Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KIRISPE.doc
Скачиваний:
219
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
3.14 Mб
Скачать

XII тарау. Тамырлар жүйесі

Тамырлар жүйесі (сосудистая система) немесе жүрек-тамырлар жүйесі мен қанжасау мүшелері жануарлар организміндегі торшалық және үлпалық деңгейдегі зат алмасуды (қоректік заттарды, оттегіні организмнің үлпалары мен торшаларына жеткізу, зат алмасу нәтижесінде түзілген ыдырау өнімдері мен көмірқышқыл газын бөлу мүшелеріне тасымалдау), гуморальдық реттелуді, дене қызуыыың реттелуін қамтамасыз етумен қатар, маңызды қорғаныс қызметтерін де атқарады.

Тамырлар жүйесін зерттейтін анатомияның бөлімін angiologia (грек. angion — тамыр; logos — ілім) — деп атайды. Тамырлар жүйесі өз кезегінде қүрылысы мен қызметі жағынан бір-бірімен тығыз байла- нысты және дамуы біртекті үш: қанайналым, лимфаайналым және кднжасау және иммундық қорғаныс мүшелері жүйелерінен қүралған.

ҚАН АЙНАЛЫМ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ

Филогенез. Суда тіршілік ететін қарапайымдар мен көпторшалы төменгі сатыдағы жәндіктер қоректік заттар мен оттегіні тікелей қоршаған сулы ортадан алып, сол ортаға ыдырау өнімдерін бөліп отырады. Көпторшалы организмде сыртқы ортадағы тіршілікке қажет қоректік заттар және оттегіге тек дененің сыртындағы торшалар ғана жанаса алады. Болса да, сыртқы торшаларда зат алмасу процесі дененің терең қабаттарында орналасқан клеткаларға қарағанда қарқынды жүреді. Демек, барлық дене торшаларындағы зат алмасу процесінің бір деңгейде жүруі үшін, торшааралық тамырлар арнасының даму қажеттілігі туады. Осыған байланысты көпторшалы организмде торшалар аралығымен тамырлар дами бастайды. Олар арқылы теренде орналасқан торшаларға қоршаған орта сүйығы керекті қоректік заттармен бірге жеткізіліп, нәтижесінде барлық торшалар тіршілігі де, сүйық ортада тең жағдайда жүреді. Сүйыкдағы қоректік заттар бүкіл организмге бірдей таралып сіңіріліп, зат алмасу өнімдері торшалардан сүйыққа бөлініп отырады.

Жөндіктердің дене қүрылысы күрделенген сайын, организмде арнайы тамырлар жетіле бастайды. Олардың қабырғасы жүқа бірқабат эндотелий торшаларынан түрады. Торшааралықтамырлар қоршаған сыртқы ортамен қатынасын үзіп, арна қуыстарында қан тәріздес түссіз үлпа сүйығы үздіксіз қозғалыста болып, организмдегі зат алмасуды қамтамасыз етеді. Бүндай қарапайым тамырлар дененің ерекше куыстарына ашылады. Үлпа сүйығы дене қимылы әсерімен араласып, қозғалысқа келеді. Бүндай түйықталмаған тамырлар жүйесі насе- комдар мен шаян тәрізділерде кездеседі. Оларда кейде арқаның бойымен өтетін тақ тамырлардың белгілі бір бөлігінде ет үлпасы жетіліп, жүрек тәрізді толқындьт жиырыла бастайды. Нәтижесінде қарапайым кдн үздіксіз қозға іысқа келеді.

Организмнің одан әрі күрделенуі тамырлар арнасы үштарының бір-бірімен қосылып байланысуына, сөйтіп, олардың түйықгалуына әкеп соғады. Осыдан түйықталған тамырлар жүйесі дамиды. Бұл төменгі сатыдағы қүрттарда кездеседі. Олардың денесінде бір арқа және екі қүрсақтамырлары жетіледі. Қан дененің бас бөлігіне арқа тамырының жиырылуы арқылы жеткізіледі. Буылтық қүрттарда аталған тамырлардың екеуі ғана: арқа және қүрсақ тамырлары болады. Олар бір-бірімен өзара тек тамырлар үштарымен ғана емес, әрбір дене сегментінде орналасқан метамерлік (сегменттік) тамырлар арқылы да байланысады. Метамерлік тамырлар өз кезегінде дене қабырғасына гіариетальды, ал ішкі імүшелерге висцеральды тармақгар бөледі.

Қарапайым хордалы жануарларда, мысалы, қандауыршада қан айналым жүйесі арқа және қүрсақ қолқаларынан (аорталардан) түрады. Олар бір-бірімен желбезек саңылауларында тарамдалған үсақ қан тамырлары арқылы үштасып байланысады. Қанның от- тегіге қанығуы да, осы желбезекте жүреді. Қандауырша қаны түссіз келеді. Қан торшалары болмайды. Бүл жәндікте жүректің кызметін жүтқыншақ астында орналасқан қүрсақ қолқасының етті бөлігі атқарады. Қандауырша денесінің артқы бөлімінде қүрсақ қолқасы кеңейіп, вена қойнауын түзеді. Оған алдыңғы мойындырық венасы және артқы кардинальды вена тамырлары ашылады. Ішек капил- лярларынан басталған ішекасты вена тамырлары бауырда капил- лярлар торларына таралып, қақпақтық вена жүйесін құрайды. Одан бауыр венасы арқылы қан вена қойнауына қүйылады.

Суда тіршілік ететін омыртқалы жануарлардағы зат алмасу процесін атқаратын жүйелердің жетілуі, атап айтқанда желбезек аппаратының күрделенуі, аралық бүйрек пен капиллярлар торларының дамуы қан айналым жүйесі қүрылымдарында айтарлықтай өзгерістер туғызды. Мысалы, акулаларда желбезектер мен желбезек тамырларының саны 6 жүпқа дейін қысқарды. Жоғары сатыдағы балықтарда желбезек тамырларының саны 4 жүпқа дейін азаяды. Бүндай жағдай желбезектердегі капиллярлар торларының күрделене жетілуін қамтамасыз етеді. Жануарлардың бас аумағында, желбезек тамырларынан ішкі үйқы артериясы дамиды. Арқа артериясынан көкірек қанаттарына бүғанаасты, ал қүрсақ қанаттарына мықын артериялары бөлінеді. Ішкі мүшелерге тарайтын сегментальды артериялардың саны қысқарып, бауыр мен қарынға тақіш, ішектерге шажырқай, бүйректерге бір жүп бүйрек, жыныс бездеріне жүп жыныс артериялары бөлінеді.

Тамырлардың веналық жүйесінде де күрделі өзгерістер бай- қалады. Қүйрық веналары бүйрек арқылы өтіп, онда капиллярлар торларын түзеді. Одан артқы кардинальды веналар басталады.

Желбезек пен дене мүшелеріндегі капиллярлар торларыньщ пайда болуы қанның қозғалысын қиындатып, жаңа қозғалтқыш мүше жүректің дамуына ықпалын тигізді. Балықтың жүрегі төрт бөлімнен түрады: вена қойнауы, жүрекше, қарынша және артерия

бағаны. Аталған бөлімдер бір-бірінен қакдақшалар арқылы бө- лінген. Вена қойнауы қанды жалпы кардинальды жөне бауыр веналарынан жинайды, ал артерия бағаны желбезек артерияларына жалғасады. Балықтарда жүрек арқылы тек вена қаны ағып өтеді.

Тіршіліктің құрлыққа ауысуына байланысты денеде газ алмасу процесін іске асыратын мұше — өкпе дамиды. Бұның өзі жануарлар дың қан айналым жүйесінің, оның ішінде жүрек пен желбезек тамырлары құрылысының түбегейлі өзгеруіне себебін тигізді. Өкпе арқылы тыныс алуға байланысты, вена қойнауы жүрекшемен бірігіп кетеді, ал артерия бағаны қолқа мен өкпе артериясына ажырайды. Осының нәтижесінде жүрек үш бөлімді (камералы) жүрекке айна- лады. Бүған мысал, қосмекенділердің жүрегі. Оның перде арқылы бөлінген екі жүрекшесі (оң және сол) жөне бір қарыншасы болады. Бауырымен жорғалаушылардың жүрегі бір-бірінен перде арқылы бөлінген екі жүрекшеден, бір қарыншадан түрады. Артерия бағаны қолкд мен өкпе артериясына бөлінеді. Ал кейбір жануарларда жүрек қарыншалары жартылай пердемен екіге бөліне бастайды.

Қүстар мен сүтқоректілер жүректері толығымен оң және сол бөліктерге ажырап, төрт камерадан түрады.

Қан тамырларының ішінде желбезек артериялары көп өзгеріске үшырайды. Олардан қолқа доғасы мен үйқы артериялары дамиды. Қүрлықтағы омыртқалы жануарлардың аталған қан тамырлары ба- лықтардың III, IV және VI жүп желбезек доғаларынан дамып жетіледі. Соның ішінде VI жүптағы желбезек доғасынан өкпе арте- риялары пайда болады. Желбезек доғасының VI жүбы бауырымен жорғалаушыларда оң және сол, қүстарда оң, сүтқоректілерде сол қолқа доғаларына айналады. Ішкі үйқы артериясы желбезек доға- сының III жүбынан дамиды.

Онтогенез. Сүтқоректілердің қан айналым мүшелері онтогенездің өте ерте кезеңінде қалыптаса бастайды. Олар негізінен жас дәнекер үлпасы мезенхимадан бастау алады. Үрықтық дамудың бастапқы кезеңінде мезенхима торшаларының бірқатары қан аралшықтары немесе ангиобласттар түрінде оқшаулана бастайды. Кейіннен бүлардың ортасындағы клеткалардан эритроциттер мен лейкоциттер пайда болады. Ал оларды қоршап жатқан мезенхиманың басты торшаларынан, үрықгық капилляр тамырларының эндотелий қабаты түзіле бастайды. Бүдан басқа үрық денесінен тыс жатқан мезенхи- мадан сарыуыз қапшығы мен кіндіктің қан тамырлары пайда болады. Бүлар кейіннен үрық денесінде дамып жатқан қан тамырларымен қосылып, оның тамырлар жүйесін қүрайды.

Қанайналым жүйесі қан тамырларынан, жүректен және олардың қуысымен үздіксіз ағып жататын сүйық үлпа қаннан түрады. Қан- ды жүректен организмге алып шығатын ірі қан тамырларын арте- риялар (қызылтамырлар), қанды организмнен, керісінше, жүрекке алып келетін ірі қан тамырларын веналар (көктамырлар), ал артериялар мен веналардың аралығындағы тым жүқа қабырғалы

ҚАН ТАМЫРЛАРЫ

Жануарлар организміндегі қан тамырлары қүрылысы мен атқаратын қызметіне байланысты: артериялар (қызылтамырлар), веналар (көктамырлар) және микроайналым арнасының тамырлары болып ұшке бөлінеді. Организмнің үлкен қанайналым шеңберінде қолқа және артериялар арқылы жүректің сол қарыншасынан дене мүшелеріне оттегіге қаныққан артерия қаны, ал веналармен, керісінше, дене мүшелерінен жүректің оң жүрекшесіне көмір- қышқыл газына қаныққан вена қаны тасьшалданады. Кіші қанай- налым шеңберінде жүректің оң қарыншасынан өкпеге әкпе арте- риясы бағаны арқылы вена қаны, ал өкпеден жүректің сол жүрек- шесіне өкпе веналарымен артерия қаны тасымалданады. Артерия- лар қанды жүректен организм мүшелеріне, веналар дене мүшеле- рінен жүрекке тасымалдайтын ірі қан тамырлары. Микроайналым арнасының тамырлары артерия тамырлары жүйесін вена тамырлары жүйесімен байланыстырып, организм мүшелеріндегі қан мен үлпалар арасындағы торшалық және үлпалық деңгейдегі зат

алмасуды іске асыратын жүқа қабырғалы майда қан тамырлары. Тек, “ғажап торларда” ғана қан капиллярлары (қылтамырлар) артерияларды немесе веналарды (бүйректе, бауырда) әзара байланыстырады. Қан тамырлары мезенхимадан дамиды.

Артериялар (к*>ізылтамырлар) — arteria — қабырғасының қүрылыс сипатына байланысты эластинді, етті-эластинді (аралас) және етті қызылтамырлар болып үш топқа бөлінеді. Артериялар қүрылысы жағынан түтікше мүшелер. Олардың қабырғалары үш қабықтан тұрады. Олар: ішкі интима, ортаңғы медиа және сыртқы адвентиция қабықтары.

Эластинді артерияларға қолқа мен өкпе артериясының бағаны жатады. Қанның жүректен жоғары қысыммен (150-200 мм сынап бағанасы) және үлкен жылдамдықпен (0,5-1,3 м/сек.) ағып шығуына байланысты аталған артериялардың кдбырғалары қалың болып келеді және олардың серпімділік қасиеттері күшті жетілген. Ішкі қабығы интима екі қабаттан түрады. Ішкі бетін астарлайтын эндотелий кдбатын негіздік жарғақта бір қабатта орналасқан жүқа эндотелиоциттер қүрайды. Оның астындағы екінші эндотелийасты қабатын жіңішке талшықгы борпылдақдәнекер үлпасы түзеді. Бүл кдбатта зақымдалған эндотелий қабатын қалпына келтіру қызметін атқаратын жас жүл- дызша торшалар, макрофагтар, кейде аздаған ет миоциттері болады. Дәнекер үлпасының аморфты заты гликозаминогликандарға бай. Ортаңғы кдбығы медианы пішіні терезе тәрізді (фенестрлі) тесіктері бар 40-50 шақты эластинді жарғақгар қүрайды. Олар бір-бірімен өзара эластинді талшықтармен және қиғаш орналасқан миоциттер шоғыр- ларымен қосымша байланыскэн. Сыртқы қабығы адвентиция борпыл- дақдәнекер үлпасынан түрады. Оның коллаген талшықтары артерия бойымен үзынынан орналасады. Адвентицияда артерияның қабыр- ғасын қоректендіретін қан тамырлары мен жүмысын реттейтін жүйкелер болады.

Етті-эластииді артерияларға қолқа мен өкпе артериясы баға- нының жүректен алыс жатқан ірі тармақтарын жатқызуға болады. Жүректен алыстаған сайын аталған тамырлар қуыстарындағы қанның қысымы тәмендейді. Сондықтан, аталған кдн тамырларында, олардың қабырғаларының серпімділігімен қатар, қосымша жиы- рылып, қанды әрі қарай айдап, жүрекке жәрдем беретін жиырылғыш қүрылым пайда болады. Осыған байланысты артериялар медиасы қүрамында эластинді жарғақтардың аралықтарында, сақина тәрізді орналасқан бірыңғай салалы ет үлпасы миоциттерінің шоғырлары жетіледі де, аталған қүрылымдар тең мөлшерде араласып жатады. Қалған қабықтары мен қабаттарының күрылысы эластинді артерия қабырғасының қүрылысына үқсас.

Етті артерияларға мүшелерге қан әкелетін қызылтамырлар не- месе мүшелер ішіндегі артериялар жатады. Етті артериялардың ішкі қабығы интима үш қабаттан қүралған. Олар: ішкі қабаты — эндо- телий, ортаңғы қабаты эндотелийасты қабаты және сыртқы — ішкі

эластинді жарғақ. Ішкі эластинді жарғақ артерияның ортаңғы қабығы медиамен шектеседі. Медиа толығымен сақинаша орналасқан бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттерінен тұрады. Ортаңғы қабық миоциттері шоғырларының аралықтарында эластин талшықтарының торлары болады. Ірі етті артерияларда медианың сыртқы жағында сыртқы эластинді жарғақтың пайда болуы мұмкін. Адвентиция қабығында айтарлықтай айырмашылықтар болмайды.

Айта кету керек, организмдегі бүкіл артериялардың жиынтығын денедегі “шеткі жүрек” — деп те атайды. Себебі, бүл қан тамыр- лардың қабырғасында орналасқан эластикалық және ет үлпалары қанның қозғалысына айтарлықтай үлес қосады.

Веналардың (көктамырлар) - vena s. phlebos — қабырғалары да интима, медиа және адвентиция қабықтарынан қүралған. Кднның қысымы (15-20 мм сынап бағ.) мен ағу жылдамдығының (10 мм/ сек.) төмендеуіне байланысты веналардың қабырғалары жүқа және қуысы кең болып келеді. Веналардың интимасында ішкі эластикалық жарғақ болмайды, яғни ол ішкі эндотелий және оның астындағы эндотелийасты қабатынан түрады. Сонымен қатар, бүлардың йнтимасында тек жүрекке қарай ғана ашылып, қанның бір бағытта ағуына кәмектесетін қақпакщалар (клапандар) болады. Қақпакдіасыз веналардағы қанның ағысын, арнайы қысқыштар (сфинктерлер) реттеп отырады. Бүндай веналарды дроссельды веналар — деп атайды.

Көктамырлар ортаңғы кдбығының қүрылысына сәйкес, вена- лардың: етсіз және етті түрлері ажыратылады. Етсіз веналарға сүйек, көкбауырдың перделік, ми қабықтарының, көздің торлы қабығының,

бауыр бөлікшелерінің орталық веналарын жатқызады. Бүлардың қабырғаларын негіздік жарғақта орналасқан эндотелий қабаты және оның сыртындағы жүқа талшықты дәнекер үлпасы қүрайды.

Етті венаның қабырғасында артериялар қабырғаларындағыдай интима, медиа және адвентиция қабықтары болады. Организмдегі орналасу орны мен ортаңғы қабығының қүрылысына байланысты етті венаның өзі ет қабығы нашар, орташа және жақсы жетілген веналар болып үшке бөлінеді. Ет қабығы нашар жетілген веналар дененің жүректен жоғары жатқан бөліктерінде және ас қорыту мүшелерінде кездеседі. Олардың медиасын дәнекер үлгіалық аралықгар арқылы жалғасып жаткдн жекеленген миоциттер шоғырлары қүрайды. Жүректің деңгейінде жатқан дене мүшелері веналарының интимасы орташа жетіледі. Ең жақсы жетілген веналардың ортаңғы қабығы аяқгардың веналары қабырғасында болады.

Веналардағы қанның қозғалуьтна, олардың ортаңғы қабығындағы миоциттердің жиырылуынан басқа көкірек қуысы тері қысымының ішке соруы мен веналармен көрші жатқан бүлшық еттердің жиырылып, веналар қабырғаларына қысымы және қақпакдіалар әсер етеді.

Микроайналым арнасының тамырларына тым жүка қабырғалы жіңішке кдн тамырлары: артериолалар (қызылтамыршалар), венулалар (көктамыршалар), қан капиллярлары (қылтамырлар) және артериола- венулалық анастомоздар (жалғамалар) жатады. Лимфа капиллярлары мен лимфа тамырларына бай борпылдақ дәнекер үлпасымен қоршалған микроайналым арнасының тамырлары дене мүшелерінің қанмен қамтамасыз етілуін және керекті мөлшерде қанның қорлануын, олардағы торшалықжәне үлпалық деңгейдегі зат алмасу мен үлгіалардағы артық сүйықтың ағып кетуін іске асырады.

Артериолалар (қызылтамыршалар) — arteriola — арнасының диаметрі 50-100 мкм, етті артерияларды капиллярлармен (қьштамырлар) жалғастырып түратын тым майда етті артериялар тарамдары. Олардың қабырғасы тым жүқа үш қабыктан: интимадан, медиадан және адвентициядан түрады. Артериола интимасының

өзін үш қабат: эндотелий, эндотелийасты қабат пен ішкі эластинді жарғақ қүрайды. Ортаңғы қабығы— медиа 1-2 қабатта сақинаша орналасқан бірыңғай салалы ет үлпасының миоциттерінен түзілген. Адвентицияны борпылдақдәнекер үлпасы қүрайды. И. М. Сеченов артериолаларды “тамырлар жүйесінің шүмегі” — деп атап, олардың организмдегі атқаратын қызметіне үлкен баға берген. Артериолалар артерия қанының капиллярлар арналарына таралу деңгейін реттеп отырады. Олардың қабырғаларындағы бір қабатта сақинаша орна- ласқан бірыңғай салалы ет үлпасының миоциттері жиырылып босаңсып, артерия қанын керекті мелшерде капиллярларға бөліп, қысқыш еттің, яғни “шүмектің” қызметін атқарады.

Капиллярлар (қылтамырлар) — vasae haemocapillariae — жануар- лар организміндегі ең жіңішке де және сан жағынан да ең көп тараған қан тамырлары. Капиллярлардың орташа диаметрі 4-8 мкм, ал үзындығы 0,6-2 мм. Мүшелердің қүрылысы мен олардағы зат алмасудың сипатына байланысты капиллярлардың арнасы түрліше болып келеді. Арнасы тар (4,5-7 мкм) капиллярлар бүлшықеттерде, жүйкелерде, өкпеде, ал кең арналы капиллярлар (7-11 мкм) теріде, кілегейлі қабықтарда кездеседі. Қан жасау мүшелеріндегі, бауыр- дағы, кейбір ішкі секреция бездеріндегі қойнауша (синусоидты) капиллярлардың арнасы тым кең (20-30 мкм) болады. Сүйектің қы- зыл кемігі майында, көкбауырда капиллярлар диаметрі 50 мкм-ге дейін жетеді. Ал жыныс мүшелеріндегі үңгірқуысты кеуекті денелерде қүрылысы капиллярларға үқсас келген тамырлардың (лакуналар) арналары кең қуысты болып келеді.

Организмдегі барлық капиллярлардың жалпы арнасы қолқа арнасынан 500-800 есе кең. Сондыісган, капиллярларда қан қысымы да төмен болады (сынап бағанасы 10-30 мм). Әрбір мүшелердегі капиллярлар саны, олардағы зат алмасу процесіне тікелей байла- нысты. Мысалы, бақаның 1 мм шаршы дене алаңшасында шамамен 400 -ге, жылқыда —1350 -ге, итте — 2650 -ге, үсақ жануарларда 4000 -ға дейін капиллярлар болады екен. Олар бездерде, жүйке жүйесінің сүр затында, өкпеде көп, ал сіңірлер мен байламдарда аз кездеседі. Капиллярлар әр түрлі мүшелерде түрліше торлар (ілмектер, шумақтар т.б.) жасайды. Мысалы, терідегі, буынның синовиальды бүрлеріндегі капиллярлар ілмек, ал бүйрек дене- шіктерінде шумақ тәрізді торлар түзеді. Капиллярлар ілмектерінің өзі артериолалық және венулалық бөлімдерден түрады. Артерио- лалық бөлімнің арнасы эритроциттер диаметріне сәйкес келеді, ал венулалық бөлімнің арнасы кеңдеу болады. Мүшелердегі капиллярлардың саны, олардың қызметіне тікелей байланысты. Мысалы, бүлшық еттердің Імм2 ауданшасында 1400-2000, ал теріде 40 капиллярлар болады екен. Организмнің қалыпты жағдайында мүшелердегі капиллярдың жартысына жуығы тікелей қызметке араласпайды. Олардың арналары тар болып, одан қан торшалары өте алмайды, тек қан сүйығы ғана ағып жатады. Мүшелердің

қызметі күшейген сайын, капиллярлар арналары ашылып, іске қосыла бастайды.

Капиллярдың қабырғасы жүқа үш қабаттан түрады. Ішкі қаба- тын негіздік жарғақта бір қабатта орналасқан жалпақ эндотелио- циттер қүрайды. Ортаңғы қабаты негіздік жарғақпен қапталған перициттерден түрады. Сыртқы қабатындағы аморфты затта адвентициялық торшалар мен коллаген талшықтары орналасады. Эндотелиоциттер — капиллярлардың ішкі бетін астарлайтын жалпақ пішінді, сопақ ядролы, көпбүрышты торшалар. Олардың иректелген шекарасын азотты қышқыл күміспен анықтайды. Ірі эндотелиоциттердің үзындығы 75-175 мкм, майдаларының үзындығы 5-8 мкм, қалыңцығы 200 нм-2 мкм, ядро маңында 3-

5мкм. Эндотелиоциттердің капилляр куысына қараған беті арнайы плазмолеммамаңы қабаты гликопротеидпен қапталған. Бүл қабат- пен жанаса аққан қан үйымайды. Олардың цитогілазмасында цито- қаңқаны қүрайтын, мөлшері 5 нм микрофиламенттер болады. Жануарлар организмі мүшелерінде қүрылысы түрліше капилляр- лардың үш түрі кездеседі: 1) қабырғасы түтаса жалғасқан эндо- телиоциттерден және негіздік жарғақтан түратын капиллярлар (ең көп тараған түрі), 2) фенестрлі капиллярлар — эндотелиоциттер цитоплазмасында терезе (фенестр) тәрізді тым жүқа ойықша жерлері болатын капиллярлар (бүйрек денешігінің шумақгары, ішек бүрлері, ішкі секреция бездері), 3) эндотелиоциттері мен негіздік жарғағында диаметрі әр түрлі тесіктері болатын капиллярлар (көк- бауыр т.б.)- Негіздік жарғақтардағы тесіктер арқылы эндотелио- циттер мен перициттер бір-бірмен тығыз жанасып, түрлі қозуды бір-біріне өткізеді. Перициттер -- жүйке үштары жанаса

аяқталатын, пішіні себет тәріздес тармақты торшалар. Олардың цитоплазмасында жиырылу процесін іс жүзіне асыратын микрофи- ламенттер болады. Жүйке үштарымен келген жүйке толқындары әсерінен перициттер капиллярлардың арналарын тарылтып-кеңей- тіп, капиллярлар қуысы диаметрін реттеп отырады. Капиллярлар- дың сыртқы қабығындағы үзынша келген майда жас адвентициялық торшалар — фибробласттар мен липоциттер үшін камбиальды

қызмет атқарады.

Венулалар (көктамыршалар) — venula — капиллярларды вена

тамырларымен жалғастыратын микроайналым арнасының майда

қан тамырлары. Олардың қүрылысы артериолаларға үқсас. Бірақ,

арналары кеңдеу келеді. Венулалар посткапиллярлық, жинағыш

және етті көктамыршалар болып үш түрге бөлінеді.

Посткапиллярлық венулалар қабырғаларьзның қүрылысы венула- лық капиллярларға үқсас. Олардың ішкі қабаты эндотелийден, ортаңғы қабаты перициттерден, сыртқы қабаты талшықты дәнекер үлпасынан түрады. Посткапиллярлық венулалар арналарының

диаметрі 8-30 мкм тең.

Жинағыш венулалардың арналары кендеу (30-50 мкм) келеді.

Олардың ортаңғы қабығы — медиа жекеленген миоциттерден түрады.

Арналарының диаметрі 5-100 мкм етті венулалардың ортаңғы қабығы 1-2 қабат бірыңғай салалы ет үлпасының миоциттерінен қүралған. Сыртқы қабығы жақсы жетілген. Венулалар аркылы қан төменгі қысыммен (10 мм сынап бағ.) баяу (1 — 2 мм/сек.) ағады.

Артериола-венулалық анастомоздар (жалғамалар) — арте- риолалардың капиллярларға дейінгі венулалармен байланысы. Жалғамалар организмнің барлық мүшелерінде кездеседі. Аталған жалғамалар мүшелердің қызметі деңгейіне байланысты керекті қанның мөлшерін реттеп отырады. Егер мүшелердің қызметі күшейсе, онда артериола-венулалық жалғамалар арналары қысы- лып, қан капиллярларға, ал олардың қызметі төмендесе, керісінше, арналары ашылып, қан артериолалардан венулаларға өтеді. Жалға- малар қабырғаларының қүрылысы артериолалар мен венулалар қабырғаларының қүрылысына үқсас, яғни үш қабықтан түрады.

Қан тамырларының тарамдалу заңдылықгары. Үрықгық дамудың бастапқы кезеңінде іштелдің қан тамырлары тор түрінде қалып- тасады. Жүректің жетілуіне байланысты, тамырлар торындағы қан қозғалып аға бастайды. Қоректендіретін мүшелердің қызметіне сөй- кес, қан өз кезегінде тамырларға әр түрлі деңгейде қысым түсіреді. Нәтижесінде әр түрлі қан тамырлары жетіліп, олар артерияларға, веналарға және микроайналым арнасының қан тамырларына ажы- райды. Жануарлар денесіндегі қан тамырларының орналасу бағыттары мен тармақталуы белгілі зандылықтарға бағынады:

1.Қан тамырлары жүйкелермен бірігіп, тамыр-жүйке будаларын

түзеді.

2.Дененің түлға, бас және аяқ аумақтарына қан негізгі (магис- тральды) қан тамырлары арқылы ең қысқа жолмен бағытталады. Олар түлғада омыртқа бағанының вентральды бетімен (қолқа, жалпы үйқы артериялары, куыс веналар), ал аяқтарда, олардың медиальды немесе буындардың бүккіш беттерімен өтеді. Магистральды кан тамырларының атаулары осы тамырлар өтетін дене аумақтарының аттарына не болмаса, олардың басқа қан тамырларының аралы- ғындағы орналасу орындарына байланысты аталады.

3.Магистральды қан тамырларынан, олар жанымен өтетін мүшелерге бүйірлік тармақтар бөлінеді. Олардың атаулары да, өздері тамырландыратын мүшенің атымен (бүйрек, қарын, бауыр артерия- лары т.б.) немесе орналасу орындарына қарай (краниальды сан, каудальды, терең, беткей қан тамырлары т.б.) аталады.

4.Магистральды қан тамырлары бүйірлік тармақтарының дене аумақгарына сәйкес тарамдалуы әр түрлі жануарларда түрақты бол- ғанымен, олардың таралу реттері жануарлар түріне байланысты ерекшеліктері болады.

5.Магистральды қан тамырлары және олардың тармактарының бағыттары мен тарамдалуы хордалы жануарлар дене қүрылысының жалпы зандылықтарына (бірбіліктілік, метамерия, екіжақты симмет- риялық) бағынады. Дене білігінің бойымен өтетін қан тамырларына: қолқа, оның жалғасы орталық қүйымшақжәне қүйрық артериялары, бүларға сәйкес каудальды куыс вена жатады. Сегменттік (метамерлік) қан тамырлары қаңқа мен бүлшық еттер сегменттерінде жақсы байқалады (кдбырғааралық, бел, қүйымшақ артериялары мен бүларға сәйкес веналар т.б.). Түлғадағы оң және сол аттас артериялардың, веналардың болуы — қан тамырларының екіжақты симметриялық зандылығы бойынша тармақталуының дәлелі. Сонымен қатар, тақ мүшелер қан тамырларының тақ болуы да, осы заңдылыққа бағынады.

6.Магистральды қан тамырларын бүйірлік тармакдары бір-бірі- мен өзара жалғамалар (анастомоздар — байланыстырғыш тармақгар) түзеді. Олар негізінен қозғалмалы мүшелерде (қарын, ішектер т.б.), аяқ буындарында, түлғада жақсы байқалады. Анатомоздардың арқасында коллатеральды (бүйірлік) қан тамырлары түзіліп, олар негізгі магистральды қан тамырларымен қатарласа орналасады. Егер кейбір себептерге байланысты, негізгі кдн тамырларындағы қан ағысы қиындаған жағдайда, коллатеральды қан тамырлары мүшелерді қанмен қамтамасыз етеді.

7.Жануарлар организмі мүшелерінде артериялар тармақта- луының төрт: шашыраңқы, магистральды, дихотомиялықжәне соңғы тармақталу түрлері ажыратылады. Тармақталудың шашыранды түрінде қан тамырлары бірден арнасы әр түрлі бірнеше тармақтарға ажырайды. Бүндай тармақталу ішкі мүшелердің қан тамырларына тән. Магистральды тармақталуда негізгі артериядан кезегімен бүйірлік тармақтар бөлініп ажырайды. Мысалы, қолқадан тарайтын парпетальды (қабырғалық) және висцеральды (іштік) тармақтар

осылай тарамдалады. Дихотомиялықтармақгалу кезінде, бір артерия бағанынан арнасы бір-біріне тең екі қан тамыры ажырайды. Осындай жолмен өкпе артериялары, жалпы үйқы артерия бағаны тармақ- талады. Соңғы тармақталу түрінде артериялардан таралған жіңішке қан тамырлары араларында анастомоздар болмайды. Бұндай тар- мақгалу мида, жүректе, өкпеде, бауырда, ұйқы безінде, бүйректерде,

көкбауырда кездеседі.

8.Анастомоздар немесе байланыстырғыш тармақтар (ramus com municans) бірнеше түрге бөлінеді. Олар: артерия доғалары, артерия торлары, “ғажап торлар” (“чудесная сеть”), тамырлар тораптары, артериоло-венулалық анастомоздар. Артерия доғалары бір мүшеге бара жаткдн бірнеше артериолаларды өзара біріктіреді, мысалы, ішек, бақай артериялары. Артерия торлары (rete arteriosum) деп қан тамырлары соңғы тармақтарының бір-бірімен байланысып, торла- нуын айтады. Бүған мысал тізенің дорсальды торы. Ғажап тамыр- лықтор (rete mirabile) бір артерия әуелі капиллярларға тарамдалып, қайтадан олар бір-бірмен қосылып, артерия түзеді де, одан соң, ол капиллярларға таралып, содан кейін ғана олар бір-бірімен қосылып, вена тамырына айналады. Демек, тамырлардың “ғажап торлары” не екі артерияның немесе екі венаның арасындағы капил- лярлар торы. Ғажап торларға бүйрек денешігіндегі артериолалар арасындағы капиллярлар шумағы және бауырдағы веналар арасын- дағы вена капиллярлар торы жатады. Тамырлар торабын (plexus vasculosus) дененің деңгейі әр түрлі жазықтықтары бойындағы

анастомоздар бірігіп қүрайды. Мысалы, мидағы қан тамырлар то- рабы. Артериоловенулалық анатомоз (anastomosis arteriolo-venularis) деп, артериолалар мен венулалардың өзара, капиллярлар торларын- сыз тікелей байланысуын айтады.

9.Артериялардың мүшелердегі тармақгалуы олардыңдаму, қүры лыс және қызмет ерекшеліктеріне байланысты.

ЖҮРЕК

Жүрек (сердце) грек. kardia, лат. сог — жануарлар организміндегі ішкі орта сүйық үлпаларын қозғалысқа келтіретін орталық мүше. Ол көкірек куысында, екі өкпенің аралығында солға қарай ығыса орналасады. Жүректің пішіні конус тәрізді. Оның жоғарғы Жүрек табаны (негізі) — basis cordis — бірінші қабырғаның орта түсында немесе иық буынының деңгейінде, ал төменгі жүрек -ршы (apex cordis) сол жақтағы 5-6 -ншы қабырғааралық кеңістікте, төссүйекке жақын орналасады. Жүректің алдыңғы дөңестеу жиегі үшінші, артқы жиегі алтыншы қабырғалар бойымен өтеді. Жүрек торт болімнен түратын етті-қуысты мүше. Оның қабырғасы үш: ішкі эндокард, ортаңғы миокард, сыртқы эпикард қабықтардан құралған. Жүректің сыртқы бетіндегі табанынан үшына қарай үзынынан отетін оң және сол қарама-кдрсы жақгарындағы үзынша сайлар (sulcus longitudinale dexter et sinister) мен сол сайлар түсында орналасқан ішкі ет перде жүрек қуысын: оң және сол бөліктерге бөледі. Бүл боліктер жоғарғы жүрекшелерден (atrium cordis) және төменгі қарыншалардан (ven- triculus cordis) түрады. Жүрекшелер қабырғаларынан сыртқа қарай қапшық тәрізді оң және сол жүрекше құлақшалары (auricula atrii dextra et sinistra) шығып түрады. Әр боліктегі жүрекше мен қарынша қуыстары бір-бірімен өзара оң және сол жүрекше-қарыншааралық (атриоентрикулалы) тесіктер (ostium atrio-ventricularis) арқылы қатысады. Аталған тесіктер жүректегі қанды жүрекше қуысынан қарынша қуысына қарай бір бағытта ғана ағызатын қақпақшалармен (клапандар) жабдықгалған. Оң жүрекше-қарыншааралықтесікте оң атрио-вентрикулалы немесе үшжақтаулы қақпақша (valvula atrioventricularis dextra s. valva tricuspidalis), ал сол жүрекше- қарыншааралық тесікте сол атрио-вентрикулалы немесе қосжақгаулы (митральды) қақпақша (valvula atrioventricularis sinistra s. valva bicuspidalis s. mitralis) орналасады. Қақпақшалар жақтауларының үштары сіңірлі желілер (chordae tendineae) арқылы жүрек қабырғасындағы емізікше еттерге (mm. papillaris) бекиді. Қақпақшалар жүрекшелер куыстарынан қарыншалар қуыстарына қарай ашылады, ал кері бағытта жүрекше-қарыншааралықтесіктерді жауып, қанды қарыншалар қуыстарынан жүрекшелер қуыстарына өткізбейді. Оң жүрекшеге организмнен вена қанын алдыңғы және артқы куыс веналар (vena cava cranialis et caudalis) алып келеді. Оң жүрекше қабырғасы жиырылғапда. вена қанының қысымымен оң

атриоентрикулалы (үшжақтаулы) қақпақша төмен оң қарынша қуысына қарай ашылып, вена қаны қарынша қуысына өтеді. Қанға толғаннан кейін, оң қарынша қабырғасы жиырылады да, қанның қысымымен оң атрио-вентрикулалы қақпақша оң жүрекше- қарыншааралық тесікті жабады. Вена қаны үлкен қысыммен оң қарынша қуысынан өкпе артериясы бағанына (truncus pulmonalis) ағып өтеді де, өкпеге барады. Өкпеде газ алмасу процесі жүріп, вена қаны артерия қанына айналады. Оң қарыншадан өкпе артериясы бағаны басталатын тесік үш айшыкды қақпақшамен (valvula semilunaris) жабдықгалған. Бүлар вена кднын тек бір бағытта, яғни оң қарынша қуысынан өкпе артериясы бағаны арнасына қарай өткізіп, кері бағытта тесікті жауып, қанның артерия арнасынан оң қарынша қуысына кері өтуіне мүмкіндік бермейді. Өкпеден артерия қаны 3-4 өкпе веналары (venae pulmonales) арқылы жүректің сол жүрекшесіне күйылады. Одан артерия қаны сол атрио-вентрикулалы (қосжақгаулы) тесік арқылы сол карыншаға, одан әрі қолкд (аорта) - aorta тесігімен қолқа арнасына отеді. Қолқа тесігі де, артерия қанын тек бір бағытта, яғни сол қарынша қуысынан қолқа арнасына кдрай откізетін үш айшықты қақпақшамен жабдықталған. Оң және сол атриоентрикулалы және окпе артериясы бағаны мен қолқа арна- лары тесіктерінің негізін талшықгы (фиброзды) сақиналар құрайды.

Бұлар жүректің қаңқасы қызметін атқарады. Жүректің сыртқы бетінде тәждік артериялар (a. согопагіа) өтетін көлденең немесе тәждік сай (sulcus coronarius) болады.

Жүрек жүрекшелері мен қарыншаларының ырғақты да, жүйелі қызметін жүректің жүйке-бүлшық ет жүйесі (systema sinoventricularis cordis) реттейді. Аталған жүйені қойнау-жүрекше (nodus sinoatrialis) және жүрекше-кдрынша (nodus atrioventricularis) жүйке және бүлшық ет түйіндері, жүрекше-қарынша бүлшық ет түйінінен, яғни жүрекшелерден қарыншаларға қарай томен бағытталған атриоен- трикулалы буда (fasciculus atrioventricularis) және одан таралатын оң және сол аяқшалар (crus dexter et sinister) қүрайды.

Жүректің сол қарыншасынан қолқа арнасына өтетін артерия қанының 10%-ы жүрек қабырғасын қоректендіруге жүмсалады. Жүректің қан тамырларына: оң және сол тәждік артериялар мен үлкен, ортаңғы, кіші жүрек веналары жатады.

Жүректің жүмысын жүйке жүйесі вегетативті бөлімінің симпа- тикалық және парасимпатикалық бөліктері қосарынан жүйкелен- діріп реттеп отырады. Симпатикалық жүйкелер жүректің бүлшық етін, оның қан тамырларын жүйкелендіріп, жиырылуын жиілетіп, жүмысын күшейтеді. Парасимпатикалық жүйкелер жүректің жүмысын .баяулатып, жиырылуын сиретеді.

Жүрек үрықтық кезеңде эндокард мезенхимадан, миокард пен эпикард мезодермадан дамып жетіледі. Алдыңғы кезде екі түтікше болып қалыптасып, соңынан олар бірігіп, жүректі қүрайды.

Жүреккщі (ұлпершек) — pericardium — жүректі сыртынан қаптап, оның біркдлыпты қызметін кдмтамасыз етеді. Ол үш қабаттан тұрады. Оның сыртқы қабаты — көкірекортасының плеврасы (сірлі қабық). Жүреккдптың негізін көкірекіштік шандырдың жүрек түсындағы бөлігі талшықгы (фиброзды) кдбат құрайды. Үлпершектің ішкі бетін жүрек- қаптың сірлі қабығының қабырғалық жапырақшасы (париетальды жапырақша) астарлайды. Ішкі сірлі кдбат жүректің табаны арқылы, оның сыртқы бетіне өтіп, жүректің сыртқы қабығы эпикардты (висце- ральды жапырақша) күрайды. Жүрек пен жүреккдптың аралығындағы куысты перикард куысы — дейді. Бүл куыста жүрек пен жүрекқаптың беттерін сылап түратын аздаған сірлі сүйық болады.

ҚАН АЙНАЛЫМ ШЕҢБЕРЛЕРІ

Қан айналым шеңберлері. Жануарлар организмінде кіші және үлкен қан айналым шеңберлері ажыратылады.

Кіші немесе өкпе қан айналым шеңбері жүректің оң қарын- шасынан (вена қаны) өкпе бағаны артериясымен өкпеге барып, одан өкпе веналары арқылы (артерия қаны) жүректің сол жүрек- шесіне дейінгі қанның жүретін жолы. Өкпеде газ алмасу процесі жүріп, жүректен келген вена қаны көмірқышқыл газын ауаға бөліп, ауа қүрамындағы оттегімен қанығып. артерия қанына айналады.

Үлкен немесе жүйелік қан айналым шеңбері жүректің сол қарыншасынан (артерия кдны) қолқамен барлық артериялар арқылы организмнің барлық мүшелер жүйелеріне барып, қан капиллярларына таралып, одан әрі веналар арқылы (вена қаны) жүректің оң жүрекшесіне дейінгі қанның жүретін жолы. Үлкен қан айналым шеңбері организмнің барлық мүшелер жүйелеріндегі зат және газ алмасу процестерін қамтамасыз етеді. Аталған про- цестер микроайналым арнасы қан тамырларының қабырғалары арқылы қан мен қоршаған үлпалар арасында жүреді.

Жануарлар іштөлінің дамуы кезеңінде қан тамырлар жүйесінде бірін-бірі ауыстырып жетілетін қан айналым шеңберлері болады. Олар:

1.Сарыуыздық қан айналым шеңбері үрықтық дамудың алғашқы кезеңінде пайда болып, плацентарлық қан айналым шеңберіне ауысады. Сарыуыздық қан айналым шеңбері негізінен жүп жүрек түтікшелерінің алдыңғы үшында жетіледі. Ол дорсальдық қолқадан басталады. Одан сарыуыз шажырқайлық артерия бөлініп, сарыуыз қапшығында капиллярлар торына тармақталады. Бүл тордан вена қанын жинайтын сарыуыз шажырқайлық вена жүрек түтікше- лерінің артқы үшына ашылады.

2.Үрықжолдастық (плаценталық) қан айналым шеңбері іштөлі жолдасы пайда болғаннан бастап қызмет атқара бастайды. Бүл кезенде жүрек түтікшелері төрт бөлімді (камералы) жүрекке айналады. Осы кезден түтас төл организмінде артерия және вена қан тамырлары да кдлыптаса бастайды. Қан іштөлі организмінен жүп кіндік артериялары арқылы үрықжолдасқа жеткізіліп, оның капиллярларында оттегі мен қоректік заттарға кднығып, артерия қанына айналады да, кіндік венасы арқылы ұрықденесіне, оның бауырындағы капиллярлар торына кдрай бағытталады. Бауырдан ағып шыққан іштөлі артерия қаны артқы дене бөлігінен каудальды куыс вена арқылы ағып келген вена кднымен араласып, аралас қанға айналады да, жүректің оң жүрекшесіне қүйылады. Бүл аралас қан оң жүрекшеден жүрекшеаралық пердедегі сопақша тесік (foramen ovale) арқылы сол жүрекшеге, одан әрі жүрекше-қарыншалық тесікпен сол қарыншаға, содан соң қолқа арқылы іштөлінің денесіне тарайды. Ал іштөлі организмі бас бөлімінен жиналған вена қаны краниальды қуыс венамен оң жүрекшеге қүйылып, одан оң қарыншаға өтеді де, өкпе артерия бағаны арқылы өкпеге бағытталады. Іштөлі организміндегі өкпенің қызметке қосыл- мауына байланысты, кдн ерекше артерия өзегі арқылы қолқадағы аралас қанға барып қүйылады. Іштөлі туып, оның бірінші рет тыныс алуына байланысты, жаңа туған төлде плацентарлық қан айналым бүзылады. Төлдің бірінші тыныс алуы газ алмасу мүшесі өкпенің қызметін қалыптастырады. Өкпе артериясы арқылы вена қаны оң қарыншадан өкпеге қарай үлкен қысыммен ағып келіп, отгегімен қаныққан соң, өкпе веналарымен жүректің сол жүрекшесіне келіп қүйылады. Үлкен қан қысымының әсерінен сопақша тесіктегі

қақпақша аталған тесікті жабады. Соңынан ол жүрекшеаралық ет пердемен тұтаса байланысып, бітіп кетеді. Сөйтіп, жаңа туған төл денесінде кіші және үлкен қан айналым шеңберлері калыптасады да, жүректің оң бөлігімен вена қаны, сол бөлігімен артерия қаны ағып жатады. Іштөлі организміндегі кіндіктік вена мен артериялар және артериялық өзек төл организмінде байламдарға айналады.

Тамырлар жүйесі тақырыбы бойынша бакылау сұрақтары:

  1. Тамырлар жүйесіне сипаттама беріп, оның бөлімдеріне тоқталыңыз.

  2. Қан айналым жүйесінің мүшелерін атап, оларға сипаттама беріңіз.

  3. Жануарлар организміндегі қан тамырларының түрлеріне тоқталып, олардың қүрылысы мен қызметіне толық сипаттама беріңіз.

  4. Жүрсктің топографиисы мен қүрылысына тоқталыцыз.

  5. Жүректің жүйке-бүлшык ет жүйесі қандай қүрылымдардан гүрады?

  6. Жүреккаптың қүрылысы мен маңызы.

  7. Қандай қан айналым шеңберлерін білесіз? Оларга сипаттама беріңіз.

  8. Тақырып мөтініндегі қазақша-лагынша терминдерді сөздікке көшіріп алып, жатгаңыз.

КІШІ ҚАН АЙНАЛЫМ ШЕҢБЕРІНІҢ АРТЕРИЯЛАРЫ

Кіші қан айналым шеңбері жүректің оң қарыншасынан өкпе арқьшы жүректің сол жүрекшесіне дейінгі қанның ағып өтетін жолы. Кіші кдн айналым шеңберінде газ алмасу процесі жүреді. Жүректің оң қарыншасынан өкпе артерия бағаны арқылы көмірқышқыл газына кднықкдн вена кдны өкпеге әкелініп, өкпеде газ алмасу процесі жүреді. Қан оттегіні сіңіріп, көмірқышқыл газын бөліп, артерия қанына айналады да, өкпе веналары арқылы жүректің сол жүрекшесіне барады. Өкпе артерия бағаны (truncus pulmonalis) жүректен шамалы кеңейіп басталады. Бағанның бүл аймағын өкпе артерия бағанының қойнауы (sinus trunci pulmonalis) — деп атайды. Өкпе артерия бағаны жүректен шыққан соң, дорсо-каудальды бағытга котеріліп, окпе түбірі маңында оң және сол окпе артерияларына (a. pulmonalis dexter et sin­ister) ажырайды. Сол окпе артериясы оз кезегінде екі: алдыңғы және артқы тармақгарға, ал оң окпе артериясы торт: алдыңғы, ортаңғы, артқы және қосымша тарімақтарға болінеді. Аталған артериялар бронхтар тарамы бойымен тармақтала отырып, өкпе альвеолалары қабырғаларын шырмай орналасқак қан капиллярларына айналады. Альвеолалар тарамындағы ауа мен қанның арасындағы газ алмасу процесінен кейін, окпеге әкелінген вена қаны оттегімен қаныкқан артерия қанына айналады. Артерия кдны окпе копіршіктері тарамын- дағы капиллярлар арқылы, осы қан капиллярларының бір-бірімен озара қосылуынан түзілген окпе веналарына (3-4) отеді. Артерия қаны окпеден окпе веналары (vv. pulmonales) арқылы аттас артериялар бойымен кері бағытта жүректің сол жүрекшесіне әкелінеді.

ҮЛКЕН ҚАН АЙНАЛЫМ ШЕҢБЕРІНІҢ АРТЕРИЯЛАРЫ

Қолқа (аорта) — aorta — үй жануарлары организмдеріндегі негізгі қоректендіргіш магистральды артерия. Ол омыртқа бағанының төменгі (вентральды) бетінің сол жағымен өтеді. Қолқа жүректен шыкқан бойда, омыртқа бағанына қарай жоғары бағытталады. Жүректің негізі мен омыртқа бағаны аралығындағы қолқаның артқа қарай иілген бөлігін қолқа доғасы — arcus aortae— деп атайды. Қолқа доғасынан қолқаның көкеттегі (диафрагмадағы) қолқа тесігіне — hiatus aorticus — дейінгі бөлігін көкірек қолқа- сы - aorta thoracica, ал оның диафрагмадан кейін орналасқан қүрсақ қуысындағы бөлігін — құрсақ қолқасы — aorta abdominalis — деп атайды. Қүрсақ қуысындағы қүрсақ қолқасынан 5-інші және 6- ыншы бел омыртқалардың түсында сыртқы және ішкі мықын артериялары таралғаннан кейін, қүйымшақ аумағында қүрсақ қолқасының жалғасы орталық құйымшақ артериясы — a. sacralis mediana, ал қүйрық омыртқалар аумағында орталық қүйрық арте- риясы — a. caudalis mediana - деп аталады.

Үлкен қанайналым шеңберіндегі артериялық тамырлар жүйесі — қолқаның тармақтары.

ҚОЛКД ДОҒАСЫНЫҢ TAPМАҚТАРЫ

Қолкд доғасы (дуга аорты) — arcus aortae — бас, мойын, көкірек керегесі қабырғасының алдыңғы бөлігі мен алдыңғы аяқтарды арте- рия қанымен қамтамасыз етеді. Қолқа жүректің сол қарыншасынан шыкқан бойда, оның арнасы кеңейіп басталады. Қолқаның кеңейіп басталған бөлігін қолкд баданасы — bulbus aortae — деп атайды.Қолқа баданасының қабырғасы мен оның ішкі бетіндегі қолқаның үш айшықты қақпақшалары бірігіп, қолқа қойнауын (синусын) sinus aor­tae — жасайды. Қолқа қойнауынан жүректің өз қабырғасын қорек- тендіретін оң және сол тәждік артерияларының — аа. coronaria dextra et sinistra — арналары басталады. Қолқаның қолқа қойнауынан өкпе артериясының бағанымен қатар, омыртқа бағанына қарай көтерілген бөлігін қолкд өрлемесі — aorta ascendens — дейді. Қолқа өрлемесі өкпе артериясының бағанымен артериялық байлам (ligamentum arteriosum) арқыл байланысып, жүрекқап қуысында жатады. Жүрек- қаптан шыққан бойда қолқа доғасынан дененің бас, мойын мен кокірек керегесі қабырғасының төменгі бөлігін мен алдыңғы аяқ- тарды артерия қанымен қамтамасыз ететін, жылқы мен күйіс қайтаратын жануарларда иық-бас артерия бағаны, ал шошқа мен итте сол бүғанаасты артериясы мен иық-бас артериялары жеке дара бөлінеді.

ИЫҚ-БАС БАҒАНЫНЫҢ ТАРМАҚТАРЫ

Иық-бас бағаны (плечеголовной ствол) — truncus brachicephalicus — жоғарыда баяндалғандай жеке артерия бағаны ретінде қолқа доға- сынан жылқы мен күйіс қайтаратын жануарларда ғана ажырайды. Иық-бас бағанынан алдымен сол бүғанаасты артериясы (a. subclavia sinistra) дененің сол жақ бөлігіне қарай ажырағаннан соң, иық- бас бағаны иық-бас артериясы (a. brachicephalica) — деп аталады. Ал шошқа мен итте иық-бас бағаны болмайды. Бұл жануарларда қолқа доғасынан алдымен сол бүғанаасты артериясы, содан кейін иық-бас артериясы жеке дара бөлініп ажырайды.

Итте оң және сол жалпы үйқы артериялары (аа. carotis communis dextra et sinistra) иық-бас артериясынан жеке дара бөлінеді, ал басқа жануарларда олар үйқы артериясының бағаны (truncus bicaroticus) болып, бірге басталады. Үйқы артериясының бағаны бөлінгеннен кейін, иық-бас артериясы дененің оң жағына қарай бүрылып, оң бүғанаасты артериясы (a. subclavia dextra) — деп аталады.

Жылқыда иық-бас артериясынан алдымен дорсальды жауырын артериясы (a. scapularis dorsalis), одан кейін тереңмойын артериясы (a. cervicalis profunda) және омыртқалық артерия (a. vertebralis) жеке дара ажырағаннан кейін ғана, ұйқы артериясының бағаны бөлінеді. Содан соң, иық-бас артериясы оңға бұрылып, оң бұғанаасты артериясына айналады.

Оң бұғанаасты артериясы сол бүғанаасты артериясына сөйкес мойынның, көкірек керегесі қабырғасының алдыңғы бөлігінің оң жақтары мен алдыңғы оң аяқты артерия қанымен қамтамасыз етеді.

БҮҒАНААСТЫ АРТЕРИЯСЫНЫҢ ТАРМАҚТАРЫ

Жүіі бүғанаасты артериядан (подключичная артерия) — a. subclavia — жануарлар денесінің мойын, алдыңғы аяқтар және көкірек керегесі қабырғасының алдыңғы бәлігі аумақтарын артерия қанымен қамтамасыз ететін магистральды артериялар ажырайды. Сол бұғанаасты артериясы ит пен шошқада қолқа доғасынан жеке, ал қалған жануарларда иық-бас бағанынан ажырайды. Ал оң бүға- наасты артериясы иық-бас артериясынан үйқы артериясының ба- ғаны (дененің бас аумағына қарай) ажырағаннан кейін, оның жалғасы болып табылады. Бүғанаасты артериясы көкірек куысынан, оның алдыңғы тесігі (apertura thoracis cranialis) арқылы шыққан

бойда, олардың әр қайсысы өз жақтарына қарай бұрылады да, бірінші қабырғаны алдыңғы жағынан айналып өтігі, артқы жаққа және төмен қарай алдыңғы аяқтарға бағытталады. Олардың әр қайсысы дененің өз жақтарындағы мойын, көкірек қабырғасының алдыңғы бөлігі және алдыңғы аяқтар аумақтарын артерия қанымен қамтамасыз етеді.

Ерекшеліктері. Жылқыда сол бұғанаасты артериясынан көкірек керегесі қабырғасы мен мойын аумақтарына қарай бірішиі болып дорсальды жауырын артериясы, содан соң терең мойын артериясы, омыртқалық және беткей мойын артериялары таралады. Төс аумағына арналған ішкі кекірек және сыртқы көкірек артериялары белінгеннен кейін, бүғанаасты артериясы сол алдыңғы аяқты қанмен қамтамасыз ететін қолтық артериясына (a. axillaris) айна- лады. Иық-бас артериясынан көкірек пен мойынның оң жақ бөлігіне дорсальды жауырын, терең мойын, омырткдлық артериялар бөлінгеннен соң, басты қанмен қамтамасыз ететін ұйқы арте- риясының жалпы бағаны ажырайды. Одан кейін иық-бас артериясы оңға қарай бүрылыгі, оң бұғанаасты артериясы деп аталады. Оң бұғанаасты артериясы өз кезегінде ішкі көкірек артериясына, сырт- қы көкірек және беткей мойын артерияларына бөлінеді. Аталған қан тамырлары ажырағаннан соң, оң бұғанаасты артериясының жалғасы оң қолтық артериясы — деп аталады.

Күйіс қайтаратын жануарларда сол бұғанаасты артериясынан бірінші болып қабырға-мойын бағаны, одан кейін ішкі көкірек артериясы, беткей мойын және сыртқы көкірек артериялары тарам- далады. Ал қабырға-мойын бағаны өз кезегінде алдыңғы қабырға- лараралық артерияларға, терең мойын артериясына, дорсальды жауырын және омыртқа артерияларына бөлінеді. Иық-бас арте- риясы ұйқы артериясының жалпы бағаны ажырағаннан кейін, оң бұғанаасты артериясына айналады. Оның тарамдалуы сол бұға- наасты артериясымен бірдей.

Шошқада аталған артериялардың тарамдалуы күйіс қайтаратын жануарлардағыдай. Қабырға-мойын бағанынан бірінші омыртқалық артерия, содан соң терең мойын және алдыңғы қабырғалараралық артериялар мен дорсальды жауырын артериясы бөлінеді.

Итте сол бұғанаасты артериясынан бірінші омыртқалық арте- рия, екінші қабырға-мойын бағаны, одан кейін ішкі көкірек арте- риясы, беткей мойын артериясы, соңынан сыртқы көкірек арте- риясы ажырайды. Иық-бас артериясынан сол және оң ұйқы арте- риялары жеке дара болып бөлінгеннен кейін, ол оң бүғанаасты артериясына айналады. Оның тарамдалу реті сол бүғанаасты арте- риясымен бірдей. Қабырға-мойын бағаны кезегімен терең мойын және дорсальды жауырын артерияларына ажырайды.

Бүғанаасты артериядан мойынның дорсальды бүлшықеттеріне:

1)омыртқалық артерия, 2) терең мойын артериясы, 3) дорсальды жауырын артериясы, 4) алдыңғы қабырғааралық артерия; мойын-

ның вентральды бүлшық еттеріне: 5) беткей мойын артериясы; көкірек керегесінің вентральды бөлігіне: 6) ішкі көкірек артериясы және 7) сыртқы көкірек артериясы ажырайды. Аталған артериялар өздері артерия қанымен қамтамасьіз ететін дене аумақтарының магистральды тамырлары.

1.Омыртқалық артерия (позвоночная артерия) — a.vertebralis — бүғанаасты артериясының үлкен артерия тармағы. Аттас вена және жүйкемен бірге 6 -ншы мойын омыртқаның көлденең тесігіне еніп, одан әрі мойын омыртқалардың көлденең өзектері (canalis transver- sarius) арқылы атлантқа дейін өтіп, шүйде артериясымен жалғасады. Омыртқалық артериядан мойын ОіМыртқалардың шекарасында үш артерия тармақтары ажырайды. Оның жүлындық тармағы (r.spinalis) омыртқааралык тесік арқылы омыртқа өзегінің ішіне кіріп, дорсальды және вентральды жүлын артерияларына (a. spinalis dor­salis etventralis) тармақталады. Ал дорсальды және вентральды тармақтары мойын аумағы омыртқа бағанының дорсальды және вентральды бүлшық еттерін артерия қанымен қамтамасыз етеді. Омыртқалық артерия атланттың қанат шүңқырында шүйде арте- риясының тармағымен қосылады да, мойын омыртқалардың қанат және омыртқааралық тесіктері арқылы омыртқа өзегінің ішіне кіріп, қарсы жақтың аттас қаы тамырларымен бірігіп, мидың негіздік арте- риясын (a. basilaris) қүрайды. Мидың негіздік артериясынан кау- дальды мишық артериясы (a. cerebelli caudalis) және ми көпіріне арналған артерия тармаклары (rr. ad pontum), ал күйіс қайтаратын жануарларда, шошқада және жылқыда қосымша шытырман артериясы (a. labyrinthi) ажырайды.

Ерекшеліктері. Жылқыда омыртқалық артерия бүғанаасты артериясынан үшінші болып ажырайды. Ол шүйде және терең мойын артерияларымен жалғасып жатады.

Күйіс қайтаратын жануарларда омыртқалық артерия мойын аумағының дорсальды бүлшық еттерін қанмен қамтамасыз ететін артериялар үшін, олардың негізгі артериясы бағанының қызметін атқарып, омыртқа-мойын бағаны (truncus vertebro-cervicalis) — деп аталады. Бүл артериядан білік омыртқа (екінші) мен үшінші мойын омыртқалардың аралығында, айдаршық артериясымен жалғасатын артерия тармағы бәлінеді. Ол ми сауытының ішінде каудальды эпи- дуральды ғажап торды (rete mirabile epidurale caudalis) жасауға қаты- сады. Аталған артерия тармағы бөлінгеннен кейін, омыртқалық артерия төмендеген тармақ (r. descendens) ретінде шүйде аумағының тереңдегі бүлшық еттерінде тарамдалып, оларды қоректендіреді.

Шошкэда да омыртқалық артерия мойын аумағының дорсальды бұлшық еттерін қанмен қамтамасыз ететін артериялар үшін, олардың негізгі артериясы бағанының қызметін аткарып, омыртқа- мойын бағаны (truncus vertebro-cervicalis) — деп аталады.

Итте омыртқалық артерия бүғанаасты артериясынан бірінші болып ажырайтын ірі артерия.

Кабырға-мойын бағаны (truncus costo-cervicalis) алдыңғы қабырға аралық артерия мен дорсальды жауырын артериясы ажырайтын магистральды артерияның негізін күрайды. Қабырға-мойын бағаиы жылқыда бұғанаасты артериядан бірінші болып жеке бөлінеді, күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада терең мойын және омырт- қалық артериялармен бірге, ал итте терең мойын артериясымен бірге басталады.

2.Терең мойын аргериясы (глубокая шейная артерия) — а. cervicalis profunda — бүғанаасты артериядан жеке немесе басқа артериялармен бірге бөлініп, көкірек куысынан бірінші қабырғадан кейін (күйіс қайтаратын жануарларда бірінші қабырғаның алдыңғы жағымен) шығып, мойынның дорсальды бүлшық еттерінде тарам- далады. Оның соңғы тармақтары омыртқалық және шүйде артерия- лары.мен жалғасып кетеді.

Ерекшеліктері. Жылқьща терең мойын артериясы сол бүғанаасты және иық-бас артерияларынан дорсальды жауырын артериясынан кейін, екінші артерия тармағы болып ажырайды. Бүл артериядан

1-дорсальды қабырғааралық артерия ажырайды.

Күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада терең мойын артериясы бүғанаасты артериясынан қабырға-мойын бағанының қүрамында бөлінеді. Шошқада сол терең мойын артериясынан 1- дорсальды қабырғааралық артерия ажырайды.

Итте терең мойын артериясы бүғанаасты артериясынан омыртқалық артериядан кейін, екінші болып дорсальды жауырын артериясымен бірге бөлінеді.

3.Дорсальды жауырын артериясы (дорсальная лопаточная артерия) - a. scapularis dorsalis — жылқы мен шошқада 2-қабырғадан кейін, ал күйіс қайтаратын жануарлар мен итте 1-қабырғаның алдыңғы жағымен шығып, жоғары бағытталады да, дененің екі жауырын аралығындағы шоқтық аумағының бүлшық еттерінде таралып, оларды артерия қанымен қамтамасыз етеді.

Ерекшеліктері. Жылқыда сол жақтан бүғанаасты, оң жақтан иық-бас артерияларынан бірінші болып ажырап, көкірек қуысының екінші қабырғааралық кеңістігінен шығады.

Күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада дорсальды жауырын артериясы қабырға-мойын бағанынан ажырайды.

Итте дорсальды жауырын артериясы терең мойын артерия- сымен бірге басталып, қабырға-мойын бағанын қүрайды.

4.Алдыңғы қабырғааралық артерия (передняя межреберная артерия) — a. intercostalis cranialis — 2-4 (5) қабырғалараралық артериялардың жалпы артерия бағаны.

Ерекшеліктері. Жылқыда алдыңғы қабырғааралық артерия дорсальды жауырын артериясынан ажырайды.

Күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада ол қабырға-мойын бағанынан бірінші болып ажырап, ез кезегінде бірінші үш қабыр- ғаның қабырғалараральтқ артерияларына тарамдалады.

Итте алдыңғы қабырғааралық артерия бүғанаасты артериядан дорсальды жауырын және терең мойын артерияларымен бірге жалпы артерия бағаны болып бөлінеді.

Әрбір қабырғааралық артерия өз кезегінде үш артерия тармақтарына ажырайды. Оның дорсальды тармағы (ramus dorsalis) омыртқа бағанының дорсальды бүлшық еттерін, жүлывдық тармағы (r. spinalis) омыртқа өзегінің ішіндегі жүлынды, вентральды тармағы (r. ventralis) кдбырғааралық бүлшық еттерді артерия қанымен қамтамасыз етеді.

5.Беткей мойын артериясы (поверхностная шейная артерия) — a. cervicalis superficialis — бірінші қабырғаның түсында бүғанаасты артериясынан басталады. Беткей мойын артериясы өз кезегінде төмендегідей тармақтарға ажырайды:

1)өрлеме мойын артериясы (a. cervicalis ascendens) беткей мойын артериясынан иық буынының түсында ажырайды. Одан соң ол кеңірдектің төменгі жағындағы бүлшық еттерге бағытталып, аталған аумақтағы бүлшық еттерді артерия қанымен қамтамасыз етеді;

2)төмендеген тармақ (r. descendens) латеральды кеуде сайында орналасады. Бүл тармақтан: а) жауырыналды артерия (a. prescapularis) бөлініп, жауырыналды және жауырын аумақтарындағы беткей лсатқан бүлшық еттер мен теріні қоректендіреді; ә) акромион тармағы (r. acromialis) шошқа мен итте жақсы жетілген. Бүл артерия тармағы қыралды және қырарты бүлшық еттер мен вентральды тісті бүлшық еттің мойын бөлігін қанмен қамтамасыз етеді.

Ерекшеліктері. Жылқыда беткей мойын артериясынан жоғарыда аталған тамырлардан басқа дельта тәрізді тармақ (r. deltoideus) бөлінеді. Бүл тармақ латеральды кеуде сайында теріасты венасымен (v. серһаііса) қатар жатады.

Күйіс қайтаратын жануарларда беткей мойын артериясы онша жетілмеген. Ол артерия тармағы түрінде болады.

Шошқада беткей мойын артериясы тек сол бүғанаасты артерия- сынан ғана ажырайды. Ал дененің оң жағындағы беткей мойын артериясы оң бүғанаасты артериясынан ажырайтын қалқанша- мойын бағанының (truncus thyrocervicalis) тармағы болып табылады.

Итте беткей мойын артериясынан дельта тәрізді тармақ пен жауырынүсті артериясы (a. subscapularis) бөлінеді.

6.Ішкі көкірек артериясы (внутренняя грудная артерия) — а. thoracica interna — бүғанаасты артериясынан беткей мойын арте- риясы бөлінетін түстан, оған қарсы жақтан басталып, төссүйектің дорсальды бетімен дененің каудальды жағына бағытталады. Ішкі көкірек артериясы өз кезегінде бірнеше тармақтарға тарамдалады:

1)перикардиальды-диафрагма артериясы (a. pericardiaco-phrenica) үлпершек пен көкетті қоректендіреді;

2)айырша бездің (тимустың) тармақтары (rr. thymici);

3)көкірек ортасының тармаклары (rr. mediastinalis);

4)тескіш тармақгар (rr. perphorantes). Тескіш тармақтардан өз кезегінде төссүйек тармақгары (rr. sternalis) және вентральды қабырға

аралық тармақгар (rr. intercostales ventralis) бөлінеді. Қабырғааралық тармақтар қабырғалар аралықтарымен жоғары көтеріліп, жоғарыдан төмен бағытталған қабырғааралық артериялармен жалғасады да, бір-бірімен тұйықталып, аталған аумақтарды қанмен қамтамасыз етеді.

Төссүйектің семсерше өсіндісі аумағында ішкі көкірек артериясы екі соңғы артерия тармақтарына ажырайды. Алдымен бірінші болып бүлшық ет-диафрагма артериясы (a. musculo-phrenica) бөлінеді. Одан: төмеигі кдбырғааралық тармақгар (rr. intercostales ventralis) және диафрагма тармакдары (r. phrenicus) ажырап, аталғандене аумақтарын қанмен қамтамасыз етеді. Бүлшық ет-диафрагма артериясы бөлін- геннен соң, ішкі көкірек артериясы краниальды қүрсақүсті артериясы (a. epigastrica cranialis) болып аталып, қүрсақ бүлшық еттерін қоректендіретін және желінді қанмен қамтамасыз ететін тармақтар бөледі де, тік қүрсақ бүлшық етінің ішкі бетімен каудальды жаққа қарай бағытталып, соңғы тармақтарымен қүрсақұсті-жыныс артерия бағанынан ажырайтын каудальды құрсақүсті артериясының соңғы тармақтарымен жалғасып түйықталады да, қүрсақ қолқасына парал- лелді өтетін артерия коллатералін түзеді.

7. Сыртқы көкірек артериясы (наружная грудная артерия) — а. thoracica externa — бірінші қабырғаның сыртқы жағында бұғанаасты артериясынан басталып, төстің сыртқы бетінде орналасқан бұлшық еттер мен теріні қанмен қамтамасыз етеді. Сыртқы көкірек арте- риясы бөлінгеннен кейін, бүғанаасты артериясы қолтық артериясы (a. axillaris) — деп аталады. Қолтық артериясы алдыңғы аяқты қоректендіретін негізгі магистральды қан тамыры.

Аталған артериялар аттарына сәйкес, дене аумақтарын артерия қанымен қамтамасыз етеді.

КӨКІРЕК ҚОЛҚАСЫНЫҢ ТАРМАҚТАРЫ

Көкірек қолқасы (грудная аорта) — aorta thoracica — көкірек керегесі қабырғасына париетальды тармақгар (дене қабырғасына арналған) — ramus parietalis, көкірек қуысындағы мүшелерге висце- ральды гармақгар (ramus visceralis) бөледі. Париетальды тармақгарға: кдбырғалараралық артериялар (аа. intercostales), ал жылқыда бұлардан басқа алдыңғы диафрагмальды артерия (a. phrenica cranialis) жатады. Қабырғалараралық артериялар (5- қабырғадан соңғы қабырғаға дейін) өз кезегінде дорсальды, жұлындық және вентральды тармақтарға бөлініп (омыртқалық, алдыңғы қабырғалараралық, бел және қүйымшақ артериялары да, осылай тармақгалады), аттарына сәйкес дене аумақгары мен мүшелерді қанмен қамтамасыз етеді. Висцеральды тармаққа өңеш-бронх бағаны (truncus bronchoesophagea) жатады. Ол қолқадан 5-қабырға тұсында бөлініп, одан соң өңеш артериясына (а. oesophagealis) және бронх артериясына (a. bronchialis) ажырайды. Өңеш артериясы өңешті, ал бронх артериясы өкпенің ұлпаларын артерия қанымен камтамасыз етеді.

Қолқа және көкірек қолқаеы тармақтары бойынша баюылау сүрақтар:

  1. Қолқа қандай бөлімдерге болінеді?

  2. Қолқа доғасынан кдндай артериялар ажырайды?

  3. Иық-бас бағаны қандай тармақтарға ажырайды? Олар тамырландыратын дене аумақтарын еске түсіріңіз.

  4. Бұғанаасты артерияларының негізгі тармақтары. Олар қандай дене аумақтарын тамырлаидырады?

  5. Кокірек қолқасының гіариетальды және висцеральды тармақтары. Олар тамырландыратыи дене аумақтары мен мүшелер.

  6. Тақырыл мәтініндегі к.азақіиа-латыніиа терминдерді сөздікке көшіріп алып, оларды жаттаңыз.

БАС АРТЕРИЯЛАРЫ

Жатіы үівдіі аргериясы (обшая сонная артерия) — a. carotis communis — жануарлар денесінің бас аумағын артерия кднымен кдмтамасыз ететін негізгі магистральды қан тамыры. Жалпы ұйқы артериясьт иық-бас

артериясынан ажыраған бойда кеңірдектің вентро-латеральды бетімен баска қарай бағытталып, содан кейін оның дорсо-латеральды жағына көтеріледі. Жалпы ұйқы артериясын сыртқы жағьшан иық-бас бұлшық еті жауып жатады. Иық-бас және төс-бас бұлшық етгерінің арасындағы мойындырықгық саймен, жалпы үйщ>і артериясынан беткей жаткдн сьфткзы кұретамыр (мойьшдьфықгық) венасы — v. jugularis extema, ал жалпы ұйқы артериясының жоғарғы жағымен кезеген жөне симпа- тикалық жүйкелердің жалпы бағанының мойын бөлііі (truncus vago- sympathicus cervicis) мен ішкі күретамыр (мойьшдьфықгық) венасы — v. jugularis interna — өтеді. Мойын аумағының алдыңғы жағында, жалпы ұйқы артериясынан төменірек көмекейдің кдйтарма жүйкесі (n. laryngeus reccurens) жатады.

Атлант-шүйде буынының түсында жалпы ұйқы артериясынан миды артерия кднымен қамтамасыз ететін ішкі ұйқы артериясы (a. carotis interna) ажырайды. Одан әрі жалпы үйқы артериясының жалғасы сыргқы үйщ>і артериясы (a. carotis externa) — деп аталады. Жалпы үйқы артериясынан дененің мойын аумағьшдағы көршілес жаткдн мүшелерге бұлшық етгерге, өңешке және кеңірдекке, оларды қоректендіретін майда артерия тармақгарын (rr. musculares, esophageus et trachealis) және қалқанша безге краниальды калқанша артериясын бөледі. Краниальды кдлкдпша артериясы (a. thyroidea cranialis) өз кезегінде қоректендіргіш артерия тармақгарын қалқанша безге (r. thyroideus), жүтқыншаққа (г. pharyngeus) және көмекейге (r. laryngeus) бөледі.

Ерекшеліктері. Итте оң және сол жалпы ұйқы артериялары (аа. carotis communis dextra et sinistra) иық-бас артериясынан жеке дара бөлінеді, ал басқа жануарларда олар ұйқы артериясының бағаны (trun­cus bicaroticus) болып, бірге басталады да, соңынан екіге: оң және сол жалпы ұйқы артерияларына ажырайды. Аталған артериялар мойынның оң және сол жақтарымен басқа қарай бағытталады.

Жылқыда ұйқы артериясының бағаны иық-бас артериясынан дорсальды жауьфын артериясы (a. scapularis dorsalis), терең мойын артериясы (a. cervicalis profunda) және омыртқалық артерия (а. vertebralis) жеке дара ажырағаннан кейін ғана бөлінеді.

Жалпы ұйқы артериясынан әр түрлі жануарлар денелерінің мойын аумағына ортақ қан тамырларынан басқа да, жеке дара жануарларға тән қан тамырлары ажырайды. Олар:

1)каудальды кдлкднша артериясы (a. thyroidea caudalis) күйіс кдйта- ратын жануарлар мен итте болады. Бірақ, итге тұрақгы тұрде кездесе бермейді. ПІошқада аталған артерия тек сол жалпы үйқы артериясынан бөлінеді;

2)краниальды көмекей артериясы (a. laryngea cranialis) жылқыда, күйіс қайтаратын жануарларда және шошқада кездеседі. Бүл артерия көмекей мен жүтқыншақты қоректендіреді;

3)өрлеме жүтқыншақ артериясы (a. pharyngea ascendens) күйіс қайтаратын жануарлар мен жылқыда түрақгы кездеседі. Ол жүтқын- шақ пен оньщ бадамшаларын және жүмсақтандайды тамырландырады.

ІШКІ ҮЙҚЫ АРТЕРИЯСЫ

Ішкі үйқы артериясы (внутренняя сонная артерия) — a. carotis interna — жалпы ұйқы артериясынан дорсальды бағытта бөлініп, шүйде сүйегінің жырымдалған тесігі (foramen lacerum) арқылы ми сауытының ішіне еніп, миды артерия қанымен қоректендіретін негізгі қан тамыры.

Жылқы мен итте ішкі үйқы артериясы жақсы жетілген. Жылқыда ішкі үйқы артериясы жалпы үйқы артериясынан бөлінер алдында кеңейіп басталады. Артерияның бүл бөлігін үйқы артериясының қойнауы (synus caroticus) — деп атайды. Ішкі үйқы артериясы ми қорабының ішінде миды қоректендіретін үйқы- негіздік артерияны (a. carotico-basilaris), ал итте алдыңғы және артқы үиқыаралық артерияларды (a. intercarotica rostralis et caudalis) түзеді.

Күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада ішкі үйқы артериясы тек іштөлдерінде ғана жақсы жетілген. Сақа жануарларда ішкі үйқы артериясы қалдықтүрінде, дәнекер үлпалықжелі ретінде сақталған. Ол шүйде артериясының жетілмеген бір тармағы болып есептеледі.

СЫРТҚЫ ҮЙҚЫ АРТЕРИЯСЫ

СЫРТҚЫ ҮЙҚЫ артериясы (наружная сонная артерия) — a. carotis communis — жануарлар денесі бас аумагының ми сауьпы және бет бөлімі мүшелері мен олардың қуыстарын артерия кднымен камтамасыз ететін негізгі магистральды кдн тамыры. Сыртқы үйқы артериясы жалпы үйқы артериясьшан ішкі үйқы артериясы бөлінгеннен кейінгі жалғасы. Сыртқы үйқы артериясы бассүйек негізінің бойьшда S әрпі тәрізді иілім жасайды. Осы түста сыртқы үйқы артериясынан бас аумағын қоректендіретін негізгі магистральды артериялар кезегімен ажырайды. Олар:

1. Шүйде артериясы (затылочная артерия) a. occipitalis — сырт- қы үйқы артериясының дорсальды қабырғасынан бөлініп, атланттың қанат тесігі арқылы, оның дорсальды бетіне шығады да, атлант- шүйде және атлант-білік буындарының бүлшық еттерінде тарам- далып, оларды қоректендіреді. ІПүйде артериясы бөлінген түстан бастап, жалпы үйқы артериясы сыртқы үйқы артериясы - деп аталады. Шүйде артериясынан өз кезегінде бастың ми сауыты аумағына төмендегідей артерия қан тамырлары бөлінеді:

1)айдаршық артериясы (a. condylaris) тіласты өзегі арқылы ми сауытының қуысына өтеді;

2)ми қабыгының каудальды артериясы (a. meningea caudalis) самай жолы арқылы ми сауытының куысына өтіп, ол жерде айдаршық және омыртқалық артериялардың тармақтарымен жалғасып, каудальды эпидуральды ғажап торды (rete mirabile epidurale caudale) түзуге қатысады.

Ерекшеліктері. Жылқыда шүйде артериясынан қүлақтүбі (шық- шыт) сілекей безіне арналған бездік тармақ (r. glandularis) бөлінеді.

Күйіс кдйтаратын жануарларда аталмыш артериядан өз кезегінде бірнеше артерия тармақтары ажырайды. Олар:

1)өрлеме тандай артериясы (a. palatina ascendens) жүтқын- шақтың етті қабығы мен жүмсақ тандайды қоректендіреді;

2)терең біз-емізікше артериясы (a. stylo-mastoidea profunda) біз- емізікше тесігі арқылы бет өзегіне еніп, оның қабырғасын тамырландырады;

3)ми қабығының орталық артериясы (a. meningeamedia) ми сауыты қуысына жырымдалған тесік арқылы өтіп, ми қабығын тамырландырады.

Шошқада шүйде артериясынан: біз-емізікше тесігі арқылы бет өзегіне өтіп, оны тамырландыратын біз-емізікше артериясы (a. styloas toidea) айдаршық артериясымен бір жерден бөлінеді.

Итте шүйде артериясынан:

1)краниальды көмекей артериясы (a. laryngea cranialis) ажырап, өз кезегінде жүтқыншақ және көмекей тармақтарын (rr. pharyngeus et laryngeus) бөледі. Олар аталған мүшелерді артерия қанымен қамтамасыз етеді.

2)өрлеме жүтідыншақ артериясы (a. pharyngea ascendens) жүмсақ таңдай мен жүткзыншақкд артерия тармақгарын (rr. palatini et pharyngei) бөледі. Сонымен қатар, шүйде артериясынан бөлінетін ми қабығының каудальды артериясынан өз кезегінде ортаңғы күлақгыңдабыл куысын тамырландыратын каудальды дабыл артериясы (a. thympanica caudalis) ажырайды.

2.Тіл артериясы (язычная артерия) — a. linqualis — сыртқы үйқы артериясының S әрпі тәрізді иілімінің төменгі бүрышынан басталып, негізгі тіл бүлшық етінің медиальды бетімен бойлай алға бағытталып, иек-тіл бүлшық етінің латеральды жиегі арқылы тілдің үшына дейін өтеді. Оның соңғы тармақтары тілдің үшында терең тіл артериясы (a. profunda linquae) — деп аталады. Тіл артериясы өз кезегінде көршілес орналасқан мүшелерге бірнеше тармақтар бөледі. Олар:

1)төменгі жақ сілекей безін тамырландыратын без тармақгары (rr. glandulares);

2)тіласты сүйек маңындағы үлпаларды қоректендіретін тіласты- маңы тармақтары (rr. perihyoidei);

3)тілдің жоғарғы бөлігінде дорсальды тіл тармақтары (rr. dor- sales linquae).

Ерекшеліктері. Жылқы мен күйіс қайтаратын жануарларда тіл

артериясы бет артериясымен бірігіп, жалпы тіл-бет бағаны (trun­cus linquo-facialis) болып басталады.

Күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада тіл артериясынан жоғарыда баяндалған қан тамырларынан басқа тіласты артериясы (a. sublinqualis) бөлінеді.

Қой мен ешкіде тіласты артериясынан бастың иек аумағын артерия қанымен қамтамасыз ететін иек артериясы (a. mentalis) ажырайды.

Тіл артериясы тіл және тіласты сүйек маңындағы үлпаларды қоректендіретін қан тамырларын бөлгеннен соң, төменгі жақ сүйектің тамырлы ойығымен төменгі жақтың сыртқы латеральды беті арқылы бас аумағының бет бөліміне шығып, бет артериясы — деп аталады.

3.Бет артериясы (лицевая артерия) — a. facialis — кднатша бүл- шық еттің медиальды бетімен өтіп, теменгі жақ сүйектің тамырлы ойығы арқылы бастың бет бөлімінің латеральды бетіне шығады да, үлкен шайнау бүлшық етінің алдыңғы жиегімен жоғары көтеріліп, бастың бет бөлімін қоректендіретін артерия тамырларына бөлінеді.

Бет артериясьшан ажырайтын артерия тармақгары:

1)төменгі жақ безін қоректендіретін без тармағы (г. glandularis);

2)тіласты-иек бүлшық етін қоректендіретін тіласты артериясы (a. sublinqualis);

3)төменгі ерін артериясы (a. labialis inferior);

4)жоғарғы ерін артериясы (a. labialis superior). Жоғарғы ерін артериясын бөлгеннен соң, бет артериясы өз кезегінде екі артерияға ажырайды. Оның біріншісі, бастың мүрын аумағын қоректендіретін алдыңғы бүііірлік мүрын артериясы (a. lateralis nasi rostralis), ал екіншісі, жоғары және артқа қарай бағытталып, бастың көз аумағын тамырландыратын көз бүрышы артериясы (a. angularis oculi).

Ерекшеліктері. Жылқы мен итте бет артериясының тармағы тіласты артериясынан бастың иек аумағын қоректендіретін иек артериясы ажырайды.

Сиыр мен шошқада тіласты артериясы тіл артериясынан бөлінеді. Тамырлы ойық маңында, ол төменгі жақтың медиальды бетінде, жылқы мен шошқада жүтқыншаққа артерия тармағын, ал төменгі жақтың латеральды бетінде, жылқы мен сиырда үлкен шайнау бүлшық етіне артерия тармақтарын бөледі.

Қой мен ешкіде бет артериясы жетілмеген. Бүларда бет артериясының қызметін беттің көлденең артериясы атқарады.

Сыртқы үйқы артериясы бет артериясын бөлгеннен кейін, жоғары көтеріліп, бассүйектің негізіне қарай бағытталып, одан соң бастың алдыңғы жағына қарай бүрылады да, кезегімен бірнеше артериялар бөледі. Олар:

4.Каудальды қүлақ артериясы (каудальная ушная артерия) — a. auricularis caudalis — шықшыт безінің астыңғы жағымен өтіп, жол бойы бірнеше артерия тарамдарын бөледі. Олар:

1)біз-емізікше тесігі арқылы өтіп, бет өзегін тамырландыратын біз-емізікше артериясы (a. stylo-mastoideus);

2)шықшыт безінің қоректендіргіш тармағы (r. parotideus);

3)төс-бүгана-емізікше бүлшық етінің тармағы (r. sterno-cleidoma- stoideus),

4)күлақтың ішкі беті мен бүлшық еттерін тамырландыратын терең қүлақ артериясы (a. auricularis profunda).

Бүдан кейін, қүлақ қалқанына қарай бағытталып, каудальды қүлақ артериясы шүйде аумағын қоректендіруге қатысатын шүйде

тармағын (r. occipitalis) бөледі де, құлақтың артқы бетінде, құлақ кдлқанын қоректендіретін латеральды, ортаңғы және медиальды құлақ артерияларына (a. auricularis lateralis, medius et medialis) ажырайды.

Ерекшеліктері. Жылқыда біз-емізікше артериясы терең құлақ артериясынан бөлініп, өз кезегінде ортаңғы құлақтың дабыл қуысы кілегейлі қабығын тамырландыратын каудальды дабыл артериясын (a. tympanica caudalis) бөледі.

Күйіс кдйтаратан жануарларда каудальды күлақ артериясы құлақ қалқанын тамырландыратын латеральды, ортаңғы, латеральды ортаңғы жөне медиальды ортаңғы қүлақ артерияларына тарамдалады. Ал медиальды қүлақ артериясы беткей самай артериясынан ажырайды.

5.Үлкен шайнау бұлшықет тармағы (ветвь болылой жевательной мышцы) — r. massetericus — сыртқы ұйқы артериясының бүйір бетінен бөлініп, үлкен шайнау бүлшық етін қоректендіреді.

6.Беткей самай артериясы (поверхностная височная артерия) — a. temporalis superficialis — сыртқы үйқы артериясынан самай-төменгі жақ буынының түсынан басталып, беттің көлденең артериясын бөлгеннен кейін, самай шүңқырында тарамдалады. Ол өз кезегінде бірнеше артерия тармақтарын бөледі. Олар:

1)самай-төменгі жақ буын тармағы (r. articularis temporo-man- dibularis);

2)күлақ қалқанын тамырландыратын алдыңғы қүлақ артериясы (a. auricularis rostralis);

3)жоғарғы және төменгі қабақгың бүйірлік артериялары (а. раі- pebralis lateralis superior et inferior);

4)көз жасы безін қоректендіретін көз жасы тармағы (r. lacrimalis).

Ерекшеліктері. Күйіс қайтаратын мүйізді жануарларда беткей

самай артериясынан аталған қан тамырларынан басқа мүйіз аумағын артерия қанымен қамтамасыз ететін мүйіз артериясы (а. cornualis), алдыңғы қүлақ артериясынан медиальды қүлақтармағы мен ми қабығының тармағы бөлінеді.

Итте жоғарғы және төменгі қабақтың бүйірлік артериялары беттің көлденең артериясынан ажырайды.

7.Беттің көлденең артериясы (поперечная артерия лица) — а. transversa faciei — бет доғасының төменгі жиегімен бойлай өтіп, үлкен шайнау бүлшық етін қоректендіреді.

Ерекшеліктері. Қой мен ешкіде беттің көлденең артериясы самай- төменгі жақ буыны мен үлкен шайнау бүлшық етіне қоректендіргіш тармақтар бөлгеннен соң, бастың бет аумағын тамырландырып, бүл жануарларда жетілмеген бет артериясының қызметін атқарады.

8.Жоғарғы жақ артериясы (верхнечелюстная артерия) — a. maxil laris - сыртқы үйқы артериясынан беткей самай артериясы мен беттің көлденең артериясы бөлінгеннен кейінгі жалғасы. Жоғарғы жақ артериясы медиальды бағытта сына-тандай шүңқырына қарай бұрылып, бірнеше артерия тармақтарына ажырайды. Жылқы мен итте бүл артерия қанат өзегі арқылы өтеді.

Жоғарғы жақ артериясынан төмендегідей артериялар бөлінеді:

1.Ми қабығының орталық артериясы (средняя оболочечная артерия) — a. meningea media — жырымдалған тесіктің алдыңғы жағымен ми сауытының қуысына еніп, мидың қатты қабығын тамырландырады.

Ерекшеліктері. Күйіс қайтаратын жануарларда ми қабығының орталық артериясы болмайды.

Итте аталмыш артерия ми сауытының қуысына сопақ тесік арқылы кіреді.

2.Терең каудальды самай артериясы (глубокая височная каудальная артерия) — a. temporalis profunda caudalis — самай бүлшық етін тамырландырады.

Ерекшеліктері. Жылқыда терең каудальды самай артериясы жоғарғы жақ артериясынан, ол қанат өзегіне кірер алдында бөлінеді

Күйіс қайтаратын жануарларда бүл артерия жоғарғы жақ артериясынан төменгі альвеола артериясынан кейін ажырайды. Аталмыш артерия үлкен шайнау бүлшық етіне ірі тармақ бөледі.

Шошқа мен итте терең каудальды самай артериясы ми қабығының орталық артериясынан кейін бөлінеді. Бүларда да, терең каудальды самай артериясынан үлкен шайнау бүлшық етіне ірі артерия тармағы бөлінеді.

3.Канатша ұүлшық ет тармактары (крыловидные ветви) — rr. pterygoidei — қанатша шайнау бүлшық етін тамырландыратын ірі артерия тармақтары.

4.Төменгі альвеола артериясы (нижняя альвеолярная артерия) —

а. alveolaris inferior — төменгі жақ өзегіне кірер алдьшда төменгі жақгың көлденең бүлшық етін қоректендіретін артерия тармағын бөліп, төменгі жақ өзегі ішінде тістерді қоректендіретін тіс тармақгарын (rr. dentalis) ажыратады да, иек тесігі арқылы шығып, түмсықгың иек аумағын тамырландыратын иек артериясына (a. mentalis) айналады.

Ерекшеліктері. Шошқада иек артериясының тармақтары медиальды иек тесіктері арқылы сыртқа шығып, төменгі ерінді тамырландырады.

5.Ұрт артериясы (щечная артерия) — a. buccalis — үрт аумағын қоректендіреді.

Ерекшеліктері. Күйіс қайтаратын жануарларда үрт артериясынан самай бүлшық етін қоректендіретін алдыңғы терең самай артериясы (a. temporalis profunda rostralis) және мидың эпидуральды “ғажап торын” жасауға қатысатын алдыңғы және артқы эпидуральды ғажап торы тармақтары (rr. caudalis et rostralis ad rete mirabile epidurale rostrale) бөлінеді. Соңғы аталған артерия тармақтары ми сауыты қуысына көздік-дөңгелек тесік (foramen orbitale-rotundum) және сопақ тесік (foramen ovale) арқылы енеді.

Ит пен шошқада үрт артериясынан:

1)алдыңғы терең самай артериясы самай бүлшықетін қоректен- діреді.

2)көз бұрышының артериясы (a. angularis oculi),

3)жоғарғы және төменгі ерін артериясы (a. labialis superior et inferior) болінеді.

Коз бүрышы артериясынан өз кезегінде томенгі қабақ артериясы (a. palpebralis inferior) және ауыз езуінің артериясы (a. angularis oris) ажырайды. Олар аталған бас аумақтарын тамырландырады.

6.Сыртқы көздік аргериясы (наружная глазничная артерия) — a. ophtalmica externa — доға тәрізді ңіліп, торлы сүйек тесігіне (fo­ramen ethmoidale) енгеннен кейін, сыртқы торлы артерия (а. ethmoidalis externa) - деп аталады.

Коз аумағында сыртқы көздік артериясынан козге және оның комекші мүшелеріне томендегідей тармақтар бөлінеді. Олар:

1)көз жасы безіне арналған көз жасы артерияеы (a. lacrimalis);

2)көздің медиальды бүрышын тамырландыратын шығырасты аргериясы (a. subtrochlearis);

3)көздікүсті тесігі (foramen supraorbitalis) арқылы коздіктен бастың сыртқы мандай аумағына шығып, оның терісін тамырлан- дыратын көздікүсті артериясы (a. supraorbitalis);

4)көздің бүлшықеттеріне, коздің кілегейлі қабығына, жоғарғы, томенгі қабақтарға арналған артерия тармақтары.

Ерекшеліктері. Жылқы мен күйіс қайтаратын жануарларда көздікүсті артериясы көздікгің ғажап тамырлы торын (rete mirabile ophtalmicum) жасайды.

7.Беткей үрт аргериясы (поверхностная щечная артерия) — а. malaris — мандай аумағына, мүрынға, төменгі қабаққа және үшінші қабаққа арналған тармақтар боледі.

8.Көздікасты артериясы (подглазничная артерия) а. infraorbitalis — коздікасты озегі арқылы арқылы томен бағытталып, тістерді қоректендіретін артерия тарімақтарын боледі.

Ерекшеліктері. Шошкэда аталған артериятармақгарынан баскд, мүрьш аумағын тамырландыруға бүйірлік мүрын тармақгарын ажыратады.

9.Төмендеген тандай артериясы (нисходящая небная артерия) — a. palatina descendens — кднат-тандай шүңқырына бағытталып, бірнеше артерия тармақтарына ажырайды. Олар:

1)жүмсақтандай мен жүтқыншақ қабырғасын тамырландыратын кіші таңдай артериясы (a. palatina minor);

2)тандай озегі арқылы өтіп, қатты тандайдың кілегейлі қабығын, жоғарғы жақ сүйек пен жоғарғы жақ қойнауын қоректендіретін үлксн таңдай артериясы (a. palatina major);

4)сына- гандай артериясы (a. spheno-palatina) томендеген таңдай артериясынан бөлініп, жоғарғы жақ артериясының соңғы жалғасы ретінде сына-тандай тесігі арқылы мүрын куысына отіп, каудальды, латеральды, перделік мүрын тармақтарына ажырайды да, мүрын қуысының аталған аймақтарын тамырландырады.

Ерекшеліктері. Жылқы мен шошқада оңжәне сол үлкен тандай артериялары бірігіп, тақ түмсық артериясын (a. incisivi) түзеді. Ол

күректіс өзегі арқылы тұмсық сүйектің ерін бетіне шығып, жоғарғы

ерінді қоректендіреді.

Итте мүрын қуысын тамырландыруға сына-тандай артерия тар-

мақтарынан басқа, ішкі торлы артерия тармақтары да қатысады.

Бас артериялары бойынша бақылау сұрақтары:

  1. Үйқы артерияларының баганы қандай артерияларға болінеді?

  2. Жалпы ұйқы артериясынан қандай артериялар ажырайды?

  3. Ішкі ұйқы артериясы қандай жануарларда жақсы жетілген, кандай жануарларда нашар жетілген? Олардың тамырландыру аумақтарыи атаңыз.

  4. Сыртқы ұйқы артериясының негізгі тармақтарын атап, олар тамырландыратын дене аумақтары мен мүшелерін еске түсіріңіз.

  5. Так.ырып мәтініндегі қазақша-латынша терминдерді сөздікке кешіріп алып, оларды жаттаңыз.

ҚҮРСАҚ ҚОЛҚАСЫ АРГЕРИЯЛАРЫНЫҢ ТАРМАҚТАРЫ

Құрсақ қолқасы (брюшная аорта) — aorta abdominalis — диафрамгадан кейінгі қолқаның жалғасы. Құрсақ қолкасы омыртқа бағанының төменгі бетінде, артқы (каудальды) қуыс венаның сол жағында орналасады. Диафрагманың оң және сол аяқшаларының арасымен көкірек куысынан құрсақ куысына өтіп, одан әрі жамбас қуысына жеткенге дейін, құрсақ қолқасынан: құрсақ қуысы кдбырғасына париетальды артерия тармақгары, ал күрсақ қуысындағы ішкі мүшелерге висцеральды артерия тармақгары бөлінеді.

ҚҮРСАҚ ҚОЛҚАСЫНЫҢ ПАРИЕТАЛЬДЫ АРТЕРИЯ ТАРМАҚТАРЫ

1.Каудальды диафрагма артериясы (каудальная диафрагмальная артерия) — a. phrenica caudalis — қүрсақ қолкдсынан көкеттің (диа- фрагманың) қолка тесігі маңайынан бөлінетін жүп қан тамыры. Кау- дальды диафрагма артериясы диафрагманың оң және сол аяқшаларын тамырландырып, өзінен бүйрекүсті безін қоректендіретін бүйрекүсті безінің краниальды артерияларын (аа. suprarenales craniales) бөледі.

Ерекшеліктері. Жылідыда каудальды диафрагма артериясы бол- майды.

Күйіс қайтаратын жануарларда және шошқада каудальды диафрагма артериясы көбіне іш артериясынан бөлінеді.

Итте каудальды диафрагма артериясы іш артериясымен бірігіп, құрсақ қолқасынан жалпы артерия бағаны ретінде ажырайды да, содан кейін, іш артериясынан бөлінеді.

2.Краниальды құрсақ артериясы (краниальная брюшная арте- рия) — a. abdominalis cranialis — құрсақ қолқасынан 1-2 -нші бел омыртқалары түсынан, краниальды шажырқай артериясымен қатар ажырайтын жұп артерия. Краниальды құрсақ артериясы бел және құрсақ бұлшық еттерін артерия қанымен қамтамасыз етеді.

Ерекшеліктері. Краниальды құрсақ артериясы үй жануар- ларының ішінде тек ит пен шошқада ғана кездеседі.

3.Бел артериялары (поясничные артерии) — аа. lumbales — құрсақ қолқасының жоғарғы жағынан, жануарлардың бел омыртқаларының санына сәйкес 5-7 жұп болып бөлінеді. Бел артерияларының соңғы жүбы қүрсақ қолқасынан артқы аяқтарға сыртқы мықын артерия- лары бөлінгеннен кейін ажырайды. Омыртқалық және қабырғаара- лық артериялар сияқты дорсальды, жүлындық және вентральды артерия тармақтарына тарамдалады. 1) дорсальды тармақтар (rr. dorsales) дененің бел аумағының жазғыш (дорсальды) бүлшық етте- рін, жүлындық тармақтар (rr. spinales) — жүлын қабықтарын, ал вентральды тармақтар (rr. ventrales) белдің вентральды бүлшық еттерін тамырландырады.

Ерекшеліктері. Жылқада вентральды артерия тармақтары құрсақ бұлшық еттерін де тамырландырады.

Күйіс қайтаратын жануарларда бел артерияларынан бүйрекұсті безі (r. suprarenalis) мен көкетке (r. рһгепісі) қосымша артерия тармақтары ажырайды.

Шошқада көкетке артерия тармағы бөлінеді.

Ерекшеліктері. Жылқыда бұлардан басқақүрсақ бұлшықеттеріне арналған тармақтар бөлінеді.

4.Айналмалы терең мықын артериясы (окружная глубокая подвздошная артерия) — a. circumflexa ilium profunda — бел және құрсақ бүлшық еттерін тамырландыратын жүп қан тамыры.

Ерекшеліктері. Айналмалы терең мықын артериясы иттен басқа үй жануарларында сыртқы мықын артериясынан ажырайды. Ал итте аталмыш артерия күрсақ қолқасынан соңғы бел омыртқалардың түсында бөлінеді.

ҚҮРСАҚ ҚОЛҚАСЫНЫҢ ВИСЦЕРАЛЬДЫ АРТЕРИЯ ТАРМАҚТАРЫ

1.Іш артериясы (чревная артерия) — а. сеііаса — соңғы көкірек немесе бірінші бел омыртқаларының түсынан, қүрсақ қолқасының вентральды жағынан бөлінетін ірі тақ артерия. Іш артериясы күрсақ қолқасынан ажырағаннан соң, өз кезегінде үш артерияға: 1) көкбауыр артериясына, 2) сол қарын артериясына және 3) бауыр артериясына тарамдалады.

1)көкбауыр артериясы (a. lienalis) іш артериясынан бөлінгеннен кейін, көкбауырға жетіп, көкбауырды тамырландырады. Көкбауыр артериясының соңғы тармағы көкбауырдан қарынның үлкен иініне қарай бағытталып, сол қарын-шарбы артериясы (a. gastro-epiploica sinistra) — деп аталады. Қарынның үлкен иінінде сол қарын-шарбы артериясы қарынның қарсы жағынан келетін оң қарын-шарбы артериясымен (a. gastro-epiploica dexstra) жалғасып кетеді, яғни анастомоз жасайды. Көкбауыр артериясынан қысқа қоректендіргіш артерия тармақтары қарынға (rr. gastrici brevis), үйқы безіне (rr. pancreatici) және шарбыға (г. еріріоісі) бөлінеді.

Ерекшеліктері. Шоиікдда көкбауыр артериясынан сол қарын арте- риясы (a. gastrica sinistra), кэрын-көкбауыр тармақгары (rr. gastroienales) және қарын буылтығының артериясы (a. diverticuli) ажырайды. Сол кдрын артериясынан өз кезегінде өңеш тармағы (r. esophagei) бөлінеді.

Итте көкбауыр артериясы дорсальды және вентральды тармақгарға ажырайды. Вентральды артерия тармағы қарын-шарбы артериясына үласып кетеді.

2)сол қарын артериясы (a. gastrica sinistra) қарынның кіші иіні бойымен өтіп, өзінен қарынға және үйқы безіне қоректендіргіш тармақтар бөледі.

Ерекшеліктері. Жылқыда сол қарын артериясы қарынды қоректендіретін краниальды және каудальды тармақтар (г. cranialis et caudalis) және өңеш пен үйқы безіне артерия тармақтарын бөледі.

Шошқада сол қарын артериясы көкбауыр артериясынан бөлініп, қарынның артқы бөлігіне бағытталады да, каудальды қарын артериясы (a. gastrica caudalis) — деп аталады.

Итте сол қарын артериясы көкбауыр артериясынан бөлініп, оң қарын артериясымен жалғасады..

3)бауыр артериясы (a. hepatica) қақпалық венамен бірге қатарла- сып, бауыр кдқпасы арқылы бауырға енеді де, оны тамырландырады. Бауыр артериясынан қарынның кіші иініне оң қарын артериясы (a. gastrica dextra) және қарын-он екі елі ішек артериясы (a. gastro- duodenalis) бөлінеді. Қарынның үлкен иінін қоректендіруге қарын- он екі елі ішек артериясынан оң қарын-шарбы артериясы (a. gastro- epiploica dexstra) және үйқы безі-он екі елі ішек артериясы (а. pancreatico-duodenalis) ажырайды.

Ерекшеліктері. Жылқыда бауыр артериясынан үйқы безіне қоректендіргіш тармақтар бөлінеді.

Күйіс қайтаратын жануарларда құрсақ куысында орналасқан ішкі мүшелердің орналасу орнына байланысты, іш артериясының

тармақтарға бөлінуі де ерекше түрде жүреді. Мес қарынның оң жағымен өтетін қүрсақ қолқасынан ажырайтын іш артериясынан (іш артериясының үзындығы жануарлардың түріне байланысты мысалы, сиырда оның үзындығы 12 см, қой мен ешкіде 4-6 см) бірнеше артерия ажырайды. Олар:

1)каудальды диафрагма артериясы, жануарларда түрақты кездесе бермейді;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]