Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia2014.docx
Скачиваний:
90
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
163.52 Кб
Скачать

5. Аристотельдің себеп-салдарлық байланыс туралы ілімін талдаңыз

Табиғи философияны Бэкон физика және метафизика деп жіктейді, оның негізінде – Аристотельдің себептілік ілімі. Себептер материалдық және іс жүзіндегі, формальдік және мақсаттық болып белінеді. Алғашқы екеуі тәжірибелік зерттеуде нақты көрінеді, себебі олар табиғатта болып жатқан нәрселердің жақын себептері, оларды зерттеу – физиканың міндеті. Бірақ бұл жеткіліксіз, формальдік себептер олардан тереңдеу, оларды талдайтын – метафизика. Философияның соңғы бөлімі – адам туралы ілім. Адам индивид ретінде антропологияның, қоғам мүшесі ретінде азаматтық философияның немесе саясаттың пәні.Адам табиғатты өзіне бағындырып, адам патшалығын орнатуы қажет. Бұл істе оған көмектесетін практикалық философия, объективтік акиқаттарды танып-білу тосілі, бұл тәсіл.»Жаңа Органонда» баяндалады. Бэконның тұжырымдауынша, адам ақыл-ойына жүгіне отырып, теориялық пайымдауларды іс жүзінде тексеруден өткізіп, тәжірибеде көз жеткізіп отыруы қажет. Бэкон осылайша рационализмді сынап, эмпиризмді қолдайды. Оның ойынша, адамның ақыл-ойына, санасына қателіктер тән, олар ақыл-ойдың дамуын тежеп отырады, сондықтан олардан құтылуға тырысу керек. Бэкон бұл кемшіліктерді идоя-дар, елестер, ескіліктің қалдықтары деп атайды. Оның пікірінше, кейбір идолдар адамға туа біткеннен тән, кейбіреуі адам танымының тарихи даму процесінде, ал енді біреулері адамның жеке дамуының кезендерін де пайда болады. Бұл елестер адамнан қалмай қуалап, олардың бойынд. алдамшы идеялар туғызады, табиғаттың нақты бейнесін көмескілеп, адамға табигаттың тереңіне бойлауға бөгет болады. Олар: 1) Адамның табигатына, тегіне, ақыл-ойына да, сезімдеріне де тән елес-идолдар. Адамның ақыл-ойының да, сезімдерінің де кемшіліктері көп. Бірақ адам оны ескере бермейді, не ақылына, не сезіміне көбірек жүгінеді. Мысалы, ғылыми фактілерді толық жинап болмай жатып, теориялық асығыс қорытынды жасайды, немесе дәлелденбеген нәрсеге көбірек сенеді. Бэкон теорияны эксперимент тәсілі арқылы тексеру бұл идолдан құтылуға себеп деп көрсетеді, ақылдың қанатына таразы тас іліп қойса, ақыл жерге, фактілерге жақындай болады дейді. 2) Үңгір идолдары – адамның физиологиясы мен психикасының, тәрбиесінің ерекшеліктері, жеке наным-сенімдері мен ырымдары құбы-лыстарды объективті түрде қабылдауға кедергі жасайды. Оны түзететін ұжымдық тәжірибе. 3) Алаң идолдары – адамдардың тіл арқылы араласуынан туындайтын идолдар. Жаман сөздерді қолдану адамның санасын, ойлау логикасын бұзады. Адамдардың көпшілігі оның зиянын ескере бермейді. Бэкон бұл жерде қарапайым сананы сынайды. Сөздерді қолдана отырып, олардың артында нақты заттар тұрғанын, нағыз объективтілік тек соларға тән екенін ұмытпаған жөн дейді (номинализм бағытын жалғастырады). 4) Театр идолы – жалпы қабылданған, көнеден келе жатқан философиялық доктриналарға, мектептер мен жүйелерге, олардың беделіне деген соқыр сенім «философиялықтеатрларды» туындатады. Мысалы, дінге деген шектен тыс сенім. Оны жеңу мақсатымен Бэкон «екі ақиқат» теори-ясын ұсынады. Философия ақыл-ойға жүгініп, ол әлсіздік танытқанда теологияға да арқа сүйесе, артық болмайды. Бірақ олар бір-бірінің ісіне араласпауы қажет. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]