Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia2014.docx
Скачиваний:
90
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
163.52 Кб
Скачать

6. Кеңістік пен уақыттың абсолютті және салыстырмалы теорияларын талдау.

Кеңістік ұғымы обьектілерді баақылау мен тәжірибелік пайдалану негізінде қалыптасты.

Уақыт ұғымы адамның оқиғалардың ауысуын сезінуінің нәтижесінде, заттардың жағдайының біртіндеп өзгеруі арқылы жүзеге асырылады.

Күнделікті адам санасында кеңістік пен уақыт ұғымы қалыпты тұрмыстық жағдай ретінде есептелінеді, материя уақыт пен кеңістіктің аумағында қарастырылып, материя жоғалған күйде де, олар сақталып қала береді деп есептеледі.

Мұндай көзқарас кеңістік пен уақытқа абсолютті мән береді, және бұл жайлы И.Ньютонның «Табиғат философиясының математикалық бастамалары» атты еңбегінде нақты анықтама берілді. Бұл жерде абсолютті кеңістік пен уақыт жаратылыстың материялдық процестерден тәуелсіз өзін-өзі басқаратын элементтері ретінде қарастырылады. Бұл концепция «қара жәшік концепциясы» деп аталады.

Бірақ оларда субстанцияның ең маңызды қасиеті- әр түрлі денелерді тудыру қабілеті жоқ.

Сонымен қатар басқа концепциялар да бар (Беркли, Мах, Авенариус тағы басқа) олар кеңістік пен уақытты адам санасына тәуелді етіп көрсетеді. Кеңістік пен уақыт мәселелері жақыннан әсер ету және алыстан әсер ету концепцияларымен тығыз байланысты. Алыстан әсер ету гравитациялық және электр күштерінің бір сәтте абсолюттік кеңістік арқылы таралуы, ең соңында өзінің көздеген мақсатына құдайдың бұйрығымен жетеді. Ал жақыннан әсер ету концепциясы (Декарт, Гюйгенс, Френель, Фарадей) кеңістікті зат пен эфирдің жалғасы ретінде қарастырады.

Өзара әрекеттесу мен кеңістікті түсіну классикалық физиканың шеңберінде дами отырып, ХХ ғасырда одан әрі дамыды.

Кеңістік пен уақыт қайтадан материя атрибуты ретінде оны анықтайтын байланыстары және өзара байланыстары арқылы түсіндірледі

Уақыт пен кеңістіктің қазіргі кездегі түсінігі А.Эйнштейннің салыстырмалылық теориясы арқылы түсіндіріледі.

Салыстырмалылық теориясы

Бұл теорияның ең алғашқы бастамасы салыстырмалылық принципі болып табылады. ХХ ғасырдың басында салыстырмалық принципі оптика мен физикада және физикалық басқа салаларына қатысты екендігі белгілі болды. Салыстырмалық принципі өзінің мәнін кеңейтіп, мынадай анықтамаға ие болды: оқшауланған материалдық жүйеде кез-келген процесс бірдей жүреді, және ол жүйе бір қалыпты түзу сызықты қозғалыс жағдайында болуы керек. Немесе физиканың заңдары барлық инертті жүйелерде бірдей формаға ие. Бір инертті жүйеден келесіге ауысу Лоренц қайта өзгертулері арқылы жүзеге асырылады. Бірақ жарық жылдамдығы тұрақтылығы туралы мәліметтер қайтадан жаңа түсініктерді қажет ететін мәселелерге әкеліп тіреді. 1904 жылы Х. Лоренц қозғалыстағы дене өзінің қозғалыс бағыты бойынша қысқаратындығын және әртүрлі жүйелерде байқалатын уақыт аралықтары өлшененітінін айтты. Бірақ, келесі жылы А.Эйнштейн Лоренц қайта құруларындағы байқалатын уақытты нақты уақыт ретінде қарастырды. Жалпы салыстырмалылық теориясында кеңістік- уақыт қатынастарының материальдық процестерге қатысының жаңа жақтары ашылды. Жалпы салыстырмалылық теориясы инерциялық және гравитациялық массалардың эквиваленттік принципінен шығады. Атап айтқанда, массалардың эквиваленттік принципінің негізінде салыстырмалылық принципі қалыптасты, ол жалпы салыстырмалылық теориясында табиғат заңдарының инварианттылығын бекітті. Салыстырмалылық теориясы кеңістіктің ауырлық күшінің әсерінен майысатындығын және уақыт барысының күшті гравитациялық өрістерде баяулайтынын анықтады. Жалпы салыстырмалылық теориясының фантастикалық болжамдарының бірі – өте күшті тартылыс өрісінде уақыттың толық тоқтайтындығы туралы. Тартылыс күші артқан сайын уақыттың баяулауы да күшейе түседі. Уақыттың баяулауы жарықтың гравитациялық қызыл орын ауыстыруы арқылы байқалады да, толқындар ұзындығы артқан сайын оның жиілігі азая береді. Белгілі бір жағдайда толқын ұзындығы шексіздікке, ал жиілігі нөлге ұмтылады.

Салыстырмалылық теориясы уақыт пен кеңістіктің бірлігін көрсетті, кеңістік-уақыттық төртөлшемдік контимуум туралы түсінік қалыптасты. Сарыстырмалылық теориясы масса мен энергияны Е-МС қатынасымен байланыстырды, мұнда С – жарық жылдамдығы. Салыстырмалылық теориясында екі заң – зат массасының және энергиясының сақталуы заңдары бірігіп, энергия және зат массасының сақталуы деген бір заңға айналды.

7. Материяның негізгі құрылымдық деңгейлеріне сипаттама беріңіз.

Материяның негізгі сипаттары – құрылымдық және жүйелілік.

Материя құрылымы – дегеніміз – оның микроәлемдегі құрылысы, яғни оның молекула, атомдар, элементаралық бөлшектер түрінде өмір сүруі. Осы көзқарас бойынша материя құрылымы өзара байланысқан шексіз көп тұтас жүйелердің өмір сүруі ретінде қарастырылады: Метагалактика, жеке галактика, жұлдыздар жүйесі, планета, жеке денелер, молекулалар, атомдар, элементаралық бөлшектер. Материяның құрылымдық қасиетімен қатар, екінші бір жағы – жүйелілік. Жүйе дегеніміз – белгілі бір тәртіппен орналасқан және өзара байланысқан элементтер жиынтығы. Өлі табиғатта объектілер жиынтығы олардың өзара байланыс энергиядан көп болған жағдайда толық жүйе болып қалыптасады. Ал егер басқаша жағдайда жүйе пайда болмайды немесе тарап кетеді. Ішкі байланыстар энергиясы әрбір жүйе құраушы элементті жеке-жеке бөліп әкетуге жұмсалатын энергия. Денелерде ішкі энергияның мәні әр түрлі болуы мүмкін. Материалдық жүйе неғұрлым кіші болған сайын оның элементтері өте күшті байланысады. Ал элементарлық бөлшектерде байланыс энергиясы одан да жоғары. Атом ядросында ең күшті ядролық күш жинақталған. Тек микроәлем деңгейінде қазіргі кезде физиктер материя неден тұрады деген сұраққа жауап іхздейді. Материя бөлінуінің шегі бар ма деген сұрақ адамзатты бұрыннан толғандырып келеді. Ұзақ уақыт бойында атом ең бөлінбейтін бөлшек ретінде немесе біздің әлемдегі заттар мен құбылыстар құрайтын «кірпіштер» есебінде саналып келді. Бірақ ХХ ғасырдың басына қарай бұлай емес екендігі белгілі болды. Алдымен электрон, одан кейін бірнеше түрлі элементаралық бөлшектер ашылды. Көптеген элементаралық бөлшектердің антибөлшектері, яғни теріс зарядты бөлшектері бар екен, электрондарда – позитрон, протондарда – антипротон, нейтрондарда – антинейтрондар бар екен. Заттар қарсы заттармен түйіскенде аннигиляция процессі жүреді немесе бөлшектер мен қарсы бөлшектер фотондар мен мезондарға айналады.

8. Санаға функционалды көзқарас теориясының интерпретациясын беріңіз.

Ой – сана — бұл, шамасы, ағзаның ең бір терең ұмтылыстарымен байланысты ең ежелгі мистикалық болжамдардың бірі: бірақ, оның әлеуметтік топтарға тұрақтылық беретіні жөне адамға, оның ұмтылыстары мен өжеттіктері таза рационалды тәжірибе куә болатындай, соншалықты бір шектеулі еместігі туралы сезімді нығайтатыны анық. Бір жағынан, адам оқиғалар барысына эсер ете алатыны, ал, екінші бір жағынан, табиғаттың өзінде адамның іс - әрекетіне орай әлдебір мейірімді жөне кекшіл бастау туралы идеяларда Көріпкелдіктің, жаратудың моральдық мағынасы және адам күн кешуінің мақсаты сияқты барынша дамыған ұғымдардың дәні бар. Өнерді, бос уақытты және қоғамдық салтанаттарды функционалды түрде түсіндіру үшін, шамасы, ағзаның ырғаққа, дыбысқа, түске, сызықтар мен формаға, сондай-ақ олардан қалыптасатын үйлесімдерге тікелей физикалық реакциясына назар аудару керек шығар. Сәндік өнерге келсек, оларды шеберлікпен және технологияның жетілдірілуімен бір қатарға қою, сондай-ақ діни және сиқырлы мистицизммен байланыстыру қажет болар.

Қорытындылар

Бұл айтылғандардың барлығы да алдын ала жоба - нобай екені әркімге де анық, болуы керек Осыған қарамастан, ұйымдастырылған қарекеттің табиғи бірліктеріне біріккен мәдени феномендерді зерттеуге бола ма деген сауалға толық та нақты жауап беру керек. Мен, институт ұғымы, оның құрылымының жалпы очеркі және оның негізгі түрлерінің толық тізімін қосқанда осы сауалға жақсы жауап береді деп білемін. Алғашқы және туынды қажеттіліктер теориясы бізге биологиялық, психологиялық және мәдени детерменизм арасындағы арақатынастардың мейлінше анық функционалды талдауын береді. Институттар түрінің әрқайсысының функциясына менің берген қысқаша анықтамаларым ең соңғысы және қорытындыланғаны деуге толық сенімім жоқ. Мен — мәдени реакциялардың әртүрлі, атап айтқанда, экономикалық, құқықтық, тәрбиелік - білімдік, ғылыми, сиқырлық және діни түрлерін биологиялық, туындылық және

қажеттіліктер жүйесімен функционалды түрде салыстыра алғаныма барынша сенімдімін. Бұл жерде көрсетілген функционалды теория далалық зерттеудің алғышарты және әртүрлі мәдениеттер феноменінің салыстырмалы талдауы ретінде қызмет ете алады. Ол мәдениетті, институттарға және оларға тән ерекшеліктеріне бағыттай отырып, нақты талдауға себепші болуы мүмкін. Егер осындай жол карталармен жарақтанған далалық этнографты елестетер болсақ, олар оған феномендерді бөле - жара қарауға және олардың арасындағы байланыстарды табуға көмектеседі деп жорамалдауға болады. Далалық зерттеушіні, ең алдымен, нені бақылау және бақылағанын қалай баяндау керектігіне байланысты анық болашақ және нақты нұсқаулармен қамтамасыз ету көзделген. Менің ерекше баса айтқым келетіні — функционалды — мәдени элементтерді бөлуді зерттеуге де, эволюцияны, тарихты және диффузияны зерттей отырып өткенді қайта реконструкциялауға да еш қарсы емес. Ол тек қана, біз мәдени феномендерді олардың функциясы мен формасы арқылы анықтамайынша, не Морган, Бахофен, Энгельстікі сияқты қияли эволюционистік сызбаларға немесе Фрезер, Бриффо және тіпті Вестермарктар ұсынғандай жекелеген элементтердің бөлшектелінген түсіндірмесіне ұрыну қаупі бар екенін жалықпай айтады. Егер зерттеуші элементтердің бөлінуін алдамшы және іс жүзінде жоқ ұқсастықтарды бөле-жара көрсететін болса, оның еңбегі заяға кетеді. Сонымен, функционалдық, оның негізгі міндеті — мәдениетті алдын ала талдау және антропологты мәдени құбылыстардың сенімді идентификациясымен тек өзі ғана қамтамасыз ете алатынына нық табан тірейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]