
азахстан тарихы II том
.pdf
Қазақстанның 30-жылдардағы тарихында қазақ ауылдарындағы ашаршылыққа байланысты Сталинге жазылған О.Исаевтың (тамыз, 1932ж.) Т.Рысқүловтың (екеу: біріншісі
— 29-қыркүйек, 1932 ж. Екіншісі 9-наурыз, 1933ж.), Л.Мирзоянның (29-наурыз, 1933 ж.) хаттары бар екені тарих жанашырларына белгілі. Сондай-ақ, Орталық Атқару Комитетінің Президиумына, Халық Комиссарлары Кеңесіне, М.Калининге, Ф.Голощекинге ("Бесеудің хаты"), Л.Мирзоянға, тағы басқа өкімет басшыларына арналған хаттар баршылық. Олардың біразы "Қазақ қалай аштыққа үшырады" кітабында (А."Қазақ университеті", 1991ж.) жарияланды да.
Екінші дерек ол КСРО Орталық жүмысшы шаруа инспекциясыньщ аға инспекторы Летновтің "БКП(б) Қазақстан Өлкелік Комитетіне және Қазақ АССР жүмысшы шаруа инспекциясының коллегиясына 20 қаңтар 1934 жылғы 83 бетгік баяндау хаты. Тындап көрейік, "Өлкеде мал басының күрт кемуі бүрынғы Өлкелік комитет басшысы Голощекиннің, барлық қазақ партия үйымдарының асыра сілтеу мен одақтық "алып"колхоз үйымдастыруға үмтылушьыыктын салдары" деп ашық көрсетті1.
Қазақтың шыбындай қырылуының басты себебін біз жоғарыда тағы айттық. "Бүл саясатқа кім кінәлі?" — деген күрделі сауалға жауап іздер болсақ, ең алдымен тіліміздің үшына бірден И.Сталин мен Ф.Голощекиннің есімдері оралады. Әрине, олардың төңірегіндегілер де, яғни сол кездегі Компартия басшыларының да бүл жауапкершілікті едәуір болісетіңдері рас. Дегенмен де, мәселенің ақиқатына жүгінер болсақ, саналы түрде өзінің туған халқын орға итеруге тырысқан қазақтар мемлекет басшылары арасында болды деп айтуға аузымыз тіптен бармайды. Өйткені мүны дәлелдейтін ресми архивтік деректер біздің қолымызда жоқ. Сондықтан да, кейбір зиялы қауым өкіддерінің Т.Қүлымбетовты немесе тіптен үжымдастыру жылдары аса белсенді болған О.Исаев пен І.Нүрмақовты, І.Қүрамысовты Қазақстандағы ашаршылықты үйымдастыруға тікелей кінәлілер ретінде көрсетпек болған біржақты әрекеттерін қүптай алмаймыз. Қазақ қайраткерлері туған халқына қызмет етіп жүрміз, бүл уақытша орын алған қателіктер салдары деген пікірде болғанын деректер корсетіп берді. Мүндайда
ҚРОМА 44 кор 14 тізімдеме, 549 іс 49 парақ.
59

сол кезеңнің субъективтік және объективтік факторларын салыстыра салмақтап қарастырып, салиқалы қорытынды жасағанымыз жен.
Сталинизмнің зорлықшьш тоталитарлық режимі кезенщце 30-жылдардың қасіреті халық жадында жазылмас жара қалдырды. Қазақ халқы осы кезсңде сүттщ бетіндегі қаймағындай біртуар перзенттерінен айырылды, аштық пен жүқпалы аурулардан 1 миллион 750 мың адам қаза тапты.
Екі жүз жылғы патшалық отарлаудың езгісінен ығыр болған жас коммунистер социализм өз халқын үлттық тәуелсіздікке жеткізетін бірден-бір жол деп түсінді.
Ол кезенде жарқын болашаққа деген барлық үміт тек социализм идеяларымен үштасып жатты. Кейбір жекелеген түлғалар болмаса, көптеген қазақ коммунистері тоталитарлық ойлау жүйесінің тар шеңберінен шыға алмады. Осының саддарынан олардың көгапілігі білместікпен істесе де әміршіләкімшіл жүйемен қосылып өз халқына зардап тартқызды. Оларға 20-30-жылдардағы кеңестік жүйедегі басшылық орындарда болған қазақ коммунистерінің екінші буынын жатқызуға болады.
Көптеген карапайым адамдар мен үлттық шет аймақтардағы басшы қызметкерлер оз халқының тағдырына жаны күйзеле отырып "халықтардың әкесіне" хат жазумен болды. Сондыктан 20-30 жылдардағы зобалаңның негізгі күнәһары, жендеті сол Сталиннің өзі екендігі олардың ойына кіріп шықпады.
Ал XX ғасырдың сойқан диктаторын Қазақстан ең алдымен орталықка ет дайындаушы ретінде ғана қызықтырды. Мүнсыз Сталиннің үжымдастыру жоніндегі авантюрасының күлі кокке үшып, оның жалыны өзін де шарпып өтуі мүмкін еді. Сондықтан басқа халықтардікі сияқты қазақ халқының тағдыры да оны бар-жоғы өзінің саяси әрекетгерін растаушы қүрал ретінде ғана алаңдатты. Иә, қалай десек те, алапат аштық ақиқатын айқындап бере алатын деректер баршылық.
1932-1933 жылдардағы қолдан жасалған қасірет туралы ҚазақстанРеспубликасыныңЖоғарғыкеңесініңтөралқасының 1992 жылғы 22 желтоқсандағы қаулысында: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Төрағасының комиссиясы республиканың және ведомстволық архивтердің материалдарын статистикалық деректемелерді мерзімді баспасозді коз көргендердің айғақтарын зерттей келіп, "Қазақ елі аштықтан жөне соған байланысты індеттерден, сондай-ақ табиғи өлім деңгейінің жоғары болуынан 2 миллион 2 мың адамнан, яғни барлық қазақ халқының 49 процентінен
60

айрылды"1 Қазақстан қасіреті XX ғасырды тітіреткен қасіреттердің жан түршігер тізімінде большевиктердің шаруаларды жазалау шаралары, халықтарды Сталиндік жер аудару, "Мәдени революция" сияқты адамзатқа қарсы кылмыстармен катар касіретті бастан кешірген Қазакстан халқы жоніндегі қырып-жою эрекеттерді де ешқашан еетен шықпақ емес2.
Жылдар өтіп үрпақтар алмасса да, қылмысты режимнің озбырлыгынан жүз мыңдаған отавдастарымыздың өмірі мөнмағынасынан айрылып, қүнын жоғалтқан сүмдық қасіретке тарихи зерде бізді қайта-қайта оралтатын болды3. Сонымен кеңес өкіметі Қазақстанды бүрын-соңцы болып көрмеген тәжірибе жүргізетін алып полигонға айналдырды. Қазақ халқының тіршілігінің дөстүрлі жүйесін күйретіп тынды, сайып келгенде бүрын болып көрмеген апатқа әкеп соқты.
10. Үжымдастыру жылдарындағы казақ босқындары және олардын жанкештілік күресі
Қазақстанда үжымдастыру барып түрған дөрекілік жағдайда жүзеге асырылды. Халық өмірінде бүрын-сонды болып көрмеген қасіретке душар болды. Қазақтар көптеген аудандарда кіндік кескен жерінен ауып кетуіне мәжбүр болды. 1931 жылдың 23 қыркүйегіндегі мәлімет бойынша 51 ауданда 56459 шаруашылық (10 пайыз) Қазақстаннан тысқары жерге көшіп кетті4. Көшіп кетуші қазақтар 1931 жылы 1930 жылға карағанда Шемонайхы ауданында 41пайыз, Бесқарағайда-27,5, Еңбекшіқазақта-20,4, Жәнібекте —46,7 пайызға дейін коныс аударушылар болды, жалпы 1 миллион 100 мың адам ата мекенінен безіп кетті5.
Міне, осындай індет коммунизмнің солшыл "балалық" дертіне душар болған елікпе Голощекиинің "Кіші Октябрь" деп аталған желікпе үранының салдары және бүкіл бір халықты болдыртып жеткізген жері сол еді. Оның жетегінде үлт мәселесінде — нигилистік принципті ғана үстаған, өз міндеттеріне сөйкес келмесе де, арнаулы тандап алынған
"Егемен Қазақстан", 1992 жыл 22 желтоқсан. "Егемен Қазақстан", 1992 жыл 22 желтоқсан. "Егемен Қазақстан", 1992 жыл 22 желтоқсан.
Қаз.Орт. мемл. арх. 229-кор,3-тізбе, 196-іс, 108-109-бет Қаз.Орт. мемл. арх. 229-қор, 3-тізбе, 196-іс, 109 бет.
61

шабармавдары бодды. Олар туған халқының ұлтгық мүддесін ойламақ былай тұрсын, өздеріне тапсырылған істің қаншалықты жоғары деңгейінде екенін де түсіне алмады. Осылайша халық тағдыры қорғансыз қалды. Осы мәселеге байланысты үжымдастыру жылдары азық-түлік дайындау кезіндегі асыра сілтеуге байланысты Қытайға кошкен Талдықорған облысының Қаратал ауданының (3 ауыл) түрғындарын қызыл қасапшылар тарапынан жан төзгісіз азапқа салып ату ісі жөніндегі Паченханның мәлімдемесін толық келтірейік:
1930 жылы қазан айының алғашқы күндерінде әр түрлі ауданның (Қаратал, Малайсары және Октябрь) 40 шаруашылығы шекара сыртына (Қытайға) отерде шекара күзетіндегілер тарапынан атылып, жойылды, әйтсе де 9 шаруашылық өтіп кетті. Соңғылардың қатарында Сейдахмет Мүхаметшиннің туыстары бар. Қаратал ауданының (ГПУ) деректерінде, біріншіден , қашқыңдар тарапынан қарсыласу болмаған, екіншіден, соққыға жығылғандардың қатарында көптеген кедейлер болған, үшіншіден, тірі қалған әйелдер мен қыздарды зорлаған, төртіншіден, өлгендер де, тірі қалғандар да тоналған деп көрсетіледі. Бүгінгі күнге, 24қаңтар 1931 жылға дейін істің анықталмай қалғанына қарамастан, Қаратал ауданы ГПУ-інің уәкілі мен Талдықорған ауданы ГПУ-інің уәкілі тарапынан бүл оқиға әрқилы бағаланып, ор түрлі талданады. Бүл — танданарлық жәйт.
Оқиға төмендегідей баяндалады. 17-қазанда Қаратал ауданының уәкілі жолдас Разумовский ПП ОГПУ-ға Текелі жерінен көшушілер жөнінде хабарлайды.
20-қазанда соның өзі ПП ОГПУ-ға адам ату фактісі жонінде хабарлап, атылғандардың көпшілігі — кедейлер екенін, ал атқан отряд "Лектехсырье" совхозының директорының басшылығымен өрекет қылғанын және директордың сыбайлас адамдары екенін мәлімдейді. Бүл мәліметтер, Разумовскийдің айтысына қарағанда, жеткілікті түрде тексерілмеген жене соңынан директордың басшылығы жөніндегі мәселе расталмады.
Ату жазасына белсеніп қатысқандарды (оның ішінде директор да бар) түтқындау жөніндегі жеделхатты алысымен ол өзінің көмекшісі Ысмағүловқа аталған істі толық айқындауды және кінәлілер анықталса, дереу түтқындауды тапсырады.
Ысмагулов тексере келіп төмендегідей тоқтамга келеді:
1. көшпелілерді атқан отряд шекара күзетіндегі шекарашылар отрядының саяси жетекшісі Уласюктың
62

қүзырында болған. Отряд 14 адамнан қүралған, оның бесеуі Таддықорған коммунистік отрядынан;
2.көшуге себеп болған — астық дайывдау жоспарындағы үлесті қате бөлу;
3.өлтірілгендер саны - 18 адам, оның ішінде 3 бала, 4 ойел бар;
4.көшушілер тарапынан олардың қодцарында үш мылтык, және шашка болса да ешқандай қарсылық көрсетілмеген;
5.әйелдер мен қыздарды зорлау фактісі орын алған;
6.тонау фактісі бар;
7.әлеуметтік қүрамы: 8 орташа, қалғандары кедейлер;
8.жеті адам атқан (5 шекарашы және 2 коммунистік отряд екілі;
9.ату кезінде Уласюк болмаған.1
Зорлап отырықшыландыру, қыстап үжымдастыру, тәркілеуден соң кеудесінде қаны барларды ашындырмай қойған жоқ. Айталық, 1929 жылы Созақ көтерілісі бүрқ ете қалды. Мүндай бас квтерулер республиканың түс-түсында мейлінше белең алды. Сондықтанда да "көсемнің салқын қабағынан" секем алған Голощекин бүл фактілерді жасыра алмады. Ол 1931 жылғы наурызда И.Сталинге: "Біз үш ірі бүқаралық қарулы котеріліске кезіктік",- деп жазды2. Сол көтерілістердің алғашқысы - Созақ наразылығы.
Созақ көтерілісі — шын мәнінде бүқараны сталиндік әкімшіл-әміршіл жүйеде үстауға тырысқан голощекиндік бүғауға қарсы бүлқыныс. 1929 жылы Созақта астық даярлау жоспары үш рет өзгерді. Айталык, ол әуелі 10000 пүт көлемінде белгіленді. Келесі жолғы жоспар 15000 пүтқа жетгі. Ал жыл аяғына қарай голощекиншілер созақтықтардан 25000 пүт астық тапсыруды талап етті3. Ақырында "кезі қарайғандар" мүны да қанағат түтпай халықтың қосындағы 40000 пүт асықты сыпырып-сиырып әкетті4.
Тарихшы Талас Омарбеков Созақ көтерілісіне байланысты мынадай тағы бір фактіні тілге тиек етеді. Мәселен, Шолаққорған өңіріндегі он төрт шаруашылықтың бесеуі мақта егумен мүлде айналыспайтын да, қалғандары ішінара ғана айналысатын. Соның езінде оларға жоғырадан 1500 пүт шитті мақта өткізіңцер деген бүйрық түсті. Бүрын мүндай
1Қаз. Орт. Мемл. арх. 44-қор, 12-тізбе 492-іс, 53-56 бет.
2"Акикат" 1992, 6, 47 бет.
3"Акиқат" 1992, 6, 47 бет.
4Сонда.
63

техникалық дақылмен айналыспаған жүрт істің көзін таба алмады. Бар болғаны 10-ақ пүт өнім дайындалды. Сол-ақ екен шолаққорғандықтар төбесінде сынның "өңгір таяғы" ойнап түрып адды. "Халық жаулары" да — осылар, "контрлер" де осылар. "саботажниктер" де — осылар болып шыға келеді.
Мүыдай қысымға халық қалай шыдасын, дереу атқа қонды. Сойтіп, Сүлтанбек хан бастаған Созақ қазақтары күреске шықты. Ақтық айқас Созақта өтті. 16 ақпанда 1930 жылы терт сағаттық шайқаста Түркістан мен Ташкенттің мүздай қаруланған әскерінен квтерісшілер ойсырай жеңіліп, сталиндік-голощекиндік бүғауды мансүқ еткендерден 400 кісі шейіт болды1.
Ырғызда тағы бір қақтығыс басталды. Өңірдегі көтеріліс дүмпуінің күшті болғаны соншалық, жазалаушылар отряды сонау Еділ бойынан шақырылды.
Жазалаушы отрядтің мәлімдеуінше, "казақ бандылары" Қарақүм мен Қызылқүмда да пайда болыпты-мыс. Әсіресе Арал маңындағы Қарақүмда голощекиншілерден бас сағалағаны рас. Есерсоқ жазалаушылар басшысы подполковник Евсеев командирлеріне: "Бандылармен ешқандай келіссоз жүргізуге болмайды, реті келсе қырып, жоя беріндер!" деген бүйрық таратты2. Яки Қарақүм көтерілісі де, Адайлар бүлқынысы да, Шүбар-Балқаш-Шоқпар наразылықтары да, қалған бас көтерулердің бәрі де әскери күшпен жойылды, талай адамдар жазықсыз олтірідді, мындаған азаматгар капаста тарықты.
Жалпы алғанда Голощекиннің 1931 жылы 31 желтоқсанда И.Сталинге жазғанындай, Қазақстанда соңғы екі жылда ғана "ірі бандалардың" 15 бас көтеруі болып, оған 34000 мыңдай адам қатысқан. Осы екі жылда 1350 контрреволюционерлер мен бандиттердің көзі жойылып, 7,6 мың адам түтқындалған деп жазған3.
Ал шын мәнінде халық қалада да, далада да шыбындай қырылып жатгы. Сонда да "революция шығынсыз болмайды" деген теориясымақты үстанған косемдер зүлмат опрациясынан тайынған жоқ. Соның салдарынан, кемдегевде екі миллионнан астам қазақтың басы сай-сайда домалап қалды4, бірқатары торғайдай тозып, басы ауған жаққа бытырады.
1 |
"Ақиқат", |
1992, 6, 46-47 беттер. |
||
2 |
"Акиқат", |
1992, 6, |
48 |
бет. |
3 |
"Акиқат", |
1992, 6, |
47 |
бет. |
4 |
"Ақиқат", |
1992, 6, 49 |
бет. |
|
|
|
|
|
64 |
£ і

Мінеки осындай аумалы-төкпелі заманда, ел басына күн туған аласапыравда қазақтардың біразы Қытай асты, Ауғанға ауды.
Ал енді белгілі мәліметтер бойынша, республикадан тыс жерлерде 4 миллионнан астам қазақ тұрады, немесе, әр үш қазақтың біреуі шетелде жүр деген соз. Олар дүние жүзінің 40-қа жуық елдеріне шашырап, тентіреп кеткен.
Мысалы казақтар:
—егеменді республикаларда — 1,665 мың;
—шет елдерде — 1,535 мың;
Нақтырақ атап айтар болсақ, олар: егеменді республикалар ішінде:
—Өзбекстанда — 850 мың;
—Ресей Федерациясында — 655 мың;
—Түркіместанда — 89 мың;
—Қырғызстанда — 40 мың;
—Украинада — 14 мың;
—Тожікстанда — 12 мың;
—Белорусьте — 5 мың;
—Грузияда — 3 мың;
—Молдавада — 2 мың;
—Әзірбайжанда — 2 мың;
—Латвияда — 0,8 мың;
—Эстонияда — 0,7 мың т. с. с.
Ал енді шетелдерді алар болсақ, онда қазақтар:
—Қытайда — 1,270 мың;
—Моңғолияда — 150 мың;
—Ауғанстанда — 40 мың;
—Түркияда — 25 мың;
—Иранда — 15 мың;
—АҚШ-та — 10 мың;
—Германияда — 7 мың;
—Канадада — 5 мың;
—Францияда — 4 мың;
—Пәкістанда — 3 мың;
—Англияда — 2 мың;
—Швецияда — 1 мың;
—Австралияда — 0,9 мың;
—Арабстанда — 0,8 мың;
—Австралияда — 0,6 мың;
—Аргентинада — 0,4 мың;
—Үндістанда — 0,3 мың т. с. с.
Енді, осындай дүние жүзінде шашырап жүрген халықты қалай біртүтас Қазақ мемлекетіне топтастыруға болады?
5-14Х |
65 |

Меніңше, оны тек құқықтық жолмен топтастыруға болады. Атап айтар болсақ бұл проблеманы шешудің кұкықтық негіздері:
—Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияда;
—Қазақстан Республикасының мемлекетттік тәуелсіздігі туралы Занда;
—Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Занда;
—Қазақстан Республикасының көшіп келу туралы Заңында, сондай-ақ;
•— Біріккен Үлттар Үйымының "Боскындар туралы" жарғысында және басқа да халықаралық қүкықтық қүжаттарда айқындалған.
Міне, осы атап өтілген күжаттарда (басқа босқын үлттар секілді) бүкіл дүние жүзіндегі қазақтарды біртүтас Қазақ мемлекетіне топтастырудың мынадай алты қүқықтық негіздері айқыңцалған. Олар:
—Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігін нығайту;
—Қазақ мемлекетінің азаматтығын, шетеддерде түратын қазақтардың кешіп келуін реттеу;
—Қазақ мемлекетіне шетелдерден көшіп келген қазақтардыц мемлекеттік іс басқаруына жол ашу;
—Қазақ мемлекетінің Елүранын, Туын, Елтаңбасын
бүкіл дүние жүзі қазақтарының үлттық символына айналдыру1.
Қорыта келгенде бүгінгі күні елімізде демографиялық жағдай қолайсыз болып қалыптасып келеді. Бала туу коэфициенті қазақ әйелдері арасында — 3,6-дан 2,5-ке дейін темендеді. Халық арасындағы олім деңгейі өте жоғары
— 100 адамға 10,1-ден келеді. Таяу болашақта түтас алғанда еліміз бойынша халықтың осу деңгейінің төмендеуі мүмкін. Халықтың коші-қон белсенділігі төмендей бастады, бірақ ол демографиялык процеске қосымша келеңсіз әсер етуде. 500 мың қазақ тарихи отанына оралды деген жаңсақ мәлімет таралған2. Қазақстаннан соңғы он жыдда 83750 қазақ кошіп кетті, сырттан 200,002 адам келген3.
Біз тәуелсіз он жылда жүз жылға толатын істер атқардық
1 Сартаев Сүлтан. Қуат-күшіміз — бірлікте (бүкіл дүниежүзіндегі қазақтарды біртүтас мемлекетке біріктірудің қүқықтык негіздері). "Егемен Қазақстан". 1992 жыл қазан.
2Амангелді Айталы. Үлттың биік мерейі. "Егемен Қазақстан" 2002, 22 наурыз.
3Бүл да сонда.
66

деп орынды қорытынды жасадық. Саяси, экономикалық, әлеуметтік өлшем түрғысынан, бүл баға әділ де заңды. Есте сақтайтын қағида мемлекет дамуының екі олшем бар.
Біріншісі — саяси-әлеуметгік, екіншісі үлтгық-этникалық. Бүл екі өлшем бір-бірімен өзара ықпалдас. Осыған орай қазак. демографиялық процестерінің серпінді болуы туралы ойланатын күн жеткен секілді.
Сонымен туған жерді бір көруге зар болған күйінде Памирдің мүзарт асуыңда, ми қайнатқан шөл далада, Ираннан Қытайға дейінгі аралықта қаза тапқандар мен жалпы босқын казақтардың тарихы туралы әлі ешкім кеп біле бермейді. Дүниежүзінің 40-тан астам елівде бүгіндері өмір сүріп жатқан 4,5 миллион1 қазақтың арғы-бергі деректерін түгендеу бір жылдың емес, көп жылдың зерттеу жүмысына жүктелетін міндет.
11. Қазақстанда халық шаруашылығын кайта қүрудың аяқталуы (1934-1940 жж)
2-бесжылдық кездерінде Қазақстанның халық шаруашылығына 5,2 млрд. сом мөлшерінде қаржы бөлінді. Социалистік жарыс, оның жаңа формасы — стахановшылар қозғалысының еңбек энтузиазмы 2-бесжылдық тапсырмаларының табысты орындалуын қамтамасыз етті. Балқаш мыс қорыту заводы, Ақтобе химия комбинаты қызу қарқынмен салынды, Қарағанды көмір бассейнін, Ембінің мүнай байлығын игеру онан әрі жалғастырылды. Кенді Алтайдың онеркәсіп орындарын қайта жабдықтау жоніндегі жүмыстар кең көлемде жүргізілді, тамақ және жеңіл өнеркәсібінің кәсіпорындары салынды. Қалалар көп салыньш, олардың түрғындарының саны артты. Республиканың ауыл шаруашылығын біржолата социализм жолына көшіруге бағытталған жүмыстардың зор комплексі жүзеге асырылды, халқының жанқиярлық еңбегі нәтижесінде 2-бесжылдық жоспар мерзімінен бүрын, 1937 жылдың 1 сәуірінде, яғни 4 жыл 3 айда орындалды.
Республикада 120 ірі өнеркәсіп орындары салынып, мын километрден астам жаңа темір жол желісі іске қосылды. Өнеркәсіп онімдерінің республика халық шаруашылығының барлық өнімдері ішіндегі үлес салмағы 56,8%-ке жетті. Қазақ шаруалары ТОЗ-дар мен мал серіктіктері арқылы
1 "Егемен Қазақстан". 2001 ж. 30 мамыр.
67

ауыл шаруашылық артельдеріне етті. 500 мыңнан астам көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтар отаршылдыққа айналды.
Колхоздар үйымдық және экономикалық жағынан нығайды. 2-бесжылдықтың аяғында Қазақстанның ауыл шаруашылығында социалистік өндірістік қатынастар біржола бекіді. 1937 ж. Қазақстан колхоздары республика шаруалары шаруашылығының 97,5%-ін біріктірді, олар егістіктің 99,8%-ін өңцеп, жалпы астық өнімінің 84,4%-ін өндірді. Колхоздар мен совхоздарда, басқа да мемлекетгік және кооперациялық кәсіпорывдарда, сондай-ақ колхозшылардың жеке шаруашылығында бүкіл малдың 99%-іне жуығы болды. 193 совхоз және 287 машина-трактор ст-лары (МТС) жұмыс істеді1.
Соғысқа дейінгі бесжылдықтарда Қазақстан ірі шикізат аймағы ретінде қалыптасып бітгі. Одақты Орталық Қазақстан кенмен, түсті және сирек металмен, Оңтүстік Орал мен Еділ бойын көмірмен қамтамасыз етті. Кенді Алтай төңкеріске дейін Сібір өнеркәсіп орындарын шикізатпен қамтамасыз етуші болатын, Ембі еддің мүнай базасының қүрамдас белігіне айналды. Елді индустрияландыру мен оның экономикалық тәуелсіздігін бекітуде түсті металлургия өте маңызды рел атқарды. Шетелдік тәуелділіктен сақтануда тау-кен шикізаттары мен алтын енеркөсібінің маңызы зор болды.
Айта кететін бір жәйт, Қазақстан иңцустриясын дамытуда еріксіздер еңбегі көп пайдаланылды. Республика территориясында лагерлер коптеп салынды. Кешегі кешпелілер, шаруажүмысшы, қызметкерлер ГУЛАГ-тың түтқывдарына айналды. 1935 жылы Қарағанды лагерінде отырған 26 мың адам ГРЭСте жүмыс істеді, темір жолдар салды, ауыл шаруашылығы жүмыстарын істеді. Бірақ бүл тек бастама еді. Овдағы жүмыс мөлшері түрақты өсіп отырды. ГУЛАГ жүйесіндегі ең басты мекеменің бірі Жезқазған мыс комбинаты болатын. Республика лагерьлерінде отырғандар молибден концентратын, кобальт, қалайы, вольфрам концентратын, т.б. өндіруге кеңінен пайдаланыдды2.
Индустрияландыруды жүзеге асыруды жеделдету үшін қор жинау мәселесін шешу қажет болды. Басқаша айтқанда күрделі қүрылысқа, ауыр индустрияның дамуына және қорғаныс бағытындағы ондіріс орындарына қаржы табу қажет болды. Бүл қаржыны шаруалардан анықтап жөне
1Қазак ССР-нің 4-томдық қысқаша энциклопедиясы. 1-том. Алматы. 1985. 26 бет.
2Қазақ тарихы. 1995 N3. 62-63 беттер.
68