Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БАНКТІ~1.DOC
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
642.56 Кб
Скачать

20) Фискальді саясат нұсқалары және мінездемесі

қаржылық реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты – бюджет пен салық саясатын қамтамасыз етуде затталады.

Мультипликатордың іс-әрекеттінің мүмкіндіктері ескеріле отырып, экономикалық циклддың сипатына қарай дискрециялық фискалдық сасаттың нұсқалары тұжырымдалады. Құлдырау кезінде ынталандырушы фискальды саясат жүргізіледі, ол мыналарды қарастырады.

  1. мемлекеттік шығыстардың көбею

  2. салықтардың төмендеуі

  3. мемлекеттің шығыстары артуының үлкен нәтижесін ескере отырып фискалдық саясаттың бұл бағыттарының үйлесуі.

Артық сұраным мен және инфлияциямен шарттасылған тежеушілік инфляциялық саясат кері бағыттарды қамтиды.

    1. Мемлекеттік шығыстардың азаюы

    2. Саслықтардың көбюі

    3. Бұл бағыттарды үйлесуі

Дискрециялық емес фискалды саясат акцепті нарықтық өзін - өзі реттеуге қоя отырып, мемлекеттің қаржы проценттеріне өз араласуын қажет етеді.

Фискалды саясаттың кене шарасында салықтарды төмендетуді, шығыстарды көбейтуді, инвестицияларды ынталандыруды қажет етеді.

51. Банк қызметін реттеу қажеттігі.

Банктер банк қызметін реттеу жүйесінің ережесін қатаң сақтауы керек. Бұл ережелер банктік операциялар мен ұсынылатын қызметтердің жиынтығы, несиелердің сапасы мен мөлшері, меншікті капиталдың жеткіліктігі, сонымен бірге өсу және кеңею әдістеріне қатысты. Тұтынушылар несиені алуына қол жеткізе алуын елдің қаржы жұйесі құрамында банктер жұмыс жасағандықтан, олар көптеген реттеу ережелеріне бағынуына тура келеді, олардың мақсаты – кең бұқара халықтың мүдделерін қорғау болып табылады.

Банк қызметін реттеу 3 мақсатқа қол жеткізуге дәстүрлі бағытталған: қауіпсіздік, тұрақтылық, бәсекелестікті сақтап тұру. Осы 3 мақсатқа банк саясатының келесідей бағыттары сәйкес келеді:

  1. салымшылар мен салымдарды сақтандыру қорларын қорғау;

  2. қаржы жүйесінің әлсіздігінен шаруашылықты қорғау;

  3. банктік клиенттерді банктердің монополизмінен қорғау.

Банк қызметін қатаң реттеу себептері:

І-ден, банктер қоғамдық қорларды, әсіресе жеке тұлғалардың қорларын сақтайтын маңызды орындардың бірі. Ақшаларын сақтап жинағысы келетіндердің көбісі банкке сенімділік артпайды. Сондықтан реттеу органдары салымшылардың мүдделерін қорғау мақсатында банктердің қаржылық жағдайын бағалау үшін қажетті ақпараттың жиналуына жауапты. Жасырын камералар мен қорғаушылар банкті ұрлаушылықтан қорғаса, ал мерзімді тексерулер мен ревизиялар шығындарды шектеуге, дұрыс емес басқаруды жоюға бағытталған.

Қоғамдық қорлрдың негізгі бөлігі қысқа мерзімді жоғары өтімді салымдар формасына ие, бірақ банктер ірі ұзақ мерзімді қорлармен де, мысалы зейнетақы бағдарламасы шеңберінде айналысады. Банктің банкротқа ұшырауына байланысты сәйкес қаражаттарды жоғалтуы үлкен қиын салдарларға алып келеді. Реттеу бұл жерде мұндай жоғалтулардан қоғамдық қаражаттарды тиімді басқару мақсатында қаражаттардың бір бөлігін резервтеу жолымен және мерзім сайын банк саясаты мен тәжірибесін бақылау жолымен қорғануға мүмкіндік береді.

ІІ-ден, банктер қатаң бақылауда болады, себебі олар несие беру арқылы және шығындалатын салымдар есебінен меншікті инвестициялық қызметі арқылы ақша «жасайды»

ІІІ-ден, банктік қызмет реттеледі, себебі олар тұтыну шығындары мен инвестициялық қажеттіліктерді жабатын заңды тұлғаларға, фирмаларға несие береді.

Айналымда ақшаны жасаушылар, қоғамдық қорларды сақтаушылар ретінде банктердің қызметі қадағалануы және реттелуі керек.

52. ЖҰӨ-ді бөлудің қаржылық механизмі

Батыстык экономикалық, теория мен статистика бойынша жалпы ұлттық өнім көрсеткіші материалдық және материалдық емес өндірістегi кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың табыстарынан тұрады. Жалпы ұлттық өнімге амортизация жарнасы да енеді, соңғысы болса пай-даланылған еңбек құралдарының құнының дайын өнімге ауысу жолымен құралады.

Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) сол елдің ресурстарын шетелде пайдаланудан түскен табыстар сомасында (%, дивиденд, жалақы т.б.) көп болады. ЖҰӨ ағымдағы, нарықтық бағалармен есептеледі. ЖҰӨ экономикадағы бір жылғы барлық тауар мен қызмет көрсетудің түпкі өндіріс көлемінің жиынтық нарықтық құнынан тұрады.

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) белгілі бір ел шеңберінде кәсіпорындар мен қызметкерлердің ұлттық азаматтық сипатына байланыссыз өндірістік қызметінің нәтижесін қамтиды.

Өндіріс көлемін өлшеу үшін таза ұлттық өнім (ТҰӨ) көрсеткіші қолданылады. Әдетте ол жойылып кеткен ірі жабдықтарды ауыстырудан тұтынуға қалған түпкі өнім мен қызмет көрсетудің сомасын көрсетеді

ТҰӨ=ЖҰӨ - амортизация

Ұлттық табыс (ҰТ) елдің экономикалық дамуының қорытынды көрсеткіші, қоғамның өндіргіш күштерін, оның экономикалық құрылымын ұлғаймалы ұдайы өндірістің бір жылдық нәтижесін сипаттайды. Ол ақшалай формада есептеледі. Ұлттық табыстың абсолюттік мөлшері аса маңызды. Бұл қоғамдық өндірістің нақты нәтижесі, осы мерзімдегі халықтың әл-ауқаты дәрежесі мен қоғамның болашақта экономикалық даму мүмкіндігін сипаттайды. ҰТ қоғамдық өнімнің 50%-ын құрайды.ол қоғамның түпкі өнімінен амортизация сомасына, шамамен 8-10%-ке кем. ҰТ қозғалысы қоғамдық ұдайы өндірістің мынадай сатылары арқылы жүзеге асады: өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну. ҰТ-ты зерттеумен әр қилы бағыттағы экономистер айналысты. ХVІІ ғ.өмір сүрген Петти 1664ж. капиталистік қоғамның табыстарын және оны бөлуге, талдау жасауға әрекет жасады. Ол сол кездегі Англия халқының табыс және шығыс балансын жасады.Ұдайы өндіріс пен ұлттық табыс мәселелерін Смит пен Рикардо да зерттедіолар бүкіл қоғамдық өнім құнын қоғамның табыстарының сомасы деп, одан өнім құнына ауысқан өндіріс құрал-жабдықтарының құнын шегеріп тастаған.

ЖІӨ мен ЖҰӨ-ді есептеу әдістері

ЖҰӨ өзіне мыналарды: негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлардың (с1) амортизациясын, материалдық өндіріс саласының таза өнімін (v+m) және сыртқы экономикалық қызмет бойынша табыс (m) – енгізіледі:

ЖҰӨ= с1 + (v+m) + m

ЖҰӨ-нің көмегімен еліміздің экономикалық деңгейі мен пропорциясын шетелдермен тікелей салыстыруға мүмкіндік туды. ТМД елдері мен Қазақстанда ЖҰӨ экономикалық есептеу практикасы 1988 ж. енгізілді, сөйтіп ол қосымша жинақталған көрсеткіштерге (жиынтық қоғамдық өнім, ҰТ т.б.) қосылды.

Халықаралық статистикада ЖҰӨ-ді өлшеудің негізінен екі тәсілі қолданылады:

- шығын не өндіріс бойынша;

- табыс не түсім бойынша. Екі тәсіл де бірдей бағаланады. Есеп-шоттың дәлдігіне қарай соңғысын ерекшелеуге болады.

ЖҰӨ шығындар бойынша мынаған тең:

GNP = C +I+Y+X

Мұнда, GNP-жалпы ұлттық табыс,

С-тұтыну шығындары

G-тауар мен қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алуы

І-жалпы инвестициялар

Х-тауар мен қызмет көрсетуді таза экспорттау.

ЖҰӨ табыстар бойынша осы жылғы өндірілген тауардың ақшалай табысы және қызмет көрсетуді ұсыну ретінде анықталады.

ЖҰӨ табыстар бойынша мынаған тең:

Y= W+R+i+P

Мұндағы, Y- жалпы ұлттық өнім,

W- Жалдамалы жұмысшының жалақысы

P - Фирма мен корпорацияның пайдасы

R- Ренталық төлемдер

i- Қарыз капиталына пайыз (%)

ЖІӨ = ЖҰӨ

ЖҰӨ номиналды және нақты деп бөлінеді. Номиналды ЖҰӨ фактілік не ағымдағы бағамен өлшенеді, ал нақтысы инфляция не дефляцияны есептеумен анықталады.

Нақты ЖҰӨ = номиналды ЖҰӨ/Баға индексі

Номиналды ЖҰӨ = нақты ЖҰӨ*ЖҰӨ дефляторы.

ЖҰӨ дефляторы = номиналды ЖҰӨ/нақты ЖҰӨ