Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Банк ісі Комерциялык банктер.docx
Скачиваний:
43
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
125.86 Кб
Скачать

2 Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қызметін талдау және реттеу

2.1 Қазақстан Республикасында банк жүйесінің қазіргі жағдайы

Елімізде қабылданған банктік заңдылықтарға сәйкес ҚР-ғы банк жүйесі екі деңгейден тұрады.

ҚР Ұлттық банкі - мемлекеттік орталық банк ретінде бірінші деңгейді білдіреді.

Өзге банктердің барлығы (Мемлекеттік даму банкісінен басқасы) - екінші деңгейді сипаттайды, сондықтан да оларды іс-жүзінде екінші деңгейдегі банктер деп атайды./15/

Бүгінгі тандағы Қазақстанда қызмет ететін банктік жүйенің не бары он бес жылдық тарихы бар. Бұл жүйеиің қалыптасуына КСРО-ның ыдырауының нәтижесінде еліміздің өз тәуелсіздігін алуының себеп болғандығын айта кету керек. Содан бері банк жүйесінде түбегейлі реформалау жалғасуда. Ондағы мақсат - отандық банктеріміздің қызметін халықаралық стандарта еткізу болып отырғандығы да жасырын емес. Бұл талаптарға жауап бермейтін банктерге басқа банктерге қосылу не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып құрылу кажеттігі ұсынылады.

90-шы жылдың басында банктердің саны 200-ден асты, әрине бұл, олардың экстенсивті жағынан дамуын сипаттаса, сол жылдың орта кезінен бастап, күні бүгінге дейін банктеріміздің саны біртіндеп азаюда, әрине бұл құбылысты, олардың интенситвтік өсуімен байланыстыруға болады.

Лицензияның өзіндік стандартты формасы бар және онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі жазылады. Қазақстандағы берілетін лицензияның дамыған шет елдерден айырмашылығы әмбебаптығы болып табылады.

Кесте 1- 2010-2012жж Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің сандық құрамы

Банктер, олардың құрылымдары

2010 ж

2011 ж

2012 ж

1.

ЕДБ-дің саны, с.і.:

35

37

39

2.

Филиалдар саны

385

418

370

3.

ЕКО саны

1006

1006

1019

4.

Шетелдегі өкілдік саны

11

17

20

5.

ҚР-ғы бекрезидент-банктердің өкілдіктерінің саны

18

18

20

6.

Жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру жүйесіне қатысушы банктердің саны

34

33

33

Ескерту- Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің статистикалық бюллетені негізінде автормен құрастырылған

1 кестеге сәйкес 2012 жылы екінші деңгейлі бантердің саны 39 болса, 2011 жылмен салыстырғанда өскен. Ал филиалдар санын кемігенін байқауға болады. Бұл банк филиалдарының пруденциалдық нормативтерді, заңды, сонымен қатар өз міндеттемелерін атқара алмау себебінен кеміді. Шетелдік өкілдіктер саны 2011 жылы 17 өкілдік болса, 2012 жылы бұл көрсеткіш 3 өкілдікке артқан.

Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша-несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік етуге бағытталады./16, 48-49б/

Орталық банктің тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикамыздағы жалпы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады.

Ұлттық банк - бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялык банкке ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Іс жүзінде Ұлттық банкте барлық кассалық резевтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі Ұлттық банктер мекеме-лерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Ұлттық банктен несие ала алады.

Ұлттық банк - бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті алтын валюта резервтерден, басқа да материалдық бағалықтардан тұратын мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға.

Әлемдік тәжірибеде орталық банктің қызметін ұйымдастырудың әртүрлі келесідей құқылық формалары кездеседі:

- мемлекеттің 100% қатысуымен капиталын құрайтын біртұтас банк формасында (мысалға: Ұлыбритания, ГФР, Франция, Канада, Ресей, Қазақстан);

- акцияның бір бөлігі мемлекетке тиеселі немесе мемлекеттің қатысынсыз акционерлік қоғам формасында (Жапония, Белгияда);

- орталық банктің функцияларын біртұтас аткаратын теуелсіз банктер жүйесі (АҚШ-та).

АҚШ-та орталық банктердің мүлкіне мемлекет қатынаспайды, олардың капиталы Федеральды резервтік жүйеге мүлік иесі болып келетін коммерциялық банктердің қосқан жарнасынан тұрады.

Ұлттық банк өзінің атқаратын мәні жағынан біртұтас ұйым болып табылады, ал мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі. Бүгінгі жарғылық қордың мөлшері - 20 млрд. теңгені құрайды. Негізгі қорлары ғимараттардан, құрылғылардан, құрал-жабдықтардан, көліктік құралдар мен басқа бағалылықтардан, ал айналым қорлары банкке тиселі болып табылатын меншікті ақшалай қаражаттардан тұрады.

2004 жылдан бастап, "Ұлттық банкі туралы" ҚР заңына жасалған соңғы толықтырулар мен өзгерістердің кейінгі Ұлттық банкінің басты міндеті - еліміздегі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Сол сияқты, Ұлттық банкке мынадай қосымша міндеттер жүктелді;

- мемлекеттің ақша-несие саясатын жасау;

- төлем жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ету;

- қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамысыз ету;

- банктік қызметті реттейтін нормативтік құқылық актілерді қолдану арқылы қарыз берушілер мен клиенттер мүддесін қорғау және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру./17/

Ұлттық банктің несиелік ресурсы төмендегідей көздерден құралады:

- меншікті қаражат есебінен;

- басқа банктерден тартылған және Ұлттық банкте шартты негізде орналастырылған ақшалай қаражаттар есебінен;

- ҚР төңірегінде тартылған қаражаттардан;

- арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан қаражаттар есебінен.

Ұлттық банктің басқару құрылымы.

Қазақстанның Ұлттық банкі - тігінен басқарылатын жүйедегі біртұтас орталықтандырылған құрылымды білдіреді. Ұлттық банктің басқару органына: Басқарма және директорлар Кеңесі (Директорат) жатады.

ҚҰБ-нің жоғары басқару органы Басқарма болып табылады және басқармаға келесідей негізгі қызметтер жүктеледі:

- мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау;

- банк қызметтіне қатысы бар ҚҰБ-нің нормативтік құқықтық актілерін бекіту;

- Ұлттық банктің банктермен операциялары бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу;

- жекелеген банктік операциялар түрлерін жүргізуге лицензиялар беру туралы шешім қабылдау;

- банктер үшін резервтік талаптар нормасын бекіту;

- алтын валюта активтерін баскарудың негізгі қағидаларын анықтау;

- ҚР валютасының айырбас бағамын анықтау тәртібін бекіту;

- ҚҰБ жұмыс туралы жылдық есепті қарау, қабылдау және Президенттің бекітуіне беру;

- ҚҰБ-нің жылдық балансын және табыс мен зияны туралы есебін қарау және бекіту;

- ҚҰБ туралы нұсқауды, оның жарғылық капиталы мен резервтік қордың қалыптасу тәртібі, негізгі құралдарды және өзге де мүліктерді пайдалану, ақылы қызмет көрсету, ҚҰБ-нің құрылымы және бюджеті, департамент директорларын, филиалдардың, өкілеттіліктердің және ұйымдардың жетекшілерін тағайындау туралы нормативтік құқықтық актілерді бекіту;

- банктер үшін пруденциальдық нормативтер мен баска да міндетті нормаларды және шектерді бекіту;

- еңбек жағдайын, оған ақы төлеу жүйесі мен мөлшерін анықтау және бекіту;

- ҚҰБ-нің халықаралық және басқа да ұйымдарда қатысуы туралы шешім қабылдау;

- Директорлар Кеңесінің (Директораттың) құрамын бекіту;

- бухгалтерлік есептің қазақстандық стандартын ескере отырын, ҚҰБ-не арналған бухгалтерлік есептің саясатын және одістерін анықтау;

Ұлттық банктің Басқармасы тоғыз адамнан тұрады. Ұлттық банктің Басқармасының құрамына:

- ҚҰБ төрағасы жене бес лауазымды тұлғалары,

- ҚР Президентінен бір өкіл;

- ҚР Үкіметінен екі өкіл кіреді.

Ұлттық банктің оперативтік басқару органы директорлар кеңесі болып табылады. Директорлар кеңесі құрамына Ұлттық банк төрағасы, оның орынбасарлары жене құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері кіреді.

Ұлттық банк тек қана ҚР Президентінің алдында есеп береді. Есеп беру мыналарды білдіреді:

- Парламенттің келісімімен ҚР Президенті ҚҰБ-нің төрағасын 6 жылға сайлайды және қызметінен босатады;

- ҚҰБ төрағасының орынбасарларын да ҚҰБ төрағасының ұсынуымен ҚР Президенті 6 жылға сайлайды және қызметінен босатады.

- ҚҰБ-нің жылдық есебін ҚР Прзеиденті бекітеді;

- Ұлттық валютаның - теңгенің айшығының тұжырымын ҚР Президенті бекітеді;

- ҚҰБ-нің ҚР Президентінің сұрауы бойынша өзінің қызметіне байланысты ақпараттарды беріп отыруы.

Ұлттық банктің функциональдық құрылымына департаменттер мен басқа да бөлімшелерден тұратын орталық аппараты, филиалдары, өкілетіліктері мен ұйымдары кіреді.

Кесте 2– Екінші деңгейлі банктердің активтерінің өзгеріс динамикасы, млрд теңге.

Банктің атауы

Активтер

Ауытқу, +-

2010ж

2011ж

2012ж

2011ж

2012ж

“БТА Банк” АҚ

2 915

1 971

1 993

-943

22

"КАЗКОММЕРЦБАНК" АҚ

2 335

2 351

2 430

16

78

"Қазақстан Халық Банкі" АҚ

1 620

1 988

2 023

368

34

"Альянс Банкі" АҚ

1 036

529

489

-506

-40

"АТФБанк" АҚ

991

1 074

982

83

-91

"Банк ЦентрКредит" АҚ

946

1 152

1 211

206

58

"Нұрбанк" АҚ

298

294

261

-3

-33

АҚ ЕБ «Банк ТуранАлем» - «Темiрбанк» АҚ

288

179

198

-109

19

"Евразийский Банк" АҚ

271

324

358

52

34

"KASPI BANK" АҚ

253

301

352

48

51

"RBS (Kazakhstan)" ЕБ" АҚ

163

170

120

6

-49

"ЦЕСНАБАНК" АҚ

140

176

227

36

51

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ

60

66

101

6

34

Басқа да банктер

11 320

10 339

10 751

-738

170

Жиынтығы

22 641

20 920

21 503

-1 720

582

Ескерту- Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің статистикалық бюллетені негізінде автормен құрастырылған

2 кестеге сәйкес 2012 жылы екінші деңгейлі банктердің жалпы активтерінің сомасы 21 503 млрд теңгені құрады. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда 10922 млрд теңгеге немесе 2,7%-ға артып отыр. Барлық банктердің ішінде ең үлкен үлесі "КАЗКОММЕРЦБАНК" АҚ-на тиесілі, ол жалпы банктердің актив сомасының 11,3%-ын құрайды.

Банк ресурстары - бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.

Нарықтық қатынастарға өту барысында банктік ресурстарының құрылымында біршама өзгерістер болуда. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің, корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы-материалды құндылықтар жатады.