Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia2014.docx
Скачиваний:
90
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
163.52 Кб
Скачать

1. Антик натурфилософиясындағы негізгі бағыттарға сипаттама беріңіз.

Көне шығыс философиясынан кейін біз Батыс философиясына көшеміз. Әдебиетте оны антикалық философия дейді. Оның Отаны - қазіргі Греция. Грек философиясының әлеуметтік-экономикалық негіздері – патриархалдық-құлдық қоғамынан дамыған құл иеленушілік қоғамға көшу, қосымша құнды өсірудің негізінде, байлықтың көзі ашылып, қала-мемлекеттердің қалыптасуы, интеллегенцияның дүниеге келуі т.с.с. Бұл үрдістер Vқ-V б.ғ.д. өтті.Грек философиясының қайнар көзі – оның бай мифологиясында, гректердің өте терең нақыл сөздер қалдырып кеткен 7 дана аталарында. Сондықтан қысқаша оларға тоқтап кетпеуге болмайды.Негізінен билікке таласатын ақшалы адамдар – аристократтар мен плутократтар (arіstos- ең жақсылар, ақсүйектер, plutos- байлық, cratos - билік)болғаннан кейін, олардың табыстары да аз болған жоқ. Ал ол кездегі ерікті адамдар еңбекпен ақша тапқан адамдарға менсінбей жоғарыдан қараған. Сондықтан, қоғамдық санада софистер жөнінде теріс пікір туып, оларға “жалған дана деген ат берілген. Ал, шынына келгенде, софистер философия саласында үлкен төңкеріс жасап, ой өрісін физис, космос мәселелерінен этика, саясаттану, риторика, тіл, дін, тәрбие мәселелеріне аударды. Олай болса, оларды антикалық философияның гуманистік-адамгершілік бағытын ашты деген пікірге келуге болады.

Б.з.д. қV ғ. Антикалық қоғамда бүкіл мәдениет, соның ішінде философия да өзінің ең биік сатысына көтеріледі. Қоғамды әлеуметтік-экономикалық, саяси жағынан алып қарағанда бұл уақыт қала-полистердің мүмкіншіліктері таусылып, дағдарысқа ұшыраған кезі болғанымен, рухани өмір, керісінше, үлкен шабытта болып, ең ұлы туындылар пайда болды. Мұның өзі рухани және материалдық өмір дамуының бір-бірінен тәуелсіз екендігін дәлелдегендей, әрине, салыстырмалы түрде ғана. Ал философияның өзінің ішкі даму заңдылықтарына келер болсақ, натурфилософиялық кезең және софистика ұлы жүйелерді жасауға жақсы мүмкіншіліктерді тудырды. Сол антикалық философияда үлкен төңкеріс жасаған ұлы ойшылдар – Платон мен Аристотель болды.Аристотель “бірінші физика деп табиғат заңдылықтарын, нақтылы жаратылыстану заңдылықтарын зерттейтін физика ғылымының ар-жағында жатқан Дүние жөніндегі ең шегіне жеткен жалпы сұрақтарды түсінеді. Антика заманының ойшысы Андроник Родосский сондықтан оған “метафизика деген атақ қойған болатын. Бұл ұғымның “бақытты тағдыры болып, осы уақытқа шейін жетіп, философияда кеңінен қолданылады.Аристотель Дүниенің алғашқы негізін екі себептен шығарады, олар – материя және бітім, форма. Материя бітімсіз, бітім материясыз өмір сүре алмайды. Егер Платон материя оны қалыптастыратын идеясыз өмір сүре алмайды десе, онда Аристотель форманың өзі де материясыз болмыста жоқ деген пікірге келеді. Тек бір-біріне қосылып қана олар заттың шынайы болмысына, субстанцияға әкеледі. Олай болса, Дүниенің алғашқы негізін құрайтын материя және форма арқылы өмір сүретін жеке заттар ғана.Сонымен, Дүниенің алғашқы негіздері материя мен форма болатын болса, олар қалайша бір-бірімен қосылып нақтылы заттарды тудырады? Бұл сұрақты шешу жолында Аристотель ғылымға екі жаңа ұғым әкеледі. Олар “мүмкіндік (грекше – dynamіs, латынша - potentіa( және шындық (грекше – energeіa, латынша – actus). Бұл ұғымдарды ол материя және формамен тығыз ұштастырады. Материя тек белгілі бір заттарға айналатын мүмкіндік қана. Ал формаға келетін болсақ - ол шынайылық. Сондықтан форма материяны мүмкіндіктен нақтылы шындыққа әкеледі.. Антикалық философиясының соңғы сатысындағы тағы бір ағым - ол скептицизм (skeptіkos-ізденуші, зерттеуші). Олар өздерінің аты ізденуші болса да, барлық Дүние жөніндегі білім, заңдылыктардың ақиқаттылығын теріске шығарады, бәріне күмәнданады. Скептицизмге қарсы тұрған ілім - ол догматизм (dogma-ілім), ғылымда ашылған белгілі теорияларды өзгермейтін, абсолютті ретінде қарау. Егер скептицизм ағымын осы сөздің мағнасы арқылы түсінгіміз келсе, онда бүкіл философияны осы ағымға жатқызуға болады, өйткені бұл пәннің саласында бірде-бір бүкіл ғылым қауымы мойындаған ақиқат жоқ. Әр-түрлі философиялық ағымдар Дүниенің ең жалпы сурақтарына өзінше жауап береді. Философиялық дүниетаным өте күрделі де қиын, болмыс әлі көп құпияларын өзінің бойында сақтап жатыр, әрбір ұрпақ үлкен ізденіс пен толғау арқылы өзінің дүниетанымын тереңдете түседі… Ал бірақ танымның қиындығын скептицизммен теңеуге болмайды. Скептицизм барлық дүниетанымға күмәндану, танымның ақиқатқа жетуге болатынын теріске шығарған кезде ғана дүниеге келеді.

2. Философия мен ғылым арасындағы байланыстың тарихи түрлерін көрсетіңіз және сипаттаңыз.

Философия мен ғылым арасындағы қатынастардың ұзақ тарихы бар. Антикалык дәуірде және орта ғасырларда олардың арасындағы айырма аңғарылмады. Ол кезде ғылым қазіргі кездегімен салыстырғанда әлсіз болды. Ғылымда философияның кағидалары жүретіні казір белгілі жайт. Ол ұстанымдардың дұрыстығына тәжірибелермен көз жеткізіледі. Мысалы, ғылымда философияның дүниенің шексіздігі, материяның тереңдігі, оның бірлігі мен көптүрлілігі туралы ұстанымы түйінделеді. Осы сияқты, математикамен бірлесе отырып та философияның кағидалары тексеріледі. Физикалық тәжірибелер арқылы тек физика ғана емес, сонымен коса оның құрамындағы математика да, философия да тексеріледі. Философияның әдіснамалық функциясы оның ғылымдарға бағыт беруші әсерінен көрінеді. Сонысымен олардың мейлінше тиімді бейнеде дамуына септіғін тигізеді, өзінід дамуындағы киындықтардан өтуіне көмектеседі. Философияның әдіснамалық функциясы белгілі бір мақсатка, мысалы, ғылыми білімді тиімді күрылымдаудың, эстетикалык шығармашылыктың, әлеуметтік практиканың алдына коиылған максаттарға жету үш колданылатын әдістерді іріктеп ала білумен айқындалады. Философияның өзіне тән түйық емес, іргелі зерттеу әдісі, әрекет ұстанымдары туралы сез болады. Ғылыммен айналысу дүниеге белгілі бір кұндылыктық катынастарды өкеледі. Ғылымда ақиқат және оған алып баратын әмпириялык және теориялық өдістер бөрінен де жоғары бағаланады, бұлар ғылым үшін ең қымбат құндылық. Ғалымдар кауымдастығында пікір қайшылықсыздығы, білімнің дөйектішгі теорияльщ жіне төжірибемен негізделуі, сонымен қоса догмаға, беделге сыншыл көзқарас, адалдық, парасаттылық, ерлік және өз түжырымын корғай білу қымбат. Ғалымдардың кейбіреулері "біз ғалымбыз, өдеп біздің ісіміз емес" дегенге саятьш, "ақиқатка кол жеткізумен ісіміз бітеді" деп есептейтін көзкарасты үстанады. Бұған карсы шығатындар "ғалымдар коғамның жагдайына карай өздерінің белсенділігін көрсетуі керек" дегенге сілтейді. Өзінің ғылымдағы мамандығына сілтеме жасай отырып, өлдебір жауыздың колына жаппай қирататын, адамдардың санасын баскару аркылы олардың ісіне бақылаусыз араласуға мұмкіндік әперетін қаруды салқынкандылықпен үстата салуға бола ма? Ғылымды ізгілендіру және ғылым этикасы. Аса ірі ғалымдар Н.Бор, В.Гейзенберг: "Ғылымды тек ақикат ендіретін кәсіпорьш" — деп карау кате, "Оны қоғамдық байланыстарға кеңінен қосу керек" деп санаған екен. Соңғы кезде бұл ұстанымды жақтаушылар кебеюде. Оның мәні мынада: ғалымдар өздері ашкан жаңалығына қатысты жауапкершілікті толык болмаса да мүмкін дөрежеде өз мойнына алуы керек. Жауапкершілік этикалық категория болғандықтан, олар этиканы сактауы тиіс. Адамдар кауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін бірдеңе жасау үшін ғалым өзгелермен катынас туралы жүз мөрте ойлануы керек. Ал шешім қабылдағаннан кейін жауапкершіліктен тайсактауға болмайды. Нағыз ғалым этикалық, тең эстетикальщ және имандылык құндылықтардан шет қалмайды. Ол толығымен олардың жетістіктерін қабылдайды. Ғалым үшін акиқат дегеніміз — игіліктің және ізгіліктің белгісі. Таным тек адамның санасымен жүзеге асырылады. Сана, білім және таным арасында ажырамас бірлік бар. Таным үдерісі көптүрлі және өзара байланысқан формаларда жүзеге асырылады. Олар — жұтаң, практикалык, аңыздык, діни, көркем-бейнелі, ғылыми және философиялык таным. Танымның екі деңгейі бар: сезімдік және рационалды,. Таным қызметі органдар арқылы ақпарат алудан, ойлау арқылы ақпаратты қорытудан, қоғамдық практикада колданудан түрады.

3. Детерменизм принципі. Себеп-салдарлық байланыстың түрлері

 Детерминизм принципі философиялықжәне әдіснамалық ұстанымбойынша, табиғатпенпсихологиялыққұбылыстардыңбәріматериалдықсебептермензандардыңәсеретуіненпайдаболадыдептүсіндіреді. Детерминизм адамның тіршілігі мен іс-әрекетінің бәрі қоғамның тарихи дамуының нақты жағдайлары мен байланысты әрбір құбылыс белгілі себептен туындайды деп қарайды. Бұл принципті іс-әрекеттің әдіснамалық негізі ретінде ұстанған психологиялық зерттеулердің нәтижелігі дәлел болады.

Детерминизм ( лат. determinare –анықтаймын) тұрмыс құбылыстарының жалпыға ортақ себепті-салдарлы анықтылығы жәніндегі

ілім. Детерминизм идеясы ежелгі дүниеде пайда болып, одан бергі барлық жаратылыстанулық-ғылыми және философиялық оймен бірге келеді. Демокрит барлық нәрсе қажеттіліктен туындайды, осыны себептілік деп есептеді.Аристотель себептіліктің тәрт түрін анықтады:

ресми

материалдық

қозғалысты

мақсатты

Еуропалық жаратылыстанулық-ғылыми және философиялық ой (Ф. Бэкон, Г. Галилей, Р. Декарт, И. Ньютон, Б. Спиноза және т.б.) детерминизм тұжырымын одан әрі дамытуға септігін тигізді. Осы кезде классикалық механика жетістіктерінің ықпалымен механикалық детерминизм тұжырымы қалыптасты, оның мәнін Лаплас былай түсіндірді: егер дәл қазір табиғат тылсым күшінің қолданылар нүктелері жайлы бәрін білетін ақыл болса, онда ол әлемнің әткені мен болашағы туралы да білер еді.[1]

Детерминизмнің екі негізгі түрі бар:

Қатаң детерминизм;

Қатаң детерминизм оқиғалардың барлығы да олардың себебі тудырған салдары, яғни, барлық оқиғалар алдында болған жағдайлардан шығады. Осылайша, осы шақтағы және болашақтағы оқиғалар өткендегі оқиғалардай түрақты әрі әзгермейді. Бұл көзқарастың шеңберінде моральдық жауапкершілік жоқ, өйткені ол субъектінің еркін еркіне негізделген, алқатаң детерминизм еркін іс-әрекеттің болуын жоққа шығарады.

Жұмсақ немесе бірлескен детерминизм.

Жұмсақ детерминизм - детерминизмді ерік еркіндігімен үйлестіріп қарастыратын көзқарас. Осы тұрғыдан алғанда еркін іс-әрекет моральды жауапкершілікті жүзеге асыратын себептіліктің бір түрі болып табылады.

4. Философиялық дискурс:адамның табиғаты мен өмір сүру мәні.

Анықтауыш қасиеттер - жеке адамның әлеуметтік сипаттамасы, оның себептері, мүдделері, мақсаттары. Жеке адам болу үшін психикалық дамудық белгілі бір дәрежесіне өтіп, басқа адамдарға қарағанда ерекшелігі бар екенін білетіндей біртұтас тұлға болуы тиіс. Өмір бойы даму мен тәрбиенің нәтижесінде жеке адамның орнығып, жетілуін қалыптасу деп атайды. Жеке адамның қалыптасуы - күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты процесс. Жеке адамның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және жасөспірім шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу кезеңіне жетеді. Сондай-ақ жеке адамның дамуы деген ұғымды анықталық. Даму ұғымына ағзаның өсуі мен пісіп жетілу процесін жатқызады. Бұл процестер психикалық дамумен өзара тығыз байланыста өтеді, оған ықпал жасайды, бірақ адамның жеке адам ретінде қалыптасуын белгілеп бере алмайды. Жеке адамның дамуы - бұл оның рухани өсуінің, жетілуінің процесі жеке адам үшін елеулі болып табылатын барлық сфераларды іс-әрекетте, өзін қоршаған құбылыстарға, адамдарға деген қарым-қатынасқа, танымдық процестерінде болатын сапалық өзгерістер процесі. Жеке адамның әсіресе балалың және жасөспірім шақтарында дамып, жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. Бірақ тәрбие әсерінің дәрежесі мен сипаты көп жағдайда тәрбиенің даму заңдылықтарын қаншалықты ескергеніне байланысты болады. Сөйтіп, тәрбие мен дамудық арасында екі жақты байланысы болады. Сондықтан жеке адамның даму заңдылықтарын тереңірек қарастырған жөн. Жеке тұлға мен қоғамдық ортаның қарым-қатынасы философия, психология, педагогика, т.б. қоғамдық ғылымдардық көптен айналысып жүрген көкейкесті мәселелері. Бұл жөнінде кейінгі жылдары жарық көрген философиялық, педагогикалық, психологиялық, этикалық, ұлтаралық қарым-қатынастарға арналған еңбектерден басқа П.И.Подласыйдық, М.Ф.Хар-ламовтың "Педагогика" (М.1996-1997), Б.С.Гершунскийдің "XXI ғасырда білім берудің философиясы" (1993), Г.К.Нұрғалиеваның "Тұлғаның құндылық бағытын қалыптастырудық методологиясы, практикасы" (АД995) секілді ондаған монографиялық еңбектері жарық көрді. Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудық мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтың, қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға. Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз — оның өзіне тән мінез-құлғындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы. Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалың бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының болуы, олардың өзі өсіріп-білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс. Мәселен, біреулер - айналасындағы құбылысқа таңдана, тамашалай қараса, енді біреулер - сын көзімен қарап, ой-қорытуы, сын пікірлер айтуы мүмкін. Адамдардық қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялың ерекшеліктеріне байланысты. Жеке тұлғаның ой-санасының, білім көлемінің толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруінде де өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]