Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Балы шаруашылыы Силлибусс 2014-2015.doc
Скачиваний:
30
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
371.2 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

АҚ С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК

АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

"Бекітемін"

Ветеринария және мал шарушылығы

технологиясы факультетінің деканы

б.ғ.д., профессор

___________________ Б.С.Майқанов

"_____"___________________2015 ж.

Студентке арналған пәннің бағдарламасы (Силлабус)

Пәні: Зоология

Бағыты: Бакалавриат

Мамандағы: 5В080400 – «Балық шаруашылығы және балық өнеркәсібі»

Астана, 2015

Студенттер үшін пән бағдарламасы (Силлабус)__Зоология_________________________________________________________________________

(пәннің типтік бағдарламасының атауы, қашан және қайда бекіткен)

__________________________________________________________________

негізінде және "0 " тамыз________________2004__ж №671-хаттамасында

бекітілген мамандықтың жұмыс оқу жоспарына сәйкес___________________

жоғары оқу орнының _____________________________________________

5В080400 – Балық шаруашылығы және балық өнеркәсібі мамандығы үшін (бағыты) құрастырылған

Бағдарлама морфология және физиология кафедрасының отырысында хаттама №____ "_____"___________201___ж қаралып, мақұлданды.

Кафедра меңгерушісі, в.ғ.к., аға оқытушы __________________Ахметбеков Н.А.

(атағы, ғылыми дәрежесі) (қолы, аты- жөні)

Бағдарлама ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің әдістемелік комиссиясында

Хаттама № ____ "_____"__________________201___ ж қаралып, ұсынылды

Әдістемелік комиссиясының төрайымы__________________Бегенова А.Б.

(қолы,аты-жөні)

1.Оқытушы туралы мәлімет: Ахметбеков Нұрболат Аужанович

морфология және физиология кафедрасының аға оқытушысы, в.ғ.к.

жұмыс тел. 48-10-79, аудиториялар №2210(0311)

Ибраева Алия Болатбекқызы морфология және физиология кафедрасының ассистенті.

Қабылдау күндері, сағаттары кафедрадағы оқу жүйесінің кестесі бойынша

2. Пән туралы мәлімет:

Зоология

1 курс

Пәнің коды – Zoo l 1214

Кредит саны - 6

Аудиториялық сабақтар – 120

Дәрістер-30

ЗТС-60

СОӨЖ-30

СӨЖ-150

Семестр – 1-2

Сабақ өткізілетін орын - дәріс сабақтары № 0311 аудиторияда; зертханалық - практикалық сабақтар №0 311 аудиторияда

Оқу уақытын бөлу

1 семестр

Дәріс

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

15

ЗТС

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

30

СОӨЖ

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

22,5

СӨЖ

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

67,5

Барл.

Сағ.

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

135

2 семестр

Дәріс

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

15

ЗТС

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

30

СОӨЖ

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

22,5

СӨЖ

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

67,5

Бар.

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

135

Сағат

18

18

18

18

18

18

18

18

18

18

18

18

18

18

18

270

3. Пререквизиттер – мектеп қабырғасында оқыған биология пәнінен алған білімді теренірек оқыту. Сонымен қатар экология, физиология, морфология, гистология, зоогеография, палеонтология, филогенетика, пәндерімен байланысты және арнайы курсты игеруде септігін тигізетін қажетті пәндер болып табылады.

4. Постреквизиттер – физиология, морфология, ихтиология, орнитология, гидробиология, балық және ара аурулары т.б биологиялық пәндерді игеру үшін зоология пәнің міндетті түрде оқу керек.

5. Курстың қысқаша сипаттамасы - Құрметті студенттер, зоология курсы жануарлар туралы комплексті ғылым, пәнді оқу кезінде сіздер жануарлардың ішкі және сыртқы құрылысымен танысып, олармен танысып, олардың көп түрлілігімен, таралуымен, дамуымен, олардың тіршілік ететін ортамен қарым-қатынасын, адамға және табиғаттағы маңызымен танысасыздар. Омыртқалыларды, буынаяқтыларды, былқылдақ денелілерді, гельминттерді, қарапайымдыларды оқу кезінде сіздер мектепте оқыған зоология курсынан алған білімдерінді толық бекітіп және ары қарата толықтыра аласыздар. Курсты оқуда негізінде жалпы биологиялық заңдылықтармен, жануарлар систематикасымен танысады, оның ішінде латынша тілдегі атаулары келтірілген, систематикасын білу, негізгі топтағы туыстастарын анықтау үшін керек, әр түрлі жануарлар топтарының морфологиясын оқып, осы топтардың түрлерін оқуға жеңіл болады. Зоология курсында алынған тәлім жоғарғы курста оқитын пәндерді - паразитология, аңдар және құстар биологиясы, терісі бағалы аңдар аурулары, балықтар мен аралар аурулары және т.б.оқуда жеңіл болады.

- Оқу пәннің негізгі мақсаты мен міндеті

Әр түрлі типті жануарларды оқып және ұғу, негізгі топтарын анықтау үшін, әр студентті ылғалды және құрғақ препараттарды қолдана отырып жануарлар түрін анықтауды үйрету. Өзіндік жұмыстардың рефераттарын дайындау үшін студенттерді ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуді үйрету, курстың мақсаты жануарлар әлемінің систематикаларын, дамуын, сыртқы және ішкі құрылыстарының ерекшеліктерін, көбеюін, экологиясын оқыту.

- Курс бойынша қаралған: Дәрістер 30 сағат; зертханалық сабақтар - 60 сағат; СОӨЖ (консультациялар) – 30 сағат; СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы) – 150 сағат. 6 кередит (270 сағат). 1-кредит жазғы оқу-машықтану сабақтары.

- Курстың талабы. Барлық оқу уақыты дәрістерге, зертханалық сабақтарға, СОӨЖ, СӨЖ бөлінген. Барлық берілген тақырыптар дайындау, әр сабақ қажетті түрде дайындалу керек.

Жазбаша тақырыптар, шағын тестер, экспресс-сұрау арқылы әр сабақта студенттер дайындықтарын тексеріледі. Алынған баллдар қортынды бағалауға қосылады.

Бақылау түрлері. Ағымдық бақылау - дәріске міндетті түрде қатысу (жалпы балдардың 6%-ті), тақырып бойынша қойылатын сұрақтарды талқылауға үлес қосу және зертханалық сабақтарға қатысу (жалпы балдардың 15%); СӨЖ тапсырмаларын орындау - танымдық тапсырмаларды шешу, рефераттарды дайындау, жұмыс дәптерін толтыру (жалпы балдардың 24%-ті).

Аралық бақылау - жазбаша тестілеу бойынша 1-2 семестрлерде 4 аралық бақылау қарастырылған (жалпы баллдардың - 20% тен, жалпы40 %).

Қорытынды бақылау тестпен компьютерде экзамен, зоология курсының бүкіл сұрақтары кіреді (жалпы балдардың 10%-ті), бағаны көтеру үшін экзаменді қайта тапсыруға тыйым салынады.

Уақытша зоология курсының қарастырылған тақырыптары тапсырылуы керек. Бекітілген уақыттан басқа кезде тапсырылған тапсырмалар төменірек бағаланады. Жазбаша түрде тапсырмаларды тапсыру кезінде көшіруге, бір-біріне айтуға, кітаптан оқып айтуға тыйым салынады.

Курстың саясаты

  1. Сабақтарға кешігіп келуге болмайды

  2. Ұялы телефондарды сөндіріп қою, дәріс және зертханалық сабақтарда көңілді басқа жаққа бөлмеу керек.

  3. Белгісіз себепсіз сабақтарды жібермеу, ауырған жағдайда анықтама қағазын көрсету және уақытында жіберген сабақты тапсыру керек.

  4. Берілген тапсырмаларды уақытында орындау оқу үрдісіне белсене қатысу.

  5. Еңбекқор болу, ашық және оқытушылармен, курстастарымен жақсы қарым-қатынаста болу керек.

  6. Зертхана мен дәріс аудиторияларындағы құрал-жабдықтардын бүтіндігіне жауаптысыздар.

  7. Сабақтарда әр студентте ақ халат пен ақ қалпақта болу міндетті.

  8. Аранайы алдын ала жұмыс орныңда жүргізілген инструктаждан кейін, оқу аудиторияларында, зертханаларда арнайы препараттар мен құралдармен жұмыс істеу кезінде техникалық қауіпсіздікті қатан түрде сақтау міндетті.

    1. Пәнді оқытудағы мақсат

Әр түрлі типтерге жататын жануарларды оқып және ұғу, негізгі топтарын анықтау үшін, әр студентті ылғалды және құрғақ препараттарды қолдана отырып жануарлар түрін анықтауды үйрету. Өздік жұмыстардың рефераттарын дайындау үшін студенттерді ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуді үйрету. Курстың мақсаты жануарлар әлемінің жүйесің, дамуын, шығу тегін, сыртқы және ішкі құрылыстарының ерекшеліктерін, көбеюін, экологиясын оқыту.

  • Пәнді оқып-білудегі міндеттер

Жануарлар әлемімен танысу. Жануарлар топтарымен таныса отырып, курсты оқу кезінде жалпы биологиялық заңдылықтармен, жануарлар систематикасымен танысып, білу, негізгі топтағы туыстастарын анықтау үшін керек, әр түрлі жануарлар топтарының морфологиясын оқып, осы топтардың түрлерін оқуға жеңіл болады.

  • Пәнді оқып-білудегі қажетті пәндер тізімі

Зоология пәнін меңгеру үшін келесі пәндерді білу қажет: биология, география, морфология, жалпы химия, ботаника.

- Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі тиіс: студенттер ветеринария, медицина, биология, биотехнология саласындағы әдебиеттерде берілген соңғы деректерді қолдана отырып, жануарлар биологиясы туралы білімдерін одан әрі ұштауға үйренеді.

- Студент пәнді игергеннен кейін білуі және түсінуі тиіс:

1. Әр түрлі типтерге жататын жануарларды оқып және ұғу, негізгі топтарын анықтау үшін, әр студентті ылғалды және құрғақ препараттарды қолдана отырып жануарлар түрін анықтап үйрену.

2. Жануарлар әлемінің жүйесің, дамуын, шығу тегін, сыртқы және ішкі құрылыстарының ерекшеліктерін, көбеюін, экологиясын білу.

3. Халықаралық жануарлар номенклатурасын білу қажет.

4. Өздік жұмыстарға дайындалу үшін студенттер ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуді білуі қажет.

5. Тәжірибе жасай білу

6. Зоологиялық суретпен, препаратпен және муляжбен еркін қолдану.

-Студент білу және түсіну: (Дескриптор А)

  • Жануарлардың құрылысы мен маңызын, түрлерін және систематикасын, таралу аймағы мен әр жануардың тіршілік ерекшелігін.

  • Жануарлардың ерекшеліктерін, әр жануардың өзіне тән тіршілік формасын.

  • Систематика бойынша жануарларды типтерге ажырата білу.

  • Типтерге тән тіршілік ерекшеліктерін, шығу тегін, таралуы, морфологиясы мен физиолгиясын білуі.

  • Өтілген тақырыптарға байланысты ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасап, рефераттар жаза білу

  • Филогенез бойынша жануарлардың мүшелер жүйелеріне, асқорыту, тыныс алу, зәр шығару, көбею мүшелер жүйелерін білу;

  • Оқу барысында студент зоология пәнінің басқа пәндермен байланыстығын, оның маман болып қалыптасудағы маңыздылығын түсінеді.

-Студент істей білуі керек: (Дескриптор В):

  • Студенттер негізгі зоологиялық зерттеу әдістерімен танысып, жазғы оқу-машықтануда алынған теориялық білімді қолдана білу және математикалық талдау жүргізуді үйренеді, зертханалық жұмыстың тақырыбы аясында зерттеулер жүргізуді, оның нәтижесі бойынша қорытынды шығаруды, зертханалық құрал-жабдықпен (химиялық ыдыс-аяқ, құралдармен) жұмыс істеуді үйренеді.

  • Мекендеу жағдайына және қоректену сипатына байланысты жануарлардағы гомеостазды қамтамасыз ететін негізгі жүйелерінің құрылымды-қызметтік ұйымдастыруды және олардың нейро-гуморальдық реттелісінің механизмдерін.

  • Студент қолдана білуі қажет: (Дескриптор С, D, Е)

  • Қоршаған орта ерекшеліктерімен байланысты жануарлардың қалыпты жағдайдағы мүшелерінің құрылысын анықтауға; алынған деректердің өндірісітік және ғылыми және міндеттерді шешуде қолдана білу;

  • Жануарлар ағзасындағы мүшелердің әр жануарға тән ерекшеліктерін білу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде, үйренген әдістерін кең қолдана білетіндей тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру.

  • Практикалық іс-дағдыларды меңгеруі тиіс: (Дескриптор С, D, Е)

  • Негізгі зоологиялық зерттеу әдістерімен танысып, жеке тәжірибе қоюды және математикалық талдау жүргізуді үйренеді, зертханалық жұмыстың тақырыбы аясында зерттеулер жүргізуді, оның нәтижесі бойынша қорытынды шығаруды, зоологиялық препараттар жасау әдістерін меңгереді және жұмыс істеуді үйренеді.