Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia2014.docx
Скачиваний:
90
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
163.52 Кб
Скачать

55.Платон онтологиясы мен Аристотель онтологиясының айырмашылығын көрсетіңіз

Жалпы «Онтология» термині грек тілінде екі сөз тіркесінен тұрады: «оntos»- болмыс, «logos»- ілім. Демек, болмыс туралы ғылым. Философия да бұл термин ХVII ғ бастап қолданылады.

Платондық метафизиканың кең ауқымды ерекшелігі ондағы жаңа шындықтың ашылуымен байланысты, яғни физис философиясында бұрын-соңды сөз қозғалмаған сезімнен тыс, физикалықтан тыс кеңістіктің ашылуымен байланысты болды. Платонның дәл осы жаңалығы философия дамуындағы маңызды кезең болып саналды және батыстық даналықтың дамуындағы материалдылық және материалдылық емес, сезімге тән және сезімнен тыс деген айырмашылықтардың негізін қалады. Осы категориялар тұрғысында табиғат пен ғарыш өз алдына заттар түрінде емес, тек олардың құбылысы түрінде ғана көрінеді. Нағыз және нақты болмысқа заттардың мәнін, олардың парадигмасын білдіретін идеялар ғана ие болады. Платонның идеялар әлемі - бұл сатылы түрде ұйымдастырылған жүйе. Оның ең жоғарғы шыңында Игіліктің абсолюттік идеясы орналасқан. Физикалық әлем немесе сезіммен қабылданатын ғарыштың әлемі мынадай кесте негізінде пайда болады: үлгі (идеалды әлем), көшірме (физикалық әлем) және Жаратушы (демиург).

Платон таным мәселесін жанда әуел бастан нақтылық түрінде ұшырасатын ақиқатты ажыратып алу ретінде қарастырады. Бұл ажыратудың тәсілі сократтық маевтика болып табылса, ал "диалектика" термині онда жаңа мағынаға ие болады. Платон өнерді ақиқаттан ауытқу, риториканы ақиқатты мистификациялау ретінде қарастырса, ал эротика-  абсолютке жетудің логикалық емес жолы.

Платондық Академияның ең қабілетті шәкірті Аристотельдің рухани дүниесін платонизм мен метафизикадан бас тартып, натурализм мен эмпиризмге бет бұру деп түсінуге болады. Яғни ол ұстазының жолын қайталамай, оның ілімін алға жылжыта отырып, оның теориясы шеңберінен шыға білген. Аристотельдің таланты мен ғылыми рухы оны тәсілдердің дифференциациясына, органикалық синтез бен жүйелеуге алып келді. Ол философиялық білімдердің - метафизиканың, физиканың, психологияның, этиканың, саясаттың, эстетиканың, логиканың даму жолдарының негізін қалады.

Ғылымдарды классификациялауда Аристотель ең алдымен теориялық ғылымдарға басымдылық береді, оның ішінде барлық ғылымдардың шыңы ретіндегі ең маңызды орын метафизикаға немесе "бастапқы философияға" беріледі. Бұл жалғандыққа жол бермейтін білімге деген таза құмарлық, ақиқатқа деген құштарлық. Оның мақсаты болмыстың төрт себебін зерттеу болып табылады, оның ішіндегі ең маңыздылары - барлық заттарды құрайтын форма (мәнділік, бастапқы субстанция) және материя. Және метафизиканы тәмамдайтын сезімнен тыс субстанция - бұл мәңгі және қозғалмайтын Бастапқы түпнегіз, Бастапқы      қозғаушы. 

56.Мәдениеттің философиялық түсінігі. Мәдениеттің функцияларын талдау

.Мәдениет – адамзаттың болмыс пен сананың барлық салаларындағы әлеуметтік-прогрестік шығармашылығы қызметі; бұл қызмет заттандыру (қазыналар, нормалар, белгі жүйелерін және т.б. жасау) және затсыздандыру процестерінің диалектикалық бірлігі болып табылады, өмір шындығын өзгертуге, адамзат тарихының байлығын жеке адамның ішкі байлығына айналдыруға, адамның мәндік күшін барынша айқындап, дамытуға бағытталады. Неғұрлым тар мағынасында, әдетте, материалдық (техника, өндірістік, тәжірибе, материалдық қазыналар) және рухани (ғылым, өнер мен әдебиет, философия, мораль, ағарту және т.б.).

Мәдениет және өркениет ұғымы көбінесе бір-бірінен ажыратылмай, тең қаралады. Олар шынында да ұқсас болып келеді, бірақ олардың арасында едәуір өзгеріс бар.

«Өркениет» термині «мәдениет» терминіне қарағанда кеш ХVIII ғасырда ғана пайда болды. Оның авторы, бір версия бойынша шотланд философы А. Ферпоссон болып саналады, ол адамзат тарихын жабайылық, варварлық және өркениет деп бөлді, соңғысын ол қоғамдық дамудың жоғары дәрежесі ретінде түсіндіреді. Басқа версия бойынша «өркениет» терминін француздың ағартушы-философтары ойлап тапқан және екі мағынада қолданылған, кең және тар мағынада. Біріншісі Ферпоссонның тұжырымымен үндес, ақыл-парасат, әділдік және діни шыдамдылық бастауына негізделген жоғары дамыған қоғам дегенді білдіреді. Екінші мағынасы «мәдениет» ұғымымен тығыз байланысты және адамның нақты қасиеттері – ақылдылықтың, білімділіктің, сыпайлылықтың жиынтығын білдіреді. Оны игеру ХVIII ғасырдың элитарлы париж салондарына жол ашты.

Мәдениет пен өркениет ара қатынасы туралы көзқарастардың барлық алуан түрін соңында үш негізгіге әкеп тіреуге болады.

Мәдениеттің күрделі және көп деңгейлі құрылымы адам өмірі мен қоғамдағы оның функцияларының алуан түрлерін анықтайды. Негізгілерін сипаттаймыз:

мәдениеттің басты функциясы – гуманистік (адамгершілік) (адамгершілікті – қайырымды). бұл рухты көтеру, адамдар арасында адамгершілік қатынас жасау. Қалғандары онымен байланысты және одан шығып отырады.

мәдениеттің маңызды функциясы - әлеуметтік тәжірибе алмасу. Бұл адамдар ұрпағы арасындағы тарихи сабақтастыққа себеп болады. Мәдениет бұл адамзаттың әлеуметтік ұмытылмас белгісі, ол арқылы «адамзат шығармашылығы», тұлғаны қалыптастыру жүзеге асырылады.

алғашқы екі функциямен тығыз байланысты, танымдық функция. Мәдениет ұрпақтардың ең озық тәжірибесін шоғырландыра отырып, әлем туралы бай білім жинайды және сонымен оны тану және игеру үшін қолайлы мүмкіндіктер жасайды.

реттегіш (нормативтік) функция ең алдымен, қоғамдық және жеке қызметтің алуан жақтарын, түрлерін реттеумен байланысты. Тұлға аралық қатынастар еңбегінің, тұрмысының сферасында мәдениет адамдардың мінез-құлқына әсер етеді және олардың әрекеттерін, материалдық және рухани құндылықтарды таңдауды реттейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]