Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia2014.docx
Скачиваний:
90
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
163.52 Кб
Скачать

35) Декарт бойынша «Мен ойлап тұрмын,сондықтан,мен бармын».Осы принциптің интерпретациясын талдаңыз

Рационализмнің негізін қалаушы - француз философы, ғалым-математик Рене Декарт (1596-1650) деп саналады. Декарттың философиядағы үлесі мынадай:

1.Дүниені танудағы ақыл-ойдың рөлін негіздеді; 2.Субстанция, оның атрибутары мен модустары туралы ілімді ұсынды; 3.Философиядағы материализм мен идеализм бағыттарын келісімге келтіруге тырысып, дуализм теориясын негіздеді; 4.Танымның ғылыми әдісі және «туа біткен» идеялар теориясын ұсынды. Болмыс пен таным негізінде ақыл-ой жатқанын Декарт былай дәлелдеді: 1.Дүниеде адамға түсініксіз заттар мен құбылыстар көп (мысалы: Құдай деген бар ма? Оның қажеті қандай? Әлемнің шеті-шегі бар ма? т.б.); 2.Есесіне кез-келген құбылыс пен затқа күмәндеуға болады (дүние шынымен тіршілік ете ме? Күн шығып тұрғаны рас па? т.б.); 3.Түсініксіз, анық емес заттармен, құбылыстармен салыстырғанда күмәндану нақты қасиет, шын процесс және дәлелді қажет етпейді; 4.Күмәндану – ойдың қасиеті, демек, күмәндана отырып адам ойлайды; 5.Шын тіршілік ететін адам ғана ойлай алады; 6.Ойлау – ақылдың жұмысы болғандықтан, болмыс пен тану негізінде ғана жата алады.

Осыған байланысты Декарт: «Мен ойлаймын (күмәнданамын), демек, мен тіршілік етемін» афоризмінің авторына айналды.

Болмыс мәселесін зерттеу барысында Декарт болмыс мәнін сипаттайтын базалық, негіз болатын ұғымды табуға талпынды. Өз ізденістері нәтижесінде Декарт субстанция ұғымнын тұжырымдады. Субстанция - өз тіршілігі үшін өзінен басқаны қажетсінбейтінің бәрі. Ондай қасетке (өз тіршілігі үшін басқаны қажетсінбеу) тек субстанция ғана ие және ондай субстанция Құдай ғана бола алады. Құдай мәңгі, құдіретті, жойылмайды және барлық нәрсенің себебі мен өзегі. Құдай өзі Субстанция, өзі Жаратушы болғандықтан субстанциялардан құралған дүниені жаратты. Құдай жаратқан субстанциялар да (жеке заттар, идеялар) субстанциялық басты қасиетке ие – тіршілік ету үшін өзінен басқаны қажет етпейді. Алайда бір-біріне қатысты алғанда өзіне-өзі жетімді (жеткілікті) болғанмен Құдайға қатысты алғанда олардың бәрі екінші және оған тәуелді (өйткені оларды жасаған Құдай). Жаратылған субстанцияларды Декарт екі типке жіктейді: 1.материалды (заттар), 2. рухани (идеялар). Сонымен қоса олардың әрқайсысының тек өздеріне ғана тиесілі қасиеттері (атрибуттарды) болатының атап көрсетеді: дәйектілік - материалды заттардікі, ойлау – рухани идеялардікі. Осылайша, барлық материалды субстанциялардың бәріне тән қасиет дәйектілік (ұзындығына, еніне, биіктігіне, тереңдігіне қарай) және олар сансыз көп рет (шексіздікке дейін) бөліне береді. Рухани субстанцияларға ойлау қасиеті тән және олар, кірісінше, бөлінбейді. Материалды және рухани субстанциялардың басты қасиеттерінен (атрибуттарынан) тарайтын басқа да қасиеттері модустар деп аталады. Мысалы, дәйектіліктің модустары – форма, қозғалыс, кеңістіктегі жағдай, т.б.; ойлаудың модустары - сезімдер, тілектер, түйсіктер, т.б. Адам, Декарт пікірінше, екі – материалды (тәндік-дәйекті) және рухани (ойлаушы) субстанциялардан құралған. Адам – өзі бойына екі бірдей субстанцияны (әрі материалды, әрі рухани) қатар біріктіретін тіршілік иесі, сондықтан ол табиғаттан жоғары көтеріле алады. Адам өз бойында екі субстанцияны қатар біріктіретіндіктен келіп дуализм (екіұдайлық, қосарлылық) идеясы туындайды. Р.Декарт «философияның негізгі сұрағын» да дуализм тұрғысынан шешеді: «Не бірінші: материя ма, әлде, сана ма? Таласы мағынасыз. Материя мен сана тек адам бойында бірігетіндіктен, адам табиғаты дуалистік болғандықтан (өз бойында екі – материалды және рухани – субстанцияны біріктіретіндіктен), материя да, сана да бірінші бола алмайды – олар әрқашан болған және тұтас болмыстың екі түрлі көрінісі». Физикада, математикада, т.б. түрлі ғылым салаларында қолданылатын ғылыми әдіс таным процесінде қолданылмайды, дейді Декарт. Ғылыми әдісті таным процесінде белсенді қолдану арқылы таным процесін әлдеқайда алға жыджытуға, танымды өндірістен өнеркәсіп өндірісіне айналдыруға болады. Ондай ғылыми әдіс ретінде Декарт дедукцияны ұсынады. Декарттың философиялық, гносеологиялық әдісінің мағынасы – таным процесінде тек абсолютті, деректі, шын сүйену және ақыл арқылы логикалық тәсілдер арқылы жаңа, ақиқат білім алу. Декарт пікірі бойынша, дедукция әдісін пайдалану арқылы ғана танымның барлық салаларында шын білімге қол жеткізуге болады.

36. Механикалық материализм және ағартушылық сенсуализм .

Материализм(лат.materialis-заттық)- идеализміне қарама-қарсы ғылыми философиялық бағыт.Сыртқы дүниенің объективті түрде өмір сүретіні жайлы барлық адамдардың психиялы сенімі ретіндегі материализмнен ғылыми тұрғыдан негізделген философиялық дүниетаным ретіндегі материализмді айыру қажет.Филос.материализм материалдықтың алғашқылығын және руханилықтың,идеалдықтың соңғылығын тұжырымдайды, ал бұл дүниенің мәңгілігін,оны ешкімнің жаратпағандығын,уақыт пен кеңістік жағынан шексіздігін көрсетеді.Сана материяның жемісі дей отырып,материализм оған сыртқы дүниенің бейнелену формасы ретінде қарайды,сөйтіп табиғаттың танымдылығын қостайды.Философия тарихында материализм әдетте қоғамның алдыңғы қатарлы таптары мен топтарының ғана дүниетанымы болды, олар дүниені дұрыс танып-білуге, адамның табиғатқа үстемдігін күшейтуге мүдделі еді.Ғылымның жетістіктерін қорытындылай отырып, материализм ғылыми білімнің өсуіне,ғылыми әдіс-тәсілдердің дамуына жағдай жасады, ал бұл адамзаттың өзінің практикалық іс-әрекетінде табысқа жетуіне,өндіргіш күштердің дамуына игі әсерін тигізеді.Ежелгі материализмнің ең үлкен жетістігі- материяның атомдық құрылысы жайлы болжамды жасауы болып табылады.17-18ғасырдағы материализм механикамен және математикамен байланысты болғандықтан ол механикалық сипатқа ие болды.Қайта өркендеу дәуіріндегі натурфилософ- материалистерге қарағанда 17 ғасырдың материалистері табиғаттың соңғы элементтерін сапасыз және өлі деп қарастыра бастады.Материализмнің тағы бір ерекшелігі,бұл дәуірден табиғатты бір- бірімен байланыссыз,бір-бірінен айтарлықтай алшақ зерттеу объектілері мен салаларына бөліп талдау жасады және оларды дамудан тыс қарастырды.Сенсуализм(лат.sensus-сезім,түйсік)-танымның бастауы тек қана түйсік деп есептейтін гносеологиядағы ілім.Егер сезімдерді объективтік шындықтың бейнесі деп қарасақ, онда дәйекті сенсуализм белгілі жағдайлар да материализмге әкеледі.(Гольбах,Гельнеций,Фейербах).Ал, егер түйсікті тек субъективтік,олардың арғы жағында ештеңе жоқ деп немесе тану мүмкін емес “өзіндік зат” деп алсақ, онда сенсуализм субъективтік идеализмге әкеледі(Беркли,Юм,Кант,Мах,Авенариус,Бегданов).Сондықтан сенсуализм өздігінен философиядағы материалистік бағытты айқындай алмайды және оның өкілдері көп жағдайда идеализммен күресте шарасыз.

37. Диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары және олардың танымдық рольдері

Диалектика ойлаудың ең икемдісі, дүниені жан жақты зерттеудің, яғни әр түрлі байланыстардың әрқайсысын ашып, қарама қарсы күштердің даму барысындағы өзгерістер мен процесстердің негізін табу. Диалектика ойладың объектілігі, софистика ойлаудың субъектілігі.Диалеатика ұғымы үнемі тарихи дамуда болып, мазмұны тередей береді. Сондықтан оның тарихи формаларын ажырата білу керек: стихиялық немесе қарапайым диалектика; идеалистік диалектика ақыл ойдың жалпы ұғымдарының бір біріне ауысып отыратынына негізделген; идеалистік тарихи ұрпақтар санасындағы қайшылықтардың болуына жүгінеді; материалистік диалектика қайшылық пен даму санада ғанғ емес, дүниенің өзінде де барын дәлелдейді. Заңдары:

1)Қарама қарсылықтың бірлігі мен күрес заңы : Бұл заң дамудың түп негізі құбылыстар мен процестердің қайшылығында, оларға тән ішкі қарама қарсылықта дамудың өзіндік себебін ашып көрсетеді. Мынадай ұғымдар арқылы сипатталады: Сәйкестік; айырмашылық; қайшылық; қарама қарсылық. 2) Сан мен сапа өзгерістерінің бір біріне өту заңы: Заттар мен құбылыстардың бір бірімен бірлікке өмір сүретін белгілі бір сапалық және сандық сипаттамалары болатынын анықтайды. Сапа объектіні анықтаушы. Заттар жаратылысының айырмашылығын , ұқсастығын , ерекшелігін және тұтастығын білдіретін маңызды белгілерінің жиынтығын сапа деп аталады. Қасиет бір заттың басқа затпен өзара әсерінен пайда болатын сапаның көрінісі және затты қандай да болсын бір жағынан сипаттайды. Сан белгілі бір сапаның шамасын, даму қарқыны мен дәрежесін білдіретін белгі. Өлшем қасиеттер мәндерінің белгілі бір сандық аралығы. 3) Терістеуді терістеу заңының мәнін түсіну үшін негізгі категоряны анықтап, байланысын зерттеу керек. Бұл заңының негізгі категориясы терістеу. Терістеу мәселесі: а)Жаңа ескінің орнын басады, дамудың бір кезеңі екінші кезеңімен терістеледі, ауысады. б)Терістеу бөтен сырттан әкелінген емес, ол дамып келе жатқан процестің қандайына болсын іштей тән нәрсе. в) Дамудың алдыңғы кезеңдерінде болған прогресшіл элементтерді сақтап қалу сабақтастығы, жаңаның ескімен байланысын көрсетеді. г) ескінің жаңамен ауысуы дамудың негізгі заңы болып табылады.

өзгелер алдындағы жауапкершілігік деңгейі де жоғары.

40.Қозғалыс: оның қасиеттері ж\е негізгі формалары.

Қозғалыс материяның ажырамас , мәнді қасиеті, атрибуты, өмір сүру тәсілі. Ол да материя сияқты жоқтан бар болмайды, жоғалып кетпейді. Қозғалыс дегеніміз кез – келген өзгеріс. Материя өзін тек қозғалыс арқылы білдіріп , біздің санамызға , түйсік сезімдерімізге әсер ете алады.

Қозғалыстың ішкі өзіне қарама – қарсы бір сәті - тыныштық. Тыныштық бір жағдайда, бір қатынаста ғана тыныштық, басқа қатыныстың бәрінде ол да қозғалыс. Қозғалыстың формалары өзара тығыз әрі қүрделі байланыста болады. Физикалық қозғалыс өз құрамында механикалық қозғалысты, химиялық қозғалыс механикалық ж\е физикалық қозғалысты қамтиды.Ең жоғарғы әлеуметтік қозғалыстың құрамында алдыңғы формалардың бәрі өз бейнесін табады. Басқаша айтқанда , материяның тарихи дамуы төменгі деңгейден жоғарғы деңгейге өткен сайын қозғалыстың түрлері де бір сападан екінші жоғары да күрделі сапаға ауысып отырады. Сондықтан да қозғалыстың неғұрлым жоғарғы түрлерін оның төменгі түрлерінен әсте де бөліп алып қарастыруға болмайды.

Жалпы алғанда қозғалыстың түрлерін ғылым салалары зерттейді. Энгельс материя қозғалысының бес түрін жіктеді:

Механикалық (кеңістікте қозғалып, орын ауыстыру)

Физикалық(электромагнетизм,гравитация,жылу)

Химиялық (атомдар мен молекулалардың затқа айналуы)

Биологиялық(тірі организмдердегі зат алмасуы)

Әлеуметтік , қоғамдық өмірдегі өзгерістер ж\е ақыл ой

41.Жаттанудың осы замандағы формалары мен шешу жолдарын талдаңыз.

Жаттану — кейбір демократиялық емес қоғамдардағы адамдардың өздері жасаған, өз іс-әрекеті туындыларының өздеріне үстемдік етуін, өздеріне қарсы тұратын жат күшке айналуын білдіретін философиялық категория. Жаттану адамдардың қоғамдағы өзара қатынастарының, олардың практикалық қызметтерінің сол адамдардың өздерінің қатынастары емес, қоғамдағы заттардың қатынастары болып көрінуі. Жаттану — қоғамдағы еңбек бөлісінің қарама-қайшылықты дамуының нәтижесі. Қоғамдағы еңбек бөлісінің мұндай дамуы оның көптеген салаларын бір-бірінен алыстатып, тіпті әуел бастан бұл салалардың әрқайсысы дербес процестердей сипат иеленеді. Оқшауланған әрекеттер атқаратын адамдар да ортақ істерге өз ісіндей қарамайды. Ортақ істер әркімнің ұмтылатын мақсаты болудан қалып, адам әрекеті тек өзіндік, тек өзіне ғана керек мақсатқа жетудің құралына айналады. Яғни, мұндай қоғамдағы жалпы процесс адамдардың өз іс-әрекеттерінің жемісі болып көрінбей, керісінше, өз мүддесі үшін адамдарды пайдаланатын, оларға жат қозғалыс болады. Адамдар субъект емес, объектінің функциясын атқарады. Өзіне қызмет етуге жаратылған нәрсенің өзіне үстемдігін нығайтуды адамдар өз өмірінің түп мәніне айналдырады. Материалдық байлық адамға қызмет үшін емес, керісінше, байлық үшін өндіріле бастағанда кері айналу немесе “затқа айналу” процесі жүреді. Қоғамдағы субъектілерді дәнекерлеуші орган болып табылатын мемлекет те бәріне қызмет істейтін органнан енді бәрін өзіне қызмет еткізетін органға айналады. Ол енді адамдардың бәрінің ортақ ырқына бағынудан бәрін өзіне бағындыратын ырықтың өзіне, яғни ешкімнің ырқы емес ырық болып өзгеріп, бастапқы қатынас кері айналады. Адамдардың бәрінің ортақ ырқының орнына тек ырықтың өзінің ырқы шығады. Тарихтағы абсолюттік монархия, фашистік және кеңестік саяси құрылыстар осындай жаттанудың немесе адамның өзіне жат болған оның басқару функциясының түрлері болып саналады.

42. Гносеологияның негізгі мәселелерін анықтау және талдау."Таным" деген не?", "Білімді қалай алуға болады?" деген мәселелер төңірегінде ойлана отырып, адам сонау ежелгі заманда-ақ өзін табиғаттың бір бөлшегі ретінде сезінген. Уақыт өте келе бұл мәселені саналы қойылуы және оны шешуге тырысуы салыстырмалы тәртіпті пішін алып, сол кезде білім туралы ілім қалыптасты. Философтар таным теориясының мәселелері төңірегінде ой қозғай бастады. Гносеология — айналадағы әлемді тану туралы философиялық ғылым. Таным теориясы немесе гносеология (грекше gnosis — білім, таным) — философиямен бірге, оның іргелі бөлімдерінің бірі ретінде пайда болды және қалыптасты. Ол адам танымының сипатын, білімінің формаларын, оның жадағай түрінен тереңіне бойлау әдістерін зерттейді. Гносеологиядағы орталық ұғымдарға "таным субъектісі" мен "таным объектісі", "білім", "таным" жатады. Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол — бірдеңені танып, білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін. Таным объектісі деп танымдық қызмет бағытталған нәрсені айтамыз. Демек, ол танылушы, былайша айтқанда, кітап, молекула, атом, адам немесе тұтастай табиғат болуы мүмкін. Таным объектісі материялық, дүние немесе рухани құбылыс, сонымен катар субъектінің өзі де болуы мүмкін. Таным объектісі мен субъектісі бір-бірінің мәнділігін шарттастырады: субъектісіз объект болмайды, объектісіз субъект болмайды. Таным үдерісінде олар бір-біріне маңыз аларлық ықпал етеді. Сонда танымдық қызмет субъекті мен объект қатынасы және олардың өзара әрекеттесуі болып шығады.

43. Әлеуметтік болмыстың ерекшелігіне сипаттама беріңіз.

Болмыс – тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет. “Болмыс” ұғымы- қоршаған әлемдi философиялық тұрғыдан танып бiлуде ең ежелгi, негiзгi және ең маңызды категориялардың бiрi. Болмыс түсiнiгiнiң арғы түбiрiнде “болу”, “бар болу” деген мағынаның жатқаның аңғартуға болады. Бұл түсiнiк адамның айнала қоршаған ортаны бiртұтас (онда адам да, заттар, процесстер мен құбылыстар да өз орының табады) әлем есебiнде танып-бiлуге ұмтылуынан туындаған.Болмыс- объективтi (материалды социо-табиғи дүние) және субъективтi (адамның психикалық күйлерi, оның санасы, оның рухани дүниесi) нақтылықтың бiртұтастығы. Болмыс- бар болатынның, өмiр сүретiнiң бәрi-бәрi. Басқаша айтқанда болмыс- еш себебi жоқ таза тiршiлiк. Болмыс- өзi өзiнiң себебi. Болмыс-нақтылық. Болмыс ұғымы арқылы дүниенiң бар екенiне иланып, оны құрайтын құбылыстардың бәрiне тән, бәрiн бiрiктiретiн неғұрлым ортақ, жалпы әлемдiк байланысты табамыз.Әлеуметтiк болмыс- бұл адамдардың бiрлескен болмысы, бiркелкi, дамып отыратың жүйелердi құратын олардың арасындағы алуан түрлi қатынастар, ең маңыздысы экономикалық. Ал бұл жүйенiн бөлiмшесi ретiнде бiлiм беру саласын атауға болады, бұл процесс негiзiнде адам тұлға ретiнде қалыптасып, әлеуметтенедi. Әлеуметтік болмыс екіге бөлінеді: тарих процесінде жекеленген адам болмысына және қоғам болмысына. Жеке адам тек қана қоғамда өмір сүре алады. Ол бір ұлтқа, тапқа кіреді, бір мемлекетте тұрады, тарихи процестерге қатысады. Қоғамдық болмыс жағдайлары мен мүдделері арасындағы қайшылықтар туады. Қоғам неғұрлым жоғары дамыған сайын ондағы алуан саладағы прогресті жоғарылату қарқыны бұқараның, таптардың, жеке адамдардың жоғары саналылығына, әлеуметтік белсенділігіне, яғни субъективтік факторларға тікелей байланыстығын байқаймыз.

44. Позитивизм «өлшенбейтін ұғымдардың барлығы ғылымға жатпайды» деген ұраннан басталды.Осы тұжырымдама қай жағынан дұрыс,қай жағынан бұрыс.

Позитивизм (франц. posіtіvіsme — оңды, дұрыс, нақтылы) — нағыз ақиқат ғылымның жеке салаларында ғана пайда болып, қалыптасатын, философиялық зерттеулердің ешқандай танымдық құны жоқ деген тезиске сүйенетін философиялық бағыт. Бүл философиялық бағыт ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде кең тараған. Оның окілдері Р.Карнап (1891-1970), Л.Витгенштейн (1889-1951), Б.Рассел (1872-1970), А.Айер (1910) жөне т.б. Неопозитивизм — XIX ғасырдың 30-жылдарыңца пайда болган субъективтіё-идеалистік бағыт — позитивизм идеяларын жаңа тарихи жағдайларға жоне ғылым дамуының жаңа деңгейіне сөйкес өрі қарай дамытушы философиялық ағым. Соңдықтан да ол үшінші позитивизм (неопозитивизм) деп аталады. Бірінші позитивизм ретінде О.Конттың (1798-1857) жоне Г.Спенсердің (1820-1903) философия ғылыми танымның дамуына кедсргі болатын керексіз нөрсе деген көзқарасй алынған: философия тікелей қабылдауға болмайтын заттардың мөнін, түпкі себептерді білуге талпындыратын іске аспайтын мақсат қойып, таным процесіне теріс бағыт береді деп санады позитивистер. Конттың пікірінше, адамның таным процесі қүбылыстардың сырт көрінісін сипаттап, классификациялауға өрекет жасауы тиіс, олардың ішкі мәнін іздеп өуре болмауы тиіс. Конттың бүл идсяларын өрі қарай дамыту XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында эмпириокритицизм деп аталған оның жаңа түрі — екінші позитивизмнің пайда болуына өкелді. Бүның өкілдері Э.Мах (1838-1916), Р.Авенариус (1843-1896) жөне басқалар заттар мен қүбылыстарды түйсіктер деп атап, дүние танудың мақсаты түйсіктердің арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу деп түсіңдірді, сөйтіп олар материя мен сананың, физикалық пен психикалықтың қатынасы жайындағы мөселені жоққа шығарды, түйсік, сана алғашқы деп санап, субъективтік идеализмді жақтады. Үшінші позиттизм — XX ғасырдың 20-30-жылдарында эмпириоқритицизмнің орнына келген неопозитивизм — математикалық логиканы философиялық зерттеулерге қолданудың ңөтижесіңде туды. Ең кең тараған бүл философиялық ағымды жақтаушылар жаратылыстанушы ғалымдардың ішінде көптеп саналады. Бүл ағымның кең таралуының бір себебі сол, ол бүкіл „метафизикаға", яғни жалпы философиялық проблемаларға қарсы шығып, бүл проблемалар ойдан шығарылған жалған проблемалар деп санайды; философия ғылымға қызмет етуі тиіс, ғалымдардың ғылыми қағидаларды түжырымдауына, оларды қолдануына көмектесуі қажет, соңдықтан философия тілге логикалық талдау жасаудың ережелерін жасаумен, тіл проблемаларын шешумен айналысуы тиіс деп есептейді.

45.Шығыс философиясындағы болмыс туралы ілімдердің ерекшелігіне сипаттама беріңіз.

“Болмыс” ұғымы- қоршаған әлемдi философиялық тұрғыдан танып бiлуде ең ежелгi, негiзгi және ең маңызды категориялардың бiрi. Болмыс түсiнiгiнiң арғы түбiрiнде “болу”, “бар болу” деген мағынаның жатқаның аңғартуға болады. Бұл түсiнiк адамның айнала қоршаған ортаны бiртұтас (онда адам да, заттар, процесстер мен құбылыстар да өз орының табады) әлем есебiнде танып-бiлуге ұмтылуынан туындаған.

Болмыс туралы ой толғау- дүние “бүгiн бар”,”осында бар”,”осылай бар” деген қарапайым түiндермен шектелмейдi. Себебi дәл осы арада дүниенiң “өткенi мен ертеңi қандай”,”осында бар болса, басқа жерде де, барлық жерде бар емес пе?” деген сұрақтар заңды түрде туындайды. Бұл сұраққа бiр ф-р-дүние өткiншi емес, әрқашан болған,бола бередi деп тұжырымдайды. Екiншiлерi- дүние бар және бола бередi, бiрақ қеңiстiкте де, уақытта да бастамасы мен ақыры бар деп көрсетуге тырысты. Осындай ой-толғамдар дүниенiң өмiр сүрүiнiң тұрақтылығы мен өткiншiлiгi туралы пiкiрлердiн өзара қарама-қайшы болуына әкелдi: 1) Парменид (б.з.б.6-5, Элей мектебiнiң негiзiн қалаушы, дүниенiң түпнегiзi от және жер деп есептедi, ең бiрiншi болып болмыс пен сана арақатынасын талқылады, екеуiн пара-пар деп түсiндi, “Табиғат туралы”) болмыс пен бейболмысты қарсы қойды. Болмыс-бар болу, өмiр сүру, одан басқа ештене жоқ. Ол бiртұтас, тұрақты, қозғалмайды, шексiз, мәңгi. Ал,жоқ болу-болмыссыздық, ол нақты емес, иллюзиялы, сондықтан да оны айтып-түсiнуге де, тануға да болмайды. 2) Парменидтiн замандасы Гераклид (Эфес қаласының тұрғыны, стихиалық материалист, диалектиканың негiзiн қалаушы, бәрiнiн бастамасы от дедi, оның бәре қажеттiлiктен туады “дүниежүзiлiк логос” деп атады, “күрестi” барлық қарама-қарсылықтардың атасы,”Табиғат туралы”-фрагменттер)- керiсiнше, болмыстын басты белгiсi оның қозғалыста және үздiксiз дамуда болуы дедi. “Бiр өзенге екi рет кiруге болмайды”, “Бәрi де өзгередi, бәрi де ағады” деп үйреттi. iрақ екеуiде, болмысты мән мен байланыстырады, оны заттардың басты өмiр сүруi, нақты әлемнiң бар болу жағдайы деп түсiндi. Мұны, “заттық” онтология деп айтуға болады.  

3) Платонда (б.з.б.427-347) болмыс дегенiмiз- мәндiлiк өмiр сүретiн, өзгермейтiн сана тектес рухани идеялар дүниесi. Идеялар- заттар мен құбылыстардың түп негiзi, оларды өмiрге келтiрушi, олар мәнгi, объективтi, материалды емес, кеңiстiк пен уақытқа тәуелсiз. Идеялар сезiмдiк тәжiрибе арқылы танылмайды, тек ақыл-ой арқылы танылады. Әр сезiмдiк заттың мақсаты- идея, әр зат сол идеяның қалпы, моделi. Ал заттар өткiншi, пайда болады, тозады, өледi, яғни шынайы болмыс емес, бар болғаны идеялар дүниесiнiң күңгүрт бейнесi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]