Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia2014.docx
Скачиваний:
90
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
163.52 Кб
Скачать

14. Эволюциялық теориялардағы антиномиялардың философиялық интерпретациясын беріңіз және шешу жолдарын көрсетіңіз.

. Гайдельберг - неміс философы, жаңа кантшылдықтың Баден (Фрайбург) мектебінің көрнекті өкілдерінің бірі. Берлинде, Страсбургте, Цюрихте және Фрайбургте неміс әдебиетін, тарихын, экономикасы мен философиясын оқыды. Фрайбургте

В.Виндельбандтың жетекшілігімен "Дефиниция туралы ілім" тақырыбына диссертация қорғады. Страсбург (1888-1891), Фрайбург (1891-1915) және Гайдельберг (1916 жылдан) университеттерінде философиядан дәріс берді. Оның философиялық көзқарастары үлкен эволюцияға ұшырады, соның салдарынан ондай көзқарастар өзінің рухани сүйенері - И. Канттың идеясы шегінен жиі шығып кетеді, демек ол бүл орайда біресе фихтеандық, біресе жаңагегельдік, енді бірде оның бастапқы құрылымдары мен феноменологиясының өзіндік синтез нысанына ауысып отырады. Г.Риккерттің негізгі шығармалары: "Трансцендентальды философияға кіріспе. Таным пәні" (1892), "Ұғымдарды жаратылысты ғылыми түзудің шекаралары" (1896), "Табиғат туралы ғылымдар және мәдениет туралы ғылымдар" (1899), "Өмір философиясы" (1903), "Тарих философиясы" (1905), "Предикаттардың логикасы және онтологияның проблемасы"( 1930), "Философиялық әдіснаманың, онтологияның және антропологияның негізгі мәселелері" (1934) және т.б. "Философия жүйесі" шығармасының бірінші томы 1921 жылы жарық көрді, ал қалғандары аяқталмай қалды.Табиғат туралы ғылымдар және мәдениет туралы ғылымдар Эмпирикалық ғылымның бір жағынан теологтар мен заңгерлер, тарихшылар мен филологтар, екінші жағынан тап сондай дәрежеде мүдделі физиктер мен химиктер, анатомдар мен физиологтар, биологтар мен геологтар болып екі үлкен топқа бөлінуіне байланысты қазіргі кезде жеке ғылыми саланы зерттеумен айналысатын ғалымда да, философ сияқты, пікір қайшылығы болмауы тиіс. Бірақ сонымен бір мезгілде жаратылыс зерттеушісі олардың арасында жалпыға ортақ нәрсе бар екендігін мойындайды, басқа топтың өкілдерінде, әсіресе егер жекелеген ғалымдардың пікірлерін айтқанда, олардың бірлескен қызметі үшін ортақ атауды бірден таба қоюға тіптен мүмкін болмайтындай көрінеді. Мынадай сұрақ туындайды: сондай жалпыға танымал және барлығы

қолданылатын атаудың болмауы толықтай айқындалған ұғымның болмауының кері жағы емес пе. Сондықтан бұдан кейінгі талқылаулардың мақсаты жаратылыс емес – ғылыми пәндердің жалпы мүдделерін, міндеттері мен әдістерін айқындайтын ұғымның дамуына, және жаратылыстану әдістерінен оларды шектеуге қатысты болмақ. Менің ойымша, бұл ұғым мәдениет туралы ғылым терминімен жақсы бейнеленеді. Мәдениет туралы ғылым деген не, және ол табиғатты зерттеуде қандай қатысы бар? Бұл сұраққа жауап бермес бұрын, мұндай талпыныс жалпы алғанда қандай мәнге байланысты бірқатар ескертулерді ойластырып алу керек. Біз бұл арада логиканың, дәлірек айтқанда, әдіс туралы ғылымды баяндау немесе ілімнің бір бөлігімен ғана айналысамыз, бізге жекелеген жаратылыс немесе мәдени-ғылыми пәндердің айырықша мазмұны мүлдем қатыссыз болады. Оның соңғысы арнайы ғылыммен айналысатын болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]