Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia2014.docx
Скачиваний:
90
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
163.52 Кб
Скачать

27. Синергетиканың философиялық және методологиялық мәнін ашыңыз.

Синергетика (грек, synergtikos - біріккен әрекет) — пән аралық сипаттағы ғылым саласы; күрделі жүйелердің өзін-өзін ұйымдастыруы туралы ғылым, синергетикалық әдісті саяси ғылымда қолдану саяси өмірде өзін-өзі ұйымдастырудың күрделі тетіктерін зерттеуге көбірек көңіл бөледі; тепе-тең емес ашық жүйелердегі кооперативтік құбылыстарды зерттейді. Синергетика ұғымын 1971 ж. неміс физигі Г. Хакен енгізген. Синергетика саласындағы зерттеулер күрделі динамикалық жүйелердегі өзін-өзі ұйымдастыру үрдістерін зерттеумен байланысты. Синергетиканың зерттеу объектісі линейлі емес жүйелер. Шынайы жүйелердің басым көпшілігі де - дәл осы линейлі емес жүйелер.

Синергетиканың жаңалығы қазіргі саяси дамудың түрақсыз сипатын білдіруінде. Синергетика негіздері  И. Пригожинмен, И. Стенгерспен қаланған. Синергетика тұрғысынан әлемнің сан алуан болуы оның даму шарты, сондықтан саяси құбылыстарды талдауда сан алуан факторларды, саясатқа өмірдің басқа салаларының (экономика, экология, мәдениет, әлеуметтік сала, география, демография) ықпал ететінін есепке алу керек. Синергетика кез келген қарапайымдылықты немесе сан алуандылықтың төмендеуін ғылыми зерттеудегі бүрмалаушылық деп қарастырады. Басқаша айтқанда, синергетикалық әдіс зерттеушіні саяси үрдісті талдауда оның құрамдас бөліктерін талдаудан ғана емес, саясатқа саяси емес факторлар ықпалын да есепке алуын міндеттейді.

Синергетикалық әдіснаманың негізін тиімділіктің жаңа түрі құрайды - линейлік емес ойлау немесе синергетикалық тиімділік. Синергетикалық теория өзін-өзі дамытушы жүйелерді ашық жүйе ретінде қарастырады.

Синергетика – әр түрлі салалардағы көпнұсқалы (сызықтық емес) күрделі жүйелердегі өзіндік ұйымдасу заңдылықтарын қарастыратын жаңа пәнаралық ғылыми бағыт. Ол жүйенің жеке ерекшеліктерін ескерместен, жалпы үлгілер негізінде оның дамуының ортақ механизмдерін ашып көрсетеді. Қазіргі кезде синергетика әу баста пайда болған жаратылыстану саласында ғана емес, әлеуметтану, философия, психология сияқты гуманитарлық салаларда да жиі қолданылады. Синергетикалық көзқарас көп нұсқалы, ықтималдығы мол, өздігінен ұйымдасатын дүниені бейнелейтін, жаңаша ойлау стилінің қалыптасуының негізі болып танылады.

Синергетиканың негізгі функцияларының тағы бірі – оның әдіснамалық және эвристикалық қызметі, яғни зерттеу стратегиясы ретінде қарастырылуы. Синергетика жаңа ғылыми проблемаларды шешуге бағытталғандықтан, зерттеу-ізденіс қызметінің негізгі әдісіне айналады. Егер күрделі жүйелердің жалпы заңдылықтары айқындалса, оның құрылымдалуы мен дамуы туралы болжамдар жасауға болады. Демек математикалық әдістерді пайдалану мүмкіндігі жоқ жерде синергетиканы сапалық негіз ретінде қолдануға болады.

Білім беру мен біліктілік арттыру жүйесіндегі синергетика үш жақты қарастырылады: 1)синергетика білім беру саласы үшін; 2)білім берудегі синергетика; 3)білім беру синергетикасы.

Методология дегеніміз білім қалыптастыру процесі – оны адамның-танушының қызметінің нәтижесі деп түсінеміз. Сөйтіп, олар онтологиялық тұрғыдан негізделеді.Негізгі методологиялық принциптер:Даму принципі - бүкіл заттар мен құбылыстарың өзгеруі, дамуы, бір-біріне көшуі туралы принцип. Детерминизм принципі /анықтаймын/ - бүкіл әлемдегі процестер, табиғат пен қоғамның жалпы заңдылыққа, себептілікке негізделетіндігің анықтау. Жүйелі принцип– бүкіл әлем бір-бірімен байланыста тұратын тұтас дүние. Материалды, әлеуметтік, абстракциялық жүйелер бар. Объективтеу принципі– таным процесінде субъект пен объект арасындағы қатынасты дұрыс түсінуге бейімдейді. Жанжақты принцип– таным процесінде бүкіл байланыспен, қатынастар мен заттардын қасиеттерін ескерту қажет. Тәжірибе принципі– керек, қандай болу керек деген тұрғыдан таным процесті өткізу, себебі, таным адамның өзгерту қызметімен, дүниені шығармашылық себеппен меңгеру деп түсіну.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]