртқалықтың түтіктік үшына жатыр түтігініц қүйғышы (воронка), ал жатырлық үшына өзіндік жұмырт- қалық байламы (ligamentum ovarii proprium) арқылы жатыр мүйізі байланысады. Сыртынан ол басгама эпителиймен (бірқабатты текше тәрізді) және оның астындағы ақ кабықпен (тығыз дәнекер үлпасы) қапталған. Жүмырткдлық фолликулалы және тамырлы екі аймақтан қүралған. Фолликулалы аймақта жүмыртқа торшалары овоциттердің дамып жетілу процесі — овогенез жүреді. Аталған аймақтың шеткі

жағында бөлінігі көбею сатысындағы жас жыныс торшалар — майда біріншілік (примордиальды) фолликулдар (folliculi ovarii primarii) түрлі жануарларда түрліше топтасып жатады. Олардан сәл төменірек, біріншілік фолликулдарға қарағанда ірірек өсу сатысындағы жыныс торшалары есуші фолликулдар орналасады. Жыныс торшалары пісіп жетілуге жақындағанда, фолликулдардың мөлшері тым үлкейіп, көпіршікті фолликулдарға (folliculi ovarii vesiculosi) айналады. Олар жарылғаннан соң, ішіндегі жетілген жүмырткд торшасы көпіршіктегі фолликул сүйығымен бірге жүмыртқалықган бөлініп, жатыр түтігі қүйғышына өтеді. Фолликулдардың жарылу процесін овуляция (ovulatio) деп атайды. Жарылған көпіршікті фолликул орнында сары дене (corpus luteum) түзіледі. Сары дене торшалары прогестерон гормонын бөледі.

Тамырлы аймақ арқылы жүмыртқалықты қоректендіретін қан, лимфа тамырлары мен жүйкелер өтеді. Жүмыртқалықтың стромасын борпылдақ дәнекер үлпасы қүрайды.

Ерекиіеліктері. Бие жүмыртқалығының пішіні жас малдарда сопақша, ал кейін жасы үлғая келе лобия төрізденіп өзгереді. Оның тамырлы аймағы шетінде, ал фолликулалы аймақ ортасында орналасады. Сыртынан жүмыртқалық сірлі жөне ақ қабықпен қапталған. Тек, оның вентральды бетіндегі жүмыргқа шүңқыры (fossa ovarii) ғана бастама эпителиймен қапталған. Овуляция тек осы шұңқырда ғана жүреді. Жүмыртқалықтың үзындығы 5-8 см, салмағы 80 г. Оң жүмыртқалық 3-4 -інші, ал сол жүмыртқалық ' 4-5 -інші бел омыртқалардың түсында шажырқайға ілініп түрады.

Басқа жануарларда жүмыртқалық сьіртынан бастама эпителиймен қапталған. Олардың фолликулалы аймағы жүмыртқалықтың сыртқы шетінде, ал тамырлы аймағы ортаңғы болігінде орналасады.

Сиыр жүмыртқалығының пішіні сопақша келген, салмағы 14- 19г. Оң жүмыртқалықтың мөлшері сол жүмыргқалыққа қарағанда үлкенірек болады. Олар мықын сүйектің қүйымшақ төмпегі түсында қысқа шажырқайға ілінген.

Қой мен ешкі жүмыртқалықтарының пішіні доңгелек болып келеді.

Мегежін жүмыртқалығында бір мезгілде ондаған жүмыртқа торшалары пісіп жетіледі. Осыған байланысты оның сыртқы беті бүдырлы келеді. Олар 5-6 -шды бел омырткэлар аумағында орналаскэн.

Қаншық жүмыртқалығы көлемі жағынан кішкентай болып келеді. Ол толығымен жүмыртқа қапшығының ішінде жатады. Жүмыртқалық 3-4 -інші бел омыртқалар аумағында орналасады.

Жүмыртқалықтың гистологиялық қүрылысы. Жүмыртқалық сыртынан ішперденің жалғасы бастама эпителиймен және оның астындағы тығыз дәнекер үлпальіқ ақ қабықпен қапталған. Бастама эпителий бірқабатты текше тәрізді эпителийден түрады. Жүмырт- қалық сыртқы қыртысты заттан немесе фолликулалы аймақтан, ііпкі бозғылт заттан немесе тамырлы аймақтан қүралған.

Жұмыртқалық құрылысы жағынан қомақты паренхималы мүше. Оның стромасын дәнекер үлпасы қүрайды. Қыртысты заттың стро- масында аздаған коллаген талшықтары болады. Оны негізінен дәнекер үлпасының аморфты затында орналасқан фибробласттар қүрайды. Фолликулалы аймақтың дәнекер үлпалық стромасында әр түрлі даму сатысындағы фолликулдар, сары және ыдырама дене- лер болады. Фолликулалы аймақтың шеткі, аққабықпен шектескен сыртқы жағында жекеленіп немесе топтасып орналасқан үсақ алғашқы (примордиальды) фолликулдар жатады. Алғашқы фолликул жас овоциттен және оның сыртындағы фолликулалы қабықтан қүралған. Фолликулалы қабықты бір қабатта орналасқан жалпақ фолликул торшалары түзеді. Жүмыртқалықтың орталығына қарай өсу сатысындағы ірі фолликулдар орналасады. Оларды өсуші фолли- кулдар — деп атайды. Олардың ішіндегі жүмыртқа торшасының цитоплазмасында сарыуыз жинақталып, фолликулдардың көлемі өсіп үлғаяды. Сыртындағы фолликул торшалары да, бөліну арқылы көбейіп, бірқабатты текше тәрізді, одан соң, бірқабатты призма тәрізді фолликулалы қабыкқа айналады.- Фолликулалы қабықты овоциттен негіздік жарғақ шектеп, бөліп түрады. Негіздік жарғақты мөлдірлігіне байланысты шыныша жарғақ — дейді. Жүмыртқа торшасы одан өрі жетіліп өскен сайын, фолликулалы қабык торшалары да бөлініп көбейіп, көпқабатты қабыққа айналады. Фолликулалы қабықтың сыртындағы дәнекер үлпалық стромадан фолликулдың дәнекер үлпалық: ішкі тамырлы және сыртқы талшықты қабықтары (фолликул текасы) түзіледі. Фолликул торшалары араларында, осы торшалар түзген сүйық өнімдерге толған қуыстар пайда болып. кейіннен олар бір-бірімен қосылып, фолликул қуысына айналады. Фолликул қуысында фолликул сүйығы болады. Фолликулдың көлемі тым үлкейіп, көпіршік төрізді қүрылым түзіледі. Бүл қүрылымды көпіршікті фолликул — дейді. Жүмыртқа торшасы (овоцит) көпіршікті фолликул ішіндегі, оның фолликул қабығымен жалғасып жатқан төбешікте орналасып, одан әрі жетіледі. Төбешікті сыртынан пішіні призма тәрізді фолликул торшалары бір қатарда орналасып, жүмыртқа торшасын қаптап жатады. Фолликул торшалары даму сатысындағы овоцитті өздерінің плазмолемма өсінділері арқылы қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Төбешікте жатқан жүмыртқа торшасын сыртындағы бір қатар фолликул торшаларымен біріктіріп, “сәулелі тәж” — деп атайды. Ішіндегі қуысы сүйыққа толған, қүрылысы күрделі, көлемі үлкен фолликулды жетілген фолликул (Грааф көпіршігі) дейді. Жетілген фолликулдың қабырғасы төрт қабаттан: ішінен сыртына қарай фолликулалы қабықтан, шыныша жарғақтан, тамырлы және тал- шықгы қабықтардан түрады. Фолликул торшалары фолликул сүйы- ғына эстроген гормонын бөледі. Бүл гормон қанға сорылып, үрға- шы жануарларды күйітке келтіреді. Осы мезгідде жетілген фолликул қабығы жүмыртқалықтың ақ қабығына жанасып, ішіндегі фолликул

сүйығының қысымы күшейеді. Гипофиздің лютеотроптық гормо- нының (ЛГ) әсерінен фолликул жарылады да, даму сатысындағы жүмыртқа торшасы фолликул сүйығымен бірге жүмыртқа жолы қүйғышына қүйылады. Бүл процесті овуляция — деп атайды. Жарылған фолликул орнында аденогипофиздің лактотроптық гормоны әсерінен сары дене өсіп жетіледі. Жарылған фолликул қуысы қанға толып, қан тамырларымен тамырланады да, фолликул торшаларының бөлініп көбеюіне, олардың сары пигменттерді жинап үлкеюіне қолайлы жағдай туады. Фолликул торшаларынан сары дененің лютеоциттері жетіледі. Ал жетілген фолликулдың сыртқы дәнекер үлпалық қабығының (фолликул текасы) торшала- рынан текалютеоциттер дамиды. Сары дененің аталған торшалары уақытша эндокриндік қызмет жасап, прогестерон гормонын бөледі. Прогестеронның әсерінен жүмыртқалықтағы овогенез процесі тоқтайды. Жатыр бездері жүмысын күшейтіп, үрықгың өсуіне қажет сөл бөлінеді. Нәтижесінде жатырда үрықтанған үрықтың дамуына қолайлы орта түзіледі. Үрғашы жануарлардың жыныс жолдарында үрықтану процесі жүріп, үрық байланып, буаздық дамыған жағдайда, сары дене буаздықтың соңына дейін прогестерон бөліп, жатыр қабырғасының үнемі босаңсып түруын қамтамасыз етіп, жануарлардың іш тастауына жол бермейді. Бүндай сары денені буаздық сары денесі — деп атайды. Ал үрықтану процесі жүрмей, үрық байланбаған жағдайда сары дене кері ыдырап кетеді де, ақ денеге айналады. Ақ денені жыныстық айналымның сары денесі дейді. Ал кейбір жануарларда әр түрлі қабыну гіроцесінің нәти- жесінде сары дене кері ыдырамай сақталып қалады. Ол түрақты түрде прогестерон гормонын организмнің ішкі сүйық ортасына бөліп отырады. Нәтижесінде үрғашы жануардың организмінде прогестеронның өсерінен жүмыртқалықтағы овогенез процесі тоқтайды да, жүмыртқа торшасы гіісіп жетілмейді. Жануар бедеулік ауруына үшырайды. Бүндай сары денені дерттік (патологиялық) сары дене — деп атайды. Бүндай жағдайда ауруға үшыраған жануарға мал дәрігерлік көмегін көрсету керек.

Жүмыртқалықтағы фолликулдардың көбі толық жетілмей ыдырау процесіне үшырап, ыдырама (атреттік) денеге айналады.

Жүмыртқалықтың тамырлы аймағында ірі қан және лимфа тамырлары мен жүйкелер борпылдақ дәнекер үлпалык стромасы арқылы өтеді. Бозғьшт заттың дәнекер үлпасында эпителий торша- ларына үқсас интерстициальды торшалар (интерстициоциттер) топтасып жатады, Интерстициоцитгер эндокринді торшалар. Олар эстроген гормонын бөліп, екінші жыныстық белгілердің дамуына әсерін тигізеді.

Жатыр түтігі (жүмыртқа жолы) яйцевод — tuba uterina, s. oveductus, s. salpinx — жүмыртқалық пен жатырдың аралығында орналасып, жатырға ашылатын жіңішке иректелген жүп түтікше мүше. Оның жоғарғы жүмырткалыққа жақын бөлігі қуысында

ұрықтану процесі жүреді. Оның кеңейіп басталатын бөлігін жатыр түтігінің құйғышы (infundibulum tubae uterinae), ал шашақталған жиегін түтік салпыншағы (fimbria tubae) — деп атайды. Жатыр түтігінің сыртқы сірлі қабығы жүмыртқа жолының шажырқайын түзеді. Аталған шажырқай жатырдың жалпақ байламының ме- диальды қатпары, ал жүмыртқалықтың шажырқайы жатырдың жал- пақ байламының латеральды қатпары болып табылады. Бүлардың аралығында жүмыртқалықгың қапшығы (bursa ovarica) орналасады.

Жатыр түтігінің гистологиялық қүрылысы. Жүмыртқа жолының қабырғасы түтікше мүше ретінде: кілегейлі, етті және сірлі қабықтардан күралған. Оның ішкі кілегейлі кабыгында екі қабат ажыратылады. Кілегейлі қабықтың ідікі бетін астарлайтын бірқабатты кірпікшелі эпителийді негіздік жарғақта орналасқан екі түрлі эпителиоциттер қүрайды. Олар: кірпікшелі және кірпікшесіз эпите- лиоциттер. Призма тәрізді кірпікшелі эпителиоциттердің апикальды бетінде кірпікшелермен қатар микробүрлер де болады. Эпителио- циттер кірттікшелері жүмыртқа түтігі куысындағы жүмыртқа тор- шасының жатырға қарай қозғалуына ықпалын тигізеді. Кірпікшесіз торшалардың пішіні текше тәрізді. Олар секрет бөлетін торшалар.

Эпителий қабатының астында борпылдақ және ретикулалы үлпа- лардан қүралған өзіндік тақташа орналасады. Бүнда жекеленген миоциттер кездеседі. Олардың жиырылуы нәтижесінде жатыр түтігінің кілегейлі қабығы қатпарланып жатады. Жүмыртқа жолының еггі кдбығында бір-бірінен анық бөлінбеген ішкі сақинаша және сыртқы ұзынша бірыңғай салалы ет үлпасы миоциттерінің қабаттары ажыратылады. Оның сірлі кдбығы басқа түтікше мүшелердегідей ішкі дәнекер үлпалық қабаттан және сыртқы мезотелийден түрады.

Жатыр (матка) — uterus, s. metra — плацентарлы (үрықжолдасы толық жетілген) сүтқоректі жануарларда үрық толық дамып жетілетін қуысты түтікше мүше.

Үй жануарларының жатыры қүрылысы жағынан қосмүйізді жатыр түріне жатады. Жатыр қос жатыр мүйізінен (cornua uteri), тақ жатыр денесінен (corpus uteri) және тақ жатыр мойнынан (cervix uteri) түрады. Жатыр мүйіздерінің үшкірленіп келген краниальды үшындағы жатыр тесігіне жатыр түтігі ашылады. Жатыр мүйіздері мен денесінің қуыстары бірігіп, жатыр қуысын (cavum uteri) түзеді. Жатыр қуысы өз кезегінде жатыр мойнының өзегі (canalis cervicis uteri) арқылы қынапқа ашылады.

Жатыр қабырғасының құрылысы. Түтікше мүше ретінде жатырдың қабырғасы ішкі кілегейлі (endometrium), ортаңғы етті (myometrium) және сыртқы сірлі (perimetrium) қабықтардан қүралған. Кілегейлі қабықтың ішкі беті бірқабатты призма төрізді эпителиймен астарланған. Эпителий торшаларының ішінде кірпікшелі және кілегейлі-сірлі секрет бөлетін эпителиоциттер кездеседі. Эпителий қабатының астында борпылдақ дөнекер және торлы үлпалардан түратын озіндік такташа мен кілегейліасты негіз орналасады. Эндометрийде кілегей болетін түтікше жатыр бездері (glandula uterinae) болады. Бүндай бездер негізінен жатыр- дың мүйізі мен денесінде коптеіт кездеседі. Жатыр мойнының қатпарлы кілегейлі қабығында бездер болмайды.

Күйіс қайтаратын жануарлар жатырының кілегейлі қабығында негізінен озіндік тақташадан түзілген, торт қатарда орналасқан сүйелшелер (карункулалар)— caruncula uteri — болады. Жатырдың кілегейлі қабығының кірмелері мен іштолінің үрық қабықтарының алланто-хорион бүрлері байланысып, үрықтың дамып осуін қамтамасыз ететін үрықжолдасты (плацентаны) түзеді. Үрықжолдас туралы мәліметтер эмбриология тарауында толық баяндалған.

Жатырдың етті қабығы миометрий үш қабатган: ішкі сақинаша, ортаңғы тамырлы және сыртқы үзынша қабаттардан түрады. Ішкі сақинаша және сыртқы үзынша қабаттарды бірыңғай салалы ет үлпа- сының миоциттері түзеді. Оның ішкі сақинаша кдбаты сыртқы үзынша қабатына қарағанда едәуір жақсы жетілген. Миометрийдің ортаңғы борпылдақ дәнекер үлпалық тамырлы кдбатында жатыр қабырғасын қоректендіретін ірі кан тамырлары болады. Етті қабық жатырдың мойын аумағында мойын озегінің қысқыш бүлшық етін күрайды.

Сірлі қабық — периметрий жатырды сыртынан кдптай келіп, оның екі бүйірінде тоғысады да, жатырдың жалпақ байламын (ligamentum latum uteri) немесе жатыр шажырқайын (mesometrium) түзеді. Ол краниальды бағытта жүмыртқалық пен жатыр түтігінің шажырқайына ауысады. Осы байламның екі бүйіріндегі қатпарлар арқьшы жатырдың жұмыр байламы (ligamentum teres uteri) өтеді. Жұмыр байлам еннің бағыттағыш байламы сиякты шап өзегі тесігінің аумағына қарай бағытталады. Ол байламдар жатырды құрсақ және жамбас қуыс- тарының қабырғаларына бекітеді. Олар арқылы жатырға қан тамыр- лары мен жүйкелер өтеді. Жатыр байламдарының өздеріне тән күры- лыс ерекшелігі кұрамында бірыңғай салалы ет талшықтарының болуы.

Жануарлар жатырлары негізінен құрсақ қуысының шат аумағында орналасады.

Ерекшеліктері. Бие жатырының мүйіздері денесіне қарағавда сәл үзындау келеді. Олардың алға кэрай краниальды бағытта жаткдн жүмыр ұшы доғалданып аяқгалады. Жатыр мүйізінің пішіні жайпақдоға тәрізді сәл иіліп тұрады. Оның дөңес келген жиегі темен, ал ойыс жиегі жоғары қарай бағыггалган. Жатыр мойныньщ кдбырғасы қалың, цилиндр пішіндес болып, қынап куысына шұмек тәрізді кіріп тұрады. Сыртқы жатыр тесігі кілегейлі қабықгың ұзынша қатпарларымен қоршалған. Жатыр 3-4 -інші бел омыртқаларынан 4-інші қүйымшақ омырткэларының аралығындағы қабырғаға бекітілген.

Сиыр мен ұсақ малдарда жатыр мүйізі шиыршықтала иіліп, пішіні қошқар мүйізіне үқсас келеді. Жатыр денесі үзын болғанымен, ішкі куысының бір бөлігі аралық перде арқылы екіге бөлінген. Жатыр мойнының қабырғасы қалың, үзындығы 7-11 см -дей болып оқшау- ланып түрады. Жатыр мүйізі мен денесінін, кілегейлі қабығында, әрбір қатарында 10-14 -тен төрт кдтар орналасқан жатыр сүйелшелері (карункулалары) — (caruncula uteri) болады. Карункулаларда іштөлі қабықтарының бүрлері жатыр қабырғасымен байланысатын жатыр кірмелері (cryptae uterinae) орналасады. Үсақ малдардың жатыр карункулаларының бетінде шүңқыр болады.

Мегежін жатырының мүйіздері өте үзын (140-150 см), пішіні ішек ілмектеріне үқсас болады. Жатыр денесі қысқа (5 см), ал мойны одан үш еседей үзын келеді. Бүдырлы қатпарлармен жабдықталған жатыр мойнының кілегейлі қабығы ешқандай шекарасыз қынапқа ауысады.

Кдншық жатырының мүйізі жіңішке, үзын және екіге айырылған. Жатыр денесі одан 4-5 есе қысқа болады. Жатыр мойнының кілегейді қабығы үзынынан жөне көлденеңінен орналасқан қатпарлар түзеді.

Ьфшап (влагалище) — vagina — жыныстық қатынасты және төлдің туу процесін кдмтамасыз ететін, жатыр мен несеп-жыныс кіреберісі аралыгында орналаскдн тақтүгікше мүше. Ол жамбас қуысында жатыр- дан кейін орналасып, ешкэвдай шекарасыз несеп-жыныстықкіреберіске етеді. Олардың шекарасын уретраның сыртқы тесігі белгілеп түрады.

Қынаптың қабырғасы кілегейлі, етті қабықтардан және сыртқы адвентициядан түрады. Оның қатпарлы безсіз кілегейлі қабығы

көпқабатты жалпақ эпителиймен астарланған. Ортаңғы етті қабық ішкі сақинаша және сыртқы ұзынша қабаттардан құралған. Қынаптың сыртқы краниальды бөлігін ғана сірлі қабық, ал қалған негізгі бөлігін адвентиция қабығы қаптап жатады.

Ерекиіеліктері. Бие қынабы несеп-жыныс кіреберісінен ұзындау болады. Жатыр шүмегі кіріп тұрған оның алдыңғы жағындағы саңы- лауын қынап күмбезі (fornix vaginae) — деп атайды.

Сиыр қынабы несеп-жыныс кіреберісінен екі есе үзын, оның күмбезі тек шүмектің дорсальды жағынан ғана байқалады.

Үсақ малдардың қынабы қүрылысы жағынан сиыр қынабына үқсас болып келеді.

Мегежін қынабының пішіні жідішке түгік тәрізді, күмбезі болмайды. Кдишық қынабының ұзындығы несеп-жыныс кіреберісіне қара- ғанда үзын болады. Күмбезі айқын байқалады.

Несеп-жыныс кірсберісі (мочеполовое преддверие) — vestibulum vaginae — каудальды бағытта сыртқы жыныс мүшелерімен аяқталады. Несеп-жыныс кіреберіеі кдбырғасының күрылысы қынагіқа үқсас. Оның етті кдбығындағы бірыңғай салалы ет үлпасы қабатын сыртынан көлденең жолақты ет үлпасынан түзілген кіреберістік қысқыш бүлпіық ет (m. constrictor vestibuli) сақина тәрізді сыртынан қоршап жатады.

Ерекшеліктері. Биенің несеп-жыныс кіреберісінде кіреберістік вентральды (кіші) бездермен (glandula vestibularis ventralis s. minores) қатар, латеральды (үлкен) кіреберістік бездер (glandula vestibularis lateralis s. majores) болады. Кілегейлі қабықтың астында үңгірқуысты денеден түратын жүп үңгірқуысты кіреберістік бадана (bulbus cavernosus vestibuli) орналасады.

Сиырда және үсақ малдарда латеральды кіреберістік бездер жақсы жетілген. Оның өзектерінің ірі тесіктері кілегейлі қабық қатпарларының арасына ашылады.

Мегежіннің несеп-жыныс кіреберісінің бүйір қабырғасында үңгірқуысты дене бөлігінің бар екендігі байқаладьт. Уретра тесігінен кейін, кілегейлі қабық екі жүп қатпар түзеді. Вентральды кіребе- рістік бездердің өзектері үзынша қатпарлардың арасына ашылады.

Қаишық несеп-жыныс кіреберісі кілегейлі қабығының астында үңгірқуысты денедей түзілген жүп бадана болады. Олар қанға толған кезде тым үлкейіп, кіреберіс куысын тарылтады.

Сыртқы жыныс мүшелеріне (наружные половые органы) немесе вульваға (pudendum femininum, s. vulva) жыныс ернеулері, жыныс саңылауы және юштор жатады.

Жыныс ернеулері (половые губы) — labia pudendi — жоғарғы және төменгі жағынан дорсальды және вентральды бітістер (commissura labiorum dorsale et ventrale) арқылы жалғасады. Оның негізін бірыңғай салалы және көлденең жолақты ет үлпаларынан тұратын жыныс саңы- лауыньщ іфісқыш еті (rn. constrictor vulvae) кұрайды. Жыныс ернеулері терісінің медиальды беті көпкдбатты жалпақ эпителиймен астарланған.

Клитор (clitoris) үңгірқуысты денеден қүралған. Оның екі аяқшасы, денесі және төбесі болады. Клитордың аяқшалары шондаыай төмпегіне бекиді.

Аналық кебею мүшелері бойынша бақылау сүрақтары:

  1. Үргашы жануарлар жыныс мүшелері қандай белімдерден түрады?

  2. Жумыртқалықтың деиедегі орналасу орны, күрылысы және оның жануарлар түрлеріне байланысты ерекшеліктері.

  3. Жатыр түтігінің қүрылысы жөнс маңызы.

  4. Жатырдың күрылысы және оның жануарлар түрлеріне байланысты құрылыс ерекшеліктері.

  5. Қынаптың, несеп-жыныс кіреберісінің жөне сыртқы жыныс мүшелерінің кұрылысы.

  6. Тақырып мәтініндегі қазақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алып, оларды жаттаңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]