Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Банк ісі Комерциялык банктер.docx
Скачиваний:
43
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
125.86 Кб
Скачать

МазмҰны

кіріспе……………………………………………………………………………3

1. Коммерциялық банктер, және олардың қызмет етуінің теоретикалық негіздері..............................................................................5

1.1 Қазақстан Республикасында банктерді ұйымдастыру негіздері...........5

1.2 Қазақстан Республикасындағы банк қызметін реттеу қажеттілігі.......9

1.3 Банк кызметін реттеу әдістері.................................................................13

2. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қызметін Талдау және реттеу....................................................................................20

2.1 Қазақстан Республикасында банк жүйесінің қазіргі жағдайы............20

2.2 Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердің қызметін реттеу құралдары........................................................................................................25

3. Қазақстан Республикасындағы коммерциалық банктердің қызметін жетілдіру жолдары………………………31

3.1 Банк қызметін экономикалық және құқықтық реттеудің жетілдіру жолдары....................................................................................................31

3.2 Банктік жүйелердегі бәсекелестік......................................................36

Қорытынды.......................................................................................................38

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................40

іріспеасы рыќтыќ экономикасындаѓы ____________________________________________________________________________________________

Кіріспе

"Коммерциялық банк" термині, банкілер басымды жағдайда саудаға (commerce), тауар айырбасы операцияларына және төлемдерге қызмет көрсетуі кезіндегі банкі ісінің ерте кезеңінде пайда болды. Оның негізгі тапсырыскері сатармандар еді. Банкілер тауар айырбасымен байланысты тасымалдау, сақтау және басқада операцияларды несиелендірді. Өнеркәсіптік өндірістің өркендеуімен өндірістік циклді қысқа мерзімді несиелендіру бойынша операциялар пайда болды: айналым капиталын толықтыру, шикізаттар мен дайын бұйым қорларын құру, жалақы төлеу және т.б. несиесі.

Несиелер мерзімі біртіндеп өсе бастады, банк ресурстарының бір бөлігі негізгі капитал мен бағалы қағаздарға жұмсалым үшін қолданыла бастады. Соңғы уақытта Қазақстанның банкілік жүйесінің қалыптасуында маңызды өзгерістер болды. Банк-жетекшілер анықталды, банкілік мамандандырудың негізгі бағыттары қалыптасты, қаржы институттары арасында тапсырыскерлер қорын бөлу аяқталды.

Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуін, оның жұмыс істеу тиімділігінің артуын, қажетті инфрақұрылымның құрылуын несиелендіру қатынасын қолданбай және оны ары қарай өркендетпей қамтамасыздандыру мүмкін емес.

Несие – қарызға ақша немесе тауар беру, ереже бойынша, процент төлеумен; құндық экономикалық категория тауар – ақша қатынасының бөлінбес элементі. Несиенің пайда болуы айырбас саласымен тікелей байланысты, бұл жерде тауарлар иелері экономикалық қатынасқа түсуге дайын, меншіктенушілер ретінде бір – біріне қарсы тұрады.

Несиенің пайда болу және өркендеу мүмкіндігі капиталдың ауыспалы айналымымен және айналымымен байланысты. Капиталдың негізгі және айналымды қозғалысы процесінде ресурстарды босатып алу жүреді. Еңбек құралдары өндіріс процесінде ұзақ уақыт қолданылады, олардың құны дайын өнімдер құнына бөлшекті беріледі.

Несие берудің негізгі алты принципі (алты «Си» ережесі)

Сипаттама (Character) Тапсырыскердің несиелік тарихы. Осы тапсырыскермен байланысты басқа несиегерлер тәжірибесі. Несие мақсаты, болжауды құрудағы тапсырыскер тәжірибесі. Несиелік рейтинг, сұранылатын несие бойынша, екінші қол қоятын немесе кепілдік беретін тұлғаның болуы.

Ақша қаражаты (Cash) Пайда, дивидендтер және бұрынғы сату көлемдері. Қолма – қол ақшаның жоспарланған ағымының жеткіліктілігі және өтімді бұйым қорының болуы.

Қамтамасыз етілу (Collateral) Активтерді меншіктену құқығы, олардың қызмет көрсету мерзімі. Активтердің моральды тозу ықтималдығы. Олардың қалдықты құны.

Шарттар (Conditions) Саладағы тапсырыскер жағдайы және нарықтағы күтілетін үлес. Тапсырыскер қызметінің нәтижелерін осы саланың басқа фирмаларының қызметтері нәтижелерімен салыстыру.

Бақылау (Control) Банк қызметіндегі сәйкестікті заңдар және несиенің сипаты мен сапасына қатысты ережелер.

Қазіргі кезде Қазақстандағы шағын бизнестің өркендеу жағдайы қоғамның қажетсінуіне алыс сәйкестікте емес. Бұл тарихи түсінікті жағдай. Нарыққа өтпес бұрын Қазақстан экономикасын ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар – социалистік индустрияның флагмандары құрды. Одан өзге, онымен қатаң және компромиссіз күрес жүргізілді, өйткені шағын кәсіпкерліктің өркендеуі социалогиялық идеология негізінің беделін түсіретін еді.

Қазақстан халқына мемлекет басшысының жолдауындағы ережелерге сәйкес, қазіргі этапта агроөнеркәсіптік салалар басымшылықты болады. Осыған байланысты шағын және орта кәсіпкерліктің өркендеуінің басымды бағыты, қаралатын кезеңдегі, саланың минералды тыңайтқыштар, ауыл шаруашылығы машинасын жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібі сияқты ауыл шаруашылықты бағыты болады.

Қорыта келіп айтатын болсақ, шағын және орта бизнестің өркендеуін қамтамасыз ететін Үкіметпен қабылданған шараларға қарамастан, жүргізілген зерттеулер экономиканың осы секторының өркендеуіне кедергі келтіретін келесідей проблемалардың бар екенін куәлендіреді :

- шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға бағытталған, қабылданған заңдық және бағдарламалық құжаттардың толық орындалуы жеткіліксіз;

- тиімді өндірістік – шаруашылықты қызмет үшін отандық өндірушіге қажетті нарықтық инфрақұрылымның өркендемеуі;

- несиелік ресурсқа шығу қиындығы;

- өнімнің, жұмыстың, қызмет көрсетудің стандартталу және сертификатталу жүйесінің қолданудағы жүйесінің жетілмегендігі, ол отандық тауар өндірушілерге шет елдік компаниялармен бірдей бәсекелесуге мүмкіндік бермейді.

Шағын және орта бизнестің ары қарай өркендеуі мүмкіндікті, егер экономиканың осы секторында шығарылатын өнімнің бәсекелестік қабілетін жоғарылатуға ба,ытталған сапалы өзгерістер жүргізілетін болса.

1 Коммерциялық банктер, және олардың қызмет етуінің теоретикалық негіздері

1.1 Қазақстан Республикасында банктерді ұйымдастыру негіздері

ҚР-ғы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған "ҚР Ұлттық банкі" және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған "ҚР- ғы банктер және банктік қызмет туралы" ҚР заңдарын басшылыққа алады./1,152б/

Коммерциялық банктер - банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғаларға кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жузеге асырады.

Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастап қалыптасты, яғни қазақстандық банктік жүйенің небары он бес жылдық тарихы бар. Коммерциялық банктердің соңғы сегіз жылдағы сандық құрамы 1-кестеде берілген.

ҚР-ғы банк қызметінде мемлекеттік органдар банктердің мамандануын белгілемейді, мысалға, инвестициялық, ипотекалық қызметтерді жүзеге асырады және т.б. Қазақстандық банктер бағалы қағаздар нарығында да тікелей қатысуға толық құқылы.

Банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа ҚР Ұлттық банктен валюталық операцияларды жүзеге асыруға Бас лицензия алады. Бас валюталық лицензия оларға өз қызметін жүзеғе асыруы үшін қажетгі саналатын банктер қатарымен корреспонденттік қатынастар орнатуға, сондай-ақ дамыған шет елдерде өз филиалдары мен өкілеттігін ашуға құқық береді.

Сонымен қатар, Қазақстандық коммерциялық банктерге бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыру үшін ҚР Ұлттық банкі лицензия береді./2,75б/

1995 жылдың 31 тамызында қабылданған "ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы" ҚР-ның заңына сәйкес Қазақстан Республикасында банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:

1) Банк ашуга Ұлттық банктен рұқсат aлy;

2) Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;

3) Банк операцияларын жүргізуге Ұлттық банктен лицензия алу.

Аталған заңға сәйкес, банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы.

Бірінші кезеңде, банк ашушы Ұлттық банкке банк ашуға рұқсат алу өтінішін береді және оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:

- рұқсат алу үшін беретін өтініші;

- құрылтайшылық шарт (түп нұсқа);

- банктің жарғысы ( түп нұсқа);

- банк жарғысын қабылдау және банк органын сайлау туралы хаттама;

- құрылтайшылар туралы маліметтер (Ұлттык банктің белгілеген тізімі бойынша);

- құрылтайшылардың соңғы екі есептік жылдағы бухгалтерлік балансы (заңды тұлғалар үшін);

- құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық қорытынды;

- егер бір немесе одан да көп құрылтайшылары ҚР-ның резиденті болмаса, ондай жағдайда сол мемлекетгегі тиісті мемлекеттік немесе қадағалау органынан жазбаша келісім қажет;

- егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жузеге асыратын ұйым банк ретінде қайта құрылса, онда: оның жарғысы, құрылтайшылық шарты, соңғы есептік мерзімге жасалған бухгалтерлік балансы, ұйымның қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытынды;

- банктің жетекшілік қызметіне тағайындалатын тұлғалар туралы мәліметтер, оның ішінде: банк төрағасы мен бас бухгалтерінің банк жүйесінде кемінде - үш жыл, ал олардың орынбасарларының кемінде екі жыл, банк филиалының бірінші жетекшісі мен бас бухгалтерінің кемінде - бір жылдық еңбек тәжірибесі болуы және т.с.с;

- жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдастырылу құрылымы (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);

- жаңадан құрылатын банктің ішкі аудит қызметі туралы ережесі (банктің әкілетті органымен бектілуі тиіс);

- жаңадан құрылатын банктің несиелік комитеті туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);

- жаңадан құрылатын банктің бизнес-жоспары болу керек, оның ішінде: банк қызметінің стратегиясы, бағыттары мен ауқымы, қаржылық болашағы (есеп айырысу балансы, бастапқы қаржылық (операциондық) үш жылға арналған пайда және зиян туралы есебі, маркетинг жоспары (банк клиенттерін қалыптастыру), еңбек ресурстарын қалыптастыру жоспары;

- тапсырылған бизнес-жоспарына сәйкес дайындық шарлары туралы құрылтайшылардың есебі;

- нотариальды түрде куөландырылған, құрылтайшылардың атынан өтініш беруге құзыретінің барлығын растайтын құжаттың;

- басқа банктің жарғылық капиталына қатысуы туралы мөліметтер.

Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтініш үш ай әрі кеткенде алты ай мерзімі ішінде Ұлттық банкте қаралады.

Ұлттық банк банк ашуға рұқсат беру өтініштердің есебін жүргізеді.

Екінші кезеңде жаңадан құралатын банк Ұлттық банк рұқсат берген күнен бастап, бір ай ішінде әділет Министрлігінде банк мемлекеттік тіркеуге алынады. Оған, Ұлттық банктің банк ашуға берген рұқсатын және, Ұлттық банктің келісімімен расталған құрылтайшылық құжаттарын тапсырады.

Үшінші кезеңде банктік операцияларын жүзеге асыру үшін Ұлттық банктен лицензия алады. Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден өткен күнен бастап, бір жылға дейін мыналарды орындауға тиіс:

- ұйымдастырушылық-техникалық шараларды орындау, оның ішінде: Ұлттық банктің нормативтік талаптарына сәйкес бөлмелерді және құрал-жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерлерді қабылдау;

- жарияланған жарғылық капиталды төлеу.

Лицензия алуға өтінішпен бірге жоғарыда аталған талаптарды орындағандығын растайтын құжатты бсруге тиіс. Өтінішті берген уақыттан бастап, бір ай ішінде Ұлттық банк қарайды. Лицензияның мерзімі шектелмейді және онда банктің жүргізетін барлық операциялар тізімі көрсетіледі./3,75-92/

Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктік операцияларға мыналар жатады:

- заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

- жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

- банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кореспондентік шот­тарын ашу және жүргізу;

- заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;

- кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;

- аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;

- есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);

- заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру;

- заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;

- сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай, ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;

- клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;

- сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметін көрсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беру;

- ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;

- төлем карточкаларын шығару;

- банкнота мен монеталарды және бағалы заттары инкассациялау және жәнелту;

- шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;

- төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын);

- чек кітапшаларын шығару;

- бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет; аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттөмені орындау;

- ақшалай формада орындалуды көздейтін, банктік кепіл-хаттарды беру;

- үшінші тұлғаның атынан ақшалай формада орын­далуды көздейтін банктік кепілдеме беру.

Банктер бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Оларға мыналар жатады:

- брокерлік - мемлекеттің бағалы кағаздарымен;

- дилерлік - мемлекеттің және өзге де бағалы қағаздармен;

- кастодиандық; - клирингтік.

Осы аталған қызмет түрлеріне Ұлттық банктен жекелеген және кешенді (бірнеше қызметке) лицензиялар беріледі.

Сонымен қатар, ҚР-ғы екінші деңғейдегі банктер өз қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ-кассаларын, сондай-ақ еншілес банктерін аша алады./4,148/

Банктің филиалы - филиал туралы ережеде немесе лицензияда көрсетілетін банктік операцияларды жүзеге асыруға құқылы және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, заңды тұлға болып табылмайтын банктік мекеме.

Заңға сәйкес, банктер өздерінің филиалын ашу үшін Ұлттық банктің келісімін алуға тиіс. Ол үшін мынадай құжаттарды тапсырады:

- Филиал ашуға рұқсат алу өтініші;

- Банк операцияларының тізімі көрсетілген банк филиалы туралы ереже;

- Бірінші жетекші және бас бухгалтер қызметіне кандидаттар туралы мәліметтер.

Шетелдік банктердің ҚР аумағында филиалдарын ашуға заңмен тиым салынады.

Банктің өкілдігі - банктік операцияларды жузеге асырмайтын, ягни банктің тапсырмасымен және оның атынан әрекет ететін банктің орналасқан жерінен тыс орналасқан, заңды тұлға болып табылмайтын банктің құрылымдық бөлімшесі.

Еншілес банк - жарғылық капиталдың елу пайыздан астамы бас банкке тиселі және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, заңды тұлға.

Есеп айырысу-кассалық бөлімі (жинақ кассасы) - ҚР аумағында банктік операциялардың жекелеген түрлерін орындайтын, филиал немесе өкілеттік мәртебесі жоқ, заңды тұлға емес, Ұлттық банктің келісімі негізінде құрылатын бантік аумақтық бөлімшесі.

1.2 Қазақстан Республикасындағы банк қызметін реттеу қажеттілігі

Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу Ұлттык банктің Қаржылық қадағалау департаменті көмегімен жүзеге асады.

Мұндағы басты міндеттерінің бірі - сәйкес банктердің қызметін реттеуді экономикалық тиімді жолмен жүргізуді қамтамасыз ету, яғни банктік сектордың сенімділігі мен тұрақтылығын қолдау. Ал, ол міндетті шешуде банктердің қызметін қадагалаудың 2 негізгі әдісін қалай тиімді қолдану мәселесі туады./6,35-36/

Сәйкес қашықтан (дистанционды) қадагату әдісі және ииспекциалық әдісі.

Қашыктан қадағалау әдісі - бұл банктердің қадағалау органдарына мәліметтер беру түрінде жургізілетін пруденциалдық қадағалау әдісі.

Қашықтан қадағалау механизмі 1-суреттегі тәртіпте жүзеге асырылады.

1-сурет-Қашықтан қадағалау механизмі

Ақпараттык, есеп базасы. Банктердің қызметін кешенді түрде сипаттайтын ақпараттың негізгі және жинақтаушы көздері болып табылатын банк балансы мен қаржылық есеп есебін талдау барысында жеке банктік операциялардың тәуекелдік деңгейі мен табыстылығын, өтімділігін анықтауға, меншікті және тартылған қаражаттардың көздерін, олардың белгілі бір мерзімге немесе белгілі бір кезеңге орналастыру құрылымын айқындауға, сондай-ақ банк жүйесіндегі жеке бір банктердің қызметінің мамандануы мен маңызын белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық талдаудың мақсаты - енді пайда болып келе жатқан мәселелерді қаржылық түрақсыздыққа ұшырауга дейін айқындау. Бұндай мәселелерді айқындау банктердің қаржылық есеп беруінен және осы мәселеге қатысты басқа да ақпараттардан (басқару сапасы туралы, сыртқы аудиттің сапасы мен аудиторлардьщ есеп беруінің мазмүны туралы ақпараттар) алынатын қаржылық ақпараттарды талдауды жүзеге асырумен іске асады.

Қашықтан талдау жүргізетін мамандар мынадай міндеттерді шешеді:

1) Банктердің пруденциялық нормативтер мен сақтауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді, резервтік талаптар және күмәнді қарыздарға қарсы провизияларды құру барысының орындалуын тексеру.

2) Банктердің қаржылық қызметін қарастыру, оның болашақтағы жұмысы мен дамуы жайлы ой қалыптастыру, оның нәтижелерін соған үқсас банктердің нәтижелерімен салыстыра отырып бағалау./7,75-80/

Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық қызметін талдау банктердің қызметінің қаржылық жағдайы мен нәтижесіне қатысты төмендегідей маңызды сүрақтарды камтиды:

1) капитал;

2) активтердің сапасы;

3) пайдалылық пен рентабельділік;

4) өтімділік.

Қаржылық талдаумен айналысатын мамандар банктік мәселелердің пайда болуының мүмкін болар жақтарын айқындауы тиіс.

Капиталды талдау.

Капитал - банктің қаржылық жағдайының ең маңызды көрсеткіші болып табылады.

Капитал жеткіліктілігі, оның табыстылығы сияқты қашықтан бақыланып отыруға тиіс. Сондықтан банктің капитал бойынша ұстанымын жанжақты талдау, кез келген банкті қашықтан тексерудің маңызды элементтерін білдіреді.

Жалпы капитал жеткіліктілігі туралы өзінің ойын қальптастыратын талдаушы мынадай сүрақтарды ескеруі қажет:

- Банк капиталы стандарттарға жауап бере ме?

- Ең төменгі мөлшерде асқан жағдай бар ма?

- Капитал деңгейінің банктің өзіне алған тәуекелғе қатынасы қандай?

- Ең төменгі стандарттармен жеткіліксіз ссептеуге алынған тәуекелдер бар ма?

- Банк капиталының деңгейінің өзгеру үрдісі қандай? Оның көбеюі мен азаюының себептері неде?

- Банк капиталының сапасы қандай?

Капиталдың кез келген бөлігін банк үшін түрақты қаражаттар көзі деп санамауға себептер бар ма?

Активтердің сапасын талдау. Банктің активтерінің сапасы банктік операциялардың барлық аспектілеріне әсерін тигізеді. Егер қарыз алушы өзінің қарыздарын кайтармайтын болса және олар бойынша пайызды төлемейтін болса, онда банктің таза пайдасы азаяды. Ал пайдасының азаюы, өз кезегінде өтімділіктің жетіспеушілігіне әкеп соғуы мүмкін. Таза пайданың түрақсыздығы банк кагшталын кебейтуге мүмкіндік бермейді және активтер сапасының нашарлауы жалпы капиталға теріс әсерін тигізеді. Осы себсптердің салдарынан банктердің төлем қабілетсіздікке ұшырауы мүмкіндігі туындайды.

Активтердің сапасын қашықтан бақылау мен талдау банктердің қызметін реттеу механизмінің маңызды бір бөлігі болып табылады. Қашықтан бақылаудың талдаушысы банк активтерінің жалпы сапасының нашарлауы бойынша банк басшылығына хабарлайды және инспекторлық тексеру кезінде зерттелетін факторлардың қатарына қосуы мүмкін. Бірақ қашықтан басқарудың тиімділігі банк беретін ақпараттардың сапалылығымен ғана шектеледі. Ал активтердің сапасын нақты көрсететін мәліметтерді алу үшін, банкте проблемалық ссудаларды анықтауға жэне оларды тиісті түрде жіктеуге мүмкіндік беретін активтердің ішкі талдау жүйесі болу қажет. Сонымен қатар, банктердің болашақтағы активтерінің сапасы қазіргі уақытта берілетін жаңа ссудаларға байланысты болады.

Банктердің ең төменгі резервтік талаптарды орындаудың екі әдісі бар:

1) Баламалы - ай сайын қаражаттардың резервтік активтерде орналастыру, ондағы резервтік активтердің орташа айлық сомасы айдың өрбір жұмыс күніндегі депозиттік міндеттемелердің орташа айлық сомасынан пайыз түрінде есептелінетін ең төменгі резервтік талаптардың орташа айлық көлемінен кем болмауы керек.

2) Баламасыз - қаражаттарды Ұлттық банктегі резервтік шотта орналастыру, ол шоттың қалдығы айдың бірінші жұмыс күні бойынша депозиттік міндеттемелердің пайыз түрінде есептелген мөлшерінде ең төменгі резсрвтік талаптарға тең болуы қажет.

Қазақстан Республикасыньщ Ұлттық банкі белгіленген екінші деңгейдегі банктердің қаржылық есеп беру туралы тәртібіне сәйкес банктер Қаржылық қадағалау департаментіне тоқсан сайын халықаралық стандарттарға негізделген қаржылық есеп береді. Қаржылық есеп беру банктік қаржылық жағдайы мен оның қызметінің нәтижелері туралы накты мәліметтерді қамтитын отыз бес кестеден тұрады.

Кестеде берілген мәліметтер BOSS жүйесінің көмегімен автоматтандырылған әдіспен өнделеді және осы мәліметтердің негізінде банктің қаржылык. жағдайы туралы толық көрініс алуға болады және салыстырмалы банктердің топтарында банктің рейтингісін анықтауға болады.

Сонымен банктер мен эр түрлі есеп берулердің негізінде қашықтан қадағалаудың қызметкерлері тоқсан сайын Статус - Репорт деп аталатын қысқаша қорытынды жасайды.

Статус-Репорт - банктің ағымдағы қаржылық жагдайын толық бағалауға мүмкіндік беретін құжат.

Статус-Репортты жасау барысында қашықтан қадағалау қызметкерлері "CAEL" ("CAEL", яғни М-менеджментті қарастырмағанда, CAMEL жүйесі бойьшша) компоненттері бойынша банкке рейтинг беру жүйесін қолданады.

Берілген баға тек қана ішкі арналымдарға ғана қолданылады және банкке санкцияларды қолдануға негіз бола алмайды./10,86/

Бұл құжатты қарастыру қорытындылары банк бойынша сәйкес үсыныстар берумен қатар соңғы шешім қабыддау үшін Қаржылық қадағалау департаментінің басшылығына беріледі.

Статус-Репортта көрсетілетін негізгі қаржылық көрсеткіштер мен басқа да мәліметтерге мыналар жатады:

1) Банк туралы жалпы мәліметтер.

2) Меншікті капиталының көпемі мен құрылымы.

3) Банктің активтері.

4) Банктің міндеттемелері.

5) Банктің табысы мен шығысы.

6) Өтімділігі мен ең төменгі резервтік талаптар.

7) Қосымша акпараттар.

Сонымен қашықтан қадағалаудың талдаушысы екінші деңгейдегі банктердің банктік қадағалау департаментіне әр түрлі есеп беруін қарастырып, талдау жасау барысьнда банктің ағымдағы қаржылық жағдайын толық бағалауға мүмкіндік беретін Статус-Репорт деген қысқаша қорытыңды құжат жасайды.

Қашықтан қадағалау қызметкерлері сондай-ақ жыл соңында төрт тоқсан бойынша қорытынды жасап, жылдық Статус-Репортты жасайды.

Сонымен қатар, қашықтан қадағалау талдаушысы:

- банктерді ашу үшін табыс ететін құжаттарды қарастырады;

- банктерге банктік операцияларды жұргізуге лицензия беру құжаттарын қарастырады;

- банктің басқарушы қызметкерлерінің кандидатуралары бойынша Ұлттық банктің біліктілік комиссиясында қаралатын сәйкес құжаттарды дайындайды;

- банктердің бағалы қағаздар проспектілерінің эмиссияларын сараптаудан өткізеді және оларды шығару қорытындылары мен орналастыруын қарасхырады.

- банктің қаржылық жағдайын сауықтыру бойынша сондай-ақ оларға санкциялар немесе шектелген ықпал ету шараларын қолдануға байланысты үсьшыстар жасайды және Банктік қадағалау департаментіне жүктелген басқа да қызметтерді атқарады.

Қашықтан қадағалау жеке бір банктің қаржылық жағдайында баланысты мәселелердің пайда болғаны туралы қадағалау қызметкерлерін ескертетін "алдынала ескерту жүйесі" ретінде қызмет етеді. Өз кезегінде қашыктан қадағалау банктің алдында түрған тәуекелді жиі айқындай бермейді және барлық субъективтік негізгі аспектілерін жарыққа шығара алмайды.

Қашықтан қадағалаудың артықшылығы - онда банктердің жағдайы туралы мәліметтер, әсіресе капитал жеткіліктілігі, өтімділігі және табыстылығы бойынша жиі жаңартылып түрады. Соның өзінде тәуекелдің аспектілеріне жеткілікті көңіл аударуға мүмкіндік болмайды және кейбір берілген мәліметтердің дұрыстығына оның тексеруден өтпегеніне толық сенуге болмайды.

Инспекциялық қадағалау - банктерді орналасқан жерінде тексеру арқылы олардың жагдайлары туралы нақты мәліметтер алуға мүмкіндік беретін банктердің қызметін реттеу әдісі.

Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу механизмі қазіргі кезде көптеген елдерде қолданылатын осындай екі әдісті бірге қамтиды. Соньщ ішінде қашықтан қадағалау әдісі жедел тексеруді қажет ететін банктерді анықтаудың негізі болып табылатын көрсеткіштерді айқындау үшін қолданылады және тексеруді ерекше аландататын қызметтердің бағытын дүрыстап тексеруді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Қашықтан қадағалау, инспекциялау барысында анықталған мәселелерді жою бойьшша жұмыстардың нәтижесіне бақылау жасауы мүмкін. Осымсн бірге қадағалау орындары қызметкерлерінің есеп берулерді тексеру, инспекциялау ісінде біліктілігі мен кәсіптілігі болу керек.