Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

khattama

.docx
Скачиваний:
14
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
21.61 Кб
Скачать

Ата-аналар жиналысының хаттамасы

Хаттама №1 12 .09.2015ж

Қатысқаны: 17

Қатыспағаны: 7

Тақырыбы: «Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі»

Күн тәртібінде: 1. Өткен оқу жылына талдау, жаңа оқу жылының

мақсаты мен міндеттері. «Мектепке жол» акциясы

ұйымдастыру.

2. Баяндама «Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі»

3. «Қауіпсіз мектеп!, Жолда жүру қауіпсіздігі.

4. Интернеттің жағымсыз әсеріне тосқауыл қою.

5. Әр түрлі мәселелер

Бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі Ботаханова Д.Т. сөз алып ата-аналарға өткен оқу жылы бойынша сараптамалық есеп берді.Өткен оқу жылы бойынша сыныпта 2 үздік оқушы, 12 екпінді бар екендігі айтылды. Осы оқушылардың ата-аналарына алғыс білдіріп, биылғы оқу жылында да баланың оқуы мен тәртібін қадағалап отыру керектігі туралы айттты. Өткен оқу жылында сынып жалры оқу үлгерімі жағынан да, тәртібі, қоғамдық жұмыстарға қатысуы жағынан да жақсы нәтижелер көрсете білді.Сыныптағы көп балалаы жән аз қамтылған отбасындағы балаларға биыл да мектеп асханасынан тегін ыстық тағам берілетіні және басқа да көмек туралы айтып өтті. Биылғы оқу жылында жаңадан 1 оқушы келгені сонда сыныпта 24 оқушы бар, 10 ұл, 14 қыз бала бар. Олардың 2-і үздік, 12-і екпінді оқушы. Келесі кезекте «Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамада бала тәрбиесінде отбасының ролі басты орында екені, ата-ана балаға тәрбие беруде өте мұқият болуы , қазіргі заман ағымына сай баланы тәрбиелеуде бірқатар қиындықтар туындайтыны жайлы сөз болды. Ата-аналарға осындай мәселелерге қатысты бірқатар кеңестер оқылды. Сонымен қатар балаларын да бақылауда ұстап, араласатын ортасын, жүріп тұруын қадағалау қажеттігі ескертілді. Үшінші мәселе бойынша «Қауіпсіз мектеп!, Жолда жүру қауіпсіздігі.жалпы сыныпқа мінездеме беріліп өтті. Қазіргі кезде өте көп жол апаттары соның ішінде оқушылардың жол апаттарына ұшырауы себепті оқушылар мектепте жолда жүру ережелерімен үнемі таныстырылып отыратындығы туралы айта келіп, баланың жолда жол ережесін барынша сақтауын, асығыстық жасап, қызыл түске немесе, өтуге болмайтын жерлермен өтпеуін күнделікті ескертуді айтты. Төртінші мәселе бойынша «Интернеттің жағымсыз әсеріне тосқауыл қою» яғни қазіргі уақытта өзекті мәселеге айналған ғаламтордың жағымсыз кері әсері туралы сөз қозғалды. Ата-аналарға балаларының ғаламторды өз бетінше пайдалануын қадағалау туралы ескертілді. Ата-ананаларға балалардың ғаламторға кіріп, керек емес ақпараттар мен видеоларды көруін, әлеуметтік желілерде бөгде адамдармен таныспауын, сөйлеспеуін ,тиым салынған сайттарға кірмеуі үшін бақылау қажеттігі қатты ескертілді. Келесі кезекте бойынша сынып жетекші ата-аналар комитетін қайта сайлауды ұсынып, ата-аналар бір ауыздан Құрманалиева Бақытты сайлады. Одан кейін ата-аналар өздерін мазалаған сұрақтарын қойды. Кейбір ата-аналар жекелеген пәндерге байланысты өздерінің алаңдаушылықтарын айтты. Бұл сұрақтарға сынып жетекшісі Дина Толегеновна жауап берді.

Шешім: 1.оқушылардың сабаққтан қалмай толық дайындықпен келуі

ата- аналарға жүктелсін.

2. Оқушылардың мектептегі оқу үлгерімін, тәртібін қадағалау

сынып жетекшісіне міндеттелсін.

Ата-аналар жиналысының хаттамасы

Хаттама №2 20 .11.2015ж

Қатысқаны: 13

Қатыспағаны: 9

Тақырыбы: «Ата-ананың құқықтық сауаттылығы»

Күн тәртібінде: 1. Баяндама «Құқықтық тәрбие қалыптастыруда

ата-ананың ролі»

2. І тоқсан қорытындысы.

4. Әр түрлі мәселелер

Бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі Ботаханова Д.Т. сөз алып

«Құқықтық тәрбие қалыптастыруда ата-ананың ролі» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамада қазіргі кезде белең алып кеткен жасөспірімдер арасындағы қылмыс туралы сөз болды. Ата-аналарға осындай түрлі қылмыстардың алдын алу мақсатында балаларына сақ болып, қазірден бастап олардың тәртібіне, ата-анасы жұмыста болғанда үйде немен айналысатынын қадағалап, хабардар болып отыруы керектігі туралы айтылды. Оқушылардың кешкі уақытта үйден шықпауы, интернет желісінде түрлі әлеуметтік желілерде отырмауын қадағалау тапсырылды. Сонымен қатар балаларын да бақылауда ұстап, араласатын ортасын, жүріп тұруын қадағалау қажеттігі ескертілді. Мұндай жағдай болмас үшін үйдегі баланың тәртібіне, жүріс-тұрысына, мінез-құлқына, психологиялық жағдайына назар аударып, баламен көбірек сөйлесіп, оның күнделікті іс-әрекетіне аса көңіл бөліп отыру қажет. Екінші мәселе бойынша ата-аналар І тоқсан қорытындысымен таныстырылды. Осы тоқсан бойында 2 баланың екпінділер қатарынан түсіп қалғанын, олардың орнына 2 оқушының екпінділер қатарына қосылғанын айтып өтті. Екпінділер қатарынан түсіп қалған оқушы Байжігітов Жәнібектің анасына оқушының сабағына, үй жұмысын орындауына бақылау жасап, көмек көрсету керектігін айтты. Екінші оқушы Жумахан Айғаным тек 1 ғана сабақтан 3 деген баға алуына байланысты осы сабаққа күш салуы керектігін ескертті. Үшінші мәселе бойынша ата-аналар өздерін мазалаған кейбір мәселелер туралы сөз қозғап, сұрақтар қойды. Математика сабағының оқушыларға қиындық туғызатыны ата-аналардың көбін мазалайтыны айтылды, яғниоқулықтардың жетіспеуіне бай ланысты үйге берілген тапсырманың ескі оқулықтарда болмауы, оқулықтағы тапсырмалардың қиындығы және түсініксіз болуытуралы сөз қозғалды. Сонымен қатар Тайтолеу Бек деген оқушының анасы математика мұғаліміне үй тапсырмасы толық түсіндірілсе немесе 1 мысал келтірілсе, үй тапсырмасын өткен тақырыптар бойынша ғана берілсе деген ұсыныс айтты. Сондай ақ қыстың түсуіне байланысты балаларының сабақтан кеш қайтатыны, ата-аналарды алаңдатады. Ата-аналар қысқы мерзімге байланысты оқушылардың сабақ уақыттары ауыса ма деген сұрақтар қойды. Бұл сұрақтарға сынып жетекшісі Дина Толегеновна оқушылардың сабақ кестесінде қысқы маусымға байланысты өзгеріс болатынын , бұл жағдайды шешуге жағдай жасалатынын айтты. Келесі кезекте жаңа оқу жылы бойында балалардың сабақтан қалмай келуін қамтамасыз ету, мектеп формасын дұрыс кию, тазалығы, үлгерімі, тәртібі яғни мектеп ережесіне сай жүріп тұруы үшін сынып жетекшімен қатар ата-аналардың қадағалауы қажеттігі туралы айтылды.

Шешім: 1.оқушылардың сабаққтан қалмай толық дайындықпен келуі

ата- аналарға жүктелсін.

2. оқушылардың мектептегі оқу үлгерімін, тәртібін қадағалау

сынып жетекшісіне міндеттелсін.

Ата-аналар жиналысының хаттамасы

Хаттама №3 16 .01.2015ж

Қатысқаны: 15

Қатыспағаны: 8

Күн тәртібінде: 1. Баяндама «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі

және мектеппен байланысы »

2. ІІ тоқсан қорытындысы.

4. Әр түрлі мәселелер

Бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі Ботаханова Д.Т. сөз алып «Жасөспірім және қылмыс» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамада қазіргі кезде белең алып кеткен жасөспірімдер арасындағы қылмыс туралы сөз болды. Ата-аналарға осындай түрлі қылмыстардың алдын алу мақсатында балаларына сақ болып, қазірден бастап олардың тәртібіне, ата-анасы жұмыста болғанда үйде немен айналысатынын қадағалап, хабардар болып отыруы керектігі туралы айтылды. Оқушылардың кешкі уақытта үйден шықпауы, интернет желісінде түрлі әлеуметтік желілерде отырмауын қадағалау тапсырылды. Сонымен қатар балаларын да бақылауда ұстап, араласатын ортасын, жүріп тұруын қадағалау қажеттігі ескертілді. Мұндай жағдай болмас үшін үйдегі баланың тәртібіне, жүріс-тұрысына, мінез-құлқына, психологиялық жағдайына назар аударып, баламен көбірек сөйлесіп, оның күнделікті іс-әрекетіне аса көңіл бөліп отыру қажет. Екінші мәселе бойынша ата-аналар І тоқсан қорытындысымен таныстырылды. Осы тоқсан бойында 2 баланың екпінділер қатарынан түсіп қалғанын, олардың орнына 2 оқушының екпінділер қатарына қосылғанын айтып өтті. Екпінділер қатарынан түсіп қалған оқушы Жақсылықов Ақтілектің апасына оқушының сабағына, үй жұмысын орындауына бақылау жасап, көмек көрсету керектігін айтты. Екінші оқушы Құрманғазы Жаннұрдың тек 1 ғана сабақтан 3 деген баға алуына байланысты осы сабаққа күш салуы керектігін ескертті. Екпінділер қатарына қосылғалы тұрған оқушы Байжігітов Жәнібектің анасына баласының 1 ғана сабақтан 3 екені бұл сабаққа жақсырақ дайындалса келесі тоқсанда екпіділер қатарына қосылуы мүмкін екенін айттты. Үшінші мәселе бойынша ата-аналар өздерін мазалаған кейбір мәселелер туралы сөз қозғап, сұрақтар қойды. Математика сабағының оқушыларға қиындық туғызатыны ата-аналардың көбін мазалайтыны айтылды, яғни оқулықтардың жетіспеуіне бай ланысты үйге берілген тапсырманың ескі оқулықтарда болмауы, оқулықтағы тапсырмалардың қиындығы және түсініксіз болуытуралы сөз қозғалды. Сонымен қатар Тайтолеу Бек деген оқушының анасы математика мұғаліміне үй тапсырмасы толық түсіндірілсе немесе 1 мысал келтірілсе, үй тапсырмасын өткен тақырыптар бойынша ғана берілсе деген ұсыныс айтты. Сондай ақ қыстың түсуіне байланысты балаларының сабақтан кеш қайтатыны, ата-аналарды алаңдатады. Ата-аналар қысқы мерзімге байланысты оқушылардың сабақ уақыттары ауыса ма деген сұрақтар қойды. Бұл сұрақтарға сынып жетекшісі Дина Толегеновна оқушылардың сабақ кестесінде қысқы маусымға байланысты өзгеріс болатынын , бұл жағдайды шешуге жағдай жасалатынын айтты. Келесі кезекте жаңа оқу жылы бойында балалардың сабақтан қалмай келуін қамтамасыз ету, мектеп формасын дұрыс кию, тазалығы, үлгерімі, тәртібі яғни мектеп ережесіне сай жүріп тұруы үшін сынып жетекшімен қатар ата-аналардың қадағалауы қажеттігі туралы айтылды.

Шешім: 1.оқушылардың сабаққтан қалмай толық дайындықпен келуі

ата- аналарға жүктелсін.

2. оқушылардың мектептегі оқу үлгерімін, тәртібін қадағалау

сынып жетекшісіне міндеттелсін.

Ата-аналар жиналысының хаттамасы

Хаттама №4 16 .05.2015ж

Қатысқаны: 15

Қатыспағаны: 8

Күн тәртібінде: 1. Баяндама «Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі

жауапкершілігі туралы»

2. ІІ тоқсан қорытындысы.

4. Әр түрлі мәселелер

Бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі Ботаханова Д.Т. сөз алып

«Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі туралы» тақырыбында баяндама оқыды. Алдағы келе жатқан жазғы демалысқа байланысты алдын-алу үшін ата-анаға мәліметтер мен бірқатар ескертулер берілді.Ата-ана үшін бала тәрбиесінің жауапкершілігі жоғары екендігі туралы сөз болды. Ата-аналарға қазіргі кезде түрлі қылмыстардың белең алуына байланысты балаларына сақ болып, қазірден бастап олардың тәртібіне, ата-анасы жұмыста болғанда үйде немен айналысатынын қадағалап, хабардар болып отыруы керектігі туралы айтылды. Оқушылардың жазғы демалыс кезінде кешкі уақытта үйден шықпауы, интернет желісінде түрлі әлеуметтік желілерде көп отырмауын қадағалау тапсырылды. Сонымен қатар балаларын да бақылауда ұстап, араласатын ортасын, жүріп тұруын қадағалау қажеттігі ескертілді. Мұндай жағдай болмас үшін үйдегі баланың тәртібіне, жүріс-тұрысына, мінез-құлқына, психологиялық жағдайына назар аударып, баламен көбірек сөйлесіп, оның күнделікті іс-әрекетіне аса көңіл бөліп отыру қажет. Екінші мәселе бойынша ата-аналар ІІ тоқсан қорытындысымен таныстырылды. Осы тоқсан бойында 2 баланың екпінділер қатарынан түсіп қалғанын, олардың орнына 2 оқушының екпінділер қатарына қосылғанын айтып өтті. Екпінділер қатарынан түсіп қалған оқушы Жақсылықов Ақтілектің апасына оқушының сабағына, үй жұмысын орындауына бақылау жасап, көмек көрсету керектігін айтты. Екінші оқушы Құрманғазы Жаннұрдың тек 2 сабақтан 3 деген баға алуына байланысты келесі оқу жылында осы сабаққа күш салуы керектігін ескертті. Сынып жетекшісі Дина Толегеновна барлық мәселелерге тоқталып, сөзінің соңында оқушыларға жазғы демалысты жақсы өткізулерін тілек білдірді.

Шешім: оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігіне

жауапкершілік ата-аналарына жүктелсін

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]