Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia2014.docx
Скачиваний:
90
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
163.52 Кб
Скачать

30. Категориялардың логикалық функциаларына сипаттама беріңіз.

Философия ғылым ретінде негізгі ұғымдармен немесе категорияларымен толығады. Философия категориялары тілде не сөзде көрінуі мүмкін. Философиялық категориялар үнемі дамуда, сынға ұшырасады, қабылданбауы да мүмкін және де үнемі мағынасы жағынан толығып отырады. Философияның негізгі категориялары мыналар: «болмыс, материя, табиғат, қоғам, адам, қозғалыс, даму, заң, зат, қатынас, мазмұн, форма, мән, жалпылылық, бірлік, қасиет, құбылыс, себептілік, салдар » т.б. Болмыс– бүкіл әлемнің тұтастығын, дүние мен адамның бірлігін, тіршіліктің мәнін білдіретін философиялық категория. Қарапайым санада болмыстың баламалары ретінде әлем, ғарыш, дүние, табиғат, өмір тәрізді жалпы ұғымдар қолданылады. Болмыс философияның ерекше саласы. Қоғамдық болмыс - қоғамдық сананыанықтайтын материалдық игіліктерді өндіру негізінде пайда болатын, одан тыс және тәуелсіз тіршілік ететінадамдардыңтабиғатка және бір-біріне материалдық қатынасы. Материя (лат.materіa — зат) — әлемдегіалуан түрлі нысандар мен олардың жүйелерін, дүниедегі сан алуан құбылыстар мен оқиғалардың, қандай да болсын қатынастар мен байланыстардың, қасиеттер менформалардыңнегізін, ішкі мәнін, себебін білдіретін философиялық ұғым. Қоғам (лат. socialis – қоғамдық, жолдастық) – философияның (әлеуметтік философияның), тарихтың және әлеуметтанудың негізгі, базистік категорияларының бірі.

Философия функциясы - философия мақсатын, міндетін, тағлымын жүзеге асырудағы философияның атқаратын қызметі. Философияның негізгі функциялары:

- дүниеге көзқарастық;

- методологиялық:

- теориялық;

- сыншылдық;

- әлеуметтік;

- тәрбиелік-гуманитарлық;

Дүниеге көзқарастық функция - дүниенің біртұтастық бейнесін жасау, оның құрылымы жөнінде, дүниедегі адам орны, оның қоршаған ортамен байланысы туралы көзқарасты қалыптастыру.

Методологиялық функция- философия коршаған дүниені, шындықты, ақиқатты танудың негізгі әдістерін жасайды.

Теориялық функция - философия бүкіл дүниені, құбылыстарды ұғынуды мейлінше жалпылайды, концептуалды - логикалық жүйелер жасайды, теориялық тұжырымдар түзейді.

.Сыншылдық функция - философия кез келген теорияны, білім қағидаларын сыни ойлаудан өткізіп, ондағы қайшылықтарды анықтап, мәнді тұстарын айқындайды. Бұл функцияның міндеті - догмаларды әшкерелеу, білімнің дәйектілігін пысықтау және таным шеңберін мейлінше кеңейту.

Әлеуметтікфункция - философия қоғамды зерттегенде, оның пайда болу себептерін, дамуын, құрылымын, қозғаушы күштерін, қоғамда болатын қайшылықтарды айқындап, оны шешу жолдарын, жетілдіру мәселелерін карастырады.

Тәрбиелік функция - философия гуманистік құндылықтар мен мұраттарды адам, адамзат пен қоғам игілігіне жаратуды көздейді. Философия - тарих қойнауындағы барлық адмгершілік ізгіліктердің тәрбиелік мәнін ашып көрсетеді.

31) Өзіңіз таңдаған бейклассикалық нақты ғылымның қалыптасу тарихынан н.Бордың сәйкестік принціпінің интерпретациясын көрсетіңіз

Давид (7.10.1885, Дания, Копенгаген — 18.11.1962, сонда) — даниялық ғалым, қазіргі заманғы физиканың негізін салушылардың бірі, Дания корольдік қоғамының мүшесі (1917) және 1919 жылдан оның президенті. Бор — атомның алғашқы кванттық теориясын жасаушы, кванттық механиканың негізін қалаушылардың бірі. Бор 1923 ж классикалық және кванттық ұғымдар арасындағы сәйкестік принципін ашты. Сол жылы өзі жасаған атом моделі негізінде, алғаш рет Д.И. Менделеевтің элементтердің периодтық жүйесіне ғыл. түсініктеме берді. 1927 ж микродүниенің ең маңызды принциптерінің бірі — толықтырғыштық принципін тұжырымдады. Мұның философия ғылымы үшін маңызы зор болды. Бор қағадалары – даниялық физик Нильс Бордың атомның орнықты (стационар) күйін және спектрлік заңдылықтарын түсіндіруге арналған негізгі болжамдары (1913), яғни сәйкестік принціпі: Бірінші қағида немесе орнықты күйлер қағидасы: атомдағы электрондар кез келген энергиясы бар орбиталармен емес, тек белгілі бір энергиясы бар орбиталар бойымен қозғалады. Оларды орнықты орбиталар деп атайды. Орнықты орбиталардың энергиясы тек белгілі бір дискретті (үзікті) мәндерді ғана иеленеді. Электрондар мұндай орнықты орбита бойымен қозғалып жүргенде сәуле шығармайды. Екінші қағида немесе сәуле шығарудың жиіліктік шарты: атом бір орнықты күйден екінші бір сондай күйге ауысқанда ғана жарықтың бір фотонын жұтады не шығарады. Шығарылған не жұтылған фотонның энергиясы (һν) екі орнықты күй энергияларының (Е1 және Е2) айырымына тең (һν = Е1 – Е2, мұндағы ν – шығарылған не жұтылған сәуле фотонының жиілігі, һ – Планк тұрақтысы). Осы қағидалар негізінде құрылған Бор теориясы тек сутек және сутек тәріздес атомдардың құрылысын түсіндіруге қолданылады. Бор қағидалары классикалық физика заңдылықтарына толығымен қайшы келеді. Бұл қағидалар – микродүние қасиеттерін түсіндіру үшін табылған алғашқы тұжырымдар. Атом құрылысы кванттық механика арқылы ғана толық түсіндіріледі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]