Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia2014.docx
Скачиваний:
90
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
163.52 Кб
Скачать

57.Материялистік диалектиканың ерекшелігі мен Гегель диалектикасынан айырмашылығын көрсетіңіз.

Диалектика ойлаудың ең икемдісі, дүниені жан жақты зерттеудің, яғни әр түрлі байланыстардың әрқайсысын ашып, қарама қарсы күштердің даму барысындағы өзгерістер мен процесстердің негізін табу. Диалектика ойладың объектілігі, софистика ойлаудың субъектілігі.Диалеатика ұғымы үнемі тарихи дамуда болып, мазмұны тередей береді. Сондықтан оның тарихи формаларын ажырата білу керек: стихиялық немесе қарапайым диалектика; идеалистік диалектика ақыл ойдың жалпы ұғымдарының бір біріне ауысып отыратынына негізделген; идеалистік тарихи ұрпақтар санасындағы қайшылықтардың болуына жүгінеді; материалистік диалектика қайшылық пен даму санада ғанғ емес, дүниенің өзінде де барын дәлелдейді.

Гегелдің диалетикасы идеалистік диалетикаға негізделген. Гегелдің философиясының үлесі және ерекшелігі: 1) объективтік идеализм теориясын жасады. Негізгі өзегі абсолюттік идея - әлемдік Рух.2) Канттың, Фихтенің, Шеллингтің еңбектерін зейін қойып зерттеп, идеалистік диалектиканың жалпы теориясын жасады және оны білімнің әр түрлі салаларына қолданды. Диалектикалық әдісінде ол қозғалыстың дамуының үздіксіз екекнін үйретті. 3) Гегель өз философиялық жүйесінде дүние жүзілік ақыл ойдың абсолюттік және әбден жетілген көрінісін жасауға тырысты. Гегельдің жүйесі мен әдісі бір біріне қайшы, кері тартпа. Осыдан шығатын қорытынды: философиялық жүйесі метафизикалық; далектикалық әдісі прогресшіл жағынан көрінеді. Гегель жүйесі. Гегель нақтылықты немесе бүтін болмысты түсінуде, идеяның мәні ретіндегі - әлемдік ақыл ойды, Логосты, Рухты, Сананы, Субъектіні- Абсолют деп атады. Бұл барша дүниенің, бүкіл болмыстың пәрменді бастамасы, жаратушысы. Абсолюттің маңызды қасиеті шығармашылығы, белсенділігі, дамуы және күшеюі болады. Ол өзінің дамуында әр түрлі сатыдан өтеді, өзінің өмір сүру формасынды әр түрлі көріністе болады. Сонымен бірге өзінің жоғарғы мақсаты өзін өзі тануға ұмтылу. Гегель философиясының негізі әлемдік Рух, абсолюттік идеяның бүкіл дүниені жаратқаны. Табиғат-әлемдік рухтың таза идеядан абсолюттік идеяға айналуы. Идея ешқандай мазмұнсыз «таза болмыс» немесе «ештеңе» болмыс болып табылады. «Нақты болмыстың пайда болуы» заттар мен құбылыстар дүниесіне әкеледі, яғни идея материалдық заттарға айналады. Адам санасы дамыған сайын идея материядан қол үзіп, алшақтай береді.Гегельдің пікірінше, табиғат абсолюттік идеяның екінші өмірі, бірақ ол дамымайды, дамитын идея. Диалектиканы жасай отырып, Гегель бүкіл дүниені – табиғатты, қоғамдық өмірді және ойлауды шексіз қозғалу, өзгеру және даму процесі деп көрсетуге тырысты.

58.Ф.Бэкон мен р.Декарттың танымдық теорияларының айырмашылығын талдаңыз.

Ф.Бэкон философиясы.

Философияда механикалық,метафизикалық көзқарастың қалыптасуына зор үлес қосқан ойшыл – ағылшын философиясының көрнекті өкілі, ғылыми зерттеудің индуктивтілік тәсілінің негізін қалаушы – Френсис Бэкон (1561-1626 ж) еді.Негізгі еңбектері: “Ғылымдар табысы” ,“Жаңа органон”, “Жаңа Атлантида” т.б. Бэконның ілімінше , адамның негізгі мақсаты – табиғат күштерін игеру.Табиғаттың сырын,заңдылықтарын білген адам оларды өз қажетіне жарата алады,ал табиғатты материяны қарастыру арқылы түсінуге болады.Материяның қасиеттері өте көп ,солардың ішіндегі негізгісі – қозғалыс.Қозғалыс – метерияның кеңістіктегі орын ауыстыру ғылымдары тәсілімен қабылдап білуге болатын денелер ғана , ал рух,жан т.б. ғылыми тұрғыдан танып білуге болмайтын болғандықтан – нақты шындыққа жатпайды.Табиғатты танып –білу негізінде мәдени өмірді мақсаттылықпен өзгерту адамзаттың негізгі мақсаттарының бірі.Бұл жолда адамдар әр нәрсеге сеніп – табынушылық,жалған эксперимент екендерін түсінулері керек.Ал танымның жалғыз ғана дұрыс тәсілі – индукция.Бэконның түсінігінше зерттелетін заттардың қасиеттері ешуақытта өзгермейді және бір-бірімен байланыста болмайды.

Декарттың философиясы.

Декарт Рене (1596–1650). Ол философияның, физиканың, математиканың және дамуына үлкен әсер етті. Декарт дуализм мен рационализмнің өкілі. Дедуктивтік – рационалистік әдісінің негізін қалады. Геометриялық оптиканы, аналитикалық геометрияны, координаттар жүйесін жасады, идеясын ұсынды. Космологияда (дүниенің құрылымы), космогонияда (планеталардың пайда болуы және құрылымы), физика және физиологияда Декарт материалист. Ол дүниенің өздігінен жаралғанын, оның объективті даму құқықтарының бар екенін, бірақ олардың механикаға негізделгенін айтты. Психологияда, таным теориясында ол – «Мен ойлаймын, олай болса өмір сүремін»(Cogilo, ergo zum) –деген қағидаға сүйенеді.

1.Әлемде адамға түсініксіз көптеген заттар мен құбылыстар өмір сүреді. Олар бар ма? Олардың қасиеті қандай? Мысалы: Құдай бар ма? Дүниенің шегі бар ма?

2. Қай затқа, қай құбылысқа күмән келтірмеуге болады? (Қоршаған орта өмір сүре ме? Күн жарқырай ма?

3.Олай болатын болса тек күмәндану анық факт және еш дәлелдің қажеті жоқ.

4.Күмәндану ойдың қасиеті, демек шын өмір сүретін адам күмәнденеді, ойлай алады, яғни адам ойлайды.

5.Сондықтан ойлау болмыстың да, танымның да негізі. Ол ақыл ойдың жұмысы, олай болса болмыс ақыл ойда бар.

Декарт болмыс проблемасын зерттеу барасында болмыстың мәнін сипаттайтын ұғымды шығаруға болады, оны субстанция деп атайды. Субстанция – ішкі бірлігі жағынан қаралатын объективтік шындық, қозғалыс біртұтас, үздіксіз дамып отыратын материя. Субстанция– дүниеде бардың бәрі, өз өмірінде басқаға ешқандай тәуелді, тек өз өзіне ғана тәуелді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]