Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia2014.docx
Скачиваний:
90
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
163.52 Кб
Скачать

34) Гегель жүйесі және диалектикалық тәсілі арасындағы айырмашылықты философиялық талдау.

Гегель (1770-1831) Кант пен Фихтенің ерекше дара идеяларын шығармашылық, сонымен қатар өз құқығында ақыл-ойды негіздемекші болды, яғни жаңа заман философтарының шығармашылық жетістіктерін жалғастырды. Егер Кант трансценденталды алғышарттарды қабылдаудың екі формасын, яғни кеңістік пен уақытты, он екі категорияны және субъект пен берілген себептілік принцпін аштым және негіздедім деп ойласа, Гегель өз ілімін жаңа негіздерден алып шығады. Кант пен салыстырғанда Гегель трансценденталды алғышарттарды тарих құрастырады деп санады, өйткені ол абсолюттік идея дамуының интерсубъективті үдерісі болып табылады. Абсолюттік идеяның өзіндік дамуын Гегель өзінің “Рух феноменологиясында” (1807) түсіндіреді. Ол бойынша бұл үдеріс екі деңгейде көрінеді. Индивидтің санасы деңгейінде (сезімталдықтан философиялық білімге дейінгі сана қозғалысында) және тарих деңгейінде (антик дәуірінін Наполеон заманына дейін). Гегель әр түрлі формалар арқылы өзіндік санаға қарай бағытталған сананың салтанатты шеруін көрсетеді.

Абсолюттік бағытталған идеяның өзіндік дамуының бүкіл осы күрделі драмалық жолын индивидтің қалыптасуы мен даму үдерісі ретінде құрастыруға болады және оның барысында индивидтің көзқарасы, санасы, тәжірибесі өзгеріп, болмысының “негіздері шайқалады”. Сананың өзгерісі үдерісінде Гегель гносеологиялық теориялар мазмұнын, олардың шектеулілігін анықтай отырып, сыни тұрғыда қарастырды. Сонымен қатар ол танымның әр түрлі формалары арасындағы өткелдерді сипаттай отырып, танымды қалай пайда болғаны тұрғысынан баяндайды. Сананың пайда болу жолын анықтай отырып, Гегель ақиқат пен өзін-өзі тану күрделі диалектикалық үдеріс деген тоқтамға келеді. Ақиқат өзгермейтін нәрсе емес және абсолюттік біліммен мәнгіге берілмейді, оған таным үдерісінде жетуге болады және ол әрекет пен байланысты Гегель бойынша адам Әлеми өлі, дайын, өзгермейтін және абсолюттік заттар жиынтығы емес, өзінің адами әрекетінің нәтижесі болып табылады. Адамды қоршаған нәрсенің бәрі - өзгертілген әлем, адам әрекеті барысында қалыптасқан әлем.

Гегельдің пікірінше, тарих – бұл адамның адам болу, әлеуметтену үдерісі және адамзаттың өткен жолы. Бұл оған өзін-өзі тану үшін қажетті негіз болып табылады. Сонымен, тарих адамға қатысты алғанда сыртқы, онан тыс нәрсе емес, нақты тірі адамдар онда өмір сүретін, болатын, ойлайтын, сезінетін нәрсе. Адам тарихи өзіндік даму нәтижесі болғандықтан, осы алғы шарт негізінде тарихты зерттеу мен айналысады. Гегельдің түсінігінше тарих рефлексия үдерісі сияқты, оның барысында адам белгілі бір негізге келіп тоқтайды. Бұл рефлексия дамудың диалектикалық заңдарына бағынады.

Белгілі бір затқа жасалынған рефлексия дайын, априорлы схемалар мен, әдістер мен емес, сол заттың өзгерісі нәтижесімен беріледі. Зат жолы барысының өзі рефлексия қозғалысын айқындайды. Рефлексия терістеумен сипатталады, яғни білімнің бұрынғы нүктелері мен кемшіліктерді алып тастауға деген ұмтылыс пен ерекшеленеді.

Алып тастауды Гегель өмір сүріп отырған көзқарастың кемшілігін жою арқылы позитивтілікті сақтау, одан жоғары көз-қарасқа өту деп түсіндіреді. Демек, гегельдік мағынада диаклектикалық алып тастау позитивтілікті өзге және одан жоғары сатыда сыни тұрғыда сақтауды білдіреді. Демек рефлексия үнемі алға бағытталған және неғұрлым жоғары, неғұрлым шынайы негіздің мәнін ашуға және меңгеруге ұмтылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]