Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БАНКТІ~1.DOC
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
643 Кб
Скачать
☆

123. Валюталық тәуекелдер ж/е едб-ң олрды реттеуі

Валюталық қатер - шетелдік валютаның ұлттық валютаға қатысты бағамның өзгерумен б/сты валюталық (бағамдық) ысырап қатері. Валюта қатері, әсіресе, бір ғана валюта бағамы-ң әр түрлі валюта нарыктарында сәйкеспеуінен немесе уакыт-ң әр түрлі сәтіндегі валюта бағамдарының айырмашылығынан пайда болатын алып-сатарлық табысты алуға ұмтылатын банк-рде жоғары болады.

Валюта қатерін азайту үшін көбінесе пайыздық қатердегі әдістер колданылады: валюталық фьючерлік контракті, валюта-қ опцион, валюталық своп. Бұлардан басқа валюта ретінде өз ұлттық валюта төлемін (әрине, ол тұрақты болатын болса, біздің елімізде көбінесе төлем ретінде америкалық доллар пайд-лады) таңдау әдісі, сондай-ақ ақшалай міндеттеме сомасының валюта бағамына қарай өзгеру қаупін ескертетін қорғану шартын несие келісімшартына енгізу әдісі қолд-лады. Валюта бағамы ретінде ұлттық валютаның немесе үшінші ел валютасы-ң иемесе х/аралық ақша бірліктерінің бағамдары алға шығуы мүмкін.

Шетелдік валюталар бағамының артуын ұдайы бақылау, (әр-тараптандыру), сақтандыру, форвардтық контрактіні бекіту банк-рдің іс-тәжірибесінде валюта қатерін кемітудің әдістері болып табылды.

Бұл шараларды әзірлеу - қатер саласындағы банк стратегиясының маңызды компоненті болып табылады.

Сонымен, нарықтық шаруашылықтағы банк қызметінің негізгі бағдары ысырап пен банкротқа ұшырау қатерін барынша азайтумен операциялардан ең жоғары шамада пайда алудан тұрады.

124. Қосылған құн салығы бойынша есепке қою (зачет)

ҚҚС бойынша есепке қоюға қойылатын талаптар:

Кез келген (12 айдан аспайтын) кезеңнің қорытындысы б/ша тауарларды өткізу б/ша айналымның мөлшері белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 15000 еселенген өткізу б/ша ең төменгі айналымнан асатын болса, жеке кәсіпкерлер, занды тұлғалар, қызметін ҚР-сында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер кез келген кезең (12 айлық кезеңнен аспайтын) аяқталған күннен бастап 15 кұнтізбелік күннен кешіктірмей ҚҚС бойынша есепке қою т/лы салық органына өтініш беруге міндетті.

Шаруа қожалығына арналған арнаулы салық режимінде бюджетпен есеп айырысуды ж. а-тын салық төлеуші, өткізу бойынша айналым мөлшерін анықтау кезінде осы арнаулы салық режиміне кіретін қызметгі жүзеге асырудан түскен өткізу б/ша айналымды есепке алмауына болады.

Занды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері болған жағдайда, өткізу бойынша айналым көлемі осы тұлғаның барлық құрылымдық бөлімше-рінің өткізу б/ша айналымдары ескеріле отырып айқындалады.

Өткізу бойынша айналымның ең төмен деңгейі салық кезеңнің соңғы айына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 15000 (2006 жылы 1 қаңтардан бастап) еселенген шамасын құрайды.

ҚҚС б/ша есепке қойылуға жатпайтын, бірақ ҚҚС салуға жататын тауарларды өткізуді жүзеге асыратын немесе жүзеге асыруды жоспарлаған тұлға ҚҚС б/ша есепке қою туралы өтінішті салық органына ерікті түрде бере алады. Тұлға ҚҚС б/ша ол есепке қою туралы өтініш берген айдан кейінгі айдың алғашқы күнінен бастап ҚҚС төлеушіге айналады. Жеке кәсіпкерлер, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, занды тұлғалар ж/е олардың құрылымдық бөлімшелері ҚҚС б/ша ол есепке қою т/лы өтініш берген айдан кейінгі айдың алғашқы күнінен бастап ҚҚС төлеушіге айналады. Жеке кәсіпкерлер 10 жұмыс күнінен кешіктірмей ҚҚС б/ша есепке қою т/лы салық органына өтініш берген кезде, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы тұлға жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап ҚҚС төлеушіге айналады. Мемлекеттік мекемелерді, сондай-ақ ҚР-ндағы қызметін тұрақты мекеме арқ. ж. а-тын резидент емес-рді қоспағанда, занды тұлға мемл-к тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей салық органына ҚҚС б/ша есепке қою т/лы өтініш берген кезде, занды тұлғалар өздері салық төлеушілер ретінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап ҚҚС төлеушіге айналады. Уәкілетті мемлекеттік орган ҚҚС төлеушінің өтініші б/ша оның құрылымдық бөлімшелерін ҚҚС дербес төлеушілер ретінде қарастыра алады. Құрылымдық бөлімшелер ҚҚС дербес төлеушілер деп танылғанда ҚҚС төлеуші занды тұлға құрылымдық бөлімшелердің орналасқан жері б/ша салық органдарына ҚҚС б/ша оларды есепке қою т/лы өтініш беруге (н/се өзінің құрылымдық бөлімшелеріне тапсырма беруге) міндетті. ҚҚС төлеуші заңды тұлғаның құрылымдық белімшелері ққс б/ша есепке қою т/лы өтініші берілген айдан кейінгі айдың 1-ші күнінен ҚҚС төлеушіге айналады. Жеке кәсіпкерлер, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, занды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімшелері ққс б/ша есепке қойылған кезде, осы тұлғалардың ҚҚС б/ша есепке қойылған күніндегі тауар-р (негізгі құралдарды қоса алғанда) қалдығы б/ша қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызуға құқығы бар. Салық органы жеке кәсіпкерлер, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімшелерінің өткізу б/ша айналымның мөлшері анықталған кезде, тұлғаның өтінішінсіз, оны қосылған құн салығы бойынша есепке қоюға құқылы.

ҚҚС б/ша есепке цойылатын орын.

ҚҚС б/ша есепке қою салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеу орны б/ша ж.а. Занды тұлға арнайы экон-қ аймақтың аумағында объектілер салу жөніндегі қызметті жүзеге асырған жағдайда, ондай заңды тұлғаны не оның құрылымдық бөлімшесін ҚҚС б/ша есепке қоюды арнайы экон-қ аймақ аумағындағы салық органы ж. а. Егер осы аталған занды тұлға өзін ҚҚС б/ша есепке қою туралы өтініш бермесе, оның арнайы экон-қ аймақтың аумағында объектілер салу жөніндегі қызметті ж. а-тын құрылымдық бөлімшесі аталған заңды тұлғаның өтінішінсіз ҚҚС дербес төлеуші деп қарастырылады.

ҚҚС б/ша есепке қою туралы куәлік.

ҚҚС б/ша есепке қойған кезде салық органы тұлғаға оның ҚҚС төлеуші ретінде есепке қойылғаны т/лы куәлік беруге міндетті, онда:

1) тұлғаның атауы және оның деректемелері;

2) салық төлеушіге берілетін салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

3) тұлға ҚҚС төлеуші болған күн көрсетіледі.

ҚҚС б/ша есепке қою туралы куәліктің бланкісі қатаң есеп беру бланкісі б. т. ж/е салық төлеушіге ақша төлетпей беріледі. ҚҚС б/ша есепке қою туралы куәліктің нысаны мен оны беру тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді. ҚҚС б/ша есепке қойылғаны жөніндегі куәлік ҚҚС төлеушіде сақталады. ҚҚС б/ша есептен шығарылған жағдайда куәлік салық органына қайтарылады. ҚҚС телеуші заңды тұлғаның атауы өзгерген жағдайда, оның ҚҚС б/ша есепке кою туралы куәлігі ауыстырылады.

ҚҚС б/ша есептен шығару.

Егер ҚҚС төлеушінің соңғы 12 айлық кезендегі салық салынатын айналым мөлшері салық салынатын ең төмен айналым мөлшерінен аспаса, ол тіркелген жеріндегі салық органына өзін ҚҚС б/ша есептен шығару туралы өтініш беруге құқылы. ҚҚС төлеуші мұндай құқықты өзін ҚҚС б/ша есепке қойған кезден бастап, кем дегенде 2 жыл өткеннен кейін пайдалана алады. Егер ҚҚС төлеуші болып табылатын тұлға салық салынатын айналымдарға б/ты қызметін тоқтатқан жағдайда, мұндай тұлға қызметі тоқтатылған салық кезеңінен кейінгі алты айдың аяқталуынан кешіктірмей, өзін қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы өтініш беруге міндетті.