Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia2014.docx
Скачиваний:
90
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
163.52 Кб
Скачать

52 Дүниетаным ұғымы және оның тарихи түрлерін талдаңыз.

Ерте заманнан ак адам өзін коршаган дуниенін зандылыктарын және өзін өзі, өзінің табигатка және баска адамдарга катынасын танып білуге тырысты. Адамнан тыс таным процесінін болуы мукін емес. Сондыктан адам танымы белгілі бір когамда, когамнын практикалык кажеттіліктеріне сәйкес журіп жатады. Дүние және ондағы адамның орны жайындағы түсініктердің жиынтығы дүниетаным деп аталады. Көп өлшемді бұл құбылыс адам өмірінің, практикалық іс әрекеті мен мәдениетінің түрлі салаларында қалыптасады. Дүниетанымды құратын рухани құбылысқа философия кіреді. Дүниетаным ол шындық дүние жіне адам туралы, адамның мінез құлқы мен іс әрекеттері туралы ең жалпы ұғымдарды айқындап беретін пікірлер мен тұжырымдардың жиынтығы. Өзегі білім болғандықтан , күнделікті практикалық және теориялық болып бөлінеді. Кейде «өмір философиясы» деп аталатын бұл дүниетаным стихиялы түрде қалыптасады. Күнделікті практикалық дүниетаным біркелкі емес, өйткені оның иесі болып табылатын одан да білімі, ақыл ойы мен рухани мәдениеті, ұлттың дәстүрлері мен діни сенімдері жағынан алуан түрлі. Сондықтан ол «өмір философиясының» өрісі ерекше кең. Ал теориялық деңгейі арнайы сынақтан өткен, ғылыми негізделіп дәлелденген . Философия көзқарастың осындай деңгейіне жатады. Дүниетаным барлық басқа формалары мен типтеріне қарағанда негізделген, мазмұны да, шындық жайында жинақталған білімдерді қорыту әдіс тәсілдері де әбден жүйеленген, тексерілген. Дүниетаным - жеке адамның, әлеуметтік топтың, таптың немесе тұтас қоғам қызметінің бағытын және шындыққа деген қатынасын айқындайтын принциптердің, көзқарастардың мақсат-мұраттар мен сенімдердің жүйесі. Дүниетаным қалыптасуына саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар көп әсер етеді. Ғылыми білімдер Дүниетаным жүйесіне ене отырып, адамның немесе бүкіл топтың қоршаған әлеуметтік және табиғат заңдылықтарын бағдарлау мақсаттарына қызмет етеді. Сонымен қатар, ғылым адамдарды әртүрлі нанымдар мен адасулардан құтқарып, оның шындық болмысты ақыл-ойы арқылы тануына жағдай жасайды.[

Дүниетаным - адамдар мен табиғатқа, жалпы құндылықтарға, моральдық ережелерге жеке тұлғаның жалпы қатынасын білдіретін негізгі сенім, қалып, таным немесе қоғам мүшелерімен ортақ көзқарас қалыптастырып, қоршаған ортамен қатынас қалыптастырудағы негізгі өлшем. Ол - адамның дүниені ақиқатпен теориялық және тәжірибелік жағынан бірлікте тану мақсатындағы рухани-тәжірибелік әдіс. Дүниетанымда тұтас адамзат әлемінің үлгісі сияқты мәдениеткатегорияларының жүйесі көрініс тапқан.

Дүниетаным - әлемді түсіну, қабылдау, қоршаған ортадағы шынайылыққа жалпылама көзқарастар жүйесі.

Дүниетаным - адамның өзіне, әлемге, өзінің әлемдегі орнына деген көзқарастар жүйесі.

Дүниетаным немесе дүниеге көзқарас, адамның сыртқы дүние қоршаған ортаға, өзіне - өзінің, басқаларға қарым – қатынасы туралы мәліметтердің жиынтығы. Сонымен қатар, ол адамның бағыт бағдарын, сенімі мен идеалдарын, принциптерін, ұмтылыстарын білдіреді.Дүниетаным адамның өзі және қоршаған орта туралы білімдерімен ғана шектелмейді. Өйткені, ол дүниенің бейнесі ғана емес, ең алдымен, дүниеге деген қатынас. Адам дүниеге бейжай немқұрайдылықпен немесе қызығушылықпен қарайды, оны не ізгілік, не зұлымдық тұрғысынан бағалайды. Осы қатынастар төңірегінде сыртқы материалдық әлем мен ішкі рухани дүние туралы түсініктер жинақталып, тиянақталынады. Сөйтіп, әлем, табиғат, адам, олардың бірлігі мен адамның дүниедегі орны, болмыс пен болашақ туралы түсініктер қалыптаса бастайды. Дүниетаным - өзін өзі, айналадағы ортаны өзгертетін адамның практикалық іс - әрекетінің тірегі.Кез келген пенде, жеке адам, ойшыл дүниетанымның субъектісі бола алады. Өйткені әр адамның өзіндік тәжірибесі мен білімдері бар, ол әр нәрсені өзінше қабылдайды, түйсінеді, түсінеді. Қоғамдағы үлкен топтардың да өзіне тән дүниетанымы бар. Ол осы тапқа, топқа тән ортақ белгілерді, бағалау мен идеалдарды біріктіреді. Біз оны тарихи, этнографиялық деректерден, көркем әдебиеттен айқын көреміз. Дүниетаным – құрылымы жағынан күрделі жүйе. Оның бастапқы және өзекті элементі – білім. Ол қарапайым және ғылыми болып бөлінеді. Білім – керемет күш, оның көмегімен белгісіз құбылысты ашып, игеруге болады. Бұл процесс тереңдеген сайын дүниетаным да екшеленіп, жүйеленіп, тұрақтылық сипатқа ие болады. Білім адамның көкірегіне еніп, санасына ұялап, оның өмір тәжірибесінің елегінен өтіп барып, сенімге айналады. Сенім дегеніміз – дүниеге көзқарастың түп қазығы, бағыттаушысы, адамның өз позициясына, тоқыған ойына, істеген ісіне деген беріктігі. Сенімі берік адамның көзқарасы, дүниетанымы нақты, ісі қонымды, бағыты қашан да айқын.Адам сенімсіз өмір сүре алмайды. Тек сенім арқылы адам өзінің кім екенін және жарық дүниеде не үшін өмір сүретінін біле алады. Адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымның өмірімен байланыстылығы берік сенімнен туады. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Сенімі күшті адамның өмірі де мықты, мәнді, мағыналы болады. Берік сенім жоқ жерде тыңғылықты дүниетаным да, тұрақты мінез-құлық та болмайды. Сенімі қалыптаспаған адамның шындықтың жай-жапсарын дұрыстап айыруға, өмірден өз орнын дұрыс табуға шамасы жете бермейді. Сенім дегеніміз адамның білімдеріне, айналадағы қоршаған ортадағы іс - әрекеттерінің дұрыстығына деген батылдығын білдіреді. Адамда өзіне - өзінің терең сенімі болуы – оның әлеуметтік өсуінің дәрежесін көрсетеді. Наным – адамның қиялдағы шындықтың болатынына сенім білдіретін ерекше жағдайы психологиялық ұстанымы.  Адамның дүниетанымы оның білімі мен сенімнің бірлігі. Ол әйтеуір бір қуанышты оқиғаны немесе нәтижені білдіретін үмітсіз болмайды. Үміт – адамды болашаққа жетелейді, өмірге деген сенімді одан әрі арттырып, оған ғашық етеді. Үміт – белгілі бір істің, ойдың жүзеге асуына білдірілген сенім, дәме. Адам үмітпен өмір сүреді. Үміт бар жерде өмір де бар. Ол – адам өміріндегі ең маңызды адамгершілік тірегі.Дүниетанымның құрылымдық жүйесіне адамның негізгі принциптері мен рухани құндылықтары да кіреді.  Дүниетаным дегеніміз – дүниені түйсіну, түсіну арқылы адамның өзіне өзінің, сыртқы дүниеге қарым – қатынасын анықтаудың өзегі, күре тамыры.  Дүниетаным ғылыми, ғылыми емес, прогрессивті немесе реакциялық, оптимистік немесе пессимистік болуы мүмкін. Сонымен қатар, әрбір тарихи дәуірде осы заманның сарынына сәйкес дүниетанымның ерекше типі болады. Мысалы, көне дүниеде мифологиялық, орта ғасырларда діни, ал Жаңа дәуірде адамдардың табиғи құқықтары туралы идеяға сүйенетін, ғылымға бағытталған заңды дүниетаным қалыптасты.Өзінің мағынасы жағынан дүниетаным әр уақытта көп жақты. Сондықтан оның бірнеше маңызды қабаттарын, аспектілерін ерекше бөліп көрсетуге болады. Ғылыми дүниетанымда табиғат, әлем, оның құрылымы және өмір сүру заңдылықтары туралы мәліметтер ерекше роль атқарады. Дүниетанымның экономикалық қыры адамдардың еңбек етуі мен техника, сауда, ақша, яғни қоғамның экономикалық болмысының барлық қатынастарын білдіреді. Әлеуметтік – саяси, аспект – бұл қоғамның саяси өмірі, үлкен әлеуметтік топтардың өзара қарым – қатынасы туралы мәліметтерді қамтиды. Бұдан басқа адамгершілік, эстетикалық, құқықтық, тарихи, экологиялық, тағы да басқа аспектілері бар.Жалпы, дүниетаным адамның тану функциясын орындайды. Бұл оның мәнінен туындайтын негізгі ролі. Сөйтіп, дүниетанымның әр түрлі түрі, қыры, типі бар. Мифологоиялық дүниетанымның негізі – қиял, ойдан шығару. Г.Гегель миф дегеніміз – адам ақылының әлем алдындағы әлсіздігінің көрінісі деп жазған. Мифология ауқымды әрі жан – жақты құбылыс, ол әлем халықтарына түгел қатысты адамзат санасының өте ерекше қабаты.Миф - алғашқы қауым адамына тән ойлаудың бірінші, бөлінбеген формасы. Азамзаттың мифтері әлемнің қалыптасуы мен дамуы табиғи құбылыстардың мәні, адамның тағдыры, өмірі, өлімі, іс - әрекеті, табыстары, адамгершілік, этикалық ұғымдар тәрізді аса маңызды сұрақтарды қамтыды. Мәселен, көне грек мифологиясында, әлем хаостан пайда болды делінген. Сонан соң жер, күн мен түн, әр түрлі құдайлар пайда болған. Мифология адамзаттың «балалық» дәуірінің дүниетанымы болып табылады, ол сол кездегі адамдардың дүниеге эмоциональді – бейнелеу көзқарасын білдіреді. Діни дүниетаным құдыретті күшке, яғни құдайға сеніп, соған табынуға құрылған. Діннің дүниетанымдық принципі негізінде адам мен дүниенің жаратылуы туралы наным жатыр.  Ғылыми дүниетанымның негізін адамның өзі және сыртқы әлем туралы білімдерінің жиынтығы құрайды. Ол үшін ешқандай керемет жоқ, тек қана танылмаған құбылыстар бар. Алғашқы қарапайым ғылыми білімдер антикалық дәуірде пайда болған, алайда жүйелі ғылым XVII ғасырдан бастап қана қалыптаса бастады, ол адамзаттың (ойлау) даму тарихына ерекше әсер етті. Ғылым, ең алдымен, ұғымдық дүниетаным болып табылады. Қарапайым дүниетаным адамдардың өзі және қоршаған дүние туралы күнделікті іс - әрекетінде пайда болып тұратын жекелеген білімдеріне негізделеді. Ол әркімнің жеке өмірлік тәжірибесінде көрініс табады. Қарапайым дүниетаным халық даналығына сүйенеді. Философия ерекше дүниетаным және адамның рухани іс - әрекетінің көрнекті саласы ретінде аталған дүниетаным түрлерінің өзара қабысуының нәтижесінде қалыптасты. Бірақ ол олардан жоғары дәрежеге көтерілді, сонымен бірге, алғашқы бастауы, қайнар көзі ретінде олармен байланысын жоғалтқан жоқ.Философия адамның дүниені тану тәжірибесін жинақтау, әлемнің біртұтас теориялық үлгісін жасау, әлемге қарым – қатынасты білдіру қажеттігінен туындаған ерекше феномен. Дүниетаным мен философияның өзара қарым – қатынасы қалай өрбіп отырады?Біріншіден, дүниетаным аясына адамның айналадағы қоршаған ортаға танымдық қарым – қатынасының барлық тәжірибесі кіреді. Ал философия дүние құрылымының жалпы принциптері мен маңызды белгілерін зерттейді. Ол танымдық маңызы бар барлық сұрақтарға жауап іздейді. Өзінің мүмкіндігіне сүйеніп, тек жалпы дүниетанымдық маңызы бар сұрақтарға жауап беруге тырысады. Осындай сұрақтың қатарына «әлем дегеніміз не?», «адам дегеніміз не?» деген сұрақтар жатады. Ал «жарықтың жылдамдығы қандай?», «судың құрылымы қандай?» деген жеке сұрақтарға физика, химия сияқты ғылымдар жауап береді. Екіншіден, философияның ықпалымен дүниетаным ретке келіп, жинақталу мен теориялықтың жоғары сатысына көтеріледі. Сонымен қатар, ғылым тарихында болған ірі жетістіктер әлем туралы философиялық көзқарастардың өзгеріске ұшырауына әкеледі. Н.Коперниктің, Ч.Дарвиннің, А.Эйнштейннің ғылыми жаңалықтары әлемнің философиялық үлгісіне әсер еткен жетістіктер болып табылады. Үшіншіден, өзінің мағынасы жағынан терең, ауқымды дүниетаным философиялық көзқарастардың пайда болуына мүмкіндік жасайды. Төртіншіден, философия дүниетанымның сипаты мен бағытын анықтайды. Мысалы, Қайта өркендеу дәуірінің философиясы антропоцентристік болды, өйткені бұл ғасырларда адам мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Бесіншіден, дүниетаным мен философияны адам мәселесін әртүрлі тұрғыдан шешу қажеттігі және оның табиғаты мен болмысы туралы әртүрлі білімдерді біріктіреді, олар әртүрлі таным көздерінен алынады. Философия жалпы және абстрактілі білім. Ол шындық қалай зерттеліп жатқандығына ерекше мән береді, оны барлық ғылымдардың негізі немесе ғылымның өзіндік санасы деуге болады. Көптеген өмірлік мәні бар сұрақтарға философия жауап береді.

Дүниетаным және оның түрлері (мифологиялық, діни, философиялық). Дүниетаным адамның өзі және қоршаған орта туралы білімдерімен ғана шектелмейді. Өйткені, ол дүниенің бейнесі ғана емес, ең алдымен, дүниеге деген қатынас. Адам дүниеге бейжай немқұрайдылықпен немесе қызығушылықпен қарайды, оны не ізгілік, не зұлымдық тұрғысынан бағалайды. Осы қатынастар төңірегінде сыртқы материалдық әлем мен ішкі рухани дүние туралы түсініктер жинақталып, тиянақталынады. Сөйтіп, әлем, табиғат, адам, олардың бірлігі мен адамның дүниедегі орны, болмыс пен болашақ туралы түсініктер қалыптаса бастайды. Дүниетаным - өзін өзі, айналадағы ортаны өзгертетін адамның практикалық іс - әрекетінің тірегі. Кез келген пенде, жеке адам, ойшыл дүниетанымның субъектісі бола алады. Өйткені әр адамның өзіндік тәжірибесі мен білімдері бар, ол әр нәрсені өзінше қабылдайды, түйсінеді, түсінеді. Қоғамдағы үлкен топтардың да өзіне тән дүниетанымы бар. Ол осы тапқа, топқа тән ортақ белгілерді, бағалау мен идеалдарды біріктіреді. Біз оны тарихи, этнографиялық деректерден, көркем әдебиеттен айқын көреміз. Дүниетаным – құрылымы жағынан күрделі жүйе. Оның бастапқы және өзекті элементі – білім. Дүниетанымның құрылымдық жүйесіне адамның негізгі принциптері мен рухани құндылықтары да кіреді.   Дүниетаным дегеніміз – дүниені түйсіну, түсіну арқылы адамның өзіне өзінің, сыртқы дүниеге қарым – қатынасын анықтаудың өзегі, күре тамыры. Дүниетаным ғылыми, ғылыми емес, прогрессивті немесе реакциялық, оптимистік немесе пессимистік болуы мүмкін. Сонымен қатар, әрбір тарихи дәуірде осы заманның сарынына сәйкес дүниетанымның ерекше типі болады. Мысалы, көне дүниеде мифологиялық, орта ғасырларда діни, ал Жаңа дәуірде адамдардың табиғи құқықтары туралы идеяға сүйенетін, ғылымға бағытталған заңды дүниетаным қалыптасты. Өзінің мағынасы жағынан дүниетаным әр уақытта көп жақты. Ғылыми дүниетанымда табиғат, әлем, оның құрылымы және өмір сүру заңдылықтары туралы мәліметтер ерекше роль атқарады. Дүниетанымның экономикалық қыры адамдардың еңбек етуі мен техника, сауда, ақша, яғни қоғамның экономикалық болмысының барлық қатынастарын білдіреді. Әлеуметтік – саяси, аспект – бұл қоғамның саяси өмірі, үлкен әлеуметтік топтардың өзара қарым – қатынасы туралы мәліметтерді қамтиды. Бұдан басқа адамгершілік, эстетикалық, құқықтық, тарихи, экологиялық, тағы да басқа аспектілері бар. Жалпы, дүниетаным адамның тану функциясын орындайды. Бұл оның мәнінен туындайтын негізгі ролі. Сөйтіп, дүниетанымның әр түрлі түрі, қыры, типі бар. Мифологоиялық дүниетанымның негізі – қиял, ойдан шығару. Г.Гегель миф дегеніміз – адам ақылының әлем алдындағы әлсіздігінің көрінісі деп жазған. Мифология ауқымды әрі жан – жақты құбылыс, ол әлем халықтарына түгел қатысты адамзат санасының өте ерекше қабаты. Миф - алғашқы қауым адамына тән ойлаудың бірінші, бөлінбеген формасы. Азамзаттың мифтері әлемнің қалыптасуы мен дамуы табиғи құбылыстардың мәні, адамның тағдыры, өмірі, өлімі, іс - әрекеті, табыстары, адамгершілік, этикалық ұғымдар тәрізді аса маңызды сұрақтарды қамтыды. Мәселен, көне грек мифологиясында, әлем хаостан пайда болды делінген. Сонан соң жер, күн мен түн, әр түрлі құдайлар пайда болған. Мифология адамзаттың «балалық» дәуірінің дүниетанымы болып табылады, ол сол кездегі адамдардың дүниеге эмоциональді – бейнелеу көзқарасын білдіреді. Діни дүниетаным құдыретті күшке, яғни құдайға сеніп, соған табынуға құрылған. Діннің дүниетанымдық принципі негізінде адам мен дүниенің жаратылуы туралы наным жатыр.  Ғылым, ең алдымен, ұғымдық дүниетаным болып табылады. Қарапайым дүниетаным адамдардың өзі және қоршаған дүние туралы күнделікті іс - әрекетінде пайда болып тұратын жекелеген білімдеріне негізделеді. Ол әркімнің жеке өмірлік тәжірибесінде көрініс табады. Қарапайым дүниетаным халық даналығына сүйенеді. Философия ерекше дүниетаным және адамның рухани іс - әрекетінің көрнекті саласы ретінде аталған дүниетаным түрлерінің өзара қабысуының нәтижесінде қалыптасты. Бірақ ол олардан жоғары дәрежеге көтерілді, сонымен бірге, алғашқы бастауы, қайнар көзі ретінде олармен байланысын жоғалтқан жоқ. Философия адамның дүниені тану тәжірибесін жинақтау, әлемнің біртұтас теориялық үлгісін жасау, әлемге қарым – қатынасты білдіру қажеттігінен туындаған ерекше феномен.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]