Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia2014.docx
Скачиваний:
90
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
163.52 Кб
Скачать

11. Философиялық дискурс.Мемлекет.Ерік.Теңдік.

Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың ереше түрі, саяси жүйенің орталық институты

Еріктік әрекеттер табиғатын түсіну үшін бұл жөніндегі ғылыми көзқарастар өрісіне зер салған жөн. Ерік[1] ұғым ретінде де, нақты болмыстық құбылыс ретінде де тарихи сипатқа ие. Ежелгі және орта ғасырлық дүние ерік құбылысын бүгінгі біздің түсінігіміздей танып білмеген. Мысалы, ежелгі қоғамда адам еркі жөнінде тіпті сөз болмаған, оның орнына «даналық мұраты» ұғымын қолданған. Адамның қылық әрекеттері табиғат пен өмірдің ақыл бастауларына және логика қағидаларына бағынады деп түсінген. Осыдан Аристотельдіңпайымдауынша, әрқандай әрекет логикалық қортындылардан туындайды. Ал өзінің «Никомахов этикасы» еңбегінде «дәмдінің бәрін жеу керек» және «бұл алма дәмді» деген пікірлер санада «бұл алманы жеу керек» деген қорытынды ой пайда етпейді, адамды бірден сол алманы жеп қою әрекетіне келтіреді деп жазған. Ерік табиғатына болған мұндай көзқарас қазіргі күнде де жоқ емес.

Ш.Н Чхарташвили мақсат пен саналы тану интеллектуалды әрекеттер категориясынан туындаған деумен, еріктің өзіндік сипаты барлығына шек қояды, сондықтан ғылымға жаңа бір «ерік» терминін ендірудің қажеті жоқ екенін дәлелдеуге тырысады.

Жеке адам қасиеті сипатында ерік ортағасырлықтарға да таныс таныс болған. Мұны сол уақытта қоғамда орын алған экзорис – жын-шайтан қуу үрдісінен көруге болады. Бұл үрдісте адам ылғи да енжар астама күйінде танылып, сыртқы әсерлер жинайтын, «ұя» ретінде бағаланған. Ол заманда ерік дербес жасайтын, нақты қайырымды не жауыз құбыжық күштер түріне енген құбылыс деп есептелген. Бұл тылсым күштер қандай да мақсаттар белгілеуші ақылға ие деп түсінілген. Ол күштерді танудан адамның «шын» қылық-әрекетінің мәнін түсінуге болады.

Демократия' теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. 

12. И.Канттың антиномияларын философиялық талдау.

Жаңа заман философиясында, әсіресе, оның таным теориясында пайым мен Зерденің бір-бірінен алшақ кеткенін, ендігі жерде олардың ымыраға келмейтінін айқын көріп, соларға ерекше назар аударған И.Кант (1724 – 1804) болды. Канттың айтуынша, Зерде дегеніміз ол да пайым. Бірақ ол – пайымның жоғары формасы. Зерде таным процесінде категориялар арқылы емес, принциптер арқылы көрініс береді. Канттың тілімен айтқанда, адамның “зердесі дегеніміздің өзі принциптерді тудыру қабілеті”. Кант өзінің философиясында Зерденің идеяны тудыратын ерекшелігін айқындап берді.

Кант өз заманының саяси-әлеуметтік тар өрісті жағдайына байланысты қайшылықтардың мәнін түсіне алмады. Сондықтан ол Зердені айыптауға, сынауға көшті. Канттың ойынша, Зерденің даму тарихының үш кезеңі бар. Алғашқы кезеңде Зерде бүкіл әлемге, барлық ойлау процесіне әсерін тигізіп тұрған құдіретті күшке ие болады. Оның қағидалары ешбір өзгермейтін, мәңгі жасайтындай көрінеді. Сөйтіп, ол барлық ғылымдардың ғылымына айналды. Кант бұл жерде Зерденің тарихы арқылы философияның бір кезде, яғни жаңа дәуірде барлық ғылымдар үшін шешуші рөл атқарғанын көрсетіп отыр. Шынында да, сол бір кезде философия ғылымдарының атасы болғаны сөзсіз Екінші кезең Зерденің идеялары мен принциптеріне деген сенімсіздіктің, күмәннің бірте-бірте пайда болуымен сипатталады. Бұл кезеңде Зерденің қағидалары әрі жалпы, әрі абсолюттік рөл атқарудан қала бастады. Сондықтан оның негізгі идеялары мен принциптері жаңа заман ағымына ілесе алмай, өзінің дәрменсіздігін көрсетті. Дәл осы кезде ағылшынның атақты ойшылы Давид Юмөзінің скептицизмі мен агностицизмі арқылы Зерденің бүкіл дүниені, әлемді тануға болады деген қағидасына алғаш рет күмән келтірді. Зерденің дамуының үшінші кезеңі, Канттың ойынша, сыншылдық дәуір деп аталады. Бұл кезең Канттың өз философиясынан басталады.

Канттың бұл ойын кейбір зерттеушілер түсінбей, “Кант зердеден бас тартты, ендігі жерде ол ғылымды мойындамайды, діни сенімге ғана есік ашық деп жариялады” деп айыптады. Ал, шындығында, бұл дұрыс емес еді. Өйткені, ол дәл осы кезде өзінің “Дін зерденің шектелуінде” атты атақты шығармасын жазған болатын. Ұлы философ бұл еңбегінде Зерденің дінге шек қойып, оның аумағын тарылта беретінен айқын көрсетті. Жалпы Зерде мен пайым ұғымдарын тек философия тарихы үшін маңызды “ескерген категориялар” ретінде қарастыруға болмайды. Қазіргі заманғы философиядағы дүниені рационалды және иррационалды қабылдау пішіндерін зерттеу ойлаудың Зерде мен пайым түріндегі пішімдерінің мәнін терең зерделеумен тығыз байланысты. Зерде категориясы, сондай-ақ, қазіргі заманғы психология, педагогика ғылымдарының болашақ даму бағдарларын анықтауда да маңызды рөл атқарады.[

13. Тәсіл және методология мәселесі.Методологияның деңгейлеріне сипаттама беріңіз.

Методология мәселесі  барлық ғылымдарға маңызды. Әлеуметтік психологиялық  статистикалық зерттеу жүргізген кезде осы нәтиженің ғылыми принцептеріне сүйенеді. Олар: Психология және әлеуметтану. Қазіргі ғылымда методолгия термині грек тілінен «танып білуге жол» дегенді білдіреді және ғылыми білімдердің  3 денгейін көрсетеді.

1. Жалпы методология- бұл жалпы принциптердің қосындысы. Жалпы методологияға әртүрлі философиялық құрылымдар кіреді.

2. Жеке методология- жеке принциптер құрылымы, нақты білім аймағында қолданылады.Әрекет принціпі үлгі болады. әлеуметтік психологияда бұл принцп адамдардың бірлескен іс-әрекеті ретінде түсіндіріледі. Және бұл кезде ерекше байланыстар түзіледі. Іс-әрекет субьектісі ретінде коллектив іс-әрекет субьектісі бола алады. Бұл принціпті қолдану арқылы коллективтегі іс-әрекет субьектісінің аттрибуттарын зерттеуге болады.(қажетілік, мотив, топ мақсаты

3. Методологиялық қолданыстар- Т.В.Каркилова  бойынша бұл- зерттеудің көптеген әдістемелері,теориялар.Әдіске және әдістемелерге бөлінеді.

Әдіс-зерттеу стратегиясы болады. Әдістеме техника мен эмпирикалық анықтамалардың фиксация әдістері. Әдістерді жалпы және арнайы методологиядан бөліп қарауға болмайды.Бұл аббстрактілі емес. Бір әдістер мен әдістемелер әртүрлі  методологиялар негізінде қолданыла береді.

Ғылыми зерттеу үшін.

1.  Зерттеудің нақты обьектісінің болуы.

2.  Фактілерді анықтау, себебін табу,әдістерді жасау, болжам қою

3.  Қойылған фактілер мен болжамдар арасындағы ашық байланыс

4.  Фактілер мен  құбылыстарды жобалау және түсіндіру.

Ғылыми зерттеулердің ерекшеліктеріне  жаңа жиналған анықтама, оларды принциптерге біріктіру, принціптерді алдыңғы жұмыс негізінде тексеру және қолдану.

Әлеуметтік психологияның зерттеу әдістерін екі топқа бөліп қарастыруга болады: зерттеу әдістері және әсер ету әдістері.

Зерттеу әдістері өзі – мәліметті(ақпараты) жинау және  оны өңдеу болып екі топқа бөлінеді.

Мәліметті жинау әдістеріне : бақылау, құжаттарды қарастыру,  өңдеу, (оған  контент анализ де кіреді) , әр түрлі сұрау әдістері. (саулнама, интервью) тестілер ( сынақ), оның  ішінде не көп тараған социометірлік тест (әлуметтік өлшем) және де эксперимент (табиғи және лабораториялық). Осы әдістердің көбі социологияда қолданылатындармен  пара-пар. (Ядов, 1993) .Дегенмен  кейбіреуіне әлеуметтік психологияның  ерекшеліктеріне байланысты пайдалану тұрғысынан қысқаша тоқталуға болады.

Бақылау әдісі. Әлеуметтік психологияда  негізгі іздестірілетін  сұрақтардың бірі-қалай бақылау керек?  Бақылаған кезде не нәрсеге қөңіл бөлінеді?

Әлеуметтік- психологиялық зерттеулерде  бақылау бірлігі зерттеу затына байланысты нақты түрде шешіледі. Екінші бір маңызды жағдай-бақыланатын жағдайдың уақыт аралығы, бақылау бірліктерін бөліп алудың (уақыты бойынша) көптеген жолдары болганымен , бұл мәселе аяғына дейін  шешілмеген. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]