Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БАНКТІ~1.DOC
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
643 Кб
Скачать
☆

80. Биржа нарығына қатысуышылар

Брокер - делдал ретінде келісімге қатынасатын адамдар. Брокер келісім жасалатын әрюір жақты табыстыруды көздейді. Брокер өкіл емес, ешбір жақтың шарттық қатынастарына қатыспайды, жекелеген тапсырмалар негізінде жұмыс істейді. Брокерге әрбір жеке келісімді жасауға арнаулы өкілеттік берілеюді. Ол тек сол өкілеттік шегінде әрекет етуге міндетті.

Брокердің атқаратын қызметі:

  • консальтинг (кеңес беру)

  • бағалы қағаздарды бірінші және екінші нарыққа орналастыру

  • инвестициялық қорларды құру және оны басқару

Диллерлер - олар да делдалдар. Олардың брокерлерден айырмашылығы шарт жасасқанда өз капиталын жұмсайды. Атқаратын қызметтері:

1 Бағалы қағаздарды шығару, олардың курсы және сапасы туралы хабар тарату.

2 Клиенттердің тапсырмасын орындау

3 Бағалы қағаздар шартындағы өзгерістерді бақылап отыру.

4 Сатып алушы мен сатушыларды бір – біріне кездестіріп, бағалы қағаздар шарығының жұмысына себепші болады.

Джобберлер – бағалы қағаздар шарығындағы коньюнктура мәселелері жөнінен кеңес берушілер. Сонымен қатар олар кеңес беріп қана қоймай, кейде шешілмей жатқан мәселелерді қарастырады.

81. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы бюджет процесі.

Бюджет жүйесі - экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен қатар бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын білдіреді.

Бюджеттік процесс – бюджетті жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен есептемені жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау, сонымен бірге байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі бюджет заңнамасымен регламенттелінген қызмет ҚР – да бюджеттік процесс. Бюджет кодексіне ҚР – ң жергілікті мемлекеттік басқару туралы «Жыл сайынғы» Республикалық бюджет туралы заңға және ҚР – ң басқа заңдарыьна сәйкес жүргізіледі.

82. ҚР – дағы қолма – қолсыз есеп айырылудың формасы

Қолма –қолсыз ақшамен есеп айрысу бұл ақшалай қаражаттарды төлеушілер мен алушылардың шоттарына байланысты жазбаша түрде жасалатын ақшалай есеп айырысуларды білдіреді.

Қолма – қолсыз есеп айырысудың ірнеше формалары бар:

1) Төлем тапсырысымен есеп айырысу

2) Аккредитивтік есеп айырысу формасы

3) чекпен есеп айырысу

1 Төлем тапсыр масымен есеп айырысу кең көлемді төлемдерді жүзеге асыру үшін қолданылады: алынған тауарлары мен көрсеткен қызметтері үшін, тауарлы Ескес операциялар бойынша, аванстық төлемдер бойынша:

2 Аккредетивпен есеп айырысу жиі қолданылмайды, бірақ та ол нарық жағдайында біршама тұрақты есеп айырысу формасы Аккредетив – бұл сатып алушының тапсырмасы бойынша сатып алушының банкісінің жабдықтаушының банкісіне аккредетивте көрсетілген құжаттарды жабдықтаушы берген соң және аккредетивтің басқа да шарттарын орындаған жағдайда төлемді төлеуге берген шартты ақшалай міндеттемесі

3 Чекпен есеп айырысу барысында төлем құралы ретінде заңды және жеке тұлғалар пайдалана алады. чек арқылы есеп айырысудың қолайлылығы мынада:

  • егер де төлеуші тауарды алғанға дейін төлегісі келмей, ал жабдықтаушы төлеуге кепіл бергенше тауарын жібергісі келмеген жағдайда

  • с атушысы белгісіз болған жағдайда