Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia2014.docx
Скачиваний:
90
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
163.52 Кб
Скачать

9. Лакатостың “Ғылыми зерттеу бағдарлама” парадигмасын талдау.

Лакатос идесы:

1) ғылымды теориялық тұрғыдан түсіну ғылыми білімнің динамикалық картинасын құрғанда ғана мүмкін;

2) ғылыми білімнің өзінің табиғатынан тұтас, оны бір бірінен тәуелсіз эмпирикалық және теориялық деңгейге бөлуге болмайды, өйткені көрінген эмпирикалық білімнің теориялық “жүгі” бар;

3) философиялық концепциялар (онтологиялық және методологиялық) нақты – ғылыми білімдер тығыз байланыста. Философия ғылымның дамуына шек қоймайды, философиялық ой-пікірлер ғылымның “пәніне” айырылмастай кірген;

4) ғылыми теориялар бір бірінен тәуелсіз, көп жағдайларда оларды салыстыруға болмайды;

5) ғылыми білімдерді өзгертудің мақсаты ақиқатқа жету емес, алдағы “таяу” тұрған мақсаттардың бір екеуін іске асыру; кейбір құбылыстарды жете түсіну, ғылыми проблемалардың көпшілігін шешу; қарапайым және ықшамды теорияларды құру және т.б.

Ғылымның дамуы ғылыми-зерттеу бағдарламасының ауысуы арқылы жүреді. И.Лакатос ғылыми-зерттеу бағдарламасын екі кезеңге прогресс және регресс деп бөледі. Ғылыми қауымдастық көбінесе прогрессивті зерттеу бағдарламасын таңдайды, өйткені бағдарлама фактілерді түсіндіріп қана қоймай, белгісіз фактілерді болжауға көмектеседі. Ғылыми-зерттеу бағдарламасының ауысуын И.Лакатос ғылыми революция деп атайды. И.Лакатостың пікірінше ғылымның даму тарихы осы ауысып отыратын бәсекелес зерттеу бағдарламалардың күресі арқылы толық анықталады. И.Лакатос ғылымның ішкі және сыртқы даму тарихын айырады. Ғылымның ішкі тарихы идеялар мен методологиялардың ауысуы, ал сыртқы тарихы жеке тұлғалармен, ғылымды ұйымдастыру формаларымен байланысты, яғни ғалымдардың іс-әрекетіне тәуелді.

10. Ғылыми танымның негізгі тәсілдерінің түрлері мен мәндерін сипаттаңыз.

Ғылыми танымның әр түрлі формалары мен деңгейлері бар. Ғылыми танымның екі деңгейін – эмпириялық таным мен теориялық танымды бөліп көрсетуге болады. Эмпириялық таным – бұл эксперимент, бақылау, баяндау, салыстыру, өлшеу. Бұл деңгейде нысан алғашқы ізденістен өтеді, оның сыртқы ерекшеліктері мен кейбір заңдылықтары анықталады. Теориялық деңгейде нысан түсіндіріледі, оның түпкі негізгі, ұдайы қайталанып отыратын заңдылықтары ашылады. Бұл екі деңгей бір – бірімен тығыз байланысты. Эмпириялық таным ғылыми заңдардың қалыптасуының бастауы, негізі болып табылады, теория эмпириялық материалды түсіндіреді. Эмпириялық білім – теориялық зерттеулер мен ғылыми мәселелерді қоюдың маңызды стимуляторы. Тәжірибе мәліметтерінің негізінде диаграммалар, карталар, жобалар жасалады, алғашқы болжамдар мен қорытындылар тұжырымдалады, алынған мәліметтердің өзара байланыстары анықталады. Мысалы, эмпириялық ақпараттың жүйеленуіне сүйеніп, кейбір заңдылықтарды түйіндеуге болады. осы тұрғыда Архимед, Галилей, Паскаль, Ньютон, Ломоносов, Дарвин, Менделев, Циолковскийлердің ғылыми зерттеулерін еске алсақ жеткілікті. Зерттеудің теориялық деңгейі жоғары деңгейдегі жинақтаумен, идеализациялаумен, нысанның заңдылықтары мен ішкі байланыстарды бейнелеумен ерекшеленеді. Қазіргі ғылымда, бір жағынан, экспериментті зерттеулер өсуде, күрделі және қымбат тұратын эксперименталды жабдықтар мен құралдары пайдалану кеңінен тарауда, екінші жағынан, теоиялық жинақтаудың да ролі арта түсуде. Ғылыми танымда арнайы методтар қолданылады. Метод дегеніміз – зерттелетін нәрсені ойша қайта жаңғыртудың, қойылған ғылыми мақсатқа жетудің тәсілі.

2. Эмпириялық деңгейде бақылау, өлшеу, эксперимент, баяндау, ал теориялық деңгейде тарихилық пен логикалық, аксиоматикалық метод, формальдау, абстрактіліктен нақтылыққа өрлеу сияқты тәсілдер қолданылады. Кейбір тәсілдер (жіктеу мен біріктіру, индукция мен дедукция, модельдеу) эмпириялық және теориялық деңгейде де кеңінен қолданылады. Бақылау – сыртқы дүниені мақсатты да жүйелі түрде қабылдау. Ол танымның алғашқы дерек беретін көзі болып табылады. Ғылыми зерттеуде бақылау үш міндетті орындайды.

1. Ол жаңа мәселені қоюға және болжамды дайындауға, оларды кейіннен тексеруге жеткілікті эмпириялық ақпаратты береді.

2. Эксперимент қоюға болмайтын болжамдар мен теорияларды тексереді.

3. Ол өзі алған нәтижені теориялық зерттеуде қол жеткізген нәтижемен салыстыруға мүмкіндік береді.

Бақылау тікелей немесе жанама болуы мүмкін. Өлшеу зерттеліп жатқан нысанның сандық сипатын анықтауға мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]