Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia2014.docx
Скачиваний:
90
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
163.52 Кб
Скачать

32) Қайта өрлеу дәуіріндегі гуманистік антропоцентризмнің ерекшелілігін көрсетіңіз

Қайта өрлеу дәуірі өнеркәсіптің, сауданың, әскери істің, яғни материалдық өндірістің дамуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар техника, жаратылыстану, механика, математиканың дамуы да байқалады. Бұндай өзгерістер орта ғасырға тән схоластикалық ойлаудың принциптерінен арылуды талап етеді. Жаңа дәуірге ауысуға себепкер болған жаңалықтар: Американың ашылуы, астрономия жүйесінің орнауы, өмірге, дүниеге деген адамдардың көзқарасын өзгертіп, ғылым мен философияның әрі қарай дамуына үлкен із қалдырды. Осы дәуірдің ойшылдары тәжірибеге сүйене отырып, қоғамды, адамдарды, табиғатты, өмірді түсіндіргісі келді. Осы дәуірге сонымен қатар антикалық идеялардың қайта жаңғыруы тән. Гуманизм, адамның шығармашылық дербестігі принципі, оның өмірдегі барлық жақсылықтарды иеленуге құқығы бар сияқты идеялары кең тарады.

Қайта өрлеу дәуіріне тән ерекше белгілер:

- антропоцентризм мен гуманизм;

- шіркеу мен шіркеу идеологиясына деген оппозиция;

- қоршаған ортаны ғылыми-материалды негізде түсіну;

- әлеуметтік мәселелерге, қоғам мен мемлекетке деген үлкен қызығушылық;

- индивидуализмнің басымдылығы;

- әлеуметтік теңдік идеясының кең таралуы;

Гуманистік бағыт XIVғ.-XVғ. орта шені, оның орталығы Италия болды. Гуманизм бағытының негізін салушы Ф. Петрарка. Шығармалары: «Өлеңдер кітабы», «Менің құпиям». Ол бірінші болып жеке бастың өзіндік санасының қалыптасуының негізін салды. Гуманистік антропоцентризмнің басты сипаттамасы - адам басты құндылық болып есептелінеді. Гуманистер не еретиктер, не атеистер болған емес, керісінше олардың көпшілігі құдайға сенді, бірақ олар ең бірінші орынға адамды қойса, одан кейін құдай туралы сөз қозғайды. XVI ғасырдың басы рим-католиктік шіркеудің ірі дағдарысымен ерекшеленді. Осы кезеңде шіркеудің кейбір жат қылықтарына қарсы бағытталған реформация қозғалысы қалыптасты. Реформациялық процесстер рим шіркеуінің бөлінуіне және протестантизмнің пайда болуына әкеліп соқты.

Антропоцентризм - [грек. anthropos - адам, centrum - орталық] - дүниенің орталығына адамды қоятын италяндық Қайта Өрлеудің тұжырымдамасы. Ол ЕуропалықЖаңа заман мен Ағартушылық идеологиясына әрі өмірлік өлшеміне және гуманизмнің маңызды шартына айналды. Ежелгі дәуірде негізі қаланғанымен табиғат аясынан шыға алмады. Жаңа заманда адам еріктері мен мінез-құлықтары туралы тұжырым қалыптасты, оның қағидалары нарыққа, демократияға, азаттық қоғамға бет бұрғанәлеуметтік мәдениетті басшылыққа алды. М.Штирнер өз ілімінде Антропоцентризмнің мейлінше эгоистік, жеке-дара түрін көрсетті.Адамзатты дәріптеп, оған бас июге де болады (П.Боранецкийдің тұжырымдамасы). Антропоцентризм принципі - адам дегеніміз бар¬лық нәрсенің өлшемі (тезисті Софист Протагор тұжырымдаған). Тоталитар¬лық тәртіптер мен кейбір дамыған елдер жағдайында Антропоцентризм тәжірибелік сипат алады, табиғат талан-таражға түсіп, экологиялық дағдарыс етек алады.

33) Ғылым дамуындағы революция. Ғылыми революцияның түрлеріне сипаттама беріңіз

Ғылыми революция дегеніміз – ғылым дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болып, оның ішкі қайшылықтарын шешетін, мазмұнын өзгертетін ерекше құбылыстар.

Ғылымдағы революция сан қырлы. Олардың үш негізгі сипаттарын бөліп қарастыруға болады:

1) Жаңа эмпирикалық материалдарды теориялық түрде талдау жасау,

2) Табиғат туралы бұрын қалыптасқан түсініктерді түбірімен жою;

3) Тығырыққа тірейтін жағдайлардың пайда болуы.

Ғылыми революцияларға тән жағдай ол: ескі идеялар мен теориялар талқандап, шығарып тастау арқылы танымның теориялық негізін саналы қайта құру.

Ғылыми танымның тарихи дамуы барысында бірнеше ғылыми революциялардың түрлерін бөліп қарастыруға болады.

Жеке – білімнің тек бір аумағын қарастыратын микрореволюция;

Кешендік – білім аумағының бірнеше салаларын қарастыратын революция;

Әлемдік – ғылым негізін тұтасымен өзгертетін жалпы революция.

Ғылыми революциялардың түрлерін анықтаған кезде мынандай жағдайларды еске алу қажет:


ғылыми революциялардың аумағы;


ғылымның іргелі теориялары мен заңдарын қайта құру тереңдігі;


жаңа іргелі заңдар мен жаңа жалпы ғылыми жаратылыстық теориялар ашу;


әлемнің жаңа картинасының қалыптасуы;


ойлаудың жаңа түрін қалыптастыру;


ғылым дамуының тарихи кезеңі,


ғылыми революцияға ілесе жүретін әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар.

Егер ғылым тарихына үңілетін болсақ, онда екі революцияны ғана әлемдік, іргелі революция деп атауға болады: XVI-XVII ғасырлардағы революция мен ХХ ғасырдағы ғылыми-техникалық революция.

XVI-XVII ғасырлардағы ғылыми революция материя қозғалысының механикалық формасын зерттейтін ғалымдағы революциялық секіріс болды. Ол классикалық жаратылстанудың негізін қалады.

XIX ғасырдың ортасында бірнеше кешендік революциялар қатар болды. Олардың ішінде ерекше бөліп қарайтын революциялар: органикалық клетканың ашылуы, энергияның сақталу және айналу заңы, Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі, химиялық элементтердің периодтық жүйесі.

Бұл революциялардың мәні – заттар мен құбылыстарды даму және өзара байланыс тұрғысынан қарастыру.

Екінші әлемдік революция ХХ ғасырдың қарсаңында болды. Ол салыстырмалық теориясы мен кванттық механиканың шығуымен байланысты.

Қазіргі уақытта ғылыми білім әлеуметті өмірдің барлық сфераларына енді. Ғылыми жұмыстардың өзі ақпарат беру мен ақпарат алудағы революциялармен тығыз байланысты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]