Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KIRISPE.doc
Скачиваний:
219
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
3.14 Mб
Скачать

VII тарау. Жануарлар организмдерінің қүрылысы мен даму зандылықтары

Жануарлар организмдерінің даму кезендері мен олардың дене құрылысы тірі табиғагқа тән биологиялық заңдылықтарға бағынады. Олай болса, мал шаруашылығының мамандары өздерінің төл қызметтерін, атап айтқанда, мал түліктерін өсіру, олардың тұқымдарын асылдандыру, емдеу мен сақтық шаралары жүмыс- тарын атқару үшін, аталмыш зандылықтарды жақсы білуі керек. Организмнің қүрылысы мен дамуының негізгі зандылықтары:

Тарихи даму заңы. Жер жүзінде мекендейтін өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің сан алуан өкілдері тірі табиғаттың үзақ тарихи дамуының, яғни филогенездің (грек. рһуіоп - туыс, genesis - шығу тегі) нәтижесі. Филогенезде құрьшысы қарапайым төменгі сатыдағы жануарлар дене құрылысы күрделі жоғары сатыдағы организмдерге дейін дамып жетіледі. Жеке организмнің даму тарихы — онтогенез (ontos — заты, мәні; genesis — шығу тегі) үрықтану процесінің нөтижесінде пайда болған бір торшалы организм — зиготаның даму кезеңінен бастап, тіршілігінің соңына дейінгі мерзім.

Негізгі биогенетикалық заң. Жануарлар онтогенезінде филогенездің, яғни жануарлардың арғы ата-тектерінің үзақ тарихи дамуының негізгі сатылары қысқа түрде қайталанып өтеді.

Организмнің біртүгастығы туралы заң. Жануарлар денесінің мүшелері мен мүшелер жүйелері шығу тегі, қүрылысы және қызметі жағынан бір-бірімен өзара тығыз байланысқан біртүтас жүйе. Жүйке жүйесі жануарлар организмдеріндегі барлық мүшелер жүйелерінің морфологиялық және қызметтік (функциональдық) біртүтастығын қамгамасыз етеді.

Организм мен қоршаган орта біртүтастығы туралы заң. Тірі организм белгілі бір ортаға бейімделген жағдайда ғана тіршілік ете алады. Демек, тірі организм мен оны қоршаған орта біртүтас. Организм мен қоршаған ортаның байланысын жүйке жүйесі іс жүзіне асырады.

Пішін мен қызмет біртұтастығы туралы заң. Организмдегі әрбір мүшенің пішіні мен күрылысы, оның денедегі орналасу орны мен атқаратын қызметіне тікелей байланысты.

Түқым қуалаушылық және өзгергіштік заңы. Түқым куалаушылық пен өзгергіштік барлық тірі организмдерге тән және бір-біріне қарама-кдрсы қасиеттер. Түқым қуалаушылық организмге тән қүрылыстық және қызметтік белгілердің торшалар хромосомаларындағы гендер арқылы үрпақтан үрпаққа түрақты берілуін қамтамасыз етеді. Қоршаған ортаның әсерлеріне байланысты жануарлар организмдерінде жаңа белгілердің пайда болуы өзгергіштік — деп аталады.

Орын мен материалды үнемдеу заңы. Жануарлар организмдерінің тіршілігіне тым қажет мүшелер мен мүшелер жүйелері күрылысы

үнемді, көлемі шағын болып келеді. Бүл зандылықты орталық жүйке жүйесі мүшелерінің, жүректің, бүйректің, бауырдың қүрылыстары мен қызметтерінен байқауға болады.

Омыртқалы жануарлар дене қүрылысының заңдылыідгары:

1.Бірбіліктілік (лат. monaxonia — біросьтік, бірбіліктілік) немесе екі үштылық (биполярлық) заңдылығы. Жануарлардың дене мүшелері омыртқа бағанасын бойлай бассүйектен қүйрыққа қарай өтетін бір біліктің (осьтің) бойында орналасады. Дене білігінің бір-біріне қарама-қарсы бағытта жатқан екі үшы болады. Оның алдыңғы үшында бассүйек (лат. cranium), ал артқы үшыңца қүйрық (лат. cauda) орналасады. Осыған байланысты дененің алдыңғы жағына қараған бағыттарды краниальды, ал оның артқы жағына қараған бағыттарды каудальды бағыттар — деп атайды.

2.Сегментарлық (лат. cegmentum — бөлік) немесе метамерия (грек. meta — кейін, meros — бөлік) зандылығы. Дене білігіне көлденең жүргізілген сегментгік жазықгықгар арқылы жануарлар денесін бірінен кейін бірі орналасқан көптеген кесінді бөліктерге (сегменттерге) бөлуге болады. Денедегі сегментарлық зандьшық, әсіресе, төменгі сатыдағы жануарларда, мысалы, жауын қүртының денесінде, насекомдардың қүрсақ бөлігі мен олардың дернәсілдері (личинкалары) денелерінде жақсы байкдлады. Дене қүрылысы тым күрделі сүтқоректі жануарлар денелерінде аталған зандылықты кдңкддағы омыртқалар мен қабырғалардан, олардың аралықгарында орналасқан сегменттік қысқа бүлшық сттерден, ірі магистральдық кдн тамырларьшам (қолқа, иық-бас баған т.б.) сегменттік бөліктерге сәйкес таралатын қан тамырларынан, жүлыннан тарамдалатын жүйкелерден, яғни дененің теренде орналаскан мүшелерінен байқауға болады.

3.Екіжақтылық немесе билатеральды (лат. bi — екі, latus — бүйір) симметрия, болмаса антимерия (грек. anti — қарама-қарсы, meros — бәлік) заңдылығы. Жануарлар денесін омыртқа жотасының қыры арқылы дене білігін бойлай жүргізілген тек бір ғана орталық (медиальды, лат. medius — орталық) сагиттальды (лат. sagitta — жебе) жазықгық қана тепе-тең екі болікке боледі. Дене боліктерінің, не мүшелерінің орталық жазықгыққа қараған ішкі бетін медиальды, ал бүған қарама-қарсы жақтағы дене мүшелерінің сыртқы бүйір бетін латеральды беттер — деп, аталған беттерге байланыстьі дене бағыттарын медиальды және латеральды бағыттар — дейді.

Эмбриондық кезендегі біліктік мүшелерге (хорда, жүйке және ішек түтіктері) немесе ересек жануарлар денесінің арқасына (лат. dorsum — арқа) ойша параллельді жазықтықтар жүргізуге болады. Бүларды дорсальды немесе фронтальды (лат. frons — маңдай) жазықгықгар — деп атайды. Аталған жазықтықтарға байланысты жануарлар денелерінде бір-біріне қарама-қарсы орналасқан екі бағытты анықтауға болады. Олар: аталған жазықтықтардан дененің арқасына қарай дорсальды, олардан дененің төменгі бетіндегі қүрсағына (лат. ventrum — қүрсақ) қарай вентральды бағыттар.

Дененің бас аумағьінда қолданылатын атаулар:

Бастың алдыңғы жағына: ауызға немесе мұрынға қарай бағытталған бағытты оральды (лат. or — ауыз) немесе назальды (лат. nasus — мүрын), болмаса ростральды (лат. rostrum - танау — шош- қада) бағыт, ал бүған қарама-қарсы бастың артқы жағына қараған бағытты аборальды (лат. ab — кері, or — ауыз) бағыт — деп атайды.

Жануарлардың аяқгары аумақтарында қолданылатын атаулар:

Аяқтар бөлімдерінің дене тұлғасына жақын орналасқан жоғарғы бөліктері, мысалы, жіліктердің бастары проксимальды (лат. proximus — жақын) бөліктер, ал тұлғадан алыс жатқан аяқ бөлімдерінің төменгі бөліктерін дистальды (лат. distalus — алыс) бөліктер — деп аталады. Аяқтардың алдыңғы беті дорсальды, сыртқы беті латеральды, ішкі беті медиальды бетгер — деп аталады. Ал алдыңғы және артқы аяқтардың артқы беттері әр түрлі аталады. Алдыңғы аяқтың артқы беті пальмарлы немесе волярлы (лат. palma, vola — алақан) бет, ал артқы аяқтың артқы беті — нлантарлы (лат. planta — табан) бет — деп аталады.

Түгікше күрылымдық заңы. Жануарлар организмдерінің көптеген мүшелерінің (азық қорыту, тыныс алу, зәр бөлу, көбею мүшелері, қан және лимфа тамырлары) құрылысы түтік тәрізді болып келеді. Түтікше мүшелердің іші қуыс, қабырғасы қабаттаса орналасқан үш қабықган қүралған. Түтікше мүшелердің қүрылысы — материалды унемдеу заңының көрінісі.

Жануарлар денесінің бөлімдері мен аумақтары

Тірі организмдегі дене мүшелерінің орналасу орындарын (топографияларын), олардың проекцияларын анықтап көрсету ұшін, жануарлар денесін бөлімдер мен аумақтарға бөледі. Суда тіршілік ететін омыртқалы жануарлардың, мьісалы, балықтардың денесі, аяқтарының жетілмеуіне байланысты, тек біліктік бөліктен тұрады. Олардың денесі өз кезегінде: бас, түлға және қүйрық бөлімдерінен күралған. Мойын бөлімі болмайды. Қүрлықта тіршілік ететін омыртқалы жануарлардың денесі: біліктік бөлімге және аяқтарға бөлінеді. Білікті белім өз кезегінде: бас, мойын, түлға және қүйрық бөлімдерден, ал аяқтар алдыңғы және артқы аяқтарға бөлінеді. Аяқтар өз кезегінде белдеу және еркін қозғалатын бөлімдерден түрады. Ал дене бөлімдері көптеген дене аумақтарына (regiones (rg.) corporis) ажырайды.

Бас (caput) екі бөлімнен: ми сауыты (neurocranium) және бет бөлімінен (splanchnocranium) қүралған. Ми сауыты бөлімінің аумақтарына: шүйде (rg. occipitalis), төбе (rg. parietalis), маңдай (rg. frontalis), самай (rg. temporalis), қүлаққалқаны (rg. auricularis), ал бет бөлімінің аумақтарына: мүрын (rg. nasalis), ауыз (rg. oralis), көз шарасы немесе аңғалақ (rg. orbitalis), жақаралық (rg. intermandibularis) аумақтар жатады.

Мойын (cervix, s. collum) — бас пен түлға аралығында орналасқан дене бөлімі. Мойын бөлімі құлақ маңы (rg. parotidea) және желке (rg. nuchalis), иық-бас (rg. brachiocephalica) және төс- бас бүлшьіқеттері (rg. sternocephalica), көмекей (rg. iaringea) және кеңірдек (rg. trachealis) аумақтарына ажырайды. Мойынның төменгі жағында, төс-бас және иық-бас бүлшық еттерінің аралығында мойындырықтық (ойық) сай (sulcus jugularis) орналасады.

Түлға (truncus) өз кезегінде: арқа-көкірек, бел-қүрсақ және қүйымшақ-бөксе бөліктеріне бөлінеді.

Түлғаның аркд-көкірек бөлігі арқадан, көкіректен және кеудеден қүралған. Аркд (dorsum) — деп, көкірек керегесінің (thorax) жоғарғы бөлігін айтады. Оның екі жауырын аралығындағы алдыңғы бөлігін шоідгық (rg. interscapularis) — деп атайды. Арқаның сүйектік негізін көкірек омыртқалары қүрайды. Көкірек аумағы (rg. thoracica) - көкірек керегесінің екі бүйірін қүрайды. Оның сүйектік негізі қабырғалардан қүралған. Көкірек керегесінің төменгі жағын кеуде (pectus) — деп атайды. Оның сүйектік негізі — төссүйек. Кеуде өз кезегінде төс алды (rg.praesternalis) және төс (rg. sternalis) аумақ- тарына бөлінеді. Көкірек керегесінің сүйектік негізі көкірек омыртқаларынан, қабырғалардан және төссүйектен қүралған.

Түлғаның бел-қүрсақ бөлігіне бел (lumbus) және қүрсақ (venter, abdomen) жатады. Қүрсақ өз кезегінде алдыңғы, ортаңғы және артқы бөлімдерге бөлінеді. Қүрсақтың алдыңғы бөлімінің (epigastrium) екі бүйірін оң қабырғаастылық (rg. hypochondrica

dextra) және сол қабырға астылық (rg. hypochondrica sinistra), төменгі жағын семсерше шеміршек (rg. xyphoidea) аумақтары, ортаңғы бөлімінің (mesogastrium) жоғарғы жағын бел немесе бүйрек аумағы (rg. lumbalis, s. renalis), екі бүйірін оң бұйірлік құрсақ (rg. abdominis lateralis dextra) және сол бүйірлік құрсақ аумақтары (rg. abdominis lateralis sinistra), төменгі жағын кіндік аумағы (rg.umbilicalis), ал артқа бөлімінің (hypogastrium) төменгі жағын шат аумағы (rg. pubica), ал оның жоғарғы екі бүйірін оң шап (rg. inquialis dextra) және сол шап аумақтары (rg. inquialis sinistra) қүрайды.

Түлғаның күйымшақ-бөксе бөлігі қүйымшақ (rg. sacralis) және оң бөксе (rg. glutea dextra) және сол бөксе аумақтарына (rg. glutea sinistra) бөлінеді. Қүйымшақ, оң және сол бөксе аумақтары және қүйрық түбірі бірігіп, сауырды қүрайды.

Қүйрық (cauda) күйрық түбірінен (radix caudae), қүйрықдене- сінең (corpus caudae) жөне күйрық үшынан (apex caudae) түрады.

Аяқгар (membra) алдыңғы және артқы аяқтар болып бөлінеді. Аяқтар екі болімнен: белдеуден және еркін қозғалатын бәлімнен құралады. Аддыңғы және артқы аяқгар кықжәне жамбас белдеулері арқылы түлғамен байланысады.

Алдыңғы аяқ иық белдеуден (cingulum membri thoracici) және еркін қозғалатын бөлімнен (skeleton membri thoracici liberi) құралған. Еркін қозғалатын бөлімді иық немесе тоқпан жілік (brachium, s. humerus), білек (antebrachium) және алдыңғы аяқ басы (manus) аумақтары құрайды. Апдыңғы аяқ басы өз кезегінде тізе (rg. carpi), алдыңғы жіліншік (rg. metacarpi) және бақай (rg. digiti) аумақтарынан тұрады.

Артқы аяқ жамбас белдеуден (cingulum membri pelvini) және еркін қозғалатын бөлімнен (skeleton membri pelvini liberi) тұрады. Еркін қозғалатын бөлімді сан (femur), сирақ (crus) және артқы аяқбасы (pes) аумақтары құрайды. Артқы аяқ басы тілерсек немесе толарсақ (rg. tarsi), артқы жіліншік (rg.metatari) және бақай (rg. digiti) аумақтарына бөлінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]