Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БАНКТІ~1.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
642.56 Кб
Скачать

95. Валюта нарығының қаржы инструменттері

Валюталық нарық – бұл шетел валюталары мен шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және сатып алу операциялары жүзеге асырылатын арнайы орталық.

Валюталық операциялардың көлеміне, сипатына немесе пайдаланылатын санына қарай валюталық нарықтар ірі дүниежүзілік қаржы орталықтарында орналақан. Оның ішінде Нью – Иорктегі, Париждегі, Токиодағы, Сингапурдегі ірі валюталық нарықтарда халықаралық төлем айналымда кеңінен пайдаланылатын валютаның ұлыттық валюталық нарықтарда белгілі бір еркін алмастырады.

Ваюлюта нарықтағы операцияларға банктік функциялардың көзқараспен қарасақ, валюталық нарық – халықаралық есеп айрысу, валюталық интедвенциялау, пайда табуды қамтамасыз ететін валюталық операциялардың жиынтығы.

Валюталық нарық белгілеріне қарай мынадай түрде жіктеледі.

1) Орналасу аумағына қарай:

- халықаралық, - ішкі, - аумақтық

2) Валюталық шектеуге қатысты:

- еркін нарық, – еркін емес

Валюталық шектеу қойылған валюталық нарықты – еркін емес деп, ал валюталық шектеу қойылмаған жағдайда оларды еркін валюталық нарық деп атауға болады.

3) Валюталық бағамның қолданылу түріне қарай:

- бір ғана режимді, – қос режимді.

96. Қаржы саясат және қаржы механизм мәні мен мағынасы

Қаржы саясат – бұл қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуы жөніндегі міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады. Қаржы саясатының мақсаты – қоғам дамуының аса маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық жұмылдыру. Осыған байланысты қаржы саясаты кәсіпкерлік қызметті жандандыра түсуге қолайлы жағдайлар жаауға шақырады. Қоғамдық өндіріс салалары арасында қаржы ресурстарын қалыптастыруға халықтың қатысу үлесін анықтауға көп көңіл бөлінеді. Қаржы саясаты нақты шалруашылық өмірде қаржы механизмі арқылы іске асырылады.

Қаржы механизмі - экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданылатын қаржы қатынастарын ұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің жиынтығы.

Қаржы механизімінің элементтеріне:

  • Қаржы әдістері (жоспарлау, болжау, бақылау)

  • Қаржы ресурстары (баға, табыс, девиденттер т.б.)

  • Құқықтық қамтамасыз ету (құқықтық актілер, заңдар)

  • Нормативтік қамтамасыз ету (нұсқаулар)

  • Ақпараттық қамтамасыз ету (компьютерлік бағдарлама, бухгалтерлік есептеме, статистикалық есептеме)

97. Ақшаның айналыс және төлем құралы ретіндегі функциясы

Ақша өз кезегінде 5 қызмет атқарады:

  1. Құн өлшемі

  2. Айналыс құралы

  3. Төлем құралы

  4. Қорлану және қор жинау құралы

  5. Дүние жүзілік ақша

Осы аталған 5 функцияның айналыс және төлем құралдарына келетін болсақ:

Айналыс құралы қызметінде ақша тауар айналысы процесінде делдалдық рөл атқарады. Тауар айналысы мынадай процестерді қамтиды: тауар сату, яғни оның ақшаға айналуы. Бұл процесті арнайы формулада мынадай түрде беруге болады:

Т – Т – Т

Ақша айналысының тауар айналысынан айырмашылығы ақша тауарларды біртіндеп айналасынан шығара отырып, өзі айналыста үнемі қалып отырады. Ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметінің басты ерекшелігі біріншіден, бұл қызметті толық бағалы емес құнның белгілері: қағаз және несиелік ақшалар атқарады, екіншіден нақты және қолма – қолсыз ақшалар атқарады.

Тауар өнідірісі және тауар айналымының дамуы сонымен бірге несиелік қатынастардың дамуы нәтижесінде ақшаның төлем құралы деген тағы бір қызметі туындады. Бұл жағдайда Т – А – Т айналымы барысында Т – А және А –Т деген екі метафора бөлініп шығады. Ақшаның сатушыға жетуінен гөрі тауар сатып алушының қолына жылдамырақ жетеді. Бұл жағдайда тауарды сатушы несие берушіге, ал сатып алушы – қарыз алушыға айналады. Сату және төлем актінің бөлінуі нәтижесінде ақшалар төлем құралы деген жаңа қызметті орындай бастады. Ақшасын төлем құралы ретіндегі қызметінің дамуы, қолма – қолсыз есеп айырысуды және несиелік ақшаларды дамытуға ықпал етті.